Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 162-I
Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2006.07.07. № 175-III ҚР Заңымен күші жойылды

 

1 тарау. Жалпы ережелер                                 (1 - 5 баптар)
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң         (6 - 7 баптар)
         ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
         саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
3 тарау. Мемлекеттік өкiмет органдарының                (8 - 11 баптар)
         ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
         саласындағы құзыретi
4 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды            (12 - 21 баптар)
         ұйымдастыру
5 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы          (22 - 27 баптар)
         мемлекеттік табиғи-қорық қорын
         қорғау және қалпына келтiру
5-1 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды          (27-1 - 27-3 баптар)
           қорғауды ұйымдастыру
6 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды            (28 - 33 баптар)
         пайдалану
7 тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар                    (34 - 38-1 баптар)
8 тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер              (39 - 40 баптар)
8-1 тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар               (40-1 - 40-3 баптар)
9 тарау. Мемлекеттік табиғи парктер                     (41 - 42 баптар)
10 тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерi             (43 - 45 баптар)
11 тарау. Мемлекеттік қорық өңiрлерi                    (46 - 48 баптар)
12 тарау. Мемлекеттік табиғи заказниктер                (49 - 51 баптар)
13 тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер               (52 - 55 баптар)
14 тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар                (56 - 59 баптар)
15 тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер            (60 - 61 баптар)
16 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың          (62 - 64 баптар)
          орманы
17 тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе          (65 - 66 баптар)
          ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары
18 тарау. Халықаралық маңызы бар                        (67 - 68 баптар)
          сулы-батпақты алқаптар
19 тарау. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми,           (69 - 70 баптар)
          мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды 
          учаскелерi
20 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың          (71 - 72 баптар)
          мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастры
21 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды           (73 - 79 баптар)
          қаржыландыру және экономикалық
          жағынан ынталандыру
22 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар             (80 - 83 баптар)
          саласындағы бақылау
23 тарау. Дауларды шешу және ерекше қорғалатын          (84 - 86 баптар)
          табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны
          үшiн жауапкершiлiк
24 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар             (87 - 88 баптар)
          саласындағы халықаралық ынтымақтастық
 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

Осы Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1 тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.

ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 23.01.01 ж. № 151-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

1. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, білім беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттік қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.

2. алынып тасталды

3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

4-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:

мемлекеттік табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;

ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен білім беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;

әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушылықпен келтiрген залалды өтеу;

халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;

мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күй туралы ақпаратпен еркiн танысу;

халықаралық құқық негiзіндегі халықаралық ынтымақтастық.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншiкте болады.

Мемлекеттік табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.

2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Азаматтардың:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгiленген тәртiппен пайдалануға, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру жөніндегі шараларға қатысуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бiрлестiктерi мен қоғамдық қорларын құруға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;

мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiнде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.

2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға мiндеттi.

3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты мiндеттi болады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II ; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзiрлеп, насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қорық iсi саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;

уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгізуге;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру бағдарламаларын, оларды құру жөніндегі негiздемелер әзiрлеу iсiнде ұсыныстар енгiзiп, оған қатысуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар жүргiзудi талап етуге және қоғамдық сараптама жүргiзуге;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөніндегі жұмыстарға белгiленген тәртiппен қатысуға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;

мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен алуға;

айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде сотқа талап-арыз беруге;

өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.

2. Қоғамдық бiрлестiктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.

3 тарау. Мемлекеттік өкiмет органдарының

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы құзыретi

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 8-бап өзгертілді

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:

бiртұтас мемлекеттік саясаттың негiзгi ережелерiн, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi;

орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын қамтамасыз етедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды белгiлейдi;

республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiтедi;

жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртібін белгiлейдi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын бекiтедi;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртібін белгiлейдi;

осы Заңға сәйкес осы аумақтарды пайдаланғаны және олар көрсететiн қызметтер үшiн ақы алудың тәртібі мен шарттарын белгiлейдi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; ҚР 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап жаңа редакцияда

9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлейдi;

қорық iсi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізеді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу жөніндегі әдiстемелердi бекiтедi;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды мемлекеттік экологиялық сараптамаға жiбередi;

өзiнiң қарауындағы мемлекеттік мекемелер нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тiркейдi;

өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 10-бап өзгертілді; ҚР 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңымен 10-бап жаңа редакцияда; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді

10-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдардың құзыретi

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға қатысады;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзірлеуді ұйымдастырады, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етедi және оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы мемлекеттік мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын жасайды және тiркеуге жiбередi;

өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн және мемлекеттік кадастрын жүргiзуге қатысады;

мынадай жағдайларда:

қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де мемлекеттік органдар бекіткен тексерулердің жоспарларына сәйкес;

жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша;

жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер бойынша;

жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы күзет қызметін құрады және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын қарайды және келісіп отырады;

атқарушы органдар басшыларының өз қарауындағы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметi туралы есептерiн тыңдайды;

өз құзыретi шегiнде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимi жөніндегі мiндеттi ережелердi қабылдайды. Ережелер олар жария етiлгеннен кейiн екi аптадан кешiктiрiлмей күшiне енедi;

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлем ставкаларын белгiлейдi.

2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары :

мынадай жағдайларда:

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тексеру жоспарларына сәйкес;

жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша;

жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактілер бойынша;

жоспарлы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, осы аумақтарды құру жөніндегі негiздемелердi келісіп отырады;

мемлекеттік табиғи-қорық қорық пен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң тiзбелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жерлердiң резервiн жасауды белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез-келген қызметке осы аймақтардың шегiнде тыйым сала отырып, қорғаныш өңiрлерiн белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі шараларды жергiлiктi бюджеттер қаражатынан қаржыландыруды қамтамасыз етедi;

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне ұсынады.

4 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

ұйымдастыру

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда

12-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi

1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорына мына объектiлер енгiзiледi:

зоологиялық объектiлер - жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;

ботаникалық объектiлер - өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердiң құнды түрлерi, өсiмдiктердiң типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;

орман объектiлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар, орман-дақылдық өндiрiсi мен егiстiктi қорғайтын орман өсiрудiң бiрегей үлгiлерi;

дендрологиялық объектiлер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бiрегей үлгiлерi;

халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектiлерi теңiз айдындарын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары;

геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер - жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi;

топырақ объектiлерi - әртүрлi топырақ аймақтарындағы типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн топырақтар;

ландшафттық объектiлер - типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафттар, ту табиғаттың эталондық учаскелерi, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафттар;

мемлекеттік ерекше маңызы немесе ғылыми ерекше құндылығы бар су қоймалары.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құрылу мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану ерекшелiктеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлерi құрылады:

биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

мемлекеттік табиғи резерваттар;

мемлекеттік табиғи парктер;

мемлекеттік табиғат ескерткiштерi;

мемлекеттік қорық өңiрлерi;

мемлекеттік табиғи заказниктер;

мемлекеттік зоологиялық парктер;

мемлекеттік ботаникалық бактар;

мемлекеттік дендрологиялық парктер;

мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер.

Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құндылықтарына қарай жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттары болып бөлiнедi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келісілген шешiмi бойынша ғана, ал республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары бойынша ғана жол берiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 14-бап алынып тасталды

14-бап. алынып тасталды

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 15-бап өзгертілді

15-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн құру

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастырудың бекітілген бағдарламаларына сәйкес осы аумақтарды құруға арналып белгiленген жерлердiң резервi жасалады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн жасаған кезде оларды пайдаланудың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шектеулер көзделедi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда

16-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негiздемелерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бiрыңғай әдiстемелер бойынша әзiрленетiн жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес құрылады.

2. Жаратылыс-ғылыми негiздеме табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгiн және маңыздылығын анықтайды, табиғи кешендердiң экологиялық жай-күйiне баға бередi және оларды қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның шекараларының, алаңдарының және функционалдық аймақтарының түрi мен санатын таңдауды негiздейдi.

3. Техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетiн жер бөлу жобасы:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына берiлетiн жерлердiң шекарасы мен көлемiн;

осы жердiң меншiк иелерiнен жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алып қоюдағы залалдарды жабуға байланысты шығындарды;

осы аймақтардың шегiнде аумақты функционалдық аймаққа бөлудi, табиғи ресурстарды қорғау режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектелген шаруашылық пайдалану шарттарын;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, ұстау және дамыту жөнiндегі шаралар мен шығыстарды анықтайды.

4. Жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобалары, жер бөлу жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткiзiлуге және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда бекітілуге тиiс.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 17-бап өзгертілді ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 17-бап жаңа редакцияда

17-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы

шешiмдер қабылдау

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiм қабылдау үшiн табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары болуы қажет.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 18-бап өзгертілді

18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

1. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар берiлетiн атқарушы органдар осындай әрбiр аумақ бойынша белгiленген үлгiде паспорт жасап, оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тiркейдi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында мыналар көрсетiледi:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның қорғаныш аймағының схема-картасы бар орналасқан жерi, шекараларының, алаңының сипаттамасы;

ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сан көрсеткiштерiмен қоса алғандағы тiзбесi;

бөлiнген өңiр мен қорғау режимдерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақта осы режимдердi сақтау жөніндегі мiндеттеме;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану түрлерi;

қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар табиғат қорғау мекемесiнiң немесе атқарушы органның атауы мен мекен-жайы.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты қарамағында осы аумақ орналасқан табиғат қорғау мекемесiнде, атқарушы органда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда сақталады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнің құқықтық жағдайы

Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер, мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 20-бап өзгертілді

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерi

1. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өз рәмiздерi (жалаулары, вымпельдерi, эмблемалары және басқалары) болуы мүмкiн, олар нақты сол аумақтың толық немесе ресми қысқартылған атауын қамтуға тиiс.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар өз рәмiздерiн пайдалануға айрықша құқыққа ие болады және оны заңды және жеке тұлғалардың ақылы негiзде пайдалануына рұқсат етiлуi мүмкiн.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн және оны пайдалануға рұқсат беру тәртібін қарамағына осы аумақ кiретiн атқарушы органдар белгiлейдi.

21-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану ерекшелiктерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, суы, ормандары мен жер қойнауы жердiң, судың, ормандар мен жер қойнауының ерекше санаттарына бөлiнедi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын өзге мұқтаждар үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану осы Заңға және Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы

мемлекеттік табиғи-қорық қорын

қорғау және қалпына келтiру

22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн ерекше қорғау құқықтық режимi не шаруашылық қызметiнiң реттелетiн режимi енгiзiледi.

2. Ерекше қорғау құқықтық режимi:

1) қорық режимi;

2) заказник режимi болып бөлiнедi.

Қорық режимi ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлiнген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейдi.

Заказник режимi ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлiнген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметтi белгiлi бiр маусымда, белгiлi бiр мерзiмде ғана, мұның өзi мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуына қауiп төндiрмейтiндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргiзудi көздейдi.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы немесе арнайы бөлiнген учаскелердегi шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi табиғи ресурстардың шаруашылық үшiн пайдаланылуын шектеудi көздейдi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 23-бап өзгертілді

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың жалпы ережелерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда:

елдi мекендердi, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, әскери және қорғаныс объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттары мен жұмыс iстеуiне байланысты жоқ өзге де объектiлер мен құрылыстарды орналастыруға және салуға;

өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивтi материалдарды жинау мен көмуге;

су қоймаларын салқынды сулар ағызу үшiн пайдалануға;

қоршаған ортаға қауiп туғызуы ықтимал химиялық және биологиялық заттарды, зиянды физикалық ықпал жасауды қолдануға;

пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге, пайдалы қазбаларды өндiруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануға;

басты мақсатта пайдаланылатын ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындалуға;

қорғалатын ландшафттардың табиғи бейнесiнiң өзгеруiне немесе экологиялық жүйелер тұрлаулылығының бұзылуына әкеп соғатын жұмыстарға тыйым салынады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерiнiң ерекшелiктерiне сәйкес шектеледi және осындай әрбiр аумақ туралы жеке ережелермен реттеледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда

24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары

1. Қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне және қалпына келтiрiлуіне теріс ықпал ететiн қандай да болсын қызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгiленуi мүмкiн.

2. Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемiн, шекарасын, режимiн және пайдалану тәртібін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келісімiмен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.

Қорғаныш аймақтарының жерi арнайы белгiлермен белгiленедi.

2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаға зиянды ықпал етудiң алдын алу және оны жою мақсатында мынадай қорғаныш шаралары жүргiзiлуi мүмкiн:

табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою, өрттердiң алдын алу, дер кезiнде анықтау және жою;

судың зиянды ықпал етуiнiң алдын алу және оны жою;

өсiмдiктердi қорғау, зиянды жәндiктердiң өсiп-өну ортасы мен ағаш ауруларын дер кезiнде анықтау және оларға қарсы күрес, орманда санитариялық және басқа да ағаш кесу (жол төсеген, өртке қарсы белдеулер жасаған кезде жол құрылысына байланысты орман тазалау);

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және ветеринариялық мониторингін қамтамасыз ету, iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында жануарлар санын реттеп отыру.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары оларды қорғау режимдерiн ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 26-бап өзгертілді

26-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiру

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiру мақсатында мынадай шаралар жүргiзiлуi мүмкiн:

жердi эрозиядан сақтау мен бұрын бүлiнген жерлердi қалпына келтiрудi қоса, жердi қорғау;

су қоймаларының қолайлы режимiн сақтау, суды ластанудан, күл-қоқыстан және сарқылудан қорғау;

эрозиялық процестердi болғызбау және экологиялық жағдайда жақсарту мақсатында ормандарды қалпына келтiру мен орман өсiру;

жануарлардың тiршiлiк ортасы мен өсiп-өну жағдайларын, жүрiп өтетiн жолдары мен шоғырланатын орындарын қорғау;

жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау көбейту, өсiру және табиғи ортада қалпына келтiру;

жабайы өсiмдiк түрлерiн қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтiру шаралары, қорғау режимдерi ескерiле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен жасалған келісім бойынша жүргiзiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда

27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi ұйымдастыру

Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне зиянды әсердiң алдын алу және жою жөніндегі қорғау шараларын ұйымдастыруды осы аумақтар қарауында болатын тиiстi табиғат қорғау мекемелерiнiң, мемлекеттік органдардың арнаулы қызметтерi немесе оған тартылатын ұйымдар жүзеге асырады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды

5-1-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

қорғауды ұйымдастыру

27-1-бап. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттік табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау

1. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды, қызметкерлерi осы мемлекеттік мекеменiң штатына кiретiн, олардың аумақтарын қорғау жөніндегі арнаулы мемлекеттік инспекция жүзеге асырады.

2. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың директорлары және олардың орынбасарлары тиiсiнше биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттік табиғи резерваттардың аумақтарын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары болып табылады.

27-2-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары

1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың осы ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылатын қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарындағы адамдардың аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу құқығына рұқсатты тексеруге;

мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарына жапсарлас жатқан қорғаныш аймақтары аумақтарында табиғат пайдалануды және өзге де қызметтi жүзеге асыру құқығына құжаттарды тексеруге;

мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзған адамдарды ұстауға және аталған тәртiп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;

мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың белгiленген режимiн бұзуға кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге;

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдалану өнiмдерi мен құралдарын, көлiк құралдарын, сондай-ақ тиiстi құжаттарды алып қоюға;

мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге;

мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында орналасқан кез келген объектiлерге Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары талаптарының сақталуын тексеру үшiн кедергiсiз баруға;

мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттік табиғи резерваттарды және олардың қорғаныш аймақтарын ерекше қорғау режимiне сәйкес келмейтiн шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұруға;

мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың, олардың қорғаныш аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiне оларды қорғаудың белгiленген режимiн бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру есебiнен мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың пайдасына қаражат өндiрiп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап-арыз келтiру;

заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының бұзылғандығы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқығы бар.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға осы Заңмен өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қызмет мiндеттерiн орындаған жағдайда қызметтiк қаруын алып жүруге және арнайы құралдарды қолдануға рұқсат берiледi.

Қызметтiк атыс қаруы мен арнайы құралдарды алу, сақтау және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторлар сауыт кеудешелермен және жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етiледi.

4. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi мемлекеттік сақтандырылуға тиiс.

27-3-бап. Мемлекеттік табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи заказниктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiн қорғау

1. Мемлекеттік табиғи заказниктердiң аумақтарын қорғауды олар қарауында болатын орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік табиғи парктердiң аумақтары мен басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды олар қарауында болатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік табиғи парктер аумақтарын және басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлер мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар пайдаланатын құқықтарды пайдаланады.

6 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

пайдалану

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың мақсаттары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

1) ғылыми;

2) мәдени-ағартушылық;

3) оқу;

4) туристiк және рекреациялық;

5) шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап толықтырылды

29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми мақсаттарда пайдалану

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мынадай негiзгi бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн:

мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн түгендеу және зерделеу, оларды қорғау мен қалпына келтiру жөніндегі ғылыми негiзделген шаралар әзiрлеу;

табиғи процестердiң табиғи ағымын және қорғау режимдерiнiң экологиялық жүйелерге әсерiн зерделеу;

мониторингтiң экологиялық және басқа түрлерi, "Табиғат жылнамасын" жүргiзу;

қорық iсiнiң, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң көбеюiн қалпына келтiрудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулердi әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мен ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бiрлесiп жүзеге асырады.

30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдалану

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн:

табиғи-ғылыми білімдер мен қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы жетiстiктердi насихаттау;

өлi табиғат, өсiмдiктер мен жануарлар объектiлерiн, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн көрсету;

табиғат қорғау мекемелерiнiң қызметiмен таныстыру.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мәдени-ағарту шараларын өткізу үшiн мұражайлар, лекторийлер, экспозициялар, көрсетiлетiн учаскелер және басқа да қажеттi объектiлер құрылуы мүмкiн.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

31-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды оқу мақсатында пайдалану

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай оқу мақсаттарында:

оқушылар мен студенттердiң оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндiрiстiк практикаларын өткізу;

қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, мамандарды қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

32-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалану

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туристердi табиғи және тарихи-мәдени көрiктi орындармен таныстыру, халықтың белсендi демалысы үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреация жүргiзу үшiн арнайы учаскелер бөлiнедi, оларда туристiк соқпақтар, шолу алаңқайлары, тынығып, дамылдайтын ашық алаңдар, көлiкке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатыр тiгiлген лагерьлер, мейманханалар, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер болады.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристiк және рекреациялық қызмет оларды қорғау режимдерiн ескере отырып шектеледi және Қазақстан Республикасының туризм туралы заңдарына сәйкес реттеледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 33-бап өзгертілді

33-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарына пайдалану

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдалануға заказник режимi бар және шаруашылық қызметiнiң режимiмен реттелетiн арнайы бөлiнген учаскелерде ғана жол берiлуi мүмкiн.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын шектеулi шаруашылық қызметке пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегіндегі рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгiленген жағдайларына шектеулi және де шаруашылық қызметке ғана оған байланысты табиғат пайдалану түрлерiне, егер мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтауға және молықтыруға қауiп төндiрмесе, майдагерлiк және халықтық кәсiпшiлiкке, қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жол берiледi.

7 тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 34-бап жаңа редакцияда

34-бап. Мемлекеттік табиғи қорық ұғымы

1. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 35-бап өзгертілді

35-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарды қорғау режимiнiң ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда, осы Заңның 23-бабында көрсетiлген жалпы қорғау шараларын қоспағанда:

үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;

мемлекеттік геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;

ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiк, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;

орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшін қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда, ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;

шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;

аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;

флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;

қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;

арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;

азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтар қызметкерлерiнiң жеке қосалқы шаруашылығы үшiн жер учаскелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қорықтардан тыс жерлерден немесе өздерiнiң қорғауындағы, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң шегiнен бөледi.

36-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастырудың ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар оларда құрылатын ғылыми орталықтардың, лабораториялар мен бөлiмдердiң күшiмен жыл бойы тұрақты бақылау ұйымдастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргiзедi.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми орталықтарына, лабораториялары мен бөлiмдерiне белгiленген тәртiппен ғылыми ұйым мәртебесi берiлiп, олардың қызметкерлерiне ғылыми қызметке құқықтары қолданылуы мүмкiн.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми кеңестер құрылып, олардың құрамына жетекшi ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми деректер банкi, ғылыми коллекциялар, қорлар, кiтапханалар мен мұрағаттар құрылады.

Мемлекеттік табиғи қорықтар қорық iсi мәселелерi жөнiнде ғылыми, ғылыми көпшiлiк және басқа да әдебиеттер шығара алады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 37-бап өзгертілді

37-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың ерекшелiктерi

Мемлекеттік табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:

экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;

спорттық және әуесқойлық балық аулауға;

қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;

қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.

38-бап. Мемлекеттік табиғи биосфералық қорықтар

1. Мемлекеттік табиғи биосфералық қорықтар ауқымды экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн жұмыс iстеп тұрған немесе жаңадан ұйымдастырылып жатқан мемлекеттік табиғи қорықтардың базасында құрылуы мүмкiн.

2. Қоршаған ортаны бүлдiрмейтiн және биологиялық ресурстарды сарқылтпайтын ғылыми зерттеулер жүргiзу, табиғатты ұтымды пайдалану әдiстерiн сынақтан өткiзiп, енгізу мақсатында мемлекеттік табиғи биосфералық қорықтарға қорғау және жұмыс iстеу режимдерi әртүрлi биосфералық полигондар қосылуы мүмкiн.

3. Мемлекеттік табиғи биосфералық қорықтар туралы жеке ережелер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар ескерiле отырып бекітіледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 38-1-баппен толықтырылды

38-1-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлер

1. Мемлекеттік табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттік табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

8 тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 39-бап өзгертілді

39-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк ұғымы

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер республикалық маңызы бар санатқа ие.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 40-бап өзгертілді

40-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi:

1) қорық режиміндегі;

2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi:

рекреациялық пайдалану;

әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы;

келушiлер мен туристерге қызмет көрсету;

шектеулi шаруашылық қызмет.

2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттік табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады.

Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi.

3. Шектеулi және дәстүрлi шаруашылық қызмет өңiрлерiнде мемлекеттік ұлттық парктердiң тұрақты пайдаланылуына берiлген жер учаскелерi сияқты, бұл жер учаскелерiн меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардан алып қоймай, соларға бекітілген жер учаскелерi де енгiзiлуi мүмкiн.

4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу шаралары мемлекеттік табиғи қорықтар үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 8-1-тараумен толықтырылды

8-1-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар

40-1-бап. Мемлекеттік табиғи резерват ұғымы

1. Мемлекеттік табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады.

40-2-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттардың аумақтарын

аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң

ерекшелiктерi

Мемлекеттік табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:

1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;

2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;

3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;

4) мемлекеттік табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.

40-3-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттарды ұйымдастыру

және басқару ерекшелiктерi

Мемлекеттік табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.

9 тарау. Мемлекеттік табиғи парктер

41-бап. Мемлекеттік табиғи парк ұғымы

Мемлекеттік табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи парктiң нақ сондай мiндеттер қойылатын және нақ сондай қызмет атқаратын, бiрақ жергiлiктi маңызы бар табиғат қорғау мекемесi мәртебесіндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына жататын түрi болып табылады.

42-бап. Мемлекеттік табиғи парктердi өңiрлерге

бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғи парктерде өңiрлер мемлекеттік ұттық табиғи парктер сияқты бөлiнедi.

2. Мемлекеттік табиғи парктер мемлекеттік ұлттық табиғи парктер сияқты тәртiппен және нақ сондай жағдайларда пайдаланылады.

3. Қарамағында Мемлекеттік табиғи парктер бар атқарушы органдар нақты табиғи және әлеуметтiк-экономикалық факторларды, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiнiң жеке ерекшелiктерiн белгiлеуге қақылы.

10 тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерi

43-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткiшi ұғымы

1. Мемлекеттік табиғат ескерткiшi - мемлекеттік табиғи-қорық қорының жекелеген объектiлерiн табиғи қалпында сақтауға арналған, қорық режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерi зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешендi болуы мүмкiн.

3. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

44-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерiн құру

ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерi жер учаскелерiнде оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен оны пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.

2. Қарамағында мемлекеттік табиғат ескерткiштерi бар атқарушы органдар оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау жөнiнде мiндеттеме жүктеп бередi.

3. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерiн қорғау мен қалпына келтiру жөніндегі шығыстар жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландырудың белгiленген көздерi есебiнен өтеледi.

45-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерiн қорғау

мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерiнiң табиғи жай-күй мен сақталуын бұзатын қызметтiң қандайына болса да тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғат ескерткiштерi белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.

11 тарау. Мемлекеттік қорық өңiрлерi

46-бап. Мемлекеттік қорық өңiрi ұғымы

1. Мемлекеттік қорық өңiрi - мемлекеттік табиғи қорықтарға және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге арналып не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтiру үшiн резервке алынған жер учаскелеріндегі мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауға арналған, сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік қорық өңiрiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 46-1-баппен толықтырылды ; 2004.20.12 № 13-III Заңымен 46-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

46-1-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібі

Республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi маңызы барларын ұйымдастыру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша барлық мүдделi мемлекеттік органдармен келісілген ғылыми негiздемелер негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.

47-бап. Мемлекеттік қорық өңiрлерiн қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Егер қорғалатын ландшафтардың табиғи бейнесiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң тұрақтылығын бұзуға әкелiп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстардың сақталуы мен молығуына қауiп төндiрсе, мемлекеттік қорық өңiрлерiнде кез келген қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік қорық өңiрлерiнде қорық және заказник режиміндегі, сондай-ақ шаруашылық қызметтiң реттелетiн режиміндегі учаскелер бөлiнуi мүмкiн.

Ерекше қорғаудың мiндеттi жалпы шараларынан басқа, әрбiр мемлекеттік қорық өңiрi үшiн арнайы экологиялық талаптар енгiзiледi.

3. Мемлекеттік қорық өңiрлерi қорғау режимдерiнiң ерекшелiктерi және арнайы экологиялық талаптар ескерiле отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн көзделген барлық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн.

48-бап. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорық өңiрi

1. Едiл (Қазақстан Республикасының шегiнде) мен Жайық өзендерiнiң атыраптарын қоса Солтүстiк Каспийдiң шығыс бөлiгiнiң су айдыны Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі балық қорын сақтау мен бекiре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерiнiң мекендеуi мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттік қорық өңiрiне кiредi.

2. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорық аймағында балық шаруашылығын, су көлiгiн дамытуға, мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып көмiрсутектi шикiзатты өндiру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.

12 тарау. Мемлекеттік табиғи заказниктер

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 49-бап өзгертілді

49-бап. Мемлекеттік табиғи заказник ұғымы

1. Мемлекеттік табиғи заказник - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтау мен молықтыруға арналған, заказник режиміндегі немесе шаруашылық қызметтiң реттелетiн режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғи заказниктер зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафтты және кешендi болуы мүмкiн.

Мемлекеттік табиғи заказниктер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 50-бап өзгертілді

50-бап. Мемлекеттік табиғи заказниктердi құру ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік табиғи заказниктер жер учаскелерiнде оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.

Меншiк иесi немесе пайдаланушы мемлекеттік табиғи заказник орналасқан жер учаскесiн нысаналы түрде шектеп пайдалану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Қарауында мемлекеттік табиғи заказниктер бар орталық атқарушы орган арнайы қызметтердiң күшiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландыру үшiн белгiленген көздер есебiнен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және қалпына келтiру iс-шараларын ұйымдастырады.

51-бап. Мемлекеттік табиғи заказниктердi қорғау және пайдалану режимiнiң ерекшелiктерi

1. Егер мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуына қауiп төндiрсе немесе олардың молықтырылуын нашарлатса, мемлекеттік табиғи заказниктерде кез келген қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи заказниктер белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту, оқу және шектеулi шаруашылық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып, мемлекеттік табиғи заказниктерде шаруашылық қызметтi жүзеге асыра алады.

13 тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер

52-бап. Мемлекеттік зоологиялық парк ұғымы

1. Мемлекеттік зоологиялық парк- жануарлар дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми зерттеу мекемелерi мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

53-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктерге әдетте елдi мекендердi жерiнен белгiленген тәртiппен тұрақты пайдалануға жер учаскелерi берiледi.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктер мынадай:

1) экспозициялық - жануарларды ұстау мен өсiруге, сондай-ақ жануарларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;

4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктерде оның мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда ұсталатын жануарлардың жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.

54-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарларды өсiру

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер отандық және дүние жүзiлiк фаунадағы жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуы қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктер белгiленген тәртiп бойынша жануарлармен импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктерде малдәрiгерлiк және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарларға арналған питомниктер құрылады.

55-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктердегi ғылыми зерттеулер жануарларды қамап немесе жартылай еркiндiк жағдайында ұстау мен өсiру саласында жүргiзiледi.

Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиет шығара алады.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.

14 тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар

56-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақ ұғымы

1. Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

57-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар мынадай:

1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;

2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;

3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;

4) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;

5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.

58-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда өсiмдiктер егу

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

59-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргiзiледi.

Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиеттер шығара алады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгізу мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткізу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құра алады.

4. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.

15 тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер

60-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парк ұғымы

1. Мемлекеттік дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесiнiң мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.

61-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып бөлiнедi.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

16 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың

орманы

62-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы ұғымы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы қорғаныш санаттары ерекше қорғалатын құқықтық режимге сәйкес келетiн не экологиялық, ғылыми, мәдени және шаруашылық жағынан ерекше құнды шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн арнаулы нысаналы мақсаттағы ормандар болып табылады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 63-бап өзгертілді

63-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарының қорғаныш санаттары

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы мынадай қорғаныш санаттарына бөлiнедi:

мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердiң, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қорықтар-сепортерлерiнiң ормандары;

ерекше құнды орманды алқаптар - тұқымдық құрамы жөнiнен реликтi және эндемиялық тұқымдық бiрегей ормандар; өнiмдiлiгi мен генетикалық сапасы бойынша бiрегей ормандар, күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныш мiндеттерiн атқаратын ормандар;

ғылыми маңызы бар ормандар - орман шаруашылығы ғылымы мен практикасы жетiстiктерiнiң үлгiсi болып табылатын ормандар; ұзақ мерзiмдi перспективаға ғылыми зерттеулердiң объектiсi болатын ормандар, плюстiк көшеттер мен ағаштар отырғызуды қамтитын орманды генетикалық резерваттар; басқа да сұрыптау - генетикалық объектiлер;

жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары - жаңғақ дайындау және аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру үшiн шикiзат базасы ретiнде маңызы бар ормандар;

орман-жемiс өсiру - шаруашылық маңызы бар, құрамында бағалы жемiс-жидек және жаңғақ-жемiс тұқымдық ағаштары мен бұталары өнiп шығатын орман қорының жерiне табиғи немесе қолдан отырғызылған ормандар;

субальпiлiк ормандар - тау шыңдары мен жоталарының жоғарғы ағашсыз бөлiгiмен шекаралас орналасқан, қорғаныштық және эрозияға қарсы маңызды мәнi бар биiк таудағы ормандар.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 64-бап өзгертілді

64-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар күзету мен пайдалану ерекшелiктерi

1. алынып тасталды

2. Ерекше бағалы орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар мен субальпiлiк ормандар үшiн режимдер бөлiнген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әрқайсысының ерекшелiктерi негiзге алына отырып белгiленедi.

3. Жаңғақ кәсiпшiлiгi өңiрлерiнiң орманы мен ағаш-жемiс екпелерi үшiн бөлiнген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың әрқайсысының ерекшелiктерi негiзге алына отырып, шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi белгiленедi.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарын бұл ормандардың арнайы нысаналы мақсатын ескере отырып, осы Заңда көзделген пайдалану түрлерiне жол берiледi.

17 тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе

ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары

ҚР 11.05.99 ж. № 381-I; 23.01.01 ж. № 151-II Заңдарымен 65-бап өзгертілді

65-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары ұғымы

1. Ерекше мемлекеттік маңызы бар не ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларына ерекше қорғалатын құқықтық режиміндегі арнаулы нысаналы мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимiмен реттелетiн су қоймалары жатады.

Шаруашылық тұрғысынан ерекше құнды су қоймалары; шекарааралық сулар; табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттерi бар су қоймалары; ұзақ мерзiмдi перспективадағы ғылыми зерттеулер объектiлерi болып табылатын су қоймалары; ықтимал сел қаупiн төндiретiн су қоймалары ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары болып табылады.

2. алынып тасталды

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 66-бап өзгертілді

66-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын пайдалануға беруге iшiнара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкiн.

2. алынып тасталды

18 тарау. Халықаралық маңызы бар

сулы-батпақты алқаптар

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 67-бап өзгертілді

67-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар ұғымы

1. Теңiз айдынын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды, су қоймалары халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар болып табылады.

2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мемлекеттік табиғи қорықтарға, мемлекеттік ұлттық парктерге, мемлекеттік табиғи резерваттарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiне кiредi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 68-бап өзгертілді

68-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға негiзiнен су құстары мекендейтiн жердi қорғау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн қорық және заказник режимдерi немесе шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi белгiленедi.

2. алынып тасталды

19 тарау. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми,

мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi

ҚР 11.05.99 ж. № 381-I; 23.01.01 ж. № 151-II Заңдарымен 69-бап өзгертілді

69-бап. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi ұғымы

1. алынып тасталды

2. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiне мыналар жатады:

геологиялық объектiлер - тiренiштi немесе сипатты кескiндiлер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сақталып қалған қазба қалдықтары бар табиғи және жасанды жолмен аршылған орындар;

геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң құрылу процестерiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террасалар, жайылма сулар, үңгiрлер, шатқалдар, каньондар, сарқылмалар және басқа да жер бедерiнiң нысандары;

гидрогеологиялық объектiлер - бiрегей және сирек кездесетiн қасиеттерiмен ерекшелетiн жер асты сулары мен олардың жер бетiне шығатын орындары;

жер қойнауының жерастағы суреттерi бар, бағзы заманда кен өндiрiлген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар басқа да объектiлер орналасқан учаскелерi.

3. алынып тасталды

70-бап. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiн қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi

1. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiнде мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң сақталуына қауiп төндiретiн кез келген қызметке тыйым салынады.

2. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiн қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әрқайсысы туралы жеке ережемен белгiленедi.

20 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың

мемлекеттік есебi мен мемлекеттік кадастры

71-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебi осы аумақтардың мәртебесi туралы, олардың географиялық жағдайы мен шекаралары, өңiрлерге бөлiнуi, осы аумақтарды қорғау мен пайдалану режимдерi, олардағы мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сапа және сан өзгерiстерi туралы мәлiметтер жинауды қамтиды.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебiн табиғат қорғау мекемелерi мен осы аумақтар қарайтын атқарушы органдар есеп құжаттамасының бiрыңғай нысандары және оларды толтыру жөніндегі әдiстемелiк нұсқаулар бойынша жүргiзедi.

72-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осы аумақтар туралы үнемi жаңартылып отыратын мәлiметтер жазылатын ресми құжат болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректерi:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баға беру мен олардың жай-күйiне болжам жасауға;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамыту және орналастыру схемаларын жасауға;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және дауларды шешуге қызмет етедi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры ақпаратты сақтаудың бiр iзге түсiрiлген нысандарын пайдаланып, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрымен салғастыру принциптерiн сақтаудың бiрыңғай ережелерi бойынша жүргiзiледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының материалдары жариялануға жатады.

21 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

қаржыландыру және экономикалық

жағынан ынталандыру

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 73-бап өзгертілді

73-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:

бюджет қаражатының;

заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатының;

заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтарының; заңдарда тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнiң есебiнен жүргiзiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 74-бап жаңа редакцияда; ҚР 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңымен 74-бап өзгертілді

74-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды

(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 75-бап жаңа редакцияда; ҚР 25.05.04 ж. № 553-II Заңымен 75-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

75-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды

(бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 76-бап алынып тасталды

76-бап. алынып тасталды

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 76-бап өзгертілді

77-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заңды және жеке тұлғалардың ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және шектелген шаруашылық мақсаттарында пайдалануы ақылы негiзде жүзеге асырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.

2. Заңды және жеке тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы үйлер мен ғимараттарды белгiленген тәртiппен және ақылы негiзде беруге рұқсат етiледi.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II; 24.12.01 ж. № 276-II 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 78-бап өзгертілді

78-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаты

1. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаты болуы мүмкiн, ол:

ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асырған кезде жеке және заңды тұлғаларға, соның iшiнде мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарға қатысу арқылы ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы рәмiздердi пайдалануға рұқсат беруден алынатын қаражат;

заңды және жеке тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдығы;

заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздерден түсетiн қаражат;

шектеулi шаруашылық қызметiнен алынған қаражат есебiнен құралады;

2. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатының құралу және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайды.

3. алынып тасталды

4. алынып тасталды

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 79-бап алынып тасталды

79-бап. алынып тасталды

2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 22-тараудын атауы жаңа редакцияда

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы мемлекеттік бақылау

 

80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау

осы аумақтардың жай-күйiн байқауы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру шараларының орындалуын, қолданылып жүрген заңдардың сақталуын көздейдi.

2. Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

ҚР 23.01.01 ж. № 151-II Заңымен 81-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) 81-бап жаңа редакцияда

81-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде:

ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;

қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар жүргізеді.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы мемлекеттік инспекторлар құқығын иеленеді.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тексеру - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың осы аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қорын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттік инспекторларының құқығы болады.

82-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

83-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылауды жүзеге асырушы адамдарды қорғау шаралары

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын адамдар мiндеттi түрде сақтандырылуға тиiс және қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалының өтелуiне құқылы.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдардың белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен атылатын қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

23 тарау. Дауларды шешу және ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны

үшiн жауапкершiлiк

84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы дауларды шешу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

85-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

86-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың бұзылуынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, табиғат қорғау мекемелерiнiң мүлкiне зиян келтiрген ұйымдар мен жеке тұлғалар зиянның толық көлемiнде орнын толтыруға мiндеттi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың бұзылуынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру ерiктi түрде немесе белгiленген тәртiппен бекітілген таксаларға және зиянды есептеу әдiстемелерiне сәйкес сот шешiмi бойынша, ал олар болмаған жағдайда келтiрiлген залалдарды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қалпына келтiруге жұмсалған нақты шығындар бойынша жүргiзiледi.

24 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы халықаралық ынтымақтастық

87-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, табиғат қорғау мекемелерi мен қоғамдық бiрлестiктер бар атқарушы органдар қорық iсi және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша халықаралық байланыстар орнатып, халықаралық ұйымдармен белгiленген тәртiппен ынтымақтастық жасай алады.

2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары халықаралық келісімдер мен шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар табиғи резерваттар санатына енгiзiлуi мүмкiн.

88-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

Н. Назарбаев