Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексімен 2023 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
9-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
3-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
14-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары
15-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
16-бап. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек
20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
25-бап. Мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету
26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету
28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту
31-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ
34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндетi
5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI
36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi
6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедекті», «мүгедектің», «мүгедек», «мүгедектерге», «мүгедекке», «Мүгедектерді», «мүгедектер», «Мүгедектердің», «Мүгедекті», «Мүгедектерге», «Мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамды», «мүгедектігі бар адамның», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамға», «Мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адамдардың», «Мүгедектігі бар адамды», «Мүгедектігі бар адамдарға», «Мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылды;
«мүгедек балалардың», «мүгедек бала», «мүгедек балаларға», «мүгедек балаларды», «мүгедек балалар», «Мүгедек балаларды» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаларға», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар балалар», «Мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оңалтудың жеке бағдарламасы», «оңалтудың жеке бағдарламасына», «оңалтудың жеке бағдарламасының», «оңалтудың жеке бағдарламаларының», «оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздер тиісінше «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуме ттiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүрiп-тұру құралдары - мүгедектігі бар адамдардың белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi;
2) 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жеке көмекші - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;
3) кәсiптiк бағдарлау - мүгедектігі бар адамның еңбек қызметi түрлерiн таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесi;
4) қайта жасау хирургиясы - организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдiсi;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) медициналық-әлеуметтік сараптама - мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша жаңа редакцияда
5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) мүгедектігі бар адам - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау – мүгедектігі бар адамдардың бойында болмаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8) мүгедектігі бар бала - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
9) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк оңалту - мүгедектігі бар адамдардың тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi;
10) 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары - мүгедектігі бар адамның жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
12) мүгедектігі бар адамдарды кәсiптiк оңалту - мүгедектігі бар адамдардың бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, білімi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;
13) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуi - мүгедектігі бар адамдардың өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары - мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ ондағы қатысу үлестерінің жүз пайызы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мына талаптарға сай келсе:
мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құраса;
бір жылда мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдар;
15) мүгедектiк - организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;
16) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедектігі бар адамды оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;
17) тармақша 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
17) мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктердi қанағаттандыруға арналған құралдар;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) оңалту - мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби және өзге де қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
18) протездiк-ортопедиялық көмек - мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектiң мамандандырылған түрi және оларды пайдалануды үйрету;
19) протездiк-ортопедиялық құралдар - кем аяқ-қолды немесе дененiң басқа да мүшелерiн алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудiң салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
19-1) сурдоаударма - қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар - протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
23) тiршiлiк-тынысының шектелуi - адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінара айрылуы;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
24) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) ымдау тілі маманы - еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін маман.
2-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) мүгедектiктiң алдын алуға;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға;
3) мүгедектігі бар адамдардың қоғаммен етене араласуына бағытталған.
5-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау принциптерi
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы;
2) әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
3) мүгедектердiң денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы;
4) мемлекеттік органдардың мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестiктермен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауы;
5) мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтуге тыйым салу принциптерi негiзiнде жүргiзiледi.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін бекiтедi;
4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында үйлестiру кеңесiн құрады;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібін бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
1. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
1-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
3) 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) министрлердің, аудандар, қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6-1) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
7) мүгедектердi есепке алу жүйесiнiң орталықтандырылған деректер банкiн қалыптастырады, мүгедектiк себептерiнiң, құрылымының және жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзедi;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді;
8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1) тармақша жаңа редакцияда
9-1) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды
9-4) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды
9-6) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-7) тармақшамен толықтырылды
9-7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 9-8) тармақшамен толықтырылды
9-8) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне мыналар жатады:
1) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) мүгедектердi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жәрдемақыларды және төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлерiн тағайындау;
5) мүгедектердi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының iске асырылуын бақылау;
6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өз құзыретi шегiнде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау.
8-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын айқындайды;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді және оны орындауды жүзеге асырады;
4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Білім беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң білім алуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртібін әзiрлейдi;
3) 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындарды құрады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
3) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мүгедектердi оңалту жөніндегі мамандарды, оның iшiнде ымдау тілі мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн арттыруды ұйымдастырады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз етеді;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) мүгедектi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен бірлесiп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мәдени-көпшілік және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Мүгедектiктiң алдын алу
1. Мүгедектiктiң алдын алу - ерте диагноз қоюға, дене, ақыл-ой, психикалық, сенсорлық және басқа кемiстiктердiң туындауынан және кемiстiктiң тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектiкке ауысуынан сақтандыруға бағытталған шаралар кешенi, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның тұратын экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөніндегі iс-шаралар.
2. Мүгедектiктiң алдын алуды тиiстi мемлекеттік органдар, жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3-тарау. МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Адамның мүгедектігін, еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзбе-жүз (куәландырылатын адамды қарап-тексеру) немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
3. Медициналық-әлеуметтiк сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын немесе төтенше жағдай кезінде басталған, көрсетілген кезеңде қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері бұрын белгіленген қайта куәландыру күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталатын ай толық есепке жатқызылады.
4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
6. Мүгедектiк тобы жеті жастан бастап белгiленедi.
7. Адамды мүгедектігі бар адам деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.
8-тармақтың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңының 3-бабының 3-тармағының редакцияда қолданылды (бұр.ред.қара)
8. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес, мүгедектің қажеттіліктерін бағалауға сай мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.
9. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адам мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды.
10. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады.
11. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамға тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектігі бар адамның өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды.
14-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;
3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
4) білім алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
8) мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;
9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек
Мүгедектігі бар адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі - қорғаншылықтағылар) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есепке жазылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың алынған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларының пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қамқорлықтағылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің дұрыс жұмсауын бақылауды жүзеге асырады.
17-бап. Мүгедектердi оңалту
1. Мүгедектердi оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тiршiлiк-тынысының шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мүгедектердi оңалту мүгедектi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
18-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19-бап. 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. Мүгедектердi медициналық оңалту
1. Мүгедектердi медициналық оңалту:
1) қалпына келтiру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық емдеудi және организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
2) қайта жасау хирургиясын;
3) протездiк-ортопедиялық көмектi қамтиды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Медициналық оңалту жөніндегі iс-шараларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, оңалтудың түрлері мен жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, оңалту іс-шараларының жоспарын көздейді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен медициналық ұйымдар жағдайларында көрсетіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделуге жолдама осы баптың 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жұмыс берушіге қатысты соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емделу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.
5 тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
21-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту
1. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту:
1) мүгедектердi жеке басы гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік дағдыларына үйретудi;
2) мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға, оның iшiнде мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуді қамтиды.
Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі оған күтімді жүзеге асыратын адамға «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарында көзделген тәртіппен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызмет көрсетуі ұсынылмайды;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1) тармақша жаңа редакцияда
4-1) осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетудi;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтiк оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
22-бап. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға протездiк-ортопедиялық көмек, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес берiледi.
4. Техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесiнiң талаптарына сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерін өз бетiнше қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiне өзi қызмет көрсету және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес әлеуметтiк көмекті үйде көрсететін бөлiмшелер және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтар жүзеге асырады.
3. Үйде және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызметтер көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызiлiктi мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiнделген қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды.
2. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көлемi халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады.
3. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылық түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
25-бап. Мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз ету
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұлттық стандарттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кіріп-шығуын;
2) тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерi мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде мүгедектердiң жеке автокөлiк құралдарына арналған орындарды;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына арналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектігі бар адамдарға кезектен тыс орын берудi;
4) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттіліктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің бірімен келісуге және жүзеге асыруға тиiс.
Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары бар тұлғалар артықшылыққа ие болады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4. Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi;
2) мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
2. Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың қабаты, тұрпаты, абаттандырылу дәрежесі және тұруға қажеттi басқа да жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.
27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.
28-бап 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:
1) мүгедектігі бар адамдар үшiн мерзiмдi баспасөз, ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет, соның iшiнде аудиотаспаларды, дискiлердi, бедерлi-нүктелi Брайль қарпiмен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығару арқылы мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2) 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
2. Жеке қарым-қатынас құралы ретiнде ымдау тілі пайдаланылады, ол сондай-ақ саңырау және нашар еститiн балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқу бағдарламасында да қолданылады.
29-бап. Мүгедектігі бар адамдарға білім алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мүгедектігі бар адамдарға тегiн бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға кепiлдiк берiледi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурстарға қатысу кезінде балдары тең болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 5-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес артықшылықты құқығы болады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектігі бар адамдарға стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiледi.
5. 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. Мүгедектігі бар балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкiн болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң тiлегi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен үйде жүргiзiледi.
7. Мемлекет мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң және мүгедектігі бар балалардың білім алуы кезеңiнде оларды күтiп-бағуға жұмсалған шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара көтередi.
30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту
1. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту:
2) кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды);
3) жұмысқа орналастыруды қамтиды.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Кәсiптiк бағдар беруді білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары жүзеге асырады.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бағдарлауға қатысады.
3. Мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алынған лицензия негiзiнде білім беру қызметiн жүргiзетiн ұйымдар жүзеге асырады.
31-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды:
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектігі бар адамдар үшiн қосымша жұмыс орындарын құру;
3) мүгедектердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру;
4) мүгедектігі бар адамдарға кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.
32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.
2. Түнгi уақыттағы жұмысқа мүгедектiң келісімiмен және егер оның мұндай жұмыс iстеуiне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етiледi.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Медициналық қорытынды бойынша мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қауіп төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк уәждері бойынша еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мүгедектi жұмыстан босатуға, оның келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 32-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-1-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі болып табылады және халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні таңдауы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы іс-шараларының жіберілуі туралы оларды хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.
2. 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
1) мүгедек тұратын елді мекенде сымды интернет болмаған;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген сатып алынатын тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші болмаған;
3) мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тарту туралы өтініші болған;
4) мүгедектігі бар адамдардың жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын және (немесе) жеке іріктеу мен теңшеуді талап ететін протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін;
5) есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту-протездік көмегі көрсетілетін;
6) кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетілетін жағдайларда, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мүгедектігі бар адамдар мен өнім берушілер арасындағы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 32-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
Психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке көмекші бола алмайды.
2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:
1) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиіс медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
3-тармақтың 6) тармақшасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылды
6) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген;
7) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтерді көрсету үшін шығарылған жерін, сипаттамаларын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
8) санаторий-курорттық емдеуді және медициналық оңалтуды ұсыну кезінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
9) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды.
4. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
4-тармақтың 4) тармақшасының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакцияда қолданылды
4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;
5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады.
5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.
Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 32-3-баппен толықтырылды
32-3-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
1. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырысты жүзеге асырады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.
2. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алған кезде мүгедектігі бар адамның жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ осы баптың 3-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мөлшерлерде төленеді.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома:
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне күніне сегіз сағаттан;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен айқындалады.
4-тарау. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДI ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ IСIНЕ ҚАТЫСУЫ
33-бап. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бара алуды қамтамасыз ету жөніндегі мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердiң өндiрiстiк үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға бара алуы үшiн жұмыс берушi жұмыс орындары мен жұмыс үй-жайларын жобалау және бейiмдеу арқылы жағдай жасайды, мүгедектi абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және көмекшi құрылғылармен жабдықтайды.
34-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектердi жұмыспен қамту және кәсiптiк оңалту саласындағы мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедектігі бар адамға келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мiндетi
Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРI
36-бап. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң құқықтары және олардың өкiлеттiктерi
1. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi үйлестiру кеңесiнiң жұмысына және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелердi шешуге қатысады.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердiң мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi әзiрлеу мен қабылдау кезiнде мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiмен және олардың өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiне, сондай-ақ олардың ұйымдарына олардың меншiгіндегі үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салынған жер учаскелерiне меншiк құқығын мемлекеттік меншiктен жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi қызметiн тоқтатқан немесе мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерiнiң, олардың ұйымдарының меншiгіндегі жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырған жағдайда, олардың меншiгіндегі жер учаскелерi мемлекеттің меншiгiне қайтарылуға тиiс.
4. Мүгедектердiң қоғамдық бірлестiктерi:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) әлеуметтiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн бағалауға қатысу;
3) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп спорттық iс-шараларды ұйымдастыру;
5) уәкiлеттi аумақтық мәдениет органдарымен бірлесiп ағарту және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру арқылы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға құқылы.
6-тарау. OCЫ 3AҢHЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап жаңа редакцияда
37-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
38-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 17) тармақшасын; 20-баптың 5-тармағын; 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын; 22-баптың 3-тармағын; 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын; 28-бапты;
2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын; 25-баптың 3-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2001 ж., № 1, 4-құжат; № 13-14, 173-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат);
2) Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң «Қазақ ССР-iнде мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы Қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 26, 346-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 13-і.
№ 39-III