Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 26 тамыздағы № 803 Қаулысы
(2011.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы қаулының қағидасының 10, 11, 12, 13-тармақтарын қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен 2014 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерге, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау және оны төлеу ережесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 26 тамыздағы
№ 803 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырыбы және мәтініндегі cөздер өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу, біржолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеу
ережесі
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 62-бабына сәйкес кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды. Сондай-ақ осы Ереже біржолғы жәрдемақы тағайындау мен төлеуді айқындайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 2008.01.12 № 1121 (бұр. ред. қара); 2010.21.07. № 748 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға:
Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштеріндегі, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы және осы Достастықтың Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті және келісім-шарттық әскери қызмет. Егер халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшілер мен прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары, аумағында қызмет атқарған тиісті мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептеледі;
бұрынғы КСРО мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдарындағы әскери қызметшілер лауазымындағы, ал 1955 жылдың 1 қазанына дейін - бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдардың тізбесі бойынша жедел, басшы және бастықтар құрамындағы лауазымдағы, ал басқа лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап; 1955 жылдың 1 қазанынан бастап әскери қызметшілер лауазымындағы қызмет;
прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы, оның ішінде бұрынғы КСРО мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі офицерлік, сержанттық, басшы және қатардағы құрамының лауазымдарындағы (оның ішінде тағлымгерлік лауазымдарындағы) қызмет - лауазымға тағайындалған күнінен бастап;
әскери-құрылыс отрядтарындағы (бөлімдеріндегі) әскери құрылысшы ретіндегі қызмет;
Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери қызметте немесе прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі және бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарында қалдыру арқылы жіберген жағдайда өкілді және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген уақыт;
Қазақстан Республикасының қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу ұйымдарында ұшу құрамының запастағы офицерлеріне оқып әскери қызметке шақырылған адамдардың нақты ұшу даярлығында болған уақыты - 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
негізсіз қылмыстық жауапқа тартылған, негізсіз репрессияланған, күшпен жер аударылған және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
олар прокурорлар, штаттағы анықтаушылар және тергеу қызметкерлері ретінде прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі ұлттық қауіпсіздік сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарына қызметке ауысқан жағдайда сот органдарында жұмыс істеген уақыты;
Кеден органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы, ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, құқық қорғау органдарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен азаматтық қызметшілер лауазымындағы, әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі.
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің құрамында Украинаның, Белоруссияның, Латвияның, Литваның және Эстонияның аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөніндегі әскери операцияларға қатысқан уақыты;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларындағы, халық жасақтары бөлімдеріндегі қызмет;
егер тұтқынға түсу ерікті болмаса және әскери қызметші тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты;
қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның ішіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі жұмыс стажы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы есепке алатын әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы
Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әскери қызметтегі жағдайдың шекті жасына жеткенге дейін қызметтен негізсіз босатылған, ал кейін денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеу болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды тұлғаларының, Бас прокурордың шешімі бойынша босату заңсыз деп табылуына байланысты қызметі қалпына келтірілген офицерлердің, прапорщиктердің, мичмандардың және мерзімінен тыс қызмет әскери қызметшілерінің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына, олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептелуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 11.06.02 ж. № 632; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 2008.12.09 № 850 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті жағдайларда:
1) майдандағы армияның айыптық бөлімдерінің тұрақты құрамындағы бір ай қызмет алты айға есептеледі;
2) майдандағы армияның, құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде, партизан отрядтарында және халық жасағы құрамаларындағы әскери қимылдар кезеңіндегі;
Ұлты Отан соғысы кезеңінде батыр қалаларда: Одессада - 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін, Ленинградта - 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін, Севастопольде - 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеге дейін, Сталинградта 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін майдандағы армияның құрамына кірмейтін әскери бөлімдердегі, штабтардағы және мекемелердегі, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы;
майдандағы армияның құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде алған жараның, контузияның, зақымданудың және науқастанудың салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыты;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөніндегі жауынгерлік операцияларындағы, ал осы операцияларда жарақат, контузия алып немесе мертіккен жағдайда емдеу мекемелерінде үзіліссіз жатқан уақыты;
1950 жылғы қарашадан 1953 жылғы шілдеге дейін ұрыс қимылдарына қатысқан 64-ші истребительдік авиация корпусының құрамында болуы;
әскери қызметшілер ұрыс қимылдарына қатысқан төмендегідей басқа елдердің аумағында болған әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде: 1956 жылдың 24 қазанынан 10 қарашасына дейін Венгрияда, 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шілдесіне дейін Солтүстік Кореяда (оның ішінде аумағында Солтүстік Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан совет әскери бөлімдері мен бөлімшелері орналасқан ҚХР-да), 1962 жылдан 1964 жылға дейін - Алжирде, 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 наурызына дейін, 1967 жылдың маусымында, 1968 жылы, 1969 жылдың наурызынан 1972 жылдың шілдесіне дейін, 1973 жылдың 5 қазанынан 1974 жылдың 31 наурызына дейін, 1974 маусымынан 1975 жылдың ақпанына дейін - Біріккен Араб Республикасында (Египет), 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 1967 жылдың қарашасынан 1969 жылдың желтоқсанына дейін - Иемен Араб Республикасында, 1961 жылдың қаңтарынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін - Вьетнамда, 1967 жылдың маусымында, 1970 жылдың наурызынан шілдесіне дейін, 1972 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін, 1973 жылдың қазанында - Сирияда, 1967-1969 жылдары, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейін Мозамбикте, 1977 жылдың 9 желтоқсанынан 1979 жылдың 30 қарашасына дейін - Эфиопияда, 1972-1973 жылдары - Бангладеш Халықтық Республикасында (ӘТФ кемелері мен қосалқы кемелерінің жеке құрамы үшін), 1970 жылдың сәуірінен жолтоқсанына дейін - Комбоджада, 1924 жылдың тамызынан 1927 жылдың шілдесіне дейін, 1937 жылдың шілдесінен 1944 жылдың қыркүйегіне дейін, 1945 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін, 1946 жылдың наурызынан 1949 жылдың сәуіріне дейін, 1950 жылдың наурызынан мамырына дейін (ӘҚҚ әскерлері тобы үшін, Шанхай қаласы ауданы), 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шілдесіне дейін - Қытайда, 1960 жылдың қаңтарынан 1963 жылдың желтоқсанына дейін, 1964 жылдың тамызынан 1968 жылдың қарашасына дейін, 1969 жылдың қарашасынан 1970 жылдың желтоқсанына дейін Лаоста, 1979 жылдың 22 сәуірінен 1989 жылдың 15 ақпанына дейін Ауғанстанда, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейін Анголада, 1982 жылғы маусымда - Сирияда, 1982 жылғы маусымда Ливанда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертіккен әскери қызметшілерге емдеу мекемелерінде үзіліссіз емделуде болған уақыты;
1993 жылғы 5 шілдеден бастап ТМД елдері сыртқы шекараларының Тәжік-Ауған учаскесін күшейту жөніндегі міндеттерді орындаушыларға;
Даман аралындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы наурыз;
Жалаңашкөл ауданындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы тамыз;
әскерлері ұрыс қимылдарын жүргізген елдердегі немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегі - осы елдерге 1961 жылдың 1 қаңтарынан 1982 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде іссапарына жіберілген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңдегі Семей ядролық полигонына іргелес аудандарындағы қызметі;
1986 жылдың 26 сәуірінен 1987 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-дегі аварияның зардаптарын жоюымен және адамдар көшірілген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары көшірілген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбауға байланысты жұмыстардағы;
негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылып, негізсіз репрессияланған, күштеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
3-тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген жеңілдіктер жағдайында бұрынғы КСРО-ның Қарулы Күштері Бас Штабының тізбесіне сәйкес енген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметшілердің мына кезең аралығындағы қызметі зейнетақы тағайындау үшін қызмет еткен жылдарына есептеледі:
фашистік Германиямен және оның одақтастарымен Ұлы Отан соғысында:
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 9 (11) мамырына;
империалистік Жапониямен - 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйекке дейінгі бір ай қызмет үш айға есептеледі;
3) төмендегі қызметтің бір айы екі айға есептеледі:
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскердің құрамына енбеген әскери бөлімдеріндегі, штабтар мен мекемелердегі, ішкі істер және мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы (осы тармақтың бесінші және жетінші абзацтарында көрсетілген жағдайлардан басқа);
егер әскери қызметші өз еркімен тұтқынға түспесе және тұтқында жүріп Отанына қарсы қылмыс жасамаса әскери қызметшілердің, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде тұтқында болған уақыты;
тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, Республикалық ұланның қолбасшысы және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі белгілеген шарттармен реактивтік және трубовинттік авиациядағы ұшу жұмысындағы;
армиялары ұрыс қимылдарын жүргізген елдерде немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен - осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге (ұшқыштар құрамынан басқа) іс сапарларына мамандар ретінде жіберілгендерге, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
теңіз деңгейінен 2500 метр және одан да биік таулы жерлерде: әскери қызметшілер үшін - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1985 жылдың 1 мамырынан бастап;
су асты сүңгуір қайықтарда - осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, ішкі істер министрі белгілеген шарттармен 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болу жағдайында жұмыс атқаратын сүңгігіштер лауазымдағыларға;
алапес және оба ауруларына қарсы мекемелеріндегі, иммунитет тапшылығы вирустарын жұқтырғандарды немесе СПИД-ке шалдыққандарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі қызметтерде;
4) төмендегі қызметтің бір айы бір жарым айға есептеледі:
мемлекеттік органдардың шешімдеріне сәйкес құрылған арнаулы әскери құрамалардағы қызметі;
тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, ішкі істер министрі белгілеген шарттармен авиациядағы ұшу жұмысындағы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен мерзімдерде су бетіндегі атом кемелеріндегі;
сүңгуір қайықтарында - олар сапта болған кезеңдегі;
әскери миналарды сүзіп алу кезінде мина сүзуші кемелердегі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген шарттармен 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап сапта болған сүңгуір қайықтар құрамаларының басқармаларындағы және әскери минералды сүзу кезінде мина сүзуші кемелер құрамындағы;
барлық атаулар мен мамандардағы сүңгігіштер лауазымдарындағы (осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген сүңгігіштерден басқа);
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы белгілеген жылдық нормаларды орындау кезінде міндеттерін орындау жүйелі түрде парашютпен секірумен байланысты лауазымдардағы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі және Әділет министрі белгілеген шарттарда бөлімшелердің, лауазымдардың тізбелері бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі әскерлердің, ішкі істер және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде;
Ресей Федерациясы мен Орта Азия Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер белгілеген жекелеген жерлеріндегі;
осы бөлімде көрсетілген мерзімдер ескеріле отырып Қазақстанның осы Ережеге 1-қосымшада аталған ауа-райы жағдайы қиын жерлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарында;
заставалардағы, постылардағы, комендатуралардағы, БЖП-і бөлімшелеріндегі, ауысымдары бар маневрлік топтардағы кемелер мен катерлердегі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен тізбе бойынша, 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап шекара әскерлерінің басқа да бөлімшелеріндегі; ал аталған күнге дейін - заставалардағы, комендатуралардағы және бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік шекарасында орналасқан шекаралық әскерлердің оларға теңестірілген бөлімшелеріндегі, егер еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы үшін қызмет еткен жылдарын есептегенде осы жерлерде атқарған қызметін есептеудің бұдан да жеңілдікті жағдайы белгіленбесе, аталған жерлерде сапта болған және мемлекеттік шекараны тікелей қорғаған теңіздегі шекаралық кемелер мен катерлердегі;
1968 жылғы 22 қарашадан бастап сапта болған, бұрынғы КСРО дизельді-электр сүңгуір қайықтардың екінші экипаждарының құрамындағы;
Мурманск облысында болған кезінде корабльдер мен кемелерді Солтүстік теңіз жолымен орнын ауыстыру жөніндегі ерекше мақсаттағы экспедицияның құрамында болып, экспедиция аяқталғаннан кейін баруға тиісті портқа және тұрақты қызмет орындарына оралғанда - 1971 жылғы 22 қазаннан бастап;
теңіз деңгейінен 1500 метр және одан да жоғары биік таулы жерлердегі (2500 метр және одан да жоғары биік жерлердегі қызметтен басқасы): әскери қызметшілер үшін - 1973 жылғы 1 сәуірден бастап, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы адамдары үшін - 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;
теңіз деңгейінен 1000 метрден 1500 метрге дейін биік таулы аймақтарда, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті), Әділет министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен тізбеге сәйкес, әскери бөлімдер мен мекемелерде 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
1974 жылдың 8 шідеден бастап Байкал-Амур темір жол магистралі мен БАМ-Тында-Беркакит темір жолы бағытындағы құрылыста және қызмет көрсетуде болған (құрылыс жүрген кезеңдегі) бұрынғы КСРО темір жол және ішкі әскерлердің әскери бөлімдеріндегі, ішкі істер органдарындағы;
1975 жылғы 10 мамырынан бастап Байкал-Амур темір жолы магистралінің Шимановская стансасындағы құрылыс индустрия кәсіпорындарының кешені құрылысында болған бұрынғы КСРО темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі;
1975 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын Байкал-Амур темір жолы магистралында, БАМ-Тында-Беркакит темір жол желісінде құрылысқа қызмет көрсетумен шұғылданған бұрынғы КСРО қауіпсіздік органдарындағы;
бұрынғы КСРО Байланыс министрлігіне берілген және 1976 жылғы 29 шілдеден бастап Байкал-Амур темір жолы магистралі трассасының бойымен радиорелелік байланыс желілерінің құрылысында болған әскери бөлімдер мен әскери-құрылыс отрядтарындағы;
1977 жылғы 4 шілдеден бастап Тюмень облысы Ханты-Мансы автономиялық округінің аумағындағы Сургут-Уренгой темір жол желісі учаскесінің құрылысында болған бұрынғы КСРО темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріндегі;
1979 жылғы 23 тамыздан бастап Байкал-Амур темір жолы құрылысында болған КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі, құрамаларындағы, кәсіпорындары мен ұйымдарындағы;
1980 жылдың 28 ақпанынан бастап бұрынғы КСРО-ның бұрын Байкал-Амур теміржол магистралі жасанды құрылыстарының күзетінде және бұрын көрсетілген магистралдің маңайындағы аудандардың мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет атқарған ішкі істер әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдеріндегі;
1980 жылғы 1 қаңтардан бастап қорғаныстық тұғырлар құрылыстарының, жауынгерлік есептемелер құрамында, нығайтылған аудандарында жауынгерлік кезекшіліктерін атқарып жүрген (атқарған) әскери қызметшілерге;
1988 жылғы 1 қаңтардан 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюмен және халқы көшірілген аймақтағы (1986 жылы халық көшірілген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
1963 жылғы 6 шілдеден 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандардағы қызметі;
1988 жылғы 1 сәуірден бастап Ресей Федерациясының қара топырақты емес аймағында автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстарында жол-құрылыс бөлімдеріндегі және оларды қамтамасыз етуші бөлімдерде болған;
тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, ішкі істер министрі, Әділет министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілеген, жаппай қоғамға қарсы, қылықтарға байланысты төтенше жағдайларда қоғамдық тәртіпті қорғау мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезеңдеріндегі әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі, құрамаларындағы ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы қызметі;
әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, органдарындағы және кәсіпорындарындағы қызмет;
ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі.
4. Майдандағы армияның әскери бөлімдерінің, штабтары мен мекемелерінің әскери қызметшілеріне, ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңдерінде тұтқында болған әскери қызметшілерге, Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандарда қызмет атқарған немесе негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылған не қуғын-сүргінге ұшыраған әскери қызметшілерге көзделген еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті жағдайда есептеуге жататын кезеңдерден басқа, міндетті қысқа мерзімді әскери қызметі күнтізбелік есептеу бойынша зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына қосылады.
5. Әскери қызметте келісім-шарт бойынша болған әскери қызметшілерге, әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар қатарына ерікті түрде қабылданған әйелдерге осы Ереженің 3-тармағының 4-тармақшасының үшінші және төртінші абзацында көрсетілген қызмет кезеңдері тиісті жеңілдікпен зейнетақы тағайындау үшін олардың еңбек сіңірген жылдарына 1976 жылғы 5 тамызынан бастап қана қосылады.
6. Әскери қарсы барлау бөлімі офицерлерінің, прапорщиктерінің, мичмандарының және мерзімінен тыс қызмет әскери қызметшілерінің қызмет көрсететін әскери бөлімдер мен құрамалардың жеке құрамымен бірдей жағдайда қызмет атқарған қызметі зейнетақы тағайындау үшін осы әскери бөлімдер мен құрамалардың әскери қызметшілері секілді осындай жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
7. Қызметтің сол бір кезеңіне жеңілдікті жағдайларда зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарына есептеу үшін екі және одан көп негіздемелер болған кезде еңбек сіңірген жылдары неғұрлым көбірек жеңілдік беретін бір негіздеме бойынша есептеледі.
8. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейінгі, бұрынғы қолданылған заңдарға сәйкес есептелген зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сіңірген жылдар қайта қарауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына олар запаста болған кезде, кезекті әскери және арнаулы атақ беру бұрынғы тағайындалған зейнетақыны қайта қарауға негіз болып саналмайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Қызметтен босайтын әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарына, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төмендегідей тәртіп пен көлемде біржолғы жәрдемақы төленеді;
10 жылдан аспайтын еңбек сіңірген жылдары және ауруы бойынша, денсаулығының нашарлауына және штаттың қысқаруына байланысты босағандарға - ақша түріндегі 4 айлық жалақысы;
қызмет еткен жылдары 10 жылдан астам еңбек сіңірген жылдары барларға - «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
Әскери қызметшінің немесе басшы және қатардағы құрамның абыройына нұқсан келтіретін қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты (оның ішінде шартты сотталуына байланысты) қызметінен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне, басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бір жолғы жәрдемақы төленбейді. Сондай-ақ, прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке ауысына байланысты міндетті әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының осы органдардан міндетті әскери қызметке не Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына есепке алынған басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына міндетті әскери қызметке не прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке ауысуына байланысты есепке алынған Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, органдарының басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейді.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Жасына, штаттың қысқаруына, науқастығына байланысты немесе денсаулық жағдайы зейнетақы алу құқығынсыз шектелуіне байланысты босаған (осы тармақтың екінші азатжолында көрсетілгеннен басқа) офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамы адамдарына босаған кезде төленетін біржолғы жәрдемақымен қоса, қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойында әскери немесе арнаулы атағына, сыныптық шеніне берілетін жалақы сақталады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзімнің ішінде қызметтегі әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының басшы құрамы адамдарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы өсірілсе, тиісінше қызметтен босағандарына бір жыл толғанша офицерлерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарына төленетін осы жалақылардың көлемі өседі.
Қызметтен босар алдында Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және босағаннан соң бұрынғы жұмысында қалған офицерлерге, және ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына, сондай-ақ міндетті әскери қызметке 2-3 жылға қызметке шақырылған офицерлерге қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойына әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша жалақы төленбейді.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 03.08.04 ж. № 826 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Осы Ереженің 10-тармағында көзделген біржолғы жәрдемақы:
офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдарының адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша төленетін жалақыларынан;
мерзімінен тыс қызметтегі, келісім-шарт бойынша қызметтегі прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының кіші басшы және қатардағы құрамындағы адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша төленген жалақысынан, ал әскери және арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша жалақы алмайтындарға - қызметтен босаған күнгі атқарған лауазымы бойынша төленген лауазымдық жалақысынан;
әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін лауазымдық жалақыдан қолданыстағы жалақы (қосымша ақы) мөлшеріне сәйкес келетін әскери немесе арнаулы атақ, сыныптық шен алуға құқықтары жойылғанға дейін берілген әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша жалақы (қосымша ақы) бойынша есептелсін.
Кеден органдарын қоспағанда, біржолғы жәрдемақы төленіп және әскери (арнаулы атақ) немесе сыныптық шен беріліп қызметке жаңадан алынған әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға кейіннен қызметтен босатылғанда біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау үшін біржолғы жәрдемақы төлемі жүргізілмеген қызмет кезеңі қабылданады.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура органдарының, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, қатардағы және басшы құрамы адамдарының қатарынан қайтыс болған зейнеткерлердің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын жәрдемақыға қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне - оның қайтыс болған күніне дейінгі төленген асыраушының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген бір жолғы жәрдемақының мөлшерін белгілеу кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына - жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); 18 жасқа толмаған немесе, егер олар 18 жасқа толғанға дейін асыраушысы қайтыс болған кезде мүгедек болған болса, немесе оқу орнында оқыса және 23 жасқа толмаса одан ересек балалары; қайтыс болған адамның асырауындағы, заңдарда белгіленген зейнетақылық жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-аналары кіреді.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулылаларымен тақырып өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 (бұр. ред. қара); 2008.18.11 № 1068 (бұр.ред.қара) қаулысымен тақырып және мәтініндегі cөздер өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлердің тізбесі
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметтің бір айы екі айға - жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлер:
Куриль аралдарында және Беринг теңізі аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
Охот теңізі аралдарында: әскери қызметшілер үшін - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Моржовец аралында: әскери қызметшілер және ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары басшы құрамындағы адамдар үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Солтүстік Мұзды мұхит аралдарында әскери қызметшілер үшін 1954 жылғы 30 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Архангельск облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ненецк автономиялы округінің жерлерінде: әскери қызметшілер және ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Коми Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарайғы жерлерде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Тюмень облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ямал-ненецк автономиялы округінің жерлерінде, халық депутаттары Салехард Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Салехард қаласында: әскери қызметшілер, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесінде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялы округінде, Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Эвенк автономиялы округі және Турухан ауданының жерлерінде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Якутия Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарайғы жерлерде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Магадан облысында - Чукот автономиялық округінде және бұрын Камчатка облысының Краснояр автономиялы округінің құрамына кірген Солтүстік-Эвенк ауданының аумақтарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен, Магадан облысының қалған аумақтарында: әскери қызметшілер үшін 1949 жылғы 25 маусымнан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан;
Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйекте;
Хабаров өлкесінде - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметтің бір айы бір жарым айға қызметті жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлер:
Қазақстан Республикасы
Ақмола облысында - Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есіл, Жақсы 1 аудандарында, Сілеті селолық округінде 2 және Степногор қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- Ақтөбе облысында - Байғанин және Мұғалжар 3 аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Ескерту.
1 Державин, Есіл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген
2 Сілеті селолық округі бұрынғы Сілеті ауданының аумағына кірген
3 Мұғаджар ауданы Мұғаджар ауданы болып қайта аталады.
Алматы облысында - Жамбыл, іле (бұрынғы Күрті селолық округін қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ (Шелек округін қоспағанда), Райымбек 1, Алакөл (Үйгентас селолық округін қоспағанда) аудандарында, Кербұлақ ауданының Гвардейский қалалық үлгідегі поселкесінде, Көксу 2, Сарқант 3; Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелі қаласында және Ақсу селосында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қапшағай, Қаскелең, Балқаш, Кербұлақ аудандарында, іле ауданының Күрті селолық округінде, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Атырау облысында - Махамбет ауданында 4 - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Шығыс Қазақстан облысында - Қатонқарағай, Күршім 5 аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Аягөз, Жарма 6, Зайсан, Тарбағатай 7 аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы селолық округінде, Семей қаласында және Курчатов қаласында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Жамбыл облысында - Қордай 8. Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Талас, Байзақ 9 және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Батыс Қазақстан облысында - Жангелдин және Орда аудандарында, сондай-ақ Теректі 10 ауданының Тайпақ селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қарағанды облысында 11 - Абай ауданында 12, Шет ауданының Ағадыр селолық округінде, Ұлытау ауданының Жезді селолық округінде, қаражал қаласында және Жәйрем поселкесінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра 13, Шет, Ұлытау аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Балқаш, Жаңаарқа, Қаражал, Жезқазған аудандарында), Сәтпаев және Жезқазған қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қарқаралы 14 ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Ескерту.
1. Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кіреді.
2. Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейский аудандары тиісінше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталады.
3 Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлітөбе ауданы аумағының бір бөлігі кіреді.
4. Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кіреді.
5. Күршім ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл аумағының аумағы кіреді.
6 Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кіреді.
7. Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кіреді.
8. Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кіреді.
9. Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталған.
10. Теректі ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кіреді.
11. Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кіреді.
12. Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
13. Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжың және Теңіз аудандарының аумағы кіреді.
14. Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егіндібұлақ ауданы Болып Қазыбек би ауданының аумағы кіреді.
Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қызылорда облысында - Шиелі ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Павлодар облысында - Май және Лебяжі ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстік Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Оңтүстік Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округінен басқа) аудандарында және Түркістан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Байқоңыр қаласында және «Байқоңыр» ғарыш айлағына іргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Ресей Федерациясы
Мурманск облысында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуірден; милицияның жеке құрамы үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш 1, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск 2, Пинежск, Онежк, Плесецк, Приморск, Соловецкий 2 және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберінің оңтүстігіне қарай Ненец автономиялық округі жерлерінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шілдеден бастап;
Ескерту.
1. Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлінген.
2. Новодвинский және Соловецкий аудандары Приморский ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округінде (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алтай өлкесінде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улағанск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскі аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошейнский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесінде 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесінде - Поляр шеңберінің оңтүстігіне Эвенк автономиялы округі мен Турухан ауданы жерлерінде, Солтүстік-Енисей ауданында: әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Приморск өлкесінде - Самарги өзенінен солтүстікке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Хабаровск өлкесінде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
Қырғызстан Республикасы
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетіөгіз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тәжікстан Республикасы
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилікөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван поселкесінде; Ленинабад облысы Чкалов халық депутаттары қалалық Кеңесінің Табошар поселкесінде; халық депутаттары Нүрек қалалық Кеңесінің Пастакон поселкесінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).
Түркіменстан Республикасы
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және халық депутаттарының Чарджоу қалалық Кеңесінің Нефтазаводск поселкесінде, Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Қаах, Серах және Теджен аудандарында, Ашғабат облысындағы Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұғаб, Тахта-Базар аудандарында, Мары облысындағы Байрам-Әли және Мары қалаларында (Ашғабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Өзбекстан Республикасы
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесінің поселкелерін және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесінің Көкпетас поселкесінде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Қазақстан Республикасының, Түркіменстан Республикасының және Әзірбайжан Республикасының әкімшілік бағыныстарындағы Арал теңізінің, сондай-ақ Каспий теңізінің аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырып өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Кеден органдарын қоспағанда, қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін офицерлер құрамындағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандар мен мерзімінен тыс қызметтің әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамы адамдарының, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың
тізбесі
1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс қызметтің әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына байланысты есептелсін:
бір айы бір жарым айға:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікелей қосындық қызмет атқаратын жедел құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет атқаратындарға;
барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейтін шарттар мен мерзімдердегі бөлімшелер мен лауазымдар тізбесі бойынша.
2. Осы Ереженің 3-ші тармағында көрсетілген қызмет кезеңдерінен басқа, офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін қызмет еңбек сіңірген жылдарына бір айы екі айға, сондай-ақ мына қызметі:
атом суасты қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғыларымен жабдықталған дизельді суасты қайықтарында және арнайы энергетикалық қондырғылары бар суасты қайықтарында (оның ішінде екінші экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерінің және атом сүңгуір қайықтары экипаждарының құрамында).
Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлеріндегі, атом суасты қайықтарындағы және дизельді суасты қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшілерге - суасты крейсерінің (қайықтың) 1 реактор жұмысының басталуынан есептеледі. Тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельді суасты қайықтарындағы қызметі олардың сапта болған кезеңінен жеңілдікті жағдайда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда зауытта жүру сынағынан бастап есептеледі. Атом суасты крейсерлеріне (екінші экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің айрықша бөлімдері офицерлерінің қызметі 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңілдікті жағдайларда есептеледі;
Ескерту.
1. Егер әскери қызметші оқу орталығында оқығаннан кейін реакторды жүргізілмеген атом крейсерінде немесе атом сүңгуір қайығында қызмет етуге жіберген болса бұл корабльдердегі қызметтің кезеңі реактор жұмыс істеген күннен бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарға есептеледі
ауыр атомдық суасты крейсерлерінің техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлік және үлкен атомдық суасты қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшін - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледі. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлеріне, крейсерлік атом және үлкен атомдық суасты қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететін техникалық экипаждар құрамындағы қызмет еңбек сіңірген жылдарына корабль (станса) реакторы жұмыс істей бастаған күннен бұрын емес жеңілдікті жағдайда есептеледі, ал 705-ші жобадағы атом суасты қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледі.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ереженің 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерінен басқа, ішкі істер, қаржы полициясы, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдік жағдайлар:
1) қызметінің бір айы бір жарым айға: ішкі істер органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап:
2) қызметінің бір айы 1,25 айға:
ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 26 тамыздағы
№ 803 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдары мен олардың отбасыларына қызмет өткерген жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы № 429 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы № 429 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қарашадағы № 1258 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 18, 153-бап).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-бап).