Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ішкі әскерлері туралы
1992 жылғы 23 маусымдағы № 1407-XII Қазақстан Республикасының Заңы

(2014.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V Заңымен күші жойылды

 

2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «адам құрамымен», «адам құрамының», «адам құрамына», «адам құрамын» деген сөздер тиісінше «жеке құрамымен», «жеке құрамының», «жеке құрамына», «жеке құрамын» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

1 бөлiм. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

Ішкі әскерлердің туы және рәмізі болады. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I  ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен (2008.01.01  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді

2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi

Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;

2) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзету;

4) сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;

5) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайларды (дүлей зілзалаларды, ірі авариялар мен апаттарды) жоюға қатысу;

6) соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

7) заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;

8) ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.

Ішкі әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды:

Ішкi әскерлердi әскери басқару органдары;

жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер;

маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер;

түзеу мекемелерін күзету және айдауылдау жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер;

арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер;

Ішкі әскерлердің әскери полициясы;

Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орны;

Ішкі әскерлердің қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер (оқу, байланыс және басқа);

авиациялық әскери бөлім;

арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.

Ішкi әскерлердi өздеріне заңдарда жүктелмеген міндеттерді орындау ісіне қатыстыруға тыйым салынады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда

3-бап. Қазақстан Республикасы IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзi

IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де құқықтық нормативтiк актiлер құрайды.

IIМ-iнiң iшкi әскерлерi қызметiнде заңдылықтың сақталуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-1; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-бап. Iшкi әскерлердің қызметiн ұйымдастырудың қағидаттары мен негiздерi

Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, гуманизм, жеке адам құқықтарын сақтау және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

Әскерлерді тікелей басқаруды Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы жүзеге асырады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер құрамалары мен әскери бөлiмдерiнің командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.

 

09.12.98 ж. № 307-1 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу тілі

Iшкi әскерлердi басқару және iс қағаздарын жүргiзу, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар жазысу Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. 2708 Жарлығымен 6-бап өзгертілді

6-бап. Iшкi әскерлердiң партиядан тыс болуы

Қазақстан Республикасының IIМ-iнiң iшкi әскерлерiнде саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарын, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздейтiн басқа да қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

 

 

2 бөлiм. Мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының iшкi әскерлерге басшылық жасау жөніндегі өкiлеттiгi

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Қазақстан Республикасының Президентi

Қазақстан Республикасының Президентi:

- соғыс кезiнде iшкi әскерлердiң қорғаныс саласындағы мiндеттерiн айқындайды;

Ішкi әскерлер Бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;

- iшкi әскерлер Қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және мiндеттi әскери қызметтен шығарады;

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара);  2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Ішкі әскерлердің ұйымдық құрылымын, штат саны лимитін, орналастырылуын бекітеді;

- iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қаражат бөлiнуiн қарастырады, iшкi әскерлердi материалдық-техникалық ресурстармен, азық-түлiкпен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен, байланыс құралдарымен және басқа арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

- iшкi әскерлер бөлiмдердiң күзетуiне жататын маңызды мемлекеттік объектiлердiң, тасымалдық коммуникациялардағы ғиммараттардың және арнаулы жүктердiң тiзбесiн айқындайды;

- берiлген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi әскери немесе арнаулы сан мөлшерiн анықтай отырып, маңызды мемлекеттік объектiлер мен тасымалдық коммуникациялардағы ғимараттарға күзет қою және күзеттi алу туралы мәселелердi шешедi;

- iшкi iскерлердiң әскери қызметшiлерiнiң запастағы (отставкадағы) адамдар мен олардың үйелмен мүшелерiнiң әлеуметтiк және хұқылық жағынан қорғалуы, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етiлуi жөнiнде шаралар қолданады;

- iшкi әскерлердiң қызметiн қамтамасыз етудiң басқа да мәселелерiн шешедi;

өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

- iшкi әскерлердi запастағы офицерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және шақырылатын әскери қызметшiлермен жасақтауды жүзеге асырады;

- келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II ; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді

10-бап. Iшкi iстер министрi:

Ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерін орындау үшiн қызметтiк-әскери жұмыс пен Ішкi әскерлерiнiң құрылымын жетiлдiру, ұйымдық шараларды өткізу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;

Республика Үкіметінiң қарауына Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң жалпы санын, ұйымдық құрылымын өзгерту және орналастыру туралы ұсыныстар енгiзедi;

Ішкі әскерлері құрамаларының (бөлімдерінің) құрылымын, орналастырылуын және штат санын Қазақстан Республикасыныә Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде айқындайды;

Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады;

Ішкі әскерлердің мерзімді әскери қызметшілерді шақыруды және Ішкі әскерлер қатарынан босатуды ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етеді;

Ішкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiн және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынады;

Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен шығарады, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді.

 

11.06.01 ж. № 208-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2007.06.07 № 277-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1-бап өзгертілді

10-1-бап. Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы

Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы:

Ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады;

әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді;

бұйрықтар, директивалар және өкімдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендетеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады;

Ішкі істер министріне Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, және қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүліктің қабылдануын қамтамасыз етеді, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады.

Ішкі істер министріне Iшкi әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарларын, Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары мен олардың орынбасарларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орнының бастығын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді.

 

2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды

10-2-бап. Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы

Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылық қолбасшысы:

өңірлік қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен әскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұрады;

әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік даярлығына, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етеді;

бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді;

қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келісімшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейінгі әскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады және Ішкі әскерлер Бас қолбасшысына офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету жөнінде ұсыныстар енгізеді.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

- өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта Ішкi әскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерін құру мен орналастыру жөніндегі Ішкi iстер министрінің ұсыныстарын қарауға қатысады;

- iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;

- Ішкi әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi әскерлерге әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi;

- осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар;

- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді

12-бап. Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар

Мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк түрiне қарамастан), лауазымды адамдар мен азаматтар iшкi әскерлерге олардың қызметтiк мiндеттердi атқаруына көмек көрсетуге мiндеттi.

Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кездерінде Ішкi әскерлердің әскери бөлiмдері мен бөлiмшелері өз мiндеттерiн орындаған кезде оларды басқару үшiн байланыс желілерi мен арналарын тегiн бередi.

Барлық тасымал түрлерiн басқару органдарының лауазымды адамдары, әскери коменданттар мен Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлігінiң әскери және арнаулы тасымал органдарының өкiлдерi қызметтiк мiндеттерiн атқарушы iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тасымалдауда, ал төтенше жағдайлар кезiнде - бiрiншi кезекте тасымалдауда тасымал көмегiн көрсетедi.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 11.06.01 ж. № 208-II; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді

13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары:

Iшкi iстер министрінің рұқсатымен тұрақты орналасқан мекендердегi iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн қоғамдық тәртiптi қорғау, төтенше жағдайларды жою үшiн, ал түзеу мекемелерiн күзететiн құрамалар мен бөлiмдердi - тiкелей күзетiлетiн объектiлердегi сотталғандар арасындағы жаппай тәртiпсiздiктi тыю және төтенше жағдайларды жою және Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi орындау үшiн пайдаланады;

құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерiмен бiрлесiп, Iшкi әскерлердiң жедел мақсаттағы құрамалары мен әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олардың санына қарай қызметтiк мiндеттердiң көлемiн айқындайды;

әскери бөлiмдер мен iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi командирлерiнiң қызметтiк-әскери жұмыс нәтижелерi туралы хабарларын тыңдайды;

iшкi iстер органдарына көмек көрсету жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн тұрақты орналасқан мекендерiнен тыс жүрген Ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің тіршілігіне тиiстi жағдайлар туғызады.

 

24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  14-бап өзгертілді

14-бап. Iшкi әскерлердiң Әскери кеңесi

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекiтетiн Ережеге сәйкес iшкi әскерлерде Әскери кеңес құрылады.

Әскери кеңестің құрамын Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Ішкі істер министрі бекітеді.

Әскери кеңес iшкi әскерлер қызметiнiң ұйымдастырылуына және мәселелердiң дер кезiнде шешiлуiне жауапты болады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2013.15.01. № 69-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Ішкі әскерлерді әскери басқару органдары

Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті Ішкі әскерлерді әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады, әскерлердi тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгінде ұстап тұруға, Ішкі әскерлердің құрылысы және дамуы жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін ұйымдастыруға арналған және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, бірлескен іс-қимылдар нұсқаларын жоспарлайды.

Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін белгілі бір аумақта жүзеге асыратын әскери басқарудың жедел-аумақтық органы болып табылады.

 

3 бөлiм. Iшкi әскерлердегi қызмет

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Iшкi әскерлердiң кадрлары

Iшкi әскерлердiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.

Iшкi әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң әскери атақтары, айырым белгiсi және олар үшiн белгiленген киім үлгiсi болады, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтiн нормативтiк актiлер және осы заңда көзделген әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерiлген талаптары қолданылады.

Iшкi әскерлер қызметкерлерінің еңбек жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

09.12.98 ж. № 307-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді

17-бап. Iшкi әскерлердегi әскери қызмет

Ішкі әскерлер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке құрамнан жасақталады.

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi атқару тәртібі, олардың хұқықтары мен мiндеттерi, әскери атақ беру, аттестаттау және қызметтен босату тәртібі Әскери қызметтi өткеру ережелерімен, әскери жарғылармен және басқа нормативтiк актiлермен айқындалады.

Iшкi әскерлерге әскери қызметке келген азаматтар әскери ант қабылдайды.

2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді

18-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң хұқылық жағдайы

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады. Оларға конституциялық, әскери-қызметтiк мiндеттер жүктеледi.

Iшкi әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да хұқылық актілерімен айқындалып жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде өкiметтiң өкiлi болып табылады және олар мемлекет қорғауында болады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер мен әскери қызметшілерге  жеке басын, қызмет жағдайын және әскери қызметте жүргенін куәландыратын жеке бастың куәлігі беріледі.

2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда

19-бап. Ішкі әскерлер кадрларын даярлау және кәсіптік деңгейін көтеру

Сарбаздар мен сержанттарды (старшиналарды) даярлау Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің және Қарулы Күштерінің оқу бөлімдерінде (орталықтарында) жүзеге асырылады.

Ішкі әскерлер үшін офицерлерді даярлау республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің  әскери оқу орындарында шарттық негіздерде жүзеге асырылады.

Ішкі әскерлердің офицер құрамының және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің кәсіптік деңгейін көтеру әскери оқу орындарында, офицер құрамының біліктілігін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында жүзеге асырылады.

2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Әскери қызметшiлер азаматтардың хұқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда командирлер мен бастықтар азаматтардың хұқықтарын қалпына келтiрiп, кiнәлiлердi тәртiптiк немесе қылмыстық жауапқа тартуға, келтiрiлген залалдың орнын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен толтыруға мiндеттi.

Азаматтар iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң iс-әрекетiне белгiленген тәртiп бойынша жоғары тұрған командирге (бастыққа), прокуратура органдары мен сотқа шағым бере алады.

4 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi мен хұқықтары

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008.24.06 № 46-IV ҚР Заңымен  (2008.01.01  қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)  

21-бап. Iшкi әскерлер жеке құрамының мiндеттерi

Iшкi әскерлердiң жеке құрамына:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбесінде көзделген мемлекеттік маңызы бар объектілерді, тасымалдау кезінде арнайы жүктерді және сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету;

2) күзететiн объектiлердегi төтенше жағдайларды жоюға қатысу;

3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

4) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін түзеу мекемелерінен айырбастау пункттеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге және одан кері айдап апару, бұл объектілерді оларда сотталған адамдар жұмыс істеген уақытта күзету;

5) сотталған және қамауға алынған адамдарды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ егер жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға әдейі арналған әскер бөлімшелері болса, әскери соттардың сот отырыстарына олардың өтінімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларынан және одан кері айдап апару;

6) Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң қоймаларын және Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң әскери қоймаларын (базаларын) күзету;

7) патрульдiк-бекеттік қызметті атқару арқылы қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу;

8) жаппай қоғамдық-саяси, спорттық және өзге шаралар өткiзген кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысу;

9) дүлей зiлзалаларды, iрi авариялар мен апаттарды жою кезiнде қоғамдық тәртiп сақтауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың құқықтық режимiн сақтап тұру;

10) ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың, түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, әскери қарауылдардың күзетінен қашқан адамдарды іздеуге қатысу және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынған не аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды іздеуге ішкі істер органдарына көмек көрсету;

11) Ішкi әскерлер бөлiмдерiнiң арасында және мiндеттер орындалатын аудандарға жеке құрамды, материалдық құралдарды, қару-жарақты, техниканы және басқа жүктердi тасымалдау;

12) жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою;

13) заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiнде iс-шаралар жүргізу;

14) терроризмге қарсы операцияны жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу жүктеледі.

 

09.12.98 ж. № 307-I; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң негiзгi хұқықтары

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындаған кезде мынандай хұқықтар берiледi:

1) азаматтар мен лауазымды адамдардың қоғамдық тәртiптi сақтауын, iшкi әскерлердiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн хұқық бұзушылық пен әрекеттердiң тоқтатылуын талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған жағдайда осы Заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;

2) құқық бұзушылықтар жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;

3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткізу;

4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткізу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;

5) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;

6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кіру;

7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);

8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;

9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;

10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану.

11) терроризмге қарсы операцияға және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;

12) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған түзеу мекемелерін, түрмелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Осы Заңға сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.

5 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету шараларын қолдану

 

23.12.92 ж. № 1816-XII; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді

23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы. Ішкі әскерлердің қару-жарағына кіретін қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрілері, арнайы құралдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдарының қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.

Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.

Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.

Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

24-бап. Дене күшiн қолдану

Ішкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiнің қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстап алу кезінде, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері өздерiне жүктелген мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшін, оның ішінде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.

 

23.12.92 ж. № 1816-XII ҚР Заңымен; ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді

25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану

Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:

1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;

2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;

3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды табу және ұстау үшiн;

4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;

5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткізу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдарының қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;

6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;

7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;

8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;

9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;

10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.

Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.

 

ҚР Президентінің 17.03.95 ж. № 2122; 21.12.95 ж. № 2708 Жарлықтарымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Қаруды қолдану және әскери техниканы пайдалану

Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және әскери техниканы айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:

1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;

2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;

4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;

5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;

6) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың күзеттен қашуының жолын кесу үшiн, сондай-ақ оларды күшпен босату әрекеттерiнің жолын кесу үшiн;

7) жаппай тәртiпсiздiктің жолын кесу кезінде, оның ішінде түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторларында, түрмелерде жолын кесу кезінде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кезінде.

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:

- хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;

Олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адамдар алған, әуе кемесін басып алған немесе топтасып шабуыл жасаған кездерден басқа уақытта әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.

Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға және олардың  жасы белгілі немесе айқын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.

Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.

 

6 бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға iшкi әскерлердi қатыстыру

 

23.12.92 ж. № 1816-XII; 09.12.98 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27-бап өзгертілді

27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру

Қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртібін әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, жеке құрамының оқуы мен дем алуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, Iшкi iстер министрінің келісімi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары және әскери бөлiмдердiң командирлерi белгiлейдi.

09.12.98 ж. № 307-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді

28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру

Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы операцияға қатысу және төтенше жағдайларды жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, терроризм актілерін, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң жеке құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.

Бұл орайда офицерлердiң келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға еcептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.

 

 

7 бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлықтарымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды талаптарының орындалу мiндеттілігi және лауазымды адамдар мен азаматтардың осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылығы

Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.

Осы Заңды орындамау, iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартуға әкеп соғады.

30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы

Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.

2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді

31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен босаған кездегi сот қорғауына хұқығы

Офицерлер және келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.

08.04.93 ж. № 2088-XII; 19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді

32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда, оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн кепiлдiктер

Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.

Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 02.04.97 ж. № 88-I; 11.07.97 ж. № 154-I; 09.12.98 ж. № 307-I; 07.04.99 ж. № 374-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз ету

Офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен жиырма және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын үйлер берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөніндегі мiндет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледi.

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi отбасының есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу құқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.

09.12.98 ж. № 307-I; 07.04.99 ж. № 374-I; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертілді

34-бап. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

19.06.97 ж. № 134-I ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді

35-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді

36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету

Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді

37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау

Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөніндегі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.

 

8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн

қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді

38-бап. Iшкi әскердi қаржыландыру

Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.

Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, жеке құрамды, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөніндегі мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.

Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.

Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.

 

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды

39-1-бап. Ішкі әскерлерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері

Ішкі әскерлер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.

 

ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді

40-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев