Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1
Заңы
(ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1;
16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II; 04.01.02 ж. № 278-II;
29.12.02 ж. № 369-II; 08.01.03 ж. № 378-II; 16.05.03 ж. № 416-II;
10.07.03 ж. № 483-II; 29.11.03 ж. № 500-II; 11.06.04 ж. № 562-II;13.12.04 ж. № 11-III ;
2004.20.12 № 13-III; 2005.13.04 № 40-III ; 2005.16.06 № 58-III; 2005.08.07. № 69-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен өзгерістер енгізілді
Осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңың қара (күшіне енетін мерзімін қара)
1 Бөлім. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi (1 - 6 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2 Бөлім. Орталықтан зейнетақымен (7 - 21 баптар)
қамсыздандыру
2-тарау. Орталықтан зейнетақы (7 - 10 баптар)
төлемдерiн алу құқығы
3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға (11 - 12 баптар)
арналған еңбек стажы
4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы (13 - 14 баптар)
төлемдерiн есептеу
5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн (15 - 17 баптар)
тағайындау
6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу (18 - 21 баптар)
және олардан ұстап алу тәртібі
3 Бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (22 - 59 баптар)
зейнетақымен қамсыздандыру
7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен (22 - 31 баптар)
қамсыздандыруды ұйымдастыру
7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру (31-1 - 31-5 баптар)
8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын (32 - 45 баптар)
ұйымдастыру
9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының (46 - 48 баптар)
өз капиталы
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi (49 - 50 баптар)
мен есеп берiп отыруы, жинақталған
зейнетақы қаражатының құпиясы
11-тарау. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының (51 - 59 баптар)
зейнетақы активтерiн басқару
4 Бөлім. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (60 - 66 баптар)
және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін
зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн (60 - 66 баптар)
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
5. Бөлім Қорытынды ережелер (67 - 69 баптар)
Осы Заңның күшіне ену тәртібін қара
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 05.04.99 ж. № 364-1 Заңдарымен 1-бап өзгертілді; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 16.05.03 ж. № 416-II ; Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;
4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
9) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
10) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
13) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;
18) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
20) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
21) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
22) зейнетақы төлемдері:
Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
23) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
25) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
26) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;
30) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
31) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;
32) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
33) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;
34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
35) уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық) - осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға;
36) уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап . Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 4-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру тәртібі
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2005.16.06 № 58-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.06 бастап қолданысқа ендi)
5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік кепiлдiктер
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн төлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiн лицензиялау;
2) зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
2-1) екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;
3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу;
6) зейнетақы активтерін бір-біріне және кастодиан-банкке қатысы жағынан аффилиирленбеген тұлға болып табылмайтын банктерге депозиттерге орналастыру;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;
10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгізу;
11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттік органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы жылына кемінде бір рет ақпарат беріп отыру;
13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бірақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;
15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.
Орталықтан зейнетақымен
қамсыздандыру
2-тарау. Орталықтан зейнетақы
төлемдерiн алу құқығы
ҚР 04.01.02 ж. № 278-II Заңымен 7-бап толықтырылды
7-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлген.
Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар азаматтар санаттары
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарына;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар адамдарға;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленеді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем Орталықтан он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 08.01.03 Ж. № 378-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.
2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.
4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың бірiншi бөлiгiнде белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі;
2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.
5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап тағайындалады.
6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретінде есептеледі. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезенде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.
10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi
Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және төленiп отырады.
3-тарау. Орталықтан зейнетақы тағайындауға
арналған еңбек стажы
11-бап. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу
1. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшiн еңбек стажын есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
6) бірiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бірақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
13) офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңi, бірақ 10 жылдан аспауға тиiс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
2. Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:
1) ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
2) әскери бөлiмдеріндегі жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екi есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бір жарым есе мөлшерде;
8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдеріндегі жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бір жарым есе мөлшерде;
9) толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгіндегі жұмыс бір жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзiм бойынша бір жылғы жұмыс стажына есептеледi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Еңбек стажын растау
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
2. Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
3. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.
4-тарау. Орталықтан төленетiн зейнетақы
төлемдерiн есептеу
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.11.99 ж. № 482-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап толықтырылды
13-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi.
2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi.
3. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбір толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс.
4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
14-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн табысты анықтау
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.
2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшіндегі табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.
3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
5-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн
тағайындау
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру тәртібі
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға берiледi.
2. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
3. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсiндiрме беруге және азаматтардың тиiстi құжаттарды ресiмделуiне көмек көрсетуге мiндеттi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзiмдерi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтiк қорғау органы құжаттар табыс етiлген күннен бастап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
2. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей бұл туралы арыз берушiге хабарлайды.
3. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерiн жазбаша түрде негiздеп, табыс етiлген құжаттарды арыз берушiге қайтаруға мiндеттi.
4. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi зейнетақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
2. Арыз бен қажеттi құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгiлде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.
6-тарау. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу
және олардан ұстап алу тәртібі
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның қызметінің негізгі бағыттары
1. Орталық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады, оның уәкілетті органын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Орталық:
1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін төлеуді;
2) азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар беруді;
3) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
4) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
5) мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің Орталық есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен төлем құжаттарын табыс етуді;
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 19-бап толықтырылды
19-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртібі
1. Орталықтан зейнетақы төлемдерi өткен ай үшiн төленедi.
2. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағымен және 60-бабымен көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жұмыс iстейтiн зейнеткерлердiң зейнетақыны толық мөлшерiнде алуға құқығы бар.
3. Зейнетақы төлемдерi нотариат куәландырған сенiмхат бойынша төленуi мүмкiн.
20-бап. Өткен уақыт үшiн зейнетақы төлемдерiн алу
1. Есептелген, бірақ алушы талап етпеген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн, бірақ оларды алуға өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.
2. Зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II Заңдарымен (бұр. ред. қара) 21-бап толықтырылды
21-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу
1. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртібімен жасалуы мүмкiн.
2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жасалады.
3. Зейнетақыдан төленуге тиiстi соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 3 бөлімнің және 7 тараудың тақырыбтары өзгертілді (бұр. ред. қара)
3 Бөлім
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және
сақтандыру ұйымдарынан
зейнетақымен қамсыздандыру
7-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан
Зейнетақымен қамсыздандыру
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 22-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара) ;
22-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аударылады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 22-1-бап өзгертілді
22-1-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақьшың он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.
3. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудың тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-2-баппен толықтырылды
22-2-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.
2. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
3. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-3-баппен толықтырылды
22-3-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен жаңа 22-4-баппен толықтырылды; ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 22-4-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара)
22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбір кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бірге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен агентке жіберілетін хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкімі негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүргiзедi.
4. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бір жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-1-баппен толықтырыды
23-1-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-2-баппен толықтырыды
23-2-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
төленетін зейнетақы төлемдері
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 23-3-баппен толықтырыды ; 2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 23-3 бап -өзгертілді ( бұр. ред. қара)
23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың , сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бірiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі.
4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 24-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара)
24-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртібін халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісім бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей табыс етіп отыруға міндетті.
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.
4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
1-1. Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
2. Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.
4. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолы төлем жасайды.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Зейнетақы активтерiн кастодиан-банкте сақтау және есепке алу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi кастодиан-банктерде кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.
2-1. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
4. Кастодиан-банк зейнетақы активтерiн шоғырландыру, оларды орналастыру жөніндегі, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйi және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының бір кастодиан-банкi болуға тиiс.
6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиісті шешімі негізінде кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етіле отырып және зейнетақы активтерін жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсімі аяқталғаннан кейін шартты бұзудың белгіленген күніне дейін жиырма күн мерзімде жинақтаушы қордың талап етуімен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында тиісті жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерін хабардар етеді.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттердің құқықтары мен міндеттері
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тандауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;
6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен аударуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердің қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге құқығы бар.
3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға;
3) міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін агентке табыс етуге;
4) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасьшың Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндетті.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 28-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара)
28-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерiн алушының құқықтары мен мiндеттерi
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық ережелерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртібін;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мен ережелерiн;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат берудi;
5) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аударудың ережелерiн;
5-1) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан-банк туралы мәліметтер беруді;
6) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың, өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақы ережелерiн белгiлейдi.
2. Зейнетақы ережелерін акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.
3. Зейнетақы ережелері жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделеріне қысым жасамауға және оған нұқсан келтірмеуге тиіс.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасатын зейнетақы шарты
1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер мен талаптар қамтылады:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жері және банктiк реквизиттерi;
2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтік жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
3) шарттың мәнi;
4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
5) зейнетақы жарналарын енгізудiң тәртібі мен шарттары;
6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртібі;
8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;
9) шарттың қолданылу мерзiмi;
10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртібі мен ережесi;
11) ерiктi зейнетақы жарналарының немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет болады.
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәліметтер болады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен (бұр. ред. қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң салымшы мен алушының алдындағы мiндеттемелерi бойынша өз мүлкiмен ғана жауапты болады.
2. Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді.
4. Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті.
5. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен осы Заң 7-1-тараумен толықтырылды
7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен
қамсыздандыру
31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін өмір бойы төлейді. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жасалады.
3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентінен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
31-2-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2. Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келісімімен белгіленген мерзімге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерікті.
4. Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитеті шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
6. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екі жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсаған шығыстары шегеріліп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиіс.
31-3-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуға;
3) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бар.
1) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға міндетті.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бір рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитеті шартын үш дана етіп ресімдеуге міндетті, оның екеуі сақтанушыға беріледі;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитеті шартында көзделген сақтандыру төлемдері уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешіктірілген әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде осы Заңда белгіленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған міндеттемелердің орындалуын кешіктірген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге арналған шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.
8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын
ұйымдастыру
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 32-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 32-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
32-бап. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу, осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, үшiн негiз болады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-құқықтық нысаны
Жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерi
Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкiлеттi органмен келісім бойынша, ол белгiлеген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi
1.Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
1-1. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-4. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бірде-бір тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бірде-бір тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
3. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бірдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тiркеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
Рұқсат берудiң шарттары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "жинақтаушы зейнетақы қоры" деген сөздер болуға тиiс.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз атауында "ұлттық", "орталық", "үкiметтiк", "кепiлдiк беретiн", "кепiлдiк берiлген", "сақтық", "сақтандырушы" немесе "сақтандырылған" деген сөздердi қандай тiлде болса да толық және қысқартылған түрiнде пайдалануына тыйым салынады. Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттік" деген сөз қолданыла алады. Атауда салымшының (алушының) пайдасына жасалатын инвестициялардан алынатын кiрiс ставкасының сақтандырылуы немесе оған кепiлдiк берiлуi айтылуға немесе меңзелуге тиiс емес.
3. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайды және (немесе) өзін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 39-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 39-бап жаңа редакция
39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi лицензиялау
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
ҚР 05.04.99 ж. № 364; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық қызметтердi атқару тәртібі
1. Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкiлдiктiң бірiншi басшысы мен бас бухгалтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерi болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорына:
жоғары білімi жоқ;
заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
бұрын сол адамның басшылық еткен кезiнде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған;
белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырмаған адам;
уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам;
Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды.
2-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiнiң кандидатурасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен онымен мiндеттi түрде келісілуге тиiс.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келісімдi:
1) келісім беру негiзiнде дұрыс емес мәлiметтер анықталған;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне байланысты бір жыл iшiнде екi және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны туралы деректердiң болуы;
3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған негiздерде қайта қарауға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, мiндеттерi және қызметiн жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшы мен алушыға кемiнде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1) осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;
2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
4) зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Уәкiлеттi орган қолданатын ықпал ету шаралары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiн қызметтен алу туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
2-1) осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен консервациялауды енгізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айыппұлдар салуға және өндiрiп алуға;
4) лицензияны тоқтата тұруға не қайтарып алуға құқылы.
1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесін және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көрінеу дұрыс емес есептілік пен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
1-3. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
1-4. Лицензияның қодданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жоймауы оны уәкілетті органның қайтарып алуына негіз болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган өздерiне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның iс-әрекетiне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-1-баппен толықтырылды
42-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау ұғымы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әкiмшiлiк, заң, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар кешенiн және жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оған қатысты рәсiмдердi мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағының 3) 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң бірi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектелген мерзiмге (бір жылға дейiн) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктi немесе жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны тағайындауды көздейдi.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкiлеттi органның консервациялауды жүргiзу туралы шешіміне жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерi сот тәртібімен он күн мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Көрсетiлген шешiмге шағымдану жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды тоқтатпайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-2-баппен толықтырылды
42-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы)
1. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) оның қызметкерлерiнiң iшiнен не оның қызметкерлерi болып табылмайтын, осы Заңның 40-бабының 2-тармағында белгiленген ең төменгi талаптарға сай келетiн адамдар iшiнен тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысының және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ еңбекақы төлеу талаптары уәкiлеттi орган мен уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) арасында жасалатын шартта белгiленедi.
3. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорына келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) басшысы мен оның мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен оның мүшелерiне (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) әдеттегi өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-3-баппен толықтырылды
42-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi
1. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервация жүргiзу туралы шешiмi:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауын және оның орналасқан жерiн;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесiн;
3) консервациялауды қолданудың басталуын және мерзiмiн;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне салынған шектеулер тiзбесiн;
5) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамын;
6) консервациялау режиміндегі жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есептi әзiрлеу жөніндегі нұсқаманы, кiрiс туралы декларацияны, меншiктiң бар екендiгi және оның мөлшерi және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынуы туралы мәлiметтердi;
7) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) ұсынымдарын қамтуы тиiс.
2. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорына консервациялау жүргiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-4-баппен толықтырылды
42-4-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңiнде басқару ерекшелiктерi. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi
1. Консервация жасалуы басталысымен және оның мерзiмiнде:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң оны басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры органдарының және оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;
3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі бүкiл өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) көшедi;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның есебiнен уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) мәлiм етпестен және оның жазбаша келісімiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы):
1) осы Заңның 42-5-бабының талаптарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiнде дербес шешiм қабылдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан шарттарға және құжаттарға қол қоюға;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры атынан және оның мүддесiне орай талап қоюға;
4) жұмыстан босату, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша босату, жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерiнiң арасында мiндеттердi бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-5-баппен толықтырылды
42-5-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылау
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыға) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңіндегі iс-шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсынымдар беруге;
2) уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар беруге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) оның қызметi және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы кез келген ақпаратты беруiн талап етуге;
4) жасалған жұмыс туралы уақытша әкiмшiлiктiң жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) есебiн тыңдауға;
5) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
6) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды аяқтау туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптерi уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 42-6-баппен толықтырылды
42-6-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң өтуi;
2) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялауды (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын да) тоқтату жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) белгiлеген барлық шектеулердiң күшiн жоюға әкеп соғады. Бұл жағдайда консервациялау мерзiмi iшiнде құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар, жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органдары және қызметкерлер құрамы күшiнде қалады.
3. Егер жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау оның қаржылық жағдайын оңалтуға және жұмыс сапасының жақсаруына әкеп соқпаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша қызметке берiлген лицензияны қайтарып алуға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша бірiктiру, бөлiп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Pұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешiмi;
жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың көзделiп отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзiмдерiн жазылатын құжаттар;
қайта құру нәтижелерiнiң қаржылық болжамы, соның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құрудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейiнгi есептiк балансы;
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтiнiштi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бір ай iшiнде қарауға тиiс.
2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшін оның атауы өзгерген жағдайда да міндетті болып табылады.
3. Бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегі қызметті және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға мiндеттi.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі және одан да көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтік қордан ашық қор етіп түрiн өзгерткен жағдайда қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндетті.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден бас тарту
Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:
1) қайта құрылатын Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
3) көзделiп отырған қайта барудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Ерiктi және мәжбүрлеп тарату, тарату комиссиясының өкiлеттi осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
5. Тарату комиссиясы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен басқа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының алушылары мен салымшылары тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмдерде басқа жинақтаушы зейнетақы қорын өздiгiнен таңдауға құқылы.
6. Тарату комиссиясы бекітілгеннен кейiн жетi күн мерзiмде тарату балансы мен есебiн уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне табыс етуге мiндеттi.
Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде белгiленген тәртiппен құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
Тиiстi кезектiлiк басталғаннан кейiн кредитордың талабы оның келісімiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың барабарлық принципiн сақтай отырып мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүзеге асырылады.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-1-баппен толықтырылды
45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай iшiнде қарауы тиiс.
Өтiнiшке мына құжаттар:
1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
2) тарату туралы шешiм қабылданған күнге зейнетақы активтерiн бағалау;
3) зейнетақы активтерiн тапсыру мерзiмi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар жоспары және акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзiнiң қызметiн тоқтатуға әзiрлiк жоспары;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның қаражатының жеткiлiктi екенiн куәландыратын баланстық есеп;
5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткізуге тиіс.
Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн iшiнде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын екi мерзiмдiк баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде таратуды аяқтаудың мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-2-баппен толықтырылды
45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп таратудың ерекшелiктерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының керi қайтарылып алынуына;
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны керi қайтарып алуға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi қарайды.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi тағайындайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн тағайындаудың тәртібі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi өз қызметiн уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа табыс етiледi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi атқарған жұмыс туралы есептi сот бекiтедi.
Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясын тағайындау туралы шешiм қабылданған күннен бастан он күннен аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткізу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бір данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бітімгершілік келісім жасауына болмайды.
6. Сот жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы iс қозғаған күннен бастап:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (қатысушылары), жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
2) бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына кез келген талаптары, жинақтаушы зейнетақы қорын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдарының өздерiне тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын иелiктен шығаруына жол берiлмейдi.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау тәртібі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
Тарату тәртібі және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
Сот тарату жөніндегі есептi және тарату балансын бекітіп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.
Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 45-3-баппен толықтырылды
45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорларының таратылу процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
9-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
өз капиталы
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшелiктерi
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы ақшамен төленедi.
4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегінде жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
5. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу туралы өтiнiш берiлген кезде жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық төленуге тиiс.
6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары
1. Комиссиялық сыйақының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi болады.
10-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi
мен есеп берiп отыруы, жинақталған
зейнетақы қаражатының құпиясы
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептiлiк
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп бередi.
2. Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 49-1-баппен толықтырылды
49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргiзедi.
2. Жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепiлдiк бередi.
2. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтерге қол жеткізуге мүмкiндiк алған жинақтаушы зейнетақы қорларының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып саналатын мәлiметтердi жариялауға құқылы емес және оларды жариялағаны үшiн, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
3. Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақылық жарна төлеушi салымшыға, алушыға, алушының Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.
4. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен өзгерiсi туралы анықтамалар:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олар жүргiзiп отырған қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымының негiзiнде олар жүргiзiп отырған iстер бойынша;
3) салық органдарына - тексерiлiп отырған тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша .
4) уәкілетті органға - алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселелер бойынша, не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат негізінде;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiлуi мүмкiн.
5. Алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, олардағы ақшаның қалдықтары мен өзгерістерi туралы анықтамалар алушы қайтыс болған жағдайда өсиетте аталған адамдарға, мұрагерлiк iстер бойынша iс жүргiзушi соттарға, нотариаттық кеңселерге және шетелдiк консулдық мекемелерге берiледi.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерiн басқару
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлік қоғам нысанында құрылады.
1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-5. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртібі мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
1. Атқарушы органның бірiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:
жоғары білімi жоқ;
өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасы уәкiлеттi органмен оның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiп бойынша міндетті түрде келісілуге тиіс.
Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.
4. Уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен беретін тиiстi біліктiлiк куәлiгi болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бір мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
4. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
5. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар, сондай-ақ эмиссиялық болып табылмайтын бағалы қағаздарды сатып алуға шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 56-бап өзгертілді
56-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 57-бап жаңа редакцияда
57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1 Заңымен 58-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 58-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бөлімнің тақырыбы өзгертілді
4 Бөлім
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілердің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және
Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы
мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін
зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:
1) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және ішкі істер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, осы баптьщ 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерді әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II Заңдарымен 61-бап өзгертілді
ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңымен 61-бап жаңа редакцияда
61-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері:
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемінде;
2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін жағдайда толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жыдцарының және еңбек стажының өр жыльгаа шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жыддан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңцарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; ҚР 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есепетеледі.
ҚР 16.11.99 ж. № 482-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; 05.04.99 ж. № 364-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
ҚР 22.12.98 ж. № 328-1; ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; 10.10.01 ж. № 247-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін бюджет қаражаты есебінен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгіленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының тандауы бойынша жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі.
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртібі қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
ҚР 05.04.99 ж. № 364-1; 16.07.01 ж. № 244-II; 29.12.02 ж. № 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қодданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік ертке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қорытынды ережелер
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртібі және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгізу тәртібі
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
|
| Н. Назарбаев |