Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-I Заңы
(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасы
3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi
4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шаралардың мазмұны
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыреті
7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi
11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
4 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру, оны қаржыландыру тәртібі
12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет
15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру
17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі
18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
2) әскери міндеттілерді бекітіп қою - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту;
3) әскери-экономикалық оқулар - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны;
4) жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк іс-шаралар кешенi;
5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау;
6) жұмылдыру дайындығы - бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
10) жұмылдыру тапсырмасы - мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма;
11) жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс;
12) командалық-штабтық оқулар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрістету жөніндегі шараларды іске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, әкімшілік-аумақтық бірліктері мен халқын жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі өзге де іс-шараларды орындау арқылы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы қызмет режиміне көшіруге бағытталған құрамдас бөлігі;
14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар;
16) уақытша қайта тиеу ауданы - әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi;
17) ұйымның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы.
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жұмылдыру дайындығын өткізудiң мiндеттiлiгi;
2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткізуге орталықтандырылған басшылық ету;
3) белгiленетiн шаралардың алдын ала жүргiзiлуi, жоспарлылығы және қамтамасыз етiлуi;
4) салалық және аумақтық шаралардың кешендiлiгi және өзара үйлестiрiлгендiгi;
5) шараларды ұйымдастыру мен өткізу ұдайы бақылап отыру.
4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шаралардың мазмұны
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі шараларға мыналар кiредi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау;
2) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалау;
12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру;
13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшіру;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;
17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде халықаралық ынтымақтастық жасау.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) жұмылдыру іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.»;
2 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi мен
мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы өкiлеттiгi
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша жарлықтар, өкiмдер шығарады;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қояды;
3) Қазақстан Республикасында қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қауiп төнген ретте республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы дереу республика Парламентiне хабарлайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс режимін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізеді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтатады;
4-1) 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерін бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалау қағидаларын бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) жұмылдыру туралы жариялау тәртібін бекітеді;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республиканың жұмылдыру дайындығы туралы жыл сайынғы баяндамасын қарайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Парламентi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша заңдар мен қаулылар қабылдайды;
2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қаржыландыру бөлiгiнде республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi;
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарын (келісімдерiн) бекiтедi және олардың күшiн жояды;
4) соғыс және бiтiм мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;
2) 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлеу мен орындауды ұйымдастырады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртібін белгілейді;
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиісті заңнамалық актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейінін өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау, басқаға беру туралы тәртіпті айқындайды және шешім қабылдайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды
7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарындағы (келісімдеріндегі) мiндеттемелерi орындау шараларын әзiрлеп, олардың орындалуын ұйымдастырады;
9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiссөздер жүргiзедi;
10) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;
12-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың және Қазақстан Респуликасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргізілуіне бақылау жасауды ұйымдастырады;
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету, аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнiнде тапсырмалар белгiлейдi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссияны құрады және әскери міндеттілерді бекітіп қою қағидасын бекітеді;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда
16) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуді ұйымдастырады;
17) 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану тәртібін айқындайды;
19) 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылды
20) уақытша қайта тиеу аудандарын ұйымдастыру қағидасын және олардың орналасу схемасын бекітеді;
21) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында көзделген тиісті кезеңге арналған жоспарын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
21-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
21-2) Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығына басшылықты жүзеге асырады;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) жеке және заңды тұлғалардың реквизицияланған, сондай-ақ қорғаныс мұқтажы үшiн берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;
23) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
3) жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;
6) жұмылдыру дайындығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
7) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігіне баға беруді жүзеге асырады және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отырады;
8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережені бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
8-3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
8-4) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекітеді;
9) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;
10) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) тиiстi мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі шараларды жүргiзедi;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
5) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң орындалуын қамтамасыз етедi;
6) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдарды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
8) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
10) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздейді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру
саласындағы ұйымдар басшыларының мiндеттерi, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұйымдардың басшылары:
1) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келісім-шарттар) мен тапсырыстардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң сақталуын және оларға ешкiмнiң тимеуiн ақылы негiзде қамтамасыз етедi;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жұмылдыру тапсырысын белгілеу үшін өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға береді;
3) өндiрiстi жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына арналған тапсырыстарды орындау жөніндегі шарт мiндеттемелерiн орындау мақсатына дайындауды жүзеге асырады;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мүдделерiнде шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес тауарлар шығаруға, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге арналған тапсырыстарды орындайды;
2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды өткізуге қатысады;
5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткізудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында олардың құнын кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеу арқылы жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді; 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жұмылдыру дайындығы жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Оларды ұстау жөніндегі шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттік бюджеттен толықтырылады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын тиісті мемлекеттік органдармен, тапсырыс беруші ұйымдармен келіседі және оларды бекітеді.
2. Ұйымдардан жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арналған мемлекеттік қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттік тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшісінің құқықтарын пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында:
1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға;
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) заңнамада белгіленген тәртіппен әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік алуға;
2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгіндегі басқа да мүлiктi олардың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.
3. Жергілікті әскери басқару органдарының жұмылдыру ұйғарымдамасын немесе шақыру қағазын алған Қазақстан Республикасының азаматтары оларда айтылған талаптарды орындауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды орындауға тартылады, сондай-ақ белгiленген тәртiппен арнаулы құрамаларға қосылады.
5. Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған кезден бастап тұрғылықты жерiнен жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз кетiп қалуға тыйым салынады.
4 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру, оны қаржыландыру тәртібі
12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, экономикасы мен аумағын жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру мен оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
13-бап. Жұмылдыру органдары
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және олардың жүргізілуін бақылау мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлемі негізге алына отырып айқындалады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті жағдайлар жасайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әскери-көлiктiк мiндет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, көлiк құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлiк құралдарының жұмысын қамтамасыз ететiн өзге де ұйымдарға қолданылады.
3. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру бюджет қаражаты мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ұйымдардың өз бастамасы бойынша олардың тұрақты жұмыс iстеуi мен жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында жүргiзiлетiн жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiс.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Жұмылдыру резервi
Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіппен табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, гуманитарлық көмек көрсету үшін бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.
5 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында
арнап бекітіп қою және шақыру
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі
1. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
3. Бекітіп қоюға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер өздеріне берілген кейінге қалдыру мерзімінің қолданыстағы уақытында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.».
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмылдыру тапсырмалары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
2) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.
2. Мерзімдік тексеру жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жүргізу графигіне сәйкес үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізу графигін әзірлейді және тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Тексерулер жүргізу графигі мыналарды қамтиды:
1) тексерулер жүргізу графигінің тіркеу нөмірі мен бекіту күні;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы, олардың орналасқан жері;
5) тексерулер жүргізу мерзімдері;
6) тексерулер жүргізу графигіне қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.
Тексерулер жүргізу графигі мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады.
Тексерулер жүргізу графигін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жібереді.
Тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның жұмыс бейіні өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілері тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы мерзімдік тексеру жүргізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс.
3. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
1) бақылау субъектілерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттерді орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат (әскери-экономикалық оқулардың нәтижелері, жұмылдыру әзірлігін бағалау) болған кезде;
2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асатын мерзімге ұзартылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі жасауға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға (мәліметтерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркелген күні мен нөмірі;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі.
Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен орналасқан жері көрсетіледі;
9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне:
мерзімдік тексеру бойынша - ол басталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын;
жоспардан тыс тексеру бойынша ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.
8. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру кезінде бақылау субъектісіне:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге рұқсаттың бар екені туралы анықтаманы;
2) сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.
10. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша екі данада:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты мен орны;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні;
4) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
10) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде, олар қоса беріледі.
12. Тексерулер жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың жасалған күні, уақыты мен орны;
2) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
3) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап;
6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері;
7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жасау тәртібі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
13. Анықталған бұзушылықтарды (олар болған кезде) жою туралы нұсқамамен, бақылау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектісіне табыс етіледі.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
14. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн деп айқындалады.
Нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) мемлекеттік органдарда міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруға бюджет қаражатының уақтылы, толық бөлінуі немесе түсімінің болмауы ескеріледі.
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Ақпарат ұсынылмаған жағдайда, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретке сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы бұзушылыққа жол берген бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және экономикалық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |