7-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (ІFRS 7)
«Қаржы Құралдары: Ақпаратты Ашып Көрсету»
1 Осы Стандарттың мақсаты - ұйымдарға өз қаржы есептілігінде пайдаланушыларға мыналарды бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарды айқындау:
(а) ұйым қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржы нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы; және
(b) есепті кезең ішінде және есептік кезеңнің соңында ұйым тәуелді болпатын қаржы құралдарынан пайда болатын қауіптердің сипаты мен дәрежесі, сондай-ақ осындай қауіптерден сақтану үшін ұйым қолданатын шаралар.
2 Осы Стандартта тұжырымдалған қағидаттар 32 ХҚЕС Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну (ІAS) және 9 Қаржы құралдары ХҚЕС-тарда(ІFRS) белгіленген қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін тану, бағалау мен ұсыну қағидаттарын толықтырады.
3 Осы Стандартты барлық ұйымдар қаржы құралдарының барлық түрлеріне қолдануға тиіс, мыналар қосылмайды:
(а) 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі ХҚЕС (ІAS) , 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар ХҚЕС (IAS) немесе 31 Бірлескен қызметке қатысу ХҚЕС (IAS) сәйкес есеп берілетін еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдар және бірлескен ұйымдардағы қатысу үлестері. Алайда, кейбір жағдайларда, 27 ХҚЕС (IAS) , 28 ХҚЕС (IAS) немесе 9 ХҚЕС (IAS) ұйымға еншілес ұйымдағы, қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесі жөнінде 13 ХҚЕС -ын (ІFRS) Қаржы құралдары стандартын қолдана отырып есеп беруіне рұқсат береді; мұндай жағдайларда ұйымдар осы ХҚЕС-ының (IFRS) талаптарын қолдануы тиіс. Ұйымдар сондай-ақ еншілес ұйымдардағы, қауымдасқан ұйымдардағы немесе бірлескен ұйымдардағы қатысу үлестерімен байланысты барлық туынды құралдарға, егер туынды құрал ХҚЕС-тағы 32 (IAS) үлестік құрал анықтамасына сай келмейтін болса, осы ХҚЕС-ты (IFRS) қолдануға міндетті.
(b) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-қа (IFRS) қатысты қызметкерлерге берілетін сыйақы жоспарларынан пайда болатын жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелері.
(с) [жойылған]
(d) 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-ына (ІFRS) сәйкес сақтандыру келісімшарттары. Соның өзінде осы Стандарт, егер 9 ХҚЕС (ІFRS) ұйымды есепке алуда оларды жеке көрсетуді талап етсе, сақтандыру шарттарында тізілген туынды құралдарға қолданылады. Оған қоса, егер 9 ХҚЕС -ын (ІFRS) келісімшарттарды тану және бағалауда қолданса, ол осы ХҚЕС-ты (IFRS) қаржылық кепіл келісімшарттарына қолдануы тиіс, алайда 4(d) ХҚЕС-ына (ІFRS) сәйкес эмитенттің шешімімен 4 ХҚЕС-ты (ІFRS) оларды тану және бағалау үшін қолданады
(е) оларға 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС (ІFRS) қолданылатын үлесті құралдар негізінде төлемдер операциялары шеңберіндегі қаржы құралдары, шарттар мен міндеттемелер. Бірақ осы Стандарт 9 ХҚЕС -тың (ІFRS) аясына жататын шарттарға қолданылатынын ескеру керек.
(f) 32 ХҚЕС-тың (IAS) 16A және 16B, 16C және 16D -тармақтарына сәйкес үлестік құрал ретінде жіктелуі талап етілетін құралдар.
4 Осы Стандарт танылған және танылмаған қаржы құралдарына қатысты қолданылады. Танылған қаржы құралдарының қатарына (ІFRS) 9 ХҚЕС -ты қолдану аясындағы қаржы активтері мен қаржы міндеттемелері жатады. Танылмаған қаржы құралдарының қатарына (ІFRS) 9 ХҚЕС қолданыс аясына кірмейтін, осы Стандарттың қолдану аясында тұрған кейбір қаржы құралдары кіреді (мысалы, несие алу туралы кейбір келісімдер).
5 Осы Стандарт (ІFRS) 9 ХҚЕС -тың қолданысына жататын қаржылық емес баптарды сатып алуға немесе сатуға арналған шарттарға қолданылуы тиіс.
Қаржы құралдарының сыныптары және ақпаратты ашып көрсету дәрежесі
6 Осы Стандарт қаржы құралдарын сыныптары бойынша ашып көрсетуді талап еткен жағдайларда, ұйым қаржы құралдарын ашып көрсетілетін ақпараттың сипатына сәйкес келетін және сол қаржы құралдарының сипаттамаларын ескеретін сыныптарға топтастыруға тиіс. Ұйым қаржылық жағдай туралы есептің тиісті желілік баптарымен салыстыру жүргізу үшін жеткілікті түрде ақпарат беруге міндетті.
Қаржылық жағдай туралы есеп және ұйым қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы
7 Ұйым қаржы есептілігін пайдаланушылар оның қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызын бағалауға мүмкіндік беретіндей ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
Қаржылық жағдай туралы есеп
Қаржы активтері мен қаржы міндеттемелер санаттары
8 Төменде аталған санаттардың әрқайсысы бойынша қаржылық жағдай есебі құны, 9 ХҚЕС -тағы (ІFRS) айқындауға сәйкес, не қаржылық жағдай есебінің өзінде, не ескертулерде ашып көрсетілуі тиіс:
(а) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері, бастапқы тану кезінде солай деп жіктелгендері (і) және 9 ХҚЕС-қа (ІAS) сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі;
(b)-(d) [жойылған]
(е) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер, бастапқы тану кезінде осылайша жіктелгендері (і) және 9 ХҚЕС -қа (ІFRS) сәйкес сауда үшін арналғандары ретінде жіктелгендері (іі) жеке көрсетіледі; және
(f) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер.
(g) амортизациялық құны бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелер.
(h) Басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер.
Пайда немесе залалдың құрамында көрініс табатын әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері
9 Егер ұйым несиені немесе дебиторлық берешекті (немесе несие немесе дебиторлық берешек тобын) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде жіктесе, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) несиелік тәуекелділікке барынша берілу (36 (а)-тармақ, есептік кезең жағдайы бойынша, сондай несие немесе дебиторлық берешек (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтары);
(b) кез келген тиісінше несиелік туынды құралдар немесе соларға ұқсас құралдар несиелік тәуекелдікке сондай барынша берілгендікті азайтатын шама;
(с) кезең ішінде және несиелік тәуекелдіктің өзгеруі себепті несиенің немесе дебиторлық берешектің (немесе несие немесе дебиторлық берешек топтарының) жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы, бұлар былайша айқындалады:
(і) нарықтық тәуекелдікті туғызған нарық жағдайларындағы өзгерістерге жатқызылмайтын оның әділ құнындағы өзгеріс шамасы; немесе
(іі) баламалы әдісті қолдану, ол ұйымның пікірі бойынша, осы активтің несиелік тәуекелдігінің өзгерістеріне жататын әділ құнындағы өзгеріс шамасын анағұрлым шынайы айқындайды.
Нарықтық тәуекелдікті туғызған нарық жағдайларының өзгерістері қазіргі пайыз мөлшерлемесінің (бағдарының), тауар бағасының, валюта бағамының, бағалар немесе мөлшерлемелер индексінің өзгерістерін қамтиды.
(d) кез келген тиісінше несиелік туынды құралдардың әділ құнындағы өзгеріс шамасы. Ол өзгеріс кезең ішінде және несиені немесе дебиторлық берешекті жіктеу кезінен бастап мұндай өзгерістің жиынтық шамасы орын алған.
10 Егер ұйым 9 ХҚЕС (ІFRS) 4.2.2 -тармағына сәйкес қаржы міндеттемесін әділ құн бойынша бағалап, пайда немесе залал құрамындағы өзгерістер көрсетілсе, онда ұйым жиынтық табыс құрамындағы осы міндеттемелерге қатысты несиелік тәуекел өзгерістерінің әсері жөніндегі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс (9 ХҚЕС -тың (IFRS) 5.7.7- тармағын қараңыз):
(a) кезең ішінде және сол міндеттеменің несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себепті қаржылық міндеттеменің жиынтық әділ құнының өзгеру шамасы (осы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себебін анықтау бойынша нұсқау алу үшін 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.7.13-B5.7.20 тармақтарын қараңыз).
(b) қаржылық міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны және ұйым өтеу күніне міндеттемені ұстаушыға шарт бойынша төлеуге тиісті сома арасындағы айырмашылықты.
(c) мерзім аралығындағы капитал құрамындағы жиынтық пайда мен залалды өткізудің кез-келген операциясы, сондай-ақ ондай операциялардың себептерін қоса көрсетуге.
(d) егер мерзім аралығында міндеттемені тану тоқтатылғандығын, яғни тану нәтижесінде пайда болған басқа да жиынтық табыс құрамындағы соманы (егер ондай жағдай бар болса).
10А Егер ұйым 9 ХҚЕС (ІFRS) 4.2.2 -тармағына сәйкес қаржылық міндеттемені әділ құн бойынша бағалап, ол пайда немесе залал құрамындағы өзгерістер ретінде көрсетілетін болып жіктелсе, онда ұйым осы міндеттемелерге қатысты әділ құнның барлық өзгерістерін көрсетуі тиіс (осы міндеттемлерге қатысты несиелік тәуекелгдің өзгерісінің әсерін қоса алғанда) (9 ХҚЕС -тың (IFRS) 5.7.7- және 5.7.8 -тармақтарын қараңыз):
(а) кезең ішінде және сол міндеттеменің несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себепті қаржылық міндеттеменің жиынтық әділ құнының өзгеру шамасын (9 ХҚЕС-тың (IFRS) мына тармақтарын қараңыз: B5.7.13-B5.7.20. Осы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелдігінің өзгеруі себебін анықтау бойынша нұсқау алу үшін); және
(b) баланстық қаржылық міндеттеменің қаржылық жағдай есебі құны және ұйым өтеу күніне міндеттемені ұстаушыға шарт бойынша төлеуге тиісті сома арасындағы айырмашылықты.
11 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 9 (c), 10(a) және 10A(a) және 5.7.7(a) -тармақтарының талаптарын сай орындау үшін қолданылған әдістерінің толықтай түсіндірмесін;
(b) егер ұйым IFRS 9- тың 9(c), 10(a) және 10A(a) және 5.7.7(a) тармақтарының сәйкес ол жүргізген ашып көрсету несиелік тәуекелдік өзгерісіне жататын қаржы активінің немесе қаржы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті толық көлемде көрсете алмайды деп есептесе, ол мұндай қорытынды үшін негіздемені және өзі маңызды деп есептейтін факторларды.
(с) жиынтық табыс құрамындағы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсері пайда мен залалды тіркеуде қарама-қайшылыққа немесе оны ұлғайтып көрсетуге әкеліп соғатындығын немесе соқпайтындығын анықтау үшін қолданған әдіснама немесе әдіснамаларды толықтай суреттеп беру (9 ҚЕХТ-тың (IFRS) 5.7.7-және 5.7.8 -тармақтарын қараңыз). Егер ұйым пайда мен залал құрамындағы міндеттемелер бойынша несиелік тәуекелділік өзгерісінің әсері жөнінде ақпаратты ашып көрестуге тиісті болатын болса, онда мұндай ақпаратты ашып көресту 9 ХҚЕС -тың (IFRS) B5.7.6-тармағына сай экономикалық қатынастарды толықтай ашып көрсетуі.
Басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер
11A Егер ұйымның басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын арнайы жасалған инвестициялары бар болса, 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 5.7.5-тармағында рұқсат етілгендей, ол ұйым ашып көрсетуі тиіс:
(a) басқа толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатындай етіп жасалған меншікті капитал құралдарына тиісті инвестициялардың қайсысы.
(b) Осы ұсыныс баламасын пайдалану себептері.
(c) осындай әр инвестицияның есептілік мерзімінің аяғындағы әділ құны.
(d) Мерзім ішінде танылған дивиденттер, есептілік мерзімі ішінде танылмаған инвестицияларға қатысты және есептілік мерзімінің соңына дейін ұсталатын инвестицияларға қатысты дивиденттерді жекелеп көрсете білгенде.
(e) Мерзім ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық табыс пен шығындардың, осы көшірулердің себебін қоса алғанда, көшірілуі.
11B Егер ұйым меншікті капитал құралдарындағы толық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын инвестицияларды мерзім ішінде танымаған болса, ол ұйым ашып көрсетуі тиіс:
(a) инвестициялардан айырылу себептерін.
(b) қаржылық жағдай туралы есептен шығару күніндегі шығарылған инвестициялардың әділ құны.
(c) шығару кезіндегі жиынтық табыс немесе шығын.
12A [Жойылған]
12B Егер ұйым ағымдағы немесе алдыңғы есептілік мерзімдерде қаржылық активтерді 9 ХҚЕС(IFRS) 4.4.1 -тармағына сәйкес қайта сыныпталған болса, ол ашып көрсетуі тиіс. Осындай әрбір оқиға үшін ұйым ашып көрсетуі тиіс:
(a) қайта жіктеу күнін.
(b) бизнес моделіндегі өзгерістің нақтыланған түсіндірілуі және ұйымның қаржылық есептіліктеріне әсерін сапалық сипатта суреттелуі.
(c) әр категорияға жіктелегн және категориядан қайта жіктелген.
12C Қаржылық жағдай туралы есептен шығаруға дейін қайта топтастырудан кейінгі әрбір есептілік мерзімі үшін, 9 ХҚЕС(IFRS) 4.4.1 - тармағына сәйкес қайта топтастырылған активтер үшін олар амортизацияланған құн бойынша бағаланғанын ашып көрсетуі тиіс:
(a) қайта топтастыру күні анықталған эффективті пайыздық мөлшерлеме; және
(b) пайыздық пайда немесе танылған залалдар
12D Егер ұйым соңғы жылдық есептілік күнінен бастап амортизацияланған құн бойынша бағаланатындай етіп қаржылық активтерін қайта топтастырса, ол ашып көрсетуі тиіс:
(a) есептілік мерзімінің аяғындағы қаржылық активтердің әділ құны; және
(b) қаржылық активтер қайта топтастырылмаған жағдайда есептілік мерзімі ішіндегі табыс немесе шығында танылатын әділ пайда немесе шығын.
Қаржылық активтер мен қаржылық мiндеттемелерiнiң өзара төлемi
13А 13В-13Е тармақтарындағы ақпараттардың ашылуы осы ХҚЕС өзге талаптарының ашылуын толықтырады,сонымен қатар 32 ХҚЕС-тың 42 тармағына сәйкес барлық қаржылық құралдарға міндетті болып табылады. Осы ақпараттың ашылуы ұқсас келісімдерінің орындалуына жататын 32 ХҚЕС-тың 42 тармақтарына қарамастан, қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің өзара төлемдері.
13В Кәсiпорынның қаржылық есеп беруі қолданушыларға кәсiпорынның қаржылық жағдай неттингына ықпал немесе потенциалдық эффектін бағалауына мүмкiндiк беретiн мәлiметтi ашуы керек. Бұл кәсiпорынның 13А тармақтарында танылған қаржы активтерi мен қаржы міндеттемелері шеңберiнде танылған сынақ құқықтары әсері немесе потенциалдық әсер.
13C 13B тармақтарының мақсатына жету үшін, ұйым 13A тармақтар шеңберiнде танылған сандық мәліметтері, қаржылық активтер мен қаржылық мiндеттемелерде есептi мерзiм соңында бөлек ашылуы керек:
(a) танылған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің жалпы құны;
(b) қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген 32 ХҚЕС 42 тармақтарында таза құнды анықтау белгiлермен сәйкес есепке қосылатын сомалар;
(c) қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген таза сома;
(d) 13С (b) тармаққа қосылған ұқсас келiсiмнiң орындалуына жататын сомалар:
(i) 32 ХҚЕС 42- тармақтарындағы барлық немесе кейбір белгілердің өтемдері танылған қаржылық құралдармен байланыста сомалар; және
(іі) қаржылық қамтамасыз етумен байланысты құралады (сонымен қатар,қаржылық құралдар) және
(е) (d) және (c) тармақтарындағы сомасын шегергендегі таза сома
Осы тармақтарға қажет ақпараттар, егер басқа үлгілер лайықты болса, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер кескін түрінде көрсетілуі керек.
13D 13C(d) тармақтарының ашылуына байланысты сома 13C(c)тармақтарындағы құралдарының шектеуінің жалпы сомасы.
13Е 13C(d) тармақтарына сәйкес кәсiпорын танылған қаржы активтері мен қаржы мiндеттемелерi,сонымен қоса сынаққа ашылу құқық сипаттамасын қосуы керек.
13Ғ 13B-13E тармақтарымен анықталған ақпараттар бірнеше қаржылық есептілік хаттармен ашылады, ұйым осы хаттар арасына әрiлi-берiлi сiлтеме iстеу керек.
Кепілді қамтамасыз ету
14 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) 9 ХҚЕС-тың (IFRS) 3.2.23(a) -тармағына сәйкес қайта жіктелген сомаларды қоса алғанда, міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді кепілді қамтамасыз ету ретінде оған берілген қаржы активтерінің қаржылық жағдай есебі құнын; және
(b) кепілді қамтамасыз етудің жасалуына байланысты шарттар мен жағдайларды.
15 Ұйымда кепілді қамтамасыз ету болғанда (қаржылық немесе қаржылық емес активтер) және оның иесі тарапынан дефолт болмағанда кепіл затын сатуға немесе қайтадан қоюға оған рұқсат берілгенде, ол мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) кепілді қамтамасыз етудің әділ құнын;
(b) сатылған немесе қайта кепілденген кез келген сондай кепілді қамтамасыз етудің әділ құнын, сондай-ақ ұйымда оны қайтару міндеттемесінің болуын; және
(с) берілген кепілді қамтамасыз етуді пайдалануға байланысты шарттар мен жағдайларды.
Несиелік шығындарды жабуға арналған бағалау резерві
16 Қаржы активтері несиелік шығындар себебінен құнсызданғанда, ұйым осындай құнсыздануды бөлек шотта көрсетеді (мысалы, құнсызданудың жекелеген жағдайларын жазу үшін бағалау резерві шотында немесе активтердің ұжымдық құнсыздануын жазу үшін ұқсас шотта). Бұл жерде активтің қаржылық жағдай есебі құнын тікелей азайтудың орнына ол қаржы активтерінің әрбір сыныбы үшін есепті кезең ішінде мұндай шотта өзгерістерді салыстыру деректерін ашып көрсетуі тиіс.
Көптеген орнықтырылған туынды элементтері бар құрамдастырылған қаржы құралдары
17 Егер ұйым оның құрамында міндеттеме де, капитал компоненті бар құрал шығарса (32 ХҚЕС-тың (ІAS) 28-тармағын қараңыз) және сол құралда құны бірімен-бірі байланысты көптеген туынды элементтер тізбектелсе (мысалы, қайтарылатын айырбас борыш құралы), ол мұндай элементтердің болуын ашып көрсетуі тиіс.
Міндеттемелердің орындалмауы және бұзылуы
18 Қарыздар бойынша есепті уақыт жағдайында танылған кредиторлық берешекке орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) борыштың, пайыздардың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауының кез келген жағдайлары туралы, сондай-ақ өтеу қоры немесе қарыздар бойынша сондай несиеорлық берешекті есепті кезең ішінде мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары жөніндегі егжей-тегжейлі мәліметтерді;
(b) есепті уақытқа міндеттемелерді орындамаған кезде қарыздар бойынша несиеқорлық берешектің қаржылық жағдай есебі құнын; және
(с) орындалмаған міндеттемелер өтелген немесе шығаруға қаржы есептілігін бекіту уақытына дейін қарыздар бойынша несиеорлық берешектің шарттары жылғы редакция туралы ақпарат.
19 Егер есепті кезең ішінде 18-тармақта жазылғаннан басқа қарыз туралы келісімшарттарының бұзылуы орын алса, егер мұндай бұзушылық қарыз берушіге тездетілген өтеуді талап етуге мүмкіндік туғызса (бұзушылық жойылған немесе есепті уақыт жағдайы бойынша немесе бұл уақыт болғанға дейін қарыз шарттары жылғы редакция жағдайлардан басқа), ұйым 18-тармаққа сәйкес ашып көрсетілуге тиісті сол ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
Пайда мен залал туралы есеп
Кіріс, шығыс, пайда немесе залал баптары
20 Ұйым толық табыс жөніндегі есебінде не ескертулерде кірістің, шығыстың, пайданың немесе залалдың мынадай баптарын ашып көрсетуге міндетті:
(а) таза пайда немесе залалды, төмендігілер бойынша:
(і) пайда немесе залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелерін, сонымен қатар ағашқы танудаылға осы категорияға жатқызылған қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері бойынша таза пайда мен таза залал жеке көрсетіледі және ол 9 ХҚЕС-на (IFRS) сай (мысалы, 9 ХҚЕС-да (IFRS) сату жөніндегі анықтамаға сай келетін қаржы міндеттемелері) міндетті түрде әділ құн бойынша бағалануы тиіс. Пайда немесе залал құрамында көрсетілген әділ құн бойынша бағаланған қаржы міндеттемелеріне қатысты басқада біріккен кіріс құрамындағы танылған пайда мен залал сомасын және пайда мен залал құрамындағы танылған соманы жеке ашып көрсетуі керек.
(і) [жойылған]
(іі) [жойылған]
(ііі) [жойылған]
(v) қаржылық міндеттемелердің амортизацияланған құны.
(vi) қаржы активтерінің амортизацияланған құны.
(vii) басқа жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер.
(b) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбайтын қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерге орай жиынтықты пайыздық кіріс және жиынтықты пайыздық шығыстар (пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісі бойынша есептелінетін);
(с) мыналарға байланысты пайда болған сыйақылар мен алымдар бойынша кірістер мен шығыстар (пайыздың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде ескерілетін сомалардан басқа):
(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланбаған қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер; және
(іі) соның нәтижесінде активтер жеке тұлғалардың, трастілердің, зейнетақы қорлары мен басқа институттардың тапсыруы бойынша ұстап қалынатын немесе инвестицияланатын трастілік және өзге де фидуциарлық қызмет;
(d) 39 ХҚЕС-тың (ІAS) AG93-тармағына сәйкес есептелетін құнсызданған қаржы активтері бойынша пайыздық кіріс; және
(е) қаржы активтерінің әрбір сыныбы бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынның шамасы.
20A Ұйым амортизацияланған құн бойынша бағаланған қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығару нәтижесінде туған толық табыс есептілігінде танылған пайда немесе залал талдауын ашып көрсетуі тиіс, сол қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығарудан туатын пайда немесе залалды жекелеп көрсеткенде. Осы ашып көрсету сол қаржылық активтерді қаржылық жағдай туралы есептен шығару себептерін ашып көрсетуі тиіс.
Басқа да ашып көрсетулер
Есеп саясаты
21 1 Қаржылық есептілігін ұсыну (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-тың (ІAS) 117-тармағына сәйкес ұйым есеп саясатының мәнді түйіндерін қысқаша сипаттағанда қаржы есептілігін жасау кезінде қолданылған бағалаулардың, сондай-ақ табыс етілген қаржы есептілігін түсіну үшін маңызы бар есеп саясатының басқа да түйіндерінің негізін (немесе негіздерін) ашып көрсетуге тиіс.
Хеджирлеуді есепке алу
22 Ұйым 39 ХҚЕС-та (ІAS) сипатталған хеджирлеудің барлық түрлері бойынша жеке мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті (яғни әділ құн бойынша хеджирлеу, ақша ағыны бойынша хеджирлеу, сондай-ақ шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеу):
(а) хеджирлеудің әр түрін сипаттау;
(b) хеджирлеудің құралдары ретінде танылған қаржы құралдарын, сондай-ақ есепті уақыт жағдайы бойынша олардың әділ құнын сипаттау; және
(с) хеджирлеудің тәуекелдік сипаты.
23 Ақша ағындарын хеджирлеуге орай ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) ақша ағындарының пайда болуы күтілетін кезеңдер және олардың пайдаға немесе залалға әсер етуі күтілетін кезеңі;
(b) ол жөнінде хеджирлеу есебінен бұрын қолданылған, бірақ оның болуы енді күтілмейтін кез келген болжамды мәмілені сипаттау;
(с) ағымдағы кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған сома;
(d) капитал шоттарынан есептен шығарылған және есепті кезеңдегі пайдаға немесе залалға қосылған, толық табыс туралы есептің әрбір желілік бабына қосылған сомалары көрсетілген сома; және
(е) ағымдағы кезең ішінде капитал шоттарынан есептен шығарылған және қаржылық емес активтің немесе қаржылық емес міндеттеменің бастапқы құнына немесе басқа қаржылық жағдай есебі құнына қосылған, оны сатып алу немесе қабылдау хеджирленетін жоғары ықтималды болжамды мәміленің мәні болған сома.
24 Ұйым мыналарды жеке ашып көрсетуге міндетті:
(а) әділ құнды хеджирлеу кезінде пайданы немесе залалды:
(і) хеджирлеу құралы бойынша; және
(іі) хеджирлеу тәуекелдігімен байланысты пайда болған хеджирлеу бабы бойынша.
(b) ақша қаражаттарының қозғалысын хеджирлеу үшін пайдада немесе залалда танылған тиімсіздігі; және
(с) танылған шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеу үшін пайдада немесе залалда тиімсіздігі.
Әділ құн
25 29-тармақта айтылғаннан басқа жағдайларда, ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін әділ құнды ашып көрсетуі тиіс (6-тармақ қараңыз), сөйтіп, оны қаржылық жағдай есебі құнының тиісті мәнімен салыстыруға болады.
26 Әділ құнды ашып көрсету кезінде ұйым қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелерді сыныптарға топтастыруға міндетті. Алайда егерде олардың қаржылық жағдай есебі құнының мәндері қаржылық жағдай туралы есепте біріне-бірі қарсы есепке алынбаса, ұйымның олардың біріне-бірі қарсы есепке алуға құқығы жоқ.
27B [Жойылған]
28 Қаржы құралы үшін ұтымды нарық болмағанда, ұйым әділ құнды бағалау әдістемелерінің бірін қолдану жолымен айқындайды (қараңыз, 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.1.2A -тармақтары). Соның өзінде, бастапқы тану кезіндегі әділ бағаның жақсы расталуы мәміле бағасы болып табылады (яғни берілген немесе үстеме беруден алынған әділ құн). Бұған 9 ХҚЕС-тың (IFRS) B5.4.8-тармағында сипатталған шарттарды орындаған жағдай кірмейді. Бұдан шығатыны, бастапқы таныған кездегі әділ құн мен бағалау әдістемесі арқылы сол уақытта айқындауға болатын шама арасында алшақтық болуы мүмкін. Мұндай алшақтық болған кезде ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) факторлардың (соның ішінде уақыт факторының) өзгерісін көрсету үшін пайдадағы немесе залалдағы осындай алшақтықты тану жөніндегі өзінің есепке алу саясатын. Бұларды нарықтың қатысушылары баға белгілеген кезде ескеруі тиіс (тармақ 1.2A(b) 9 ХҚЕС (IFRS) ).
(b) кезеңнің басында және соңында пайдада немесе залалда әлі танылуға тиіс жиынтық алшақтық және бұл алшақтық шамасының өзгеруін салыстыру.
(с) мәмiленiң бағасы әділ құнды қолдайтын дәлелдердiң сипаттамасы әдiл құнның растауы болмайды.
29 Әділ құнды ашып көрсету мына жағдайларда талап етілмейді:
(а) қаржылық жағдай есебі құны әділ құнның жеткілікті түрде жақын аппроксимациясы болса, мысалы, негізгі қызмет жөніндегі қысқа мерзімді дебиторлық және несиеқорлық берешек сияқты сондай қаржы құралдарына орай болса;
(b) [жойылған]
(с) дискрециондық қатысу қасиеті бар шартқа орай (4 ХҚЕС-та (ІFRS) сипатталуына сәйкес, егер бұл қасиеттің әділ құны шынайы бағалана алмайтын болса.
30 29 (с) -тармағында сипатталған жағдайларда, ұйым ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Ол қаржы есептілігін пайдаланушыларға сондай қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелерінің және олардың әділ құнының қаржылық жағдай есебі құны арасындағы мүмкін болатын алшақтықтар дәрежесі туралы өздігінен пайымдау жасауға көмектеседі, мыналарды қосқанда:
(а) бұл құралдардың әділ құны туралы ақпараттың ашылмау фактісі, өйткені ол шынайы бағалауға келмейді;
(b) осы қаржы құралдарын, олардың қаржылық жағдай есебі құнын сипаттау және әділ құнды шынайы бағалаудың мүмкіндігі жоқтығы туралы қорытынды үшін негіздер;
(с) осындай құралдардың нарығы туралы ақпарат;
(d) ұйымның осы қаржы құралдарын өткізуді көздейтіні туралы және оларды іске асыру тәсілі туралы ақпарат; және
(е) қаржы құралдарын тану тоқталған жағдайда, олардың әділ құны шынайы бағалана алмайды, бұл факт, сондай-ақ тану тоқталған кездегі қаржылық жағдай есебі құны және танылған пайданың немесе залалдың шамасы ашылуға тиісті.
Қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесі
31 Ұйым оның қаржы есептілігін пайдаланушылардың қаржы құралдарына байланысты есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым ұшырауы мүмкін тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
32 33-42-тармақтары талап ететін ашып көрсетулер қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдіктерге және сондай тәуекелдіктерді басқару тәсілдеріне шоғырланған. Мұндай тәуекелдіктерге, әдетте, соның ішінде несиелік тәуекелдік, өтімділік тәуекелдігі және нарықтық тәуекелдік жатады.
32A Сандық сипаттағы ақпаратты ашып көрсету контексінде сапалық сипаттағы ашып көрсетулерді қамтамасыз ету пайдаланушылардың тиісті ашып көрсетулерді бір-бірімен байланыстыруға және қаржылық құралдардан шығатын тәуекелдіктің пайда болуы мен көлемі жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сапалық сипаттағы және сандық сипаттағы ашып көрсетулер арасындағы байланыстар ақпараттың ұсынылуына әсер етіп, пайдаланушыларға ұйымның тәуекелдікке ықтималдығын жақсырақ бағалауға мүмкіндік туғызады.
Сапалық сипаттағы - ашып көрсету
33 Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдіктің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) тәуекелдікке ұшырау және олардың туындау себептерін;
(b) өзінің мақсатын, саясатын және тәуекелдікті басқару мәселелеріндегі рәсімдерін, сондай-ақ тәуекелдікті бағалау үшін пайдаланылатын әдістерін; және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда (а) немесе (b)-дағы кез келген өзгерістерін.
Сандық сипаттағы ақпаратты ашып көрсету
34 Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдіктің әрбір түрі үшін ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыттағы жағдай бойынша өзінің осындай тәуекелдікке киліккені туралы қорытылған сандық деректер. Бұл ашып көрсету ұйымның жетекші басқарушы қызметкерлеріне, мысалы, директорлар кеңесіне немесе бас директорға ішкі арналар бойынша берілген ақпаратқа (24 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-та (ІAS) белгіленгендей) негізделуі тиіс;
(b) 36-42-тармақтар талап ететін ақпарат, оны (а)-ға сәйкес табыс етпегенде;
(с) тәуекелдіктің шоғырлануы, егер ол (а) және (b)-ға сәйкес жасалған ашып көрсетулерден анық болмаса.
35 Егер есепті уақытқа ашып көрсетілген сандық деректер есепті кезең ішінде ұйымның тәуекелдікке ұшырауы жөнінде репрезентативтік болып табылмаса, ұйым репрезентативтік сипаты бар қосымша ақпарат табыс етуге міндетті.
Несиелік тәуекелдік
36 Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) қаржылық жағдай туралы есеп уақытындағы жағдай бойынша несиелік тәуекелдікке барынша ұшырау едәуір жақсы көрсетілген сома, кез келген кепілді немесе несиені қамтамасыз етудің басқа нысандарын есепке алусыз (мысалы, 32 ХҚЕС-та (ІAS) белгіленген, өзара есепке алу өлшемдерін қанағаттандырмайтын өзара есепке алу туралы келісімдер); осы ашып көрсету қаржылық жағдай есебі құны несиелік тәуекелдіктің ең жоғары ықтималдығын ең жақсы көрсететін қаржылық құралдар үшін қажет емес.
(b) қамтамасыз ету ретінде ұсталынған кепілді сипаттау және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары және несиелік тәуекелдіктің ең жоғары ықтималдығын ((a)-ға сәйкес ашып көрсетілген немесе қаржылық құралдың қаржылық жағдай есебі құны ретінде көрсетілген) ең жақсы көрсететін сомаға қатысты олардың қаржылық әсері (мысалы, ұйым алған кепіл және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары несиелік тәуекелдікті қаншалықты жұмсартатынын сандық сипаттау);
(с) мерзімі өтпеген және құнсызданбаған қаржы активтерінің несиелік сапасы туралы ақпарат.
(d) [жойылған]
Мерзімі өткен немесе құнсызданған қаржы активтері
37 Ұйым қаржы құралдарының сыныптары бойынша мына ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақытқа мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған қаржы активтерінің қашаннан бергі екендігі жөніндегі талдамалы деректер.
(b) белгілі болғандай, есепті уақыттағы жағдай бойынша құнсызданған қаржы активтері туралы талдамалы деректер, ұйым құнсыздануды анықтаған кезде назарда ұстаған факторларды қоса алғанда.
(с) [жойылған].
Ұйым алған кепіл және несиені қамтамасыз етудің басқа да нысандары
38 Ұйым кезең ішінде өзі қамтамасыз ету ретінде ұстап қалатын кепіл түрінде қаржы немесе қаржылық емес активтерін алғанда немесе кепілді қамтамасыз етудің басқа да түрлеріне (мысалы, кепілдіктерге) жүгінгенде, мұндай активтер басқа Стандарттарда белгіленген тану өлшемдерін қанағаттандырғанда, осындай активтер үшін қаржылық есеп күні ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиіс:
(а) алынған активтердің сипаты мен қаржылық жағдай есебі құнын; және
(b) мұндай активтер қолма-қол ақша қаражатына айнала алмайтын болғанда, мұндай активтерді өткізу немесе өз қызметінде пайдалану мәселесіндегі өз саясатын.
Өтімділік тәуекелі
39 Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) өтеудің шарттық мерзімдері әлі болмай жатып көрсететін қаржылық міндеттемелердің (жарияланған қаржылық кепілдеме келісімшарты) өтелуі туралы талдамалы деректер; және
(b) өтеудің шарттық мерзімі жеткен кездегі туынды қаржы міндеттемелеріне талдау. Өтеу мерзімі жеткендегі талдауда ақша ағымын кезеңге бөлуді түсіну үшін маңызды болып табылатын келісімшарт бойынша өтемдік мерзімі жеткен туынды қаржы міндеттемелеріндегі қалған келісімшартық өтем мерзімі беріледі. (B11B- тармағын қараңыз);
(c) (a) және (b)-ға тән өтімділік тәуекелін қалай басқаратынын сипаттау .
Нарықтық тәуекел
Сезімталдық талдауы
40 Ұйым 41-тармақтың талаптарын орындағаннан басқа жағдайда, ол мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) есепті уақыт жағдайы бойынша ұйым киліккен нарықтық тәуекелдіктің әрбір түріне сезімталдықты талдау нәтижесін, соның ішінде осы уақытқа ақылға сыйымды мүмкін болатын тиісті тәуекелдік ауысу өзгерістерінің пайдаға немесе залалға қалай әсер еткені туралы ақпаратты;
(b) сезімталдықты талдауды дайындау кезінде пайдаланылған әдістер мен жол берулер; және
(с) өткен кезеңмен салыстырғанда әдістер мен жол берулердегі өзгерістер және мұндай өзгерістердің себептері.
41 Егер ұйым сезімталдық талдауын әзірлесе, мысалы, тәуекелдіктің ауыспалы құрамдас бөліктерінің (мысалы, пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамдары) арасындағы өзара тәуекелділігін көрсететін тәуекелдік құнын талдаса және оны қаржы тәуекелдіктерін басқару үшін пайдаланса, ол оны 40-тармақта көзделген талдау орнына табыс ете алады. Ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) сезімталдықты осындай талдауға әзірлік кезінде пайдаланылған әдістің мәнін түсіндіретін ақпаратты, сондай-ақ табыс етілген деректердің негізі болған негізгі параметрлер мен жол берулер; және
(b) пайдаланылған әдіс пен шектеудің мақсаты түсіндіретін ақпаратты, бұлар ақпаратты табыс етудің салдары бола алады, тиісті активтермен міндеттемелердің әділ құнын толық түрде көрсете алмайды.
Нарықтық тәуекелдік туралы басқа ақпаратты ашып көрсету
42 40 немесе 41-тармаққа сәйкес табыс етілген сезімталдықты талдау қаржы құралына тән тәуекелдік жөнінде репрезентативтік емес болғанда (мысалы, жыл соңындағы жағдай бойынша тәуекелдікке ұшырау жыл бойы тәуекелдікке килігуді көрсетпейді) ұйым осы фактіні ашып көрсетуге міндетті, бұл сезімталдықты талдаудың репрезентативтік еместігі туралы қорытынды үшін негіздер ретінде тең.
Қаржылық активтерді өткізу
42A 42B-42H- тармақтарда көрсетілген, қаржылық активтерді өткізуге жататын, ақпаратты ашып көрсету талаптары осы стандарттағы өзге де ақпаратты ашып көрсету талаптарын толықтырады. Ұйым 42B-42H -тармақтарына сәйкес ашып көрсетілетін ақпаратты өзі ұсынатын қаржылық есепте бөлек ескертпе ретінде ұсынуы тиіс. Ұйым барлық өткізілген қаржылық активтерге, және танылуы тоқтатылмаған,аталған активті өткізу қай уақытта жүзеге асырылғанына байланыссыз, өткізілген активте есептік кезең бойынша қатысуы жалғасып жатқан барлық активтерге қатысты талап етілген ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Аталған тармақтардың ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарын орындау мақсатында ұйым толық немесе жартылай қаржылық активті (өткізілген қаржылық актив) тек төмендегі жағдайларда өткізеді:
(a) осы қаржылық активтен ақша қаражаты ағымдарын алуға келісімдік құқықтарды өткізеді; немесе
(b) осы қаржылық активтен ақша қаражаты ағымын алуға келісімдік құқықтарын сақтап қалады, бірақ осы ақша құралдарын келісім бойынша бір немесе бірнеше алушыларға төлеу бойынша келісімдік міндеттемелерме жүктеледі.
42B Ұйым қаржы есептерін пайдаланушыларға мына мүмкіндіктерді беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) танылуы тоқтатылмаған, өткізілген қаржы активтерінің арасындағы және тиісті міндеттемелер арасындағы қатынасты түсінуге; сонымен бірге
(b) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген қаржы активтеріндегі қатысу сипатын, және осымен байланысты тәуекелдер ауқымын түсіну.
42C Ақпаратты ашып көрсету бойынша 42E-42H тармақтарының талаптарын қолдану мақсаттарына сәйкес, ұйым қаржылық активтерді өткізу шеңберінде өткізілген қаржылық активтермен байланысты кез-келген келісімдік құқықтар мен міндеттемелерді сақтап қалған жағдайда, немесе өткізілген қаржы активтеріне қатысты жаңа келісімдік құқықтар мен міндеттемелер алатын жағдайда өткізілген қаржы активіндегі қатысуын жалғастыра береді. Ақпаратты ашып көрсету бойынша 42E-42H тармақтарының талаптарын қолдану мақсаттарына сәйкес, келесі құралдар жалғаспалы қатысу болып табылмайды:
(a) сот тәртібінде активті өткізу операциясын негізсіз деп табуға әкелуі мүмкін кәдуілгі мәлімдемелер және
(b) алаяқтық өткізу және негіздемелі түсінік, шынайы ниет және операцияларды ашық түрде жүргізуге қатысты кепілдіктер.
(c) өткізілген қаржы активтерін сатып алуға арналған форвардтық келісімдер, опциондық және басқа да
(d) келісімшарттар, келісімді бағасы (немесе орындау бағасы) өткізілген қаржы активінің әділ құны болып табылатын, немесе
(e) шарттары бойынша осы қаржы активінен ақша құралдарының ағымдарын алу құқығын сақтап қалады, бірақ осы ақша құралдарын бір немесе бірнеше ұйымдарға төлеп беруге міндеттеледі, және 9 ХҚЕС-ының (IFRS) 3.2.5 (a) - (c) -тармақтарының шарттары орындалады.
Танылуы толық тоқтатылмаған, өткізілген қаржы активтері
42D Ұйым қаржы активтерін өткізу барысында өткізілген қаржы активтерінің танылуы толық немесе жартылай түрде талаптарға жауап бермеуі мүмкін. 42B(a) тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін, ұйым анылуы тоқтатылмаған, әрбір өткізілген қаржы активтерінің түрі бойынша әрбір есеп кезеңінде келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) өткізілген активтердің сипаты.
(b) меншік құқығымен байланысты, ұйым алатын тәуекелдер мен басымдықтар сипаты.
(c) есеп беруші ұйымның өткізілген активті қолдануына шектеулерін қоса алғандағы, өткізілген активтер және сәйкес міндеттемелер сипаттамасы.
(d) өткізілген активтермен байланысты міндеттемелер бойынша контрагент (контрагенттер) тек өткізілген активтерге жүгінуге құқылы болса: өткізілген активтердің әділ құны көрсетілген кесте, осылармен байланысты міндеттемелердің әділ құны және нетто-позиция (өткізілген активтердің және осылармен байланысты міндеттемелердің әділ құны арасындағы айырмашылық)
(е) ұйым өткізілген активтерді тануын жалғастыра берген жағдайда: өткізілген активтердің және осылармен байланысты міндеттемелердің теңгерімдік құны.
(f) ұйым өзінің активтердегі жалғаспалы қатысуына байланысты, осы активтердітануын жалғастыра беруі (қараңыз: ХҚЕС (IFRS) 9 - дың 3.2.6(c) және 3.2.16 тармақтары): өткізуге дейінгі бастапқы активтердің жалпы теңгерімдік құны, ұйым тануын жалғастырып жатқан активтердің теңгерімдік құны және осылармен байланысты міндеттемелердің теңгерімдік құны.
Танылуы толықтай тоқтатылатын, өткізілген қаржы активтері
42E Ұйым өткізген активтерін мойындауды тоқтатқан (ХҚЕС(IFRS) 39 3.2.6 (a) және (c)(i) -тармақтарын қараңыз)., 42B(b) -тармақта баяндалған мақсаттарға сәйкес, бірақ қатысуын жалғастырған жағдайда, әрбір есептік мерзімге және әрбір жалғаспалы қатысу түрі бойынша ұйым кем дегенде ынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) ұйымның қаржылық жағдайы туралы есепте мойындалған және ұйымның танылуы тоқтатылған қаржы активтеріндегі жалғаспалы қатысуы,сонымен бірге аталған активтердің және міндеттемелердің теңгерімдік құны көрсетілген активтердің және міндеттемелердің теңгерімдік құны.
(b) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген активтердегі жалғаспалы қатысуын көрсететін, активтердің және міндеттемелердің әділ құны.
(с) ұйымның танылуы тоқтатылған, өткізілген активтердегі жалғаспалы қатысуынан туындайтын шығындарға тап болуының ең жоғарғы деңгейін көрсететін сома және ұйымның шығынға тап болуының ең жоғарғы деңгейін анықтау туралы ақпарат.
(d) танылуы тоқтатылған қаржылық активтерді сатып алу үшін қажет немесе қажет болуы мүмкін ақша қаражаттарының дисконтталмаған шығысы (мысалы, опциондық келісімшарттағы страйк-баға), немесе алушының өткізілген активтерге қатысты төленуге тиісті өзге де сомалар. Егер ақша шығысы ауыспалы болса, сома туралы ақпарат әрбір есептік кезеңге арналған шарттарға сәйкес ашылуы тиіс.
(e) танылуы тоқтатылған қаржылық активтерді сатып алу үшін қажет немесе қажет болуы мүмкін ақша қаражаттарының дисконтталмаған шығыстардың, немесе ұйымның аталған активтердегі жалғаспалы қатысуының келісімдік мерзімдерін көрсете отырып, алушының өткізілген активтерге қатысты төленуге тиісті өзге де сомалардың мерзімін сараптау.
(f) (a) - (e) - тармақтарына сәйкес, сандық сипаттағы ақпаратты ашып көрсетуді дәлелдейтін және түсіндіретін сапалы ақпарат.
42F Егер ұйым танылуы тоқтатылған қаржы активінде бірнеше түрлі жалғаспалы қатысуға ие болса белгілі бір активке қатысты ақпаратты ашу туралы 42E бабына сәйкес, ұйым жалғаспалы қатысудың бір түрі бойынша агрегацияланған ақпарат ұсына алады.
42G Осыдан өзге, ұйым жалғаспалы қатысудың әрбір түрі бойынша келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:
(а) активтерді өткізу күніне танылған табыс және кіріс.
(b) ұйымның танылуы тоқтатылған (мысалы, туынды құралдар өзгерісінің әділ құны) қаржы активтеріндегі жалғаспалы қатысуы бойынша есептік кезеңде және жиынтығында танылған кірістері мен шығыстары.
(c) егер есептік кезең бойы есептік кезеңдегі активтерді (тануды тоқтату талаптарына сәйкес келетін) өткізу бойынша операциялардан түсетін жалпы сома тең бөлінбесе (мысалы, егер активтерді өткізу бойынша операция көлемінің басым бөлігі есептік кезеңнің соңына тура келсе) ұйым:
(і) есептік кезеңнің қай уақытында активтерді өткізу бойынша ең ірі операция орын алғаны (мысалы, есептік кезеңнің аяқталуына бес күн қалғанда),
(іі) есептік кезеңнің аталған бөлігіндегі активтерді беру бойынша операцияға қатысты танылған сома (мысалы, тиісті пайда мен залал), және
(ііі) есептік кезеңнің аталған бөлігіндегі активтерді беру бойынша операциядан түскен түсімдердің жалпы сомасы туралы ақпаратты әрбір кезеңде берілетін жиынтық табыс туралы есепте ұсынуы тиіс.
Қосымша ақпарат
42Н Ұйым 42В -тармағындағы ақпаратты ашу мақсаттарын орындау үшін қажет деп тапқан кез келген қосымша ақпаратты ашыуы тиіс.
Күшіне ену күні және қолдануға көшу
43 Ұйым осы Стандартты 2007 жылдың 1 қаңтарынан басталатын жылдық кезеңдерге қатысты және осы күннен кейін қолдануға міндетті. Ертерек қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты неғұрлым ерте кезеңге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
44 Егер ұйым осы Стандартты 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолданса, ол қаржы құралдарына байланысты туындайтын тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесі туралы 31-42-тармақтар талап ететін ашып көрсету үшін салыстырмалы ақпаратты табыс етуге міндетті емес.
44А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция)бойынша ХҚЕС-тарда (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 20, 21, 23(с) және (d),27(с)- тармақтарына және В Қосымшасының В5 -тармағына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
44В 3 ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция) бойынша 3(с)-тармағы алынып тасталды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. Алайда, бұл өзгерту сатып алу күні 3 ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция) қолдану күнінен бұрын болған ұйымдар біріктірілулерінен туындаған шартты міндеттемелерге қолданылмайды. Оның орнына, ұйым осындай өтеулер үшін 3 ХҚЕС-ның (IFRS) (2010 өзгертулер бойынша) 65A-65E тармақтарына сәйкес есептеуі тиіс.
44С Осы 3 - тармақтағы түзетуді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер ұйым 2008 жылдың ақпанында шығарылған Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары және міндеттемелер (32 ХҚЕС-қа (IAS) және 1ХҚЕС-қа (IAS) түзетулер) құжатын ертерек мерзім ішінде қолданса, 3-тармақтағы түзетуді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.
44D 3(а)-тармағына 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына (IFRS) жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және сол ертерек мерзім ішінде 2008ж. мамырында шығарылған 28 ХҚЕС-ының (IAS) 1-тармағына, 31 ХҚЕС-ының (IAS) 1-тармағына және 32 ХҚЕС-ының (IAS) 4-тармағына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс. Ұйымның осы түзетулерді проспективті түрде қолдануына рұқсат етіледі.
44Е -
44F [Жойылған]
44G 2009 жылдың наурызында шығарылған Қаржылық құралдар жөнінде ақпаратты ашып көрсетулерді жетілдіруде (7 ХҚЕС (IFRS) Түзетулер) 27, 39 және B11- тармақтары түзетіліп, 27A, 27B, B10A және B11A-B11F-тармақтары қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Төмендегі түзетулер бойынша ұйым ақпаратты ашып көрсетуге тиісті емес:
(a) 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жылдық салыстымалы мерзім ішінде берілген қаржы жағдайы туралы кез-келген есепті қоса жылдық немесе аралық мерзімдегі есептерде, немесе
(b) 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі салыстымалы мерзім басында берілген қаржы жағдайы туралы кез-келген есепте.
Ерте қолданыс рұқсат етіледі. Егер ұйым ертерек мерзім ішінде енгізілген түзетулерді қолданса, бұл туралы жариялауы тиіс.[1]
44H [Жойылған]
44I Ұйым 9 ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолданғанда, бастапқы қолдану күні әрбір қаржылық актив класы үшін ашып көрсетуі тиіс:
(a) 39 ХҚЕС (IAS) сәйкес анықталған бастапқы бағалау категориясы мен қаржылық жағдай туралы есептік құнын;
(b) 9 ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес анықталған жаңа бастапқы бағалау категориясы мен қаржылық жағдай туралы есептік құнын;
(c) Бұрын пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағалатындар ретінде жіктелген бірақ енді олай жіктелмейтін қаржы активтерінің қаржылық қаржылық жағдай туралы есептердегі сомасы, қайта жіктелуін ұйымнан 9 ХҚЕС (IFRS) талап ететін және қайта жіктеуді ұйымның өзі таңдайтын активтер арасында айыру арқылы.
Ұйым осы сандық сипаттағы ашып көрсетулерді кестелер түрінде, басқа форматтың қолданылуы тиісті болатын жағдайлардан басқа, ұсынуы тиіс.
44J Ұйым 9 ХҚЕС(IFRS) бірінші рет қолданғанда, пайдаланушылардың түсінуін ынталандыру үшін сапалық сипаттағы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(a) 9 ХҚЕС (IFRS) қолдану нәтижесінде жіктелуі өзгерген қаржылық активтерге 9 ХҚЕС (IFRS) талап ететін жіктеуді қалай қолданғаны.
(b) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағалатындар ретінде қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің жіктелу немесе кері жіктелу себептерін.
44K 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-на (IFRS) Жетілдірулер 44B тармағын өзгертті. Ұйым осы түзетулерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап не одан кейінгі кезеңде қолданысқа енгізуі тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі.
44L 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-на (IFRS) Жетілдірулер 32A тармағын қосты және 34 және 36-38 тармақтарын өзгертті. Ұйым осы түзетулерді 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап не одан кейінгі кезеңде қолданысқа енгізуі тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
44М 2010 жылдың қазанында шығарылған Қаржылық құралдарды өткізу - ақпаратты ашып көрсету (7 ХҚЕС (IFRS) Түзетулер) стандарты 13 -тармақты жойып, 42A-42H және B29-B39 тармақтарын қосты. Ұйым осы түзетулерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап не одан кейінгі кезеңде қолданысқа енгізуі тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. . Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Егер ұйым ертерек мерзім ішінде есеп беқотін болса, онда ол деректі ашып көрсетуге тиісті емес.
44N ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары», 2010 жылы қазан айында шығарылған стандарты 2-5, 8-10, 11, 14, 20, 28, 30 тармақтарына, A, B1, B5, B10(a), B22 и B27 қосымшаларына түзетулер енгізді, 10A, 11A, 11B, 12B-12D, 20A, 44I және 44J тармақтары енгізілді, және 12, 12A, 29(b), 44H, B4 және D Қосымшасы жойылды. Ұйым осы стандартты қолданғанда жоғарыда көрсетілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.
44O 2011 жылдың мамырында шығарылған 10 және 11ХҚЕС-на (IFRS) 3 тармағын қосты. Ұйым осы түзетулерді 10 және 11 ХҚЕС қолданысқа енгізуі тиіс.
44P 2011 жылдың мамырында шығарылған 13ХҚЕС-на (IFRS) 3,28,29 және А қосымшасын қосты және 27-27В тармақтарын жойды. Ұйым осы түзетулерді 13 ХҚЕС қолданысқа енгізуі тиіс.
44Q 2011 жылдың маусымында шығарылған 1ХҚЕС-на (IFRS) 27В тармағын қосты. Ұйым осы түзетулерді 1 ХҚЕС қолданысқа енгізуі тиіс.
44R 2011 жылдың желтоқсанында шығарылған Қаржылық ативтер мен қаржылық міндеттемелерарасындағы төлемдер - ақпаратты ашып көрсету (7 ХҚЕС (IFRS) Түзетулер) стандарты, 13A-13F и B40-B53 тармақтарын қосты. Ұйым осы түзетулерді 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап не одан кейінгі кезеңде қолданысқа енгізуі тиіс. Кәсiпорын түзетулерге сәйкес ашылуды қамтамасыз етуi керек.
44S Ұйым алғаш рет 9 ХҚЕС классификация және бағалау талаптарын қолданғанда, осы ХҚЕС-тағы 44T-44W тармақтарындағы ақпаратты ашуды қолдану керек,сонымен қатар қажет болғанда 9 ХҚЕС (9ХҚЕС 8.2.12 тармақтарын қараңыз (2009) және 9 ХҚЕС 7.2.14 тармақтарын қараңыз (2010)) ақпараттарды ашу керек.
44T 44S тармақтарына сәйкес 9 ХҚЕС алғашқы қолдану мерзімі қажет болғанда, ұйым қаржылық міндеттемелер мен қаржылық активтердің классификациясының өзгерісін бөлек ашып көрсетуі тиіс:
(а) 39 ХҚЕС категория өлшемдері негіздеріне баланстық құнның өзгерісі сәйкес (9-шы ХҚЕСға өткелдiң атрибуты өлшемдері өзгерiсінің нәтижесiнде емес) және
(b) 39 ХҚЕС категория өлшемдері негіздеріне баланстық құнның өзгерісі сәйкес39 ХҚЕС категория өлшемдері негіздеріне баланстық құнның өзгерісіне сәйкес.
9 ХҚЕС қолданылатын тармақтардағы ақпараттардың ашылуы, жылдық мерзімнен кейін жасалмауы керек.
44U 9 ХҚЕС есептілік мерзімінде ұйым келесі ақпараттарды 9 ХҚЕС өткендегі амортизациялық құн бағалауын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерге ашу керек:
(а) есептілік мерзім соңындағы қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің әділ құны;
(b) табыс және шығыстар есептілігінде,сонымен қатар жиынтық табыс есептілігіндегі табыс немесе шығынның әділ құны;
(с) тиiмдi пайыздық жалақы қайта классификациялау мерзімінде анықталады; және
(d) пайыздық табыстар және шығыстар танылады.
Егер ұйым қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер әділ құнына, бастапқы тапсырыс мерзімінің амортизациялық құны (9 ХҚЕС 8.2.10 тармақтарына қараңыз (2009) және 9 ХҚЕС 7.2.10 тармақтарына қараңыз (2010)), (с) және (д) тармақтарының ашылуы әрбір есептілік мерзім кезінде танылады. Әйтсе де,осы тармақтардағы ақпараттардың ашылуы, есептілік мерзімінен кейін жасалмауы тиіс.
44V Егер ұйым 9 ХҚЕС алғашқы мерзім қолдануындағы 44S-44U тармақтары ақпараттарының ашылуына мүкіндік береді,8 ХҚЕС 28 тармақтарындағы ақпаратты ашу есептік мерзімде:
(а) 9 ХҚЕС (IFRS) мен 39 ХҚЕС (IAS)сәйкес категория өлшемдері; және
(b) Қаржылық есептілікте көрсетілген айқындамалар.
44W Егер ұйым 9 ХҚЕС алғашқы мерзім қолдануындағы 44S-44U тармақтары ақпараттарының ашылуына мүкіндік береді,осы ХҚЕС 25 тармақтарындағы ақпаратты ашу есептік мерзімде:
(а) 9 ХҚЕС мен 39 ХҚЕС сәйкес категория өлшемдері; және
(b) бастапқы мерзімдегі қаржылық құралдардың класстары.
44X 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10-шы ХҚЕС-ке (IFRS), 12-ші ХҚЕС-ке (IFRS) және 27-ші ХҚЕС-ке (IAS) енгізілген өзгертулер 3-ші тармаққа түзету енгізді. Осы ХҚЕС (IFRS) тек 2014 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолданылуы тиіс. Бұл мерзімнен ерте қолданылу рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, Инвестициялық ұйым-ға енгізілген барлық түзетулерді қолдану қажет.
30 ХҚЕС (ІAS) күшін жою |
45 Осы Стандарт 30 Банктер мен ұқсас қаржы ұйымдарының қаржы есептілігіндегі ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС (ІAS) Халықаралық қаржылық есептіліктің стандартын ауыстырады.
Терминдердің анықтамалары
Осы Қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
несиелік тәуекелдік | Бір тараптың қаржы құралы жөніндегі міндеттемесінің орындамауына екінші тараптың қаржылық шығыны туындауына әкеп соғатын тәуекелдік.
|
валюталық тәуекелдік | Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты ағындарының әділ құны валюта-айырбас бағамдарының өзгерістеріне орай айырбаста болатын тәуекелдік.
|
пайыздық тәуекелдік | Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты ағындарының әділ құны пайыздың нарықтық мөлшерлемелерінің өзгерістеріне орай айырбаста болатын тәуекелдік.
|
өтімділік тәуекелдігі | Қаржы міндеттемелері бойынша қаржы міндеттемелерін орындаған кезде ақша қаражаттары немесе басқа қаржы активтерімен байланысты ұйым қиыншылыққа киліккендегі тәуекелдік.
|
тартылған қарыздар бойынша берешек | Қарыздар бойынша несиелік берешек, несиелеудің қалыпты жағдайлары кезіндегі негізгі қызмет бойынша қысқа мерзімді несиелік берешектен басқа, қаржылық міндеттемелер болып табылады.
|
нарықтық тәуекелдік | Қаржы құралына байланысты болашақ ақша қаражаты ағындарының әділ құны нарықтық бағалардың өзгерістеріне орай өзгеруде болатын тәуекелдік. Нарықтық тәуекелдіктің мынадай үш түрі бар: валюталық тәуекелдік, пайыздық тәуекелдік және өзге де бағалық тәуекелдік.
|
өзге де нарықтық тәуекелдік | Ақша қаражаты ағындарының қаржы құралдарына байланысты әділ құны нарықтық бағалардың өзгерістері нәтижесінде өзгеруде болатын тәуекелдік (пайыздық немесе валюталық тәуекелдіктен туындағанынан басқа), бұл осы өзгерістер жеке бағалы қағаз немесе оның эмитенті үшін ерекше факторлардан немесе нарықта айналыстағы барлық қаржы құралдарына әсер ететін факторлардан туындады ма, оған байланысты емес.
|
мерзімі өткен актив | Басқа тарап шартта белгіленген мерзімде төлем жасамаса, қаржы активінің мерзімі өткен деп есептеледі. |
32-ХҚЕС-тың (ІAS) 11 тармағында, 39-ХҚЕС-тың (ІAS) 9 тармағында немесе А қосымшасында және 32-ХҚЕС-да (ІAS), 39-ХҚЕС-да (ІAS), 9-ХҚЕС-да (IFRS) айқындалған мәндерде пайдаланылады:
- қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны;
- тануды тоқтату;
- туынды құрал;
- пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісі;
- меншікті капитал құралы;
- әділ құн;
- қаржы активі;
- қаржы кепілдік келісімшарттары;
- қаржы құралы;
- қаржы міндеттемесі;
- пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы міндеттемесі;
- болжанылатын мәміле;
- хеджирлеу құралы;
- сату үшін қолда бар қаржы активтері;
- қайта сыныптау күні
- сатып алу немесе сату жөніндегі үлгі мәміле.
В Қосымшасы
Қолдану жөніндегі нұсқама
Осы Қосымша Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қаржы құралдарының сыныптары және ашып көрсету дәрежесі (6-тармақ)
В1 6-тармақтың талабына сәйкес ұйым қаржы құралдарын ашып көрсетілетін ақпараттың сипатына сәйкес келетін және сол қаржы құралдарының сипаттамаларын ескеретін сыныптарға топтастыруы тиіс. 6-тармақта сипатталған қаржы құралдарының сыныптарын ұйымның өзі айқындайды және, демек, олар 9 ХҚЕС-та (IFRS) айтылатын қаржы құралдарының санаттарынан өзгеше болады (қаржы құралдарын бағалау қалай жүргізілетінін және әділ құндағы өзгерістер қай жерде танылатынын анықтайды).
В2 Қаржы құралдарының сыныптарын айқындаған кезде ұйым кем дегенде мыналарды:
(а) амортизациялық құны бойынша бағаланылатын құралдар мен әділ құны бойынша бағаланылатын құралдар арасында айырма жүргізуге;
(b) осы Стандартты ХҚЕС (IFRS) қолдану аясынан тыс жатқан қаржы құралдарын жеке сынып немесе сыныптар ретінде қарастыруға міндетті.
В3 Ұйым қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, осы Стандарттың ХҚЕС (IFRS) талаптарын орындау үшін ол қаншалық егжей-тегжейлі ақпарат беретін болады, сол талаптардың әртүрлі түйіндеріне ол қандай тұжырым жасайтын болады, әртүрлі сипаттамалары бар ақпаратты бір жерге тоғыстырмай, жалпы сұлбаны көрсету үшін ол ақпаратты қалай біріктіретінін шешеді. Қаржы есептілігін пайдаланушыларға тек қана бөгет жасайтын артық нәрселермен және маңызды ақпаратты бүркейтін тым кең тұжырымдармен қаржы есептілігін ауырлату арасында теңгерме қажет. Мысалы, ұйым елеулі емес егжей-тегжейлі деректердің көп болуы маңызды ақпаратты бүркемеу жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Осыған ұқсас, ұйым осылайша біріктірілген, жеке мәмілелер немесе ілеспе тәуекелдіктер арасындағы маңызды айырмаларды тұмшалайтын ақпаратты ашып көрсетуге құқылы емес.
Ұйымның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы
В4 [Жойылған]
Өзге де ақпаратты ашып көрсету - есеп саясаты (21-тармақ)
В5 21-тармаққа сәйкес қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылған бағалардың, сондай-ақ қаржы есептілігін түсінуге ықпал ететін есеп саясатының басқа да түйіндерінің негізін (немесе негіздерін) ашып көрсету талап етіледі. Қаржы құралдарына орай мұндай ашып көрсету мыналарды қамти алады:
(а) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағалатындар ретінде жіктелген қаржы активтеріне немесе қаржылық міндеттемелерге орай:
(і) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатындар ретінде ұйым таныған қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің сипаты;
(іі) соларға сәйкес мұндай қаржы активтері немесе қаржылық міндеттемелер бастапқы тану кезінде нақ осылайша тануға өлшемдер; және
(ііі) 9 ХҚЕС-ының (IFRS) 4.2.2 -тармағында белгілеген тану шарттарын ұйымның қанағаттандыру деңгейі.
(aa) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағалатындар ретінде жіктелген қаржы активтеріне:
(i) пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатындар ретінде ұйым таныған қаржы активтерінің сипаты;
(ii) 9 ХҚЕС-ының (IFRS) 4.1.5 -тармағында белгілеген тану шарттарын ұйымның қанағаттандыру деңгейі.
(b) [жойылған]
(с) мәміле жасау уақытына немесе есеп айырысу уақытына қаржы активтерін сатып алу және сату жөнінде үлгі мәмілелерді есепке алу жүргізілетінін (9 ХҚЕС-тың (IFRS) 3.1.2 -тармағын қараңыз);
(d) кредиттік залал салдарынан құнсызданған қаржы активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын кеміту үшін бағалау резерві пайдаланылғанда:
(і) құнсызданған қаржы активтерінің қашан тікелей кемитінін (немесе, есептен шығаруды реверсирлендірілген жағдайда), ал бағалау резервінің қашан пайдаланылатынын анықтауға мүмкіндік талаптары; және
(іі) құнсызданған қаржы активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қарағанда бағалау резервінің шотына есептелген сомаларды есептеп шығару талаптары (қараңыз, 16-тармақ).
(е) қаржы құралдарының әрбір санаты бойынша таза пайданы немесе таза залалды айқындау тәсілі (20(а)-тармағын қараңыз). Мысалы, пайыздық немесе дивидендтік кіріс пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын баптар бойынша таза пайдаға немесе таза залалға қосылатыны;
(f) құнсызданудан болатын шығынның объективті белгілерін табу үшін ұйым қолданатын өлшемдер (20(е)-тармағын қараңыз);
(g) қаржы активтерімен байланысты шарттарда қайта қарау кезінде, бұлар керісінше жағдайда мерзімі өткен немесе құнсызданған болуы, жылғы редакция шарттардың мәні болып табылатын қаржы активтері жөніндегі есеп саясатын (36(d)-тармағын қараңыз).
1 ХҚЕС-тың (ІAS) (2007 жылғы редакция) 122-тармағы сондай-ақ ұйымдардан: есеп саясатының аса маңызды түйіндерін немесе бағалау пайымдауларын және ұйым басшылығы есеп саясатын қолдану барысында жасаған және қаржы есептілігінде танылған сомаларға едәуір әсер еткен пайымдаулардан басқа өзге де ескертулердің қысқаша сипаттамасын ашып көрсетуді талап етеді.
Қаржы құралдарына байланысты туындаған тәуекелдіктердің сипаты мен дәрежесі (31-42-тармақтар)
В6 31-42-тармақтарда талап етілетін ашып көрсетулер не қаржы есептілігінің өзінде жүргізілуі не онда есептіліктің басқа нысандарына түйіскен сілтемелер түрінде болуы тиіс, мысалы, басшылықтың түсініктемелері немесе тәуекелдіктер туралы есеп берулері. Бұларға қаржы есептілігін пайдаланушылардың бір жағдайда және сол бір уақытта қолы жетеді. Түйіскен сілтемелер жасалған ақпарат болмағанда қаржы есептілігі толық емес деп есептеледі.
Сандық сипаттағы ашып көрсету (34-тармақ)
В7 34(а)-тармақ оның жетекші басқарушы қызметкерлеріне ішкі арналар бойынша берілген ақпаратқа негізделген тәуекелдіктерге ұйымның килігуі туралы қорытылған сандық деректерді ашып көрсетуді талап етеді. Ұйым тәуекелдікке килігуді басқарудың бірнеше әдісін пайдаланғанда ол ашып көрсетуді әдістің немесе әдістердің көмегімен жүргізуге міндетті. Бұлар ең мәнді әрі сенімді ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Мәнділік және сенімділік мәселелері 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер және қателер ХҚЕС-та (ІAS) талқыланады.
В8 34(с)-тармағына сәйкес тәуекелдіктің шоғырлануы туралы ақпаратты ашып көрсету керек. Тәуекелдіктің шоғырлануы сипаттамалары ұқсас келетін әрі экономикалық және басқа да жағдайлардың өзгерістеріне ұқсас ықпал ететін қаржы құралдарына байланысты туындайды. Тәуекелдіктің шоғырлануларын бір ізге түсіру ұйым тап болған жағдайларды ескере отырып, кәсіби пайымдауды талап етеді. Тәуекелдік шоғырлануларын ашып көрсетуге мыналар қамтылуы тиіс:
(а) сол арқылы ұйым басшылығы сондай шоғырландыруларды айқындайтын тәсілдің сипатталуы;
(b) әрбір шоғырландыруды сәйкестендіретін жалпы сипаттаманы сипаттау (мысалы, контрагент, географиялық өңір, валюталар немесе нарық); және
(с) барлық қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдіктің шамасы, бұлар үшін мұндай сипаттама жалпы сипаттама болып табылады.
Несиелік тәуекелдікке барынша ұшырау мүмкіндігі (36(а)-тармақ)
В9 36(а)-тармақ несиелік тәуекелдікке ұйымның барынша ұшырауын жоғары дәрежеде көрсететін шаманы ашып көрсетуді талап етеді. Қаржы активіне орай мұндай шама, әдетте, шегеруден былай жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құны болып табылады:
(а) 32 ХҚЕС-қа (ІAS) сәйкес есепке алынатын кез келген сомалар; және
(b) 39 ХҚЕС-қа (ІAS) сәйкес танылған құнсызданудан болған кез келген залалдар.
В10 Кредиттік тәуекелдіктің туындауына апаратын және несиелік тәуекелдікке барынша килігуге байланысты операциялар, соның ішінде, мыналарды қамтиды:
(а) клиенттерге несиелер мен дебиторлық берешектер беру және басқа ұйымдарда депозиттер орналастыру. Мұндай жағдайларда кредиттік тәуекелдікке барынша килігу тиісті қаржы активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына тең болады;
(b) туынды шарттар, мысалы, айырбас контрактілерін, пайыздық своптар мен туынды несиелік шарттар жасау. Актив жиыны әділ құны бойынша бағаланғанда кредиттік тәуекелдікке борынша килігу есепті уақыттағы жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы есептік құнына тең болады;
(с) қаржылық кепілдіктер беру. Бұл жағдайда несиелік тәуекелдікке килігу барынша сома болады. Оны кепілдік қолданылған кезде ұйым төлеуге тиісті еді және ол едәуір дәрежеде міндеттеме ретінде танылған сомадан артық болар еді.
(d) кредиторлық берешекті қабылдау, ол елеулі қолайсыз өзгеріс болғаннан басқа жағдайда, кредиттік келісімнің қолданысының бүкіл мерзімі ішінде қайтарып алына алмайды. Егер эмитент кредиторлық берешекті (үстеме талаптарды) ақша қаражатын немесе өзге қаржы құралын есепке алу жолымен реттей алмаса, онда несиелік тәуекелдікке барынша ұшырау үшін сондай міндеттеменің бүкіл шамасы қабылданады. Бұл болашақта несиенің кез келген таңдалмаған бөлігін пайдалану мүмкіндігіне қатысты неғайбілдіктің салдары болып табылады. Бұл бөлік міндеттеме таныған сомадан едәуір дәрежеде асып кетуі мүмкін.
Сандық сипаттағы өтімділік тәуекелдікке ашып көрсетулер (34 (a) және 39 (a) және (b) тармақтары)
B10A 34 (a)-тармағына сәйкес ұйым өтімділік тәуекелдік ықтималдығы жөнінде мазмұндайтын сандық сипаттағы мәліметті ең маңызды басқару персоналына ішінара қамтамасыз етілетін ақпарат негізінде ашып көрсетеді. Ұйым осы мәлімет қалай анықталғанын түсіндіріп беруі тиіс. Егер сол мәліметке кіретін ақша шығыстары (немесе басқа қаржылық актив) болуы мүмкін:
(a) мәліметте көрсетілген күннен әлдеқайда бұрын пайда болса, немесе
(b) мәліметте берілген сомалардан өте өзгеше сомалар үшін (мысалы мәліметте таза мәміле негізіндегі туынды үшін бірақ қарсы тараптың жиынтық мәмілені талап ету опциясы), ұйым бұл туралы хабарлауы тиіс және қаржылық есептіліктерді пайдаланушыларға өтімділік тәуекелдігінің пайда болуы мен көлемін бағалауға ынталандыратын сандық сипаттағы ақпаратты, 39 (a) немесе (b)-тармақтарында талап етілгендей шартты өтілу туралы талдауға осы ақпарат кірмесе, қамтамасыз етуі тиіс.
В11 Қаржылық міндеттемелерді өтеудің шарттық мерзімдері туралы талдамалы деректерді әзірлеу кезінде, 39 (а)- және (b)- тармағының талабына сәйкес, ұйым өз пайымдауы негізінде уақыт диапазондардың тиесілі санын белгілеуі тиіс. Мысалы, ұйым мынадай уақытша диапазондар сақтау керек екенін белгілей алады:
(а) бір айдан кеш емес;
(b) бір ай өткен, бірақ үш айдан артық емес;
(с) үш ай өткен, бірақ бір жылдан артық емес; және
(d) бір жыл өткен, бірақ бес жылдан артық емес.
B11A 39 (a) және (b) -тармақтарына сәйкес ұйым гибридтік (біріккен) қаржылық құралдардан өндірілген туындыны жекелемеуі тиіс. Осындай құрал үшін ұйым 39 (a) -тармағын қолдануы тиіс.
B11B 39 (b)-тармағы өтеудің шарттық мерзімдері ақша ағымдарының уақытын анықтауды түсіну үшін маңызды болып табылатын өтеудің шарттық мерзімдері әлі аяқталмаған туынды қаржылық міндеттемелер үшін өтелуі туралы сандық сипаттағы талдамалы деректерді ашып көрсетуді талап етеді. Мысалы, бұл келесі жағдайға тиісті:
(a) өзгермелі мөлшерлеме қаржылық актив немесе міндеттеменің ақша ағынының хеджисіндегі өтеу мерзімі бес жыл болатын пайыздық мөлшерлеме.
(b) барлық несие келісімдері.
B11C 39 (a) және (b)- тармақтары кейбір қаржылық міндеттемелердің шартты өтеу мерзімдерін көрсететін қаржылық міндеттемелер үшін өтелуі туралы сандық сипаттағы талдамалы деректерді ұйымның ашып көрсетуін талап етеді. Осы ашып көрсетуде:
(a) қарсы тарап соманың қашан төленетініне байланысты таңдау жасай алса, міндеттеме ұйымнан төлем жасауды талап ететін ең ерте мерзімге тіркеледі. Мысалы, ұйым талап бойынша (мысалы талап депозиттері) төлеуге тиісті қаржылық міндеттемелер ең ерте уақыт аралығына қосылады.
(b) сомаларды жеке төлемдер ретінде жасауға келісім берген жағдайда әрбір жеке төлем ұйымнан төлем жасауды талап етілетін ең ерте мерзімге тіркеледі. Мысалы, бас тартылмаған несие келісімі бас тарту мүмкін болатын ең ерте күнді қамтитын уақыт аралығына кіреді.
(c) шығарылған қаржылық кепілдік келісімдері үшін кепілдіктің ең жоғарғы сомасы кепілдік шақырыла алатын ең ерте мерзімге тіркеледі.
B11D 39 (a) және (b) тармақтарының талабына сай өтеу мерзімдерін талдауда ашып көрсетілген шартты сомалар жеңілдетілмеген (дисконтталмаған) ақша ағындары болып табылады, мысалы:
(a) жиынтық қаржылық жалдау міндеттемелер (қаржылық шығындарды шығарғанға дейін);
(b) ақша қаражатына қаржы активтерін сатып алуға арналған форвардтық келісімде айтылған бағалар;
(c) өзгеру бойынша төленетін және тіркелген пайыздық мөлшерлеме бойынша алынатын своптар бойынша таза сомалар, бұларға таза ақша ағындары айырбасталынады;
(d) туынды қаржы құралы (мысалы, валюталық своп) арқылы айырбасталуға жататын шартта көзделген сомалар, оған ақша қаражатының жалпы ағындары айырбасталады; және
(e) жиынтық кредиттік міндеттемелер.
Ақша қаражатының мұндай дисконтталмаған ағындары қаржылық жағдай туралы есепте көрсетілген сомамен үйлеспейді, өйткені бұл қаржылық жағдай туралы есептік сома дисконтталған ақша ағындарына негізделген. Төленетін сома белгіленбеген болса, бұл сома қаржылық есептілік мерзімінің соңында бар болған шарттарға сілтеме арқылы анықталады. Мысалы, төленетін сома индекстегі өзгерістерге байланысты өзгерсе, ашып көрсетілетін сома мерзім соңындағы индекс дәрежесіне негізделуі мүмкін.
B11E 39(c) - тармағы ұйымнан 39(a) және (b) -тармақтары талап ететін сандық сипаттағы ашып көрсетулерде айқындалған баптарға тән өтімділік тәуекелдігін қалай басқаратынын суреттеуін талап етеді. Ұйым иеленген қаржылық активтерінің өтелуі туралы талдауды өтімділік (мысалы сатуға дайын немесе қаржылық міндеттемелерді өтеу үшін ақша ағындарын өндіру күтілетін қаржылық активтер) тәуекелдігін басқару үшін ашып көрсетуі тиіс, егер осы ақпарат қаржылық есептіліктерді пайдаланушыларға өтімділік тәуекелдігінің пайда болуы мен көлемін бағалауға мүмкіндік туғызса.
B11F Ұйым 39(c)- тармағында талап етілетін ашып көрсетуді дайындауда ескере алатын басқа факторлар, бірақ бұлармен ғана шектелмейтін, ұйым:
(a) өтімділік қажеттіліктерін өтеу үшін қарызға алу мекемелерін (мысалы сауда қағаздары мекемелері) немесе басқа несиелік бағыттарды (мысалы тұрақты несие мекемелері) игеруге келісім берген;
(b) өтімділік қажеттіліктерін өтеу үшін орталық банкте депозит иеленген;
(c) түрлі демеулік көздері бар;
(d) активтерінде немесе демеулік көздерінде өтімділік тәуекелдігі шоғырлануының басым болуы;
(e) өтімділік тәуекелдігін басқару үшін ішшінара қадағалау үрдістері мен шартты жоспарлары бар;
(f) үдеулі қайта төлем шарртары ішке кіретін (мысалы ұйымның несиелік бағалануының төменделуіне);
(g) кепілді қамтамасыз етуді бетке шығаруды талап ететін құралдары бар (мысалы белгіленген туындыларға шақырулар);
(h) ақша (немесе басқа қаржылық актив) жеткізу арқылы немесе өз үлестерін жеткізу арқылы қаржылық міндеттемелерді өтеу не өтемеуді таңдауға рұқсат беретін құралдары бар; немесе
(i) таза иеліктегі келісімдер бойынша жұмыс жасайтын құралдары бар.
B12-
B16 [Жойылған]
Нарықтық тәуекелдік - сезімталдылықты талдау (40 және 41-тармақтар)
В17 40(а)-тармақта ұйым ұшыраған нарықтық тәуекелдіктің әрбір түріне сезімталдықты талдау талабы бар. В3-тармағына сәйкес ұйым жалпы сұлбаны көрсету үшін ақпаратты өзі қалай тоғыстыруды шешеді. Бұл ретте әр тарапты экономикалық орталардан едәуір дәрежеде шығатын тәуекелдіктерге ұшырау туралы әртүрлі сипаттамалардағы ақпаратты біріктірмейді. Мысалы:
(а) қаржы құралдарымен операция жүргізетін ұйым мұндай ақпаратты сауда үшін арналған және арналмаған қаржы құралдары үшін жеке ашып көрсете алады.
(b) ұйым өзінің нарықтық тәуекелдіктерге ұшыраған гиперинфляция өңірлерінде, сол нарықтық тәуекелдіктерге ұшыраған инфляциясы өте төмен өңірлерде тоғыстыруға тиісті емес.
Егер ұйым нарықтық тәуекелдіктің бір түріне ғана, бір экономикалық ортада ғана ұшыраса, ол тоғыстырылмаған ақпарат табыс етуге тиісті емес.
В18 40(а)-тармақ сезімталдықты талдау пайдаға немесе залалға, сондай-ақ капиталға ықпал етуін көрсетуді талап етеді, тәуекелдіктің өзгеруіне сәйкес мүмкін болатын өзгерістер ақылға сыйымды (мысалы, пайыздың нарықтық мөлшерлемелеріндегі, валюталық бағамдарда, акциялар бағамдарында немесе биржалық тауарлар бағаларында белең алу). Осы мақсатпен:
(а) егер тәуекелдіктің тиісті ауыспалы құралдары өзгеше болса, кезең ішінде пайданың немесе залалдың шамасы қандай болғанын айқындау ұйымдардан талап етілмейді. Мұның орнына ұйымдар есеп беру уақытындағы жағдай бойынша пайданың немесе залалдың ықпал етуін ашып көрсетуге тиіс, есеп беру уақытында тәуекелдіктің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгеріс орын алды, ол сол уақытта болған тәуекелдікке ұшырауға қолданылды деген топшылау бойынша осылай. Мысалы, егер жыл аяғында ұйымның өзгермелі мөлшерлемесі бар міндеттемесі болса, ол ағымдағы жыл үшін, егер пайыздық мөлшерлемелер ақылға сыйымды мүмкін болатын шамаға өзгерсе, пайдаға немесе залалға ықпал етуді (яғни пайыздық залал) ашуға тиіс;
(b) ұйымдар тәуекелдіктің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгерістер диапазоны шеңберіндегі әрбір өзгерістің пайдаға немесе залалға ықпал етуін ашып көрсетуге міндетті емес. Мұндай ақылға сыйымды мүмкін болатын диапазонның ақтық нүктелерінде тіркелген өзгерістердің ықпал етуін ашып көрсету жеткілікті болады.
В19 Тәуекелдіктің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды мүмкін болатын өзгерісті айқындаған кезде ұйым мыналарды назарға алуға тиіс:
(а) ол өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық ортаны. Ақылға сиымды мүмкін болатын өзгеріс ықтималдылығы аз немесе «ең қолайсыз» сценарийлерді немесе «стресс-тестілеуді» қамтымауға тиіс. Оның үстіне, егер тәуекелдіктің базистік ауыспалы өзгерістерінің қарқыны тұрақты болса, ұйым таңдап алған тәуекелдіктің тиісті ауыспалы құрамына ақылға сыйымды өзгерістерін ауыстыруға міндетті емес. Мысалы, айталық, мөлшерлеме 5 пайызды құрайды, ал ұйым ±50 базистік пункт диапазонындағы пайыздық мөлшерлемелердің мүмкін болатын ауытқуы ақылға сыйымды деп есептейді. Егер пайыздық мөлшерлемелердің 4,5 немесе 5,5 пайызға дейінгі өзгерулері күтілсе, ұйым пайдаға немесе залалға және капиталға ықпал етуді ашып көрсетеді. Келесі кезеңде пайыздық мөлшерлемелер 5,5 пайызға дейін ұлғайды. Ұйым пайыздық мөлшерлемелер ±50 базистік пунктке өзгеретін болады деп одан әрі есептейді (яғни пайыздық мөлшерлемелердың өзгеру қарқыны тұрақты). Егер пайыздық мөлшерлемелердің 5 немесе 6 пайызға дейін өзгеруі күтілсе, ұйым пайдаға немесе залалға және капиталға ықпал етуді ашып көрсетеді. Пайыздық мөлшерлемелер ±50 базистік пункттерге өзгере алғанда, ұйым өз бағалауын қайта қарауға тиісті емес, пайыздық мөлшерлемелердің едәуір анағұрлым қозғалыстағы белгілерінің болуы басқа жағдайлар;
(b) соның шегінде бағалау жүргізілетін уақытша интервал. Сезімталдық талдауы өзгерістердің ықпал етуін көрсетуге тиіс. Бұлар ұйым мұндай ашып көрсетулерді келесі табыс еткенге дейінгі кезең бойында ақылға сыйымды мүмкін болатын жәйттер ретінде қарастырылады. Мұның өзі, әдетте, келесі жылдық есепті кезеңде жүргізіледі.
В20 41-тармақ ұйымға сезімталдықтың мұндай талдауын қолдануға рұқсат етеді. Ол тәуекелдіктің ауыспалы құрамдары арасындағы өзара тәуекелділікті, егер ол қаржы тәуекелдігіне өзінің килігуін басқару үшін осындай талдау қолданса, тәуекелдік құнын талдау әдіснамасын көрсетер еді. Бұл ереже осындай әдіснаманың көмегімен әлеуетті табыс емес, әлеуетті шығын ғана бағаланатын жағдайлардың өзінде де дұрыс. Мұндай ұйым 41(а)-тармағының талаптарын орындай алады. Ол тәуекелдік бойынша құнды моделдеудің пайдаланылатын әдіс үлгісін аша отырып (мысалы, осы моделдеу Монте-Карло әдісі бойынша жүргізіле ме, соны айтып), сондай-ақ бұл модель қалай жұмыс істейді және негізгі жол берулері неде екенін түсіндіреді (мысалы, иелену кезеңі мен сенім деңгейі жөнінде). Ұйымдар сондай-ақ байқаудың тарихи интервалын және осындай интервал шегінде байқаулардың нәтижелері бойынша салмақты бағалауларды ашып көрсете алады, нұсқаулар қалай оқылатынын және волатилдік пен корреляциялық (немесе, баламалар ретінде, Монте-Карло әдісін қолдана отырып, ықтималдылықтың бөлінуін моделдеу) қандай мәнде пайдаланылатынын түсіндіре алады.
В21 Сол ретте, ұйым сезімталдық талдауларын өзінің бүкіл қызметіне орай табыс етуге міндетті. Ол қаржы құралдарының әртүрлі сыныптары бойынша әртүрлі талдамалы деректерді табыс етуге құқылы.
Пайыздық тәуекелдігі
В22 Қаржылық жағдай туралы есепте танылған пайыздық қаржы құралдары бойынша (мысалы, кредиторлық, дебиторлық берешек және шығарылған борыш құралдары), сондай-ақ қаржылық жағдай туралы есепте танылмаған кейбір қаржы құралдары (мысалы, кейбір несиелік міндеттемелер) бойынша пайыздық тәуекелдік туындайды.
Валюталық тәуекелдік
В23 Шетелдік валютада, яғни сол құралдар өлшенетін функционалдық валютадан айрықша валютада білдірілетін қаржы құралдары бойынша туындайтын валюталық тәуекелдік (валюта бағамы өзгеруінің тәуекелдігі). Осы Стандарт тұрғысында ақшалы емес баптарды білдіретін қаржы құралдары бойынша да, функционалдық валютада білдірілетін қаржы құралдары бойынша да валюталық тәуекелдік туындамайды.
В24 Сезімталдық талдауы сол бойынша ұйым тәуекелдікке едәуір килігетін әрбір валюта бойынша болады.
Өзге бағалық тәуекелдік
В25 Өзгерістерге, мысалы, биржалық тауарлар бағаларының немесе акциялар бағамының өзгерістеріне байланысты қаржы құралдары бойынша өзге бағалық тәуекелдік туындайды. 40-тармақты орындау үшін ұйым нақтылы биржалық индекстің, биржалық тауар бағасының кему салдарын немесе тәуекелдіктің басқа да ауыспалы құрамын ашып көрсетеді. Мысалы, егер ұйым қаржы құралдары болып табылатын қалдық құнына кепілдік берсе, онда ол осы кепілдік жататын активтер құнының ұлғаюын немесе кемуін ашып көрсетуге тиіс.
В26 Акциялар бағамы тәуекелдігінің туындауына әкелетін қаржы құралдарының екі мысалы мыналар болып табылады: басқа ұйымның борыштық бағалы қағаздарын иелену және трастқа инвестициялар салу, соңғысы өз кезегінде борыштық құралдардағы инвестицияларды иеленеді. Басқа мысалдар қатарына мыналарды келтіруге болады: борыштық құралдардың нақтылы санын сатып алуға немесе сатуға арналған форвардтық шарттар және акциялардың бағаларына қосылған своптар. Мұндай қаржы құралдарының әділ құнына негіздерін құраушы борыштық құралдардың нарықтық бағасының өзгерістері әсер етеді.
В27 40(а)-тармағына сәйкес пайданың немесе шығынның сезілімдігі (мысалы, пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ретінде сыныпталған құралдар бойынша және сату үшін қолда бар қаржы активтерінің құнсыздануына байланысты туындаған) капиталдың сезімталдығынан (мысалы, сату үшін қолда бары ретінде сыныпталған құралдар бойынша туындаған) бөлек ашып көрсетіледі.
В28 Ұйым борыштық ретінде жіктеген қаржы құралдары қайта бағалауға жатпайды. Мұндай борыштық құралдардың биржалық бағамының өзгерісі тәуекелдігінің пайда немесе залал үшін де, капитал үшін де зардабы болмайды. Тиісінше, сезімталдық талдауын жүргізу туралы талап қойылмайды.
Тануды тоқтату (42C-42H - тармақтары)
Ұйымның қатысуының жалғасуы (42C- тармағы)
B29 42E-42H - тармақтарында көрсетілгендей ақпаратты ашып көрсету талабын орындау мақсатында өткізілген қаржы активтерінде ұйымның жалғаспалы қатысуын бағалау есеп алушы ұйым деңгейінде жүргізеді. Мысалы, еншілес ұйым өзіне байланысты емес үшінші тұлғаға қаржы активтерін өткізеді. Ал, бұл активтерде аналық ұйымның қатысуы жалғасулы болып табылады. Бұл тұста еншілес ұйым өзінің жеке қаржылық есебінде өткізілген активтерін бағалауда аналық ұйымның қатысуының жалғасуын ескермейді (яғни, бұл жерде еншілес ұйым есеп алушы ұйым болып табылады). Дегенмен, аналық ұйым шоғырландырылған қаржылық есебінде еншілес ұйымның жалғаспалы қатысуын анықтауд үшін (яғни, есеп алушы топ болып табылады) еншілес ұйымға өткізген қаржылық активтеріндегі жалғаспалы қатысуын ескеретін болады (немесе топтың басқа бір мүшесінің жалғаспалы қатысуын).
B30 Өткізілген қаржы активтеріне қатысты егер ұйым өткізілген активтер шеңберінде ешбір құқығын немесе міндеттемелерін сақтамаса, онда оның бұл өткізілген қаржы активтерінде қатысуының жалғасуы болмайды. Сондықтанда ұйымның осы өткізілген активтері бойынша жаңа құқық немесе міндеттемелерді мойынына алмайды. Егер ұйым өткізген активтері бойынша келешек пайдадан үлес алмаса, онда оның ол активтерде қатысуының жалғасуы да жоқ болып табылады. Сондықтан да ол ұйым өткізілген активтерга қатысты қандай да бір төлемдер жасаудың қажеттілігі туындаса, ол ұйымның ешқандай міндеттілігі жоқ болып табылады.
B31 Өткізілген қаржы активтерінде қатысудың жалғасуы активті алушыға немесе үшінші тұлғаға өткізу жөнінде жасалған келісім нәтижесінде активті өткізу мәмілесі негізінде жасалады.
Танылуы толықтай тоқтатылмаған өткізілген қаржы активтері
В32 Өткізілген қаржы активтерінің бір бөлігі немесе барлығы қайта танылуға жатпаса 42D-тармағы бойыеша ақпаратты ашып көрсетілу талап етіледі. Ұйымнан өткізілген қаржы активтерін тануды жалғастыру ісінде өткізі операциясы қашан болғанына қарамастан әрбір есеп беруі күнінде осы ақпараттың ашып көрсетілуі талап етіледі.
Қатысу жалғасуының түрлері (42E-42H - тармақтары)
B33 42E-42H - тармақтары қаржы активтеріде танылуы тоқтатылған қатысудың жалғасуының әрбір түрі бойынша сандық-сапалық сипаты туралы ақпаратты толықтай ашып көрсетуді талап етеді. Ұйымды тәуекелге әкеліп соқтыратын жалғаспалы қатысу түрлерін агрегаттауы тиіс. Мысалы, ұйым қаржы құралы түрлері бойынша жалғаспалы қатысуын(мысалы, кепілдік немесе сатып алуға құқығы бар опцион) немесе өткізу түрі бойынша (мысалы, дебиторлық қарыз факторингі, секьюритизация және құнды қағаздарды несиелеу ) агрегаттай алады.
Өткізілген активтерге сатып алуға бөлінген дисконтталмаған ақша қорының бөліну кезеңдеріне талдау (42E(e) тармағы)
B34 42E(e)- тармағына сай ұйым танылуы тоқтатылған қаржы активтерін сатып алуға бөлінген дисконтталмаған ақша қорының бөліну кезеңдеріне талдау жүргізуі тиіс, немесе танылуы тоқтатылған өткізілген активтерге қатысты алушының төлем жасауға бөлінген басқа да сомасы. Бұл жерде аталған активтерде ұйымның жалғаспалы қатысуының қалған келісілген мерзімі көрсетілуі тиіс. Бұл талдауда төленуге тиісті ақша қорының ағымы (мысалы, форвардты келісімдер), ұйымға төлеуге тура келетін ақша қорының ағымы (мысалы, сатылған қайтарымды сыйақылы мәміле) және ұйым қалауы бойынша төлейтін ақша қорының ағымы (мысалы, сатып алуға құқығы бар сатып алынған опцион).
B35 42E(e) - тармағына сай талдауды даярлау мерзімін нақты тиесілі уақыт аралығын анықтауда ұйым өз пікірін қолдануға міндетті. Мысалы, ұйым келесі уақыт аралықтары оған қолайлы болатындығын шеше алады:
(a) бір айдан көп емес;
(b) бір айдан жоғары, бірақ үш айдан көп емес;
(c) бір айдан жоғары, бірақ алты айдан көп емес;
(d) алты айдан жоғары, бірақ бір жылдан көп емес;
(e) бір жылдан жоғары, бірақ үш жылдан көп емес;
(f) үш жылдан жоғары, бірақ бес жылдан көп емес; және
(g) бес жылдан жоғары.
B36 Ықтималды мерзімнің диапазоны болған жағдайда ақшы қорының ағымы ұйым төлем жасай алу міндеттемесін немесе құқығын орындай алатын ең ерте мерзімде қарастырылудан басталады.
Сапалық сипаты туралы ақпарат (42E(f) -тармағы)
B37 42E(f) - тармағына сай сапалық сипаты туралы ақпарат танылуы тоқтатылған қаржы активтерін түсіндіруді қамтиды. Сондай-ақ мұнда осындай өткізілген активтерде қатысу сақталынып қалған жалғаспалы қатысудың сипаты мен мақсаты да беріледі. Сондай-ақ, тәуекелге ұрынуы мүмкін ұйымның алдындағы тәуекелдерді де қоса көрсетілуі тиіс:
(a) танылуы тоқтатылған қаржы активтерінде жалғаспалы қатысу салдарынан болатын тәуекелді ұйым қалай басқаратындығы.
(b) сол активтерде үлесі басқа қатысушылардан көп болып жіктелген ұйым басқа қатысушылардың келтірген шығын деңгейі мен көлемі үшін шығынға ұшырауы тиіс пе (яғни, оның сол активте қатысуының жалғасуы).
(c) қаржы қолдауын көрсету немесе өткізілген қаржы активін сатып алуға байланысты актив міндеттемелерінен туындаған кез-келген жағдайды ашып көрсету.
Тануды тоқтату нәтижесіндегі пайда немесе залал (42G(a) -тармағы)
B38 42G(a) - тармағына сәйкес ұйым жалғаспалы қатысуы сақталып қалған танылуы тоқтатылған қаржы активтеріне қатысты пайда немесе залал туралы ақпаратты ашып көрсетті. Ұйым алдыңғы кезде танылған жалпы активтің әділ құны алдыңғы кезде танылған активтің компоненттерінің әділ құнын арасындағы айырмашылықтан тануды тоқтатқан кезде пайда немесе залал келген-келмегендігі жөніндегі фактіні ашып көрсетуі тиіс. Мұндай жағдайда ұйым 27A-тармағына сай бақылаудағы нарықтық мәліметтерге негізделмеген бастапқы бірқатар мәліметтердің әділ құнының бағасын ескерген-ескермегендігі жөніндегі фактіні ашып көрсетуі тиіс.
Қосымша ақпарат (42H -тармағы)
B39 42B - тармағының талабы бойынша 42D-42G - тармақтарының талабына сай берілген ақпарат жеткілікті болып табылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда ұйым ақпаратты ашып көрсету мақсатына қол жеткізу үшін кез-келген қосымша ақпаратты ұсынуы қажет. Туындаған жағдайға байланысты пайдаланушының ақпараттық талабын қанағаттандыру үшін қандай көлемде қосымша ақпарат және түрлі қосымша ақпарат аспектісіне қандай мән беретіндігін жөнінде ұйым өзі шешім қабылдауы тиіс. Ұйым қаржылық есептілікті қаржы есептілігін пайдаланушыларға пайдасыз шамадан тыс артық ақпарат бөлшектерімен толтыра беру мен үлкен ақпарат көлемін қорытындылау салдарынан ақпаратты көмескі қылып беру арасындағы тепе-теңдікті сақтауды ескеруі тиіс.
Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің өзара төлемдері (13А-13Ғ тармақтары)
(13А тармағының) қолдану аясы
В40 32 ҚХЕС-тың 42- тармағына сәйкес 13B-13E тармақтарындағы ақпараттардың ашылуы барлық танылған қаржылық құралдарға міндетті болып келеді. Алайда, 13B-13E тармақтарындағы ақпараттардың ашылу талаптары 32 ҚХЕС-тың 42 тармақтарына сәйкес қаржылық құралдар мен операцияларға ұқсас қамтиды.
В41 13А және В40 тармақтары тазарту келісім туындылары, ғаламдық шомыр ұста, бағалы қағаздарды несиеге беру туралы глобалдi келiсiмдердiң ұстасы, және де кез келген қаржылық қамтамасыз ету құқықтары секілді келісімдер қосады. В40 тармақтарында ұқсас қаржылық құралдар мен қаржылық операциялар туынды, сатулар мен кері сатыа алу, сатулар мен кері шомыр,бағалы қағаздар қарыздары, сонымен қоса бағалы қағаздар несиесін қосады. Қаржылық құралдардың мысалы ретінде 13А тармағындағы ұйымдардың және клиенттердің несиелері мен депозиттері, және кепіл келісіміне жататын қаржылық құралдар.
13А тармақтарында қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерде танылған көлемді ақпараттардың ашылуы. (13С тармағы)
В42 13С тармақтарымен ашылған қаржылық құралдар өлшемдері әр түрлі талаптармен сәйкес (мысалы, шомырмен байланысты туынды қарыздар әділ құнмен бағаланған уақытта амортизациялық құнмен өлшенуі мүмкін). Ұйым танылған сома құжаттарын қосу қажет.
13А тармақтарында танылған қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерде ашылған жалпы сома (13С (а)тармағы).
В43 13С (а) тармақтарына сәйкес керек сомалар 32 ҚХЕС-тың 42- тармағында танылған қаржылық құралдарға кіреді. 13С (а) тармақтарына сәйкес керек сомалар,сонымен қатар танылған қаржылық ұқсас келiсiмдi орындау құралдарына кіреді.13 (а) тармақтарына сәйкес керек сомалар, 32 ҚХЕС-тың 42- тармағындағы кепіл келісімшарты негізінде танылған кез келген сомаға байланысты емес.Оның орнына,13С (д) тармақтарына сәйкес сомалар ашылуы керек.
32 ХҚЕС 42 тармақтарында айтылған белгілермен сәйкес есепке қосылу сомалар туралы ақпараттарды ашу (13С (б)тармақ).
В44 Ұйым сомаларды ашуда 32 ҚХЕС 42- тармақтарымен таза құнды анықтауда сәйкес 13С (b) тармақтарын қаржылық есептілік жағдайында талап етеді. Қаржылық жауапкершілік ақпараттарын ашуда және қаржылық активтерінің ашылуында қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер сомасы танылады. Дегеніменде, көрсетілген сынаққа жататын сомалар (мысалы кескіндер) шектеледі.Мысалы,ұйымда 32 ҚХEС 42 тармақтарына жауап беретін танылған туынды активтер мен туынды міндеттемелері болуы мүмкін. Егер, туынды активтердің жалпы сомасы туынды міндеттемелердің жалпы сомасынан көп болса,актив ақпараттарын ашу туралы қаржылық кескіндер туынды активтердін мөлшерін (13С (а)тармақтарымен байланысты)және барлық туынды міндеттемелер мөлшерін (13С (b)тармақтарымен байланысты)қоса алады. Алайда, қаржылық кескіндердің қарамастан жауапкершілік ашылуы барлық туынды жауапкершілік міндеттемелері (13С (а) тармақтарымен байланысты) және туынды міндеттемелер сомасына тең туынды активтер сомасын (13С (b) тармақтарымен байланысты) ғана қоса алады.
Қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген таза соманың ақпараттарын ашу(13С (с)тармақ).
В45 Егер, ұйымда кезеңдегі ақпараттардың ашылуына жауап беретін құжаттары бар болса (13А тармағында көрсетілгендей), бірақ кейбіреулері 32 ҚХEС-тың 42- тармақтарындағы белгілерге жауап бермесе, сомалар 13С (с) және 13С (а) тармақтарына сәйкес ашылу керек.
В46 Сомалар 13С (с) тармақтарына сәйкес қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген бөлек сомалар тарауында ашылу керек. Мысалы, ұйым жеке қаржылық өтініш агрегация немесе дезагрегация тармақтары көптеген ақпараттарды көрсетсе,онда ол қаржылық есептілік жағдайында көрсетілген 13С (с) тармақтарыда бөлек тарауларда көрсетілген бөлек сомалар бойынша агрегаттау немесе келісім.
13С (b) және 13С (d) тармақтарына қосылған ұқсас келiсiмнiң орындалуға жататын сомалардың ашылуы.
В47 13С (d) тармақтары 13С (b) тармақтарына қосылмаған ұйымның ұқсас келісімнің орындалуына жататын сомаларды ашуда талап етеді. 32 ҚХEС 42 (b) тармақтары белгілеріне жауап бермейтін13C(d)(i) тармағында танылған қаржылық құралдар сомасына жатады (мысалы, 32 ХҚЕС 42 (b) тармақтарына сәйкес келмейтін ағымдағы сынаққа құқық белгілері, немесе банкроттық немесе төлемге қабілеті жоқ тұлғалардың шартты сынаққа құқығы).
В48 13C(d)(ii) тармақтары қаржылық қамтамасыз ету,соның ішінде ақшалай кепіл сомасы жатады.Ұйым әділ құн сомасын кепіл сапасы негізінде алынған және хабардар еткен қаржылық құралдарды ашу керек. 13C(d)(ii) тармақтарына байланысты айқын қамтамасыз етіліп алынған немесе хабардар еткен сомаларды көрсету.
13C(d) (13Dтармақ) тармағындағы көрсетілген сомалардың шектеуі
В49 13C(d) тармағына сәйкес ұйым соманың ашуында қаржылық құралдар кепілдігін ескеру қажет. Ол үшін тұлға алдымен 13C(d)(i) және қаржылық құралдардың 13C(c) тармақтарына сәйкес соманы шегеру қажет. 13C(d)(iі) және қаржылық құралдардың 13C(c) тармақтарына сәйкес ұйым ашылуына шек қою қажет. Алайда, егер кепілге құқық қаржылық құралдар арқылы болса, онда мұндай құқықтар 13Д тармағына сәйкес ақпараттарды ашу құқығына қосылуы мүмкін.
Сынаққа құқық сипаттамасы ұқсас келісімге жатады (13Е тармақ).
В50 Ұйым 13C(d) тармағына сәйкес сынаққа құқық түрлерінінің ашылуын көрсету қажет. Мысалы, ұйым шартты құқықтарын көрсету керек. 32 ҚХEС-тың 42- тармақтарындағы белгілерге жауап бермейтін,бірақ болашақ оқиғаларға байланысты емес сынаққа құқық есептілігін, ұйым белгілердің орындалмауының себебін көрсетуі тиіс. Кез келген алынған немесе хабардар еткен қаржылық қамтамасыз ету үшін ұйым кепілдік келісімшарт шарттарын көрсету керек (мысалы,кепілдік шектеу болған жағдайда).
Қаржылық құралдардың немесе контрагенттердің түрлері бойынша ақпараттарды ашу.
В51 13C(a)-(e) тармақтары талап ететін мөлшердің ашуы қаржылық құралдар түрімен немесе келісімдермен топтастырылған болуы мүмкін (мысалы,деривативтер,шомыр және кері шомыр,қарыздар, несиелік бағалы қағаздар келісімі).
В52 13C(a)-(c) тармақтарының қаржылық түрлеріне сәйкес,сонымен қатар 13C(c)-(e) тармақтарына сәйкес ұйым мөлшерлі ашуларды топтастыра алады. Егер ұйым керек ақпараттарды контрагенттер арқылы көрсетіп отырса,онда ұйым контрагенттерді аттарымен анықтауды қажет етпейді.Дегенімен де, контрагенттерді тағайындау(контрагент А,контрагент В,контрагентС), жыл сайын өзгермейді.Қосымша ақпараттар контрагент түрлері арқылы кқрсетілуі мүмкін.13C(c)-(e) тармақтарындағы соманы ашу контрагенттерді қамтамасыз етеді,контрагенттердің жалпы сомасы бөлек ашылуы тиіс, ал басқа жеке маңызды емес мөлшерлі контрагенттер бір тізбекке қосылуы тиіс.
Басқалар
В53 13C-13E тармақтарына сәйкес нақты мәліметтер минималды талап болып табылады. 13B тармақтарындағы мақсатқа жету үшін, ұйым келісімге байланысты қосымша ақпараттарды ашуы керек болады,сонымен қатар сынаққа құқық немесе ұйымның қаржылық жағдайына потенциалдық ықпал болып табылады.
[1] 2010 жылдың қаңтарында жарияланған ХҚЕС-ын алғаш рет қолданушы ұйымдарға арналған 7 ХҚЕС-на сай (IFRS) 1 ХҚЕС-на енгізілген түзетулер негізінде 44G тармағына түзетулер ендірілді. Басқарма өздері қабылдаған қорытынды анық түсінікті болу үшін, сондайақ Қаржылық құралдар жөнінде ашып көрсетулерді жетілдіруде (7 ХҚЕС (IFRS) Түзетулер) қабылдау мақсатында 44 G тармағына түзету енгізді.