Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
1993 ж. 13 қаңтардағы № 1872-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңымен күші жойылды
1. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (5 - 6 баптар)
белгілеу, өтетін жерлерін өзгерту және көрсету
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының (7 - 16 баптар)
тәртібі
4. Шекаралық тәртіп (17 - 21 баптар)
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы (22 бап)
арқылы өткізу пункттеріндегі тәртіп
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Қазақстан (23 - 28 баптар)
Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерін реттеу
саласындағы өкілеттіктері
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (29 - 30 баптар)
күзетуге қатысушы әскери қызметшілер мен басқа
да азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (31 - 32 баптар)
күзету кезінде қаруды, ұрыс техникасын және
арнаулы құралдарды қолдану
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (33 бап)
туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзғаны
үшін жауаптылық
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (34 - 36 баптар)
күзетуді ресурспен қамтамасыз ету
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен Заң өзгертілді
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлiнбейдi.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құқылық негiздерiн белгiлейдi және баянды етедi.
15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара )1-бап өзгерді
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық.
Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленеді және өзгертіледі.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2-бап өзгерді
2-бап. Қазақстан Республикасының шекара саясаты
Қазақстан Республикасы аумақтық тұтастықтың және Мемлекеттік шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерiн негiзге ала отырып:
Мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын аумақтық (құрғақ, су, жер қойнауы, әуе кеңiстiгiнiң) заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiгi шегiн анықтайтын сызық ретiнде қарастырады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгiлеген және оның өтуiн өзгерткен, Қазақстан Республикасының шекарадағы шектес мемлекеттермен құқылық қатынастар орнатқан және қолдап отырған, Қазақстан шекаралық аудандарындағы (су айдындарындағы) және Қазақстан аумағынан өтетiн халықаралық жолдардағы құқық қатынастарын реттеген кезде Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарын, шектес мемлекеттермен өзара тиiмдi жан-жақты ынтымақтастық мүдделерiн, шекара мәселелерiн бейбiт, күш қолданбай шешу принциптерiн басшылыққа алады;
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 3-бап өзгерді
3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Мемлекеттік шекараны белгiлеу мен оның өтуiн өзгерту және оның көрсетiлу тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгiлеу ретiн және ұстау тәртібін, шекара тәртібі мен Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiптi белгiлейдi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету саласындағы қатынастарды реттейдi. Ол заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен құрылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 4-бап өзгерді; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 4 -бап жаңа редакцияда
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қорғау мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде саяси, әскери, жедел-іздестіру, дипломатиялық, кедендік, экономикалық, экологиялық және өзге де шараларды қабылдау жөніндегі келісілген іс-қимылынан тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде күзету ұлттық мүддені іске асыруға кедергі келтіретін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оларға қауіп төндіретін жағдайларды, процестер мен факторларды ашу және олардың алдын алу жөніндегі тұрақты сипаттағы құқықтық, ұйымдық, әскери, жедел-іздестіру, кедендік, техникалық, ақпараттық шараларды жүзеге асырудан тұрады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңіздегі, өзендердегі (бұлақтардағы) және өзге де су қоймаларындағы, сондай-ақ континенттік қайраңындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі туралы халықаралық шарттарды және шекара мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын барлық жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде шетелдік тұлғалардың сақтауын шекара кеңістігінде бақылау жолымен жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне жүктеледі.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құқықтары шеңберінде азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар қатыса алады.
2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 4 -1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Қазақстан Республикасының шекара кеңістігі және оны бақылау
1. Қазақстан Республикасының шекара кеңістігі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара сызығы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара сызығынан шекаралық аймақтың немесе шекаралық белдеудің сыртқы шегіне дейінгі жер белдеуі, ал ол белгіленбесе - әкімшілік-аумақтық бірліктің сыртқы шегіне дейінгі жер өңірі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі), ішкі сулары, континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің аумағы.
2. Шекара кеңістігіндегі бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу белгілері мен шекара кеңістігіндегі белгіленген ережелерді бұзушыларды анықтау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесін білдіреді.
3. Шекара кеңістігіндегі бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгілеу, өтетін жерлерін өзгерту және көрсету
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгiлеу және өзгерту
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы:
құрғақта - жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
теңiзде - Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегi бойынша;
өзендерде (бұлақтарда) - олардың орта тұсы бойынша немесе өзiнiң негiзгi аңғарының орта тұсы бойынша; өзге де су қоймаларында - Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының су қоймасының жағасына шығатын тұсын бiрiктiретiн тура сызық бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының өзен (бұлақ) өзге де су қоймасы бойынша өтетiн мемлекеттік шекарасы олардың жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгергенде де, өзен (бұлақ) аңғары белгiлi бiр жаққа ауытқыған жағдайда да өзгертiлмейдi;
су тараптарының су қоймаларында және басқа жасанды су қоймаларында олар толтырылғанға дейiнгi жерден өтетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына сәйкес;
темір жол және автомобиль жолдары көпiрлерiнде өзендердiң (бұлақтардың) шекаралық учаскелерi арқылы өтетiн бөгеттер мен басқа ғимараттарда - Қазақстан Республикасының су бойынша Мемлекеттік шекарасының өтуiне қарамастан, әлгi ғимараттардың орта тұсы бойынша немесе олардың технологиялық ортасы бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының иелiгіндегі аумақтық суларға (теңiзге) Қазақстан Республикасына тиесiлi құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегiнен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес анықталатын тиiстi географиялық нүктелердi қосатын бастапқы түзу сызықтан есептелетiн енi он екi теңiз милi болатын жағалық теңiз сулары жатады.
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен аумақтық сулар (теңiз) шекаралары олармен жасалған халықаралық шарттар арқылы белгiленедi.
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңына Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiздiң) сыртқы шегiнен оның орта сызығына дейiнгi Каспий теңiзiнiң бетi және оның түбiнiң қойнауы жатады.
Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының шекаралары халықаралық шарттармен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының iшкi суларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы порттарының гидротехникалық және басқа ғимараттарының теңiз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген порт сулары;
жағалауы Қазақстан Республикасының иелiгіндегі өзендер мен өзге де су қоймаларының сулары;
Каспий теңiзiнiң Қазақстан Республикасына тиесiлi шығанақтарының, бухталарының, құйылыстарының, жайылмаларының сулары, олардың тiзбесiн халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының жерге (су бетiнде) қарап Қазақстанның халықаралық шарттары негiзiнде шекараны редемаркациялау ретiнде жүргiзiлген Мемлекеттік шекарасының өтуiн дәлелдей түсуi туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекiтуiне жатады;
2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жерiне қарап белгiлеу айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен көрсетiледi.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тәртібі
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 7-бап өзгерді; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакция (бұр. ред. қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери корабльдердің шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңізге), сондай-ақ ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында әртүрлі жұмыстарды, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын ұстау Мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы актiлерге және оның жер бетiнде өтуiн айқындайтын басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленбеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын ұстау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi белгiлейдi.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол, автомобиль, теңiз, әуе қатынасы мен өзге де қатынас Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, кеден органдарының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдардың бақылау-өткізу пункттерi құрылады.
3. Әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтедi.
4. Әуе кемелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы бөлiнген ұшып кiретiн (ұшып шығатын) әуе дәлiздерi арқылы ұшып өтедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан әуе дәлiздерiнен тыс ұшып өтуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен 10-бап өзгерді
10-бап. Әскери емес әуе (теңiз) кемелерiнiң ұшып шығуы (кетуi), келiп қонуы (кіруi)
Қазақстандық және шетелдiк әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасынан ұшып шығуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келiп қонуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бақылау-өткізу пункттерi және кеден органдары бар әуежайларда (аэродромдарда) жүзеге асырылады. Әуе кемелерiнiң ұшып шығуы мен келiп қонуының өзге тәртібіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.
Шетелдiк әскери емес кемелер Қазақстан Республикасының мұндай кемелердiң келуi үшiн ашық рейдiлерi мен порттарына келiп кiре алады. Шетелдiк әскери емес кемелердiң кіруiне ашық рейдiлер мен порттардың тiзбесi, ондай порттарға кіру және оларда болу тәртібі - жүк және жолаушы операцияларын жүргiзу, кемелердiң жағалаумен хабарласу, кеме экипажы мүшелерi болып табылмайтын адамдардың бару тәртібі, шетелдiк әскери емес кемелердiң Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен порттарына, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне кіруiне және осы суларда болуына байланысты басқа да ережелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында жүзген және болған кезiнде радио байланысы, навигациялық, порт, кеден экологиялық, санитарлық ережелердi және өзге де ережелердi сақатуға мiндеттi. Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзiне), iшкi суларына кіруге мәжбүр болған ретте немесе бұл суларда жүзу мен болу ережелерiн сақтамауға мәжбүр болған ретте бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының ең таяудағы портының әкiмшiлiгiне дереу хабарлауға мiндеттi.
Шетелдiк ұшу аппараттарының, әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң Қазақстан Респубилкасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларындағы кез келген кәсiпшiлiк, зерттеу және iздестiру қызметiне тыйым салынады, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет реттерi кiрмейдi.
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шешiмiмен қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуiне және болуына уақытша тыйым салынатын аудандар белгiленуi мүмкiн.
Мұндай аудандарды белгiлеу туралы белгiленген тәртiппен хабарланады. Мыналарға тыйым салынады:
шекара арқылы өткізу пункттерi жоқ Қазақстан Республикасы порттарына шетелдiк кемелер мен шетелде жүзетiн қазақстандық кемелердiң кіруiне, шетелдiк және қазақстандық әуе кемелерiнiң Қазақстан әуежайларына (аэродромдарына) қонуына;
Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық қатынас үшiн ашпаған мұндай порттардан (әуежайлардан, аэродромдардан), шетелге бару үшiн қазақстандық теңiз, өзен және әуе кемелерiнiң (корабльдерiнiң) шығуына (ұшып кетуiне); көлiк құралдарының тоқтауына, өткізу пункттерiнен тыс жерде адамдарды түсiруге, заттар мен хайуандарды түсiруге;
жүзетiн құралдарды суға түсiруге, көлiк құралдары бар ұшу аппараттарын аспанға көтеруге және оларды көлiк құралдарына қабылдауға, құралдардың су асты жағдайында болуына, олардың Қазақстан жағалауына жақындап келуiне, шекара арқылы шекарадан өткізу пункттерiне бет алған кезде, және керi қайтқан жағдайда теңiз (өзен) кәсiпшiлiгiн жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған басқа да iс-қимылды жүзеге асыруға.
Бұл ережелерде дүлей кесапаттар, апаттар мен авариялар кезiнде кемелердi, корабльдердi мұз арасынан өткізу кезiнде, сондай-ақ қауiп төнген немесе апатқа ұшыраған адамдарға, кемелерге, ұшу аппараттарына жәрдем көрсеткен кезде амалсыздан шекарадан өткен реттер кiрмейдi.
Қазақстандық және шетелдiк әуе (теңiз) кемелерi көзделмеген жерлерге амалсыз қонған (кiрген) кезде шекаралық бақылауды - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары, ал кедендiк бақылауды кеден органдары әуежайлардың (аэродромдардың), теңiз және өзен порттарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ең жақын шекаралық бақылау бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарына хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн кездегi бақылау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн кезде адамдар, көлiк құралдары, жүктер мен тауарлар шекара, кеден және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген басқа да бақылау түрлерiнен өткiзiлуге тиiс.
2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 11-1 -баппен толықтырылды
11-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау
Шекаралық бақылау:
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіруге (шығуға) құқық берудің заңды негіздерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуге құқық беретін құжаттарды тексеру;
көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды қарап тексеру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери, режимдік, жедел және әкімшілік әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 12 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
12-бап. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін адамдарды өткізуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына келуі кезінде өткізу пунктіне келген және шекара арқылы өтуге негіздемесі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілмейді және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өздері келген елге немесе өзі азаматтығын алған елге кері қайтарылады.
Қазақстан Республикасынан кететін адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болған кезде шекара арқылы өткізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болмаса;
егер бұрын осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік шығарып жіберу шаралары қолданылса;
осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарынан тиісті шектеулер болған жағдайларда, шекарадан өткізуден бас тартылады.
3. Көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудiң өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 13 -бап өзгертілді
13-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру тәртібі
Қазақстан азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi, соның iшiнде бiрлескен қызметтi Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тиiсiнше тәртiп қамтамасыз етiлетiндей етiп жүзеге асырады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 14-бап өзгерді
14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы тәртібін бұзушылар
Мыналар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы тәртібін бұзушылар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстану, Мемлекеттік шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзу тәртібін бұзған адамдар;
шекарада түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібін бұзған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы белгiленген тәртiпке жатпайтын қарым-қатынас жасаған адамдар;
Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзудiң және тұрудың тәртібін бұзған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында түрлi жұмыстар, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге қызмет жүргiзушi қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында аэрофотосуретке түсiрген және өзге қызмет атқарған кезде ұшу ережесi мен тәртібін бұзған Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердiң әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 15 -бап өзгертілді
15-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушылар
Мыналар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушылар болып табылады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнен тыс немесе өткізу пункттерiнде солар арқылы, бiрақ шекарадан өтудiң белгіленген ережелерiн кез келген әдiспен бұзып өткен немесе өтуге тырысқан адамдар;
Қазақстан Республикасынан заңсыз кету мақсатымен шетелдiк және шетелге бара жатқан қазақстандық көлік құралдарына кiрген немесе кіруге тырысқан адамдар;
Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңiзiне) немесе iшкi суларына, сондай-ақ шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiне ондай суларға кірудiң белгiленген ережелерiн бұзып кiрген шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер. Шетелдiк сүңгуiр қайықтар және су астында жүзетiн басқа да көлiк құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан су астындағы жағдайда өткен ретте немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзген және тұрған кезiнде осындай жағдайда болған ретте олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушылар болып табылады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан тиiстi рұқсатсыз өткен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ұшып өтудiң ережелерiн басқаша бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын басқа да кез келген техникалық немесе өзге де құралдармен тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тәртiптi бұзып өту де оны бұзу болып табылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 16-бап өзгерді
16-бап. Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу тәртібін сақтауға байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ шекаралық жанжалдарды реттеу үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының белгiлi бiр учаскелерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң офицерлерi қатарынан белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi тағайындалады.
Қазақстан Республикасының шекарадағы өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Шекарадағы өкiлдер реттемеген мәселелер дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1 Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Шекаралық аймақ және шекаралық өңiр
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі шекаралық аймақ және шекаралық өңiр белгiлейдi.
15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 18 -бап өзгертілді
18-бап. Қазақстан Республикасының шекаралық тәртібі және аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерi
Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрде, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында, азаматтардың келу, уақытша болу, тұру, жүрiп-тұру тәртібін, жұмыстар жүгiзу, пристаньдарда, айлақтарда, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз арқылы жүруге арналған құралдар тоқтай тұратын пункттерде есеп жүргiзу және ұстау, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында жүзу және қозғалу тәртібін регламенттейтiн шекаралық тәртiп, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін белгіленеді.
Пристаньдарда, айлақтарда және тоқтайтын пункттерде өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен құралдарды есепке алу мен ұстаудың, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде жүзуi мен қозғалуының осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына iргелес жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына да немесе шекаралық аймақ белгiленбеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi күзететiн теңiз жағалауына да қолданылады. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және континенттiк қайраңында, шекаралық өзендер және өзге де су қоймалары суларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметтерi мен өзге де қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған қызмет Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлай отырып, ал Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде олардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
15.07.96 № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгердi
19-бап. Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрге бару
Егер басқа тәртiп белгiленбесе, шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз бұл аймаққа кіруiне тыйым салынады.
Қазақстьан Республикасы шекаралық аудандарының тұрғындары үшiн адамдардың шекаралық аймаққа, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде орналасқан аралдарға баруы (өтуi) жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
Қызметтiк iссапарларға, емделу мекемелерiне, демалыс үйлерiне, туристiк базаларға баратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттары болған жағдайда iссапар куәлiктерi мен жолдамалары бойынша бара алады. Сондай-ақ әскери қызметшiлердiң қызмет қағаздары, өту куәлiктерi, өту билеттерi баруға құқық беретiн құжаттар болып табылады, Парламент пен мәслихаттар депутаттары және сол аумақ қарауына жататын лауазымды адамдар - Парламент пен мәслихаттар депутатының куәлiктерi немесе қызмет куәлiктерi бойынша өтедi. Шекаралық аймаққа баруға, уақытша болуға, тұруға және жұмыстар жүргiзуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi бередi.
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары беретiн өткізу қағаздары бойынша өтедi.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 20 -бап жаңа редакцияда
20-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына тікелей жақын жерде шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті жүргізу, сондай-ақ бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени және басқа да іс-шараларды өткізу
Мүдделі адамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен Мемлекеттік шекараға жақын жердегі құрлықта, теңізде, шекаралық өзендерде (бұлақтарда), континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда және өзге де су қоймаларында:
жерді, ормандарды пайдалануға, тау-кен істерін, геологиялық іздестірулерді жүргізуге байланысты шаруашылық және өзге де жұмыстарды;
су шаруашылығы құрылыстарын салу мен пайдалануға және су пайдаланудың басқа да түрлеріне байланысты жұмыстарды;
аң аулауды, балық аулауды, басқа да кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру және өзге де қызметті;
елді мекендерден тыс жерде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу орнын, уақытын, қатысушылардың санын келіседі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұндай жұмыстардың немесе іс-шаралардың өткізілуін хабарлау тәртібін әзірлейді.
10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.24.07 № 190-ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгердi
21-бап. Карантин өңiрi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының бойындағы жер өңiрiнде (карантин өңiрiнде) ұйымдар мен азаматтарға қарасты малды ұстауға және жаюға тыйым салуы мүмкiн. Тiкелей мемлекеттік шекара маңында тұратын (жұмыс iстейтiн) азаматтардың, сондай-ақ карантин өңiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi бөлiмшелерiнiң малын (үй хайуанаттарын) ұстау мен бағу бұған кiрмейдi.
Карантин тәртібін енгiзе отырып карантин аймағын белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмдердi:
1) екi немесе одан да көп облыстар аумағында - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында облыстың жергiлiктi атқарушы органы қабылдайды.
Карантин белдеуiнiң ветеринарлық тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі тәртіп
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 22-бап өзгерді; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 22 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
22-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiп
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен кеден органдарының бақылау өткізу пункттерiнiң қызметiне жағдайлар жасау және оны қолдап отыру мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, осы пункттерде адамдар мен көлiк құралдарының болуын және жүрiп-тұруын, сондай-ақ адамдарды, көлiк құралдарын, жүктi және тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуге байланысты басқа да қызметтi регламенттейтiн тәртiп белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi өткізу пункттерiнде бөгде адамдардың өтiп кеуiне жол бермеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтiп кетуiне тыйым салу мақсатында қосымша тәртiп ережелерiн белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 6-тарудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерін реттеу саласындағы өкілеттіктері
15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 23-бап өзгердi; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қаматамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеп, іске асырады;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету саласындағы қызметіне басшылық жасайды;
3) негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып, аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелердің тізбесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шекара белгілерінің нысандары мен көлемін, олардың сипаттамасын және орнату тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін, олардың ашылу, жұмыс істеу және жабылу тәртібін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде режим орнатады, шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлеріне жағдай жасау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеушілік, іздестіру және өзге де қызметтің барлық түрін жүргізу тәртібін белгілейді;
8) шекаралық аймақ пен шекаралық белдеуді белгілейді;
9) шекаралық режимді, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және континенттік қайраңының режимін белгілейді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес карантиндік белдеуді белгілеп, карантиндік режимді енгізеді;
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді шығарады;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
15.07.96 ж. № 31-1 ҚР Заңымен; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
2) халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық жағдайды, сондай-ақ шектес мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатысты болуы мүмкiн дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу жөніндегі қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында ұсталған адамдардың құқық бұзуының мән-жайларын анықтауға және тексеруге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк тәртiппен де қатысады;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды тiкелей қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне оралымды басшылықты жүзеге асырады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшылығына Қазақстан Республикасына қатысты шектес мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекара арқылы өту тәртiбіндегі өзгерістер туралы, шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны делимитизациялау мен демаркациялаудың жүргiзiлуi туралы хабарлап отырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң шекаралық өкiлдерi реттемеген жанжалдарды дипломатиялық тәртiппен шешедi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-1. Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды және оларға жеке куәлiк пен паспорт берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрлатқан, жоғалтқан жеке куәлiктерi мен паспорттары бойынша деректер қорын қалыптастырады және олар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлайды, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
1) Қазақстанда үнемi тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіруге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесiп, шекаралық тәртiп ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
3) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарындағы құқық тәртібінiң жай-күйi, тұрғылықты жерiнен белгiсiз мән-жайларда кетiп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне қатысты құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмысты топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлап отырады;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiптi бұзған адамдарды iздестiруде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтар жасаған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мен тексеруде жәрдемдеседi;
5) туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, шекара бұзушыларды шекарада iздестiру, шектес мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруiне немесе жаппай өтуiне тойтарыс беру кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ұсынуы бойынша шекаралық аймақтағы (өңiрдегi) жекелеген жер учаскелерiне немесе объектiлерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың баруын уақытша шектейдi немесе баруына тыйым салады;
6) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және ол арқылы өткізу пункттерiнде құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-1. Көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiндегi бақылаушы органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде жәрдемдеседi, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзетудi және қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетi мен қорғанысына қатысуын қамтамасыз етедi;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн адамдарға, көлiк құралдарына, жүктер мен тауарларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау жасауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды, оның тәртібін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетедi.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 25-бап өзгерді
25-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң негiзгi құқықтары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi:
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде немесе заңсыз өтiп кеткен кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде және Қазақстан Республикасынан тыс әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын тану үшiн әскерлердегi құралдарды пайдалануға;
қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiп бойынша әуе кеңiстiгiнде жағдайды анықтау және мемлекеттік шекарадан заңсыз өтудiң алдын алу немесе тыйым салу жөнiнде шаралар қолдану үшiн қарулы күштердiң басқа түрлерi мен мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тартуға;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтiп кету қаупi туған кезде әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарының Қазақстанның әуе кеңiстiгiнiң жекелеген аудандарында ұшуына толық тыйым салуға немесе оны шектеуге;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен және Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттарын Қазақстан Республикасының аумағына қондыру жөнiнде шаралар қолдануға;
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен әуе кемелерi мен басқа да ұшу аппараттары экипаждары мүшелерiнiң шекарадан заңсыз өтiп кету мән-жайларын анықтау және, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, оларды анықтау және тергеу органдарына беру үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмшелерiне немесе өзге де жерлерге шақыруға;
Мемлекеттік шекараны бұзушылардың ұшуына тыйым салуға құқылы.
ҚР 2002.07.10. № 338-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша мiндеттерi
Заңды тұлғалар, олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне, кеден органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге көмек көрсетуге, олардың заңды талаптарын орындауға, оларға қажеттi ақпарат беруге құқылы.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 27-бап өзгерді; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 27-бап өзгертілді
27-бап. Азаматтардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша мiндеттерi мен құқықтары
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының белгiленген тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң тәртібін, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерiн, сондай-ақ шекаралық тәртiптi сақтауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi мен осы тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органдардың заңды талаптарын орындауға және оларға осы мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының азаматтары шекараны күзету жөніндегі ерiктi жасақтардың құрамында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде және басқа түрлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге ерiктiлiк негiзiнде қатыса алады. Азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасын күзетуге тартуды Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгiлейдi.
Шекаралық аймақ пен өңiрде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн нормалар мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 28-бап өзгерді
28-бап. Қазақстан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, кеден және басқа органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудегi өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, кеден және басқа органдары шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен мемлекеттік органдар деңгейiнде жасалған және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында негiзделген келісімдерiнде белгiленетiн тәртiп бойынша өзара iс-қимылды ұйымдастырып, жүзеге асырады.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге қатысушы әскери қызметшілер мен басқа
да азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 29-бап өзгерді
29-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге қатысушы әскери қызметшiлердiң құқылық жағынан қорғалуы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде мемлекеттік өкiмет өкiлдерi болып табылады. Олардың талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Әскери қызметшiнiң талаптарына бағынбау, оған тiл тигiзу, қарсылық көрсету, әскери қызметшiге қоқан-лоққы жасау, оған күш қолдану немесе оның өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ әскери қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасайтын басқа да әрекеттер заңда белгiленген жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында әскери қызметшi қызмет борышын атқаруына байланысты жасалған қылмысты қол сұғулардан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн құқылық жағынан қорғау белгiленедi.
30-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге қатысушы азаматтардың құқылық жағынан қорғалуы
Мемлекеттік шекараны күзетуде азаматтардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жәрдемдесуiне байланысты азаматтар мен олардың отбасы мүшелерi жөнiнде құқыққа қарсы әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапқа тартылады.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезінде қаруды, ұрыс техникасын және
арнаулы құралдарды қолдану
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен; 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 31-бап өзгертілді
31-бап. Қару мен ұрыс техникасын қолдану
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi қару мен ұрыс техникасын:
Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасауға және қарулы басуға тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы арандатуға тыйым салу үшiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен және қарулы қарсылық көрсеткен адамдарға, теңiз (өзен) кемелерiне, әуеде ұшу аппараттарына қарсы;
әуе және теңiз (өзен) кемелерiн айдап әкетуге жол бермеу үшiн;
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі қызмет мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындап жүрген әскери қызметшiлерге, басқа да адмдарға жасалған шабуылға, олардың өмiрiне тiкелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру үшiн;
азаматтарды олардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынғандарды босату үшiн;
тоқтату не бағытты өзгерту жөніндегі талаптарды орындамаған жағдайда көлік құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату үшін қолданады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген басқа реттерде қару қолданардың алдында оны қолдану ниетi туралы ескерту жасалуға және ескерту мақсатында оқ атылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезiнде қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қаруы мен ұрыс техникасы қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi Мемлекеттік шекараны күзету жөнiнде қызмет атқарған кезде дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
32-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі мiндеттерiн орындаған кезде әскери қызметшiлер қол кiсендерiн, резина таяқтар, көзден жас ағызатын және пайдалануға рұқсат етiлген басқа да заттарды (газдарды), алаңдатушы әсер ететiн жарық-дыбыс құрылғыларын, көлiктi зорлап тоқтатуға арналған құрылғыларды қолдануға, сондай-ақ күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн және қызмет иттерiн пайдалануға құқылы. Арнаулы құралдарды қолдану мен пайдалану белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен 33-бап өзгердi
33-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк және азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiнен өз құқықтары мен бостандықтарын шектеу жөнiнде түсiндiрме алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда тиiстi лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді ресурспен қамтамасыз ету
22.12.98 ж. № 327-1; 10.07.02 ж. № 338-II ҚР Заңдарымен 34-бап өзгерді; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. 2007.19.12 № 11-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қадағалау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
| Н. Назарбаев |