9-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 9)
«Қаржы құралдары»

 

1 Тарау Мақсаты

1.1           Бұл ХҚЕС-ң (IFRS) мақсаты ұйымның ақша айналымының сомасы, уақыт мерзімі және болашақ қаржы айналымының өзгергіштігін бағалау үшін қаржылық есептілікті пайдаланушыларға маңызды және пайдалы ақпаратты ұсынатын қаржы активтерін қаржылық есептілігінің принциптерін қалыптастыру болып табылады.

2 Тарау Қолдану аясы

2.1           Ұйым бұл ХҚЕС-ты 39 (IAS) Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС аясындағы барлық активтерге қатысты қолдануы тиіс.

3 Тарау Тану және тануды тоқтату

3.1     Қаржы активтерінің бастапқы танылуы

3.1.1       Ұйым құралдың келісімшарт шарттарының бір жағы болған уақытта ғана, ол қаржы жағдайында қаржы активін тануы тиіс (B3.1.1 және B3.1.2 -тармақтарын қараңыз). Ұйым қаржы активін бірінші болып таныған уақытта оны 4.1.1 -4.1.5- тармақтарына сәйкес сыныптауы және 5.1.1 мен 5.1.2- тармақтарына сәйкес бағалауы тиіс. Ұйым қаржы міндеттілігін бірінші болып таныған уақытта оны 4.2.1 және 4.2.2 -тармақтарына сәйкес сыныптауы және 5.1.1- тармағына сәйкес бағалауы тиіс.

Қаржы активтерін стандартты түрде сатылуы және сатып алынуы

3.1.2      Қаржы активтерін стандартты түрде сатылуының және сатып алынуы сату күні есебі мен сату күнін белгілеу есебін (B3.1.3-B3.1.6 тармақтарын қараңыз) қолдана отырып танылуы және танылуының тоқтатылуы тиіс.

 

3.2      Қаржы активтерін тануды тоқтату

3.2.1       Шоғырландырлған қаржы есептілігінде 3.2.2-3.2.9, B3.1.1, B3.1.2 және B3.2.1-B3.2.17- тармақтары шоғырландырылған деңгейде қолданылады. Сондықтан, ұйым бірінші 27 ХҚЕС-на (IAS) «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есеп» және 12 ТТК (SIC) «Ұйымды арнайы мақсатта шоғырландыру» стандарттарына сай еншілес ұйымдарды шоғырландырады, оның нәтижесінде алынған топқа 3.2.2-3.2.9, B3.1.1, B3.1.2 және B3.2.1-B3.2.17 -тармақтарын қолданады.

3.2.2       3.2.3 - 3.2. 9- тармақтарына сай тануды тоқтау қаншалықты және қандай деңгейде дұрыс болатындығын бағаламас бұрын төмендегідей жолмен ұйым қаржы активтерінің бөлігі (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) немесе жалпы қаржы активтеріне(немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) бұл тармақтарды қолданудың қажеттігін анықтап алуы тиіс

(а)                  Ұйым тек қаржы активтерінің бөлігіне (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) ғана 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтарын қолданады, егер танылуы тоқтатылатын бөлік үшін төмендегі үш  шарттың бірі тура келсе:

(i)               Егер бұл бөлік қаржы активі бөлігінен (немесе аналогиялық қаржы активтері тобының бөлігіне) шығатын нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының үлесін қамтитын болса. Мысалы, ұйым контрагентке борыштық міндеттемеден шығатын негізгі ақша қорының ағымынан емес, пайыздан шығатын ақша қорына құқық беретін пайыздық мөлшерлемесі бар купон шығаруды ұйғарса, онда 3.2.3 - 3.2.9- тармақтары пайыздан шығатын ақша қорының ағымына қолданылады.

(ii)              Егер бұл бөлік қаржы активі бөлігінен шығатын толық пропорционалды (теңдей бөлінген) ақша қоры ағымының үлесін қамтитын болса (немесе аналогиялық қаржы активтері тобын). Мысалы, ұйым контрагенттің үлестік құралдан шығатын барлық ақша қоры ағымына 90 пайыздық үлеске құқылы болуына келісімге келеді. Бұл жағдайда 90 пайыздықақша қоры ағымына 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Егерде контрагент саны біреуден көп болса, және өткізуші ұйымның үлесі толықтай пропорционалды болған жағдайда, онда әрбір контрагенттің үлесі пропорционалды болуы талап етілмейді.

(iii)              Бұл бөлікте қаржы активі бөлігінен (немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) шығатын нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының тек пропорционалды (теңдей бөлінген) үлесі қарастырылады. Мысалы, ұйым контрагенттің үлестік құралданшығатын барлық ақша қоры ағымына 90 пайыздық үлеске құқылы болуына келісімге келеді. Бұл жағдайда пайыздан түсетін ақша қоры ағымының сол 90 пайызына 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Егерде контрагент саны біреуден көп болса, және өткізуші ұйымның үлесі толықтай пропорционалды болған жағдайда, онда әрбір контрагенттің нақты идентифициаланған ақша қоры ағымының үлесі пропорционалды болуы талап етілмейді.

(b)                  Қалған жағдайлардың бәрінде балық қаржы активтері (немесе аналогиялық қаржы активтері тобына) үшін 3.2.3 - 3.2.9 -тармақтары қолданылады. Мысалы, ұйым (i) қаржы активінің(немесе қаржы активтері тобының) ақшақорының түсімінің алғашқы немесе соңғы 90 пайызын алуға немесе (ii) дебиторлық қарыз тобынан ақша қоры ағымының 90 пайызына құқығын берсе, бірақ сатып алушыға негізгі дебиторлық қарыз көлемінен 8 пайызға дейін несиелік залалдың орнын толтыруға кепілдік беретін болса, онда 3.2.3 - 3.2.9- тармақтары барлық осы қаржы активтеріне қолданылады( немесе аналогиялық қаржы активтері тобына).

3.2.3 - 3.2.9 -тармақтарындағы «қаржы активі» термині қаржы активінің бөлігі дегенді (немесе аналогиялық қаржы активтері тобы) жоғарыда (а) тармақшасында көрсетілгендей немесе барлық қаржы активі дегенді (немесе барлық қаржы активтері тобы) білдіреді.

3.2.3              Ұйым төмендегі жағдайда қаржы активтерін тануды тоқтатуы тиіс, егер тек:

(а)                  осы қаржы активтерінен түсетін қаржы қорының ағымына келісілген құқығы мерзімінен шыққан кезде, немесе

(b)                  ол қаржы активін 3.2.4 и 3.2.5 -тармақтарында көрсетілгендей өткізетін болса, оған қоса 3.2.6 тармағына сай өткізу  барысы тануды тоқтау талаптарын қанағаттандырған болса.

(Қаржы активтерін стандартты шарт негізінде сату бойынша 3.1.2- тармағын қараңыз)

3.2.4     Ұйым қаржы активін келесі шарттар орындалғанда ғана өткізеді:

(а)                  ол осы қаржы активінен ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды алуға; немесе

(b)                  қаржы активінен ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды сақтап қалады, бірақ 3.2.5. тармағында көрсетілген шарттарды қанағаттандыратын келісім-шартқа сәйкес, осы ақша құралдарын бір немесе одан көп алушыларға төлеуге міндеттенеді.

3.2.5              Ұйым қаржы активінен («бастапқы актив») ақша құралдарының ағымын алуға келісімдік құқықтарды сақтап қалса, бірақ осы ақша құралдарын бір немесе одан көп алушыларға («соңғы алушы») төлеу туралы міндеттеме алса, бұл ұйым тек төмендегі барлық 3 шарт орындалған кезде аталған опреацияны қаржы активін өткізу ретінде қарастырады.

(а)                  Ұйым бастапқы актив бойынша эквивалентті сома алмаған жағдайда, соңғы алушыларға соманы төлеу міндеттемесіне ие болмайды. Ұйымның нарықтық бағам бойынша қосылған пайыздарды қоса алғанда берілген соманы толық өтеу құқығымен қысқа мерзімді алдын-ала төлемдер беруі бұл шартты бұзбайды.

(b)                  ақша қаражаттарын өткізу туралы келісімнің шарттарына сай, соңғы алушының оларға ақша қаражаттарын төлеп беру міндеттемесін қамтамасыз ету ретінде өткізуді қоспағанда, ұйымға бастапқы активті сатуға немесе кепілдікке беруге тыйым салынады.

(c)                  Ұйым соңғы алушылардың атынан жиналатын ақша қаражаттарын айтарлықтай кешіктірусіз аудару міндеттемесі бар. Осыдан өзге, ақша қаражаттарын алу мерзімінен оларды соңғы алушыларға аудару талабының мерзіміне дейінгі есеп-қисап өткізудің қысқа кезеңдік уақытында ақша қаражаттарына немесе эквивалентті ақша қаражаттарына инвестиция салуды қоспағанда, ұйымның осы ақша қаражаттарын қайта инвестициялауға құқығы жоқ (ХҚЕС (IAS) 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік» көрсетілгендей), сонымен бірге, осындай инвестициядан түскен пайыздар соңғы алушыларға өткізіледі..

3.2.6              Ұйым қаржы активін өткізген кезде (3.2.4 қараңыз), ол қаржы активін иемденумен байланысты сақталатын тәуекелдер мен сыйақылар деңгейін бағалауы тиіс. Бұл жағдайда:

(а)                   егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізсе, ол қаржы активін тануды тоқтатып, осыдан бөлек активтер және міндеттемелер ретінде өткізу кезінде құрылған немесе сақталып қалғандарын тануы тиіс.

(b)                  егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалса, ол қаржы активін тануды жалғастыруы тиіс.

(c)                  егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдерді және сыйақыларды өткізбесе және сақтап қалмаса, ол қаржы активін бақылауды сақтап қалғандығын анықтауы тиіс. Бұл жағдайда:

(i)               егер ұйым бақылауды сақтап қалмаса, онда ол қаржы активін тануды тоқтатып, осыдан бөлек активтер және міндеттемелер ретінде өткізу кезінде құрылған немесе сақталып қалғандарын тануы тиіс.

(ii)              егер ұйым бақылауды сақтап қалса, ол қаржы активін тануды қаржы активінде қатысуын жалғастырып жатқан деңгейде жалғастыруы тиіс (қараңыз 3.2.16).

3.2.7              Тәуекелдер мен сыйақыларды өткізу (3.2.6 -қараңыз) ұйым активті өткізгеннен кейін тап болатын, өткізілген активтен түскен таза ақша ағымдарының сомалары мен мерзімдері өзгеруінің тәуекелін салыстыру арқылы бағаланады. Егер ұйым өзі тап болған, қаржы активінен түсетін болашақ ақша құралдарының таза ағымының келтірілген құнының өзгеру тәуекелі өткізу нәтижесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаса (мысалы, ұйым қаржы активін белгіленген баға бойынша немесе кредитордың пайдасын қоса алғанда сату бағасы бойынша қайта сатып алу шартымен сатып жіберуіне байланысты) ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақылардысақтап қалады.Егер ұйым қаржы активін иемденумен байланысты өзгерістер тәуекелі қаржы активімен байланысты, қаржы активінен түсетін болашақ ақша құралдарының таза ағымының келтірілген құнының жалпы ықтимал өзгеруіне қатысты маңызды болмаса, ұйым қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізген болып саналады (мысалы, ұйым қаржы активін қайта сатып алу ықтималдығын қайта сатып алу кезінде тек әділ құн бойынша сатумен немесе займға қатысу келісімшарты секілді 3.2.5 -тармағының шарттарына жауап беретіндей, үлкенірек қаржы активінен түсетін ақша қаражаттары ағымының толықтай мөлшерлес үлесін өткізумен байланысты).

3.2.8        Көптеген жағдайларда ұйымның қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгені айқын болады және қандай да бір есеп-қисаптарды орындау қажеттілігі жоқ. Өзге жағдайларда өткізуге дейінгі және өткізуден кейінгі келешек ақша қаражаттарының таза ағымының келтірілген құнының өзгеруімен байланысты ұйымның тәуекелдерін есептеу және салыстыру қажет. Есептеу және салыстыру дисконттау мөлшерлемесі ретінде сәйкес ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемені пайдалану арқылы жасалады. Ақша қаражатының таза ағымының барлық негізді өзгерістері ескеріледі, осымен бірге, туындау ықтималдығы жоғары нәтижелерге көбірек назар аударылады.

3.2.9        Ұйымның өткізілген активке бақылауын сақтап қалуы (3.2.6(с) -тармағын қараңыз) қабылдаушы тараптың активті сату мүмкіндігіне байланысты. Егер қабылдаушы тараптың барлық активті байланысты емес үшінші тарапқа іс жүзінде сатып жіберу мүмкіндігі болса, және осымен бірге қабылдаушы тарап аталған мүмкіндікті осындай өткізуге қосымша шектеулер қолданусыз біржақты түрде қабылдай алса, ұйым бақылауды сақтамайды.

Тануды тоқтату талаптарын қанағаттандыратын өткізулер

3.2.10    Егер ұйым қаржы активін тануды тоқтату талаптарына сай өткізсе, және қаржы активіне сыйақыға қызмет көрсету құқығын сақтап қалса, онда ол осындай қызмет көрсету келісімшарты бойынша активті немесе міндеттемені тануы тиіс. Егер алынатын сыйақы ұйымның көрсеткен қызметін жеткілікті шамада өтемейтіні күтілетін болса, мұндай жағдайда қызмет көрсету бойынша міндеттеме әділ құн бойынша танылуы тиіс. Егер алынатын сыйақы қызмет көрсету үшін жеткіліктіден көбірек күтілетін болса, 3.1.13 -тармағына сәйкес, үлкенірек қаржы активінің баланстық құнын бөлу негізінде анықталған көлемдегі қызмет көрсету құқығымен ұсынылған қызмет көрсету бойынша актив танылуы тиіс.

3.2.11      Егер өткізу нәтижесінде қаржы активін тану толық көлемде тоқтатылса, бірақ өткізу нәтижесінде ұйым жаңа қаржы активін иемденуге немесе жаңа қаржы міндеттемесін, немесе қызмет көрсету бойынша міндеттеме қабылдауға әкеп соқса, онда ұйым жаңа қаржы активін, қаржы міндеттемесін немесе қызмет көрсету міндеттемесін әділ құн бойынша тануы тиіс.

3.2.12              Қаржы активін тануды толық көлемде тоқтату кезінде:

(а)                  баланстық құнның (тануды тоқтату күнінде бағаланған) және

(b)                  алынған өтемақы сомасының (жаңа қабылданған міндеттемені алып тастағанда, жаңа алынған активті қоса отырып) арасындағы айырмашылық пайда мен залал құрамында танылуы тиіс.

3.2.13              Егер өткізілген актив үлкен қаржы активінің бөлігі болса (мысалы, ұйым қарыз құралының бөлігі болып табылатын ақша қаражаты ағымдарын өткізген кезде) (3.2.2(а) -тармағын қараңыз), және осы өткізілген бөлік тануды тоқтату талаптарын толықтай қанағаттандыратын болса, алдыңғы үлкен қаржы активінің баланстық құны танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында, осы бөліктердің өткізу күніндегі салыстырмалы әділ құнға негізделе отырып, бөлінуі тиіс. 

Осы мақсатта қызмет көрсету бойынша сақталған актив есепте танылуы тоқтатылмаған актив ретінде көрсетілуі тиіс. 

(а)                  танылуы тоқтатылған бөлікке жатқызылған баланстық құн (тануды тоқтату күнінде бағаланған), және

(b)                  танылуы тоқтатылған бөлік үшін алынған өтемақы сомасы (жаңа қабылданған міндеттемені алып тастағанда, жаңа алынған активті қоса отырып) арасындағы айырмашылық пайда мен залал құрамында танылуы тиіc.

3.2.14              Егер ұйым үлкен қаржы активінің алдыңғы баланстық құнын танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында бөлсе, танылуы жалғасып жатқан бөліктің әділ құны анықталуы тиіс. Егер ұйым танылуы жалғасып жатқан активке балама актив бөліктерін сату тәжірибесіне ие болса, немесе активтің осы іспеттес бөліктеріне арналған басқа да нарықтық операциялар бар болса, нақты операциялардың соңғы бағалары активтің осы бөлігінің ең жақсы әділ құнын бағалауды қамтамасыз етеді. Егер танылуы жалғасып жатқан актив бөлігінің әділ құнын анықтауға негіз бола алатын белгіленген баға немесе таяуда өткізілген нарықтық операциялар болмаса, үлкен қаржы активінің толық әділ құны ментанылуы тоқтатылған активтің бөлігі үшін қабылдаушы тарап беретін өтемақы арасындағы айырмашылық ең жақсы бағалау болып табылады.

      Тануды тоқтату талаптарын қанағаттандырмайтын өткізулер

3.2.15                                         Егер ұйымның өткізілген активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан өткізу тануды тоқтатуға әкеп соқпаса, онда ұйым өткізілген активті толық көлемде тануы тиіс және алынған өтемақыға қатысты қаржылық міндеттемені тануы тиіс. Келесі кезеңдерде ұйым өткізілген активтен түсетін барлық түсімдерді және қаржылық міндеттеме бойынша келтірілген шығындарды тануы тиіс.

Өткізілген активтегі жалғаспалы қатысу

3.2.16                                         Егер ұйым өткізілген активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не өткізбесе, не сақтамаса, және өткізілген активке бақылауын сақтап қалса, онда ұйым өзінің осы өткізілген активтегі қатысу деңгейіне байланысты тануын жалғастыра береді. Ұйымның өткізілген активтегі жалғаспалы қатысуының деңгейі өткізілген актив құнының өзгеру тәуекеліне ұшырау қаупі болып табылады. Мысалы:

(а)                 егер ұйымның жалғаспалы қатысуы өткізілген актив бойынша кепілдеме формасында болса, онда ұйымның жалғаспалы қатысуының деңгейі (i) актив көлемінің және (ii) ұйым қайтаруға міндеттелуі ықтимал («кепілдік сомасы»)., алынған сыйақының ең үлкен сомасының ең кіші көлемі болып табылады.

(b)                 егер ұйымның жалғаспалы қатысуы өткізілген активке шығарылған немесе сатып алынған опцион түрінде болса (немесе екеуі бірдей), онда ұйымның жалғаспалы қатысу деңгейі ұйым сатып ала алатын, өткізілген активтің көлемімен бірдей. Дегенмен, әділ құн бойынша бағаланатын, активті сатуға шығарылған опцион жағдайында, ұйымның жалғаспалы қатысуының деңгейі өткізілген активтің әділ құнының және опционды орындау бағасының ең аз  көлемімен шектелген (В3.2.13 -тармағын қараңыз).

(c)                  егер ұйымның жалғаспалы қатысуы есеп айырысуы ақша құралдарымен жүзеге асырылатын опцион немесе өткізілген актив бойынша балама резерв түрінде болса, онда ұйымның жалғаспалы қатысу деңгейі жоғарыда (b) тармағында көрсетілгендей, есеп айырысуы ақшалай емес құралдармен  жүзеге асырылатын опцион ретіндегідей бағаланады.

3.2.17              Егер ұйым активті өзінің қатысуы деңгейіндегідей тануын жалғастырып жатса, онда ұйым онымен байланысты міндеттемені де таниды. Осы стандарттың бағалауға қатысты өзге талаптарына қарамастан, өткізілген актив және байланысты міндеттеме ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелерді көрсететін негізде бағаланады. Байланысты міндеттеменің құны өткізілген активтің және байланысты міндеттеменің таза баланстық құны:

(а)               егер өткізілген актив амортизацияланған құн бойынша бағаланса, ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелердің амортизацияланған құны; немесе

(b)             егер өткізілген актив әділ құн бойынша бағаланатын болса, жеке негізде бағаланатын, ұйым сақтап қалған құқықтар мен міндеттемелердің тең әділ құны болып табылатындай есептеледі. 

3.2.18    Ұйым өткізілген активтегі жалғаспалы қатысуының деңгейіне сай, кез-келген түсімді тануы тиіс, және байланысты міндеттеме бойынша шығындарды тануы тиіс.

3.2.19    Келесі бағалаулар мақсатында өткізілген активтің және байланысты міндеттеменің әділ құнындағы танылған өзгерістер сатылы түрде 5.7.1 -тармағына сәйкес есепке алынады және өзара есептелінбеуі тиіс. 

3.2.20              Егер ұйым қаржы активінің тек бір бөлігіне қатысуын жалғастырып жатса, (мысалы, егер ұйым өткізілген активті қайта сатып алу құқығын сақтап қалады немесе ұйымның бақылауды сақтай отырып, бірақ қаржы активін иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтамайды) онда ұйым қаржы активінің алдыңғы баланстық құнын актив бөліктерінің өткізу күніндегі әділ құнына негізделе отырып, өзінің жалғаспалы қатысуы нәтижесінде тануын жалғастырып жатқан бөлік пен танылуы тоқтаған бөлік арасында бөледі.

Бұл мақсатқа 3.2.14- тармағының талаптары қолданылады.

(а)                  бұдан әрі танылмайтын бөлікке берілген баланстық құн (тануды тоқтату күніне бағаланған) мен

(b)                  танылуы тоқтатылған бөлікке алынған өтемақы сомасы арасындағы айырмашылық түсім мен шығын құрамында танылуы тиіс.

3.2.21      Егер өткізілген актив амортизацияланған құн бойынша бағаланса, осы стандарт қарастыратын, қаржылық міндеттемені түсім мен шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін ретінде сыныптау мүмкіндігі байланысты міндеттемеге қолданылмайды.

Барлық өткізулер

3.2.22                                         Егер өткізілген активті тану жалғасып жатса, онда актив және байланысты міндеттеме өзара есептелмеуі тиіс. Баламалы түрде, ұйым өткізілген активтен келетін шығындарды байланысты міндетемелерден келетін шығындармен өзара есептемеуі тиіс. (32 ХҚЕС (IAS) «Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну», 42 -тармағын қараңыз).

3.2.23                                         Егер өткізуші тарап қабылдаушы тарапқа ақшалай емес қамтамасыздандыру ұсынса (қарыздық немесе үлескерлік құрал сияқты), өткізуші және қабылдаушы тараптың осы қамтамасыздандыруды есепке алуы қабылдаушы тараптың осы қамтамасыздандыруды сатуға немесе қайта кепілдікке қою құқығына ие болуына, және өткізуші тараптың өз міндеттемелерін орындауына тәуелді. Өткізуші және қабылдаушы тараптар мұндай қамтамасыздандыруды келесі жолмен көрсетуі тиіс:

(а)                  Егер қабылдаушы тарап, келісімшартқа немесе жалпы қабылданған тәжірибеге сай осы қамтамасыздандыруды сатуға немесе қайта кепілдікке қоюға құқылы болса, онда өткізуші тарап мұндай активті өзінің қаржы жағдайы туралы есебінде (мысалы, кері сатып алу бойынша қарыз құралының немесе дебиторлық келісімшарттың кепіліне берілген қарыз активі ретінде) басқа активтерден бөлек сыныптауы тиіс.

(b)                  Егер қабылдаушы тарап өзіне кепілдемеге берілген қамтамасыздандыруды сататын болса, онда ол сатудан түсімді тануы және әділ құн бойынша бағаланған осы қамтамасыздандыруды қайтаруы тиіс.

(c)                  Егер өткізуші тарап келісімшарт шарттарын орындамаса және осындай қамтамасыздандыруды кері қайтарып алуға құқығы жоқ болса, онда ол бұл қамтамасыздандыруды тануын тоқтатуы тиіс, ал қабылдаушы тарап бұл қамтамасыздандыруды әділ құн бойынша бағаланған өз активі ретінде немесе бұл қамтамасыздандыруды сатып жіберген болса, өзінің қамтамасыздандыруды қайтару міндетін тануын тоқтатуы тиіс.

(d)                  (с) тармағында қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, бұл қамтамасыздандыруды өткізуші тарап өз активі ретінде есептеуі, ал қабылдаушы тарап актив ретінде есептемеуі тиіс.  

3.3 Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату

3.3.1              Ұйым қаржы міндеттемесін (немесе қаржы міндеттемесінің бөлігін) қаржылық жағдайы туралы есептен тек міндеттеме төленгеннен кейін, яғни келісімшарттағы міндеттеме орындалған немесе жойылған, немесе мерзімі аяқталған кезде ғана шығарады.

3.3.2              Қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы шарттары нақты ерекшеленетін қарыз құралдарымен алмасу есепте алдыңғы қаржы міндеттемесін орындау және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде көрсетілуі тиіс. Баламалы түрде, ағымдағы қаржы міндеттемесінің немесе оның бөлігі шарттарының өзгеруін (бұл өзгеріс қарыз алушының қаржылық қиындықтарынан тәуелсіз) алғашқы қаржы міндеттемесінің орындалуы және жаңа қаржы міндеттемесін тану ретінде есептеу керек.

3.3.3              Кез-келген ақшалай емес активтерді немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғандағы орындалған немесе басқа тарапқа берілген қаржы міндеттемесінің баланстық құны мен төленген өтемақының арасындағы айырмашылық түсім мен шығын құрамында танылуы тиіс.

3.3.4        Егер ұйым өз қаржы міндеттемесінің бөлігін сатып алса, онда ол қаржы міндеттемесінің алдыңғы баланстық құнын танылуы жалғасып жатқан бөлік пен танылуы тоқтатылған бөлік арасында, осы бөліктердің сатып алу күніндегі салыстырмалы әділ құнына негізделе отырып бөлуі тиіс. Өткізілген ақшалай емес активтер немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, (a) танылуы тоқтатылған бөлікке берілген баланстық құн мен (b) танылуы тоқтатылған бөлік үшін төленген өтемақының арасындағы баланстық құнның айырмашылығы түсім мен шыығын құрамында танылуы тиіс.

4 ТАРАУ Сыныптау                                                                                                      

4.1.1        4.1.5 -тармағы қолданылмайынша, ұйым қаржы активтерін амортизацияланған құнмен немесе әділ құнмен кейін бағаланған түрде келесілердің екеуінің негізінде сыныпталуы тиіс:

(a)              қаржы активтерін басқару үшін ұйымның бизнес моделі; және

(b)              қаржы активінің келісімшарт ақша айналым ерекшеліктері.

4.1.2        Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағалануы тиіс, егер келесі екі шарт орындалатын болса:

(a)              активті бизнес-моделі шеңберінде иеленеді, егер мақсаты шартты ақша айналымдарын жинақтау үшін активтерді иелену болып табылатын болса.

(b)              қаржы активінің шарт талаптары қарыздың төленбеген негізгі сомасына пайыз және басты сомасының жалғыз төлемдері болып табылатын ақша айналымдарына бекітілген мерзіміне бастама береді.

B4.1.1 -B4.1.26 -тармақтары осы шарттарды қалай қолдануға түсініктеме береді.

4.1.3              4.1.2(b)- тармағының мәнмәтіні шеңберінде ақшаның уақыт құндылығы үшін сыйақы және белгілі уақыт кезеңінде қарыздың төленбеген негізгі сомасымен байланысты несие беру тәуекелі болып табылады.

4.1.4       Қаржы активі амортизацияланған құнмен бағаланғанға дейін 4.1.2- тармағына сәйкес әділ құнмен бағалануы тиіс.

Пайда немесе залал арқылы әділ құнды қаржы активін анықтау нұсқасы

4.1.5        4.1.1-4.1.4 -тармақтарына қарамастан, ұйым бастапқы тануда қаржы активін пайда және залал арқылы әділ құнмен бағаланған деп анықтауы мүмкін, егер солай жасаған жағдайда, бағалауды немесе тану өзгерушілікті (кейде есеп жүргізу үйлеспеушілігі деп аталады) жойса немесе едәуір қысқартатын болса, бұл қарама-қарсы жағдайда активті немесе жауапкершілікті бағалау немесе осылардан туындайтын әртүрлі негіздегі пайда мен залалды тану кезінде пайда болады( B4.1.29-B4.1.32 -тармақтарын қараңыз).

4.1.6         7 ХҚЕС  (IFRS) «Қаржы құралдары:ақпаратты ашып көрсету» бойынша әділ құн ретінде бағаланып сыныпталған өзгерістері пайда мен залал құрамында көрсетілген каржы активтері туралы ақпарат беруді талап етеді.

4.2 Қаржылық жауапкершілікті сыныптау

4.2.1       Ұйым қолданыстағы барлық тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып амортизация құнын анықтау нәтижесі бойынша қаржылық жауапкершіліктерді  бағалау ретінде сыныптайды, төмендегі жағдайлар бұл тәртіптен тыс болып табылады:

(a)              пайда мен залал құрамында көрсетілген өзгерістері бар әділ құн бойынша бағаланған қаржы жауапкершіліктері. Мұндай жауапкершіліктер, туынды құралдарды қоса алғанда, соңынан әділ құн бойынша бағалануы тиіс жауапкершіліктер болып табылады.

(b)              қаржы активтерін өткізуде тануды тоқтату немесе жалғаспалы қатысу қағидасы қолданылған жағдай талаптарын қатнағаттандырмаған кездегі қаржылық жауапкершіліктер. Қаржылық жауапкершіліктердің мұндай түрлеріне 3.2.15 және 3.2.17 - тармақтары қолданылады.

(с)              А қосымшасынында берілген анықтамаға сай қаржы кепілдемесінің келісімшарттары. Егер 4.2.1(a) және (b) -тармақтары қолданылмаған болса, эмитент мұндай келісімді алғашқы танығаннан кейін  мұндай келісімдерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:

(і)               37 ХҚЕС (IAS) «Міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» бойынша анықталған сома,

(іі)             қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) «Табыс» стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).

(d)                     нарық бағасынан төмен пайыздық мөлшерлеме негізінде қарыз беру жауапкершілігі. Егер 4.2.1(a) -тармағы қолданылмаған болса, эмитент алғашқы танудан кейін мұндай жауапкершіліктерді соңынан ең жоғарғы сомада бағайлайды, олар:

(і)               37 ХҚЕС (IAS) бойынша анықталған сома, және

(іі)             қажет жағдайда 18 ХҚЕС(IAS) стандартына сай танылған жинақталған амортизациядан шегерілген алғашқы танылған сома (5.1.1-тармақты қараңыз).

«Әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген» қаржы жауапкершілігін сыныптаудың мүмкіндігі

4.2.2               Егер 4.3.5 -тармағына сай рұқсат етілсе немесе ақпаратты тиесілі беруді қамтамасыз ететіндей болса, онда ұйымға әділ құн бойынша бағаланған пайда мен табыс құрамында өзгерісі көрсетілген қаржы жауапкершілігін қайтарусыз сыныптаудың мүмкіндігі бар, себебі

(а)              бағалаудағы немесе танудағы талапқа сай келмейтін жағдайларды жояды немесе едәуір азайтады (кейде бұл есептілктегі сәйкессіздіктер (сәйкес келмеушіліктер) деп те беріледі), әйтпесе активтер мен жауапкершіліктерді  бағалауда немесе түрлі негіздерді қолдану арқылы оларға байланысты пайда мен залалдарды тануда сәйкессіздіктер орын алуы мүмкін; немесе

(b)              қаржы жауапкершілігі тобын немесе қаржы активі мен қаржы жауапкершілігі тобын басқару және осындай топқа жататын нәтижені бағалау құжатталған тәуекелділікті басқару стратегиясына немесе инвестициялық сратегиясына сай әділ құн негізінде жүзеге асырылады. Ал, ұйымның негізгі басқарушы мүшелеріне (2003 жылы жарияланған 24 ХҚЕС (IAS) «Байланысты тараптар жөнінде ақпаратты ашып көрсету» стандартында берілген анықтамаға сәйкес), мысалы, директорлар кеңесіне және бас директорға жоғарыда аталған сол негізде қалыптастырылған топ туралы ішкі ақпарат беріледі.

4.2.3        7 ХҚЕС (IFRS) ұйымнан пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бағасы арқылы сыныпталатын қаржы жауапкершілігі жөнінде ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.

 

4.3 Кірістірілген туынды құралдар                                                          

4.3.1         Енгізілген туынды құрал гибридті келісімшарттың құраушы бөлігі болып табылады, ол сонымен қатар құрамдас құралдың кейбір ақша айналымдары бөлек туынды құрал сияқты өзгеретін әсер беретін туынды құрал емес негізгі шарттан тұрады. Енгізілген туынды құрал ақша айналымдарының кейбіреуін немесе барлығын туғызады, олай болмаған жағдайда, белгіленген пайыз мөлшері, қаржы құралының бағасы, тауар бағасы, шетелдік ақша айырбастау бағамы, бағалар немесе бағам көрсеткіші, несие қабілеттілігін бағалау немесе несие көрсеткіші немесе келісімшарт тараптарына қатысы жоқ айнымалы болып табылатын қаржы емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа да айнымалыға сәйкес келісімшарт бойынша өзгертілуі талап етіле алады. Қаржы құралына қосылатын, бірақ бұл құралдан келісім бойынша тәуелсіз тасымалданатын немесе әртүрлі тараптары бар туынды құрал енгізілген туынды құрал емес, бөлек қаржы құралы болып табылады.

Қаржы активі болып табылатын негізгі келісімшарттан тұратын гибридті келісімшарт

4.3.2        Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберіндегі негізгі келісімшарттан тұрса, ұйым 4.1.1 - 4.1.5- тармақтарындағы талаптарды бүкіл гибридті келісімшартта қолдануы тиіс.

                 Басқа да гибридті келісімшарт түрлері

4.3.3        Егер гибридті келісімшарт құрамында ХҚЕС (IFRS) қолдану шеңберінде емес негізгі келісімшарттан тұрса, осы стандарт ХҚЕС (IFRS) аясында ұйым енгізілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөліп қарауы тиіс, егер:

(а)              кірістірілген туынды құралдың экономикалық сипаты мен тәуекелі негізгі келісімшарттың экономикалық сипаты және тәуекелімен тығыз байланыста болмайды (B4.3.5 және B4.3.8- тармақтары);

(b)              тәуелсіз құралдың шарттары кірістірілген туынды құралдың шарттарымен ұқсас болып келіп, кірістірілген құрал анықтамасына тура келеді; және

(c)              пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген гибридті келісімшарт әділ құн бойынша бағаланбайды. (яғни, пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған қаржы активі мен қаржы жауапкершілігіне кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болып табылмайды).

4.3.4       Егер кірістірілген туынды құрал тәуелсіз болатын болса, негізгі келісімшарт есептілікте ХҚЕС-ның (IFRS) талаптарына сай көрсетілетін болады. Осы стандарт қаржы жағдайы туралы есептілікте кірістірілген қаржы құралдарын міндетті түрде жеке көрсету туралы арнайы талап қоймайды.

4.3.5       4.3.3 және 4.3.4 -талаптарына қарамастан, егер келісімшартта бір немесе одан көп кірістірілген туынды құралдар болатын болса және негізгі келісімшарт осы келісімшарттың талаптарының аумағына кірмейтін актив болып табылатын болса, онда ұйым төмендегі шарттардан тыс жағдайда гибридті келісімшартты тұтастай пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау ретінде сыныптай алады:

(а)              кірістірілген туынды құрал (құралдар) ақша қорының қозғалысына едәуір өзгерістік әсер тигізбейді, әйтпеген жағдайда келісімшарт бойынша талап етілетін болады; немесе

(b)              осындай гибридті құралды алғаш рет қарастыруда терең талдау жасамастан немесе талдаудан толықтай бас тартылған жағдайда кірістірілген туынды құралды(құралдарды) (мысалы, ұстаушыға қарызын амортизацияланған құнға шамалас жуық құнмен мерзімінен ерте жабуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін) бөлек алып қарауға болмайды.

4.3.6       Егер осы стандарт талаптарына сәйкес кірістірілген туынды құралды негізгі келісімшарттан бөлек алып қарау тиіс болса, бірақ ұйым кірістірілген құралды алған кезде немесе есептілік мерзімінің соңына дейін оны жеке бағалауға шамасы келмесе, онда ұйым бұл гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныптауы тиіс.

4.3.7        Егер ұйым кірістірілген туынды құралдың шарттарына сай оның шынайы әділ құнын анықтай алмаса, онда кірістірілген туынды құралдың әділ құны - әділ құны осы стандарт талаптарына сай анықталған гибридті келісімшарттың әділ құны мен негізгі келісімшарттың әділ құны арасындағы айырмашылық болып табылады. Егер ұйым берілген әдіс ойынша кірістірілген туынды құралдың әділ құнын анықтай алмасы, онда 4.3.6-тармақ басшылыққа алынып, гибридті келісімшартты «пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құн бойынша бағалау» деп сыныпталады.

4.4 Қайта сыныптау                                                                                        

4.4.1        Ұйым қаржы активтерін басқару үшін ұйым моделін өзгерткен жағдайда ғана, ол барлық бұзылған қаржы активтерін 4.1.1 -4.1.4 -тармақтарына сәйкес қайта сыныптауы тиіс.

4.4.2        Ұйым ешбір қаржы міндеттемелерін қайта сыныптамауы тиіс.

4.4.3       4.4.1 және 4.4.2 -тармақтарының мәнмәтінінің шеңберінде төменде келтірілген өзгертілген жағдайлар қайта сыныптауға жатпайды:

(а)              бұған дейін ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде хедждеудің тиімді құралы ретінде сыныпталған туынды құрал көрсетілген сапасында одан әрі сыныптау критериін қанағаттандырмайды;

(b)              ақша қозғалысын немесе таза инвестицияны хедждеуде туынды құрал хедждеудің құралы ретінде сыныпталады және тиімді құрал болып келеді.

5 ТАРАУ    БАҒАЛАУ

5.1 Қаржы активтерінің бастапқы бағалануы

5.1.1       Бастапқы тануда, ұйым қаржы активін немесе қаржы жауапкершілігін әділ құнмен бағалайды (5.4.1-5.4.3 және B5.4.1-B5.4.17 -тармақтарын қараңыз) сонымен қатар, егер қаржы активтері пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланбаса, келісім шығындары қаржы активінің сатылып алынуына тура қатысты болады, аударым шығындары тікелей сатып алу немесе қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін жариялаумен байланысты болады.

5.1.1A    Әйтсе де, егер қаржы активтер немесе қаржы мiндеттемесiнiң әдiл құны мәмiленiң бағасы, кәсiпорын бастапқы мойындауда айырмашылығы болады B5.1.2A тармағын қолдануы керек болады.

5.1.2        Ұйым амортизацияланған құн бойынша бағалану нәтижесіндегі активтің есп беру күніндегі есептілікті қолданса, онда мұндай актив бірден келісім жасасқан күндегі әділ құн бойынша танылады (B3.1.3-B3.1.6 - тармақтарын қараңыз).

5.1. Қаржы активтерінің кейінгі бағалануы

5.2.1        Бастапқы танудан кейін, ұйым қаржы активін 4.1.1 - 4.1.5 -тармақтарына сәйкес әділ құнмен (5.4.1, 5.4.2 және B5.4.1-B5.4.17 - тармақтарын қараңыз) немесе амортизацияланған құнмен ( 9 және AG5-AG8 (IAS 39)) бағалауы тиіс.

5.2.2       Ұйым 58-65 және 39 ХҚЕС-тың (IAS)  AG84-AG93 - тармақтарындағы хедждік есептілік талаптарын амортизацияланған құнмен бағаланған қаржы активтеріне қолдануы тиіс

5.2.3       Ұйым 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 - тармақтарындағы хедждік  есептілік талаптарын хеджирленетін бап ретінде анықталған қаржы активіне қолдануы тиіс (39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 және 78-84-тармақтарын қараңыз).

5.1. Қаржылық жауапкершіліктің кейінг бағалануы активтерінің бастапқы бағалануы

5.3.1       Алғашқы танудан кейін ұйым қаржы жауапкершіліктерін 4.2.1-4.2.2 - тармақтардың талаптары бойынша бағалайды (амортизациялық құн үшін 39 ХҚЕС-тың (IAS) 9- және AG5-AG8-тармақтарын қараңыз).

5.3.2        Ұйым 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 - тармақтарындағы хедждік  есептілік талаптарын хеджирленетін бап ретінде анықталған қаржы жауапкершілігіне қолдануы тиіс (39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 және 78-84-тармақтарын қараңыз).

5.4 Әділ құн бойынша бағалау

5.4.1-     []

[]5.4.3       [Жойылды]

5.5     Амортизацияланған құн өлшемі - қолданылмайды

5.6 Қаржы активтерін қайта сыныптау

5.6.1                       Егер ұйым қаржы активін 4.4.1 -тармағына сәйкес қайта сыныптайтын болса, ол қайта сыныптауді қайта сыныптау күнінен бастап перспективалық түрде қолдануы тиіс. Ұйым қандай болсын бұрын танылған пайда, залал немесе пайыздарды қайта есептемеуі тиіс.

5.6.2       Егер, 4.4.1 -тармағына сәйкес, ұйым әділ құнмен бағаланатындай қаржы активін қайта жіктесе, оның әділ құны қайта сыныптау күнінде анықталады. Бұрынғы есептеу бағасы және әділ құны арасындағы айырмашылықтан туатын қандай болсын пайда немесе залал, табыс немесе шығыннан танылады.

5.6.3       Егер, 4.4.1 -тармағына сәйкес, ұйым амортизацияланған құнмен бағаланатындай қаржы активін қайта сыныптайтын болса, оның қайта сыныптау күніндегі әділ құн оның жаңа есептеу бағасы болып қалыптасады.

5.7 Пайда және залал

5.7.1       Әділ құн бойынша бағаланып, қаржы активінен немесе қаржы жауапкершілігінен  туындаған пайда мен залал төменде көрсетілген жағдайлардан тыс жағдайда пайда немесе залал құрамында танылады:

(а)              қаржы активі немесе жауапкершілігі хеджирлеу қатынастарының бөлігі болып табылса (39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарын қараңыз)

(b)              қаржы активі немесе жауапкершілігі үлестік құралдың инвестициясы болып табылса жәнеұйым 5.7.5 тармағына сәйкес басқа да жиынтық табыстар құрамында осындай инвестициялардан туындаған пайда мен залалды көрсету жөнінде шешім қабылдаса, немесе

(с)             аталмыш қаржы жауапкершілігі «әділ құн бойынша бағаланып, ондағы өзгерістер пайда мен залал құрамында көрсетілу ретінде сыныпталса және ұйым 5.7.7 -тармағына сай ұйым басқа да жиынтық табыстардың құрамында несиелік тәуекелділікің жауапкершілікке байланысты өзгеріс салдарларын көрстуге міндетті.

5.7.2       Амортизацияланған құнмен бағаланған және хеджирлеу қатынастарының бөлігі болып табылмайтын (39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарын қараңыз) қаржы активінен түскен пайда немесе залал  мұндай қаржы активінің танылуы тоқтатылған немесе 5.6.2 -тармағына сәйкес құнсызданған немесе қайта жіктелген кезіндегі пайда мен залал құрамында танылады, сондай ақ амортизация үрдісі арқылы да танылады. 

5.7.3        Хеджирлеуге жататын қаржы активтерінен немесе жауапкершілігінен туындаған пайда немесе залал баптары(78-84 және 39 ХҚЕС-тың (IAS) AG98-AG101 тармақтарын қараңыз) 39 ХҚЕС-тың (IAS) 89-102 тармақтарына сәйкес танылуы тиіс.

5.7.4        Егер ұйым есепке алу күні бойынша есеп айырысуды қолдану арқылы қаржы активін таныса (3.1.2 -тармағы және В3.1.3 - және B 3.1.6- тармақтарын қараңыз), онда мәмілеге келген күн мен есеп айырысу күні аралығында туындаған активтің әділ құнындағы кез-келген өзгеріс амортизацияланған құн бойынша бағаланған актив тарапынан танылмайды (құнсыздану салдарынан орын алған залалды есепке алмағанда). Ал әділ құн бойынша бағаланатын активтер пайда мен залал құрамындағы әділ құнының өзгерісі танылады немесе 5.7.1 -тармағына сай басқа да жиынтық кірістің құрамында танылады.

Үлестік құралдарға салынатын инвестициялар

5.7.5        Бастапқы тануда, ұйым сату үшін жүргізілмейтін ХҚЕС-ты(IFRS) қолдану аясындағы үлестік құралына ақша салымының әділ құнындағы кейінгі өзгерістерді басқа жиынтық пайданы ұсынуға соңғы таңдау жасай алады.

5.7.6        Егер ұйым 5.7.5 -тармағына сәйкес таңдау жасайтын болса, ол ұйымның дивиденд төлемдерін қабылдау құқығы 18 ХҚЕС (IAS) стандартына сәйкес бекітілген уақытта ақша салымдарынан  түскен дивидендті табыс немесе залалда тануы тиіс.

Пайда мен залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын жауапкершіліктер

5.7.7       Пайда мен залал құрамындағы қаржы жауапкершілігінен түскен, әділ құн бойынша бағаланған кіріс пен шығыс өзгерістерін ұйым төмендегідей жолмен көрсетеді:

(а)              Несиелік тәуекелділікке қатысы бар қаржы жауапкершілігінің әділ құнының өзгерісінің көлемі басқа да жиынтық кірістердік құрамында көрсетілуі тиіс (B5.7.13-B5.7.20 -тармақтарын қараңыз), және

(b)              жауапкершіліктің әділ құнының өзгерісінің қалған көлемі пайда мен залал құрамында көрсетілуі тиіс,

Төмендегі аталған жағдайды есептемегенде, яғни (a) тармағында берілгендей жауапкершілік бойынша несиелік тәуекелділігінің өзгерісінің әсері пайда мен залал есептілігінде сәйкессіздіктің орын алуына немесе ұлғаюына әкелсе, 5.7.8 -тармағы қолданылады. B5.7.5-B5.7.7 және B5.7.10-B5.7.12- тармақтары есептілікте сәйкессіздік немесе оның ұлғаюы орын алған-алмаған жағдайын анықтаудың нұсқауы берілген.

5.7.8       Егер 5.7.7 -тармағында қойылған талаптар  пайда мен залал есептілігінде сәйкессіздіктің орын алуына немесе оның ұлғаюына салдарын тигізсе, ұйым пайда мен залал құрамында осындай жауапкершліктен (несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсерін қоса алғанда) түскен барлық кіріс пен шығысты көрсетуі тиіс.

5.7.9        5.7.7 және 5.7.8 -тармақтарында қойылған талаптарға қарамастан, ұйым пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құнмен бағаланған несие алу бойынша жауапкершіліктер  мен қаржы кепілдігі келісімшарттарынан түскен барлық кіріс пен шығысты пайда мен залал құрамында көрсетуі тиіс. 

ТАРАУ 6  Хеджирлік есеп - қолданылмайды

ТАРАУ 7 Күшіне ену күні және өтпелі кезең

7.1 Күшіне ену күні

7.1.1        Ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) 2015жылдың 1 қаңтарынан бастап  немесе осы күннен әрі қарай жылдық есептілік кезеңдеріне қолдануы тиіс. Мерзімнен бұрын қолдану рұқсат етіледі. Егер ұйым осы стандартты қолдануға шешім қабылдаса және 2009 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ты(IFRS) бұған дейін қолданбаған болса, онда ол осы стандарттың барлық талаптарын бірдей орындауы тиіс (7.3.2 -тармағын қараңыз). Егер ұйым қаржы есебіне осы ХҚЕС-ты (IFRS) 2015жылдың 1 қаңтарынан бұрын қолданатын болса, ол бұл деректі ашып көрсетілуі тиіс және сонымен қатар С Қосымшасындағы түзетулерді қолдануы тиіс.

7.1.2        2011 жылғы мамыр айындағы 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС Бірлескен шаралар3.2.1, B3.2.1-B3.2.3, B4.3.12 (с), B5.7.15, C11, C30 түзетулер енгізілді, C23 және С 28 байланысты тармақтар жойылды. Ұйым осы түзетулерді қолданған кезде 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолдану қажет.

7.1.3        2011 жылғы мамыр айындағы 13 ХҚЕС әділ құнға 3.2.14, 4.3.7, 5.1.1, 5.2.1, 5.6.2, 7.2.5, 7.2.11, 7.2.12 тармақтары, А Қосымшасы түзетілді,B3.2.11, B3.2.17, B5.1.1, B5.4.14, B5.4.16, B5.7.20, C3, C11, C26, C28 , C30, C49 және C53 тармақтары жойылды,5.4.2, B5.4.1-B5.4.13,5.1.1A, B5.1.2A және B5.2.2A тармақтары қосылды.Ұйым осы түзетулерді қолданған кезде 13 ХҚЕС қолдану қажет.

7.2  Есепке алудың жаңа тәртібіне көшу

7.2.1        Ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) ретроспективті түрде 8 ҚЕХC (IAS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларнда болатын өзгерістер  мен қателер, 7.2.4-7.2.15- тармақтарынан басқаларына қолдануы тиіс. Бұл ХҚЕС (IFRS) бастапқы қолдану күнінен бастап танылуы тоқтатылған баптарға қолданылмауы тиіс.

7.2.2        7.2.3-7.2.13 тармақтарында көрсетілген есеп берудің жаңа тәртібіне көшу жағдайында, бастапқы қолдану күні болып ұйым бұл ХҚЕС-тың (IFRS) талаптарын алғашқы қолданған күн болып табылады.Алғашқы қолданған күн болып:

(a)              бұл ХҚЕС-ты (IFRS) 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін бірінші рет қолданып отырған ұйымдар осы ХҚЕС (IFRS) шығу күні мен 2010 жылдың 31 желтоқсан арасындағы қандай болсын күн; немесе

(b)              ұйым осы Cтандартты ХҚЕС (IFRS) алғашқы есептілік кезеңінде қолдануды басындағы күн, ал ұл стадартты бірінші рет қолданып отырған ұйым үшін  2011 жылдың 1 қаңтарынан немесе  одан кейінгі күндер.

7.2.3        Егер бастапқы қолданыстың күні есепберу кезеңінің басы болып табылмаса, ұйым бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және бастапқы қолданыстың көрсеткен күнін қолдану себептерін ашып көрсетуі тиіс.

7.2.4        Бастапқы қолданыстың күнінде, ұйым бастапқы қолданыстың күнінде болған фактілер мен жағдайлар негізінде 4.1.2 (а)- тармағындағы шартты қаржы активінің қабылдайтынын не қабылдамайтынын бағалауы тиіс. Қорытынды сыныптау бұрынғы есептесу кезеңдеріндегі ұйымның бизнес нұсқасына байланыссыз ретроспективті қолданылуы тиіс.

7.2.5        Егер ұйым гибрид келісімшартты 4.1.4 немесе 4.1.5- тармақтарына сәйкес әділ құнмен бағалайтын болса, бірақ гибрид келісімшарттың әділ құны салыстырмалы кезеңдерде анықталмаған, онда салыстырмалы есептесу кезеңдеріндегі гибрид келісімшарттың әділ құны әрбір салыстырмалы есептесу кезеңдерінің соңында компоненттердің (яғни, туынды құрал емес тасушы және енгізілген туынды құрал) әділ құнының есептелуі тиіс.

7.2.6        Бастапқы қолданыстың күнінде, ұйым сол күндегі бүкіл гибрид келісімшарттың әділ құны мен бастапқы қолданыстың күніндегі гибрид келісімшарт компоненттерінің әділ құнының сомасы арасындағы айырмашылықты тануы тиіс:

(a)             егер ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) есептесу кезеңінің басында қолданатын болса, бастапқы қолданыстың есептілік  кезеңінің бөлінбеген табысының ашқанда; немесе

(b)            егер ұйым бұл ХҚЕС-ты (IFRS) есептесу кезеңінің ағымында қолданатын болса пайда немесе залал құрамында.

7.2.7         Бастапқы қолданыстың күнінде  ұйым төмендегідей сыныптай алады:

(a)             4.1.5 -тармағына сәйкес пайда немесе залал құрамында көрсетілетін  әділ құнмен бағаланған қаржы активі деп; немесе

(b)            5.7.5 -тармағына сәйкес басқа жиынтық кіріс құрамында  әділ құнмен бағаланған ретінде үлестік құралға құйылатын инвестиция деп.

Мұндай сыныптау бастапқы қолданыстың күніндегі нақты фактілер мен жағдайлардың негізінде жұзеге асырылады. Бұл сыныптау ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.

7.2.8         Бастапқы қолданыстың күнінде, ұйым:

(a)             егер қаржы активі 4.1.5 -тармағындағы талапты қанағаттандырмайтын  болса, онда ұйым пайда немесе залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құнмен бағаланған қаржы активінің бұған дейінгі сыныптауын жоюы тиіс.

(b)            егер қаржы активі 4.1.5 -тармағындағы талапты қанағаттандырмайтын  болса, онда ұйым пайда немесе залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құнмен бағаланған қаржы активінің бұған дейінгі сыныптауын жоя алады.

Мұндай жою бастапқы қолданыстың күнінде болған фактілер мен жағдайлардыңнегізінде орындалуы тиіс. Бұл сыныптау ретроспективті қолданылуы тиіс.

7.2.9         Бастапқы қолданыстың күнінде ұйым:

(a)             қаржы жауапкершілігін пайда немесе залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құнмен бағаланған ретінде 4.2.2  (а) -тармағына сай сыныптай алады.

(b)            қаржы жауапкершілігін пайда немесе залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құнмен бағаланған ретінде сынаптауды жоюы тиіс, егер 4.2.2  (а) -тармағындағы шарттарға сай алғашқы тануда осы сынаптау жасалған болса және бастапқы қолданыс күнінде аталған шарттарды қанағаттандырмайтын болса. 

(с)             қаржы жауапкершілігін пайда немесе залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құнмен бағаланған ретінде сынаптауды жоя алады, егер 4.2.2  (а) -тармағындағы шарттарға сай алғашқы тануда осы сынаптау жасалған болса және бастапқы қолданыс күнінде аталған шарттарды қанағаттандыратын болса. 

Мұндай жою бастапқы қолданыстың күнінде болған фактілер мен жағдайлардың негізінде орындалуы тиіс. Бұл сыныптау ретроспективті қолданылуы тиіс.

7.2.10     Егер ұйым үшін 39 ХҚЕС-тың (IAS)  AG84-AG93 және 58-65 тармақтарындағы құнсыздану бойынша талаптарды немесе нәтижелі пайыз әдісін ретроспективті қолдану мүмкін емес болса (8 ХҚЕС-да (IAS) анықталғандай), онда ұйым әрбір салыстырмалы кезеңнің соңындағы қаржы активінің әділ құнын амортизацияланған құны ретінде бағалауы тиіс. Мұндай жағдайларда, бастапқы қолданыс күніндегі қаржы активінің әділ құны бұл ХҚЕС-тың (IFRS) бастапқы қолданысының күнінде сол қаржы акитивінің жаңа амортизацияланған құны ретінде бағалауы тиіс.

7.2.11      Егер ұйым 39 ХҚЕС (IAS) тармағына сәйкес бағасымен бағаланбаған үлестік құралындағы ақша салымдарын (немесе қосылған және мұндай бағаланбаған туынды құралының жеткізілуі арқылы төленуі міндет туынды құрал) бұрында есептеген болса, ол бұл құралды әділ құнмен бастапқы қолданыстың күнінде бағалауы тиіс. Бұрында болған сома мен әділ құн арасындағы қандай болсын айырмашылық бастапқы қолданыстың күнінен тұратын есептесу кезеңінің бөлінбеген табысында танылуы тиіс.

7.2.12      Егер ұйым бұған дейін  39 ХҚЕС (IAS) стандартына сай бағамы белгіленбеген биржалық құралды өзіндік құнға беру арқылы есеп айырысатын осындай бағамы белгіленбеген биржалық  құралға байланысты туынды жауапкершіліктерді көрсеткен болса, онда ол көрсетілген туынды жауапкершілікті бастапқы қолданыс күніндегі әділ құн бойынша бағалауы тиіс. Бұрынғы теңгерімдегі сома мен әділ құн арасыдағы  айырмашылық бастапқы қолдану күнін қоса ескеретін есептілік кезеңіндегі бөлінбеген кірісте танылады. 

7.2.13      Бастапқы қолдану күнінде ұйым 5.7.7 -тармағындағы шарттар  бастапқы қолданыс күніндегі болған фактілер мен жағдайлар негізінде пайда мен залалдағы есептілік сәйкестігін туындатты ма , әлде сәйкессіздіктің арасын алшақтатты ма, соны анықтауы тиіс. Осыны анықтау мақсатында бұл ХҚЕС (IFRS) ретроспективті түрде қолданылады.

7.2.14      7.2.1 -тармағындағы талапқа қарамастан, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын есептілік кезеңі үшін бұл ХҚЕС-ты (IFRS) қабылдайтын ұйым бұрынғы кезеңдерді бекітуі қажетті емес. Егер ұйым бұрынғы кезеңдерді бекітпесе, ол бастапқы қолданыстың күнінен тұратын есептесу кезеңінің бөлінбеген табыстарында (немесе сәйкес келетін  жай акциялар құралының басқа компоненті) бастапқы қолданыстың күнін қамтитын жыл сайынғы есептесу кезеңінің басындағы қазіргі сома мен бұрынғы сома арасындағы қандай болсын айырмашылықты тануы тиіс. Дегенмен, егер ұйым бұған дейінгі кезеңдер бойынша қайта есеп жасайтын болса, онда  қайта есептелген қаржылық есептілігі осы стандарттың барлық талаптарына сәйкес орындалуы керек.

7.2.15      Егер ұйым 34 ХҚЕС (IAS) Аралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес аралық қаржылық есептесуді дайындайтын болса, ол бұл ХҚЕС-тағы (IFRS) талаптарды бастапқы қолданыстың күніне дейінгі аралық кезеңде, егер мүмкін болмаса (8 ХҚЕС-та (IAS) анықталғандай), қолдануы қажет емес.

2009 жылы шыққан  9 ХҚЕС-ты (IFRS) мерзімінен бұрын қолданған ұйымдар

7.2.16      Тиісті бастапқы қолданыс күнінен кейін ұйым 7.2.1-7.2.15- тармақтарында көрсетілген есеп берудің жаңа тәртібінің талаптарын орындауы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ұйым 2009 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ты(IFRS) қолданатын болса, онда ол 7.2.4 - 7.2.11 -тармақтарын басшылыққа алуы тиіс немесе аталып отырған жылы шыққан стантартты қолданбаса, онда 2010 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ын (IFRS) толықтай басшылыққа алуы тиіс. Ұйым көрсетілген тармақтарды тек бір-ақ рет қолдана алады.

7.3 9 ХҚЕСТК (IFRIC) Түсіндірмесі және 9 ХҚЕС -тың (IFRS) (2009 жылғы) қолданысының тоқтатылуы

7.3.1        Бұл стандарт 9 ХҚЕСТК (IFRIC) Түсіндірмесі «Кірістірілген туынды құралдарды қайта бағалау»стандартының орнын алмастырады. 2010 жылы шыққан 9 ХҚЕС (IFRS) ендірілген талаптар 9 ХҚЕСТК (IFRIC) Түсіндірмесіндегі 5- және 7- тармақтарында берілген талаптарды қамтиды. Логикалық түрде бұған дейінгі 9 ХҚЕСТК (IFRIC) Түсіндірмесінің 8 -тармағында берілген талаптар 1 «ХҚЕС-ын алғашқы қолдану» ХҚЕС-дағы (IFRS) өзгерістерде қамтылды.

7.3.2        Осы стандарт 2009 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ты(IFRS) алмастырады. Бірақ, 2015жылдың 1 қаңтарынан басталатын жылдық есептілік кезеңдеріне қатысты ұйым осы стандартты емес, 2009 жылы шыққан 9 ХҚЕС-ты(IFRS) қолдануға шешім қабылдай алады.

 

А Қосымшасы

Терминдер анықтамасы

Келесі қосымша осы стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

тануды тоқтату

Ертеректе танылған қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін ұйымның қаржы жағдайы туралы есептен алып тастау.

туынды құрал

Осы стандартты қолдану аясына кіретін және келесі үш сипаттамаға жауап беретін қаржы құралы немесе кез-келген өзге келісімшарт (2.1-тармағын қараңыз):

(а)            оның құны бекітілген пайыздық мөлшерлеменің, қаржы құралы бағасының, тауар бағасының, валюта айырбас бағамының, бағалар мен мөлшерлемелер индексінің, несие рейтингі немесе несие индексі, немесе басқа да өзгермелінің өзгеруі нәтижесінде және қаржылық емес өзгермелі жағдайында (кейде «базисті» деп аталатын) келісімшарт бойынша тараптардың ешбіріне тән болмауы шартында өзгеріп отырады.

 (b)           ол үшін бастапқы таза инвестиция қажет емес немесе болжамдарға сай нарық факторлары өзгерісіне баламалы түрде әсерін тигізетін келісімшарттардың басқа да түрлеріне қажет болатын бастапқы инвестициядан аз инвестиция қажет, немесе

(c)            ол бойынша есеп айырысу болашақта жүзеге асырылады.

әділ құн

жақсы хабардар, осындай операция жасауды қалаушы тәуелсіз тараптар арасындағы операция жасау кезінде актив айырбасталуы мүмкін немесе міндеттеме орындалуы мүмкін сома.[1]

қаржылық кепілдеме келісімшарты

белгілі бір борышкердің борыштық құралдың бастапқы және қайта қаралған шарттарына сәйкес белгіленген уақытта төлем жасай алмауына байланысты эмитенттің шығындарын өтеу мақсатында құралды иемденушіге нақты төлемдер жасауы бойынша келісімшарт.

өзгеруі кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланған қаржы міндеттемесі

Төмендегі шарттардың кез-келгенін қанағаттандыратын қаржы міндеттемесі. 

(a)                  Сатуға арналған қаржы міндеттемесінің анықтамасына сәйкес келеді.

(b)                  Бастапқы танудан кейін ұйым міндеттемені 4.2.2 немесе 4.3.5. -тармағына сәйкес, «өзгеруі кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде сыныптайды.

сатуға арналған

(a)                  ең алдымен, жақын уақыт аралығында сату немесе сатып алу мақсатымен алынған;

(b)                  бастапқы тану кезінде басқарылуы бірге жүргізілетін идентификацияланған қаржы құралдары портфелінің бөлігі болып табылады, ал жақын арадағы операциялары қысқа мерзімді түсім алу тенденциясын көрсететін, немесе

(c)                  туынды құрал болып табылатын (қаржы кепілдемесі немесе хеджирлеудің сыныпталған және тиімді құралдары болып табылатын туынды құралдарды есепке алмағанда) Қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі.

қайта сыныптау күні

Ұйымның қаржы активтерін қайта сыныпталуғы әкеп соққан, бизнес-үлгіні өзгертуден кейінгі бірінші есептік кезеңнің бірінші күні.

стандартты шарттар бойынша сату немесе сатып алу

Қаржы активін сәйкес нарықта қабылданған ережелер мен келісімдермен бекітілген уақыт аралығында өткізуді талап ететін шарттары.

Төменде келтірілген терминдердің анықтамалары 32 ХҚЕС (IAS) стандартының 11- тармағында, 39ХҚЕС (IAS) 9- тармағында немесе 7 ХҚЕС (IFRS)A Қосымшасында жазылған және осы стандартта 32 ХҚЕС (IAS), 39 ХҚЕС (IAS)немесе 7 ХҚЕС (IFRS) көрсетілген мағыналармен қолданылады:

(b)                 қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің амортизацияланған құны

(b)                 несиелік тәуекел

(c)                 тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі

(d)                 қарыз құралы

(e)                 қаржы активі

(f)                 қаржы құралы

(g)                 қаржылық міндеттеме

(i)                  хеджирленетін бап

(i)                  хеджирлеу құралы

(j)                  мәміле бойынша шығындар

 

В  Қосымшасы

Қолдану аясы

 

Осы қосымша аталмыш стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады

 

Тану және тануды тоқтату (3 тарау)

Алғашқы тану (3.1 бөлімі)

B3.1.1     3.1.1. бөліміне сәйкес, кәсіпорын өзінің туынды құралдарындағы келісімшарттары мен міндеттерін өзінің қаржылық жағдайы туралы есебінде активтер мен міндеттері ретінде танып, туынды құралдарын қоспағанда, қаржылық активтердің берілуі есепте сату болып көрінбейтіндей (В3.2.14 -тармағын қараңыз) нәтиже беруі тиіс. Егер қаржылық активті беру тануды тоқтату өлшемі бойынша қанағаттанғысыз деп танылса, онда қабылдаушы жақ берілген активті өзіне тән деп есептемеуі тиіс. (В3.2.15 -тармағын қараңыз).

B3.1.2     Төменде 3.1.1-тармағында көрсетілгендей принциптерді қолдану мысалдары берілген:

 (а)             Шартсыз дебиторлық және несиелік қарыздар кәсіпорын келісімшартқа енген сәттен бастап актив немесе міндеттеме ретінде танылады, осылардың нәтижесінде оның қаржылық қаражаттар алуға заңнамалық құқық немесе қаржы қаражатын төлеуге заңнамалық міндеттемелері пайда болады.

 (b)             Тауарлар мен қызметтерді тұрақты сатып алу не сату нәтижесінде туындайтын келісім активтері мен міндеттемелері, әдетте екі жақтың ең болмағанда бір жағы келісімшарттағы осындай іс-әрекетке бармайынша танылмайды. Мысалы, тұрақты тапсырыс алған кәсіпорын, әдетте келісімшарт жасаған уақытта активті мойындамайды (ал, тапсырыс берген кәсіпорын, міндеттемені мойындамайды); қайта оның орнына оны тануды тапсырыс берген тауар жөнелтім жасалмайынша, жеткізілмегенше немесе қызмет көрсетілмейінше тануды кейінге қалдырады. Егер тұрақты келісімшарт қаржылық емес сала бойынша сатып алу немесе сату 39 ХҚЕС (IAS) 5-7 бабына сәйкес осы стандарты қолдану аясына кіретін болса, онда оның таза әділетті құны актив немесе міндеттеме ретінде келісімшартты жасаған күннен бастап танылады (төмендегі (с) -тармағына қараңыз). Сонымен бірге, бұған дейін танылмаған тұрақты келісімшарт, хеджірлік тәуекелге тән хеджірленген сала ретінде әділетті хеджірленген бағамен белгіленеді, әрі хеджерлеу басталған мерзімнен бастап актив немесе міндеттеме ретінде танылады (39 ХҚЕС (IAS) 93-және 94-тармақтарына қараңыз).

(c)              Аталмыш стандарт саласына (2.1-тармағына қараңыз) кіретін форвардтық келісімшарт, есеп айырысу мерзімінен бастап емес, келісімшарт жасаған күннен актив немесе міндеттеме ретінде танылады. Форвардтық келісімшартты жасау кезінде құқықтар мен міндеттемелердің әділетті бағамы сәйкес келеді, сондықтан форвардтық келісімшарттың таза әділ бағамы нөлге тең. Ал егер құқықтар мен міндеттемелердің таза әділ бағамы нөлге тең болмаса, онда келісімшарт актив немесе міндеттеме ретінде танылады.

(d)              Аталмыш стандарты пайдалану саласына кіретін опциондар (2.1 -тармағына қараңыз), егер опцион иесі немесе оны шығарушы тұлға келісімшартты қолдайтын жағдайда ол актив немесе міндеме ретінде танылады.

(e)              Жоспарланған болашақ операциялар, атқарылу мүмкіндігіне қарамастан, кәсіпорын келісімшартты қолдамаған жағдайда актив немесе міндеттеме болып таныла алмайды.

Стандарт талаптарына сәйкес қаржылық активтерді сатып алу мен сату

B3.1.3       Стандарт талаптарына сәйкес қаржылық активтерді сатып алу мен сату В3.1.5- және В3.1.6-тармақтарында келтірілгендей келісім жасалған мерзімін есептеу тәсілін қолдану немесе есеп айырысу мерзімін есепке алу негізінде дұрыс деп бағаланады. Қолданыстағы тәсіл қаржылық активтерді сатып алу мен сатудың аталмыш стандартына сәйкес бір категорияға жататын барлық операцияларында жүйелі түрде қолданылуы тиіс. Осы мақсатта міндетті түрде әділетті құны бойынша бағалануы тиіс, өзгерісі табыс пен шығысқа әсер ететін активтер өзге категорияларды топтастырады және кәсіпорын әділетті құны бойынша бағалайтын активтер ретінде өзгерісі табыс пен шығысқа әсер ететін сараланған активтермен бірікпейді.

B3.1.4       Нетто-есепті талап ететін немесе рұқсат ететін келісімшарт келісімшарттың бағамы өзгеруіне байланысты стандарт келісімшартына жатпайды. Оның орнына мұндай келісімшарт келісімшарт жасаған күн мен есептесу мерзімі аралығындағы туынды құрал ретінде көрінеді.

B3.1.5       Келісімшарт жасаған күн - бұл кәсіпорынның активті сатып алуға немесе сатуға міндеттеме алған мерзімі. Келісімшарт жасалған күнді есепке алуда алынатын активті (а) тануды ескереді, әрі келісімшартқа отырған күні есеп айырысуға міндеттеме алады, және (b) сатылған активті оның істен шығуына қатысты келісімшарт жасамас бір күн бұрын кірісі мен шығысын бағалау және сатып алушының дебиторлық қарызын бағалау арқылы тануды тоқтату. Ережеге сәйкес, актив пен міндеттемеге сәйкес пайыздық үстеме меншік құқығының иелік етуде, есептесу күнінен ерте жүргізілмейді.

B3.1.6       Есептесу күні - бұл кәсіпорынның не кәсіпорынға активті жеткізу мерзімі. Есептесу күні (а) активті кәсіпорынның қабылдап тануы және (b) активті тануды тоқтату мен кәсіпорынның оны жеткізгенге дейінгі кірісі пен шығысын тануды есепке алумен ескеріледі. Есептесу күнін ескеруде кәсіпорын активтің әділетті құнындағы келісімшарт жасалатын мерзім мен есептесу кезеңіндегі қабылданған актив ретіндегі есепке алынатын өзгерісті көрсетеді. Басқаша айтқанда, активке қатысты амортизацияланған құны бойынша оның құнындағы өзгеріс танылмайды, ол әділетті құны бойынша сараланған кіріс пен шығысқа әсер ететін қаржылық кіріс немесе шығыс активі ретінде танылады; мұндай өзгеріс егер үлескерлік құралдармен, 5.7.5 тармағына сәйкес ескерілгендей инвестицияға қатысты болса, өзге де жиынтық пайда негізінде танылады.

Қаржылық активтерді тануды тоқтату (3.2 - бөлім)

B3.2.1     Төменде көрсетілген диаграмма қаржылық активті тану керек пе және оны қандай дәрежеде тануды тоқтатудың қажет екендігі бағамын суреттейді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның қаржы активінен ақша қаражат айналымын алуда келісімшарт құқығын сақтай отырып, бірақ ақша қаражатын бір немесе бірнеше алушыға төлеуді келісімшарт міндеті ретінде өз мойнына алуға сәйкестіретін келісім (3.2.4(b) тармағы).

B3.2.2     3.2.4(b)-тармағында көрсетілгендей (кәсіпорынның қаржы активінен ақша қаражат айналымын алуда келісімшарт құқын сақтай отырып, бірақ ақша қаражатын бір немесе бірнеше алушыға төлеуді келісімшарт міндеті ретінде өз мойнына алу жағдайы) мысалы, мынадай жағдайда, егер кәсіпорын арнайы белгіленген немесе сенімгер компания болса, әрі инвесторларға өзіне тиесілі қаржылық активтерден табыс көруге немесе өзге де басымдылықтарға құқық беруге және осы қаржы активтеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етуден туындайды. Мұндай жағдайда, егер 3.2.5- және 3.2.6-тармақтарындағы шарттар орындалса, қаржы активтері тануды тоқтатуды мойындау өлшемдерін қанағаттандырады.

B3.2.3     3.2.5-тармағын қолдану арқылы кәсіпорын, мысалға қаржы активін немесе өз атынан арнайы белгіленген шоғырмалы кәсіпорынды қосатын топты құрып, ол өз есебінде қаржы активіне иелік етіп және ақша қаражат айналымын бұларға қатысы жоқ үшінші жақ-инвесторларға беруші болуы мүмкін.

Активті иемденгенуге қатысты тәуекел мен сыйақыларға берілетін  баға (3.2.6- тармақ)

В3.2.4     Кәсіпорын активке иелік етуге қатысты, барлық тәуекел мен сыйақыларды бергендегі жағдайлар мысалдары, мынадай болуы мүмкін:

(а)              қаржы активін шартсыз сату;

(b)              қаржы активін опционмен бірге қайта сатып алу күніне сәйкес әділетті құнымен қайта сатып алу үшін сату; және

(c)              қаржы активін қайтарымды сыйақылы мәміле және кол опционымен бірге өте тиімсіз бағаланған бағаға сату (яғни, опцион өте тиімсіз бағаға бағаланған жағдайда, оның опцион уақыты біткенше тиімді бағалануы екіталай).

В3.2.5     Кәсіпорын активке иелік етуге байланысты, барлық тәуекел мен сыйақы мүмкіндігін сақтаған жағдайға жататын мысалдар, мыналар:

(а)              қайта сатып алу үшін жүргізілетін сату операциясы, қайта сатып алу бағасы белгіленген немесе сату бағасына әрі несиегердің кірісін қосқандағы бағаға тең болса;

(b)              бағалы қағаз жүзіндегі қарыз беру туралы келісімшарт:

(c)              қаржылық активті, нарықтық тәуекел кәсіпорынға қайта беретін, жиынтықты (своп) кірісімен бірге сату жағдайы;

(d)              қаржылық активті пут немесе кол опционымен өте тиімді бағаға сату (яғни опционның бағасы өте тиімді жағдайға көтерілгені сонша, опцион мерзімі біткенге дейін оның тиімсіз бағаға түсуі екіталай); және

(e)              кәсіпорынның қабылдаушы жаққа туындауы мүмкін, несиелік шығындарды толтыруға кепіл болған жағдайда, қысқа мерзімді дебиторлық қарызды сатуы.

В3.2.6  Егер кәсіпорын оны тапсыру нәтижесінде берілген активке қатысты барлық

мүмкін тәуекелдер мен сыйақыларды тапсырғанын анықтаса, онда бұл активті алдағы кезеңде мойындамайды, тек ол берілген активті жаңа операциялар шеңберінде қайта алмайтын жағдайда ғана.

Тексеруді өткізу бағамы

В3.2.7              Кәсіпорын берілген активке қатысты, егер оны қабылдаған жақтың берілген активті сатып жіберуге мүмкіндігі болған жағдайда бақылау жүргізбейді. Кәсіпорын берілген активке қатысты, егер оны қабылдаған жақтың берілген активті сатып жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайда бақылау жүргізе алады. Қабылдаушы жақтың берілген активті, егер ол актив нарығында сатылатын болса, қабылдаушы жақ оны кәсіпорынға қайтарып беру үшін, берілген активті нарықта қайта сатып алуы мүмкін болатындай жағдайда ғана сатуға мүмкіндігі бар. Мысалы, қабылдап алушы жақтың өзіне берілген активке опцион жағдайы туындап, берілген активті кәсіпорынның қайта сатып алуына мүмкіндік болса, ал қабылдап алушы жақ берілетін активті, егер кәсіпорын өз опционын орындаған жағдайда нарықта еркін қолжеткізе алатындай болса, толығымен сатып жіберуге мүмкіндігі бар. Қабылдаушы жақтың, егер кәсіпорын мұндай опционды сақтайтын болса, бірақ қабылдаушы жақ, кәсіпорын өз опционын орындай алмай, берілген активті нарықта еркін қолжеткізе алмаса, берілген активті сатуға ешқандай мүмкіндігі болмайды.

В3.2.8              Қабылдаушы жақ берілген активті тек қана, қабылдаушы жақ берілген активті үшінші жақтың қатысуынсыз сататындай жағдайда және бұл мүмкіндікті біржақты ғана пайдаланатын, әрі мұндай беруге қосымша шектеулерді танбайтын болса, осындай жағдайда ғана сатуға барлық мүмкіндігі болады. Маңызды сұрақтың бірі, қабылдайтын активтің өзара қандай келісімшарттық қарым-қатынасы немесе қандай келісімшарттық тыйымдар болатыны емес тәжірибеде қабылдаушы жақ не істей алады дегенге саяды. Атап айтқанда:

(а)              келісімшарт құқы бойынша берілген активті сату құқы егер берілген актив нарығы болмаса аз ғана тәжірибелік нәтижеге ие; және

(b)              берілген активті сату мүмкіндігі, егер ол мүмкіндікті еркін іске асыра алмаған жағдайда аз ғана тәжірибелік нәтиже береді. Сол себепті:

(i)            берілген активті сату мүмкіндігі қабылдап алушы жақ үшін өзгелердің іс-әрекетінен тәуелді болмауы керек (яғни, бұл мүмкіндік біржақты тәртіппен ғана жүзеге асырылуы тиіс); және

(ii)           қабылдаушы жақтың берілген активті сатуда оны өткізу жағдайында қосымша шектеу шарттары кедергі келтірмейтіндеі мүмкіндігі болуы керек (мысалы, қабылдаушы жаққа активті қайта сатып алуға құқық беретін несиелік актив немесе опцион).

В3.2.9              Қабылдаушы жақтың берілген активті сатып жіберуі екіталай болғандықтан, бұл оны тапсырушы жақтың берілген активті бақылауды сақтап қалды деген түсінікті тудырмаса керек. Дегенмен, қайтарымды сыйақылы мәміле немесе кепілдік қабылдаушы жаққа берілген активті сатуға мүмкіндік бермесе, онда тапсырушы жақ берілген активті бақылауды жалғастыруда дегенді білдіреді. Мысалы, қайтарымды сыйақылы мәміле немесе кепілдік тым құнды деп бағаланса, онда олар қабылдаушы жаққа берілген активті сатуға мүмкіндік бермейді, өйткені іс жүзінде қабылдаушы жақ берілген активті, ұқсас опцион жасамай немесе  өзге де шектеулі шарт қоймастан үшінші жаққа сатуы мүмкін емес. Мұның орнына қабылдаушы жақ берілген активті кепілдік немесе опцион бойынша қайтарымды сыйақы алу үшін қолда ұстап тұрады. Аталмыш жағдайларда тапсырушы жақ берілген активтерді бақылауды жалғастырады.

Тануды тоқтатудың өлшемдерін қанағаттандыратын тапсырыстар

В3.2.10  Кәсіпорын берілген активтердің бір бөлігіне осы активтерге жасаған қызметі үшін өтемақы ретіндегі қатысты пайыздық төлемдер құқын сақтай алады. Келісімшарт мерзімі аяқталған сәттен бастап, кәсіпорын активке қатысты қызмет көрсету мен қызмет көрсету міндетінен  бас тартуға әзір пайыздық төлемдердің бөлігі, оған қызмет көрсету мен қызмет көрсету міндеттемесіне жатады. Пайыздық төлемдердің кәсіпорын бас тарттуға әзір емес бөлігі, пайыздық өтемақыны стрипті алу болып табылады. Мысалы, егер кәсіпорын қызмет көрсету келісімшартының мерзімі аяқталғанша немесе тапсырылғанша ешқандай пайыздық өтемақыдан бас тартуға әзір болмаса, онда бүкіл пайыздық спрэд пайыздық стрип бойынша дебиторлық қарыз болып саналады. 3.2.13 -тармағын пайдалану мақсатында активке қызмет көрсету мен пайыздық стрип бойынша дебиторлық қарыз активтің бөліктері арасындағы дебиторлық қарыздың баланстық құнын оның әліге дейін танылатын бөлігімен реттеу үшін қолданылып, тану тоқтатылады. Егер қызмет көрсету бойынша сыйақы мөлшері көрсетілмесе, немесе алынатын тиесілі сыйақы кәсіпорын қызметі үшін жеткілікті өтемақы ретінде қаралмаса, онда қызмет көрсету әділетті бағаммен танылуы міндеттеледі.

В3.2.11             Кәсіпорын одан әрі де әділетті деп таныған бөлігін бағалауда, тануаяқталған бөлігін қоса алғанда, 3.2.13-тармағын қолдану мақсатында, 3.2.14-тармағына қосымша ретінде кәсіпорын 5.4.1 - 5.4.3 және В5.4.1 - В5.4.13 -тармақшаларында көрсетілгендей, әділетті бағалау құнына қатысты талаптарын қолданады.

Тануды тоқтатудың өлшемдерін қанағаттандырмайтын тапсырыстар

B3.2.12   Әрі қарай 3.2.15 тармағында баяндалған қолдану принципінің мысалы беріледі. Егер кәсіпорын көрсеткен, берілген активтер бойынша орындалмаған міндеттер нәтижесінде пайда болған шығындар жөніндегі кепілдік берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе, кәсіпорын берілген активті тануға қатысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтағандықтан, кәсіпорын әрі қарай да  берілген активті тұтастай тануды жалғастырады, ал алынған өтемді міндеттеме ретінде қарастырады.

Берілген активтерге әрі қарай қатысу

B3.2.13  Төменде кәсіпорын берілген актив пен оған қатысты міндеттемелерді 3.2.16 -тармағына сәйкес  қалай бағалайтынының мысалдары келтірілген.

Барлық активтер

(a)                     Егер кәсіпорын көрсеткен берілген актив міндеттемелерін орындамау нәтижесінде туындаған шығын мөлшерін төлеу кепілдігі, берілген активті тануды өз дәрежесінде тоқтатуға мүмкіндік бермесе, кәсіпорын осы активке қатысуды жалғастыратын болса, онда берілген актив берілген күннен бастап активтің берілген кездегі баланстық ең төменгі (і) және (іі) өтемақының ең жоғарғы мөлшерінде бағаланып, кәсіпорын («кепіл сомасын») қайтарып беруге міндетті болуы мүмкін. Байланысты міндеттеме  бастапқыда кепілдік сомасымен тепе-тең бағаға әділетті кепілдік бағамын қосқандағыға тең (әдетте ол, кепілдік үшін алынатын өтеменің соммасына тең). Ақырында бастапқы әділетті кепілдік бағамы пайда немесе шығын мөлшері уақыт негізіне пропорциялы (18 ХҚЕС (IAS), қараңыз), ал активтің баланстық бағасы құнсызданудан шығын сомасына дейін төмендейді.

Амортизацияланған құнымен бағаланатын активтер

(b)                     Егер кәсіпорын қайтарымды сыйақылы мәміле бойынша шығарған немесе кол опционына қатысты құқы берілген активті тануды тоқтатуға кедергі келтірсе және кәсіпорын берілген активті амортизацияланған бағаммен бағалайтын болса, онда бірлескен міндеттемелер оның өзіндік құны мөлшерімен (яғни, қайтарылған өтемақымен) есептеледі, ол берілген активтің опционның қызметінің аяқталатын күніне қарай осы және оның  амортизацияланған құнының айырмасын есептеп түзеткен міндеттемелері. Мысалы, активтің берілген күнідегі амортизацияланған және баланс құны 98 ақша бірлігіне, ал алынған өтемақысы 95 ақша бірлігіне тең дейік. Активтің опцион орындалатын күніне қатысты амортизацияланған бағасы 100 ақша бірлігін құрайды. Бірлескен міндеттеменің бастапқы баланстық құны 95 ақша бірлігіне тең, ал 95 ақша бірлігі мен 100 ақша бірлігінің арасындағы айырма тиімді пайыз ставка әдісін қолданумен танылады. Егер опцион орындалса, бірлескен міндеттеме мен опционның орындалу бағасы пайда мен шығын есебінің арасында танылады.

Әділетті құны бойынша бағаланатын активтер

(c)              Егер кәсіпорынның сатып алынатын опционы бойынша сақтап отырған құқығы берілген активті тануға мүмкіндік беремесе және кәсіпорын берілген активті әділетті бағамға бағалайтын болса, онда оны әділетті бағаммен бағалауды жалғастыра береді. Бірлескен міндеттеме опционның уақытша бағамын шегергендегі (і) опционның орындалу бағамымен бағаланады, егер опцион орындалуда тиімді бағаға лайық немесе ішкі нөлдік бағаға тең болса, немесе егер опцион орындалуда тиімсіз бағаға тең болса, (іі) берілген активтің опционының уақытша бағамын шегергендегі әділетті бағаммен бағаланады. Бірлескен міндеттеме бағамын түзету, активтің таза баланс бағамы мен бірлескен міндеттемесі кол опционы бойынша әділетті құнмен тепе тең екенін көрсетеді. Мысалы, егер базалық активтің әділетті құны 80 ақша бірлігіне тең болса, опционның орындалу құны 95 ақша бірлігіне және опционның уақытша құны 5 ақша бірлігіне тең, ендеше бірлескен міндеттеменің баланстық құны 75 ақша бірлігіне (80 ақшабірлігі - 5 ақшабірлігі), ал берілген активтің баланс құны - 80 ақша бірлігіне (яғни, оның әділетті құнына) тең.

(d)              Егер кәсіпорынның шығарған пут опционы берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе және кәсіпорын берілген активті әділетті құнымен бағалайтын болса, онда бірлескен міндеттеме опционның орындалуы мен опционның уақытша бағамына қосқандағы нәтижеге тең. Активті әділетті құнымен бағалау оның әділетті құны мен опционның орындалу бағамы арасындағы аз ғана айырмашылықпен тоқтайды, өйткені кәсіпорынның берілген активтің әділетті құнын опционның орындалу бағамынан асыруға құқы жоқ. Бұл активтің таза баланстық құны мен бірлескен міндеттеме пут опционының міндеттеме құнына тең екенін білдіреді. Мысалы, егер негізгі активтің әділетті құны 120 ақша бірлігіне тең болса, опционның орындалу құны 100 ақша бірлігіне және опционның уақытша бағамы 5 ақша бірлігіне тең десек, онда бірлескен міндеттеменің баланстық құны 105 ақша бірлігіне тең болмақ (100 а.б. + 5 а.б.), ал активтің баланстық құны - 100 ақша бірлігіне (аталмыш жағдайда бұл опционның орындалу құны).

(e)              Егер кол опционы негізінде сатып алынған және қайтарымды сыйақылы мәмілемен шығарылған «колар» берілген активті тануды тоқтатуға мүмкіндік бермесе және кәсіпорын активті әділетті құнымен бағаласа, онда ол бұл активті әділетті құнымен бағалауды жалғастыра береді. Бірлескен міндеттеме (і) кол опционының орындалу бағамы мен қайтарымды сыйақылы мәміленің әділетті құнының қосындысынан кол опционының уақытша бағамын алып тастағандағы бағамымен бағаладады, егер кол опционы орындалуда тиімді бағаға немесе ішкі нөлдік бағамға тең жағдайда, немесе (іі) активтің әділетті құны бағамы мен қайтарымды сыйақылы мәміленің әділетті құнына қосып, одан кол опционының уақытша құнын алып тастайды. Байланысты міндеттемені түзету активтің және байланысты міндеттеменің таза баланстық құны ұйым ұстайтын және шығаратын опциондардың әділ құнына тең болуына әкеледі. Мысалы, ұйым әділ құнға бағаланатын қаржы активін өткізеді деп және бір мезгілде атқару бағасы 120 а.б. болатын кол опционын алады және атқару бағасы 80 а.б. болатын пут опционын шығарады деп қарастырайық; сонымен бірге, активтің өткізу күніндегі әділ құны 100 а.б. тең деп қарастырайық. Пут опционы мен кол опционының уақытша құны сәйкесінше 1 а.б. және 5 а.б. тең. Бұл жағдайда ұйым 100 а.б. (активтің әділ құны) және 96 а.б. [(100 а.б. + 1 а.б.) - 5 а.б.] көлеміндегі активті таниды. Сондай-ақ, активтің таза құны 4 а.б. тең, бұл ұйым ұстап қалатын және шығаратын опциондардың опциондардың әділ құнына тең болып табылады. 

Барлық өткізулер

B3.2.14   Егер өткізу нәтижесінде пайда болған туынды құралды және өткізілген актив немесе міндеттемені тану сол құқықтар мен міндеттемелерді тануға әкеп соғатын болса, қаржылық активті өткізу шарттары қаншалықты тануды тоқтату талаптарын қанағаттандырмаса, өткізуші тараптың өткізумен байланысты келісімдік құқықтары және міндеттемелері соншалықты жеке қосынды құралдар ретінде есептелмейді. Мысалы, өткізуші тарап сақтап отырған опцион кол қаржы активінің сатылу ретіндегі өткізуін көрсетуге кедергі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда опцион кол туынды құрал болып табылатын жеке актив болып танылмайды.

B3.2.15   Қаржы активін өткізудің тануды тоқтату талаптарына сәйкессіздігінің деңгейінде қабылдаушы тарап өзіне өткізілген активті өзіне тиесілі деп танымайды. Қабылдаушы тарап ақшалай және басқаша төленген өтемақыны тануды тоқтатады және өткізуші тараптан алынған дебиторлық берешекті таниды. Егер қабылдаушы тарап белгіленген сомаға барлық өткізілген активті бақылауға алуға құқыққа та, міндеттемеге де ие болса (мысалы, қайта сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес), онда қабылдаушы тарап 4.1.2. тармағына сәйкес келсе, өз дебиторлық берешегін амортизацияланған құн бойынша есептей алады.

Мысалдар

B3.2.16   Төменде көрсетілген мысалдар осы стандарта көрсетілген тануды тоқтату ұстанымдарын қолдануды суреттейді.

(а)              Қайта сатып алу келісімшарттары (РЕПО) және құнды қағаз түріндегі қарыздар беру. Егер қаржы активі белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасымен қайта сатып алуды қарастыратын келісімге сәйкес сатылса, немесе ол өткізуші тарапқа қайтарып беруді қарастыратын келісімге сәйкес қарызға берілсе, онда өткізуші тарап оны иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан, оның танылуы тоқтатылмайды. Егер қабылдаушы тарап активті сату немесе кепілдікке қою құқығына ие болса, онда өткізуші тарап бұл активті өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде қарызға берілген, немесе қайта сатып алу бойынша дебиторлық берешек деп қарастырады. 

(b)              РЕПО келісімшарттары және құнды қаға түріндегі қарыз беру - екеуі бірдей активтер. Егер қаржы активі белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасымен қайта сатып алуды қарастыратын келісімге сәйкес сатылса, немесе алынған активті немесе дәл осындай активті өткізуші тарапқа қайтарып беруді қарастыратын келісімге сәйкес қарызға берілсе не қарызға алынса, онда өткізуші тарап оны иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалғандықтан, оның танылуы тоқтатылмайды.

(c)              РЕПО келісімшарттары және құнды қағаз түрінде қарыздар беру - орнын ауыстыру құқығы. Егер белгіленген баға бойынша немесе несиегердің табысын қоса алғандағы сату бағасына тең бағам бойынша қайта сатып алу туралы келісім немесе құнды қағаздарды қарызға беру бойынша балама операциялар қабылдаушы тарапқа өткізілген активке балама және қайта сатып алу мерзіміне дәл сондай әділ құнға ие болса, онда қайта сатып алу операциясының немесе құнды қағаздарды қарызға беру операциясының шеңберінде активті тану тоқтатылмайды, өйткені өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады.

(d)              Әділ құн бойынша айрықша қайта сатып алу құқығы. Егер ұйым қаржы активін сата отырып, тек қана айрықша қайта сатып алу құқығын сақтап қалса, онда болашақта қабылдаушы тарап активті сататын болса, ұйым активпен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгендіктен, осы активті тануын тоқтатады.

(e)              Жалған сату операциясы. Қаржы активін аз уақыт бұрын сатылғаннан кейін қайта сатып алу кейде жалған сату деп аталады. Мұндай кері сатып алу, бастапқы операция тануды тоқтату талаптарына сәйкес келсе, тануды тоқтатуға кедергі болмайды. Дегенмен, егер қаржы активін сату туралы келісімшарт дәл сол активті белгіленген баға бойынша немесе несиегерді табысын қоса отырып, сату бағасы бойынша кері сатып алу туралы келісімшартпен қатар жасалған болса, онда бұл активті тану тоқтатылмайды.

(f)               Аса тиімді атқару бағасымен пут опциондары және кол опциондары. Егер өткізілген қаржы активі өткізуші тараппен кері қайтарылатын болса және кол опционы аса тиімді атқару бағасына ие болса, өткізу тануды тоқтату талаптарына сәйкес келмейді. Себебі, мұндай жағдайда өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады.  Баламалы түрде, егер қаржы активі қабылдаушы тараппен қайтарылса және пут опционы аса тиімді атқару бағасына ие болса, онда өткізу тануды тоқтату талаптарына жауап бермейді өйткені өткізуші тарап активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалады.

(g)              Аса тиімсіз атқару бағасымен пут опциондары және кол опциондары. Аса тиімсіз атқару бағасына ие, қабылдаушы тараппен ұсталып қалынатын пут опционын немесе өткізуші тараппен ұсталып қалатын кол опционын келісу шартымен ғана өткізілетін қаржы активін тану тоқтатылады. 

(h)              Атқару бағасы аса тиімді емес немесе аса тиімсіз болып табылатын кол опционы бар жағдайдағы нарықта еркін жүрген активтер.  нарықта еркін айналатын активтер. Егер ұйым нарықта еркін айналымда жүрген активті сатып алуға арналған опционға ие болса, және осы опционның атқару бағасы аса тиімді болмаса немесе аса тиімсіз болса, онда бұл активті тану тоқтатылады. Бұл жағдай (і) активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтамағандықтан не өткізбегендіктен,, және (іі) бақылауды сақтап қалмағандықтан орын алады. Дегенмен, егер актив нарықта еркін айналымда жүрмесе, ұйым активті бақылауын сақтамағандықтан, тануды тоқтату опцион келісілген актив сомасының шеңберінде жүргізілмейді

(i)               Нарықта еркін айналмайтын актив және осыған қатысты ұйым шығарған опцион. Атқару бағасы аса тиімді емес немесе аса тиімсіз. Егер ұйым нарықта еркін айналмайтын активті өткізсе жәгне сонымен қатар, атқару бағасы аса тиімсіз емес, сатуға опцион шығарса, онда ұйым шығарылған пут опционының себебінен, активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалмайды және өткізбейді. Қабылдаушы тарап сатып жібермес үшін опцион айтарлықтай бағалы болса, ұйым бақылауды сақтап қалады, сонымен бірге, активті тану қабылдаушы тараптың қатысуының көлемімен бірдей болады. (В3.2.9- қараңыз). Егер пут опцион қабылдаушы ұйым сатып жібермейтіндей дәрежеде жеткілікті түрде бағалы болмаса, ұйым активке бақылауды өткізеді, сонымен бірге ұйым активті тануды тоқтатады.

(j)               Әділ құн бойынша немесе әділ құнды форвардтық келісіммен кері сатып алу бойынша сату опционы (пут) немесе сатып алу опционының (кол) мазмұны болып табылатын активтер. Қаржы активін кері сатып алу мерзіміндегі әділ құнына тең, бірдей атқару немесе кері сатып алу бағасына ие, тек қана пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға арналған форвардтық келісімді жасау шартында қаржы активін өткізу тануды тоқтатуға әкеп соғады; себебі, активті иемденумен байланысты барлық тәуекелдер мен сыйақылар өткізіліп қойылған. 

(k)              Есеп айырысуы ақша құралдарымен жүзеге асырылатын кол және пут опциондары. Пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға форвардтық келісім жасалған қаржы активін өткізу ұйыммен бағаланады. Активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгендігін және сақтағандығын анықтау үшін, бұл актив бойынша нетто-есеп ақшалай құралдармен жүргізіледі. Егер ұйым өткізілген активпен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалмаса, онда ол өткізілген активті бақылауын сақтап қалған-қалмағандығын анықтайды. Пут немесе кол опционы немесе кері сатып алуға форвардтық келісім бойынша есеп айырысу ақша құралдарының көмегімен нетто-негізде жүзеге асырылатындығы автоматы түрде ұйым бақылауды өткізгендігін білдірмейді. (В3.2.9 және (g), (h) және (i) қараңыз).

(l)               Есептерді тізімнен шығару туралы шарт - бұл кері сатып алудың шартсыз опционы (кол), бұл ұйымға өткізілген активтерді кейбір шектеулермен бірге кері талап ету құқығын береді. Мұндай опцион  нәтижесінде ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не сақтамай, не өткізбейтін болса, онда ол тануды тоқтатуға тек кері қайтару сомасының көлемінде ғана кедергі болып табылады (қабылдаушы тарап активті сата алмайтын шартта) Мысалы, егер қарыз активтер түсімі мен баланстық құн 100 000 а.б. құраса және кез-келген бөлек қарыз сатып алына алса, сонымен бірге сатып алына алатын қарыздардың жиынтық құны 10 000 а.б. аса алмаса, онда қарыздар сомасының 90 000 а.б. тануды тоқтату талаптарына жауап береді.

(m)             Кесімді сатып алу опциондары. Егер айналымдағы активтер құны белгілі бір деңгейге дейін түссе, және осы активтерге қызмет көрсету шығындары қызмет көрсетуден түсетін табыспен салыстырғанда ауыртпалықты болса, өткізілген активтерге қызмет көрсететін ұйым өткізуші тарап боа алады және қалған өткізілген активтерді кесімді сатып алуға арналған опционға ие бола алады. Мұндай кесімді сатып алуға арналған опцион жағдайында ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды не сақтамай, не өткізбейтіндігі, және қабылдаушы тарап активті сатып жібермейтіндігі туралы шарттар орындалса, онда ол сатып алу опционы қарастыратын активтер көлемінде ғана тануға кедергі келтіреді.

(n)              Қатысудың субординацияланған үлестері және несиелік кепілдемелері. Ұйым қабылдаушы тарап үшін несиенің сапасын өткізілген активте сақталған өзінің кейбір немесе барлық қатысу үлестерін субординациялау (төменірек статус беру арқылы) әдісі арқылы көтере алады.  Балама ретінде ұйым қабылдаушы тарап үшін шектелмеген немесе белгілі бір сомамен шектелген несиелік кепілдеме беру арқылы несие сапасын көтере алады. Егер ұйым активті иемденумен байланысты барлық дерлік тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалатын болса, онда ол активті толықтай тануын жалғастырады. Егер ұйым активті иемденумен байланысты барлық емес,  тек кейбір тәуекелдер мен сыйақыларды сақтап қалса, және бақылауды сақтап қалса, онда тануды тоқтату ұйым төлеуге міндеттенуі ықтимал ақша құралдары немесе басқа активтер сомасының көлемінде жүргізілмейді.

(o)              Жиынтық табыс своптары. Ұйым қабылдаушы тарапқа қаржы активтерін сатып, онымен жиынтық своп туралы келісім жасай алады. Свопқа сәйкес, ұйым базалық активтен түсетін ақша құралдарын пайыз бойынша ауыспалы мөлшерлеме бойынша бағаға немесе белгіленген бағаға айырбас түрінде алатын, сонымен бірге ұйым базалық активтің әділ құнының барлық жоғарылауы мен төмендеуін өз мойнына алады. Мұндай жағдайда қаржылық активті тануды тоқтатуға тыйым салынады.

(p)              Пайыздық своптар. Ұйым қаржы активін қабылдаушы тарапқа белгіленген мөлшерлемемен өткізе алады және пайыздық своп туралы келісім жасайды; келісімге сәйкес, қабылдаушы тарап өткізілген қаржы активінің негізгі сомасына тең шартты сомаға негізделе отырып,  белгіленген мөлшерлеме бойынша пайыздар алады және ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлем жасайды.  Пайыздық своп ол бойынша төлемдер өткізілген актив бойынша өндірілетін төлемдерге тәуелді болмау шарты орындалған жағдайда, өткізілген активті тануға кедергі келтірмейді.

(q)              Амортизацияланатын пайыздық своптар. Ұйым белгілі бір мерзім аралығында бөліктермен төлеуге болатын қаржы активін қабылдаушы тарапқа белгіленген мөлшерлемемен өткізе алады және амортизацияланатын пайыздық своп туралы келісім жасай алады; келісімге сәйкес, қабылдаушы тарап белгіленген мөлшерлеме бойынша пайыз алады және шартты сомаға қарай отырып, ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлем жасайды. Егер своптың шартты сомасы осындай тәсілмен амортизацияланатын болса, бұл кез-келген уақытта өткізілген қаржы активінің төленбеген негізгі құнына тең, сонымен бірге, своп айтарықтай түрде ұйымды мерзімнен ерте төлем жасау тәуекеліне әкеледі, ал мұндай жағдайда ұйым өткізілген активті не толықтай, немесе өзінің жалғаспалы қатысуының аумағында тануын жалғастырады. Керісінше, егер своптың шартты сомасының амортизациясы өткізілген активтің төленбеген негізгі сомасына байлаулы болмаса, онда мұндай своп ұйымның актив бойынша мерзімнен ерте төлем жасауы тәуекеліне әкеп соқпайды. Осылайша, своп бойынша төлем өткізілген активтен алынатын пайыздық төлемге тәуелсіз болғанда және своп ұйымның активті иемденумен байланысты өзге де айтарлықтай тәуекелдер мен сыйақыларды сақтауға әкеп соқпайтындығы анықталған жағдайда, ол өткізілген активті тануды тоқтатуға кедергі келтірмейді. 

B3.2.17   Осы тармақта ұйым қаржы активінде қатысуын жалғастырып жатқан жағдайда, жалғаспалы қатысу әдісін қолдану суреттеледі

Ұйым мерзімінен ерте өтеуге мүмкіндігі берілген берешектер портфеліне иелік етеді деп елестетейік. Берешектер бойынша купондық және тиімді мөлшерлеме 10 пайызға тең, ал негізгі және амортизацияланатын сома 10 000 а.б. болып табылады. Ұйым жасаған операцяи нәтижесінде 9 115 а.б. төлемге қабылдаушы тарап негізгі сома бойынша 9 000 а.б және аталған сома бойынша 9.5 пайыз мөлшерлеме көлеміндегі төлем алуға құқық алады. Ұйым негізгі сома бойынша 1 000 а.б. көлемінде және аталған сома бойынша 10 пайыз мөлшерлеме және қалған негізгі сома - 9 000 а.б. бойынша 0,5 пайыз қосымша спрэд түрінде төлемдер алу құқығын сақтап қалады. Мерзімнен ерте төлем жасаудан түсетін төлемдер ұйым мен қабылдаушы тарап арасында пропорционалды түрде 1:9 қатынасында бөлінеді, бірақ дефолт бойынша кез-келген сома ұйымның 1 000 а.б. тең үлесінен алынып тасталады. Бұл үлес таусылғанға дейін жүргізіледі. Қарыздардың әділ құны операцяины іске асырған күн бойынша 10 100 а.б. тең, ал 0,5 пайыз көлеміндегі қосымша спрэдтің есептік әділ құны 40 а.б. тең.

Ұйым өзінің активті иемденумен байланысты айтарлықтай тәуекелдер мен сыйақыларды өткізгенін (мысалы, мерзімнен ерте өтеу тәуекелдері), бірақ сондай-ақ олардың кейбірін сақтап қалғанын (сақталып қалған қатысу үлесінің субординациясы жағдайында) және бақылауды сақтап қалғандығын анықтайды. Сондықтан ол жалғаспалы қатысу әдісін қолданады.

Осы стандартты қолданған кезде ұйым операцияны (а) 1 000 а.б. көлеміндегі субординацияланған қатысу үлесін сақтап қалу және (b) қабылдаушы тарап үшін несиелік шығындар бөлігіндегі несие сапасын арттыру үшін осы сақталып қалған қатысу үлесін субординациялау ретінде сараптайды.

Ұйымның есептері бойынша 9 115 а.б. көлемінде алынған өтемақының 9 090 а.б. (10 100 а.б. 90 пайызы) 90 пайыз көлеміндегі толық пропорционалдық үлестің өтемақысы болып табылады. Алынған өтемақының қалған бөлігі (25 а.б.) қабылдаушы тарап үшін несиелік шығындар бөлігіндегі несие сапасын арттыруға арналған сақталған қатысу үлесін субординациялаудан алынған өтемақы болып табылады. Осыдан өзге, 0,5 пайыз көлеміндегі қосымша спрэд несие сапасын арттыру үшін алынған өтемақы болып табылады. Сәйкесінше, несие сапасын арттыру үшін алынған өтемақының жалпы сомасы 65 а.б. (25 а.б.+40 а.б.) тең.

Ұйым 90-пайыздық үлесті сатудың кірісі мен шығысын ақша ағымдарында есептейді. Өткізілген 90 пайыз және сақталған 10 пайыздың жеке әділ құны туралы мәліметтер жоқ деп қарастырайық, онда ұйым активтің баланстық құнын 3.2.14 тармағына сәйкес келесідегідей бөледі.

 

Есептелген әділ құн

Пайыз

Бөлінген баланстық құн

 

Өткізілген бөлік

9 090

 

90%

 

9 000

 

Сақталған бөлік

1 010

 

10%

 

1 000

 

Барлығы

10 100

 

 

 

10 000

 

 

 

 

 

Ұйым ақша қаражаттары үлесінің 90 пайызын сатудан келген кіріс пен шығысты өткізілген бөліктің таратылған баланстық құнын алынған өтемақы сомасынан алып тастау арқылы есептейді, яғни, 90 а.б. (9 090 а.б. - 9 000 а.б.). ұйым сақтап қалған бөліктің баланстық құны 1 000 а.б. тең болады. Сондай-ақ, ұйым несиелік шығындарға қатысты сақталған қатысу үлесін субординациялау нәтижесі болып табылатын жалғаспалы қатысуды мойындайды. Сәйкесінше, ол 1 000 а.б. көлеміндегі активті (ол субординация нәтижесінде ала алмай қалатын ақша құралы ағымдарының ең үлкен көлемі) және 1 065 а.б. көлеміндегі байланысты міндеттемені (субординация нәтижесінде ол ала алмай қалатын ақша құралы ағымының ең үлкен көлемі, яғни, 1 000 а.б. және 65 а.б. көлеміндегі субординациялау құны) мойындайды. Ұйым жоғарыда көрсетілген ақпараттың барлығын операцяиларды келесі түрдегідей есептеу үшін қолданады:

 

Дебет

 

Кредит

 

Бастапқы актив

-

 

9,000

 

Субординация нәтижесінде танылған актив, немесе қалдық үлес

1,000

 

-

 

Қосымша спрэд түрінде алынған өтемақы үшін актив

40

 

-

 

Кіріс немесе шығыс (өткізуден түскен кіріс)

-

 

90

 

Міндеттеме

-

 

1,065

 

Алынған ақша қаражаттары

9, 115

 

-

 

Барлығы

10,155

 

10,155

 

 

 

 

 

Операциядан кейін бірден активтің баланстық құны 2 040 а.б. тең. Мұны ішіне сақталған бөліктің таратылған құнын көрсететін 1 000 а.б., және несиелік шығындар бөлігіндегі сақталған қатысу бөлігін субординациялау нәтижесінде ұйымның қосымша жалғаспалы қатысуын білдіретін 1 040 а.б. (40 а.б. көлеміндегі қосымша спрэд) кіреді. Келесі кезеңдерде ұйым несие сапасын арттырғаны үшін алынған өтемақыны (65 а.б.) пропорционалды уақыттың негізде таниды, танылған активке пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі бойынша пайыздар қосады және танылған активтер бойынша несиенің құнсызданғанын таниды.

Мысал ретінде келесі суреттемені қарастырайық. Келесі жылы бастапқы қарыздар бойынша құнсыздану нәтижесінде 300 а.б. көлемінде шығын пайда болды делік. Ұйым өзінің танылған активін 600 а.б. дейін (оның сақталған қатысу үлесіне қатысты 300 а.б. және несиелік шығындар бөлігіндегі сақталған қатысу үлесін субординациялау нәтижесінде пайда болған жалғаспалы қосымша қатысуға қатысты 300 а.б.) азайтады және өзінің танылған міндеттемесін 300 а.б. дейін азайтады. Таза нәтиже несиенің 300 а.б. көлеміндегі құнсыздануы кіріске не табысқа жатқызылатындығы болып табылады.

Қаржы міндеттемелерін тануды тоқтату (3.3 тарау)

В3.3.1     Қаржы активі (немесе оның бөлігі) борышкері:

(а)              несие берушімен әдетте қабылданғандай, ақша құралдарымен, өзге қаржы активтерімен, тауарлармен немесе қызмет көрсетулермен есептесу арқылы өз міндеттемесін (немесе оның бөлігін) атқарған кезде; немесе

(b)             міндеттеме (немесе оның бөлігі) бойынша жауапкершіліктен не сот тәртібімен, немесе несие берушінің өз келісімімен (егер борышкер кепілдік берсе, аталған шарт бәрібір орындалуы мүмкін) бастапқы жауапкершіліктен заңды түрде босатылған жағдайларда өтелген болып есептеледі.

В3.3.2     Егер қарыздық құралдың эмитенті осы құралды сатып алса, онда қарызды өтеу эмитент осы құрал бойынша маркет-мейкер болған жағдайда немесе оны жақын болашақта сатып жіберуді жоспарласа да қарыз өтеледі. 

В3.3.3     Үшінші тарапқа, оның ішінде траст компаниясына төлем жасау (кейде толықтай жою деп аталадын) заңды босату болмаған жағдайда борышкердің несие беруші алдындағы бастапқы міндеттемесін орындаудан босатпайды.

В3.3.4     Егер борышкер үшінші тарапқа ол борышты өз мойнына алу үшін төлем жасаса, және өз несие берушісіне үшінші тараптың міндеттемені өз мойнына алғаны туралы хабарласа, онда ол В3.3.1(b) -тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қарыздық міндеттемені тануды тоқтатпайды. Егер борышкер үшінші тарапқа міндеттемені өз мойнына алу үшін төлем жасаса және несие беруші оны заңды түрде босатса, борышкер өз несиесін өтейді.   Дегенмен, егер борышкер борыш бойынша төлемдерді үшінші жаққа аударса немесе өзігің бастапқы несие берушісіне аударуп отыруға келіссе, онда ол үшінші тарап алдындағы жаңа борыштық міндеттемені таниды.

В3.3.5     Тіпті егер міндеттемені тану сот тәртібімен немесе несие беруші келіскен босату арқылы заңды босату нәтижесінде тоқтатылса да, егер 3.2.1 - 3.2.23 -тармақтарындағы талаптар орындалмаған жағдайда ұйым жаңа міндеттеме тануы мүмкін. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда ұйым өткізілген активтерді тануын тоқтатпайды, сонымен бірге ол өткізілген активтерге қатысты жаңа міндеттемені таниды.

В3.3.6     Жаңа шарттарға сәйкес барлық төленген коммиссиялық төлемдерді (алынған коммиссиялық төлемдердіалып тастағанда), пайыздың бастапқы тиімді мөлшерлемесін қолдана отырып, алғашқы қаржы міндеттемесі бойынша келтірілген дисконтталған құннан кем дегенде 10 пайызға ерекшеленсе,  ақша құралдары ағымының дисконтталған жаңа келтірілген құны  3.3.2-тармағының мазмұнындағы шарттар айтарлықтай түрде ерекшеленеді. Егер қарыз құралдарының айырбасы немесе шарттардың өзгеруі есепте борышты өтеу ретінде көрсетілсе, онда орын алған шығындар немесе төленген коммиссиялық төлемдер борышты өтеудің кірісі мен шығысы ретінде танылады. Егер қаржы құралдарымен айырбас немесе шарттарды өзгерту борышты жою ретінде есептелмесе, онда міндеттеменің баланстық құны өзгертілген міндеттеменің қалған мерзімі бойында амортизацияланатын, орын алған шығындардың немесе төленген коммиссиялық төлемдердің сомасына қарай түзетіледі.

В3.3.7     Кейбір жағдайларда несие беруші төлемдер жасалғаннан кейін борышкерді ағымдағы міндеттемеден босатады, мұндайда борышкер бастапқы міндеттемені мойнына алған тарап міндеттемелерді орындамаған жағдайда төлем жасау туралы кепілдік міндеттеме алады. Бұл жағдайда борышкер:

(а)              міндеттеменің әділ құнының негізінде, кепілдеме бойынша жаңа қаржы міндеттемесін таниды, және

(b)              жаңа қаржы міндеттемесінің әділ құнын алып тастағандағы бастапқы қаржы міндеттемесінің (і) төленген сомасы және (іі) баланстық құны арасындағы айырмашылық негізінде пайда мен залалды таниды.

Сыныптау (4 тарау)

Қаржы активтерін сыныптау (4.1- бөлім)

Ұйымның қаржы активтерін басқаруының бизнес үлгісі

B4.1.1       4.1.1 (а)- тармағының талабына сай ұйым өзінің қаржы активтерiн басқару үшін бизнес үлгісі негізінде амортизацияланған құн немесе ұқсас бағаны сыныптауы қажет. Ұйым бұл қаржы активтері өзінің бизнес үлгісі мақсатының негізінде анықталғандай ұйымның маңызды менеджменттің нақтылы ұжымы бұл шартқа сәйкес келетіндігін (24 ХҚЕС-та (IAS) анықталғанындай) бағалайды.

B4.1.2       Ұйымның бизнес үлгісі жеке құралға арналған басқарманың ниеттеріне тәуелді болмайды. Сәйкесінше, бұл шарт сыныптау әдістемесі бола алмайды және бұдан да жоғары деңгейде бекітілуі қажет. Алайда, бір ұйымның өз қаржы құралдарын басқаруына арналған біреуден көп бизнес үлгісі болуы мүмкін. Сондықтан сыныптаманы есеп беруші  ұйым деңгейінде анықтау міндетті емес. Мысалы, ұйым өзі басқаратын ақша құралдары ағымдарын алу мақстаныда инвестициялар портфеліне ие бола алады, сондай-ақ, әділ құн өзгерісін жұзеге асыру үшін сауда жасау мақсатында басқаратын басқа инвестициялық портфельге ие бола алады.

B4.1.3       Ұйым бизнес үлгісінің мақсаты қаржы активін ұстап отыру арқылы келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу болуы мүмкін; ұйым барлық құралдарды төлеудің соңғы күніне дейін қолда ұстауы міндетті емес. Осылайша, ұйымның бизнес үлгісі қаржы активтерінің сатылуы жүріп жатқан кезде де қаржы активтерін келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу үшін ұстап отыруды қарастыруы мүмкін. болуы. Мысалы, ұйым:

(a)              бұдан былай қаржы активі ұйымның инвестициялық саясатына сәйкес келмесе, (мысалы, ұйымның тиісті инвестициялық саясатына сәйкес, активтің несие рейтингі талап етілгеннен төмен болса)

(b)              сақтандырушы компания күтілген қызмет мерзіміндегі өзгерістерді (яғни төлем жасаудың күтілген мерзімдерін) көрсету үшін өз инвестициялық портфелін түзетсе,  немесе

(c)              ұйым капиталдық шығындарды қаржыландыруды қажет етсе, онда ол қаржы активін сатуы мүмкін.

Алайда, егер портфельден сатулар сирек жасалатын болса, ұйым мұндай сатулардың келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу мақсатына сәйкестігін бағалауы қажет.

B4.1.4     Келесі мысалда ұйым бизнес үлгісінің мақсаты қаржы активін ұстап отыру арқылы келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу көрсетілген. Ұсынылған мысалдар тізбегі мейлінше толық емес.

Мысал

Талдау

1 мысал

Ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу үшін инвестицияларды ұстап тұрады, бірақ белгілі бір жағдайларда инвестицияларды сатуы мүмкін.

 

Ұйым өзге де ақпарат арасында қаржы активтерінің өтімділік тұғырынан (яғни, ұйымға активтерді сату қажет болған жағдайда алынатын ақша сомасы) әділ құнын қарастыруы мүмкін болғанмен, ұйымның мақсаты қаржы активтерін ұстап отыру және келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алу болып табылады. Кейбір сатулар аталған мақсатқа қайшы келмейді.

2 мысал

Ұйымның бизнес үлгісі қарыз сияқты қаржы активтерінің портфелін сатып алуды қарастырады. Бұл портфельдер несиелік шығынға ұшыраған қаржы активтерін қамтуы немесе қамтымауы мүмкін. Егер борыш бойынша өтемақылар өз уақытысында жасалмаса, ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарын түрлі тәсілдермен алуға тырысады, (мысалы, борышкермен пошта, телефон немесе басқа әдістерімен байланысу арқылы).

Кейбір жағдайларда ұйым портфельдің нақты қаржы активтері бойынша пайыздық мөлшерлемені өзгермелі пайыздық мөлшерлемеден бекітілген пайыздық мөлшерлемеге өзгерту үшін пайыздық своп туралы келісім жасайды.

Ұйымның бизнес-үлгісінің мақсаты қаржы активтерін ұстап қалуға және келісім бойынша қарастырылған ақша құралдарының ағымын алуға негізделген. Ұйым портфельді оны сатудан пайда табу үшін алмайды.

Ұйым келісіммен қарастырылған барлық ақша құралы ағымдарын алуды көздемесе де балама сараптама құқылы болып табылады. (мысалы, кейбір қаржы активтері бойынша несие шығындарына тап болса).

Осыдан өзге, ұйымның портфельден түсетін ақша құралдары ағымын өзгерту үшін туынды құралдар туралы келісім жасаса, бұл өздігінен ұйымның бизнес-үлгісін өзгерпейді. Егер портфельді басқару әділ құн негізінде жүзеге аспаса, бизнес-үлгінің мақсаты активтерді ұстап отыру арқылы келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымын алу болуы ықтимал.

3 мысал

Ұйым бизнес-үлгісінің мақсаты клиенттерге қарыз беру және осы қарызды секьюритизация бойынша компанияға ары қарайғы болып табылады. Секьюритизация бойынша компания инвесторларға арналған құралдар шығарады.

Бастапқыда қарыз берген ұйым секьюритизация бойынша компанияны бақылайды және оны біріккен есепке қосады.

Секьюритизация бойынша компания қарыздар бойынша келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын алады және оларды инвесторларға жібереді.

Осы мысалдың мақсаттары үшін, қарыздар қаржы жағдайы туралы біріккен есепте көрсетілуін жалғастырып жатыр делік, өйткені секьюритизация бойынша компания олардың танылуын тоқтатпаған.

Біріккен топ келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін берілген қарыздарды ұстап қалды.

Бірақ, бастапқыда қарыз берген ұйым секьюритизация бойынша компанияның несиелерін сату жолымен несиелік портфелі бойынша ақша ағымдарын сатуды мақсат етеді. Осылайша, оның жеке қаржы есептілігінің ауқымында ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарын алу мақсатында портфель басқарушы ретінде қарастырылмайды.

 

B4.1.5     Мақсаты келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін құралдарды ұстап отыру болып табылмайтын бизнес-үлгінің бірінде ұйым активтер сату жолымен ақша құралдары ағымын орындау мақсатында қаржы активтерінің портфелін атқарумен айналысады. Мысалы, ұйым мақсаты белсенді сату мен сатып алуларға әкелу болып табылады, және ұйым келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымын алу үшін емес, әділ құн өсімін орындау үшін құралдарды басқарумен айналысады.

B4.1.6     Әділ құн (4.2.2(b) - тармағында көрсетілгендей) негізінде орындалуы бағаланған басқарылатын қаржы активтері портфелін келісімшартта қарастырылған ақша құралдары ағымын алу мақсатында ұсталынбайды. Сондай-ақ, саудаға арналған портфельдің анықтамасына сай, қаржы активтерінің портфелі анықтамаға сай, келісімшартта қарастырылған ақша құралдары ағымын алу мақсатында ұсталынбайды. Мұндай құрал портфелі өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағалануы тиіс.

Тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылмайтын келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымы

B4.1.7     4.1.1 тармағы ұйым (4.1.5 тармағы қолданылмаса) қаржы активін келісімде қарастырылғанақша құралдарының ағымын алу үшін басқарылатын қаржы активтерінің тобына кіретін келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымымен байланысты қаржы активтерінің сипаттамасына қарай, амортизацияланған немесе әділ құн бойынша бағаланған ретінде сыныптауын талап етеді.

B4.1.8     Ұйым келісімде қарастырылған ақша құралдарының ағымы қаржы активі түрінде берілген негізгі қарыз есебіне төленетін төлем және төлемі өтелмеген валютадағы негізгі қарыз сомасының пайызы ретінде болып табылатын-табылмайтындығын бағалауы тиіс (В.5.7.2 -тармағын қараңыз).

B4.1.9     Иінтірек әсері (левередж) келісімшартпен қарастырылған ақша қоры ағымымен байланысты кейбір қаржы активтерінің сипаттамасы. Иінтірек әсері келісімшартпен қарастырылған ақша қоры тағымының өзгерісін ұлғайта түседі. Нәтижесінде, оларда пайыздың экономикалық сипаттамасы болмайды. Жеке опциондар, форвард және своптар қаржы активтерінің мысалы болып табылады және олар иінтірек (левередж) әсерімен сипатталады. Сондықтан мұндай шарттар 4.1.2(b) -тармағының шарттарын қанағаттандырмайды және нәтижесінде амортизацияланған құн бойынша бағалана алмайды.

B4.1.10   Эмитентке (яғни, борышкерге) борыштық құралдың алдын-ала төлемін жасауға немесе иемденушіге (несиегерге) борыштық құралды эмитентке мерзімінен бұрын қайтарудағы келісімшарт тәртібі келісімшартпен қарастырылған ақша құралдарының ағымын ретінде берілген негізгі қарыз есебіне төленетін төлем және төлемі өтелмеген валютадағы негізгі қарыз сомасының пайызын шарттайды, егер:

(a)              өзгерістерден қорғайтын баптарды қоспағанда, шарттар келешек оқиғаларға тәуелді емес:

(i)            иемденушіні эмитент несиеқабілеттілігінің нашарлауынан (мысалы, дефолттар, несие рейтингінің төмендеуі немесе борыш бойынша келісімдік міндеттемелердің бұзылуы) немесе эмитентті басқарушы органдардың ауысуынан, немесе

(ii)           иемденуші немесе эмитентті сәйкес салықтар немесе заңдардағы

(b)             келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін бірталай қосымша өтемақыны қамтитын айтарлықтай деңгейде алдын ала төлем сомасы өтелмеген негізгі қарыз сомасы және негізгі қарыз сомасының өтелмеген пайызын көрсетеді.

B4.1.11   Мына жағдайларда келісімнің эмитентке немесе иемденушіге қарыздық  құралдың келісімдік мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін шарттары (мысалы, пролонгация мүмкіндігі) тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын  келісім бойынша ақша құралының ағымдарын шарттайды:

(a)              өзгерістерден қорғайтын баптарды қоспағанда, шарттар келешек оқиғаларға тәуелді емес:

(i)            иемденушіні эмитент несиеқабілеттілігінің нашарлауынан (мысалы, дефолттар, несие рейтингінің төмендеуі немесе борыш бойынша келісімдік міндеттемелердің бұзылуы) немесе эмитентті басқарушы органдардың ауысуынан, немесе

(ii)           иемденуші немесе эмитентті сәйкес салықтар немесе заңдардағы

(b)              ықтимал пролонгацияның шарттары борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем  ғана болып табылатын ақша құралдарының ағымын пролонгация кезеңінде қамтамасыздандырады. 

B4.1.12   Мына шарттар орындалған жағдайды қоспағанда, негізгі борыш пен пайыздар мерзімін немесе сомасын өзгертетін келісім шарттары

(a)                 Негізгі соманың өтелмеген қалдығымен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдің (бастапқы тануда бекітілгендіктен, белгіленген  болады) уақытша құнын өтеу болып табылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлеме болғанда, және

(b)                Егер келісім шарттары алдын-ала төлем жасау мүмкіндігін қарастыратындықтан, B4.1.10 -тармағының шарттарына жауап берсе, немесе

(c)                 Егер келісім шарттары пролонгация мүмкіндігін қарастырғандықтан, B4.1.11 -тармағының шарттарына жауап берсе.

B4.1.13   Төменде келтірілген мысалдар тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын келісім бойынша ақша құралдарының ағымын суреттейді. Ұсынылған мысалдар тізбегі шектеулі емес.

Құрал

Сараптама

Құрал А

Құрал өтеу мерзімі жарияланған облигация болып табылады. Негізгі борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлемдер құрал шығарылған валютада есептелген инфляцияға байланады. Инфляцияға байлау несиемен жабылмайды (левереджсіз) және борыштың негізгі сомасы қорғалған.

 

Келісім бойынша ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылады. Негізгі борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлемдер құрал шығарылған валютада есептелген инфляцияға левереджсіз байлануы ақшаның уақытша құнын ағымдағы деңгейге дейін өзгертеді. Басқаша сөздермен,құрал бойынша пайыздық мөлшерлеме «шынайы» пайыздарды көрсетеді. Осылайша, пайыздар қарыз бойынша негізгі сома қалдығының өтеуі ақшаның уақытша құнына өтемақы болып табылады.

Дегенмен, пайыздар төлемі өзге бір өзгерімпаз көрсеткіш бойынша, мысалы, борышкер қызметінің нәтижесі бойынша (мысалы, борышкердің таза табысы бойынша) немесе капитал индексі бойынша индекстелген болса онда келісім бойынша ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылмайды.Бұл жағдай пайыздық төлемдер қарыздың өтелмеген сомасымен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдің уақытша құнының өтеуі болмағандықтан орын алады. Бұл жерде нарықтық пайыздық мөлшерлемемен келісілген, келісім бойынша пайыздық төлемдердің өзгерімпаздығы байқалады.

 

Құрал

Сараптама

Құрал B

B құралы құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге ие және өтеу мерзімі белгіленген болып табылады, сондықтан несиегер нарықтық пайыздық мөлшерлемені тұрақты негізде таңдай алады. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені өзгертудің әрбір күніне несиегер үш ай мерзіміндегі ЛИБОР үш айлық мөлшерлемесін таңдай алады, немесе бір айлық мерзімдегі ЛИБОР бір айлық мөлшерлемесін таңдай алады.

Құралдың қызмет ету мерзіміндегі төленетін пайыздар осы құралмен байланысты ақшалар мен несиелік тәуекелдердің уақытша құнының өтемақысын көрсеткен жағдайда ғана қарастырылған ақша құралдарының ағымы тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылады.

ЛИБОР мөлшерлемесі құралдың қызмет ету мерзімі бойында өзгеріп тұратындығы ғана құрал сыныптама талаптарына сәйкес келмейтіндігін білдірмейді.

Дегенмен, егер несиегер үш айлық мерзім үшін бір ай мерзіміндегі ЛИБОР мөлшерлемесін таңдай мүмкіндігіне алса, және осындай бір айлық мөлшерлеме әр ай сайын өзгеріп тұрмаса, келісіммен қарастырылған ақша құралдары ағымы негізгі борыш пен пайыздар сомасының есебіне төлем болып табылмайды.

Балама сараптама қарыз алушы несиегердің жарияланған бір айлық құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі мен несиегердің жарияланған құбылмалы үш айлық мөлшерлемесі арасында таңдау құқығына ие болса ғана заңды болады.

Дегенмен, егер құрал өз қызмет етуінің қалған мерзімінен асып кететін мерзімге негізделетін келісімдік пайыздық мөлшерлемеге ие болса, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлемдері болып табылмайды.

Мысалы,үздіксіз өзгерістерге тап болатын бірақ үнемі бес жылдық өтеу мерзімін көрсететін, өтеу мерзімі құбылмалы мөлшерлемемен бес жылға тең облигация борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдары ағымын қамтамасыздандырмайды. Бұл жағдай әрбір кезең бойында төленуге тиіс пайыздар құралдың қызмет ету мерзімімен (оның шығарылу мерзімін есепке алмағанда) байланысты болмағандықтан орын алады.

 

 

 

Құрал

Сараптама

Құрал C

 С құралы - бұл өтеу мерзімі мәлімделген және құбылмалы нарықтық пайыздық мөлшерлемелі облигация. Бұл құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің белгіленген макисмумы бар («кэп»).

(a) бекітілген пайыздық мөлшерлемесі бар құралдан, және

 

(b) құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар құралдан түсетін келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы пайыздық мөлшерлеме құралдың қызмет ету мерзімінде құралмен байланысты ақша мен несиелік тәуекелдердің уақытша құнының өтемақысын көрсеткен жағдайда борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылады.

Осылайша, (а) және (b) комбинациясындағы құрал (мысалы, бекітілген максимумы бар пайыздық мөлшерлемедегі облигация) тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдарының ағымын қамтамасыздандыра алады. Мұндай функция құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге шектеу қою арқылы ақша құралдарының ағымының өзгерімпаздығын төмендетуі мүмкін (мысалы, пайыздық мөлшерлеменің ең үлкен және ең кіші көрсеткіші («кэп» және «флор»)) немесе бекітілген пайыздық мөлшерлеме құбылмалыға айналуына байланысты ақша құралдарының ағымының өзгерімпаздығы көтеріледі.

 Құрал D

D құралы толық регресс құқығына ие несие болып табылады (қаржы құралының сатушыға айналымы құқығы) және кепілдемемен қамтамасыздандырылған.

Толық регресс құқығы бар несиенің кепілдемемен қамтамасыздандырылғаны қаншалықты тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатындығының сараптамасына әсер етпейді.

 

 

B4.1.14                   Төменде келтірілген мысалдар борыш сомасының және негізгі борыштың өтемеген сомасының пайыздаының есебіне төлем болып табылмайтын келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымын көрсетеді. Келтірілген мысалдар тізімі толық толық емес.

 

Құрал

Сараптама

Құрал E

E құралы эмитенттің қарыздық құралдарына айырбасталатын облигация болып табылады.

Иемденуші айырбасқа түсетін облигацияны толықтай сараптайды. Пайыздық мөлшерлеме ақша мен несиелік тәуекелдің уақытша құнын көрсетпейтіндіктен, келісім бойынша ақша құралдары ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды. Сондай-ақ, табыстылық эмитент капиталының құнымен байланысты.

 Құрал F

F құралы кері құбылмалы пайыздық мөлшерлеме төленетін несие болып табылады. (яғни, пайыздық мөлшерлеме нарықтық пайыздық мөлшерлемеге кері тәуелді).

Келісім бойынша ақша құралдары ағымы тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды.

Пайыздар сомасы негізгі борыштың өтелмеген сомасы ақшаның уақытша өтемақысы болып табылмайды.

Құрал G

G құралы мерзімсіз құрал болып табылады, бірақ эмитент құралды кез-келген уақытта қайта шақырып алуы мүмкін және иемденушіге кесімді құн мен қосылған пайыздарды қосып төлеп беруі мүмкін.

G құралы бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлеме төленеді, бірақ пайыздар эмитент тек осындай төлемнен кейін төлей алатын болып қалған жағдайда ғана төленеді.

Пайыздардың шегерілген төлеміне пайыздар қосылмайды.

Келісім бойынша ақша құралдары ағымы тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылмайды.

Бұл жағдай эмитентке пайыздар бойынша төлемдерді кері шегіндіру қажет болуы мүмкін және осы шегіндірілген төлемдерге қосымша пайыздар қосылмайды.

Нәтижесінде, пайыздар сомасы өтелмеген негізгі құн бойынша ақшаның уақытша құнының компенсациясы болып табылмайды.

Егер шегерілген сомаға пайыздар қосылса, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлемдер келісім бойынша ақша құралдары ағымы бола алады.

 Тек G құралының мерзімсіз болуы ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болатындығын білдірмейді. Негізінде, мерзімсіз құрал үздіксіз (бірнеше рет) ұзартуды қарастырады. Мұндай мүмкіндік пайыздық төлемдер міндетті және үздіксіз жасалып тұру керек болса, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болып табылатын ақша құралдарының ағымына әкелуі мүмкін. Осыдан өзге, G құралының қайта шақырылатын құрал болып табылатындығы ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем болмайтындығын білдірмейді. Бұл шарт осы құрал тек борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарын өтеуді білдіргенде ғана орындалмайды.Қайта шақырып алынатын сома иемденушінің құралды мерзімнен бұрын өтеуін қамтамасыз ететін соманы қоса көрсетсе де, ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алады.

B4.1.15   Кейбір жағдайларда қаржы активі негізгі борыштың сомасы және пайыздар ретінде көрсетілетін келісім бойынша ақша құралының ағымдары ретінде сипатталуы мүмкін; бірақ мұндай ақша құралдарының ағымы осы стандарттың 4.1.2 (b) және 4.1.3 -тармақтарына сәйкес, борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алмайды.

B4.1.16   Мұндай жағдай қаржы активі инвестиция болса, атап айтқанда, активтер және ақша құралдарының ағымы болып табылса орын алады. Сәйкесінше, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарыныңесебіне төлем бола алмайды. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында негізгі борыштың өтелмеген сомасымен байланысты ақша мен кредиттік тәуекелдің уақыттық құнының өтемін қоспағанда, келісіммен қарастырылған ақша құралдарының ағымы басқа факторлардың есебінен төлемдерді қосуы мүмкін. Нәтижесінде, құрал 4.1.2(b)-тармағының талаптарына жауап бермейді. Бұл несиегердің талаптары борышкердің көрсетілген активімен немесе көрсетілген активтен түсетін ақша құралдары ағымымен (мысалы, регресс құқығынсыз қаржы активі) шектелген кезде орын алады.

B4.1.17   Дегенмен, қаржы активінің регресске құқығы жоқ болуы осы қаржы активінің 4.1.2(b) -тармағының шарттарына сәйкес келмейтінін білдірмейді. Мұндай жағдайларда несие алушы белгілі бір базалық активтерді және ақша құралы ағымдарын бағалауы (сараптауы) тиіс. Осылайша ол келісімде қарастырылған, қаржы активінен түскен және сыныптауға тиесілі ақша құралы ағымдарының  негізгі қарызға және негізгі қарыздың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем екендігін анықтауы тиіс. Егер қаржы аткивінің шарттары белгілі бір ағымдарды шарттаса немесе ақша құралы ағымдарын төлем ретінде шектесе, онда қаржы активі 4.1.2(b)- тармағының шарттарын қанағаттандырмайды. Базалық активтердің қаржылық немесе қаржылық емес болуы өздігінен бұл бағалауға әсер етпейді.

B4.1.18   Егер келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарының сипаттамасы айқын болмаса, бұл қаржы активтерінің сыныптамасына еш әсер етпейді. Келісіммен қарастырылған ақша құралы ағымдарының сипаттамасы тек өте сирек орын алатын, тән емес және орын алуы екіталай жағдайларда ғана, құралдан түскен келісілген ақша құралы ағымдарын қамтыған кезде орын алады.

B4.1.19   Несиелеу бойынша әрбір дерлік мәміледе несие берушінің құралы борышкердің басқа несие берушілеріне қатынаста бағаланады. Басқа құралдарға бағыныста болатын құрал негізгі борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем болып табылатын, егер борышкердің төлемеуі келісімді бұзу болып табылса ал иемденуші борышкердің банкроттыққа ұшырауы жағдайында да борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына келісімдік құқығы болса,  онда ол келісім бойынша ақша құралы ағымдарымен сипатталуы мүмкін. Мысалы, өз несиегерін айрықша құқықсыз несиегер ретінде сыныптайтын сауда дебиторлық борыш борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына төлемдері бар деп бағаланады. Осылайша, борышкер банкрот жағдайында борышты иемденушіге айрықша құқықсыз несиегердің қамтамасыздандыруға қатысты талаптарына басымдық бере отырып, бірақ айрықша құқықсыз несиегердің негізгі борыштың төленбеген сомасы мен басқа да тиесілі төлемдеріне келісімдік құқығына әсер етпеген жағдайдағы шарттарда қамтамасыздандырылған борыштарды берсе де әділ болып табылады.

Келісіммен байланысты құралдар

B4.1.20   Операциялардың кейбір түрлерінде ұйым несие тәуекелі (транша) концентрациясын құратын, келісіммен байланысқан бірнеше құралдарды қолдана отырып, қаржы активтерін иемденушілерге төлемдердің басымдық тізбегін анықтап беруі мүмкін. Әрбір транштың бағыныштылық рейтингі бар және осыған сәйкес эмитент шығаратын ақша құралының ағымдары траншқа бөлінеді. Мұндай жағдайларда эмитент жоғары рейтингке ие транштар бойынша төлем жасауға жеткілікті ақша құралын шығарғанда ғана траншты ұстаушылар борыш сомасының есебіне және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарына арналған төлемдерге құқылы болады.

B4.1.21   Егер:

(a)              сыныптауға (қаржы құралдарының базалық пулын сараптаусыз) әкелетін транштың келісімдік шарттары тек қана борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем (мысалы, транш бойынша пайыздық мөлшерлеме тауарлық индекспен байланыссыз) болып табылатын ақша құралының ағымдарына әкелсе;

(b)              базалық пул B4.1.23 және B4.1.24 тармақтарында көрсетілген ақша құралы ағымдарының сипаттамасына ие болса; және

(c)              қаржы құралдарының базалық пулындағы траншқа тән несиелік тәуекелге ұшырағыштық қаржы құралдарының базалық пулынының несие тәуекеліне тең немесе төмен болса (мысалы, егер құралдардың базалық пулы енсиелік шығындар нәтижесінде 50 пайызын жоғалтса және кез-келген жағдайда транш 50 немесе азырақ пайыз жоғалтса бұл шарт орындалады),мұндай мәмілелерде транш борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын ақша құралы ағымдарының сипаттамасына ие.

B4.1.22   Ұйым ақша құралы ағымдарын құратын (өткізетін емес) құралдардың базалық пулын анықтағанша сараптама жүргізуі тиіс. Осы қаржы құралының базалық пулы болып табылады.

B4.1.23   Базалық пулдың құрамында борыш сомасының және негізгі борыштың өтелмеген сомасының пайыздарының есебіне төлем болып табылатын, келісіммен қарастырылған ақша құралының ағымдарын қарастыратын бір немесе бірнеше құрал болуы тиіс.

B4.1.24   Сонымен қатар, құралдардың базалық пулы төмендегі құралдарды қамтуы мүмкін:

(a)              B4.1.23 тармағында көрсетілген құралдардан түсетін ақша құралы ағымдарының өзгерімпаздығын азайтады, және B4.1.23-те көрсетілген құралдармен бірге тек қана негізгі қарызға және негізгі қарыздың өтелмеген сомасының пайыздарына төлем болуы (мысалы, пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы және төменгі шектеуі («кэп» және «флор») немесе B4.1.23- тармағында көрсетілген кейбір немесе барлық құралдардың несие тәуекелін төмендететін келісім), немесе

(b)              траншеядағы ақша құралдары ағымын B4.1.23  тармағында көрсетілген базалық құрал пулынан түсетін ақша құралы ағымдарымен сәйкестендіреді, бұл келесі тармақтардағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді:

(i)            пайыздық мөлшерлеме бекітілген бе әлде өзгермелі ме;

(ii)           ақша құралының ағымдары көрсетілген валюта және инфляция да сол валютада; немесе 

(iii)          ақша құралы ағымының түсу мерзімдері.

B4.1.25   Егер пулдағы ешбір құрал B4.1.23- немесе B4.1.24- тармақтарына жауап бермесе, B4.1.21 (b) - тармағы орындалмайтын болып есептеледі.

B4.1.26   Егер иемденуші B4.1.21 тармағының шарттарын бастапқы тануда бағалай алмаса, транш әділ құн бойынша бағалануы тиіс. Егер құралдардың базалық пулдары бастапқы танудан кейін B4.1.23 - және B4.1.24 - тармағының шарттарына жауап бере алмайтындай өзгеріп кетсе, транш B4.1.21- тармағының шарттарына жауап бермейді және әділ құн бойынша бағалануы тиіс.

Қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде сыныптау мүмкіндігі (4.1 және 4.2 -бөлімдері)

 

В4.1.27   4.1.5 және 4.2.2 -тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес, осы стандарт ұйымға қаржы активін, қаржы міндеттемесін немесе қаржы құралдарының тобын (қаржы активі, қаржы міндеттемелері, немесе екеуі де бірдей) осы шарт аса орынды ақпаратпен қамтамасыз еткен жағдайда «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде көрсетуге рұқсат етеді.

B4.1.28   Ұйымның қаржы активін немесе қаржы құралдарын «өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын» ретінде көрсету туралы шешімі есеп саясатын таңдау сияқты (дегенмен, есеп саясатын таңдаудан ерекше, мұндай сыныптаманы келесі барлық балама операцияларда қолдану талап етілмейді) жүргізіледі. Егер ұйым таңдау құқығына ие болса, онда 8 ХҚЕС (IAS)-тың 14(b) тармағына сай,таңдалған саясат қаржылық есептіліктің ұйымның қаржы жағдайы, қызметінің қаржы нәтижесі және ақша құралдарының қозғалысына операцияның, өзге де оқиғалар мен шарттардың әсері туралы аса сенімді және аса орынды ақпарат беруін қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау жағдайында 4.2.2 -тармағыаса орынды ақпаратпен қамтамасыздандыру талабы орындалатын екі шарт орындалады. Нәтижесінде, 4.2.2 -тармағына сәйкес,осындай сыныптаманы таңдау мүмкіндігіне ие болу үшін, ұйым осы екі шарттың бірін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

Аталған сыныптаманы таңдау есептік сәйкессіздікті жояды немесе анағұрлым қысқартады

В4.1.29   Қаржы активін және қаржы міндеттемесін бағалау және оның құнындағы танылған өзгерістерді сыныптау сәйкес бапты және осы баптың хеджирлеудің сыныпталған қатынасы болып табылатындығының негізінде анықталады. Бұл талаптар бағалу немесе тану ұстанымдарын қолданудағы тиянақсыздыққа (кейде «есептік сәйкессіздік» деп аталатын) әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау болмаған кезде, мұндай қаржы активі келесіде әділ құн бойынша бағаланатын болып сыныпталады, ал ұйым осындай активпен байланысты деп есептейтін міндеттеме амортизацияланған құн (әділ құндағы өзгерістерді танусыз) бойынша өлшенеді.Мұндай жағдайларда егер актив те, міндеттеме де өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныпталатын болса, ұйым өзінің қаржы есептілігі аса орынды ақпаратпен қамтамасыз етуде деген шешімге келуі мүмкін.

В4.1.30   Төменде көрсетілген мысалдар бұл шарттың қашан орындалатынын көрсетеді. Барлық жағдайларда ұйым осы шартты 4.1.5 немесе 4.2.2(а)-тармақтары орындалған кезде ғана, қаржы активтерін немесе қаржы міндеттемелерін кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау үшін қолдануы мүмкін.

 (а)             Ұйымның сақтандыру келісімдері бойынша міндеттемелері бар; олардың өлшемі ағымдағы ақпаратты (24 ХҚЕС (IFRS) 4 -тармағына сәйкес) және ұйым осындай міндеттемелермен байланысты және өзге жағдайда амортизацияланған құн бойынша бағаланатын қаржы активтерін қосады.

(b)              Ұйымның жалпы тәуекелге, мысалы, өзара өтеу тенденциясына ие, әділ құнда өзара қайшы өзгерістерге әкелетін пайыздық тәуекелге тап болғыш қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері де қаржы міндеттемелері де бар. Осыған қарамастан, құралдардың тек бір бөлігі ғана өзгерістері кіріс пен шығыста (яғни, туынды құрал болып табылатын немесе саудаға арналған құрал болып сыныпталатын) көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын болады. Сондай-ақ, хеджирлеуді есептеу талаптары орындалмайтын жағдай қалыптасуы мүмкін. Мысалы, 39 ХҚЕС (IAS) 88-тармағында бекітілген, тиімділікке қатысты талаптардың орындалмауына байланысты.

(c)              Ұйымның жалпы тәуекелге, мысалы, өзара өтеу тенденциясына ие, әділ құнда өзара қайшы өзгерістерге әкелетін пайыздық тәуекелге тап болғыш қаржы активтері, қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері де қаржы міндеттемелері де бар және ұйым осы құралдардың ешбірі туынды құрал болмағандықтан, хеджирлеуді есептеу талаптарына жауап бермейді. Осыдан өзге, хеджирлеуді есептеу жоқ жерде кіріс пен шығысты тану кезінде айтарлықтай сәйкессіздік орын алады.Мысалы: ұйым нарықта айналатын облигациялар шығару арқылы белгілі бір қарыздар тобын қаржыландырды, және мұндай активтер мен міндеттемелердің құнындағы өзгерістер өзара өтеуге үрдіс алады. Егер осыған қоса, ұйым үнемі облигациялар сатса және сатып алатын болса, бірақ қарыздарды сирек сатса және сатып алса, өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында есепте әділ құн бойынша қарызды да, облигацияны да көрсету кіріс пен шығысты тану мерзіміндегі сәйкессіздіктерді жояды. Қарсы жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер амортизацияланған құн бойынша қарыздарды және облигацияларды бағалауға және облигацияны сатып алудың әрбір жағдайында кіріс пен шығысты тануға байланысты пайда болуы мүмкін.

В4.1.31     Алдыңғы тармақта суреттелген жағдайларға балама түрінде, қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін бастапқы тану кезіндегі сыныптама (қарсы жағдайда олар өзгеше бағаланады) өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері мен қаржы құралдары ретінде сыныптау бағалау және тану ұстанымдарын қолданудағы тиянақсыздықты жоюы немесе айтарлықтай қысқартуы мүмкін және аса орынды ақпаратпен қамтуы мүмкін. Практикалық мақсаттарда ұйым бағалау және тану ұстанымдарын қолданған кезде тиянақсыздыққа әкеп соғатын активтер мен міндеттемелер бойынша барлық мәмілелерді бір мезгілде жасауға міндетті емес. Әрбір мәміле бастапқы тануда өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптау шарты орындалған жағдайда жүйелі мерзімдік үзіліс беріледі және бұл уақытта ұйым барлық қалған мәмілелерді ықтимал ретінде бағалайды.

В4.1.32     Өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаланатын ретінде тиянақсыздыққа әкелетін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің тек бір бөлігін сыныптау осы тиянақсыздықты жоюға немесе айтарлықтай азайтуға әкелмесе, және сондықтан аса орынды ақпаратпен қамтамасыздандырмаса, онда мұндай сыныптама жасауға рұқсат етілмейді. Мұнымен бірге егер осы тиянақсыздықты айтарлықтай азайтуға (сыныптаманың басқа да рұқсат етілген түрлері қамтамасыз етуден көбірек) әкелсе, балама қаржы құралдары мен балама қаржы міндеттемелері санының белгілі бір бөлігіне ғана сыныптама жүргізуге рұқсат етіледі. Мысалы, ұйымның 100 а.б. құрайтын сомадағы балама қаржы міндеттемелері және басқа базаны қолданып есептейтін, 50 а.б. құрайтын сомадағы балама қаржы активтері бар деп есептейік. Ұйым бастапқы тануында барлық активтерід емес, тек бір бөлігін (мысалы, 45 а.б. құрайтын сомадағы бөлек міндеттемелер) өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаласа, айтарлықтай түрде сәйкессіздіктерді қысқарта алады. Дегенмен, тек барлық қаржы құралы ғана өзгерістері кіріс пен шығыстың құрамында көрсетілетін әділ құнмен бағаланатын ретінде сыныпталатын болса, жоғарыда көрсетілген мысалдағы ұйым көрсетілген түрдегідей бір немесе бірнеше міндеттемелерді сыныптауы тиіс. Ұйым міндеттеменің бөлек компонентіне (мысалы, пайыздық мөлшерлеме-бағдарлаудағы өзгерістер сияқты тәуекелдің тек бір түріне ғана жазылатын құндағы өзгеріс) ғана немесе бөлек үлесіне ғана сыныптама жүргізе алмайды.

Ұйым қаржы міндеттемелерінің тобын немесе қаржы активтері және қаржы міндеттемелерін басқаруды жүзеге асырады және осындай топ бойынша қаржы нәтижелерін әділ құн негізінде бағалайды

B4.1.33   Ұйым қаржы міндеттемелерінің тобын немесе қаржы активтері және қаржы міндеттемелерін басқаруды жүзеге асыруы мүмкін, және оған қатысты нәтижелерді мұндай топты өзгерістері кіріс пен шығыс құрамында көрсетілетін әділ құн негізінде бағалау арқылы аса орынды ақпарат ұсынуды қамтамасыздандырады. Бұл жағдайда назар ұйымның қаржы құралдарының сипаттамасына емес, оның нәтижелерді басқару мен бағалауды қалай жүргізуіне аударылады.

B4.1.34   Мысалы, ұйым бұл шартты тек қана 4.2.2(b)-тармағында бекітілген принципті ұстанса ғана, қаржы міндеттемелерін өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бойынша бағаланатын ретінде сыныптау үшін қолдануы мүмкін және ұйымның бір немесе бірнеше жалпы тәуекелге ұшыраған қаржы актитері және міндеттемелері басқарудың құжатталған саясатына сәйкес, әділ құн негізінде жүргізіледі.Мысал ретінде көптеген құрылған туынды құралдары бар «құрылымды өнімдер» шығаратын ұйым және олармен байланысты тәуекелдерді туынды және туынды емес қаржы құралдарын қолдана отырып әділ құн негізінде басқарады.

B4.1.35   Жоғарыда көрсетілгендей, бұл шарттың орындалуы ұйым қарастырылған қаржы құралын қалайша басқарылатынына және онымен байланысты нәтижелермен бағалайтындығына байланысты. Сәйкесінше, (сыныптаманы бастапқы тануда жүргізу талабын ескере отырып) ұйым қаржы құралдарын өзгерістері кіріс пен шығыста көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптайтын ұйым осы шарт негізінде бамалы түрде барлық қойылған талаптарға сай келетін және басқарылуы бағалау секілді жалпы негізде жүргізілетін қаржы міндетемелерін сыныптауы тиіс.

B4.1.36   Ұйымның стратегиясын реттейтін құжат міндетті түрде көлемді болуы шарт емес, алайда ол  4.2.2(b) -тармағын ұстанғандығын көрсететіндей жеткілікті боуы тиіс. Мұндай құжат әрбір бап бойынша талап етілмейді, алайда жалпы портфельге ортақ болуы мүмкін. Мысалы, ұйымның шешуіші жетекші персоналының мүшелерімен бекітілген, бөлімшенің қызмет нәтижелерін басқару жүйесі бөлімше қызметі ортақ табыс, қосымша құжаттар негізінде 4.2.2(b)- тармағына сәйкес бағаланатыны анықталса, әрбір бап бойынша мұндай құжат қажет етілмейді. 

Кірістірілген туынды қаржы құралдары ( 4.3 -бөлім)

B 4.3.1    Негізгі келісімшарпен бірге ұйым осы стандарттық қолдану аясына кірмейтін активтер болып табылмайтын гибридті келісімшартқа отырған жағдайда 4.3.3- тармағына сай ірістірілген ірістірілген туынды қаржы құралды анықтап, негізгі келісімшарттан бөліп қарау қажет-қажет еместігін бағалауы тиіс. Егер бөліп қаралатын болса, онда кірістірілген туында қаржы құралын алғашқы және одан кейінгі тануда әділ құн бойынша бағалауы тиіс.

B 4.3.2    Егер негізгі келісімшартта бекітілген немесе алдын ала анықталған өтеу мерзімі көрсетілмесе және ұйымның өзіндік активтерінің қалдықты үлесін қамтитын болса, онда оның үлестік құралының экономикалық сипаты және тәуекелділігі бар болады. Сонымен қатар кірістірілген қаржы құралы негізгі келісімшартпен тығыз байланыста қарастырылу үшін сол ұйымға қатысты үлестік құралдың сипатына ие болуы керек. Егер негізгі келісімшарт үлестік келісімшарт болып табылмаса және қаржы құралы анықтамасына сай келетін болса, оның экономикалық сипаты және үлестік құралының тәуекелділігі сол борыштық құралдыкі болып табылады.

B4.3.3     Опциондық емес кірістірілген туынды қаржы құралы (мысалы, кірістірілген форвардты келісімшарт немесе своп) онда көрсетілген және меңзелген негізгі шарттар, яғни оның алғашқы танылуы кезінде нөлдік әділ құны болу негізінде негізгі келісімішарттан ерекшеленеді. Опциондық емес кірістірілген туынды қаржы құралы (мысалы, кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион немесе сатып алуға құқығы бар (кол) опцион, «кэп», «флор» немесе свопцион) опционда көрсетілген шарттар негізінде негізгі келісімшарттан ерекшеленеді. Негізгі құралдың бастапқы теңгерімдік құны кірістірілген туынды қаржы құралдарын бөліп алып тастағаннан кейінгі қалған қалдықты сомаға тең анықталады.

B4.3.4     Әдетте, бір гибридті келісімшартта көптеген кірістірілген туынды қаржы құралдары болатын болса, ол құрамдас кірістірілген туынды қаржы құралы болып саналады.  Дегенмен, капитал ретінде сыныпталатын кірістірілген  туынды қаржы құралдары  ( 32 ХҚЕС- ты(IAS) қараңыз)  актив немесе міндеттеме ретінде сыныпталатын құралдардан бөлек есептеледі. Сонымен қатар, гибридті келісімшарттың бір кірістірілген туынды қаржы құралдан көп құралы болатын болса және ол құралдарға түрлі тәуекелділіктер тән болатын болса,  олардың бір-бірінен бөлініп қарастырылуы оңай және бір-біріне тәуелсіз болатын болса, онда олар бір-бірінен жеке қарастырылатын болады.

B4.3.5     Кірістірілген туынды қаржы құралдарының экономикалық сипаты және тәуекелділігі төменде берілген мысалдарда негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болмайтындығы көрсетілген (4.3.3  (a) -тармағын қараңыз). Бұл мысалдарда, 4.3.3(b) және (c) -тармақтарының шарттары жүзеге асырылғандай болса, ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөлек қарастырады.

(а)              Иемденушіге шығарушыдан сол құралды ақша қаражаты немесе басқа да активтер арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін, көлемі тауар немесе акциялардың  құны немесе индексінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын кірістірілген қайтарымды сыйақылы   (пут) опционы негізгі борыштық құралмен тығыз байланыста болмайды.

(b)              Борышты өтеу мерзімін созу кезінде ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлемеге шамалас түзету қатар ендірілмейінше борыштық құралда көрсетілген өтеу мерзімінің қалған уақытын ұзартудың құқығы немесе автоматты түрде ұзарту шарты негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болмайды. Егер ұйым борыштық құрал шығаратын болса, ал бұл борыштық құралды иемденуші үшінші тарапқа борыштық құралды сатып алуға опцион шығарушы болса, онда шығарушы мұндай сатып алуға құқығы бар (кол) опцион борыштық құралды өтеу мерзімінің басталған кезіне дейінгі ұзартылған мерзім ретінде қарасырады, бірақ осылай жасаудың шарты - опционды сатып алу ісін жүзеге асыру нәтижесі бойынша борыштық құралды қайта сатуда шығарушыдан оның қатысуын немесе көмек көрсетуін талап етуге болады.

(с)              Кірістірілген негізгі борыштық құралдың немесе сақтандыру келісімшартының үлестік индекстік пайыз немесе негізгі борыш сома көлемі борыштық құрал құнына тәуелді болғандықтан, кірістірілген негізгі борыштық құрал немесе сақтандыру келісімшарты негізгі құралмен тығыз байланысты болмайды. Себебі, негізгі құралдың өзіне тән және кірістірілген туынды құралдың өзіне тән тәуекелділіктері бар.

(d)              Кірістірілген негізгі борыштық құралдың немесе сақтандыру келісімшартының тауарлық индекстік пайыз немесе негізгі борыш сома көлемі тауар құнына тәуелді болғандықтан (мысалы, алтын), кірістірілген негізгі борыштық құрал немесе сақтандыру келісімшарты негізгі құралмен тығыз байланысты болмайды. Себебі, негізгі құралдың өзіне тән және кірістірілген туынды құралдың өзіне тән тәуекелділіктері бар.

(е)              Кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион, сатып алуға құқығы бар (кол) опцион немесе кірістірілген негізгі борыштық құралда немесе сақтандыру келісімшартындағы мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі төменде берілген жағдайлардан тыс кезде негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болмайды:

(і)            опционды орындау бағасы әрбір опционды орындау күніндегі негізгі борыштық құралдың амортизацияланған құнына немесе негізгі сақтандыру келісімшартының теңгерімдік құнына шамалас тең; немесе

(іі)           мерзімінен бұрын өтеу құқығының бағасы несие берушіге өтеудің қалған уақытына шаққандағы пайыздан көретін кіріс сомасын компенсациялайтындай болуы керек. Жоғалған пайыздық үлес - пайыздық мөлшерлемедегі айырмашылықтың мерзімінен бұрын өтелген негізгі қарыз сомасына көбейтілген нәтижесі. Пайыздық мөлшерлемедегі айырмашылық - егерде негізгі келісімшарттың қалған мерзіміне мерзімінен бұрын өтелген соманы қайта инвестициялаған жағдайда ұйымның мерзімінен бұрын өтелген борыштан алатын қолданыстағы пайыздық мөлшерлемесінен негізгі келісімшарт бойынша қолданыстағы пайыз мөлшерлемесінің артуы.

Кірістірілген қайтарымды сыйақылы (пут) опцион немесе сатып алуға құқығы бар (кол) опциондардың негізгі борыштық келісімшарт ортасында тығыз байланысының бар екендігі 32 ХҚЕС-қа (IAS) сай конвертацияланатын борыштық құрал капиталының компонентін бөліп алғанға дейін анықталады.

(f)               Бір тарапқа «пайдакөздеуші» өзінің иелігіндегі емес нақты көрсетілген активтер негізінде екінші тарапқа (кепілдік алушыға) несиелік тәуекелділікті өткізіп жіберуге мүмкіндік беретін негізгі борыштық құралға кірістірілген несиелік кірістірілген туынды құралдардың негізгі борыштық құралменен тығыз байланысы болмайды. Мұндай несиелік кірістірілген туынды қаржы құралдары кепілдік алушының көрсетілген активке байланысты тікелей қатысы жоқ несиелік тәуекелділікті өз мойнына алуға әкеліп соғады.

B 4.3.6    Гибридті келісімшарттың үлгісі - шығарушыға қаржы құралын көлемі акциянемесе тауар индексінің өзгерісі түсіп-көтерілуіне (қайта сатылуға құқығы бар)тәуелді ақшалай қаражат немесе басқа да қаржы активтері ретінде қайтарыпберуге құқық беретін қаржы құралы болып табылады. Бастапқы танылудашығарушы құралды пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген әділ құнменбағаланған қаржы міндеттілігі ретінде қайта сатуға құқылы құрал ретіндесыныптамаған болса, онда ол кірістірілген туынды қаржы құралын (яғни, негізгіқарыздың индекстелген төлем сомасы) 4.3.3 -тармағына сай жеке қарауы керек.Себебі, негізгі келісімшарт B4.3.2 -тармағы бойынша борыштық құрал болыптабылады, ал B4.3.5 (a) тармағы бойынша индекстелген негізгі борыштың төлемсомасы негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болмайды. Негізгіборыштық құралдың төлем сомасы көбеюіне немесе азаюына байланыстыкірістірілген туынды қаржы құралы құны өзгермелі негізде индекстелетінопциондық емес туынды қаржы құралы болып табылады.

B4.3.7     Кез-келген уақытта шығарушыға ұйымның өзіндік актив құнына (мысалы, ашық түрдегі бірлескен инвестициялық қордан түсетін үлеспұл немесе үлеспұлға байланысты бірқатар өнімдер) теңдей үлеске тең ақшалай қаржыға қайта сата алатын қайта сатылуға құқылы құралы болған жағдайда егер иемденуші құралды шығарушыға қайтарып беру құқығын қоданатын болса, онда кірістірілген туынды қаржы құралын бөлудің әсері мен әрбір компонентті есепке алу есептілік кезеңінің соңында өтелуі тиісті гибридті келісімшартты бағалауға байланысты болады.

B4.3.8     Төменде берілген мысалдарда кірістірілген туынды қаржы құралдарының экономикалық сипаты мен тәуекелділігі негізгі келісімшарттың экономикалық сипаты мен тәуекелділігіне тығыз байланысты болатындығы көрсетіледі. Бұл мысалдарда ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөліп қарастырмайды.

(а)              Пайыздық негізгі борыштық немесе сақтандыру келісімшарты бойынша төленетін немесе алынатын пайыздық соманы өзгерте алатын пайыздық мөлшерлеме немесе пайыздық мөлшерлеме индексінің негізінде құрылған кірістірілген туынды қаржы құралы мына жағдайлардан тыс жағдайда негізгі келісімшартпен тығыз байланыста болады: гибридті келісімшарт есебі оны иеленушінің расында өз инвестицияларының барлық теңгерімдік құнының орнын өтей алмаса немесе кірістірілген туынды құралы кем дегенде иеленушінің негізгі келісімшарт бойынша бастапқы кіріс мөлшерінен екі есе арттыратын болса және кіріс мөлшерін кем дегенде негізгі келісімшарттағыдай белгіленген шарттары бар келісімшарт бойынша нарықтық кірістен екі есе арттыратын болса;

(b)              Борыштық келісімшарттағы немесе сақтандыру келісімшартындағы пайыздық мөлшерлемедегі кірістірілген «флор» және «кэп» негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер: құралды шығарған кезде «кэп» нарықтағы пайыздық мөлшерлеме деңгейінде немесе одан жоғары болып тұрса, ал «флор» нарықтағы пайыздық мөлшерлеме деңгейінде немесе одан төмен болса және «флор» мен «кэп» негізгі келісімшартқа қатысты иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болса. Дәл осылай, флор» мен «кэп» бағасын белгілейтін сатып алуға немесе сатуға қойылған активтердің келісімшартқа ендірілген шарттары негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер келісімшарт жасау кезінде «флор» мен «кэп» пайдасыз болғанда және иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болғанда.

(с)              Пайыздық өтем немесе шетелдік валютада бекітілген негізгі сома ағымын қамтамасыз ететін және  негізгі борыштық құралға (мысалы, екі валютада берілген облигация) кірістірілген  валюталық туынды қаржы құралы негізгі борыштық құралмен тығыз байланысты болады. Мұндай туынды құрал негізгі құралдан бөлінбейді. Себебі, 21 ХҚЕС-қа (IAS) сай  ақша бабы бойынша шетелдік валюта бағамының өзгерісінен түсетін пайда мен залалдың пайда мен залал құрамында көрсетілуін талап етеді.

(d)              Сақтандыру келісімшарты болып табылатын немесе қаржы құралы болып табылмайтын (мысалы, бағасы шетелдік валютада белгіленген қаржылық емес бапты сату немесе сатып алу келісімшарты) негізгі келісімшартқа кірістірілген  валюталық туынды құрал негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер ол иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамайтын болса, опциондық белгілері болмаса және өтем жасау төменде көрсетілген валюталардың бірінде белгіленген болса:

(і)            келісім бойынша негізгі екі тараптың біреуінің атқарымдағы валютасы;

(іі)           әлемдегі коммерциялық операциялар барысында тауар немесе қызметті сатып алу немесе көрсетілуінде белгіленген валюта (мысалы, шикі мұнай операциясы үшін АҚШ доллары); немесе

(ііі)          қаржылық емес баптарды кономикалық ортада сату немесе сатып алу операцияларына негізделген келісімшарттарда кеңінен қолданылатын валюта (мысалы, әдетте ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруда қолданылатын тұрақты және ликвидті валютаға қатысты)

(е)           Пайыздық мөлшерлемесі бар купондық немесе тек негізгі сома купоны бойынша мерзімінен бұрын өтем жасауға негізделген кірістірілген опцион негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер алғашқыда негізгі келісімшарт (і) кірістірілген туынды қаржы құралы жоқ қаржы құралынан келісімшартта көрсетілген ақша ағымдарын алу құқығына ие болу нәтижесінде пайда болған болса, және (іі) борыштық құрал формасы ретінде алғашқы негізгі келісімшартта берілмеген қандайда бір шарттарды қамтымаса.

(f)            Негізгі жалға беру келісімшартының кірістірілген туынды қаржы құралы негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер кірістірілген туынды қаржы құралы (і)инфляцияға байланған индексті көрсететін болса, мысалы тұтыну бағасының индексіне жалға беру өтемін индекстеу (егер жалға беру иінтірек әсеріне (левереджге) ұшырамаса және индекс қызмет атқарып отырған ұйымның экономикалық ортасындағы инфляциясына байлаулы болғанда), (іі) жалға берудің тиесілі жүзеге асырылу көлеміне негізделген шартты өтемі, (ііі) жалға берудің өзгермелі пайыздық мөлшерлемесіне негізделген шартты өтемі.

(g)           Негізгі қаржы құралына немесе негізгі сақтандыру келісімшартына кірістірілген үлеспұл құнына байламдылық негізгі құралмен немесе негізгі келісімшартпен тығыз байланысты болады, егер үлеспұлмен белгіленген өтемдер қор активінің әділ құнын көрсететін ағымдағы үлеспұл құнымен бағаланса. Үлеспұл құнына байламдылық өтемді сыртқы және ішкі инвестициялық қордың үлеспұлы бойынша жүзеге асыратын келісімдік шарты болып табылады.

(h)           Сақтандыру келісімшартына кірістірілген туынды құрал негізгі сақтандыру келісімшартымен тығыз байланысты болады, егер ұйым кірістірілген туынды қаржы құралын жеке бағалай алмайтындай (яғни, негізгі келісімшартты қарамай) кірістірілген туынды қаржы құралы мен негізгі сақтандыру келісімшарты бір-біріне өте тәуелді болса.

Кірістірілген туынды қаржы құралын қамтитын құралдар

B 4.3.9    B 4.3.1 -тармағында көрсетілгендей егер ұйым осы стандарттың қолданыс аясына кірмейтін актив болып табылмайтын негізгі келісімшарты бар гибридті келісімшарт тарапы болып табылса, және 4.3.3 -тармағына сай бір немесе бірнеше кірістірілген туынды қаржы құралы бар ұйым кез-келген мұндай кірістірілген туынды құралды сәйкестендіруі, негізгі келісімшарттан, сол сияқты осындай әрекетті қажет ететін басқа да құралдардан бөліп қараудың қажеттілігін бағалауы, бастапқы және кейінгі тауда құралды әділ құн бойынша бағалауы тиіс. Бұл талапы орындау күрделі болуы мүмкін немесе барлық құралды тұтастай алғанда пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құн бойынша анықталған бағамен салыстырғанда сенімі төменірек бағаға әкеліп тіреуі мүмкін. Сондықтан, осы стандарт барлық гибридті келісімшартты тұтастай пайда мен залал құрамында көрсетілетін өзгерісі әділ құн бойынша бағаланатын ретінде сыныптауға рұқсат етеді.

 

B4.3.10   4.3.3- тармағына сай кірістірілген туынды қаржы құралдарын негізгі келісімшарттан бөліп қарастыруға рұқсат берілген-берілмегеніне қарамастан мұндай сыныптау қолданыла алады. Бірақ, 4.3.5 -тармағының талабы 4.3.5(a) және (b) -тармағында қарастырылған пайда мен залал құрамында көрсетілген өзгерісі әділ құн бойынша бағаланған ретіндегі гибридті келісімшартты сыныптауды негіздеуге қолданыла алмайды, себебі, бұл есепке алу ісін жеңілдетуге де, ақпарат сенімділігін арттыруға да әсерін тигізбейді.

            Кірістірілген туынды қаржы құралдарын қайта бағалау

B4.3.11   4.3.3 -тармағына сай ұйым  бірінші рет келісімшарттың тарапы болған жағдайда  кірістірілген туынды қаржы құралын негізгі келісімшарттан бөліп қараудың және оның алынған есепке кірістірілген туынды қаржы құралы ретінде көрсетілу қажеттілігін бағалауғы тиіс. Келісімшарт шарттары  ақша қоры ағымын айтарлықтай өзгертуге алып келсе, және ол келісімшартқа сай қарастырылар болса, кірістірілген туынды қаржы құралдарын қайта бағалау ісін жүргізуге рұқсат беріледі. Басқа жағдайда кірістірілген туынды қаржы құралын кейінгі қайта бағалауға тыйым салынады. Ұйым екі фактіні анықтайды: біріншіден, сол кірістірілген туынды қаржы құралына  және/немесе негізгі келісімшарттың шартына байланысты болашақ күтілетін ақша қоры ағымының өзгеріс деңгейін талдай отырып, ақша қоры ағымының айтарлықтай өзгеріс орын алған-алмағандығын, екіншіден, келісімшарт бойынша бұған дейінгі күтілген ақша ағымымен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс орын алған-алмағандығын.

B4.3.12   B4.3.11-тармағы төменде келтірілген жағдайларда жасалған келісімшарттардағы кірістірілген туынды қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды:

(а)              бизнестерді біріктіруде (3 «Бизнес бірлестіктері» ХҚЕС-та  (IFRS) берілген анықтамаға сай);

(b)              3 ХҚЕС (IFRS) стандартының  В1 және B4-тармақтарында көрсетілгендей жалпы бақылаудағы  ұйымдар немесе компанияларды біріктіруде;

(с)              31 ХҚЕС (IAS) «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу» стандартына сай бірлескен ұйымды құруда немесе сатып алу күнінде олардың мүмкін қайта бағалауы болғанда.

Қаржы активтерін қайта сыныптау (4.4 - бөлім)

В 4.4.1    Нақты қаржы активтерді басқару бойынша ұйымның бизнес үлгісінің мақсаты өзгерсе, В 4.4.1-тармағы ұйымнан қаржы активтерін қайта сыныптауы талап етіледі. Мұндай өзгерістер өте сирек қолданылады деп жорамалданады. Бұл өзгерістер сыртқы немесе ішкі өзгерістер нәтижесінде ұйымның жоғарғы басшылығымен анықталуы қажет және ұйымның әрекеттеріне негіз болып, сыртқы мәселелерге дәлел болуы тиіс. Бизнес үлгінің өзгеріс мысалдары келесі мәселелерді қамтиды:

(а)              Ұйым жақын болашақта сату үшін коммерциялық қарыздар портфеліне ие болады. Ұйым келісімшарт бойынша қарастырыл,ан ақша қоры ағымын ұстап қалу мақсатында қарыздарды жинап алатын бизнес үлгіні басшылыққа алатын және коммерциялық қарыздарды басқаратын компанияны табады. Коммерциялық қарыздар портфелі бұдан әрі сатылуға арналмайды және портфель ендігі уақытта сатып алынған коммерциялық қарыздармен бірге басқарылады. Барлығы бірге келісімшартта қарастырылған ақша қоры ағымын алу үшін  ұсталады.

(b)              Қаржы қызметін көрсететін фирма жеке тұлғаларға ипотекалық несие беруді тоқтатуға бел байлады. Қызметтің осы түрі бойынша жаңа клиенттер қабылданбайды және қаржы қызметін көрсететін фирма  белсенді түрде ипотекалық қарыздар портфелін сатуды жарнамалай бастайды.

В4.4.2     Ұйымның бизнес үлгісінің өзгеру мақсатының қайта сыныптау күні анықталуы тиіс. Мысалы, егер қаржы қызметін көрсету фирмасы  жеке тұлғаларға  ипотекалық несие беруді  15 ақпан күні жабуға шешім қабылдаса, онда ол  барлық қаржы активтерін 1 ақпан күні қайта сыныптауы тиіс (яғни,  ұйымның келесі есептілік кезеңінің алғашқы күні), ұйым 15 ақпаннан кейін сол қызмет түрі бойынша жаңа клиенттер қабылдамауы немесе басқа да жолмен бұрынғы бизнес үлгіге қатысты қызмет түрін көрсетпеуі тиіс.

В4.4.3     Келесі жағдайлар бизнес үлгідегі өзгерістерге жатпайды:

(а)              белгілі-бір қаржы активтерге қатысты ниеттің өзгеруі (нарық күйінің елеулі өзгерісі жағдайында да).

(b)              қаржы активтерінің белгілі бір нарығының уақытша жойылып кетуі.

(с)              бірнеше бизнес үлгісі бар ұйым бөлімдері арасындағы қаржы активтерін өткізілуінде.1

Бағалау (Тарау 5)

             Бастапқы бағалау (бөлім 5.1)

В5.1.1     Қаржы құралын бастапқы танудағы әділ құны - операция бағасы. (яғни, берілген немесе алынған төленген өтеудің әділ құны; В 5.4.8 -тармағына қараңыз). Бірақ, берілген немесе алынған төленген өтеуідің қандай да бір бөлігі сол қаржы құралына жататын болса, онда қаржы құралының әділ құны бағалау әдісін қолдану арқылы есептеледі (В5.4.6 - B5.4.12). Мысалы, пайыздық табыс табуды көздемейтін ұзақ мерзімді қарыз немесе дебиторлық берешекті аналогиялық несиелік рейтингтегі аналогиялық құралға(валюта, мерзім пайыздық мөлшерлеменің түріне және басқа факторларға қатысты) арналған пайызы үстем нарықтық мөлшерлемесі қолдану арқылы дисконтталған келешекте түсетін барылық ақша түсімінің ағындағы құны ретінде есептеуге болады. Осы әділ құннан жоғары берілген қарыз сомасы, егер ол активтің басқа бір түрі ретінде танылған жағдай болмаса, онда ол шығын немесе кірістің азаюы болып табылады.

В5.1.2     Егер ұйым нарыққа сай емес пайыздық мөлшерлемесі бар қарыз беретін болса, (мысалы, қарызды 5 пайыздан берсе, ал осындай қарыз түрлері бойынша нарықтық мөлшерлеме 8 пайыз болып тұрса), және орнын өтеу түрінде алдын-ала төленетін сыйақы алатын болса, онда ұйым ол қарызды әділ құн бойынша бағалайды, демек алынған сыйақы есептелмейді.

B5.1.2A      Бастапқы тану кезінде әділ құнның ең тиімді белгісі өткізу бағасы болып табыладыThe best evidence of the fair value of a financial instrument at initial recognition is normally the transaction price (мсыалы, берілген немесе алынған есептеудің әділ құны, ХҚЕС (IFRS) қараңыз). Егер бастапқы тану кезінде әділ құнның 5.1.1A тармағында көрсетілгендей өткізу бағасынан айырмашылығы болса, ұйым құралдың бағасын сол кезеңде келесідей есептеуі тиіс:

(a)                     5.1.1  тармақ талап ететін бағалауда, егер, әділ құн белсенді нарықтағы анықталған баға арқылы белгілі бір актив немесе міндеттеме (1 дәнеделі кіріс) үшін белгіленсе, немесе бақыланатын нарықтың ақпараты үшін ғана қолданатын бағалау әдісі. Ұйым бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен өткізу бағасының арасындағы айырмашылықты пайда немесе залал деп тануы тиіс.

(b)              барлық басқа жағдайда 5.1.1 тармағы талап ететін бағалау айырмашылықты алшақтату мақсатында бастапқы тану кезіндегі әділ құн мен өткізу бағасы арасындағы айырмашылықты түзетті. Бастапқы танудан кейін, ұйым пайда немесе залал ретінде нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде есепке алатын фактодың (уақытты қоса) өзгерісінен болатын алшақтатылған айырмашылықты  тануы тиіс.

              Қаржы активтерінің кейінгі бағалануы (5.2 тарауы)

В5.2.1     Егер бастапқыда қаржы активі болып есептелген қаржы құралы әділ құнмен бағаланса және оның әділ құны нөлден кем болып бағаланса, бұл 4.2.1 тармағына сай бағаланып, қаржылық жауапкершілік болып танылады. Бірақ, осы стандарттың қолдану аясына кіретін актив болып табылатын негізгі келісімшартты қамтитын гибридті келісімшарттар әрдайым 4.3.2 тармағына сай бағаланады.

В5.2.2     Келесі мысал 5.7.5 -тармағына сай басқа да жиынтық кіріс құрамында өзгерісі көрсетілетін әділ құнмен бағаланған қаржы активін бастапқы және кейінгі тануда жасалынатын мәмілелер шығынын есептеу көрсетілген. шығындарын көрсетеді, ол басқа барлық жақты табыс арқылы ұқсас бағаның өлшенген өзгерісі. Ұйым активті 100 а.б. бағасымен және оған қоса сатып алғаны үшін 2 а.б. көлемінде комиссия алады. Бастапқыда, ұйым активті 102 а.б. құны бойынша мойындайды. Есептеу мерзімі активтің белгіленген нарықтық бағасы 100 а.б. көлеміне түскеннен кейін бір күн өткен соң басталады. Егер актив сатылған болса, онда 3 а.б. көлемінде сыйақы төленуі тиіс. Сол күнде ұйым активті 100 а.б. көлемінде бағалайды (сату барысында төленуі мүмкін сыйақы есепке алынбайды), ал 2 а.б. көлеміндегі шығын басқа да жиынтық табыс құрамында көрсетіледі.

В5.2.2А  5.1.2А тармақтарында көрсетілгенқаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің келесі өлшемдері және пайда мен шығындар ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі керек.

B5.4.1-

В5.4.13 [Жойылған]

                Үлестік инвестициялау және сол инвестициялардың келісімшарты

                Үлестік құрал инвестициялары және олардың келсімшарттары әділ құнда бағалануы тиіс. All investments in equity instruments and contracts on those instruments must be measured at fair value. Дегенмен, шектеулі жағдайда, шығын әділ құнның сәйкес бағасы болуы мүмкін. Мұндай жағдай егер әділ құнды бағалауға тиісті ақпарат жеткілікті болғанда немесе әділ құнды бағалаудың мүмкін түрлерінің кең ауқымы болғанда немесе сол ауқымда шығын әділ құнның ең тиімді бағасы болса.

B5.4.15   Әділ құнды көрсете алмайтын өзіндік құнның көрсеткіштері мыналар:

(а)              бюджет, жоспар немесе мақсат бағыттылығымен салыстырғандағы инвестиция нысанының қызмет нәтижесінің айтарлықтай өзгеруі;

(b)              инвестиция нысаны өніміндегі техникалық мақсатты бағыттылыққа қол жеткізіледі деген күтіміндегі өзгерістер;

(с)              инвестиция нысанының капитал нарығындағы немесе оның өнімдерінің немесе потенциалды өнімдерінің айтарлықтай өзгерісі;

(d)              инвестиция нысанының қызмет етіп жүрген ғаламдық экономикадағы немесе экономикалық ортадағы жағдайдың айтарлықтай өзгерісі;

(е)              салыстырылатын ұйымдардың қызмет нәтижесіндегі немесе жалпы нарықта меңзелетін бағалаудағы айтарлықтай өзгеріс;

(f)               алаяқтық, сауда даулары, соттық даулар, басқару немесе стратегиядағы өзгерістер сияқты инвестицияның ішкі мәселелері;

(g)              инвестиция нысанымен (мысалы, акцияларды жаңадан шығару) немесе үлестік құралды үшінші тарапқа беру арқылы инвестиция нысаны капиталымен жасалған сыртқы мәмілелер негізінде алынған мәліметтер.

В5.4.16  В 5.4.15 тармағында берілген тізбе жеткілікті болып саналмайды. Ұйым бастапқы тану күнінен кейін қолайлы болған инвестиция нысанының барлық қызметі мен операциялары туралы мәліметті қолдануы тиіс. Тиісті факторлар болған жағдайда ғана олар өзіндік құн әділ құнды көрсетпейтіндігін атап көрсете алады. Мұндай жағдайда ұйым әділ құнды өзі анықтауы тиіс.

В5.4.17  Мөлшерлемесі белгіленген үлестік құралдарға (немесе мөлшерлемесі белгіленген үлестік құралдар бойынша келісімшарттарға) салынатын инвестиция үшін өзіндік құн ең жақсы әділ құн болып табылмайды.

                Табыс пен залал (5.7 -бөлім)

В5.7.1     5.4.4 бөлімі сауда үшін жүргізілмейтін үлес құралындағы инвестицияның әділ құнындағы басқа жиынтық табыс өзгерісінде көрсету үшін ұйымға соңғы таңдау жасауына жол береді. Мұндай шешім әрбір құрал үшін жеке-жеке қарастырылады. Басқа жиынтық табыста көрсетілген сан соңынан табыс немесе залал құрамына аударылмауы тиіс. Алайда, ұйым жинақталған табыс немесе залалды капиталға аудара алады. Егерде дивиденд инвестицияның өзіндік құнының бөлігінің орнын толтыратындығы анық болмайтын болса, онда мұндай инвестициялардан түскен дивидендтер 18 ХҚЕС (IAS) «Табыс» стандартына сай пайда немесе залал құрамында танылады.

В5.7.2     Ұйым 21ХҚЕС  (IAS)  сай ақша-несие тармағы болып табылатын және шетел валютасымен көрсетілген қаржы активтеріне және қаржы міндеттемелеріне 21 ХҚЕС (IAS) «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» стандартынқолданады. 21 ХҚЕС (IAS) тармағына сай ақша-несие активінен түскен кез келген шетелдік валюталық табыс пен залал пайда немесе залал болып танылуын талап етеді. Кез келген нақты ағымның хеджі (39 ХҚЕС (IAS) 95-101- тармағына назар аудар), немесе таза инвестициялар хеджіндегі (ХҚЕС 39 (IAS) 102 тармағына назар аудар) хеджирлеу құралы болып анықталатын ақша-несие бабы ерекшелік болып табылады.

В5.7.3     5.7.5 бөлімі сауда үшін жүргізілмейтін үлес құралындағы инвестицияның әділ құнындағы басқа жиынтық табыс өзгерісінде көрсету үшін ұйымға соңғы таңдау жасауына жол береді. Мұндай инвестициялар ақша-несие бабы болып табылмайды. Осыған орай, 5.7.5 -тармағына сай басқа жиынтық табыста айқындалған табыс немесе залал кез келген тиісті шетелдік валюталық компонентті қамтиды.

В5.7.4     Егер туынды емес ақша-несие активі мен туынды емес ақша-несие міндеттемесі арасында хеджирлеу қатынасы бар болса, онда қаржы құралдарының шетел валюта компоненттеріндегі өзгерістері табыс немесе залал құрамында танылады.

Өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағалану ретінде сыныпталатын қаржы міндеттеметері

B 5.7.5    Ұйым өзгерісі пайда немесе залал құрамында көрсетілген қаржы міндеттілігін әділ құн бойынша бағалану ретінде сыныптайтын болса, басқа да жиынтық табыс құрамында міндеттеметер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісін берген жағдайда пайда мен залалды есепке алуда сәйкессіздіктің орын алатын-алмайтындығын және сәйкессіздік көрсеткішіндегі алшақтықты анықтап алуы тиіс. Егер пайда мен залал құрамында көрсетілген санның берілгеніне қарағанда басқа да жиынтық табыс құрамындағы жауапкершіліктер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісі әсерінің берілгені пайда мен залалда үлкен сәйкессіздіктерге алып келетін болса, онда есепке алуда сәйкессіздіктер немесе алшақтықтар орын алатын болады.

B5.7.6     Мұны анықтау үшін ұйым өзгерісі пайда мен залал құрамында көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған басқа бір қаржы құралының несиелік тәуекелділігігіндегі өзгерістер есебінен пайда мен залал құрамындағы міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің орны толтырылуы күтілетін-күтілмейтіндігін анықтауы тиіс. Мұндай күтілулер сол міндеттеме сипаты мен басқа қаржы құралы сипатының арасындағы экономикалық қатынасына негізделуі тиіс.

B5.7.7     Есепке алуда сәйкессіздіктің орын алуы немесе онда алшақтықтың ұлғаю ықтималы бастапқы танылуда анықталады және қайта бағалануға жатпайды. Практикалық тұрғыдан алып қарағанда ұйым үшін бір уақыт ішінде есепке алудағы сәйкессіздіктерді туындататын барлық активтер және міндеттеметермен істес болудың қажеті жоқ.  Егер басқа да операциялардың орын алуы күтілетін болса, орынды кейінге шегеруге жол беріледі.  Басқа да жиынтық кіріс құрамында міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділіктің өзгеріс әсерін ұсынған жағдайда пайда немесе залалдағы есепке алынған сәйкессіздіктің орын алуы немесе ондағы алшақтықты анықтау үшін ұйым  дәйекті түрде өз әдіснамасын қолдануы керек. Дегенмен, ұйым пайда мен залал құрамында өзгерісі көрсетілген, әділ құн бойынша бағаланған ретінде сыныпталған міндеттеметер сипаты мен басқа да қаржы құралдары сипатының арасындағы түрлі-түрлі экономикалық қатынастар болған жағдайда әртүрлі әдістерді қолдана алады.  7 ХҚЕС(IFRS) стандартына сай қаржы есептілігіне берілген ескертулерде ұйым есепке алудағы сәйкессіздіктің орын алуы немесе алшақтықтың болу ықтималдығын анықтаудағы өз әдістері бойынша олардың сапалық сипаты жөнінде ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

B5.7.8     Мұндай сәйкессіздік туындаған немесе ұлғайған жағдайда ұйым пайда және залал құрамындағы әділ құнның (міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын қоса есептегенде) барлық өзгерістерін ұсынуы тиіс. Егер мұндай сәйкессіздік туындамаса немесе ұлғаймаса, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетуі тиіс.

B5.7.9     Өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетілген сомалар, ақырында пайда мен залал құрамына қосылмауы тиіс. Дегенмен, ұйым шоғырландырылған пайда мен залалды капитал құрамына қоса алады.

B5.7.10   Келесі мысалда міндеттеме бойынша өзге жиынтық табыс құрамындағы несиелік тәуекел өзгерістерінің әсерін ұсынған жағдайда пайда мен залалдағы есептік сәйкессіздік пайда болатын жағдай суреттеледі. Ипотекалық банк клиенттерге несие береді және осы несиелерді сипаттамасы сәйкес келетін облигацияларды нарықта сату есебінен қаржыландырады (мысалы, өтелмеген соманың көлемі, өтеу кестесі, мерзімі және валютасы). Несие беру туралы келісімшарттың шарттарына сәйкес, клиент нарықта әділ құн бойынша сәйкес облигацияны сатып алуға және осы облигацияны ипотекалық банке беру арқылы өзіне берілген несиені мерзімінен ерте өтеуге (яғни, банк алдындағы өз міндеттемесін атқаруға) құқылы. Егер мерзімнен ерте өтеуге берілген аталған келісімдік құқықты ұсыну нәтижесінде облигациялардың несие қабілеттілігі нашарласа, (және нәтижесінде, ипотекалық банк міндеттемесінің әділ құны төмендесе), онда ипотекалық банктің несие активінің әділ құны да төмендейді. Активтің әділ құнының өзгерісі клиенттің ипотекалық несиені әділ құн бойынша сәйкес облигация (осы мысалда көрсетілгендей, төмендеп кеткен)  сатып алу және облигацияны ипотекалық банкке ұсыну арқылы мерзімінен ерте өтеуге келісімдік құқығын көрсетеді. Сәйкесінше, міндеттемемен (облигациямен) байланысты несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы қаржы активінің (несиенің) әділ құнын сәйкесінше өзгерту арқылы  пайда мен залал құрамында қалпына келтіріледі. Егер міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалы өзге де жиынтық табыс құрамында көрсетілетін болғанда, пайда мен залалда есептік сәйкессіздік туындайтын еді.. Осы себеппен ипотекалық банк міндеттеменің әділ құнының барлық өзгерістерін (міндеттемемен байланысты несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын қоса алғанда) пайда мен залал құрамында көрсетуі тиіс.

B5.7.11   B5.7.10-тармағында көрсетілген мысалда міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы мен қаржы активінің әділ құнының өзгерістері арасындағы келісімшартпен шарттасылған байланыс бары жобаланады (яғни, клиенттің әділ құн бойынша сәйкес облигация сатып алу және облигацияны ипотекалық банкке ұсыну арқылы несиені мерзімінен ерте өтеуге келісімдік құқығының нәтижесінде). Дегенмен, есептік сәйкессіздік келісімшартпен шартталған байланыстың болмауы нәтижесінде де туындауы мүмкін. 

B 5.7.12  5.7.7 және 5.7.8-тармақтарының талаптарын қолдану мақсатында есептік сәйкессіздік тек міндеттемемен байланысты несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын анықтау үшін ұйым пайдаланатын есептеу әдісінен ғана туындамайды. Пайда мен залалдағы есептік сәйкессіздік міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалы (7 ХҚЕС (IFRS) сәйкес) басқа қаржы құралының әділ құнының өзгерісімен өтелуі күтілген жағдайда туындайды. Тек бағалау әдісін қолданудың нәтижесінде пайда болатын сәйкессіздік (яғни, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерісінің ықпалын оның әділ құнындағы өзге де өзгерістерден айырмау себебінен) 5.7.7 және 5.7.8-тармақтарына сәйкес, есептік сәйкессіздіктің туындауы немесе ұлғаюы ықтималдығын анықтауға әсер етпейді.  Мысалы, ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекелдің өзгерістерін өтімділік тәуекелінің өзгерістерінен бөле алмайды. Егер ұйым екі фактордың да жиынтық ықпалын өзге жиынтық табыс құрамында ұсынса, өтімділік тәуекелінің өзгерістері ұйымның қаржы активтерінің әділ құнының бағасына қосылып кеткендіктен және аталған активтердің әділ құнының өзгерісі залал мен пайда құрамында көрсетілгендіктен сәйкессіздік туындауы мүмкін. Дегенмен, мұндай сәйкессіздік B5.7.6-тармағында көрсетілген өтелетін қатынастармен емес, бағалаудың турасыздығынан пайда болады, және сәйкесінше, 5.7.7  және 5.7.8-тармақтарында талап етілген есептік сәйкессіздіктің туындау және ұлғаю ықтималдығын анықтауға әсер етпейді.

«Несиелік тәуекелділік» терминінің мағынасы

B5.7.13   ХҚЕС (IFRS) 7 стандартына сай несиелік тәуекелділік - бұл «бір тараптың қаржы құралы бойынша өз міндеттеметерін орындамауы нәтижесінде екінші тарапқа қаржылық залал тигізу қауіпі». 5.7.7 (a) -тармағының талабы эмитенттің сол нақты міндеттеметі орындай алмай қалу қауіпіне қатысты. Бұл тармақ талабы барлық уақытта эмитенттің несие қабілеттілігіне қатысты бола бермейді. Мысалы, ұйым кепілдікпен қамтамасыздандырылған және қамтамасыздандырылмаған міндеттеме шығаратын болса, бірақ олар басқа аспектілер бойынша бірдей болатын болса, міндеттеметің екі түрі де бір ұйымнан шығарылғанына қарамастан ол міндеттеметердің бір-бірінен айырмашылығы бар болып табылатын болады. Кепілдігі жоқ міндеттеметің несиелік тәуекелділігіне қарағанда кепілдігі бар міндеттеметің несиелік тәуекелділігі аздау болады. Кепілдігі бар міндеттеметің несиелік тәуекелділігі нөлге жақын болады.

B5.7.14   5.7.7(a) -тармағының талабын басшылыққа алу мақсатында несиелік тәуекелділіктің нақты актив бойынша орындау тәуекелділігінен айырмашылығы бар болуында. Нақты актив бойынша орындау тәуекелділігі ұйымның белгілі бір міндеттеметі орындай алмау тәуекелімен емес, шамасы белгілі бір активтің немесе активтер тобының өнімділігінің төмен болуына байланысты (немесе ешбір өнімділігі болмайды).

B5.7.15   Төменде нақты актив бойынша орындау тәуекелділігінің мысалдары берілген:

(а)              аталып отырған активтердің өнімділігіне қарай инвесторға төленетін тиесілі соманы келісімшартта көрсетуге болатын біріктірілетін бірліктер ерекшелігі бар міндеттеме. Осы бірлікке біріктірілуге болатын мүмкіндіктің міндеттеме әділ құнына әсері несиелік тәуекелділік емес, ал нақты актив бойынша орындау тәуекелділігі болып та былады.

(b)              төмендегідей сипаты бар, арнайы мақсатта құрылған ұйым (АМҚҰ) тарапынан шығарылған міндеттеме. Заң тұрғысынан алып қарағанда АМҚҰ жеке тұлға болып табылады. Сондықтан да АМҚҰ активтері банкрот орын алған жағдайдың өзінде де оның инвесторларының бас пайдасына қарай тек пайда табуға көзделеді. Егер қорғалған активтер ақша қоры ағынын шығарып жатқан болса, ондай жағдайда тек АМҚҰ инвесторларына сома төленуі тиісті. Сонымен, міндеттеметің әділ құнындағы өзгерістер ең алдымен активтердің әділ құнының өзгерісін көрсетеді. Міндеттеметің әділ құнына актив өнімділігінің әсері несиелік тәуекелділікке емес, нақты актив бойынша орындау тәуекелділігіне қатысты.

Несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсерін анықтау

B5.7.16   5.7.7(a)-тармағының талабын қолдану мақсатында ұйым сол міндеттеме бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісіне жатқызылатын қаржы міндеттілігінің әділ құн өзгерісінің сомасын анықтайды, немесе:

(a)                   нарықтық тәуекелділіктің орын алуына әкеліп соғатын нарықтықшарттарөзгерісіне жатқызылатын оның әділ құнының өзгеріс сомасыретінде (B5.7.17 және B5.7.18 -тармақтарын қараңыз); немесе

(b)                   ұйымның пікірінше оның несиелік тәуекелділігіне жатқызылатын міндеттеметің әділ құнының өзгеріс сомасын ең тура көрсететін балама әдісті қолдану арқылы.

B5.7.17   Нарықтық тәуекелділіктің орын алуына әкеліп соғатын нарықтық шарттардың өзгерісі базалық пайыздық мөлшерлеме өзгерісін, басқа ұйымның қаржы құралының бағасын, тауар бағасын, валюта айырбас бағамын немесе баға немесе мөлшерлеме индексін қамтиды.

B5.7.18   Егер сол міндеттемеке жататын нарықтық шарттардың жалғыз маңызды өзгерістері бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлеме болып табылатын болса, онда B5.7.16(a) -тармағындағы қарастырылатын сома төмендегідей жолмен бағалана алады:

(a)                                            Біріншіден, ұйым мерзім басында міндеттеметің және мерзім басында сол міндеттеметен түсетін келісімшартта қарастырылған ақша қоры ағымының әділ құнын пайдалану арқылы мерзім басындағы міндеттеме табысының ішкі мөлшерлемесін есептеп шығарады. Бұл табыс мөлшерлемесінен ұйым басқа құрал табыстылығының ішкі мөлшерлемелік компонентін есептеп шығару үшін мерзім басындағы бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлемені есептеп алып тастайды.

(b)                                    Одан кейін ұйым келісімшартта қарастырылған ақшы қоры ағымын пайдалануға байланысты мерзім аяғындағы міндеттеметі және мерзім аяғындағы бақылаудағы (базалық) пайыздық мөлшерлеме сомасына тең (і) дисконттау мөлшерлемесін және (а) тармағында есептелген басқа құрал табыстылығының ішкі мөлшерлік компонентін(іі) пайдалана отырып, сол міндеттемеке қатысы бар ақша қоры ағымының келтірілген құнын есептейді.

(с)               Мерзім соңындағы міндеттеметің әділ құны мен (b) тармағында есептелген сома арасындағы айырмашылық бақылаудағы (базалық) өзгеріске жатқызылмайтын әділ құн өзгерісі болып табылады. Бұл сома 5.7.7(a) -тармағына сай басқа да жиынтық табыс құрамына енгізілуі тиіс.

B5.7.19   B5.7.18 -тармақта көрсетілген мысалда әділ құнның құрал бойынша несиелік тәуекелдің өзгерістері немесе бақыланатын (базалық) пайыздық мөлшерлемелердің өзгерістері болып табылмайтын себептерден туындаған өзгерістер мардымсыз болатындығы туралы жорамал жасалады. Бұл әдіс осындай себептерден туындаған әділ құндағы өзгерістер айтарлықтай болғанда ғана қабылданады. Мұндай жағдайларда ұйым міндеттеме бойынша несиелік тәуекел өзгерістерінің ықпалын нақты бағалайтын балама әдіс қолдануы тиіс (B5.7.16 (b)- тармағын қараңыз). Мысалы, егер осы мысалдағы құралдың құрамында кірістірілген туынды құрал бар болса, кірістірілген туынды құралдың әділ құнының өзгерісі 5.7.7 (a) -тармағына сәйкес өзге жиынтық табыстың құрамында көрсетілуі тиіс соманы анықтау кезінде есепке алынбайды.

B5.7.20   Барлық әділ құндарды бағалаудағы сияқты, міндеттеменің әділ құнының ұйымның несиелік тәуекелінің өзгеруіне қатысты бөлігін анықтау үшін қолданатын бағалау әдісін қолдану кезінде бастапқы нарықтық мәліметтер барынша қолданылуы тиіс.

Күшіне ену күні және есепке алудың жаңа тәртібіне көшу (Тарау 7)

Есепке алудың жаңа тәртібіне көшу (7.2 -бөлім)

Саудаға арналған қаржы активтері

B 7.2.1    Ұйым осы ХҚЕС-ты(IFRS) бастапқы қолданғанда өзінің кез-келген қаржы активтерін басқаруға арналған бизнес үлгісінің мақсаты 4.1.2 (а) тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін немесе 5.7.5- тармағының шарттары қаржы активіне қойылатындығын анықтауы міндетті. Осы мақсатта ұйым осы стандартты бастапқы қолдану күнінде осындай активтерді иемденіп қалуы мүмкін жағдайды ескере отырып, қаржы активтерінің саудаға арналған қаржы активтері деген анықтамаға сәйкестігін анықтап қоюы тиіс.

Анықтама (Қосымша A)

Туынды құралдар

BA.1       Туынды құралдардың мысалдары - фьючерстік, форвардық, опциондық келісімшарттар мен своптар. Әдетте туынды құралдардың келісімшартта көрсетілген шартты сомасы болады: валюта сомасы, акция саны, салмақ, сан, өлшем немесе басқа да бірліктері көрсетіледі. Бірақ, туынды құрал шартына сай инвестор немесе эмитент келісімшартқа отыру кезінде шартты соманы инвестициялауға немесе керісінше алуға міндетті емес. Балама ретінде туынды құралда белгіленген соманы төлеудің жүзеге асырылуы немесе шартты сомамен байланысы жоқ кейбір жағдайлардың келешекте орын алу нәтижесінде өзеруі мүмкін сомасы (бірақ негізгі сома өзгерісіне тең емес) қарастырылуы мүмкін.  Мысалы, егер 6 айлық ЛИБОР мөлшерлемесі 100 базистік тармаққа көбейсе, келісімшарт бойынша 1000 а.б. көлемінде белгіленген соманың төленуі қарастырылуы мүмкін. Шартты сома кқрсетілмегеніне қарамастан, мұндай келісімшарт туынды құрал болып табылады.

BA.2       Осы стандарт бойынша «туынды құралдар» терминінің анықтамасы бап негізінде жеткізулер бойынша толықтай сомасы жүзеге асырылу арқылы жасалынатын есеп айырысулары бар келісімшарттарды қамтиды (мысалы, белгіленген мөлшерлемесі бар борыштық құралды сатып алуға арналған форвардты келісімшарт). Ұйым ақша қоры немесе қаржы құралы көмегі арқылы нетто-негізінде немесе қаржы құралдарымен (немесе, алдағы уақытта белгіленген баға бойынша тауарды сатып алуға немесе сатуға арналған келісімшарт) алмасу арқылы есеп айырысуы жасалатын қаржылық емес бапты сатуға немесе сатып алуға келісімшарт жасай алады. Егер ұйымның сатып алуда, сатуда немесе тұтынуда (39 ХҚЕС-тың (IAS) 5-7-тармақтарына қараңыз) күтілетін нәтижелеріне сай қаржылық емес баптарды жеткізу мақсатында келісімшарт кідірілмесе немесе жасалынбаса, онда мұндай келісімшарт осы стандарттың қолданыс аясына кіреді.

BA.3       Туынды құралдың анықтаушы сипаттамаларының бірі - нарықтық факторлардың өзгеруіне балама реакция күтілетін келісімшарттардың басқа түрлеріне қарағанда, оның азырақ бастапқы таза инвестицияға ие болып табылатындығы. Сыйақы опционмен байланысты негізінде жатқан қаржы құралын алуға қажет инвестициялардан азырақ болғандықтан, опциондық келісім осы анықтамаға сәйкес келеді. Тең әділ құнға ие түрлі валюталардың бастапқы айырбасын талап ететін валюталық своптың нөлдік бастапқы таза инвестициясы болғандықтан, сипаттамаға сәйкес келеді.

BA.4       Стандартты шарттардағы сату және сатып алу мәмілені жасау күні мен есеп айырысу күні арасындағы туынды құралдың анықтамасына сәйкес келетін кезеңде белгіленген бағасы бар міндеттеменің пайда болуына әкеп соғады. Дегенмен, осы міндеттеменің қысқа мерзімді болуына байланысты, ол туынды қаржы құралы ретінде танылмайды. Осының орнына, осы стандартта осындай стандартты келісімшарттардың арнайы есебі қарастырылған (3.1.2 және B3.1.3-B3.1.6 -тармақтарын қараңыз).

BA.5       Туынды құралдың анықтамасында келісімшарт бойынша тараптар үшін арнайы емес болып табылатын қаржылық емес ауыспалылар қарастырылады. Олар белгілі бір аймақтағы жер сілкінісі залалдарының индексін және белгілі бір қаладағы ауа температурасының индексін қосады. Келісімшарт бойынша тараптарға қатысты қаржылық емес ауыспалылар келісімшарт бойынша тарапқа тиесілі активті жоятын өрттің болған-болмағандығы туралы ақпаратты қосады. Егер әділ құн мұндай активтерге тек қана нарықтық бағалардың өзгерістерін (қаржылық ауыспалы) емес, сонымен қатар белгілі бір ұсталып тұрған қаржылық емес активтің (қаржылық емес ауыспалы) жағдайын да көрсетсе, онда қаржылық емес активтің әділ құнының өзгерісі тек қана иемденушіге қатысты болады. Мысалы, белгілі бір автокөліктің қалдық құнының кепілдемесі кепіл берушіге автокөлік жағдайының өзгеруі қаупін тудырса,  онда осы қалдық құнының өзгеруі тек қана автокөліктің иесіне тиесілі болады.

Саудаға арналған қаржы активтері мен міндеттемелері.

BA.6       Сауда негізінен сату-сатып алудың белсенді және жиі қайталанатын операцияларын көрсетеді, ал саудаға арналған қаржы құралдары негізінен қысқа мерзімді баға ауытқуларынан және дилерлік маржадан пайда табу үшін қолданылады.

BA.7       Саудаға арналған қаржы міндеттемелері:

(a)                    Есепте хеджирлеу құралы ретінде көрсетілмейтін туынды құралдар бойынша міндеттемелерді;

(b)                   Сатушының «қысқа жолмен» (яғни, алған бірақ әлі иемденбейтін қаржы активін сататын ұйымнан) алынған қаржы активтерін жеткізу туралы міндеттемелері;

(c)                    Жақын уақытта қайта сатып алу мақсатымен шығарылатын қаржы міндеттемелері (мысалы, әділ құнның өзгеруіне байланысты, эмитент жақын арада сатып алуы мүмкін мөлшерлемесі белгіленген қарыздық құрал); және

(d)                   Басқарылуы бірге жүзеге асырылатын және осыларға қатысты қысқа мерзімді пайда түсу қысқа жуырдағы сызбасының куәлігі бар, идентификацияланған қаржы құралдары портфелінің бір бөлігі болып табылатын қаржылық міндеттемелер болып табылады.

BA.8       Міндеттеменің сауда қызметін қаржыландыру үшін қолданатындығы жайлы факті оны саудаға арналған міндеттемеге айналдырмайды.

 

 


[1] 5.4.1-5.4.3 және B5.4.1-B5.4.17 тармақтарында қаржы акти ві және қаржы  міндеттемесінің әділ құнын анықтаудың талаптары берілген.

1              3-ХҚЕС-те бизнес бірлестіктерінде салынған туынды құралмен бірге сатыап алу қарастырылады