Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы
және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416-II
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат: № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат):
1) 40-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.»;
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе егер заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөніндегі жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды тұлғаны тiркеу жөніндегі iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.
Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары, лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды.»;
1) тармақшадағы «акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шаруашылық серiктестiктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (жүз және одан да көп қатысушысы бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.»;
4) 58-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Акционерлер саны жүз және одан да көп акционерлік қоғам шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына үлес құқығын растайтын құжат болып табылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.»;
5) 77-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.»;
7) 87 және 88-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«87-бап. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.
2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.
3. Акционерлік қоғамның жарғысын бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
88-бап. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.»;
8) 89 және 90-баптар алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтағы «қоғамның белгiлi бiр мүлкiнiң» деген сөздер «мүлiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «эмиссиясының (шығару шарттары)»деген сөздер «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Акционерлік қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша:
1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса;
2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.»;
4-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлік қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.»;
5-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі»(және)»деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгi алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын;
11) 93-баптың 2-тармағындағы «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздер «шаруашылық серiктестiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 94-баптың 1-тармағындағы»(шығарылған жарғылық капиталының)»деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «шығарылған», «шығарылған (төленген)»деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «шығарылған (төленген)»деген сөздер алып тасталсын;
14) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.»;
15) 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлерi жатады.
3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткізушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.
130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау
1. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi.
2. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртібі, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.»;
18) 136-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«136-бап. Облигация
1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, жергiлiктi атқарушы органдар, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.
4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.»;
19) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«139-бап. Акция
1. Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Акциялардың түрлерi және санаттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
Акцияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды.
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен акционерлік қоғамның мүддесiн бұзған акционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуі мүмкiн.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.
2. Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi.»;
4-тармақтағы «биржалық жарғыларда» деген сөздер «биржалық сауда ережелерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат):
1) 886-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.»;
2) 892-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының шоты бойынша көрсетiлуге жатады.»;
«4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат):
1) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік
тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн
бұзу
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы - эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 193-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны (рұқсатты), өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -";
3) 196-баптың бiрiншi абзацындағы «эмитентiнiң немесе» деген сөздер алып тасталсын;
4) 197-баптың тақырыбындағы және мәтiніндегі «шығару және» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат):
1) 49-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.»;
2) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Салық төлеушiнiң (акционерлік қоғамның)
жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық төлеушi (акционерлік қоғам) салық берешегi сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арызбен жүгiнуге құқылы.»;
3) 93-баптың 2-тармағында», тексеру комиссиясының» деген сөздер алып тасталсын; «акционерлер жиналысын» деген сөздер «акционерлердiң жалпы жиналысын» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат):
1) 1-бапта:
2-тармақтағы «және акционерлік қоғам» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады.»;
4-тармақтағы «акционерлік қоғамға» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «пен акционерлік қоғамды», «немесе қоғам акцияларының» деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Акционерлік қоғамдарды қоспағанда,»деген сөздер алып тасталсын және «серiктестiк» деген сөз «серiктестiктi» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 7-баптың 2-тармағындағы «ал акционерлік қоғамда акциялардың санымен» деген сөздер алып тасталсын;
5) 25-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «немесе акционерлік қоғам» деген сөздер алып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 жылғы 16 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және 12 сәуiрде «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актерлерiне мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына ):
1-баптың қырқыншы абзацындағы «жабық» деген сөз алып тасталсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағының а) тармақшасындағы «шығарылған» деген сөз «орналастырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «жабық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «ол ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейiн» деген сөздер алып тасталсын;
3) 14-баптың 2-тармағының үшiншi абзацындағы «нақты бағалары» деген сөздер «орналастыру бағалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағындағы «олардың нақты құнынан төмендетiлмей және барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшiн бiрыңғай бағамен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»деген сөздер «барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшiн бiрыңғай орналастыру бағасымен жүргiзiледi.»деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы», құрылтай құжаттарында жарияланған,»деген сөздер алып тасталсын;
5) 22-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы «жарияланған жалпы», «жарияланған» деген сөздер алып тасталсын;
6) 26-баптың 2-тармағының б) тармақшасындағы «жарияланған» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтың и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны және тазартылған бағалы металдарды басқару;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы «б-1) тармақшамен толықтырылсын:
«б-1) бағалы қағаздарды басқару;";
бiрiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын;
ж) тармақшасындағы»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын;
9) 34-баптың 2-тармағындағы»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын;
10) 40-баптың 7-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша)»деген сөздер алып тасталсын;
11) 49-баптың 2-тармағының в) тармақшасындағы «жарияланған» деген сөз алып тасталсын;
12) 54-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығарылымы тиiстi тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.»;
2) 12-баптың 2-тармағындағы «жабық үлгiдегi акционерлік қоғамды ашық үлгідегi акционерлік қоғамға өзгерту,»деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар: Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) өткізу не сенiм бiлдiрiлген басқарушыға кейiннен сатып алу құқығымен беру;";
6-тармақ алып тасталсын.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат):
1-баптың 27-1) тармағындағы «жабық» деген сөз алып тасталсын.
10. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; 1999 ж., № 20, 722-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат):
11-баптың 3-тармағындағы «номинал құны ұлттық немесе шетел валютасымен көрсетiлген» деген сөздер алып тасталсын.
11. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 15-16, 238-құжат):
1) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) агенттiк облигация - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржы агенттiгi шығарған облигация;";
екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, он бiрiншi, он екiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi, жиырма жетiншi, жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы абзацтар тиiсiнше 2), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 14), 15), 16), 18), 19), 21), 22), 23), 24), 26), 27), 28), 29) тармақшалар болып есептелсiн;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бағалы қағаздар рыногы субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне әсер етуге мүмкiндiгi бар тұлға (өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде осы тұлғаның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осындай құқығы бар бағалы қағаздар рыногы субъектiсiне қатысты кез келген тұлға;";
төртiншi абзацтағы «делдал» деген сөз «кәсiби қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы «бұрын шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бағалы қағаз ұстаушы - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiнде тiркелген және осы бағалы қағазбен куәландырылған мүлiктiк құқықтарды иеленген тұлға;";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бiрiншi абзац «пайда табу мақсатымен» деген сөздерден кейiн «баға кесудi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына шығару және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
он екiншi абзацтағы «өз» деген сөз алып тасталсын;
он үшiншi, он төртiншi және он сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) институционалдық инвестор - өзi тартқан ақшаларды заңдарға сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялайтын заңды тұлға;
13) кастодиан - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және олардың есебiн жүргiзу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
«17) листинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ережелерiнде белгiленген тәртiппен сауда-саттық ұйымдастырушының бағалы қағаздар тiзiмiне енгізу;";
он тоғызыншы абзацтағы «бiр эмиссиядағы» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бiрiншi және жиырма алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының оны шығару проспектiнде айқындалған ақшалай көрiнiсi;";
«25) бағалы қағаздар портфелi - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгіндегі не сенiмгерлiкпен басқаруындағы әртүрлi бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының жиынтығы;";
жиырма сегiзiншi абзацтағы «эмиссия» деген сөз «шығарылым» деген сөзбен ауыстырылсын;
отыз бiрiншi және отыз екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) тiркеушi - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;
31) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай ережелерiн (стандарттарын) әзiрлеу және қабылдау мақсатында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған ұйым;";
отыз үшiншi абзац алып тасталсын;
отыз төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«32) бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы - шығарылатын бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, сондай-ақ орналастырылу бағасы (нақтылы құны) туралы мәлiметтер;";
отыз бесiншi абзац 33) тармақша болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
«34) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпараттар (құжаттар) қабылдау мен беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«35) бағалы қағаздар портфелiн басқарушы - бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған ақшаларды сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
мынадай мазмұндағы 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
«36) қаржы агенттiгi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен экономиканың белгiлi бiр саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген және осы мақсатта капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым. Қаржы агенттiгiне мәртебе беру тәртібін және қаржы агенттiгiнiң қызметiне қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi;
37) қаржы құралы - тұтыну құны оның айналыс және (немесе) төлем құралы ретiнде пайдаланылу мүмкiндiгiмен айқындалатын және ұлттық валютаға айырбасталу қабылеттiлiгiн иеленген актив түрі;";
отыз жетiншi, отыз сегiзiншi, қырқыншы, қырық бiрiншi абзацтар тиiсiнше 38), 39), 41), 42) тармақшалар болып есептелсiн;
отыз сегiзiншi абзацтағы «бiр эмиссия» деген сөздер «бiр шығарылым» деген сөздермен, «осы эмиссияға» деген сөздер «осы шығарылымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«40) эмиссия - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтауға мiндеттi. Пруденциялық нормативтердiң құрамына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi.»;
3) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өздерi тартқан қаржыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау үшiн пайдаланушы субъектiлер Қазақстан Республикасындағы институционалдық инвесторлар болып табылады. Институционалдық инвесторларға:
инвестициялық қорлар;
банктер - Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда;
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
сақтандыру ұйымдары;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да ұйымдар жатады.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып, құжатты немесе құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн.»;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтағы «эмиссияны» деген сөз «шығарылымды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы eкінші бөлiкпен толықтырылсын:
«Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қатысушылардың ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногындағы бағалы қағаздармен мәмiле жасауына шектеу белгiлеуге құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiле жасау рәсiмi және оларды тiркеу сауда-саттық ұйымдастырушылардың ережелерiмен айқындалады.»;
екiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтар тиiсiнше 1), 3), 5), 6), 7), 8) тармақшалар болып есептелсiн;
үшiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу, сондай-ақ эмитенттердiң олардың шығарылу, айналыс және өтелу шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;";
«4) сауда-саттық ұйымдастырушылардың және институционалдық инвесторлардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялау;";
жетiншi абзац «бағалы қағаздар рыногына кәсiптiк қатысушылар» деген сөздер «бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар, сауда-саттық ұйымдастырушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 14-баптың тақырыбындағы және мәтіндегі «эмиссиясы», «эмиссия», «эмиссия» деген сөздер тиiсiнше «шығарылымы», «шығарылымын», «шығарылым» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Агенттiк облигациялар эмиссиясы
Агенттiк облигацияларын шығару, орналастыру және өтеу шарты мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттік тiркеу
1. Жарияланған акциялар шығару туралы шешiм акционерлік қоғам құрылтайшыларының жиналысында (акционерлердiң жалпы жиналысында) қабылданады.
Акционерлік қоғам құрылтайшылардың ол әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды, олардың арасында орналастырылған акцияларды төлегендiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу құрылтайшыларды акция ұстаушылардың тiзiлiмiнде акция ұстаушылар ретiнде тiркеу үшiн негiз болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:
1) ұсынылған құжаттарды қарауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiне сараптаманы;
2) эмитенттiң аудиторлық ұйым (аудитор) растаған қаржылық есептiлiгiн қарауды;
3) бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн берудi және Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы және эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;
4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжат берудi қамтиды.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiгiн, сондай-ақ олардың шығарылу, айналысы, өтелу мен жойылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастан отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттік тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда құжаттарды қарау мерзiмi жаңартылады.
6. Эмитенттiң лауазымды адамдары мәлiметтер бермегенi не дұрыс емес мәлiметтер бергенi, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды табыс ету мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ уәкiлеттi органның нұсқамаларын орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
баптың тақырыбындағы «бағалы қағаздар эмиссияларының» деген сөздер «бағалы қағаздарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «эмиссиялары» деген сөз «шығарылымдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «эмиссиялары туралы» деген сөздер «шығарылымдары туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын; «қаржы» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалы қағаздарды орналастыру талаптарының шығару мен орналастырудың тiркелген талаптарына, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкессiздiгi;";
үшiншi-бесiншi абзацтар тиiсiнше 2)-4) тармақшалар болып есептелсiн; үшiншi абзацтағы «эмиссия» деген сөз «орналастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы «эмиссияның» деген сөз «шығарылымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
3-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап эмитент осы баптың 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, бұл туралы баспасөз басылымында хабар жариялауға және анықталған жолсыздықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға мiндеттi.
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тізіліміндегi жеке шоттармен жүргізілетін операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi. Тiзiлiмде нақты ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi.
5. Уәкiлеттi органның шешiмiмен бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұруға себеп болған негiздердi жойғаннан кейiн ғана эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына мүмкiндiк туады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы «эмиссияны» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын
жарамсыз деп тану»;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен, «болмады» деген сөз «жарамсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтар тиiсiнше 1), 2) және 4) тармақшалар болып есептелсiн;
екiншi абзацтағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;»(тiркелген шығару шарттарына)»деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi абзац «эмиссия проспектiне (тiркелген шығару шарттарына)»деген сөздер «шығарылым проспектiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетiлген мәлiметтердiң шығарылымның тiркелген проспектiне немесе осындай шығарылымның нақты орналастырылу деректерiне сәйкес келмеуi;";
бесiншi абзацтағы «эмиссияны» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiміндегі бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi.
Тiзiлiмде нақтылы ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi. Хабарламаны алған нақтылы ұстаушы клиенттiң шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмiленi тiркеудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы мәлiмет Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзiледi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облигациялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда осы шығарылған облигациялар эмитентке қайтарылуға жатады. Инвесторларға облигациялардың нақтылы құнын өтеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Акциялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда акционерлік қоғамның директорлар кеңесi уәкiлеттi органнан акциялар шығарылымының жарамсыз деп танылғаны туралы хабар алған күннен бастап екi ай iшiнде мынадай:
1) акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы;
2) шаруашылық серiктестiк (өндiрiстiк кооператив) етiп қайта құру туралы;
3) акционерлік қоғамды тарату туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдау мақсатында акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткізуге мiндеттi.
Акционерлердiң жалпы жиналысында акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн акционерлік қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей құжаттарды мемлекеттік тiркеуге табыс етуге мiндеттi.
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының талаптарын сақтамаған жағдайда акционерлік қоғам уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен таратылуға жатады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтағы «бағалы қағаздар эмиссиясын жарамсыз» деген сөздер «бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы «Бағалы қағаздар» деген сөздердiң алдынан «Эмиссиялық» деген сөзбен толықтырылсын, «Бағалы» деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлiметтi олардың шығарылуы мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
Мемлекеттік тiркелгенге дейiн шығару туралы мәлiметтердi жариялауға тыйым салынады.»;
2-тармақтағы «эмиссиясы проспектiмен (шығару шарттарымен)»деген сөздер «шығарылымы проспектiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздарды орналастыру және олардың айналымы кезеңiнде эмитент оларды уәкiлеттi органда тiркеуге және ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаз ұстаушыларды бағалы қағаздар шығарылымының тiркелген проспектіндегі деректермен және эмитенттiң қызметi туралы және олар эмиссиялаған бағалы қағаздар туралы ақпараттармен салыстырғанда iстiң нақты жәй-күйіндегі олардың мүдделерiн қозғайтын барлық өзгерістер туралы хабардар етуге мiндеттi.»;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын мәлiметтер болып танылады:";
2) тармақшада»(шығарылған (төленген)»деген сөздер «төленген» деген сөзбен ауыстырылсын; «ашық» деген сөз алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалардағы «ашық» деген сөз алып тасталсын;
10) тармақша «ықтимал инвесторлардың» деген сөздерден кейiн «және бағалы қағаздар ұстаушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «эмиссиясы проспектiсiне (шығару шарттарына)»деген сөздер «шығарылымы проспектiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «эмиссиясы проспектiсiнде (шығару шарттарында)»деген сөздер «шығарылымы проспектiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; «ықтимал инвесторлардың» деген сөздерден кейiн «және бағалы қағаздар ұстаушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «эмиссиясының проспектiнде (шығару шарттарында)»деген сөздер «шығарылымы проспектiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «эмиссиясының» деген сөз «шығарылымының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Ашық қоғам» деген сөздер «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және
өтеу қорытындылары туралы есептер»;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн не оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн әрбiр алты айдың қорытындысы бойынша (есептi жартыжылдық аяқталған соң бiр айдың iшiнде) бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есептердi, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi табыс етуге мiндеттi.»;
екiншi бөлiктегi «Ашық халықтық» деген сөздер «Халықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есептi бекіту үшiн табыс етiлетiн құжаттар тiзбесiн және оларды ресiмдеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. Эмитент көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган есептi бекiтпей тастауға құқылы. Эмитент құжаттарды қайтара табыс еткен кезде оны қарау мерзiмi жаңартылады.»;
4-тармақтағы «акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептi» деген сөздер «эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «шығару және» деген сөздер алып тасталсын; «осы эмиссияны жарамсыз» деген сөздер «шығарылымды жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қараған кезде ұсынылған мәлiметтердiң немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгi анықталса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды одан әрi орналастыру мен оның айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Бекітуге ұсынылған бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептегi мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган есептi бекіту туралы хабарламаны керi қайтарып алу туралы және эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсін;
екiншi абзацтағы «эмиссияны болмаған» деген сөздер «шығарылымды жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерiс жүргiзу кезеңiнде және тексерiстiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:";
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
екiншi абзац «эмитенттерге» деген сөзден кейiн», сауда-саттық ұйымдастырушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
төртiншi абзац «эмитенттiң» деген сөзден кейiн», сауда-саттық ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Тексерiс жүргiзу процесiнде эмитент, кәсiби қатысушы және сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілетті органның тексеріс үшiн қажеттi құжаттарды табыс ету туралы талабын орындауға мiндеттi.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган тексерiс актiсiне қоса тіркеу үшiн құжаттардың көшiрмелерiн талап етуге құқылы.
Уәкiлеттi орган эмитент қызметкерлерiнен, кәсiби қатысушыдан және сауда-саттық ұйымдастырушыдан тексерiс жүргiзу процесiнде және тексерiс қорытындысы бойынша жазбаша түсiнiк берудi талап етуге құқылы.
2-2. Эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының және кәсiби қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанын куәландыратын тексерiс қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарының айналысын, кәсiби қатысушы мен сауда-саттық ұйымдастырушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
1-тармақтың екiншi-бесiншi абзацтары тиiсiнше 1)-4) тармақшалар болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдары бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға құжаттарын ұсынған ұйымның, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының және сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталын қалыптастыруы тек ақшамен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұнды 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органмен және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың уәкiлеттi органымен келісілген ережелермен белгiленедi.
5. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатысуы мiндеттi болып табылады.»;
2-тармақта:
«кәсiпқой қатысушы өз капиталының уәкiлеттi орган белгiлеген ең төменгi деңгейiнiң» деген сөздер «уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Пруденциялық нормативтердiң құрамына жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен лицензия беруден бас тартуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе лицензияны керi қайтарып алуға құқылы.»;
мынадай мазмұнды 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Уәкiлеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұнында анық емес немесе толық емес ақпараттар анықталған;
2) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат берiлмеген;
3) лицензиат уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтамаған;
4) лицензиат бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейтiн ережелер мен стандарттарды орындамаған немесе бұзған;
5) лицензиат өзiнiң қызметi туралы есептi ұсыну тәртібін сақтамаған;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүше болмаған, сондай-ақ лицензиат өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан шыққан немесе оны шығарған;
7) лицензиат Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзған;
8) лицензиат лицензиялық талаптарды сақтамаған;
9) лицензиат уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.
3-2. Уәкiлеттi орган лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұру себептерi жойылмаған жағдайларда және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензияны қайтарып алуға құқылы.»;
3-тармақтағы «шығарған» деген сөз «орналастырған» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
екiншi абзацтағы «эмитенттiң» деген сөз «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын, «басқару» деген сөз алып тасталсын;
төртiншi абзацтағы нүкте»;»тыныс белгiсiмен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары жатады.»;
1-тармақта:
екiншi-тоғызыншы абзацтар тиiсiнше 1)-8) тармақшалар болып есептелсiн;
тоғызыншы абзацтағы «мемлекеттік емес» деген сөздер «жинақтаушы» деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы нүкте»;»тыныс белгiсiмен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) трансфер-агент қызметi;";
оныншы абзац 10) тармақша болып есептелсiн;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет пен қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, қаржы рыногындағы қызметтi қоспағанда және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген өзге де жағдайларда, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.»;
28) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі
қызмет
1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет бағалы қағаздар мен зейнетақы жинақтары портфелi меншiк иесiнiң жекелеген заңды құқықтарын iске асыру жөніндегі қызмет.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру тәртібі, басқарушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
29) 32-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келiсе отырып» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «меншiк иесiн» деген сөздер «ұстаушысын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта «иелерiнiң» деген сөз «ұстаушылардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi, эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес, тiркеушi жүзеге асырады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бағалы қағаздар ұстаушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке шоттардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.»;
8-тармақтағы «тiзiлiмнен», «Тiзiлiмнен» деген сөздер тиiсiнше «жеке шоттан», «Жеке шоттан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртібін, жеке шоттардан берiлетiн үзiндiлердiң нысандарын, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты бұйрықтардың нысандарын және оларда көрсетiлетiн мәлiметтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі шарттың күшi тоқтатылған жағдайда барлық деректердi және шарттың күшi тоқтатылған күнге жасалған бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жүйесін құрайтын құжаттарды басқа тiркеушiге өткiзiп беру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн тiзiлiмiнiң жеке шоттарынан тiркеушi берген барлық, үзiндiлер жарамсыз болады. Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн бағалы қағаздар ұстаушылардың бұйрықтарын орындауға қабылдауға тiркеушiнiң құқығы жоқ.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кастодиандық қызмет - банктердiң бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларын есепке алу жөніндегі қызметi.»;
4-тармақтағы «заңдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Трансфер-агент қызметi
Трансфер-агент қызметi - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпарат (құжаттар) қабылдау және беру жөніндегі қызмет.
Лицензиялар беру және қызметтiң осы түрiн жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «жабық» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
35) 38-баптың екiншi-сегiзiншi абзацтары тиiсiнше 1)-7) тармақшалар болып есептелсiн;
36) 42-баптың екiншi-алтыншы абзацтары тиiсiнше 1)-5) тармақшалар болып есептелсiн;
37) 43-баптың екiншi-төртiншi абзацтары тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
38) 44-баптың 3-тармағының екiншi-он екiншi абзацтары тиiсiнше 1)-11) тармақшалар болып есептелсiн;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттердiң өз қызметi туралы ақпараттарды ашу жөніндегі мiндетi, сондай-ақ осындай ақпараттарды беру тәртібі мен мерзiмi қор биржасының уәкiлеттi органмен келісілген ережелерiмен белгiленедi.
Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттер қор биржасына:
1) жылдың және ағымдағы жылдың әр тоқсанының қорытындысы бойынша қаржылық есептiлiктi;
2) бағалы қағаздардың алдағы болатын шығарылымдары туралы ақпаратты;
3) эмитенттiң орналастырылған акцияларды сатып алуы туралы ақпаратты;
4) акционерлердiң жалпы жиналыстары хаттамаларының көшiрмелерiн;
5) алдағы болатын дивиденд төлеу туралы ақпаратты;
6) осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көрсетiлген ақпаратты беруге мiндеттi.»;
2-тармақтағы «қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар санынан» деген сөздер «қор биржасы бағалы қағаздарының тiзiмiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 49-баптың 1-тармағының екiншi-төртiншi абзацтары тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
41) 50-баптың 1-тармағындағы «жабық' деген сөз алып тасталсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар рыногының белгiлi бip қызмет түрiн жүзеге асыратын кәсiби қатысушылары өзiн-өзi реттейтiн тек бiр ұйым құруға құқылы.»;
2-тармағында:
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
үшiншi абзацтағы «бағалы қағаздарды иеленушiлер мен» деген сөздер алып тасталсын;
43) 58-баптың 2-тармағының екiншi-он үшiншi абзацтары тиiсiнше 1)-12) тармақшалар болып есептелсiн.
12. «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «эмитент немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздарға құқықтардың бiр тұлғадан басқа тұлғаға өтуiне байланысты бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу - клиенттердiң шоттары бойынша нақтылы ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiміндегі жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң жазбалар енгізулерi арқылы мәмiленiң жасалу фактiсiн бекітуi.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасында олардың арасында жасасқан бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарттың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген, соларға сәйкес нақтылы ұстаушы клиенттiң мүддесiне орай немесе нақтылы ұстауды жүзеге асыратын өзге тұлғалар мүддесiнде бағалы қағаздарды өзiнiң иеленуiне, пайдалануына немесе билiк етуiне берiлген басқаруды өз атынан жүзеге асыруға мiндеттенетiн өзге де негiздер бойынша туындайтын қатынастар.
Нақтылы ұстаушының клиенттерiне тиесiлi немесе нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздар осы нақтылы ұстаушы кредиторларының пайдасына өндiрiп алынбауға тиiс.
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шартына тиiсiнше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты туралы ережелер қолданылады.
2. Нақтылы ұстаушының бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың а), б), в) тармақшалары тиiсiнше 1), 2), 3) тармақшалар болып есептелсiн;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздарға құқықтарды нақтылы ұстаушының растауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) әрбiр клиентке шот ашу арқылы клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу;";
а), б), в), г), д), e) тармақшалары тиiсiнше 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар болып есептелсiн;
5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретіндегі қызметтi орындау шартымен таныстыруға мiндеттi.
2. Нақтылы ұстау туралы шарт:
1) шарттың нысанасын;
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі мiндеттемесiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
3) нақтылы ұстаушының қызмет көрсетуiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртібін;
4) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есеп беруiнiң нысаны мен кезеңдiлiгiн;
5) тараптардың шарттың талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершiлiгiн;
6) бағалы қағаздар бойынша табыстар алу және оларды клиенттiң (пайда табушының) шотына есепке алу шарттары мен тәртібін қамтуға тиiс.
Жоғарыда тiзiп көрсетiлген ережелерден бөлек, шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар болады.»;
6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Тiркеушi
1. Эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша қызмет түрi болып табылады және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
2. Уәкiлеттi орган тiркеушiнiң эмитент пен бағалы қағаздар ұстаушыларға көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң ең жоғары мөлшерiн, тәртібі мен принциптерiн белгiлеуге құқылы.»;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi», нақтылы құнын» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын; «толық сәйкес келуiн» деген сөздерден кейiн «белгiлi бiр күнге» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
а), б), в), г), e), ж) тармақшалары тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 6), 7) тармақшалар болып есептелсiн;
д) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) айналыстағы бағалы қағаздар көлемiнiң шығарылымның тiркелген өлшемдерiне сәйкес келуiне бақылауды жүзеге асыру;";
3-тармақтағы «Уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес эмитент» деген сөздер «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ «бойынша» деген сөзден кейiн «және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшi тiркеушiнiң лицензиясы керi қайтарылып алынған жағдайда және шарт пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшiн тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.»;
10) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тiркеушi лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.»;
а), в), г), д) тармақшалары тиiсiнше 1), 3), 4), 5) тармақшалар болып есептелсiн;
б) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу мен оның есебiн жүргiзудi, құжатты бағалы қағаздарды сақтауды және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету;";
1-тармақтағы «ақша қаражаты», «ақша қаражатын» деген сөздер тиiсiнше «ақшасы», «ақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы а), б), в), г), д), e), ж), з) тармақшалары 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалары болып есептелсiн;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
екiншi бөлiктегi «және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Кастодиан лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.»;
14) 18-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Брокер - дилер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алған кiрiс оның акционерлерi арасында бөлiнбейдi және оның техникалық дамуына жұмсалады.
2. Кастодиандар, нақтылы ұстаушылар болып табылатын брокер дилерлер депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.»;
бiрiншi бөлiктiң а), б), в), г), д), е), ж), з), и) тармақшалары тиiсiнше 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалар болып есептелсiн; екiншi бөлiктегi «ашық халықтық» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың а), б), в), г) тармақшалары тиiсiнше 1), 2), 3), 4) тармақшалар болып есептелсiн;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық депозитарий материалдық өндiрiстiк саладағы қызметтi, жылжымайтын және жылжымалы мүлiкпен (мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттықты, сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың (бағалы қағаздар рыногында клирингтiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысуға құқылы емес.»;
19) 24-баптың 3-тармағының а), б), в), г), д), e), ж), з), и) тармақшалары 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалар болып есептелсiн;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар кепiлiн тiркеудi осы мәмiленi тiркеу үшiн тараптардың табыс еткен барлық қажеттi мәлiметтер бар бұйрықтарының негiзiнде тiркеушi және (немесе) нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бiржақты мәмiле жасалған жағдайда, мәмiленi тiркеу сатып алушының бағалы қағаздарға қатысты құқығы расталатын құжаттар табыс етiле отырып, оның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.»;
екiншi бөлiктегi «Бұйрық бағалы» деген сөздер «Бұйрықты тiркеудi бағалы» деген сөздермен, «немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкiлеттi тұлға тiркейдi.»деген сөздер «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.»деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бұйрықтың нысаны, оны ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.»;
бiрiншi бөлiктегi «тiзiлiм/шот» деген сөздер «бағалы қағаздар ұстаушының бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесіндегі жеке шотының немесе нақтылы ұстаушының клиентi шотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «тiзiлiм/шот» деген сөздер алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 57-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақтағы «Ашық» деген сөз алып тасталсын, «акционерлік» деген сөз бас әрiппен жазылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «ашық акционерлік» деген сөздер «акционерлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағындағы «ашық үлгiдегi» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «акцияларының эмиссиясын» деген сөздер «акцияларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 12-баптың тақырыбындағы және бiрiншi абзацындағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 2-тармағындағы «эмиссияларын» деген сөз «шығарылымдарын» деген сөзбен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасындағы «ашық» деген сөз алып тасталсын;
2) 34-баптағы «жабық» деген сөз алып тасталсын.
15. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Акционерлік қоғамнан қайта құрылған
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң
құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi
1. Акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлік қоғам жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Серiктестiкке қатысушылардың тiзiмiнен көшiрме акционерлердiң саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталдағы қатысу үлесiне меншiк құқығын растайтын құжат болып табылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы (тiркеушi) жүзеге асырады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі тiркеушi мен серiктестiк арасында жасалған шартпен, сондай-ақ осы тiркеушiнiң серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметiн реттейтiн iшкi құжаттарымен анықталады.
2. Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды.
Акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, осы Заңның 48-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады.»;
4) 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) серiктестiкке қатысушылардың (қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;";
5) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Акционерлерi жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттік тіркеу үшiн:
1) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;
2) серiктестiктiң жарғысы;
3) қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлдiк берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiлiміндегі деректер негiзiнде жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге тиiс.»;
6) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «4-тармағында» деген сөздер «4 және 4-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жүз және одан да көп қатысушысы бар акционерлік қоғамнан қайта құрылған серiктестiкке жаңа қатысушы қабылдау серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiне жазбалар енгізу жолымен ресiмделедi.»;
8) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
9) 32-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жүз және одан да көп қатысушысы бар серіктестікке қатысушының үлесiн сату тәртібі серiктестiктiң жарғысымен белгiленедi.»;
10) 46-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жүз және одан да көп қатысушысы бар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) оны өткізу туралы серiктестiкке қатысушыларды жиналыс ашылардан он бес күн бұрын хабардар етуге мiндеттi.
Жүз және одан да көп қатысушысы бар серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабар серiктестiктiң жарғысында көрсетiлген баспасөз басылымында жариялануға тиiс.»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын.
16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықтық акционерлік қоғамдар жатады.»;
2) 6-баптың 1-тармағындағы:
бiрiншi бөлiктегi «ашық үлгiдегi акционерлік қоғамды,»деген сөздер алып тасталсын.
17. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат):
1) 22-бапта:
2-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 25-баптың 6-тармағындағы «эмиссиясының» деген сөз «шығарылымының» деген сөзбен ауыстырылсын.
18. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат):
28-баптың 4-тармағындағы «нақты құнына» деген сөз «санына» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. «Қазақстанның Даму Банкi туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат):
1-баптағы «жабық» деген сөз алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа
Бағалы қағаздар рыногының шаруашылық серiктестiк ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған кәсiби қатысушылары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап екi жыл iшiнде акционерлік қоғамдар болып қайта құрылуға мiндеттi.
Бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатыспайтын кәсiби қатысушылары, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымға оның мүшесi болып кiру үшiн өтiнiш беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |