Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы

(2025.13.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары

2-2-бап. Дипломатиялық қызметтің негізгі қағидаттары

3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі

4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесi

5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негізгі міндеттері

6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары

7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары

7-1-бап. Дипломатиялық пошта

 

2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, дипломатиялық лауазымдарға тағайындау

8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы

9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру

9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві

 

3-тарау. Дипломаттық дәрежелер

10-бап. Дипломаттық дәрежелер

11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі

12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi

13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру

 

4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту

14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару

15-бап. Ротация

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы

15-2-бап. Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы

16-бап. Аттестаттау

17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату

 

5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi

20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу

 

6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қызмет көрсету

24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету

24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар

26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу

29-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына ақшалай төлемдер

29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер

30-бап. Жыл сайынғы демалыстар

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау

32-бап. Алып тасталды

32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет  персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету

7-тарау. Қорытынды ережелер

33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен мәтіндегі «республикалық бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік қызмет туралы заңдардан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына», «мемлекеттік қызмет туралы заңдарында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына», «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «ад хoк» дипломатиялық курьері - курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;

2) вализа - дипломатиялық поштаны тасымалдауға арналған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс;

3) дипломатиялық курьер - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет органдарында республикалық бюджеттен ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға.

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін;

5) дипломатиялық пошта - дипломатиялық поштаға жататындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника;

6) курьерлік парақ - Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен «ад хок» дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты;

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет ардагері) - бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында және (немесе) Қазақстан Республикасынан жолдама бойынша халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;

8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет жұмыскерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер;

9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет қызметкерлері) - дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесі бар және құқықтары мен міндеттерін дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер;

10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналы) - дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері;

11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асырап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары.

Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағидаларында айқындалады;

12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) - дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары;

13) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіптік қызметі;

14) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретін шекте қызметі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға және экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени байланыстарды және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағытталған бір бөлігі.

Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі - бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;

16) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі - бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;

17) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві - бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі;

18) шет елдердегі мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.

2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары

Дипломатиялық қызмет саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу, сондай-ақ дипломатиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздерін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2-бап. Дипломатиялық қызметтің негізгі қағидаттары

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) патриотизм;

3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау;

5) дипломатиялық қызмет персоналының кәсібилігі.

 

3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесi

Дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, шет елдердегі мекемелер, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары құрайды.

 Дипломатиялық қызметтiң бірыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлігі басқарады.

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негізгі міндеттері

Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай негізгі мiндеттер жүктеледi:

1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметіне тиiстi ұсыныстар беру;

2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;

3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) шет елде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;

7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;

2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;

2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-2) тармақша өзгертілді

8-2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерімен барлық ресми істерді жүргізу;

9) әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттік органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары

Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi:

1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;

2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;

3) келiссөздер жүргiзудi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;

4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Yкіметінiң қарауына белгiленген тәртiппен енгізу;

5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкіметіне белгiленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу;

7) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;

8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;

9) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

10) - 12) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

14) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн консулдық функцияларды жүзеге асыру;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;

17) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді

18) Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;

19) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

20) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;

21) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;

22) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүргiзуге қатысу;

23) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;

25) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесiн қалыптастыру;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестицияларды, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу;

27) қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;

2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

27-1) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;

2014.10.12. № 264-V ҚР Заңымен 27-2), 27-3), 27-4), 27-5), 27-6) және 27-7) тармақшалармен толықтырылды

27-2) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;

27-3) - 27-7) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 27-8) тармақшамен толықтырылды; 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 27-8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-8) мыналарды:

шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеуді;

Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

27-9) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

27-10) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-11) тармақшамен толықтырылды

27-11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-12) тармақшамен толықтырылды

27-12) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-13) тармақшамен толықтырылды

27-13) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 27-14) тармақшамен толықтырылды

27-14) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 27-15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

27-15) осы Заңның негізгі мақсаттарына, дипломатиялық қызмет органдарының негізгі міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

28) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары

1. Дипломатиялық қызмет органдарының дербес байланысы мен мұрағаты болады.

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Дипломатиялық қызмет органдары өздерiнiң жеке телекоммуникациялар желісі мен дипломатиялық поштаны пайдаланады.

3. Сыртқы iстер министрлігінiң мұрағатында халықаралық шарттардың түпнұсқалары және (немесе) дұрыс көшiрмелерi, сондай-ақ өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да материалдар сақталады.

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының аумағындағы және шет елдегі өзiне қарасты объектiлердiң қауiпсiздiк жүйесiн ұйымдастырады.

Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес баспа басылымдарын шығаруға құқылы.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды

7-1-бап. Дипломатиялық пошта

1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет органдарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық поштадағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға арналған.

Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды.

2. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады.

3. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді.

4. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есептеуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерттеп қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе «ад хок» дипломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет органдарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

5. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін.

6. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі.

7. Дипломатиялық курьерлер мен «ад хoк» дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс.

Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анықтау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъектілерімен келісу бойынша жүзеге асырады.

8. Сыртқы істер министрлігі:

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастырады, сондай-ақ дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шараларды өз құзыреті шегінде қабылдайды;

2) - 4) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады.

9. Шет елдегі мекеме:

1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;

2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;

3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады;

4) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы, дипломатиялық лауазымдарға тағайындау

 

8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы

1. Дипломатиялық қызмет персоналын мыналар құрайды:

1) дипломатиялық қызмет қызметкерлерi;

2) дипломатиялық қызмет жұмыскерлерi.

2. 2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру

2006.22.05 № 143-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Дипломатиялық қызметке жоғары білімi бар, қазақ, орыс және шет тілдерін еркін меңгерген және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.

Егер халықаралық ұйымның жарғылық немесе өзге де құжаттарында халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерді мемлекет басшыларының тағайындамайтыны көзделсе, онда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілінің мемлекеттік саяси қызметші мәртебесі болмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілеріне бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйыммен қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері орналасқан жері Қазақстан Республикасында болып тағайындалуы мүмкін.

Орналасқан жері Қазақстан Республикасындағы қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.

Шет елдердегі мекемелерде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.

Дипломатиялық қызмет лауазымдарына тағайындау осы Заңда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Шет елдегі жұмыстан кейін Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызмет персоналы, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымнан төмен емес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалады.

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Халықаралық ұйымға лауазымға тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.

Осы тармақтың күші халықаралық ұйымға лауазымға тағайындалғанға дейін тікелей мемлекеттік саяси лауазымды атқарған адамдарға қолданылмайды.

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті сынақ мерзімі белгіленеді.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмысы тоқтатылған кезде дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.

2. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынған адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес Сыртқы істер министрлігіндегі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға құқығы бар.

 

 

3-тарау. Дипломаттық дәрежелер

 

10-бап. Дипломаттық дәрежелер

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне атқаратын лауазымы және біліктiлiгi ескерiле отырып, мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:

1) атташе;

2) үшінші хатшы;

3) ІІ сыныпты екiншi хатшы;

4) І сыныпты екiншi хатшы;

5) ІІ сыныпты бірiншi хатшы;

6) І сыныпты бірiншi хатшы;

7) ІІ сыныпты кеңесшi;

8) І сыныпты кеңесшi;

9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

10) І сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.

 

11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі

2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.

Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бір саты жоғары не төмен болуға тиiс.

3. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiміндегі (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Осы Заңның 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дипломаттық дәрежелер өмiр бойына берiледi және сақталады.

 

12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi

1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:

1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;

2) ІІ және I сыныпты бірiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.

І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.

2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:

1) Сыртқы iстер министрлігіндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс;

2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;

3) Сыртқы iстер министрлігінiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктеріндегі жұмыс;

4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктеріндегі жұмыс;

5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;

6) Сыртқы iстер министрлігінiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелеріндегі ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;

7) Сыртқы iстер министрлігінiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде біліктiлiктi арттыру;

8) Сыртқы iстер министрлігі жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.

 

13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру

1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн.

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлері, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында немесе болатын елінің заңнамасында көзделген жауаптылыққа алып келетін іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, олардың дипломаттық дәрежесі төмендетілуі немесе дипломаттық дәрежесінен айырылуы мүмкін.

Дипломатиялық қызмет органдары жүйесінен қызметтік тәртіпті бұзғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкері бір мезгілде дипломаттық дәрежесінен айырылады.

Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломаттық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дипломаттық дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.

 

 

4-тарау. Дипломатиялық қызметтен өту

 

14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызмет персоналының лауазым ауыстыруы кадрлардың біліктiлiгi, кәсiби даярлығы, олардың ротациясы мен мамандану принциптерi ескерiле отырып, қызмет бабындағы қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.

Дипломатиялық қызмет органдарында бос лауазымдарға орналасу осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң лауазымы шет елдердегi мекемелердегi жұмысы кезеңiнде, оның шет елде болу мерзiмi қызмет бабындағы қажеттiлiкке байланысты ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бір реттен артық өсiрiлмейдi.

 

15-бап. Ротация

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау жүргізіледі.

Ротация шеңберiнде дипломатиялық қызмет персоналы, оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберiледi немесе өздерiнiң қызметiн Сыртқы iстер министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырады.

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау мынадай түрлерге бөлінеді:

2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) сыртқы - конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар.

Сыртқы ротациялауға орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау да жатады;

2) ішкі - осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында орын ауыстырулар.

2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған - адамдар сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегеніне бір жыл өткеннен кейін ғана, олардың кәсіби,білімі мен тіл білуі ескеріле отырып, шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілуі мүмкін.

Шет елдердегі мекемелерде жұмыс істеу арасындағы кезеңде Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс істеу мерзімі дипломатиялық қызмет қызметкерлерінде кемінде екі жылды, дипломатиялық қызмет жұмыскерлерінде кемінде бір жылды құрауға тиіс.

2006 ж. 22 мамырдағы № 143-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Дипломатиялық қызмет персоналы үшін шет елдердегі мекемелерде үздіксіз жұмыстың мынадай:

1) Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдері үшін - бес жылдан ұзақ емес;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының бас консулдары үшін - төрт жылдан ұзақ емес;

 3) кеңесші-уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үшін - төрт жылдан ұзақ емес;

4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дипломатиялық қызмет персоналы үшін - үш жылдан ұзақ емес мерзімдері белгіленеді.

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызметтік қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті ұзартуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы бас консулдарының үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызмет бабында қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.

5. Дәлелсiз себептермен шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту тәртiптiк тұрғыдан терiс қылық болып табылады және тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiз бола алады.

Шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшiн дәлелдi деп танылатын себептердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.

6. Шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберу кезiнде дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде біржолғы жәрдемақы төленедi.

2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Осы баптың 3-тармағының күші:

1) осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға;

2) мемлекеттік саяси қызметшілерге;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінде лауазымдарды атқаратын, Парламент Палаталарының халықаралық және парламентаралық ынтымақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, осы құрылымдық бөлімшелерде кемінде бес жыл үздіксіз жұмыс істеген адамдарға;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының және оның орынбасарларының қызметін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;

 5) сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.

Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.

Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 15-2-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-2-бап. Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы

2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-бап. Аттестаттау

Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу

1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін.

2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.

 

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату

1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жауаптылығын қарастыру жағдайларын қоспағанда, оның өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады.

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.

Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлігінiң кадр резервіне алынады.

 

 

5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

 

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi

1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:

1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге де құқылы.

2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің және олардың жұбайларының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.

2. Дипломатиялық қызмет персоналы:

1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;

2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;

3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;

4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, біліктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттік және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

 

2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер

Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу

 1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:

1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;

2) біржолғы ақшалай сыйақымен;

3) Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ведомстволық наградалармен;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.

2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.

 

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) дипломаттық дәреженi берудi бір жылға дейiн кiдiрте тұру;

5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;

6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;

7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

8) жұмыстан босату.

3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.

2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.

 

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету, дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қызмет көрсету

 

24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.

2. 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қалпына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, көрсетілетін аударма қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды

24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу

Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету өткеретін қызметінің күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып ұсынылады.

Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін қандай да бір залалға алып келмеуге тиіс. Шет елдегі дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шет елдегі мекеменің басшысы орындайды.

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленгеннен төмен болмайды.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.

2. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін оның мемлекеттік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.

3. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады.

4. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.

Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сондай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қызмет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайыбының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.

5. Дипломатиялық қызмет персоналы өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің саны, лауазымдық жағдайы, жергілікті жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын нормативтер ескеріле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

6. Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленеді.

7. Шет елдердегі мекемелерде бос әкімшілік-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі бірге жүретін отбасы мүшелеріне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берілуі мүмкін.

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегі мекемелер мен олардың персоналының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдайларда Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.

9. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін алпыс айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

10. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыс кері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады.

11. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар.

12. Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін:

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - отыз айлық қамтым;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он сегіз айлық қамтым;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

13. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін - үш айлық қамтым мөлшерінде, жеңіл мертігу жағдайында бір айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

14. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 9, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген сома төленбейді.

 

2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап жаңа редакцияда

26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу

1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

2. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу

Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары, осы Заңда көзделген ерекшеліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайлары ескеріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі.

 

2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу

Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.

Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына ақшалай төлемдер

Дипломатиялық қызмет персоналының сирек кездесетін шет тілдерін білгені үшін, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін ақшалай төлемдерді, сондай-ақ өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде алуына құқығы бар.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің дипломаттық дәрежесі үшін ақшалай төлемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде алуына құқығы бар.

 

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.

 

30-бап. Жыл сайынғы демалыстар

1. Дипломатиялық қызметтiң персоналына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру үшiн оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының екi еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.

 

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау

Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

 

32-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету

2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдар дипломатиялық қызмет персоналының осы Заңның 25, 28-баптарында көзделген және дипломаттық дәрежесі үшін төлемдерді, сондай-ақ өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай төлемін алу бөлігінде 29-бабында белгіленген ақшалай қамтымы, кепілдіктері мен өтемақылары мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шетелдік мекеменің персоналына теңестіріледі.

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қамтымы, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамсыздандырылуы, сондай-ақ шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі шетелдік мекеменің персоналына қарағанда аз болған жағдайда, теңестірілген лауазым бойынша айырма бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Егер халықаралық ұйымның құжаттарында жіберуші тараптың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген жағдайда, теңестірілген лауазым бойынша ақшалай өтемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 

2025.10.01. № 154-VIII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

32-2-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсету

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсетуді дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.

Қызмет көрсету деп Қазақстан Республикасының аумағында болудың қолайлы және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер: ғимараттарға (үй-жайларға) кешенді қызмет көрсету және оларды жөндеу; автокөлікке қызмет көрсету үшін ғимараттарды жалға беруді қоса алғанда, бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, көрсетілетін аударма қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Дипломатиялық қызмет туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 275-құжат; 1999 ж., № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 7-і.

№ 299-II