Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Заңы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
8-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі
13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту және көбейту
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
22-2-бап. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі
23-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындаудың ерекше шарттары
24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi
27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi
28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi
30-бап. Дауларды қараудың тәртібі
32-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың халықаралық жүйелері
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) анықтық факторы - сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқордың пайдаланылатын деректеріне сенімділік дәрежесін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін қажетті коэффициент;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «бонус-малус» жүйесі - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде тиісті сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен онда сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай сақтанушыға (сақтандырылушыға) арттыратын немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жәбірленуші - көлік құралын пайдалану салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген адам;
4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға (оның ішінде жол-көлік оқиғасы), сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу - көлік оқиғасы туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда ресімдеу;
10) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
11) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі - көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда сақтандыру жағдайын реттеу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
12) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) сақтандыру төлемі - сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
15) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
16) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
17) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
18) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) таргеттелетін шығындылық - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша шығындылықтың нысаналы көрсеткішін сипаттайтын, түзету коэффициенттерін есептеу үшін пайдаланылатын коэффициент;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19) тiкелей реттеу - көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы осы Заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде өтеуді жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетiгi.
2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi
Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады.
4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi
1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету;
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын көлік құралының иесі жасасқан кезде көлік құралын пайдалану;
тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады.
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мынадай көлiк құралдары:
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдері, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк пен олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы;
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз бетінше жүргізіліп әкелінетін, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі көлік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруіне немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты тіркеуден шығарған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қозғалыста деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспайды.
5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды.
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу және жол жүрісі қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралын пайдалануға жол бермеу
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға жол берілмейді.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді көлік құралдары иелерінің орындауын тексеруге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын, міндетті сақтандырудың көрсетілген түрі бойынша лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы шартты жасасатын жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымын қоспағанда, жасасуға міндетті.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе болғызбауға, бір сақтандырушылардың екінші сақтандырушыларға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негізсіз артықшылықтарды беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
3. Көлік құралдарының иелері басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарттарын, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы, бұл жағдайда осы сақтандыру көлік құралдарының иелерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ғана сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етеді.
8-1. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-3-бап. 2010.15.07. № 338-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көлік оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдеріне, сондай-ақ сұрау салуы бойынша сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру омбудсманына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың белгілері бар оқиғаның басталу фактісін растайтын құжаттардың бір-бір данасын, оның ішінде жол оқиғасының схемасымен қоса, жол жүрісі қағидаларының бұзылуы туралы хаттаманың көшірмесін береді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көлік оқиғасы және оның салдары туралы ақпарат қолында бар ішкі істер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнің көлік оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыға осы көлiк оқиғасы туралы хабар беруді жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5. Көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы ақпарат алу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
Пайда алушыны айқындау және өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын мәліметтерге қолжетімділік беру мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай ақпараты бар базаны иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік органның дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратты осы көлік оқиғасына қатысушымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға жібереді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Кеден ісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету саласындағы уәкілетті органдар және өзге де мемлекеттік органдар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ақпарат алмасу жүйесі арқылы ұсынады.
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) стандартты;
2) кешендi.
2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының өтініші негіз болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Сақтанушының қалауы бойынша көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркелуге жататын) көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыста жоқ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-2-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 54-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Сақтандыру полисiне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
7. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi жеке тұлға бiржолғы төлеммен жүргiзедi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды; 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)10-тармақ жаңа редакцияда
10. Міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу аталған жерлерде қаржылық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сақтандыру компанияларының агенттік көрсетілетін қызметтерін ұсынатын ұйыммен ғана жүзеге асырылады.
1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Стандартты шарт пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кешенді шарт барлық пайдаланылатын көлік құралдарына жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш беру және көлік оқиғасының жасалғаны туралы хабардар ету, келтірілген зиянның мөлшерін айқындау, мұндай шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан, пайда алушыдан) мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (көлік оқиғасының) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтанушы - заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.
5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екi ай мерзiмге жасасылады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық қозғалыстағы көлік құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде;
2) жеке немесе заңды тұлғада көлік құралын иелену құқығы пайда болған кезде, бірақ осы көлік құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4 тармақ жаңа редакцияда
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзiмге:
1) көлiк құралын маусымдық, бiрақ кемiнде алты ай пайдаланған кезде;
2) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлiк құралының мемлекеттік тiркелуiнiң алдындағы мерзiмге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге;
4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол берiледi.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде, сақтандырушы бұл туралы бір жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға хабарлайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлiгiн ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС*n / N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап өтiнiш берiлген күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);
N - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талап сақталмаған кезде сақтандырушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
Р/с № | Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезге дейін өткен мерзім (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзімнен пайызбен) | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлық ақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 4-ке дейін (4-ті қоспағанда) | 15 |
2 | 4-тен 8-ге дейін (8-ді қоспағанда) | 20 |
3 | 8-ден 17-ге дейін (17-ні қоспағанда) | 30 |
4 | 17-ден 25-ке дейін (25-ті қоспағанда) | 40 |
5 | 25-тен 33-ке дейін (33-ті қоспағанда) | 50 |
6 | 33-тен 42-ге дейін (42-ні қоспағанда) | 60 |
7 | 42-ден 50-ге дейін (50-ді қоспағанда) | 70 |
8 | 50-ден 58-ге дейін (58-ді қоспағанда) | 75 |
9 | 58-ден 67-ге дейін (67-ні қоспағанда) | 80 |
10 | 67-ден 75-ке дейін (75-ті қоспағанда) | 85 |
11 | 75-тен 83-ке дейін (83-ті қоспағанда) | 90 |
12 | 83-тен 92-ге дейін (92-ні қоспағанда) | 95 |
13 | 92 және одан жоғары | 100 |
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың талаптарын, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және ол бойынша сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратуға (сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) бойынша мәліметтерді сұрату бөлігіндегі осы құқық пайда алушыға да қолданылады);
3) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиянның және сақтандырушы, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырған сақтандыру төлемінің мөлшерлерін айқындау нәтижелерімен танысуға;
4) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
7) сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтанушы:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілетін әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәліметтерді және өтінішке енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген тәртіппен ұсынуға;»;
2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көлік оқиғасының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап дереу, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыны жазбаша нысанда (қолма-қол не электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы) хабардар етуге міндетті. Сақтанушы мен сақтандырылушы сол бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда, онда сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар беру жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелді себептермен көрсетілген әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиіс;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) көлік оқиғасын жасаған кезде жәбірленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлеріне көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға;
5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;
7) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген міндеттері көлік оқиғасы болған кезде көлік құралын тікелей жүргізген адамға жүктеледі.
17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушы:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес осындай шартқа енгізу үшін қажетті мәліметтер ұсынуды талап етуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретін негізге ала отырып, сақтандыру жағдайының басталу (көлік оқиғасының жасалу) фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;
4) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;
3) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде жасалған көлік оқиғасы туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;»;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) жәбірленушінің немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлғаның жазбаша өтінішін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) жазбаша ұсынуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен, сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініші бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне есептеу жүргізуге және зиянның мөлшері туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы талаппен жазбаша нысанда өтініш жасалған кезде, осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиянның өтемін жүргізуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындаған дауды қарауға өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды
7-3) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-4) осы Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты алған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайын реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;
8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; 9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбiрленушi:
1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;
3) 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) кез келген медициналық мекеменiң қызметiн пайдалануға;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандыру төлемінің нәтижелерiмен танысуға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілуіне кінәлі тұлғаның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен осы тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар екендігі туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) растау туралы жазбаша өтініш жасауға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-2) сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілуіне кінәлі тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар не жоқ екендігі туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) ұсыну туралы жазбаша өтініш жасауға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 26-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемiн алуға, сондай-ақ келтірілген зиянды өтетуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы не сақтандырушы, оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
18-1-бап. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлiк құралының тiркелген жерiне, көлiк құралының түрiне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргiзу стажына, көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған адамдардың кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесi) осы баптың 3-10-тармақтарында белгiленген коэффициенттер қолданылады.
Осы Заңда көзделмеген өзге негiздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе ұлғайтуға жол берiлмейдi.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Түркістан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
13. | Атырау облысы | 2,69 |
14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15. | Алматы | 2,96 |
16. | Астана | 2,2 |
17 | Шымкент | 1,01 |
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін түзету коэффициенттері қосымша қолданылады.
Түзету коэффициенттерін есептеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, көлік құралын тіркеу аумағы бойынша шығындылық көрсеткіштерін, таргеттелетін шығындылық пен анықтық факторын ескере отырып, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жүргізеді.
Таргеттелетін шығындылықты, анықтық факторын және түзету коэффициенттерін уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Таргеттелетін шығындылықтың мәні алпыс пайыздан сексен пайызға дейінгі диапазонда болуға тиіс.
Сақтандырушы түзету коэффициенттерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген мәндердің он пайызынан асырмай ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.»;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
6. Көлiк құралының түрi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының түрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жеңіл автомобильдер | «В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | «С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | «А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | «Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары | 1,00 |
7. Жеке тұлғалар үшiн жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
8. Заңды тұлғалар үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерiнде белгiленедi.
9. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
2. | 7 жылдан жоғары | 1,10 |
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. «Бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
11 - 13. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС*n / N, мұнда:
СС - он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
ЖСС - жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi (күнмен);
N - 365 күн (кiбiсе жылы 366 күн).
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС * K, мұнда:
СС - Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
К - осы баптың 14-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңіне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:
Р/с № | Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі | Коэффициент |
1 | 15 күнге дейін (қоса алғанда) | 0,2 |
2 | 16 күннен 1 айға дейін | 0,3 |
3 | 2 ай | 0,4 |
4 | 3 ай | 0,5 |
5 | 4 ай | 0,6 |
6 | 5 ай | 0,65 |
7 | 6 ай | 0,7 |
8 | 7 ай | 0,8 |
9 | 8 ай | 0,9 |
10 | 9 ай | 0,95 |
11 | 10 ай және одан да көп | 1 |
15. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең болып белгiленедi.
16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледi және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуiне жатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап жаңа редакцияда
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін азайту
Көлік құралдарының иелері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейді.
Егер көлік құралын осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мұндай жеңілдік берілмей жүзеге асырылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі
1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылған көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактіci сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы не ол тартқан бағалаушы қызмет көрсету туралы шарттың негізінде лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады.
Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) келтірілген зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бүлінген мүлікті қарап-тексерудің жүргізілетін күнін, уақытын және орнын келіседі. Бұл ретте бүлінген мүлікті қарап-тексеру көрсетілген өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Егер бүлінген мүлікті қарап-тексеру сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) кінәсінен немесе тараптардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты жүргізілмеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушыға келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтінішпен қайтадан жүгінеді.
Мүлікке келтірілген зиян мөлшерін айқындауды сақтандырушы бүлінген мүлік қарап-тексерілген және қарап тексеру актісі жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың 3-тармағының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.
Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, бағалаушы жүргізген, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе оның өкіліне сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы осы бапқа сәйкес айқындалған зиян мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.»;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты меншікті шығыстарды ұстап қалуға құқылы емес.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
Көлiк оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгi нысандары уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22-2-бап. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі
1. Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оған қатысушылар бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
1) көлік оқиғасы екі көлік құралының (тіркемелері (жартылай тіркемелері) бар көлік құралдарын қоса алғанда) өзара жанасуы (соқтығысуы) салдарынан болса, осы көлік оқиғасы жасалған кезде иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі осы Заңға сәйкес сақтандырылған болса;
2) көлік оқиғасы салдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарына ғана зиян келтірілсе;
3) көлік оқиғасы салдарынан зиян келтіру мән-жайлары, көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесі, көлік оқиғасына қатысушылардың бірінің кінәсі көлік оқиғасына қатысушылардың келіспеушілігін туғызбаса және декларацияда тіркелсе;
4) көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының мөлшері шегінде сақтандыру төлемінің мөлшеріне келіссе;
5) көлік оқиғасы туралы құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуді көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, декларация жасау арқылы жүзеге асырса, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация (бұдан әрі - декларация) жасау арқылы көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді өздері келіскен шарттармен жүзеге асыруға құқылы.
2. Көлік оқиғасына қатысушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламаны өздері алғанға дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге тиіс.
Егер көлік оқиғасына қатысушылар декларацияға қоса берген фотоматериалдар көлік оқиғасына қатысқан көлік құралының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ зиян келтіру мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесін айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы көлік оқиғасына қатысушылардан сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып не басқа да қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта жіберуді сұратуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.
3. Көлік оқиғасына қатысушылардың бірі сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін ресімдеумен келіспеген жағдайда сақтандыру төлемі осы Заңның 25-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру жағдайын реттеудің тәртібі мен оңайлатылған тәртібінің шарттары, декларацияның нысаны мен оған қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі сақтандыру жағдайы бойынша көлік оқиғасына қатысушылар арасында келіспеушіліктер болмаған кезде осы Заңның 26-1-бабында айқындалған тәртіппен тікелей реттеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы декларацияда тиісті белгі жасалады.
6. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының фактісі мен мән-жайларын анықтау және зиян мөлшерін есептеу үшін көлік оқиғасына қатысушылардың көлік құралдарын қарап тексеруді жүргізуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар сақтандырушының талап етуі бойынша қарап-тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын беруге және сақтандыру төлемін жүзеге асырғанға немесе сақтандырушы уәжді бас тартуды жібергенге дейін бүлінген мүлікті көлік оқиғасынан кейінгі күйінде сақтауға міндетті.
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру тәртібі, шарттары, мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Осы бапқа сәйкес сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі және пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіппен реттеу кезінде әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерінен асатын бөлігінде зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.
8. Сақтандырушының осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқығы бар.
9. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының осы Заңның 28-бабына сәйкес төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.
10. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің рәсімімен және салдарымен келіспеген жағдайда сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) дауды осы Заңның 29-1-бабына сәйкес реттеуге құқылы.
23-бап. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 24-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24-бап. Сақтандырушының жауаптылық шектері
1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға алып келсе:
қаза табуға - 2 000;
мүгедектіктің:
бірінші тобы белгіленсе - 1600;
екінші тобы белгіленсе - 1200;
үшінші тобы белгіленсе - 500;
мүгедектігі бар балаға - 1 000;
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 ) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтанушының (сақтандырылушының) залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажетті болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жұмсалса, егер тиісті шаралар тіпті сәтсіз болса да сақтандырушының өтеуіне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі.
Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы тікелей шеккен тұлғаға өтейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Келтірілген зиянды толығымен өтеу үшін жауапкершіліктің шекті көлемі жетпеген кезде сақтанушы жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтейді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерді (қажет болған кезде), сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын, мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2) осы Заңның 22-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш;
5) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға үшiн) немесе заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар, олар болған кезде;
8) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбірленушіден қосымша құжаттарды және (немесе) ақпараттық жүйелер мен сервистер арқылы қолжетімді құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішін электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
Өтініш беруші сақтандырушыға өзі келіп өтініш жасаған кезде анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгі қойылған екінші данасы сақтандырушыда қалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды
4. Жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттiруге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтеттiруге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.
Мүлікке зиян келтірілген жағдайда осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар жәбірленуші болып танылады.
5. Жәбiрленушiнiң жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша сақтандыру төлемi тiкелей оның денсаулығын және (немесе) мүлкiн қалпына келтiру жөнiнде қызмет көрсеткен (көрсетушi) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi оған (зиянды өтеттiруге құқылы адамдарға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесiлі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.
7. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушының пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.
8. Сақтандырушы осы мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны мөлшеріндегі сақтандыру төлемiн жүзеге асырған жағдайда, оның мүлiктi және мүлiктiң қалдықтарын алуға құқығы бар.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде, сақтандыру төлемін ішкі істер органдары берген оқиғаның схемасы бар жол жүрісі қағидаларының бұзылғаны туралы хаттама негізінде жүзеге асыруға құқылы.
26-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртібі
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесiнде жәбiрленушiнiң денсаулығы нашарлап кетсе (мүгедектiк не мүгедектiктiң неғұрлым жоғары тобы белгiленсе) не қайтыс болса, онда сақтандырушы жәбiрленушіден (пайда алушыдан) келiп түскен өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың негiзiнде, сақтандыру төлемiнiң сомасына осы Заңда белгiленген тәртiппен және мөлшерде қайта есептеу жүргiзуге мiндеттi.
Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң сомасын қайта есептеу кезiнде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
4. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 26-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
26-1-бап. Тікелей реттеу
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқылы.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді.
Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу ол үшін жәбірленушімен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелердің орындалуы болып табылмайды.
3. Кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төлеген сомасын өтеп береді.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
27-бап. Бiрнеше тұлға зиян келтiрген кездегi сақтандыру төлемi
Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.
28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:
1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлiк оқиғасы жасалған кезде оны жүргiзуге құқығы болмаса;
4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;
5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;
6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаса;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) егер бұл факт зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге байланысты болған жағдайды қоспағанда, көлік құралын жүргізуші адам өзі қатысушысы болған көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтірілген зиянға осы Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адам кінәлі болып табылса, сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.
3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;
2) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 3-тармағы үшiншi бөлiгiнiң, 22-2-баптың 6-тармағының екінші бөлігінің талаптарын бұзуы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі құжаттар мен мәліметтердің осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болуы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерiнiң уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
4. 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды реттеудің одан кейінгі тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
30-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
30-1-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-2-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-3-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30-4-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-бап. Қазақстан Республикасының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 32-баппен толықтырылды
32-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерi
Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлiк құралдары иелерi үшiншi тұлғаларға келтiрген зиянды өтеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы көлiк құралдары иелерiнiң жүрiп-тұру режимiн жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерiнде Қазақстан Республикасының қатысуына жол берiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |