Өсімдіктер карантині туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 11 ақпандағы № 344-1 Заңы
(2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
5-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
6-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия
7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер қоры
9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
3-тарау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
10-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері
13-1-бап. Карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбi
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртiбi
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
17-бап. Алынып тасталды
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
21-бап. Алынып тасталды
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
2) 2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) зертханалық сараптама - карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын және олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу;
3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) карантинді объект - өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) карантиндік режим - карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим;
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
8) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау;
9-2) құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-3) құқық шектеу шарасы - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданатын карантиндік фитосанитариялық шара;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
9-5) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
13) 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар - Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілердің әкелінуінен және (немесе) одан әрі таралуынан қорғауды қамтамасыз ету не олар келтіретін зиянды төмендету мақсатында қолданылатын, басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімнің транзитіне тыйым салу немесе оларды шектеу;
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) фитосанитариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін карантиндік фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-1) фитосанитариялық тәуекелді талдау - карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерді айқындау және олар бойынша тиісті карантиндік фитосанитариялық шараларды және өсімдіктер карантині жөнінде іс-шараларды қолдану мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді зерделеу, зерттеу және бағалау процесі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) шұғыл шаралар - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған карантинді объектілердің таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар.
18) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұpy және мүлікті сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөніндегі шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосымен қоса алғанда уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен ; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
уәкілетті ұйым; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) фитосанитариялық зертханалары бар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын кіреді.
5) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өсімдік карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрады;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Уәкілетті органның құзыретi
1. Уәкiлетті орган:
1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер карантині саласындағы қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
4) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) карантиндік фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты осы шараның қолданыс мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;
6) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды
7-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) екі немесе одан көп облыс аумағында (облыстардың аумағында карантинді объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік режим енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді әрі олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
14) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi әзірлейді және бекiтедi;
15) өсімдіктер карантині жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін ескере отырып, карантиндік фитосанитариялық шараларды әзiрлейдi және жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
17) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
18) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
19) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң қорын құрады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда - үлгiлерiн алу арқылы карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
26) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
27) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
28) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды;
30) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық сертификаттар бередi;
33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
35) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
37) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
Ведомствоның облыстық, (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшесінің өздерінің өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімі лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-1-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Уәкілетті ұйым:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің, оның ішінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы өсімдіктер зиянкестерімен, өсімдік ауруларын қоздырғыштармен және арамшөптермен, оның ішінде карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалдануды анықтайды;
3) тұрақты негізде фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүзеге асырады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылды
3-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді;
3-2) фитосанитариялық тәуекелге жүргізілген талдау негізінде уәкілетті органға карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінен карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді алып тастау немесе оны карантинді объектілермен, бөтен текті түрлермен толықтыру туралы ұсыныстар енгізеді;
3-3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен мүдделі адамдарды оқытуды жүргізеді;
3-4) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің коллекциясын депонирлеу мен сақтауды қамтамасыз етеді;
4) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі анықталған карантиндi объектiлер мен бөтен текті түрлер туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органға карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы:
1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау мақсатында аумақты зерттеп-қарауды жүргізеді;
2) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарының шекарасы мен алаңын айқындайды;
3) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын есепке алуды жүргізеді;
4) уәкілетті органның ведомствосына карантинді объектілер мен бөтен текті түрлер таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын береді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен мазмұн 7-2-баппен толықтырылды; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 7-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк монополия
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оларды өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу жөніндегі қызметпен технологиялық жағынан байланысты болып табылады.
Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды, сондай-ақ шұғыл шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
7-3-бап. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-4-баппен толықтырылды
7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретіне:
1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) мыналар:
көлік құралын тоқтату жəне карантинге жатқызылған өнімді жəне мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жəне қадағалау объектілерін ұстау;
карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен жəне багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;
қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы қаулы шығару;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған кезде зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ олар фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған кезде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда фитосанитариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтату және карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін кідірту;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-I; 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған кезде залалсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кідіртуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) карантиндік фитосанитариялық талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салуға;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат алуға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға құқығы бар.
6) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертілді
8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер қоры
1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер қоры дегеніміз пестицидтердің ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтер қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер көлемiнен қалыптастырылады.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің әкелінуінің және (немесе) таралуының алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өсімдіктер карантині жөніндегі тиісті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамаларын сақтауға және орындауға;
2) Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткізу үшiн ұсынуға;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды
5) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде кедергілер жасамауға;
6) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге;
7) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізуге;
8) енгізілген уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралардың талаптарын сақтауға міндетті.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 9-1-бап өзгертілді; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді
9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
1-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-2-бап өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 23), 24) және 26) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
2. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау, көлік құралдарын қарап-тексеру, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық шаралар жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкінің сақталуына бағытталған.
3-1. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелердегі;
2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күні, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай айқындалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша карантиндік объектілер мен карантинге жатқызылған өнімдегі бөтен текті түрлер анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстарына жəне өсімдіктен алынатын өнімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жедел ден қою шараларын қолданады.
1) Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына сəйкес мемлекеттік бақылау жəне қадағалау;
2) бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру шеңберінде қолданылатын осы бапта көзделген бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
көлік құралын тоқтату жəне карантинге жатқызылған өнімді жəне мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жəне қадағалау объектілерін ұстау;
карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгінен жəне багаждан) алып қою немесе карантинге жатқызылған өнімді қайтару;
қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларына, 9-тармағының 2) тармақшасына жəне 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Заңның 7-4-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделіп, бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша қадағалау актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағы 4) жəне 7) тармақшаларының, 9-тармағы 2) тармақшасының негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
7. Қадағалау актісі қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба жасалады жəне қадағалау актісін қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Қадағалау актісі бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
8. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті.
11. Тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушы лықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып, анықталған бұзу шылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Қадағалау актісінің қолданылуы уəкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
14. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
15. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз), материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Нысанды киiммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуіне құқығы бар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері мыналар болып табылады:
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түpі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін, зарарсыздандыратын және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері;
7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Фитосанитариялық сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Фитосанитариялық сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу бойынша басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері болуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің талаптарымен (экспорттау кезінде) карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантинді объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің талаптарына (экспорттау кезінде) сәйкес келмеудің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бекітілген тізбеге сәйкес карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат алуға өтінім береді.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат әрбір карантинді объектіге беріледі және берілген күнінен бастап алты ай ішінде қолданыста болады.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес беріледі.
Әртүрлі биологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі карантинді объектілерді оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хатты беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Есепке алу нөмірін алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтінім береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді және карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін айқындау үшін карантинге жатқызылған объектіні ұсынады.
Есепке алу нөмірі:
карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беріледі.
Есепке алу нөмірі Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес код пен тіркеу нөмірі беріле отырып беріледі.
Есепке алу нөмірін беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объектінің қойылатын карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі;
2) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.
Есепке алу нөмірін кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
2) карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы;
3) астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу арқылы алынған өнімде тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
4) зарарсыздандырылған және таңбаланған ағаш қаптама материалында тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттың және оған қосымшаның негізінде жүзеге асырылады.
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртібі
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.
Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі.
Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі.
Басқа мемлекеттердің карантиндік фитосанитариялық шараларының баламалылығын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.
2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарысыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады.
3. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес фитосанитариялық сертификаттары болған кезде;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ішінде - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған кезде рұқсат етіледі.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуін жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан куәландырады. Қайта тиеусiз Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде (фитосанитариялық бақылау бекетінде) тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.
4-1. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.
Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, бұл өнім оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге немесе карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау жүзеге асырылған кезде жөнелтушіге қайтарылуға жатады, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елге қайтару жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін немесе Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын бұл жөнінде хабардар етедi.
Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге, жоюға жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге, оны жоюға байланысты шығыстарды оның иелері төлейді.
Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік жете тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады және оның иесіне карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік жете тексеруден өткен әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті межелі пунктінде екінші рет карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға беріледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын жете тексеруді, талдау мен сараптама жасауға үлгілерді іріктеп алуды уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, морфологиялық белгілері бойынша карантинді объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының нышандары, карантинге жатқызылған өнімнің карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері мәлім болған жағдайда, үлгілер өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану жағдайлары туралы жазбасы бар акт толтырылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантиндік жете тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi зарарсыздандыру карантинге жатқызылған өнім иеленушілерінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген жеке және заңды тұлғалармен шарттық негізде жүргізіледі.
Үшінші бөлік 2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
Есепке алу нөмірін алмаған жеке және заңды тұлғалардың карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуіне, ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруына және таңбалауына тыйым салынады.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлер анықталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде, фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және басқа да көлiк түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.
Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау зерттеп-қарауын жүргізеді. Зерттеп-қарау нәтижелері карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) уәкілетті орган осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес айқындаған карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ шұғыл шаралар жүргізуді;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүйесіне аудит жүргізу үшін импорттаушы ел өкілдерінің қолжетімділігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы жер учаскелерінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;
2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару;
3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту орындалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |