"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 369-II Заңы

1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат, 2002 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша:

бөлімдердің нөмірленуі араб цифрларымен белгіленсін;

"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; "заң актісінде", "заң актілерімен" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

"басқару жөніндегі компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі аффилиирлендірілмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі аффилиирлендірілген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

"жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;

2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;

3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;

4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

6) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бүзылган кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;

8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;

9) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

10) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);

12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;

13) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;

14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;

15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

17) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;

18) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

19) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар уәкілетті мемлекеттік органдар;

20) ресми трансферттер - бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;

21) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

22) зейнетақы төлемдері:

Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;

жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;

23) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;

24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

25) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;

26) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;

27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;

28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;

29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;

30) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;

31) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;

32) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;

33) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;

34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

35) уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық) - осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға;

36) уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

3) 4-бап алып тасталсын;

4) 6-бапта:

тақырыбы мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік

1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.";

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:";

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;";

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу;";

8) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;";

мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

"12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы жылына кемінде бір рет ақпарат беріп отыру;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;

"14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;";

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.";

5) 8-бапта:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы "еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленеді.";

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";

6) 9-бапта:

4-тармақта:

1) тармақша "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі;" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша "тағайындалады" деген сөз алып тасталып, "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі." деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақ "жағдайда" деген сөзден кейін "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретінде есептеледі. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қащардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезенде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.";

7) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "белгіленеді" деген сөздің алдынан "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын;

"18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның қызметінің негізгі бағыттары

1. Орталық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады, оның уәкілетті органын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Орталық:

1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін төлеуді;

2) азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар беруді;

3) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;

4) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;

5) мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің Орталық есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен төлем құжаттарын табыс етуді;

6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.";

9) 21-баптың 1-тармағы "жағдайлардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан" деген сөздермен толықтырылсын;

10) 3-бөлімнің тақырыбы "қорларынан" деген сөзден кейін "және сақтандыру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;

11) 7-тараудың тақырыбындағы "Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру" деген сөздер "Зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"22-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу

1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.

2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.

3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына- сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.";

13) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-баптармен толықтырылсын:

"22-1-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің төлем көзінде салық салынуға тиіс ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

2. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақьшың он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.";

3. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудың тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

22-2-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.

2. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.

3. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

22-3-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы

1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.

22-4-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік

1. Міндетті зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған сомасы салымшыға нақты төленген және салымшы табысты алған жағдайда, оларды салық органдары өндіріп алады немесе оны агенттер әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептей отырып, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.

2. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары жинақталып қалған берешектер шегіндегі ақшаны агенттердің банктегі шоттарынан өндіріп алуға құқылы. Бұл орайда агент қызмет көрсетуші банкке салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін табыс етуге міндетті.

3. Салық органдарының шешімі бойынша, егер агент салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін ұсынбаса, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері болса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар агенттердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және міндетті зейнетақы жарналарын аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.

4. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының сомасын осы сомаларды агенттердің банк шоттарынан есептен шығаратын күні Орталық арқылы аударуға міндетті.";

14) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"23-бап. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:

1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;

2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;

3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, I және ІІ-топтағы мүгедектердің;

4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;

5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.";

15) мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-баптармен толықтырылсын:

"23-1-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) елу бес жасқа толған адамдардың;

2) мүгедектердің;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

23-2-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен

төленетін зейнетақы төлемдері

1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:

1) елу жасқа толған;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.

3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі.

4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.";

16) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"24-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер салық органдарына міндетті зейнетақы жарналарының есептеп, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнінде есеп-қисапты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде табыс етіп отырады. Есеп-қисаптың нысанын және оны табыс етудің тәртібін мемлекет алдындағы салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті органның келісімімен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей табыс етіп отыруға міндетті.

3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.

4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті.";

17) 25-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.";

2-тармақта:

"алушының" деген сөзден кейін "жинақтаушы" деген сөзбен толықтырылсын;

"таратылғанда және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

2-1 тармақта:

1) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақшадағы "заңдарға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын және "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейін "не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.";

3-тармақ алып тасталсын;

18) 26-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.";

2-1 тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) міндетті.";

екінші бөліктегі "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:

"6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиісті шешімі негізінде кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етіле отырып және зейнетақы активтерін жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсімі аяқталғаннан кейін шартты бұзудың белгіленген күніне дейін жиырма күн мерзімде жинақтаушы қордың талап етуімен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында тиісті жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерін хабардар етеді.

8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады.";

19) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"27-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттердің құқықтары мен міндеттері

1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:

1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тандауға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;

3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;

5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;

6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай аударуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;

10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Агенттердің қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге құқығы бар.

3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:

1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға;

3) міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін агентке табыс етуге;

4) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасьшың Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндетті.";

20) 28-бап алып тасталсын;

21) 29-бапта:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Зейнетақы ережелерін акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.

3. Зейнетақы ережелері жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделеріне қысым жасамауға және оған нұқсан келтірмеуге тиіс.";

22) 30-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.";

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер мен талаптар қамтылады:";

1) тармақшадағы "заңды мекен-жайы" деген сөздер "орналасқан жері" деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақша "жарналарының" деген сөзден кейін "немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының" деген сөздермен толықтырылсын;

11) тармақшадағы "болады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

"12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәліметтер болады.";

23) 31-бапта:

баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі";

мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:

"3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді.

4. Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті.

5. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.";

24) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

"7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен

қамсыздандыру

31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері

1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін өмір бойы төлейді. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жасалады.

3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентінен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.

31-2-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу

1. Зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

2. Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келісімімен белгіленген мерзімге жасалады.

3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерікті.

4. Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.

5. Зейнетақы аннуитеті шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

6. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екі жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.

Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсаған шығыстары шегеріліп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиіс.

31-3-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері

1. Сақтанушының:

1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

2) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуға;

3) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бар.

2. Сақтанушы:

1) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға міндетті.

3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бір рет және толық көлемде алуға құқығы бар.

4. Сақтандыру ұйымы:

1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

2) зейнетақы аннуитеті шартын үш дана етіп ресімдеуге міндетті, оның екеуі сақтанушыға беріледі;

3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитеті шартында көзделген сақтандыру төлемдері уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешіктірілген әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде осы Заңда белгіленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі

1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған міндеттемелердің орындалуын кешіктірген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.

31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру

1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.

2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге арналған шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.";

25) 32-бап алып тасталсын;

26) 33-бапта:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

3-тармақтағы "қордың" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

"Алушының" деген сөз "Салымшының" (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;

"зейнетақы шартын" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;

"бұзуы" деген сөзден кейін ", осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде," деген сөздермен толықтырылсын;

27) 34-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

28) 36-бапта:

тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.";

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4 тармақтармен толықтырылсын:

"1-1. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.

1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.

1-4. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:

1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;

2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.".

2-тармақ "акцияларының" деген сөзден кейін "жалпы санының" деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.";

5-тармақтағы "құрылтайшысы" деген сөзден кейін "немесе акционері" деген сөзбен толықтырылсын;

29) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.";

30) 38-бапта:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

2-тармақта:

"Мемлекеттік емес" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;

"мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

"Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттік" деген сөз қолданыла алады.";

"алушының" деген сөз "салымшының (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;

31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметгі лицензиялау

1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

2. Лицензиат жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру салдарынан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тартуға, зейнетақы төлемдерін және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға, егер бұл оған құқықтық мирасқорлық тәртіппен ауысқан міндеттерден туындаса, лицензия алу үшін белгіленген мерзім ішінде уәкілетті орган уақытша рұқсат беруі мүмкін.";

32) 40-бапта:

2-тармақта:

үшінші абзацтағы "соттылығы" деген сөзден кейін "өтелмеген немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші абзацқа түзету қазақша мәтінде өзгеріссіз қалады;

"санацияға" деген сөзден кейін ", консервацияға" деген сөзбен толықтырылсын;

төртінші абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

", белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырмаған адам;

Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды.";

3-тармақ алып тасталсын;

33) 41-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"2-1) уәкілетті орган беретін лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға;

2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;";

2-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;";

7) тармақша "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі" деген сөздердің алдынан "жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11)-13) тармақшалармен толықтырылсын:

"11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;

13) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге міндетті.";

3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;";

6) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

"4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.

5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.";

34) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:

"1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:

1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;

2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесін және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;

6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көрінеу дұрыс емес есептілік пен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.

1-3. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.

1-4. Лицензияның қодданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жоймауы оны уәкілетті органның қайтарып алуына негіз болып табылады.";

35) 43-бапта:

тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақта:

алтыншы абзацтағы "қордың корпоративтік түрінен ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі" деген сөздер алып тасталып, "бөліп шығару" деген сөздерден кейін "жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге қайта ұйымдастырылуы, өзгертілуі" деген сөздермен толықтырылсын;

"Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшін оның атауы өзгерген жағдайда да міндетті болып табылады.";

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Қайта ұйымдастыру жағдайында:

қосылу нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қоры;

бөліну нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары;

бөліп шығару нысанында - бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алуға міндетті.

Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі және одан да көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;

2) біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтік қордан ашық қор етіп қайта ұйымдастыру жағдайында қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндетті.";

36) 44-бапта:

тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

3) тармақшадағы "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 45-бапта:

тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы және 1-тармағындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның таратуға рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушыларды хабардар етуге міндетті.";

5-тармақта:

бірінші бөліктегі "зейнетақы шарттары" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі "қорды" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорын" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";

38) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:

1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;

2) комиссиялық сыйақылар;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.";

39) 47-бапта:

1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.";

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегінде жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.

Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді."

5-тармақта:

"Лицензия" деген сөз кіші әріппен жазылып, оның алдынан "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына" деген сөздермен толықтырылсын;

"жарғылық капитал" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;.

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.";

40) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Комиссиялық сыйақының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;

2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

41) 49-баптың 2-тармағында:

"Алушылардың жеке шотында" деген сөздер "Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын, "тәртіппен" деген сөзден кейін "бөлек" деген сөзбен толықтырылсын;

"алушылардың" деген сөз тиісінше "салымшылардың (алушылардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

42) 50-бапта:

тақырыбындағы "Алушының" деген сөз алып тасталсын, "жинақталған" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.";

3-тармақ "алушының" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақта:

1) тармақша "жүргізіп отырған" деген сөздерден кейін "қылмыстық" деген сөзбен толықтырылсын;

3) тармақшадағы "берілуі мүмкін" деген сөздер алып тасталып, 4) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін ", не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

"5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат негізінде берілуі мүмкін.";

43) 11-тараудың тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

44) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.";

45) 52-бапта:

тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақтағы "Мемлекеттік емес", "жабық" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5-тармақтармен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.

1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.

1-4. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.

1-5. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:

1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;

2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.";

2-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

3-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақтағы "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;

46) 53-бапта:

2-тармақта:

төртінші абзацқа түзету қазақша мәтінде өзгеріссіз қалады;

төртінші абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

", уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.

Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзегеасыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:

1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;

2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;

3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.";

4-тармақта:

"берген" деген сөз "белгіленген тәртіппен беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталып, "уәкілетті" сөзі бас әріппен жазылсын;

47) 54-бапта:

тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.";

2-тармақтағы "осы баптың 3-тармағының талаптарын орындаған кезде", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;

3-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

"6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.";

48) 55-бапта:

мәтіндегі "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақта:

1), 4)-6) тармақшалардағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;";

49) 56-баптағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

50) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:

57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.

Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.";

51) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.";

52) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы акгивтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.";

53) 4-бөлімнің тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін," деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

54) 60-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацтағы "ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

1) тармақшадағы "әскери қызметте, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "әскери қызметте, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазьшсын:

"3) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және ішкі істер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.";

4) тармақша алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, осы баптьщ 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерді әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.";

55) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"61-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері:

1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:

1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемінде;

2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін жағдайда толық емес көлемде тағайындалады.

2. Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.

3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жыдцарының және еңбек стажының өр жыльгаа шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.

4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жыддан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.

5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңцарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.";

56) 62-бапта:

"Әскери қызметшілерге, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есепетеледі.";

57) 63-бапта:

1-тармақтағы "Әскери қызметшілерді, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін, ішкі істер органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "Әскери қызметшілерді, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

58) 64-бапта

1, 2, 4-тармақтардағы "Әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының", 3-тармақтағы "әскери қызметшілерге, ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті" деген сөздер тиісінше "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "салық полициясының" деген сөздер алып тасталсын;

59) 65-бапта:

1-тармақтағы "Әскери қызметшілер, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "әскери қызметшілерді, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін тиісті бюджеттің қаражаты есебінен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгіленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының тандауы бойынша жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі.";

екінші бөліктегі "Әскери қызметшілерге, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы "әскери қызметшілер, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

60) 66-бапта:

баптың тақырыбындағы "Әскери қызметшілерді, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қодданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік ертке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.";

2-тармақтағы "Әскери қызметшілерді, ішкі істер және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

61) 68-баптың орыс тіліндегі мәтініндегі түзету қазақша мәтінде өзгеріссіз қалады.

2-бап. Осы Заңның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 40) тармақшасын қоспағанда, осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев