13-ші Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарты (IFRS 13)
«Әділ құнның бағасы»

 

Мақсаты

1             Осы стандарт:

(a)                 әділ құнға анықтама береді ;

(b)                бірыңғай ХҚЕС - та әділ құнды бағалау негізін баяндайды; және

(c)                 әділ құн бағасы жайында ақпаратты жариялауды талап етеді.

2              Әділ құн - бұл кәсіпорынның ерекшілігі есепке алынып қалыптастырылған бағалау емес, бұл нарық бағасы. Кейбiр активтер және мiндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет бар болады. Ал басқа активтер мен міндеттемелер бойынша бақыланатын нарықтық операциялар немесе нарықтық мәлiмет болмайды. Дегенмен, әділ құнды бағалаудың мақсаты екі жағдайда да бір - ағымдағы нарықтық жағдайдағы баға қойылатын күнде нарыққа қатысушылардың активті сату немесе бір-біріне міндеттемелерді тапсыру бойынша ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жүргізілетін бағаны анықтау (бұл дегеніңіз активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен белгіленген бағалау күніне шығатын баға).

3              Егер де нарықта ұқсас активке немесе міндеттемеге баға байқалмаса, кәсіпорын әділ құнды релевантты бақыланатын бастапқы деректер максималды қолданылатын және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды қолдануды қамтамасыз ететін басқа бағалау әдісін қолданып бағалайды. Әділ құн нарықтық баға болғандықтан, ол нарыққа қатысушылар активті немесе міндеттемені анықтауда қолдануы мүмкін жорамал қолданылып анықталады, тәуекелді де рұқсат ететін жорамалды қоса есептегенде. Демек, кәсіпорынның активті ұстап қалу немесе реттеу мақсаты, немесе міндеттемені қалай да орындау, әділ құнды бағалауда релевантты фактор болып табылмайды.

4              Әділ құнды бағалауда ерекше назар активтер мен міндеттемелерге аударылады, себебі олар бухгалтерлік есептің негізгі объектісі болып табылады. Сонымен қатар, осы стандарт әділ құн бойынша бағаланатын кәсіпорынның өзіндік үлестік аспаптарына қатысты қолданылуы керек

Қолдану аясы

5             Бұл стандарт басқа стандарт әділ құн бағасын талап етіп немесе пайдалануды рұқсат ететін немесе әділ құнды бағалау жайында мәлімет айқындалуын талап еткен жағдайда, 6 және 7 тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда колданылады (сонымен қатар, әділ құнға негізделген сатуға жұмсалған шығынды есептемегендегі әділ құнды бағалауда немесе осындай бағалау туралы ақпарат анықталғанда).

6              Осы стандартта ескерілген бағалау және ақпаратты анықтау талаптары мына жағдайларда қолданылмайды:

(a)                акцияға негізделген төлем операциялары, ХҚЕС (IFRS) қолдану аясына жататын «акцияға негізделген төлем»;

(b)                 жалгерлік операциялар, 17 ХҚЕС (IAS) қолдану аясына жататын «Жалдау»; және

(c)                 әділ құнға ұқсас, бірақ әділ құнға жатпайтын бағалар, мысалы 2 ХҚЕС - тағы (IAS) «Босалқылар» сатудың таза бағасы немесе 36 ХҚЕС -та (IAS) «Активтердің құнсыздануы» пайдаланудан алынатын құн.

7              Осы стандарт талап ететін ақпаратты айқындау мына жағдайларда кажет емес:

(a)             Әділ құн бойынша бағаланатын 19 ХҚЕС (IAS) «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» сәйкес жоспар активтері;

(b)            Әділ құн бойынша бағаланатын 26 ХҚЕС (IAS) «Зейнетақымен қамтамасыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп және есептілік» сәйкес зейнеткерлік жоспарға инвестициялар; және

(c)             36 ХҚЕС -қа (IAS) сәйкес қайтарылатын сома шығуына байланысты шығындар есептелмегендегі әділ құн болып табылатын активтер

8              Егер де әділ құнды бағалау талап етілсе немесе басқа да ХҚЕС - тармен рұқсат етілсе, осы стандартта баяндалған әділ құнды бағалау негізі бастапқы және кейінгі бағалауда қолданылады.

Бағалау

Әділ құнның анықтамасы

9             Осы стандарт әділ құнға нарыққа қатысушылардың баға қойылатын күнде ұйымдастырылған нарықта іске асатын операция жағдайында активті сату барысында немесе міндеттемені тапсыруда төленгенде алынатын баға ретінде анықтама береді.

10            В 2 тармағы әділ құн бағасына жалпы көзқарасты сипаттайды.

Актив немесе міндеттеме

11           Әділ құнның бағасы белгіленген актив немесе міндеттеме үшін жүзеге асырылады. Демек, әділ құнды бағалауда мекеме активтің немесе міндеттеменің мінездемесін есепке алу керек, мәселен, нарыққа қатысушылар осы мінездемелерді бағалау күніне активтің немесе міндеттеменің бағасын анықтауда есепке алғандағыдай. Бұл мінездемелер мынаны қамтиды:

(a)         активтің жағдайы мен орны; және

(b)        бар жағдайда, активті пайдалануға немесе сатуға шектеу

12            Белгілі бір мінездеменің бағалауға ықпалы нарықа қатысушылардың осы мінездемені есепке алуына байланысты өзгереді

13            Әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеме мынаны көрсетуі мүмкін:

(a)        жеке актив немесе міндеттеме (мысалы, қаржылық құрал немесе қаржылық емес актив); немесе

(b)       активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы (мысалы, қаржы жинайтын бірлік не бизнес).

14            Актив немесе міндеттеменің тану мақсаты немесе ақпаратты айқындау үшін жеке актив немесе міндеттеме, активтер тобы, міндеттемелер тобы немесе активтер мен міндеттемелер тобы болып табылуы оның есептеу бірлігіне тәуелді. Активтің немесе міндеттеменің есептеу бірлігі әділ құнды бағалауды талап ететін немесе рұқсат ететін осы стандарттарда көрсетілген жағдайлардан басқа кездегі ХҚЕС - қа сәйкес анықталады.

 Операция

15           Әділ құнды бағалау нарыққа қатысушылардың ағымдағы нарық жағдайында бағалау күніне ерікті түрде активті сату немесе міндеттемені беру операциясын жургізу барысында активті немесе міндеттемені айырбастауды болжайды.

16           Әділ құнды бағалау активті сату немесе міндеттемені беру операциясын мына жағдайларда қажет етеді:

(a)        осы активке немесе міндеттемеге негізгі болып табылатын нарықта; немесе

(b)       негізгі нарықтың жоқтығы жағдайында, осы активке немесе міндеттемеге ең қолайлы нарықта.

17            Мекемеге негізгі нарықты анықтау үшін көптеген сәйкес келетін нарықтарға іздеу салудың қажеті жоқ, сонымен қатар негізгі нарық болмауы жағдайында ең қолайлы нарықты іздеу де қажет емес, дегенмен, ұйым барлық дәлелді қол жетерлік ақпаратты есепке алуы қажет. Кері мәліметтің болмауы жағдайында активті сату немесе міндеттемені беру жөнінде шартқа отыруы мүмкін нарығы негізгі болып саналады, немесе, негізгі нарықтың болмауы жағдайында, ол ең қолайлы нарық болып табылады.

18            Актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықтың болуы жағдайында әділ құнның бағасы осы нарықта бағаны көрсетуі керек (бұл баға тікелей бақыланатын болады немесе басқа бағалау әдісі қолданылып есептелуі керек), бағалау күніне басқа нарықтағы баға мүмкіндігі бойынша тиімдірек болған жағдайда да.

19            Ұйым бағалау күніне негізгі (немесе барынша тиімді) нарыққа қол жеткізе алуы кажет. Түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдар  (немесе осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптары) не қилы нарықтарға қол жеткізуі мүмкін болғандықтан, бір активке немесе міндеттемеге негізгі (немесе ең қолайлы) нарықтар басқа да ұйымдарға (және осы ұйымдар аясындағы бизнес тараптарына ) әр түрлі болуы мүмкін. Демек, негізгі (және, сәйкесінше ең қолайлы) нарықты (және, сәйкесінше нарыққа қатысушыларды) ұйымның жағдайында түрлі қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар арасындағы және ішіндегі айырмашылықтарды осымен есепке ала отырып қарастыру қажет.

20            Ұйымның нарыққа қол жеткізуі тиістігіне қарамастан, осы нарықтағы қазіргі уақыттағы бағаның негізіндегі әділ құнды бағалауға мүмкіндік алу үшін, ол бағалау күніне нақты активті сатуға немесе нақты міндеттемені беруге міндетті емес.

21                Бағалау күніне активті сату немесе міндеттемені беру кезіндегі бағалар жайында ақпарат беретін бақыланатын нарықтың болмауы жағдайында да, әділ құнды бағалауда операция көрсетілген уақытта және нарыққа қатысушы активті ұстайтын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен қарастырылатын жорамал қабылдануы керек. Осындай жорамалда қабылданатын операция активті сату немесе міндеттемені берудегі бағаны анықтау негізін қамтамасыз етеді.

Нарыққа қатысушылар

22                 Ұйым активтердің және міндеттемелердің әділ құнын бағалауда нарыққа қатысушылардың өз экономикалық мүдделерінде жұмыс істейтінін ескере отырып, нарыққа қатысушылар берілген актив немесе міндеттемеге бағаны анықтауда пайдаланатын жорамалдарды пайдалану керек.

23            Берілген жорамалдарды қалыптастыруда ұйымға нақты нарыққа қатысушыларды анықтау қажет емес. Оның орнына, ұйым төменде көрсетілген жағдайларға қатысты факторларды қарастырып, нарыққа қатысушыларды бір- бірінен айыратын жалпы мінездемелерді анықтауы керек:

(a)                 актив немесе міндеттеме;

(b)                активке немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе ең қолайлы) нарық ; және

(c)                 осы нарықта ұйым келісімге келуі мүмкін нарыққа қатысушылар.

Баға

24           Әділ құн - бұл бағалау күніне ағымдағы нарықтық жағдайларда ерікті түрде негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта жүргізілген операция барысында активті сатудан алынатын немесе міндеттемені беруде төленетін баға (демек, шығу бағасы), бұл баға бақылануына немесе басқа баға беру әдісімен есептелуіне тәуелсіз болып табылады.

25            Активті немесе міндеттемені бағалауда қолданылған, негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта жұмыс істейтін баға келісімге жұмсалған шығынды есепке алумен түзетілмеуі керек. Келісімге жұмсалған шығындар басқа ХҚЕС -тарға сәйкес есептеуде көрсетілуі қажет. Келісімге жұмсалған шығындар активтің немесе міндеттеменің мінездемесі болып табылмайды; олар керісінше, келісім үшін өзгеше болып, активке немесе міндеттемеге қарасты ұйымның активке немесе міндеттемеге қарасты қалай келісімге келуіне байланысты айырмашылығы болады.

26            Келісімге жұмсалған шығындар жол шығындарын қоспайды. Егер де орналасқан орны активтің мінездемесі болып табылса (мысалы тауармен осылай болуы мүмкін), негізгі (немесе ең қолайлы) нарықтағы баға активтің қазіргі орны мен берілген нарыққа дейін жеткізуге жұмсалатын шығын болған жағдайда болуы мүмкін шығындарды есепке алумен түзетілуі қажет.

Қаржылық емес активтерге қатысты қолдану

Қаржылық емес активтерге қатысты ең жақсы және ең тиімді қолдану

27          Қаржылық емес активтің әділ құнын бағалауда нарыққа қатысушының активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану арқылы экономикалық пайданы жинақтау қабілеті немесе оны ең жақсы және ең тиімді қолдана алатын басқа нарыққа қатысушыға сатуы есепке алынады.

28            Қаржылық емес активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану үшін активтің нақты орындалып, заңды жағынан мүмкін болып, қаржылық тұрғыдан дәлелденіп, төмендегі келтірілгендей пайдаланылуы есепке алынуы қажет:

(a)                 Нақты орындалатын қолданыста нарыққа қатысушылар баға қоюда есепке алуы активтің нақты сипаттамаларын есепке алуды алдын ала ескереді (мысалы, мүліктің орны мен мөлшері).

(b)                Заң жағынан мүмкін қолданыс нарыққа қатысушының активке баға қоюда есепке алуы мүмкін активті пайдалануға түрлі заңды шектеулерді есепке алуды алдын ала ескереді  (мысалы, мүлікке қатысты аймаққа бөлу ережесі).

(c)                 Қаржылық тұрғыдан дәлелденген қолданыс активтің нақты тұрғыдан орындалатын және заңдық жағынан мүмкін пайдаланылуы пайда не қаржының келуін (активті осындай пайдалануға қатысты өзгеруге шыққан шығындарды есепке алып) қолға алды ма, сол фактіні есепке алып, ол қаржы пайда табуға жеткілікті болып, нарыққа қатысушылар осы активке осы қолданыста инвестициялардан талап етілуі лазым.

29                  Ең дұрыс және ең тиімді пайдалануды ұйым басқа қолданысты жақтағанмен, нарыққа қатысушылар анықтайды. Бірақ, тек нарықтық немесе басқа да факторлар нарыққа қатысушылардың басқаша қолдануы оның құнын максималды көтерілуінің мүмкіндігін көрсеткен жағдайда ғана болмаса, ұйымның қаржылық емес активті ағымдағы қолдануы ең дұрыс және ең тиімді пайдалануы болып есептеледі.

30                  Өзінің бәсекелестік жағдайын сақтау үшін, немесе басқа да себептермен ұйым активті алынған қаржылық емес активті пайдаланбауға шешім қабылдауы немесе осы активті ең дұрыс және ең тиімді жолмен пайдаланбауға шешім қабылдауы мүмкін. Мысалы, ұйымның басқалармен пайдаланылуын алдын ала  шектетіп, белгілі бір қорғаныспен қолдануға жоспарлаған алынған материалды емес активпен осылай болуы мүмкін. Дегенмен, ұйым қаржылық емес активтің нарыққа қатысушылардың ең дұрыс және тиімді пайдалануын ескере отырып әділ құнын бағалау керек.

Қаржылық емес активтерді бастапқы бағалау шарты

31            Қаржылық емес активтің ең дұрыс және тиімді пайдалануы бағалаудың бастапқы шартын қалыптастырады, бұл төменде келтірілгендей активтің әділ құнын бағалауда пайдаланылады:

(a)                 Қаржылық емес активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны басқа активтерге активтер тобы ретінде қосып пайдаланудан (инсталляция немесе пайдалану үшін басқа конфигурация) немесе басқа активтер және міндеттемелермен (мысалы, бизнес) максималды құнды алуды қамтамасыз етеді.

(i)                  Егер де активті ең дұрыс және ең тиімді пайдалану активті басқа активтермен бірге немесе басқа активтер мен міндеттемелермен пайдалануда жатса, онда активтің әділ құны - бұл активті сатуда ағымдағы операция барысында алынуы мүмкін баға балып табылады, мұнда осы активтің басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қосылып пайдаланылуы жорамалы қабылданады, және де берілген активтер мен міндеттемелер (демек оның қосымша активтері мен сәйкес мінднеттемелері) нарыққа қатысушыларға ашық болады.

(ii)                 Активпен және қосымша активтермен байланысты міндеттемелер айналым капиталын қаржыландыратын міндеттемелерді қосады, бірақ, осы активтер тобына жатпайтын активтерді қаржыландыру міндеттемелерін қоспайды.

(iii)               Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану жорамалы барлық активтерге, осы актив қолданылылатын активтер тобына немесе активтер мен міндеттемелер тобына (олар үшін ең жақсы және ең тиімді пайдалану орынды болуы керек) қатысты жүйелі пайдаланылуы керек.

(b)                Қаржылық емес активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану нарыққа қатысушыларға оны жеке пайдалануда максималды әділ құнды алуды қамтамасыз етеді. Активті ең жақсы және ең тиімді пайдалану оның жеке пайдаланылуында жатса, активтің әділ құны - нарыққа қатысушыларға осы активті сату бойынша операция барысында алынуы мүмкін баға болып табылады, олар осы активті жеке қолданатын еді.

32            Қаржылық емес активтің әділ құнды бағалауда актив басқа ХҚЕС - тарда (жеке актив болуы мүмкін) ескерілетін есептеу бірлігіне сәйкес сатылатындығы жорамалы қабылданады. Бұндай жағдай әділ құнды осылай бағалауда активтің ең дұрыс және ең тиімді қолданылуы оның басқа активтер немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қолданылуында екендігі жорамалы қабылданады, өйткені әділ құнды бағалау нарыққа қатысушының қосымша активтер мен оларға байланысты міндеттемелердің бар болуын ескереді.

33                  B3 тармағы қаржылық емес активтерге қарасты әуелгі бағалау шарттары туралы ұғымды пайдалануды сипаттайды:

 

Міндеттемелерге және ұйымның жекеменшік үлестік құралдарына қарасты қолданылуы

Жалпы принциптер

34           Әділ құнды бағалауда қаржылық немесе қаржылық емес міндеттеме немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралы (мысалы, бизнестің бірігуінде сыйақы ретінде берілген капиталға қатысу үлесі) нарыққа қатысушыға бағалау күніне берілетіндігі жорамалы қабылданады. Міндеттеменің немесе ұйымның өзіндік үлестік құралының берілуі мынаны көрсетеді:

(a)        Міндеттеме өшірілмеген болып қалуы мүмкін, және нарыққа қатысушы болып табылатын индоссат міндеттемені орындауға міндетті болатын еді. Міндеттеме контрагентпен реттелмей немесе бағалау күніне басқаша жағдайда өшірілмеген болатын еді.

(b)        Ұйымның өзіндік үлестік құралы өшірілмей қалып, ал нарыққа қатысушы болып табылатын индоссат болса, осы құралға байланысты құқықтар мен міндеттемелерді өзіне алатын еді. Құрал жойылмай немесе бағалау күніне басқа жолмен өшірілмеген болатын еді.

35            Міндеттемені немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралын берудегі баға жайлы ақпаратпен қамтамасыз ететін бақыланатын нарықтың болмауы жағдайында да (мысалы, мұндай бірліктерді беруге шарттық немесе басқа да заңдық шектеулер бөгет болады), егер де олар басқа жақтармен активтер ретінде ұсталатын болса (мысалы, корпоративтік облигация немесе ұйым акциясын сатып алуға арналған опцион), осындай бірліктерге арналған бақыланатын нарық болуы мүмкін.

36            Барлық жағдайларда ұйым әділ құнды бағалау мақсатына жету үшін релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша пайдаланып және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды пайдалануы қажет, бұл мақсат ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасындағы міндеттемені немесе үлестік құралды беру бойынша ерікті түрде жүргізілуі мүмкін операция бағасын анықтауға жатады.

Басқа жақтармен активтер ретінде ұсталатын міндеттемелер мен үлестік құралдар

37            Егер де ұйымның барабар немесе ұқсас міндеттемені немесе жекеменшік үлестік құралды беруге белгіленген баға қол жеткізгісіз болса, және де барабар  баға басқа жақпен актив ретінде ұсталса,ұйым міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын ұқсас бірлікті актив ретінде ұстайтын нарыққа қатысушының көзқарасымен бағалау керек.

38            Мұндай жағдайларда ұйым міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын мынадай жолмен бағалау керек:

(a)        Белсенді нарықтағы белгіленетін бағаны басқа жақпен актив ретінде ұсталатын, осы баға болған жағдайда, барабар бірлікке пайдалану.

(b)       Осындай бағаның болмауы жағдайында басқа бақыланатын бастапқы деректерді пайдалана отырып, мәселен, басқа жақпен актив ретінде ұсталатын, барабар бірлікке активті болып табылмайтын нарықта белгіленетін баға.

(c)        (a) және (b) тармақшаларында сипатталған бақыланатын бағаның болмауы жағдайында басқа бағалау әдісін қолдана отырып, мәселен:

(i)                Кірістік көзқарас (мысалы,келтірілген құн бойынша бағалау әдісі, ол бойынша нарыққа қатысушы актив ретінде ұстайтын міндеттемеден немесе үлестік құралдан алуға үміттенген келешек қаражаттың келуі есепке алынады;  B10 и B11 тармақтарды қара).

(ii)            Нарықтық көзқарас (мысалы,басқа жақтармен актив ретінде ұсталатын, белгіленетін бағаларды ұқсас міндеттемелер немесе үлестік құралдарға пайдалану; B5-B7 тармақтарды қара ).

39                Міндеттеменің немесе үлестік құралдың әділ құнын бағалауға жатпайтын тек активке тиесілі факторлар болған жағдайда ғана, ұйым міндеттеменің немесе ұйымның жекеменшік құралының басқа жақпен актив ретінде ұсталатын белгіленетін бағасын түзетү керек. Осы активті сатуға жол бермейтін шектеулерге ықпалын активтің бағасы көрсетпейтіндігіне ұйым кепілдеме беруі керек. Белгіленген баға түзетілуі тиіс фактісін көрсететін факторлар мынаны қамтиды:

(a)                 Активке белгіленген баға басқа жақпен актив ретінде ұсталатын барабар (бірақ ұқсас емес) міндеттемеге немесе үлестік құралға жатады. Мысалы, міндеттеменің немесе үлестік құралдың өзгеше мінездемесі болады (мысалы, эмитенттің несиеге қабілеттілігі), оның актив ретінде ұсталатын әділ құндағы барабар міндеттемеден немесе үлестік құралдан айырмашылығы болады.

(b)                Актив үшін алынған есептеу бірлігі міндеттеме немесе үлестік құрал үшін алынған есептеу бірлігінен айырмашылығы болады. Мысалы, міндеттемелер үшін кейбір жағдайларда активтің бағасы пакеттің құрамдастырылған сомасын көрсетеді, ол эмитентке алынатын сомамен бірге үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсетуді талап етуді қамтиды. Егер де міндеттеме үшін алынған есептеу бірлігі құрамдастырылған пакетке арналған есептеу бірлігі болып табылмаса, мақсат - құрамдастырылған пакеттің әділ құнын емес, эмитенттің міндеттемесінің әділ құнын бағалау болып табылады. Осылайша, ұйым активке бақыланатын бағаны үшінші жақтың несиелік сапасының қолдау көрсету талабы ықпалын жоққа шығару арқылы түзетуі мүмкін еді.

Басқа жақтармен актив ретінде ұсталмайтын міндеттемелер мен үлестік құралдар

40                Егер де ұйымның ұқсас немесе барабар міндеттемеге немесе жекеменшік үлестік құралға кесілген баға болмаған жағдайда, ал ұқсас бірлік басқа жақпен актив ретінде ұсталмаса, ұйым міндеттеменің немесе жекеменшік үлестік құралдың әділ құнын міндеттемесі бар немесе капиталдағы үлеске құқығын жариялаған нарыққа қатысушының дұрыс деп тапқан  бағалау әдісімен бағалауы қажет.

41            Мысалы, келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдана отырып, ұйым төменде көрсетілгеннің әрқайсысын есепке алуы мүмкін еді:

(a)                 міндеттемені орындаған жағдайдағы нарыққа қатысушының үміттенген қаржының кетуі, бұған нарыққа қатысушының міндеттемені алғандығы үшін талап ететін өтемақысы қосылады (B31-B33 тармақтарын қара).

(b)                нарыққа қатысушы сондай келісімшарттық шарттарда негізгі (немесе ең қолайлы) нарықта міндеттемені немесе үлестік құралды шығару үшін нарыққа ұқсас бірлікке баға қоюда пайдалануы мүмкін (мысалы, сондай несиелік мінездеменің болуы) жорамалды қолдана отырып, нарыққа қатысушының ұқсас міндеттеме немесе үлестік құрал алғандығы немесе шығарғандығы үшін алуы мүмкін сома.

Міндеттемелерді орындамау тәуекелі

42           Міндеттеменің әділ құны міндеттемелерді орындамау тәуекелі ықпалын көрсетеді. Міндеттемелерді орындамау тәуекелі соған қоса ұйымның өзіндік несиелік тәуекелін көрсетеді (7 ұсынылған «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС- та (IFRS) стандартымен байланысты). Міндеттемелерді орындамау тәуекелі міндеттемені беруден бұрын да, кейін де бірдей болатындығы жормалы қабылданады.

43            Міндеттеменің әділ құнын бағалауда ұйым өзінің несиелік тәуекелінің (несиге қабілеттілігінің) және де басқа да түрлі міндеттеменің орындалуына немесе орындалмауына ықпал ете алатын басқа да түрлі факторлардың ықпалын есепке алуы керек. Мұндай ықпал міндеттемеге байланысты өзгеруі мүмкін, мысалы:

(a)   мұндай міндеттеме қаржыны беруді міндеттейді ме (қаржылық міндеттеме) немесе тауарлар мен қызметтерді көрсетуді міндеттейді ме (қаржылық емес міндеттеме).

(b)  міндеттемемен байланысты, болған жағдайда, несиелік сапаға қолдау көрсетуді талап ету шарты.

44            Міндеттеменің әділ құны міндеттемені орындамау тәуекелінің ықпалын оның есептеу бірлігі негізінде көрсетеді. Есептеуде міндеттемеден бөлек көрсетілген, үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету міндетті талабымен шығарылған міндеттеменің эмитенті, үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету талабының ықпалын (мысалы, үшінші жақтың қарызын төлеудегі кепілдік) міндеттеменің әділ құнын бағалауға қоспау керек. Егер де несиелік сапаға қолдау көрсету талабы міндеттемеден бөлек есепте көрсетілген болса, міндеттеменің әділ құнын бағалауда эмитент гарант - үшінші жақтың несиеге қабілеттілігін емес, өзінің несиеге қабілеттілігін есепке алар еді.

Міндеттеменің немесе ұйымның жекеменшік үлестік құралын беруді рұқсат етпейтін шектеу

45            Міндеттеменің немесе жекеменшік үлестік құралдың әділ құнын бағалауға бірлікті беруді рұқсат етпейтін шектеудің болуына қатысты жеке бастапқы деректер немесе басқа бастапқы деректердің түзетілуін қоспау керек. Міндеттеменің немесе ұйымның үлестік құралын беруді рұқсат етпейтін шектеудің ықпалы әділ құнды бағалау үшін анық немесе анық емес формада басқа бастапқы деректерге қосылады.

46            Мәселен, операция күніне кредитор да, дебитор да міндеттеменің берілуге рұқсат етілмейтіндігі шектеуін жақсы біле отырып, операцияның бағасын міндеттеме ретінде қабылдады. Шектеу операция бағасына қосылғандықтан, шектеудің беруге ықпалын көрсету үшін операция күніне жеке бастапқы деректерді немесе бар бастапқы деректерді түзетуді қосудың керегі жоқ. Тура осылай, басқа болатын бағалау күндеріне  шектеудің беруге ықпалын көрсету үшін жеке бастапқы деректерді немесе бар бастапқы деректерді түзетуді қосудың еш қажеті жоқ.

Талап ету бойынша өтеуге мүмкіндігі бар қаржылық міндеттеме

47            Талап ету бойынша өтеуге мүмкіндігі бар қаржылық міндеттеменің әділ  құны (мысалы, сұрап алғанға дейінгі депозит) - бұл сома одан төлеуге талап етілуі мүмкін бірінші күннен бастап дисконттауды есепке ала отырып талап ету бойынша төленуі керек сомадан кем емес.

Контрагенттің несиелік тәуекелі  немесе нарықтық тәуекелдерде өтеу  ұстанымы бар қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге қарасты қолданылуы

48                Қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобын ұстайтын ұйым әр контрагенттің нарықтық тәуекелдерге (7 ХҚЕС - та (IFRS) ұсынылған анықтамаға сәйкес) және несиелік тәуекелге (7 ХҚЕС - та (IFRS) ұсынылған анықтамаға сәйкес) ұшырайды. Егер де ұйым қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелердің осындай тобын өзінің нарықтық тәуекелдерге немесе несиелік тәуекелге таза шалдыққыштық негізінде басқарса, ұйым осы стандартта әділ құнды бағалауға қатысты ескерілген ерекшелікті қолдануға хақы бар. Осы ерекшелік ұйымға қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын нарыққа қатысушылар арасында ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне ерікті түрде өткізілетін операция кезінде, нақты тәуекелді қабылдағаны үшін таза ұзын ұстанымды сатуда (демек, актив) немесе нақты тәуекелді қабылдағаны үшін таза қысқа ұстанымды беруде (демек, міндеттеме) алынуы мүмкін баға негізінде есептеуге мүмкіндік береді. Осыған сәйкес ұйым қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын нарыққа қатысушылар бағалау күніне тәуекелге таза ұшыраушылығын бағалауы мүмкіндігін ескере отырып бағалау керек.

49            Ұйым 48-тармақта көрсетілген ерекшелікті ол тек төменде көрсетілген шарттардың барлығын орындаған жағдайда ғана қолдана алады:

(a)                 кәсіпорынның тәуекелдерді басқару ресми стратегиясына немесе оның инвестициялық стратегиясына сәйкес, кәсiпорынның нақты нарықтық тәуекелге (тәуекелдерге) немесе нақты контрагенттің несиелік таза ұшыраушылығы негiзiнде қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелер тобын басқарады;

(b)                24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС - та (IAS)  ұсынылған анықтамасына сәйкес осы негізде қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелер тобы жайлы ақпаратты кәсiпорынның жоғарғы басқарушы қызметкер құрамына жеткізеді; және

(c)                  Қаржылық ағдай туралы есепте әр есеп беру кезеңінің соңына әділ құн бойынша осы қаржылық активтер және қаржылық мiндеттемелерді көрсетуге міндетті (немесе шешім қабылдады)

50            8 тармақта ескерілген ерекшелік қаржылық есепті көрсетуге еш қатысы жоқ. Кейбір жағдайларда қаржылық жағдай жайлы есепті көрсетудің негізі Қаржы құралдарын бағалауға арналған негізден айырмашылығы болады, мысалы, қандай да бір стандарт қаржылық құралдарды талап етпегенде немесе нетто - негізде көрсетуді рұқсат еткенде. Мұндай жағдайда ұйым түзетулерді портфел деңгейінде қаржылық активтер немесе қаржылық мәліметтер тобына кіретін ұйымның таза тәуекелге ұшыраушылық негізінде басқарылатын жеке активтер және міндеттемелер арасында таратып бөлуді қажет етуі мүмкін. Ұйым мұндай таратып бөлуді қалыптасқан жағдайдға сәйкес әдіснаманы қолдана отырып, рационалды және жүйелілік негізде жүргізуі керек.

51            Ұйым 8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» ХҚЕС -та (IAS) сәйкес есептік саясат аясында 48-тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдалану туралы шешім қабылдауы керек. Ерекшелікті пайдаланатын ұйым осы есептік саясатты жүйелі түрде пайдалануы керек, бұған түзетулерді таратып бөлуге қарасты сұраныс пен ұсыныс ескерілген (53-55 тармақтарды қара), және де несиелік тәуекел ескерілген түзетулерге қарасты өзіндік саясаты қосылуы керек, қажет жағдайда, нақты портфелге қарасты кезеңнен кезеңге.

52            48- тармақта көрсетілген ерекшелік 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау»ХҚЕС (IAS) немесе 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) аясына кіретін қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге қарасты ғана қолданылады.

Нарықтық тәуекелдерге ұшыраушылығы

53            Кәсіпорынның нақты нарықтық тәуекелі (немесе тәуекелдері) негізінде басқарылатын қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің әділ құнын есептеуге арналған 48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, кәсіпорын бағаны сұраныс және ұсыныс бойынша спрэд аясында қолдану керек, ол баға кәсіпорынның осы нарықтық тәуекелдерге таза ұшыраушылығында қалыптасқан жағдайларда әділ құн үшін ең өкілетті болып табылады (70 және 71 -тармақтарды қараңыз).

54                48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, кәсіпорын осы қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелер тобы аясындағы нарықтық тәуекел (немесе тәуекелдер) тура сондай екендігіне ұйым кепілдеме беруі керек. Мысалы, ұйым қаржылық міндеттемемен байланысты тауарлардың бағасы өзгеруі тәуекелі мен қаржылық активпен байланысты пайыздық тәуекелді байланыстырмас еді, өйткені бұл пайыздық тәуекелге немесе тауарлардың бағасы өзгеруі тәуекеліне ұйымның қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелерді кішірейтпес еді. 48- тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, нарықтық тәуекелдің ұқсас емес параметрлерінің болуының негізінде пайда болатын әр базисті тәуекел топ аясындағы қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің әділ құнын бағалауда есепке алынуы керек.

55            Осыған орай, қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерге байланысты пайда болатын ұйымның нақты нарықтық тәуекелге (немесе тәуекелдерге) ұшыраушылығы негізінде сондай болуы керек. Мысалы, тек осындай қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелерден тұратын топ аясындағы бесжылдық қаржы құралына байланысты пайда болатын, пайыздық тәуекелдің 12 айлық шамасымен байланысты қаржы ағындарын өтеу үшін 12 айлық фьючерстік келісімшартты қолданатын ұйым 12 айлық пайыздық тәуекелдің әділ құнын таза негізде бағалайды, ал пайыздық тәуекелдің қалған бөлігін (демек, 2 жылдан 5 жылға дейін) жалпы негізде бағалайды.

Нақты қарсы уәкілдің несие тәуекеліне ұшыраушылығы

56                48-тармақта көрсетілген ерекшелікті пайдаланған жағдайда, нақты қарсы уәкілмен мәмілелерде келісілген қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелер тобының әділ құнын бағалау үшін нақты қарсы уәкілдің тәуекеліне ұйымның ұшыраушылығының немесе нақты қарсы уәкілдің ұйымның тәуекелге таза ұшыраушылығының ықпалын әділ құнды бағалауға қосу керек, төлем жүргізілмеген жағдайда нарыққа қатысушылар несиелік тәуекелге ұшыраушылықты азайтатын барлық бар келісімдерді есепке алатын болса (мысалы, қарсы уәкілмен өзара төлем туралы негізгі келісім, немесе әр жақтың екінші жақтық несиелік тәуекелге таза ұшыраулығының негізіндегі кепілдік мүліктің айырбасын талап ететін келісім). Әділ құнды бағалау нарыққа қатысушылардың осындай келісім төлем жүргізілмеген жағдайда заңға сүйенген санкция негізінде қамтамасыз етілетіндігі үмітінің орындалуын көрсетеді.

Бастапқы танудағы әділ құн

57               Егер де осындай активтің немесе міндеттеменің айырбасталу операциясы кезінде актив алынса немесе міндеттеме қабылданса, онда операцияның бағасы - бұл активті алғандығы үшін немесе міндеттемені қабылдағаны үшін алынған баға (кіріс бағасы). Керісінше, актив немесе міндеттеменің әділ құны актив сатылған кезде алынуы немесе міндеттеме берілген кезде төленуі мүмкін баға (шығу бағасы). Ұйымдар активті оны сатып алынуы үшін төленген бағаға сата бермейді. Осыған орай, ұйымдар міндеттемелерді оларды қабылдағаны үшін алынған бағаға бере бермейді.

58            Көп жағдайда операцияның бағасы әділ құнға теңеледі (мысалы, актив сатылуы мүмкін операция күніне нарықта активті сатып алу операциясы жүргізіліп жатқан жағдайда осылай болуы мүмкін).

59            Әділ құн бастапқы тануда операция бағасына тең болуы мүмкіндігін анықтау кезінде, ұйым осы операцияға және осы актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын факторларды есепке алу керек. B4 тармағында операцияның бағасы бастапқы тануда актив немесе міндеттеменің әділ құны болмайтындығын көрсететін жағдайлар сипатталған.

60            Егер де қандай да бір ХҚЕС бастапқы тануда ұйымға актив немесе міндеттемені әділ құн бойынша бағалауға рұқсат берсе, ал операцияның бағасы әділ құннан өзгеше болса, ұйым бұл стандарт басқаны есепке алмаған жағдайлардан басқа жағдайда, осы жағдайда пайда болған пайда немесе шығынды кіріс немесе шығын аясында тану керек.

Бағалау әдістері

61           Ұйым қалыптастасқан жағдайларда қолайлы болып табылатын және сонымен қатар, релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша қолданып және бақыланбайтын бастапқы деректерді минималды қолданып, әділ құнды бағалауға жеткілікті деректерге қол жетімді әдістерді қолдану керек.

62                Бағалау әдісін қолданудың мақсаты операция жүргізілмеуі мүмкін ағымдағы нарықтық жағдайлардағы бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында активті сату немесе міндеттемені беру жөнінде ерікті түрдегі операция жүргізілуі мүмкін бағаны қою. Бағалаудың жалпы қолданылатын жалпы 3 әдісі: нарықтық жол, шығындық жол және кірістік жол. Бұл жолдардың негізгі тұрғылары B5-B11 тармақтарында көрсетілген. Ұйым әділ құнды бағалау үшін осы берілген жолдардың бірі не бірнешеулерімен үйлесімді бағалау әдісін қолдану керек.

63            Кейбір жағдайларда бағалаудың бір әдісін қолдану жарамды болады (мысалы, активті нарықта ұқсас активтер немесе міндеттемелер үшін кесілетін бағаны пайдаланып активті немесе міндеттемені бағалауда). Басқа жағдайда көптеген бағалау әдістерін қолдану жарамды болады (мысалы, қаржыны басқаратын бірлікті бағалауда осылай блуы мүмкін). Егер де әділ құнды бағалау үшін көптеген бағалау әдістері қолданылатын болса, онда нәтижелер (демек, әділ құнның сәйкес көрсеткіштері) берілген нәтижелермен белгіленген мағыналардың орындылығының диапазонын қарастыру жолымен бағалануы тиіс. Әділ құнды бағалау - бұл қалыптасқан жағдайларда әділ құнды барынша дәлдікпен көрсететін диапазонның аясындағы мағына.

64          Егер де операцияның бағасы бастапқы танудағы әділ құнды көрсетсе, басқа кезеңдерде әділ құнды бағалау үшін бақыланбайтын бастапқы деректер пайдаланылатын бағалау әдісі қолданылады, бағалаудың мұндай әдісі осы бағалау әдісін қолданғанда пайда болған бастапқы танудағы нәтиже операция бағасына тең келетіндей калибрленуі керек. Калибрлеу ағындағы нарықтық шарттардың бағалау әдісінде көрсетілуіне кепілдік етеді, және де ұйымға бағалау әдісін түзету қажеттілігін анықтауға көмек береді (мысалы, актив немесе міндеттеменің осы бағалау әдісімен ескерілмеген мінездемесі болуы мүмкін. Бастапқы танудан кейін бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылатын бағалау әдісі немесе әдістері пайдаланыла отырып әділ құнды бағалауда ұйым осы бағалау әдістері бақылау күніне бақыланатын нарықтық деректерді көрсететініне көз жеткізуі керек (мысалы, барабар актив немесе міндеттеме бағасына).

65            Әділ құнды бағалау үшін қолданылатын бағалау әдістері дәйектілікпен қолданылуы керек. Бірақ, егер де осындай өзгерту әділ құнға тең бағаны алуға әкелсе немесе қалыптасқан жағдайларда оны ең дәлдеп көрсетуге әкелсе, бағалау әдісіне немесе оның қолданылуына өзгертулер енгізу керек (мысалы, көптеген әдістерді қолдануда оның өлшенген мағынасының өзгеруі нмесе бағалау әдісіне қатысты қолданылатын түзетуді өзгерту). Егер де төменде көрсетілген жағдайдың қайсыбірі болатын болса, осылай болуы мүмкін:

(a)                 жаңа нарықтар дамыса;

(b)                жаңа ақпарат қол жетімді болса;

(c)                 ертеректе қолданылған ақпарат ендігәрі қол жеткізгісіз болса;

(d)                бағалау әдістері жетілдірілсе; немесе

(e)                 нарықтық жағдайлар өзгерсе.

66            Бағалау әдісінің немесе оның қолданылуының өзгеруі нәтижесінде пайда болған өзгертулер 8 ХҚЕС - қа (IAS) сәйкес есепте бухгалтерлік бағалаудың өзгеруі ретінде көрсетілуі керек. Дегенмен, 8 ХҚЕС- қа (IAS) сәйкес бухгалтерлік есептің өзгеруі туралы ақпараттың ашылуы - бағалау әдісінің немесе оның қолданылуының өзгеруі нәтижесінде пайда болған өзгерістерге қатысты талап етілмейді.

Бағалау әдістеріне арналған бастапқы деректер

Жалпы принциптер

67                Әділ құнды бағалауда пайдаланылатын бағалау әдістері релевантты бақыланатын бастапқы деректерді барынша қолданып, бақыланбайтын бастапқы деректерді ең аз қолдануы керек.

68            Кейбір активтер мен міндеттемелер (мысалы, Қаржы құралдары) үшін бақыланатын болуы мүмкін бастапқы деректері бар нарықтар мысалдары валюталық нарықтарды және «принципалдан принципалға» нарықтарын қамтиды ( B34 тармағын қараңыз).

69            Ұйым нарыққа қатысушылар міндеттемемен немес активпен операция жургізу кезінде есепке алатын (11 және 12 -тармақты қараңыз), активтің немесе міндеттеменің мінездемелерімен үйлесімді бастапқы деректерді іріктеп алуы керек. Кейбір жағдайларда мұндай мінездемелер сыйлық ақы немесе дисконт (мысалы, бақылау үшін сыйлық ақы немесе бақыламайтын үлестің дисконты) сияқты түзетулерді пайдалануға алып келеді. Бірақ, әділ құнды бағалау әділ құнды бағалауды талап ететін стандарта қабылданған есеп бірлігімен үйлеспейтін сыйлық ақыны немесе дисконтты қоспауы керек (13 және 14- тармақтарды қара). Ұйымның акция пакетінің мінездемесін мөлшер ретінде көрсететін сыйлық ақылар немесе дисконттар (әсіресе, активтің немесе міндеттеменің кесілетін бағасын түзететін қамалау факторы, өйткені, 80- тармақта сипатталғандай ұйымда бар активтер және міндеттемелердің мөлшерін қабылдау үшін нарықтың әдеттегі тәуліктік сауда айналымы жеткілікті емес), актив немесе міндеттеменің мінездемесі ретінде көрсетуден гөрі (мысалы, бақылайтын үлестің әділ құнын бағалауға арналған сыйлық ақы ) әділ құнды бағалауда есепке алынбауы керек. Барлық жағдайларда актив немесе міндеттемеге активті нарықта кесілетін бағаның болуында (демек, 1 деңгейдің бастапқы деректері), әділ құнды бағалауда ұйым 79-тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа кезде осы бағаны түзетусіз пайдалануы керек.

Сатушы мен сатып алушының бағаларына негізделген бастапқы деректер

70               Егер де әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттемеде сатушының бағасы және сатып алушының бағасы болса (мысалы, делдалдық нарықтың бастапқы деректері), онда қалыптасқан жағдайларда әділ құнды ең дәлдеп көрсететін сұраныс пен ұсыныс бойынша спрэд аясындағы баға әділ құн иерархиясы аясында осы бастапқы деректер қай категорияға жататынына қарамастан (демек, 1, 2 не 3 Деңгейге; 72-90- тармақтарды қара) әділ құнды бағалау үшін пайдаланылуы тиіс. Активтер позициясы бойынша сатып алушының бағасын және міндеттемелер позициясы бойынша сатушының бағасын қолдану міндеттеме емес, құқық болып табылады.

71            Осы стандарт орта нарықтық баға қалыптастыруда немесе нарыққа қатысушылардың спрэд аясында сұраныс пен ұсыныс бойынша әділ құнды бағалауға арналған практикалық қолғанат құрал ретінде қолданатын басқа да баға туралы келісімдерді пайдалануды жоққа шығармайды.

Әділ құнның  иерархиясы

72               Әділ құнның бағасының барынша дәйектілігі мен салыстырылатындығын және сәйкес ақпараттың ашылуына қол жеткізу үшін, осы стандарт әділ құн иерархиясын орнатады, ол әділ құнды бағалау үшін пайдаланылатын бағалау әдісіне арналған бастапқы деректерді үш деңгейге бөледі (76-90 -тармақтарды қара).Әділ құн иерархиясы ұқсас активтер немесе міндеттемелерге арналған активті нарықта кесілетін (түзетілмейтін) бағаларды артық санайды (1-деңгейдің бастапқы деректері), ал бақыланбайтын бастапқы деректерді кем санайды (3-деңгейдің бастапқы деректері).

73           Кейбір жағдайларда актив немесе міндеттеменің әділ құнын бағалау үшін пайдаланылатын бастапқы деректер әділ құнның иерархиясының түрлі деңгейлері аясында категоряларға бөлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда әділ құнды бағалау толығымен жалпы бағалау үшін маңызды болып табылатын төменірек деңгейдің бастапқы деректері жататын  әділ құнның сол деңгейіне жатады. Жалпы бағалау үшін нақты бастапқы деректрдің маңыздылығын анықтау актив немесе міндеттеме үшін ереше болып табылатын факторларды есепке алатын пайымдаманы пайдалануды талап етеді. Сатуға шығындану сияқты әділ құнға негізделген бағалар алуға қажетті түзетулер сатуға шыққан шығынды есептемегендегі әділ құнды бағалауда, әділ құнның  бағасы жататын деңгейді анықтауда еспке алынбауы тиіс.

74            Релевантты бастапқы деректердің болуы және олардың салыстырмалы субъективтілігі жарамды бағалау әдісінің таңдауына ықпал етуі мүмкін (61 тармақты қара). Дегенмен, әділ құнның иерархиясы әділ құнды бағалау үшін қолданылатын бағалау әдістеріне емес, бағалау әдістеріне арналған бастапқы деректерді артық санайды. Мәселен, көрсетілген құн бойынша бағалау әдісі пайдаланылып алынған әділ құнның бағасы 2 - деңгейге немесе 3 - деңгейге жатқызылуы мүмкін, бұл жалпы бағалауда маңызды болып табылатын бастапқы деректерге және осы бастапқы деректер жатқызылатын әділ құнның иерархиясы деңгейіне тәуелді.

75               Егер де бақыланатын бастапқы деректер бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылып жүргізілетін түзетулерді талап етсе, және де мұндай түзету әділ құнның біршама жоғары немесе біршама төмен бағасының болуына себеп болса, осының нәтижесінде алынатын баға әділ құн иерархиясының 2- деңгейіне жатқызылатын болады. Мысалы, нарыққа қатысушы активке баға қоюда активті сатуға шектеудің ықпалын есепке алса, ұйым кесілетін бағаны осы шектеудің ықпалын ескере отырып түзетуші еді. Егер осындай кесілетін баға 2 - деңгейдің бастапқы деректерін көрсетсе, ол түзету жалпы бағалауда маңызды болып табылатын бақыланбайтын бастапқы деректерді көрсетсе, бұл баға әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын еді.

1-      деңгейдің бастапқы деректері

76            1- деңгейдің бастапқы деректері  - ұйым бағалау күніне қол жеткізе алатын ұқсас актив немесе міндеттемеге арналған белсенді нарықтағы кесілетін (түзетілмейтін) бағалар.

77            Кесілетін баға активті нарықта әділ құнның барынша сенімді дәлелі болып табылады, және әділ құнды бағалау үшін 79-тармақтарда көрсетілген жағдайлардан басқа жағдайда, қол жетімді болатын әр кезде түзетусіз қолданылуы керек.

78            1-деңгейдің бастапқы деректері көптеген қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер үшін ашық болады, олардың кейбіреулері көптеген нарықтарда (мысалы, түрлі биржаларда) айырбасталуы мүмкін. Демек, 1-деңгей аясында аса назар мынаны анықтауға бөлінеді:

(a)                 актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарық, немесе, негізгі нарықтың болмауы жағдайында актив немесе міндеттеме үшін барынша пайдалы нарық; және

(b)                ұйым бағалау күніне осы нарықтың бағасымен актив немесе міндеттемемен операцияға қатыса алады ма. 

79                Ұйым 1 - деңгейдің бастапқы деректерін тек мына жағдайларда ғана түзетуі керек: 

(a)                 ұйым әділ құн бойынша бағаланатын барабар (бірақ, ұқсас емес) активтер мен міндеттемелердің (мысалы, қарыздық бағалы қағаздардың) көп мөлшерін, ал кесілетін баға активті нарықта бар, бірақ жеке түрдегі активтің немесе міндеттеменің әрқайсысына кез келген уақытта қол жетімді бола бермейді (демек, ұйым ұстап тұратын барабар активтер немесе міндеттемелердің көп мөлшерінің болуы шартында, бағалау күніне әр жеке актив немесе міндеттеме үшін баға туралы ақпаратты алу үшін қиынға соғар еді). Мұндай жағдайда, практикалық қолғанат құрал ретінде ұйым әділ құнды тек кесілетін бағаларға ғана негізделмеген  альтернативті бағалау әдісін қолдана отырып бағалауға болар еді. Бірақ, альтернативті бағалау әдісін қолдану әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейге жататын әділ құнның бағасын алуға әкеледі.

(b)                Кесілетін баға активті нарықта баға күніне әділ құн болып табылмайды. Бұл мына жағдайда орын алады: мысалы, маңызды оқиғалар («принципалдан принципалға» нарығындағы операция, делдалдық нарықтағы сауда немесе хабарламалар сияқты) бағалау күні келуден бұрын, нарық жабылған соң орын алған жағдайда. Ұйым мұндай оқиғаларды анықтау керек және әрі қарай осындай әділ құнды бағалауға ықпалын тигізетін оқиғаларды тану саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруы керек. Дегенмен, егер кесілетін баға жаңа ақпаратты есепке ала отырып түзетілсе, мұндай түзету әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейге жататын әділ құн бағасын алуға әкеліп соғады.

(c)                 Актив ретінде активті нарықта сатылатын, ұқсас бірлікке кесілетін бағаны қолданып ұйымның міндеттемесінің немесе жекеменшік үлестік құралының әділ құнын бағалауда, және бұл баға актив немесе бірлікке тән ерекше факторларды есепке ала отырып түзетілуі керек (39-тармақты қара). Егер де активтің кесілетін бағасының түзетілуі қажет емес болса, онда нәтиже әділ құн иерархиясында 1- Деңгейге жататын әділ құн бағасын алу болады. Дегенмен, активтің кесілетін бағасының кез келген түзетілуі, әділ құн иерархиясында барынша төмен деңгейіне жатқызылатын әділ құнның бағасының алынуына әкеліп соғады.

80                           Егер де ұйым жеке актив немесе міндеттеменің ұстанымын ұстанса (қаржы құралдары мен пакеті сияқты ұқсас активтер немесе міндеттемелерден тұратын ұстанымды да қосқанда), ал актив немесе міндеттеме активті нарықта сатылатын болса, бұл активтің немесе міндеттеменің әділ құны, кесілетін бағаның жеке актив немесе міндеттеме олардың ұйым ұстап қалатын мөлшеріне көбейтілгенде алынатын бағаның мөлшерінде бағалануы керек. Егер де күнделікті тәуліктік айналым ұйымның бар активтер және міндеттемелер мөлшерін қамтуға жеткіліксіз болса да, ол жеке операцияда позицияларды сатуға тапсырыстың берілуі кесілетін бағаға ықпал етуі мүмкін болатын жағдайдың өзінде де осылай болады.

2 -деңгейдің бастапқы деректері

81            2- деңгейдің бастапқы деректері - бұл бірінші деңгейге қосылған кесілетін баға болып табылмайтын және де актив немесе міндеттеме үшін тікелей немесе жанама бақыланатын болып табылатын бастапқы деректер.

82            Егер де актив немесе міндеттеменің белгілі бір (шарттық) кезеңі болса, 2 -деңгейдің бастапқы деректері актив немесе міндеттеменің жұмыс істеуінің іс жүзінде толық мерзіміне бақыланатын болуы керек. 2-деңгейдің бастапқы деректері мынаны қамтиды:

(a)                 активті нарықтарда барабар активтер немесе міндеттемелерге кесілетін баға.

(b)                активті болып табылмайтын нарықтарда ұқсас немесе барабар активтер немесе міндеттемелерге кесілетін баға.

(c)                 кесілетін бағадан басқа актив немесе міндеттеме үшін бақыланатын болып табылатын бастапқы деректер, мысалы:

(i)              дағдылы кесілетін интервалдармен бақыланатын сыйлық беру мөлшерлері мен қисық пайдалар;

(ii)            тұспалданатын құбылмалылық; және

(iii) несиелік спредтер.

(d)                Нарықпен дәлелденетін бастапқы деректер.

83            Актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын факторларға байланысты 2 -деңгейдің бастапқы деректерінің түзетулері өзгереді. Мұндай факторлар мынаны қамтиды:

(a)                 активтің жағдайы немесе орны;

(b)                актив немесе міндеттемемен салыстыруға болатын бірліктерге жататын бастапқы деректердің деңгейі (39-тармақта көрсетілген факторларды қосқанда); және

(c)                 осы бастапқы деректер бақыланатын нарықтардағы жұмыстың мөлшері мен деңгейі.

84            Егер де түзету үшін маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылатын болса, жалпы бағалауға маңызды болып табылатын 2 - деңгейдің бастапқы деректерінің түзетілуі әділ құн иерархиясында  3 - деңгейге жататын әділ құн бағасын алуға алып келеді.

85            B35 тармағында нақты активтер және міндеттемелерге қатысты 2 - деңгейдің бастапқы деректерін қолдану сипатталады.

3 - деңгейдің бастапқы деректері

86            3 - деңгейдің бастапқы деректері - бұл актив немесе міндеттеме үшін бақыланбайтын бастапқы деректер.

87            Егер де релевантты бақыланатын бастапқы деректер қол жеткізгісіз болса, әділ құнды бағалауға бақыланбайтын бастапқы деректер қолданылуы тиіс, сол жағдайда, осылайша бағалау күніне активке немесе міндеттемеге қажет нарықтағы болған жағдайдағы кішігірім іс - әрекет болатын жағдайлар есепке алынады. Дегенмен, әділ құнды бағалау мақсаты бұрынғысынша қалады, демек активті ұстап тұратын немесе міндеттемесі бар нарыққа қатысушының көзқарасымен белгіленген бағалау күніне шығу бағасы. Сондықтан бақыланбайтын бастапқы деректер нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қойғанда пайдалануы мүмкін, тәуекел туралы жорамалды қосқандағы жорамалды көрсетуі керек.

88            Тәуекел жорамалы әділ құнды бағалауға қолданылатын нақты бағалау әдісіне тән тәуекелді қамтиды (баға жасау улгісіне сияқты), және де осы бағалау әдісінің бастапқы деректеріне тән тәуекелді қосады. Тәуекелдер есепке алынған түзету қосылмаған баға егер де нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қоюда осы түзетуді қосатын болса, әділ құнның бағасы болып табылмайды. Мысалы, тәуекелдер есепке алынған түзетуді қосу бағаның анағұрлым белгісіздігі болғанда қосу қажеттілігі пайда болуы мүмкін (мысалы, берілген актив немесе міндеттеме, немесе барабар активтер немесе міндеттемелерге қатысты нарықта дағдылы қызметке қатысты мөлшердің немесе іс - әрекеттің қызмет деңгейінің төмендеуі жағдайында, және ұйым B37-B47 тармақтарында ұсынылған сипаттамаларға сәйкес операцияның бағасы немесе кесілетін баға әділ құн болып табылмайды деп шешсе) .

89            Ұйым ұйымның жеке деректерін қосуы мүмкін қалыптасқан жағдайда қол жетімді барлық ақпаратты пайдалана отырып бақыланбайтын бастапқы деректерді дамыту керек. Бақыланатын бастапқы деректерді жасауда ұйым өз деректерінен бастауы мүмкін, бірақ ол бұл деректерді дәлдеп түзетіп отыруы керек, егер де басқа нарыққа қатысушылар басқа деректерді қолдануы мүмкіндігін немесе басқа нарыққа қатысушылардың қол жетпейтін ұйым үшін ерекше болып табылатын дәлелденген қол жетімді ақпараттың бар екендігіне сілтесе (мысалы, ұйымға ерекше болып келетін синергия). Ұйымға нарыққа қатысушылардың жорамалдары туралы ақпарат алу үшін көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Дегенмен, ұйым дәлелденген қол жетімді болып табылатын нарыққа қатысушылардың жорамалдары жайлы барлық ақпаратты есепке алуы керек. Жоғарыда сипатталған шараларға сәйкес жасалған дамытылған бақыланбайтын бастапқы деректер нарыққа қатысушылардың жорамалдары болып табылады және әділ құнды бағалау мақсатына сәйкес.

90            B36 тармағында нақты актив немесе міндеттемеге қатысты 3 - деңгейдің бастапқы деректерін пайдалану сипатталған.

Ақпаратты ашып көрсету

91           Ұйым оны қаржылық есепті пайдаланушыларға мынаны бағалауға жәрдем беретін ақпаратты ашу керек:

(a)                 Бастапқы танудан кейін қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша көп қайталанатын немесе бірқайтара негізде көрсетілетін активтер және міндеттемелерге қатысты осы бағаларды алу үшін қолданылған бағалау әдістері және бастапқы деректер.

(b)                Маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер пайдаланылған көп қайталанатын әділ құнның бағаларына қатысты, бағалардың кіріс немес шығынға немесе кезеңдегі басқа біріккен кіріске ықпалы.

92            91- тармақта берілген мақсаттарға жету үшін, ұйым мына сұрақтардың барлығын қарастыру керек:

(a)                 ақпаратты ашу талаптарын орындауға қажетті тәптіштеу дәрежесі;

(b)                әр қилы талаптардың әрқайсысына қаншалықты көп мағына бөлінуі керек;

(c)                 ақпаратты біріктірудің немесе тәптіштеудің қажетті дәржесі; және 

(d)                қаржылық есепті пайдаланушыларға ашылған сандық ақпаратты бағалауға қосымша ақпараттың қажеттілігі.

Егер осы стандартқа басқа ХҚЕС -қа сәйкес ашылған ақпарат

91-тармақта көрсетілген мақсаттарға жету үшін жеткіліксіз болса, ұйым осы мақсаттарға жетуге қажетті қосымша ақпаратты ашу керек.

93            91-тармақта көрсетілген мақсаттарға жету үшін, ұйым ең аз дегенде бастапқы танудан кейін қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша бағаланатын активтер мен міндеттемелердің әр класы жөнінде келесі ақпаратты ашу керек:

(а)           әділ құнның көпқайтара және бірқайтара бағалануына қатысты есеп беру кезеңінің соңындағы әділ құнның бағалары, ал әді құнның бір рет бағалануына оларды алуға арналған себептер. Активтер немесе міндеттемелердің әділ құнының көп қайталанатын бағалары әр қаржылық жағдай туралы есепте әр есеп беру кезеңінің соңына басқа ХҚЕС - тармен талап етілетін немесе рұқсат етілетін бағалар болып табылады. Активтер немесе міндеттемелердің әділ құнының бір қайталанатын бағалары қаржылық жағдай туралы есепте белгілі бір жағдайларда басқа ХҚЕС - тармен талап етілетін немесе рұқсат етілетін бағалар болып табылады (мысалы, сатуға арналған активті ұйымның 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызметке» ХҚЕС (IFRS) сәйкес әділ құн бойынша сатуға шағынды алып тастағанда бағалауы).

(b)           әділ құнның көп қайтара және бәр дүркін бағаларына қатысты, әділ құнның осы бағалары жалпы жататын әділ құнның иерархиядағы деңгейі (1, 2 немесе 3- деңгей).

(c)                 есеп беру кезеңінің соңына ұсталынатын көп қайтара негізде әдемі құн бойынша бақыланатын активтер мен міндеттемелерге қатысты, әділ құн иерархиясында 1- деңгей мен 2- деңгей арасындағы түрлі ауыстырулардың сомасы осындай аудармалар себебі және ұйымның деңгейден деңгейге ауыстыру орындалғандығы саналатынына қатысты саясаты (95- тармақты қараңыз). Әр деңгейге аудару  - әр деңгейден аударудан жеке ашылып, талқылануы керек.

(d)                әділ құн иерархиясында 2- деңгейге және 3- деңгейге жатқызылатын әділ құнның көп қайтара бір рет бағалануына қажетті, әділ құнды бағалауда пайдаланылған бағалау әдісінің немесе әдістерінің және бастапқы деректердің сипаттамасы. Бағалау әдісіне қандай да бір өзгеріс енгізген жағдайда (мысалы, нарықтық жолдан кірістік жолға өту немесе бақылаудың қосымша әдісін пайдалану) ұйым осы өзгеріс жайлы және оның себебі (себептері) жайлаы ақпаратты ашу керек. Әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын әділ құн бағаларына сәйкес ұйым әділ ққнды бағалауға пайдаланылатын маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер туралы мөлшерлі ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Ұйым ақпаратты анықтау туралы осы талапты орындау үшін көп қайтара ақпаратты дамытуға міндетті емес, егер де ұйым әділ құнды бағалауда көп қайтара бақыланбайтын бастапқы деректерді дамытпаса (мысалы ұйым бұрын болған операциялардың бағасын немесе баға туралы үшінші жақтың ақпаратын түзетпей пайдаланса). Дегенмен, мұндай ашу жасай отырып ұйым әділ құнды бағалауда маңызды болып табылатын және ұйым үшін қол жетімді болып табылатын көп қайтара бақыланбайтын бастапқы деректерге назар аудармай қоя алмайды.

(e)           әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын әділ құнның көп қайтара бағалары қатысында кезеңнің ағымында орын алған өзгертулердің жеке ашылуымен кезеңнің басындағы сальдоның және кезеңнің аяғындағы сальдоның салыстыруын салыстырып тексеру мынаған жатады:

(i)                  табыс немесе шығын құрамында дәлелденген кезеңдегі жалпы кіріс немесе шығын, және осы кірістер мен шығындар мойындалған пайда немесе шығын құрамындағы сызықты бап немесе баптар.

(ii)                басқа біріккен табыс құрамында мойындалған жалпы табыстар немесе шығындар, және осы табыстар не шығындар мойындалған сызықтық бап немесе баптар басқа біріккен табыстар құрамында

(iii)               сатып алу, сату, шығару және есептесу (осы түрлердің әрқайсысы жеке ашылады).

(iv)              әділ құн иерархиясында 3 -деңгейге және 3 - деңгейден кез келген аударулардың сомалары, мұндай аударулардың себептері және ұйымның деңгейден деңгейге аударымдардың болғандығын анықтаудағы саясаты (95-тармақты қараңыз). 3-деңгейге аудару 3-деңгейден аударудан бөлек ашылып талқылануы керек.

(f)      әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жатқызылатын әділ құнның көп қайтара бағалануына қатысты, (e) (i) тармақшаларында көрсетілген, табыс немесе шығын құрамына енгізілген осы активтер мен міндеттемелерге қатысты, есеп беру кезеңінің соңына ұсталатын жұмсалмаған табыс немесе шығындардың өзгеруіне қатысты кезең бойынша жалпы кіріс немесе шығындардың сомасы және жұмсалмаған табыс немесе шығындар мойындалған кіріс немесе шығын құрамындағы сызықтық бап немесе баптар.

(g)          әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын көп қайтара және бір рет әділ құнның бағалануына қатысты ұйым қолданатын бағалау процестерін сипаттау (бағалау саясаты мен шараларымен байланысты ұйым қалай шешім табады, және кезеңнен кезеңге болып тұратын әділ құнды бағалаудың өзгерістерін қалай сараптайды, мысал үшін).

(h)           әділ құнның иерархиясында 3- деңгейге жататын әділ құнның көп қайтара бағалануына қатысты:

(i)            барлық осындай бағаларға қатысты, бақыланбайтын бастапқы деректердің өзгерістеріне әділ құнның бағалануының сезімталдығының егжей-тегжейлі сипаттамасы, егер мұндай бастапқы деректердің басқа сомаға өзгеруі әділ құнның анағұрлым жоғары немесе анағұрлым төмен бағасының алынуына әкеліп соқса.  Әділ құнды бағалауда қолданылатын осындай бастапқы деректер және басқа бақыланбайтын бастапқы деректер арасындағы өзара байланыс болғанда, ұйым осы өзара байланыстың және олардың бақыланбайтын бастапқы деректерінің өзгерістерінің әділ құнды бағалау үшін күшейтетін және жұмсартатын сипаттамасын беру керек. Ақпаратты ашудың осы талабын орындау үшін бақыланбайтын бастапқы деректердің өзгерісіне сезімталдықтың егжей-тегжейлі сипаттамасы ең аз дегенде, талапты орындаған жағдайда ашылатын бақыланбайтын бастапқы деректерді қосу керек (d).

(ii)           қаржылық активтер және қаржылық міндеттемелергеатысты, егер де бір немесе бірнеше бақыланбайтын бастапқы деректің өзгерісі дәлелденіп мүмкін болатын жорамалдардың мақсатын көрсетумен әділ құнды барынша өзгертсе, ұйым бұл фактіні көрсету керек және мұндай өзгерістердің ықпалын ашу керек. Ұйым дәлелденіп мүмкін болатын альтернативті жорамалын көрсету мақсатымен өзгерістің ықпалы қалай есептелгендігі туралы ақпаратты ашу керек, мұндай мақсатпен, табыс немесе шығын, және активтердің жалпы сомасының немесе міндеттемелердің жалпы сомасына қатысты мұндай ықпалдың маңыздылығы туралы пайымдама қабылдануы керек, немесе, егер әділ құнның өзгерісі басқа біріктірілген кірістің құрамында мойындалса, капиталдың жалпы сомасының да.

(i)                  әділ құнның көп қайтара жіне бір рет бағалануына қатысты, егер де қаржылық емес активтің ағымдағы пайдаланылуы оның ең жақсы және анағұрлым нәтижелі пайдаланылуынан айырмашылығы болса, ұйым бұл фактіні және қаржылық емес активтің ең жақсы және ең тиімді нәтижелі түрде қолданылмауын ашу керек.

94            Ұйым активтер мен міндеттемелердің дұрыс сыныптаусын мына негізде жүзеге асыруы керек:

(a)                 активтің мінезі, мінездемесі және тәуекелдері; және

(b)                әділ құн иерархиясында әділ құнның бағасының жататын орны.

                 Мүмкін, әділ құнды бағалау үшін әділ құн иерархиясында 3- деңгейге жататын көп мөлшерде кластар қажет болар, өйткені бұл бағалар үлкен дәрежеде анықталмаған және субъективті болып келеді. Әділ құнды бағалау туралы ақпарат ашылуы керек активтер мен міндеттемелердің дұрыс сыныптаусы пайымдаманы қабылдауды талап етеді. Активтер мен міндеттемелердің класы қаржылық жағдай көрсетілген сызғыштық баптарға қарағанда көбірек детальді бөлуді қажет етеді. Дегенмен, ұйым қаржылық жағдай туралы есепте көрсетілген сызғыштық баптарды салыстырып тексеру үшін жеткілікті ақпаратты беру керек. Егер де қандай да бір ХҚЕС мен активтің немесе міндеттеменің класы туралы сөз болса, онда ұйымға осы стандартта талап етілетін информацияны ашу үшін осы класты пайдалануға болады, егер де осы класс осы тармақтарда көрсетілген талаптарға сай келсе.

95            Ұйым 93 (c) және (e) (iv) тармақтарға сәйкес деңгейден деңгейге аударымдардың қашан болғандығын анықтауда өз саясатын ашып және дәйектілікпен сақтау керек. Аударымдардың уақытын тануға қатысты саясат деңгейге аудару және деңгейден аударуларға тең болуы қажет. Аударымдардың уақытын анықтау саясатының ережелері мысалы мынаны қамтиды:

(a)                 жағдайдың туу уақыты немесе аударуға себеп болған жағдайлардың өзгеруі

(b)                есеп беру кезеңінің басталуы

(c)                 есеп беру кезеңінің аяқталуы.

96            Егер де ұйым 48- тармақта көрсетілген есеп саясаты аясында ерекшелікті пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол бұл фактіні ашу керек.

97            Ұйым қаржылық жағдай туралы есепте әділ құн бойынша көрсетілмеген, бірақ оларға қатысты әділ құн ашылатын активтер және міндеттемелердің әр класы бойынша 93 (b), (d) және (i) тармақшаларына сәйкес талап етілген ақпаратты ашу керек. Бірақ  ұйым 93 (d) тармақша талап ететін, әділ құн бағалауында пайдаланылатын, әділ құн иерархиясында 3 - деңгейге жататын маңызды бақыланбайтын бастапқы деректер туралы мөлшерлі ақпаратты ашуға міндетті емес. Мұндай активтер мен міндеттемелерге қатысты ұйымға осы стандарт талап ететін басқа ақпаратты ашу қажет емес.

98            Әділ құн бойынша бағаланатын және үшінші жақтың несиелік сапасына қолдау көрсету ажырамайтын талабымен шығарылатын міндеттемеге қатысты эмитент мұндай несиелік сапаға қолдау көрсету талабының орын алу фактін және де ол осы міндеттеменің әділ құнын бағалауда көрсету фактін ашу керек. 

99            Ұйым кестелік форматта осы стандарт талап ететін мөлшерлік ақпаратты ашуы тиіс, басқа формат тиімдірек болған жағдайдан басқа жағдайда.

 

A Қосымшасы

Терминдердің анықтамалары

Бұл қосымша осы ХҚЕС стандартының ажырамас бөлігі болып табылады

 

белсенді нарық

 

Бағалар туралы ақпаратты тұрақты негізде алуға рұқсат ететін, активтер немесе міндеттемелер операциялары жеткілікті жиілікпен және жеткілікті көлемде жүргізілетін нарық.

шығындық жолы

 

Активтің өнімділік қажеттілігін арттыру үшін қазіргі уақытта қажет бола алатын сома көрсетілетін бағалау әдісі (жиі ағындағы ауыстыру сомасы деп аталады).

кіру бағасы

Активті алуға төленетін немесе айырбас операциясын жүргізу барысында міндеттемені алғандығы үшін алынатын баға.

шығу бағасы

Активті сату кезінде алынуы мүмкін немесе міндеттемені беру кезінде төленуі мүмкін баға.

қаржының күтілетін ағыны

Ықтималдылық есепке алынып өлшенген келешекте болуы мүмкін қаржы ағынының орта мағынасы (демек, бөлудің орта мағынасы).

әділ құн

Бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында ерікті негізде операция жүргізу барысында активті сатуда алынуы мүмкін немесе міндеттемені беруде төленуі мүмкін баға.

ең дұрыс және анағұрлым тиімді пайдалану

 

Нарыққа қатысушылардың қаржылық емес активті актив қолданылуы мүмкін, активтің немесе активтер мен міндеттемелер тобының (мысалы, бизнестің) құнын барынша көтеруі мүмкін қолданылуы.

табыстық жол

Болашақ сомаларды (мысалы, қаржы ағындары немесе табыстар мен шығындар) осы кездегі біртұтас сомаға (демек, дисконтталған) сомаға өзгертетін бағалау әдістері. Әділ құнды бағалау осындай болашақ сомаларға қатысты қазіргі нарықтық ықтималдылығы белгіленген құнның негізінде жүзеге асады.

 

 

бастапқы деректер

Нарыққа қатысушылардың  актив немесе міндеттемеге баға қоюда қолданылуы мүмкін жоромалдар, бұған төменде көрсетілгендей тәуекелдер жайлы жорамалдар да қосылады :

(a)                 әділ құнды бағалау үшін қолданылатын  (баға жасау үлгісі сияқты) нақты бағалау әдісіне тән тәуекел; және

(b)                бағалау әдісінің бастапқы деректеріне тән тәукел.

Бастапқы деректер бақыланатын немесе бақыланбайтын болуы мүмкін.

1 - деңгейдің бастапқы деректері

Ұйым бағалау күніне рұқсат ала алатын активті нарықтардағы ұқсас активтер немесе міндеттемелерге кесілетін (түзетілмейтін) баға.

2 - деңгейдің бастапқы деректері

Активке немесе міндеттемеге тікелей немесе жанама түрде бақыланатын болып табылатын, 1-деңгейге жататын кесілетін  баға болып табылмайтын бастапқы деректер

3 - деңгейдің бастапқы деректері

Активке немесе міндеттемеге қатысты бақыланбайтын бастапқы деректер.

нарықтық жол

Бағалар және басқа сәйкес ұқсас немесе салыстырмалы  (демек, барабар) активтері, міндеттемелері немесе бизнес сияқты активтер немесе міндеттемелер тобы бар нарықтың келісулерімен басқарылатын ақпарат қолданылатын бағалау әдісі. 

нарықпен дәлелденетін бастапқы деректер

Көбінесе бақыланатын бастапқы деректерден шығатын  немесе олармен корреляция жолымен немесе басқа жолдармен қуатталатын бастапқы деректер.

 

нарыққа қатысушы

 

Актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарықтағы, төменде көрсетілген мінездемелерге сай сатып алушылар мен сатушылар:

(a)                 Егер ұйымда операцияның нарықтық жағдайларда жүргізілгені туралы дәлелдемесі болса, байланысқан жақтар арасындағы операцияның бағасы бастапқы деректер ретінде әділ құнды бағалау үшін пайдаланылатын болғанымен, 24 ХҚЕС- та (IAS) ұсынылған анықтамаға сәйкес олар байланыспаған, бір - біріне тәуелсіз болып келеді,

(b)                Олар жақсы хабарланған, актив немесе міндеттеме туралы және барлық бар ақпарат жайлы дәлелденген хабары бар, бұған қалыпты және жалпы маұлданған тексеріс кезінде алынуы мүмкін ақпарат та қосылады .

(c)                 Олар осы берілген активпен немесе міндеттемемен операцияға қатыса алады.

(d)                Олар осы берілген актив немесе міндеттемемен операцияға қатысуға ықылас білдіреді, демек, олардың бұған себебі бар, бірақ олар қатысуға мәжбүрленбеген және басқа да түрде қысымшылыққа ұшырамаған.

анағұрлым тиімді нарық

 

 Келісім бойынша шағындарды және жол шығындары есепке алынғаннан кейін активті сатудан алынуы мүмкін соманы барынша көтеруге және міндеттемені беруде төленетін соманы азайтуды мүмкін ететін нарық.

міндеттемелерді орындамау тәуекелі

Ұйымның міндеттемені орындамау тәуекелі. Міндеттемені орындамау тәуекелі сонымен қатар ұйымның өзінің тәукелін де қамтиды.

бақыланатын бастапқы деректер

Нарықтық деректер пайдаланылып жасалатын бастапқы деректер, мысалы, фактілі жағдай немесе операция туралы жалпы рұқсат етілген ақпарат сияқты нарыққа қатысушылардың активке немесе міндеттемеге баға қоюда пайдаланылуы мүмкін жорамалдарды көрсететін деректер. 

ерікті  негіздегі операциялар

Осында активтер немесе міндеттемелер қатысатын операцияларға қатысты қалыпты немесе жалпы мақұлданған нарықтық қызметті бақылауға жеткілікті бағалау күніне дейінгі белгілі бір кезең бойында нарықта жүргізілетін операциялар түрлері; бұл мәжбүрленген операция емес (мысалы, күштеп ликвидациялау немесе мәжбүрлеп іске асыру).

негізгі нарық

 

Актив немесе міндеттемеге қатысты ең үлкен көлемді және деңгейлі қызметі бар нарық.

тәуекел үшін сыйлық ақы

 

Актив немесе міндеттемемен байланысты, қаржы ағынына тән белгісіздікті алғандығы үшін, тәуекелге баруға ықыласы жоқ нарыққа қатысушылардың талап ететін сыйақысы. Сонымен қатар «тәуекел есепке алынып түзету» деп аталады.

келісім шығындары

 

Актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе ең тиімді) нарықта активті сатуға немесе міндеттемені беруге жұмсалған шығын, олар тікелей активтің шығуына немесе міндеттемені беруге қатысты және төмендегі критерияларға сай: 

(a)                 Олар тікелей операциялардан туады және ол үшін маңызды болып табылады.

(b)                Егер де активті сату немесе міндеттемені беру шешімі қабылданбаған болса, ұйымның мұндай шығындары болмас еді (5 ХҚЕС - та (IFRS)  ұсынылған сатуға шығындардың анықтамасына барабар).

жол шығындары

 

Активті қазіргі орнының оның негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарығының орнына тасымалдау кезінде шығатын шығын.

есептеу бірлігі

 

ХҚЕС- та тану мақсатында активтер немесе міндеттемелердің біріктіру немесе ажырату деңгейі.

бақыланбайтын бастапқы деректер

Нарықтың деректерге рұқсаты жоқ және де нарыққа қатысушылардың актив немесе міндеттемеге баға қоюда пайдаланатын жорамалдар туралы барлық қол жетімді ақпаратты қолданып жасалған бастапқы деректер.

 

 

B Қосымшасы

Қолдануға нұсқаулық 

 

Бұл нұсқаулық осы стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Нұсқаулық 1 - 99- тармақтардың қолданылуын сипаттайды және оның күші осы стандарттың басқа бөлімдеріне тең келеді.

B1                     Түрлі бағалау жағдайларында қолданылатын пікірлер әр түрлі болуы мүмкін. Бұл қосымша ұйымның түрлі бағалау жағдайында әділ құнды бағалауға қолданылуы мүмкін пікірлерді сипаттайды.

 

Әділ құнды бағалауға жол

B2           Әділ құнды бағалаудың мақсаты, қазіргі нарықтық жағдайларда бағалау күніне нарыққа қатысушылар арасында ерікті негізде активті сату немесе міндеттемені беру бойынша операция жүргізілуі мүмкін бағаны анықтау.  Әділ құнды бағалау ұйымнан төменде көрсетілген барлық жағдайлардың анықталуын талап етеді:

(a)                 бағалау объектісі болып табылатын нақты актив немесе міндеттеме (оның есептеу бірлігіне сәйкес).

(b)                қаржылық емес активке қатысты баға үшін қолайлы болып табылатын бағалаудың бастапқы шарты (оның ең дұрыс және ең тиімді пайдаланылуына сәйкес).

(c)                 актив немесе міндеттеме үшін негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарық.

(d)                нарыққа қатысушылар актив немесе міндеттемеге баға қоюда және де осы бастапқы деректер жататын әділ құн иерархиясының деңгейін анықтауда пайдаланылуы мүмкін жорамалдарды көрсететін, бастапқы деректерді жасау үшін деректердің болуын есепке алғандағы, әділ құнды анықтауға қолайлы бағалау әдісі немесе әдістері.

 

Қаржылық емес активтерді бағалаудың бастапқы шарттары (31-33 тармақтар)

B3           Басқа активтермен активтер тобы ретінде қосылып қолданылатын  (пайдалану үшін басқа конфигурация немесе инсталляция кезінде) немесе басқа активтер және міндеттемелер қосылғанда қолданылатын (мысалы, бизнес), қаржылық емес активтің әділ құнын бағалауда, бағалаудың бастапқы шартының ықпалы нақты жағдайларға тәуелді. Мысалы:

(a)           актив жеке әлде басқа активтер немесе басқа міндеттелермен қосылып қолданылуына тәуелсіз активтің әділ құны бірдей болуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайда болуы мүмкін, нарыққа қатысушылар жүргізе беретін бизнес актив болып шықса. Мұндай жағдайда операция бизнесті жалпы бағалауды болжайтын еді. Активтерді топ ретінде жүргізілетін бизнес жағдайында қолдану - нарыққа қатысушыларға қол жетімді болуы мүмкін синергияларды тудырушы еді  (нарыққа қатысушылардың синергиясы жеке активтің немесе басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен қосылғандағы әділ құнына ықпал етуі керек).

(b)           активті басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен комбинацияда қолдану әділ құнды бағалауға жеке қолданылатын активтің құнының түзетілуі жолымен қолданылуы мүмкін Егер де актив станок болатын болса, осылай болуы мүмкін, және де әділ құнды бағалау барабар станокқа (орнатылмаған және конфигурацияланбаған) транспорттық және орнатушылық шығындары есепке алынып түзетілетін бақыланатын бағаны пайдаланумен жүзеге асады; әділ құнның бағасы станоктың қазіргі жағдайын және орнын көрсетуі үшін (пайдалану үшін орнатылған және басқаша конфигурацияланған) 

(c)           Активті басқа активтермен немесе басқа активтермен және міндеттемелермен комбинацияда қолдану, нарыққа қатысушылардың активтің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын тәуекелдердің көмегімен әділ құнды бағалауға қосылуы мүмкін. Мысалы, егер де актив бірегей аяқталмаған өнім болса, және де нарыққа қатысушылар мұндай өнімді дайын өнімге ауыстырып жасайтын болса, онда мұндай өнімнің әділ құнын бағалау үшін нарыққа қатысушылар осындай өнімді дайын өнім етіп шығаратын әдейі жабдық алғандығы немесе алуы мүмкіндігі жорамалы қабылданатын еді.

(d)           Активті басқа активтер немесе басқа міндеттемелер қосылуында пайдалану осы активтің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын бағалау әдісіне қосылуы мүмкін. Мұндай жағдай материалды емес активтің әділ құнын бағалау үшін дисконттелнен қаржы ағындарының әдісін қолдану орын алуы мүмкін, бұл бағалау әдісі арнайы түрде түрлі активтер және олармен байланысты міндеттемелерді осы материалды емес актив қолданылуы мүмкін топқа енгізуі мүмкін салымды есепке алады.

  (е)      Бұдан шектеулі жағдайларда, ұйым активті активтер тобы аясында пайдаланғанда, ұйым активті топтың жеке активтері арасында, активтер тобының әділ құнын бөлуде оның әділ құнына шамамен тең болатын сомамен бағалауы мүмкін. Мұндай жағдайда, егер баға жылжымайтын мүлікке қатысты болса, ол жақсартылған мүліктің әділ құны (демек, активтер тобы) оның құрамына кіретін активтер арасында таратылып бөлінеді (мысалы, жер және көріктендіру элементтері сияқты).

Бастапқы танудағы әділ құн (57-60 -тармақтар)

B4           Бастапқы тануда әділ құн операцияның бағасына тең болатындығын анықтауда, ұйым осы операцияға және осы актив немесе міндеттемеге ерекше болып келетін факторларды есепке алуы керек. Мысалы, операцияның бағасы  төменде көрсетілген шарттардың қайсібірі болғанда бастапқы тануда активтің немесе міндеттеменің әділ құны болып табылмайды:

(a)                 байланысқан жақтармен болатын операция бағасы әділ құнды бағалау үшін бастапқы деректер ретінде қолданылса да, егер де ұйымның операция нарықтық жағдайда жүргізілгендігі дәлелі болса,операция байланысқан жақтар арасында жүзеге асады,

(b)                операция мәжбүрлеп жүзеге асырылады немесе сатушы осы операцияда қолданылатын бағаны қабылдауы керек. Мысалы, егер сатушы қаржы жағынан қиындыққа душар болса, осылай болуы мүмкін. 

(c)                 операцияның бағасымен көрсетілген есептеу бірлігі әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттемеге қатысты қабылданған есептеу бірлігінен айырмашылығы болады.Әділ құн бойынша бағаланатын актив немесе міндеттеме операцияның бір ғана элементі болатын болса (мысалы, бизнесті біріктіруде) осындай жағдай орын алуы мүмкін, басқа қандай да бір ХҚЕС- қа сәйкес бағаланатын жарияланбаған құқықтар мен артықшылықты қосады, немесе операцияның бағасы келісімге жұмсалған шығынды қосады.

(d)                операция жүзеге асатын нарық негізгі нарық (немесе анағұрлым тиімді нарық) болып табылмайды. Мысалы, көрсетілген нарықтардың бір -бірінен айырмашылығы болуы мүмкін, егер ұйым көтерме нарықта клиенттермен операцияға қатысатын делдал болып табылса, бірақ, операция үшін шығу бойынша негізгі (немесе анағұрлым тиімді) нарық болып делдалдық нарықта басқа делдалдармен болатын операция.

Бағалау әдістері (61-66 тармақтар)

Нарықтық жол

B5           Нарықтық жолда ұқсас немесе салыстырмалы (демек, барабар) активтермен, міндеттемелермен немесе бизнес сияқты активтер және міндеттемелер топтары бар нарықтық операциялармен басқарылатын баға және басқа релевантты ақпарат қолданылады.

B6           Мысалы, нарықтық жолмен үйлесетін бағалау әдістерінде салыстырылатын көрсеткіштер жинағынан пайда болатын  нарықтық көбейткіштер жиі қолданылады. Көбейткіштер әр салыстырылатын көрсеткіш бойынша басқа көбейткішпен бір диапазондарда бола алады. Диапазоннан тиісті көбейткішті таңдау үшін, бағалау үшін ерекше сапалық және сандық факторларды есепке алатын пайымдамаларды қолдану керек.

B7           Нарықтық жолмен үйлесетін бағалау әдістері матрицалық баға жасауды қосады. Матрицалық баға жасау - бұл қарыздық бағалы қағаздар сияқты көбінесе кейбір Қаржы құралдарыды бағалауға қолданылатын математикалық әдіс, ол белгілі бір бағалы қағаздардың кесілетін бағаларына негізделмейді, бірақ, бағалы қағаздардың бағдар ретінде қолданылатын басқа кесілетін бағалы қағаздардың қатынасына негізделеді.

Шығындық жол

B8           Шығындық жолда қазіргі уақытта активтің өнімділік қабілеттілігін ауыстыру үшін қажет болуы мүмкін сома көрсетіледі( ол ауыстырудың қазіргі бағасы деп жиі аталады). 

B9               Нарыққа қатысушы ретіндегі сатушының көзқарасына байланысты актив үшін алынуы мүмкін баға моральді тозу есепке алынып, салыстырмалы пайдасы бар активтің орнына бола алатын активті алу немесе салу үшін сатып алушы нарыққа қатысушы ретінде төлейтін сомаға негізделеді. Мұның себебі, сатып алушы нарыққа қатысушы ретінде актив үшін осы активтің өнімділік қабілеттілігін айырбастауы мүмкін соманы төлеуі ықтимал. Моральді тозу - нақты нашарлауды, функционалды (техникалық) ескіруді және экономикалық (сыртқы) ескіруді қамтиды және дайындық пен финанстық есеп беру(тарихи құнның бөлінуі) немесе  салықтық мақсаттардағы тозуға (пайдалы қызметтің белгілі мерзімдерін пайдалану)  қарағанда кең ұғым болып табылады. Көптеген жағдайларда ауыстыру құнының ағындағы әдісі  басқа активтермен немесе басқа активтер мен міндеттемелермен комбинацияда қолданылатын материалды активтердің әділ құнын бағалауға қолданылады.

Табыстық жол

B10         Табыстық жолды пайдаланғанда келешек сомалар (мысалы, қаржылардың ағыны немесе табыстар және шығындар) қазіргі жағдайдағы бірыңғай сомаға (демек, дисконттелген) айналдырылады. Табыстық жолды пайдалануда әділ құнды бағалау мұндай болашақ сомаларға қатысты қазіргі нарықтық күтуді көрсетеді.

B11         Мұндай бағалау әдістері, мысалы, мынаны қамтиды:

(a)                 Келтірілген құн бойынша бағалау әдістері  (B12-B30 тармақтарды қара);

(b)                Блэка-Шоулс-Мертон формуласы сияқты опционды бағалау үлгілері немесе биномиальді үлгі (демек, кестелік үлгі), олар келтірілген құн бойынша бағалау әдістерін қамтиды және опционның уақытша құны сияқты ішкі құнын да көрсетеді; және

(c)                 Кейбір материалды емес активтердің әділ құнын бағалау үшін қолданылатын дисконттелген қаржылық ағындардың әдісін қамтиды. 

Келтірілген құн бойынша бағалау әдісі

B12              B13-B30 тармақтарында әділ құнды бағалау үшін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдану сипатталады. Бұл тармақтарда үлкен мағына дисконттау ставкаларын түзету әдісіне және қаржы ағынының ықтималдылылығы  әдісіне бөлінеді (ықтималды келтірілген құнның). Бұл тармақтар келтірілген баға бойынша бір жақты бағалау әдісін қолдануға мәжбүрлемейді және де сипатталған әдістермен әділ құнды бағалау үшін келтірілген баға бойынша бағалау әдістерін қолдануды шектемейді. Әділ құнды анықтау үшін пайдаланылатын келтірілген баға бойынша бағалау әдісі  - бағаланатын актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын (мысалы, нарықта салыстырылатын активтер немесе міндеттемелерге бағалар бақыланады ма) факторлар мен және жеткілікті деректердің болуына тәуелді.

                Келтірілген баға бойынша бағалаудың компоненттері

B13         Келтірілген құн (демек, табыстық жолды қолдану) - болашақ сомаларды дисконттау ставкаларын қолданып, бар сомамен байланыстыруға қолданылатын құрал. Келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолданып, активтің немесе міндеттеменің әділ құнын анықтау, нарыққа қатысушылардың көзқарасына байланысты бағалау күніне барлық көрсетілген элементтерді қамтиды:

(a)                 бағаланатын активтен немесе міндеттемеден болашақ қаржы ағындарын бағалау.

(b)                ақша ағындарына тән белгісіздікті көрсететін соманың өзгеруі ықтималдылылығына қатысты күту және қаржы ағындарын алу үшін күту.

(c)                 өшіру мерзімі мен жұмыс мерзімі қаржының  ағындарымен қамтылған мерзіміне сәйкес келетін және мерзімдерге және оларды ұстаушыларға ешқандай дефолт тәуекеліне қатысты ешқандай белгісіздік көрсетпейтін, тәукелсіз монетарлы активтер ставкалары бойынша көрсетілетін ақшаның уақытша құны(демек, тәукелсіз сыйақы ставкасы).

(d)                қаржы ағынына тән белгісіздікті қабылдау үшін төленетін баға (демек, тәуекел үшін сыйлық ақы).

(e)                 нарыққа қатысушылар қалыптасқан жағдайларда қабылдауы мүмкін басқа да факторлар.

(f)                  міндеттемеге қатысты, ұйымның өзіндік тәуекелін қосатын, осы міндеттемеге жататын міндеттемелерді орындамау тәуекелі  ( демек, өзіне міндеттеме алған тұлғалар).

Жалпы принциптер

B14         Келтірілген құн бойынша бағалау әдістерінің В13-тармағында сипатталған элементтерді қалай қолданылуына байланысты бір - бірінен айырмашылығы болады. Дегенмен, төменде көрсетілген жалпы принциптер әділ құнды бағалау үшін қолданылатын келтірілген құн бойынша кез келген бағалау әдісін қолдануды реттейді:

(a)                 Қаржы ағындары және дисконттау ставкалары  нарыққа қатысушылардың актив немесе міндеттемеге баға қоюда қолданылуы мүмкін жорамалдарды көрсетуі керек.

(b)                Қаржы ағындары және дисконттау ставкалары үшін тек бағаланатын актив немесе міндеттемеге қатысы бар факторлар ғана есепке алынуы керек.

(c)                 Екі жақты есептен ада болу және тәуекел факторларын назардан түсіріп алмау үшін, дисконттау ставкалары қаржы ағындарына тән жорамалдармен үйлесетін жорамалдарды көрсетуі керек. Мысалы, болашақ дефолтқа қатысты белгісіздік күтуді көрсететін дисконттау ставкасы, келісімшартпен көрсетілген ссудадан қаржы ағындарын қолдануда тиімді болады (демек, дисконттау ставкасын түзету әдісі), осы ставка түзетілетін (ықтималдылығы есепке алынып өлшенген) қаржы ағындарын пайдалануда қолданылуы керек, өйткені, күтілетін қаржы ағындары келешек дефолтқа қатысты қазірдің өзінде белгісіздік жөнінде жорамалды көрсетеді; мұның орнына, күтілетін қаржы ағындарына тән тәуекелмен шамалас дисконттау ставкасы қолданылуы керек.

(d)                Қаржы ағындарына қатысты және дисконттау ставкаларына қатысты жорамалдар өзара дәйекті болуы керек. Мысалы, инфляция эффектісін қосатын қаржының номиналды ағыны инфляция эффектісін қосатын ставка бойынша дисконттелуі керек. Номаналды тәукелсіз сыйақы ставкасы инфляция эффектісін қамтиды. Инфляция эффектін шығаратын қаржының фактілі ағындары инфляция эффектін шығаратын ставка бойынша дисконттелуі керек. Барабар жолмен, салықты есептемегендегі қаржы ағындары - салықты есептемегендегі дисконттау ставкасы пайдаланылып дисконттелуі керек. Салық төлегенге дейінгі қаржы ағындары көрсетілген қаржы ағындарымен үйлесетін ставка бойынша дисконттелуі керек.

(e)                 Дисконттау ставкалары-  қаржы ағындары көрсетілген валютамен байланысты негізгі экономикалық факторларды есепке алуы керек.

Тәуеукел және белгісіздік

B15              Келтірілген құн бойынша бағалау әдістері қолданылып әділ құнды бағалау белгісіздік жағдайларда жүзеге асады, өйткені, қолданыстағы қаржы ағындары белгілі сомаларға емес, есептеу көлемдері болып табылады. Көптеген жағдайларда сома да, қаржы ағындарын алу мерзімдері де белгісіз болып табылады. Несие бойынша төлемдер  сияқты, келісімшартпен белгіленген тиянақталған сомалар егер де дефолт тәуекелі болатын болса, белгісіз болып табылады.

B16               Нарыққа қатысушылар белгісіздікті қабылдағаны үшін сыйақы талап етеді (демек, тәуекел үшін сыйлық ақы). Әділ құнды бағалау - қаржы ағындарына тән, нарыққа қатысушылар белгісіздікті қабылдағаны үшін өтемақы ретінде талап етуі мүмкін соманы көрсететін тәуекел үшін сыйлық ақыны  қамтуы керек. Керісінше жағдайда, бағалау әділ құнды дәйекті түрде көрсетпейді. Кейбір жағдайларда, тәуекелге сәйкес сыйлық ақыны айқындау қиынға соғады. Дегенмен, қиындық деңгейі тәуекел үшін сыйлық ақыны болдырмауға жеткілікті себеп болып табылмайды.

B17         Келтірілген баға бойынша бағалау әдістері тәукелді есепке алғанда қандай түзетулер қосатынына байланысты қаржы ағындарының түріне байланысты айырмашылығы болады, мысалы:

(a)                 Дисконттау ставкасы түзету әдісін қолдануда (B18-B22 тармақтарды қара) тәуекел есепке алынып, түзетілген дисконттау ставкасы және келісімшартпен  белгіленген, уәде етілген немесе анағұрлым ықтималды қаржы ағындары қолданылады

(b)                Күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдануда (B25 тармақты қара)  тәуекел есепке алынып түзетілген күтілетін қаржы ағыны мен тәукелсіз ставка пайдаланылады.

(c)                 Күтілетін келтірілген баға бойынша 2 бағалау әдісін қолдануда тәуекелді есепке алып түзетілмеген күтілетін қаржы ағындары және нарыққа қатысушылар талап ететін тәуекел үшін сыйлық ақыны есепке алып түзетілген дисконттау ставкасы қолданылады. Мұдай ставканың дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдануда пайдаланылатын  ставкадан айырмашылығы болады.

Дисконттау ставкасын түзету әдісі

B18              Дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдануда келісімшарпен көрсетілген немесе уәде етілген (облигация сияқты) анағұрлым ықтималды қаржы ағындары сияқты немесе ықтималды есеп сомалары диапазонынан қаржы ағындарының бір жинағы қолданылады. Барлық жағдайлрда көрсетілген қаржы ағындары шартты болып табылады және белгілі бір жағдайлардың тууына тәуелді (мысалы, облигация бойынша келісімшартпен белгіленген немесе уәде етілген қаржы ағындары шартты болы табылады және дебитор жақтан дефолт жағдайының тууына тәуелді). Дисконттау ставкаларын түзету әдісі үшін қолданылатын дисконттау ставкасы салыстырылатын активтер немесе міндеттемелер бойынша табыстық бақыланатын ставкалардан туады. Сәйкесінше, келісімшартпен көрсетілген, уәде етілген немесе анағұрлым ықтимал қаржы ағындары мұндай шартты қаржы қаржы ағындары үшін бақыланатын немесе есептік нарықтық ставка бойынша дисконттеледі (демек, пайдалылықтың нарықтық ставкасы).

B19         Дисконттау ставкасын түзету әдісі салыстырылатын активтер нмесе міндеттемелер бойынша нарықтық деректердің анализін талап етеді. Салыстырмалылық қаржы ағындарының мінезін қарастыру жолымен (мысалы, қаржы ағындары келісімшартпен көрсетіледі ме, жоқ па, және олардың экономикалық жағдайының өзгеруіне бірдей жауап қайтару ықтималдылығы), және де басқа факторлар жолымен, (мысалы, несиелік жағдай, кепілдегі мүлік, мерзімдер, шектеу шарттары және ликвидтілік) анықталады. Альтернатива ретінде, егер жеке салыстырылатын актив немесе міндеттеме кейбір салыстырылатын активтер нмесе міндеттемелер деректердің тәуекелсіз қисық пайдалылықпен бірге қолдана отырып, дисконттау ставкасын анықтауға болады (демек, «кумулятивті жасаудың» әдісін қолдана отырып).

 B20        Кумулятивті жасау әдісін иллюстрациялау үшін А активті келісімшартпен көрсетілген 800 а.б.[1] бір жылдан кейін алуға құқығын көрсетеді (демек, мерзімдерге қатысты белгісіздік жоқ). Салыстырылатын активтердің қалыптасқан нарығы бар, және, осы активтер туралы ақпарат, бағалар туралы ақпаратты қосқанда да қол жетімді болып табылады. Көрсетілген салыстырылатын активтерден: Осы ХҚЕС қаржы сомалары «ақша бірліктерінде (а.б.) көрсетілген».

(a)                 B активі келісімшарпен белгіленген бір жылдан кейін 1200 а.б. алуға құқығын көрсетеді, ал оның нарықтық бағасы 1083 а.б. болып табылады. Осылайша, тұспалданатын пайдалылықтың жылдық ставкасы (демек, пайдалылықтың  1 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы) 10,8 пайызды құрайды [(1 200 а.б./1 083 а.б.) - 1].

(b)                С активі 2 жылдан кейін келісімшарпен белгіленген бір жылдан кейін 700 а.б. алуға құқығын көрсетеді, ал оның нарықтық бағасы 566 а.б. құрайды. Осылайша, тұспалданатын пайдалылықтың жылдық ставкасы (демек, пайдалылықтың  2 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы) 11,2 пайызды құрайды [(700 а.б./566 а.б.)  ^0,5 - 1].

(c)                 Барлық 3 актив тәуекелге қатысты салыстырылады (демек, мүмкін төлемдердің және несиенің дисперсиясы).

B21              А активіне қатысты алынуы мүмкін төлемдер келісімшартпен келісілген мерзімдер анализі негізінде А активі және С активі үшін белгіленген мерзімдерге қатысты (демек, B активі үшін бір жыл C активі үшін 2 жылға қарама-қарсы),В активі А активіне анағұрлым салыстырмалы болып табылады. А активіне қатысты алынатын (800 а.б.) келісімшартпен келісілген төлемді және В активімен байланысты көрсетілген 1 жыл үшін нарықтық ставканы (10,8 пайыз) қолдануда. А активінің әділ құны 722 а.б. құрайды. (800 қ.еб./1,108). Альтернатива ретінде В активі бойынша рұқсат етілген нарықтық ақпараттың болмауында, нарықтық ставка кумулятивтік жасау әдісі қолданылған С Активі жөніндегі ақпараттан алынуы мүмкін еді. Мұндай жағдайда, С Активі үшін белгіленген (11,2 пайыз) 2 жыл үшін нарықтық ставка тәуекелсіз қисық пайдалылықтың уақытша құрылымын қолдана отырып, 1 жыл үшін нарықтық ставканы алғанға дейін түзетілуі мүмкін еді.Біржылдық және екіжылдық активтер үшін тәуекел сыйлық ақылары бірдей болып табылады ма, осыны анықтауға қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін. Егер де біржылдық және екіжылдық активтер үшін тәуекел сыйлық ақылары бірдей болмайтыны анықталса, пайдалылықтың 2 жыл ішіндегі нарықтық ставкасы осындай ықпалды есепке ала отырып қосымша түзетілуі керек.

B22         Егер де тиянақталған түсімдер мен төлемдерге дисконттау ставкасының түзету әдісі қолданылса, бағаланатын актив немесе міндеттемемен байланысты қаржы ағындарына тән тәуекел есепке алынғандағы түзету дисконттау ставкасына қосылады. Кейбір жағдайларда қаржы ағындарына түсім немесе төлем болып табылмайтын дисконттау ставкасының түзету әдісін қолдану ол туралы ақпараттан дисконттау ставкасы алынған бақыланатын актив немесе міндеттемемен салыстырмалылыққа жету үшін қаржы ағындарының түзетілуі қажет болуы мүмкін.

Күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісі

B23         Ықтималдылықты келтірілген құн бойынша бағалау әдісін шығу нүктесі ретінде пайдалану кезінде барлық мүмкін болатын қаржы ағындарының ықтималдылығы есепке алынып өлшенген орта мағынасын көрсететін қаржы ағындарының топтамасы қолданылады (демек, қаржы ағындарының күтілетін ағындары). Нәтижесінде алынатын есеп айырысу мөлшерлемесі - статистикалық көрсетуде - сәйкес өлшенетін ықтималдылықпен дискретті кездейсоқ айнымалысының ықтимал құнының орта өлшенген мағынасы болып табылатын күтілетін мағынаға сәйкес. Барлық мүмкін болатын қаржы ағындары ықтималдылық есепке алынып өлшенетін болғандықтан, нәтижесінде алынатын күтілетін қаржы ағыны шартты емес және қандай да бір белгілі бір жағдайдың тууынан тәуелсіз (дисконттау ставкаларын түзету әдістері үшін қолданылатын қаржы ағындарына қарағанда).

B24         Инвестициялау туралы шешімді қабылдағанда, тәуекелді қабылдауға дайын емес нарыққа қатысушылар - қаржының фактілі ағындары күтілетін қаржы ағындарынан айырмашылығы болатындығы тәуекелін есепке алуы керек. Портфелді таңдау теориясында 2 тәуекел түрі ажыратылады:

(a)                 Нақты актив немесе міндеттемеге ерекше болып табылатын систематикалық емес (диверсифицияланатын) тәуекел.

(b)                Диверсифицияланатын портфелде актив немесе міндеттмеге және басқа бірліктерге  жалпы болып табылатын систематикалық (диверсифицияланбайтын) тәуекел.

Портфелді таңдау теориясында тепе - теңдікте болатын нарықта нарыққа қатысушыларға тек қаржылық ағындарға тән систематикалық тәуекелді қабылдау ғана қайтарылады. (тиімді нарықтарда және тепе -теңдікте емес нарықтарда табыстың немесе компенсацияның басқа түрлері де қол жетімді болуы мүмкін).

B25               Күтілетін келтірілген құн бойынша 1-бағалау әдісі тәуекел үшін қолма -қол сыйлық ақыны есептеп шығару жолымен систематикалық (демек, нарықтық) тәуекелді есепке ала отырып, активпен байланысты күтілетін қаржылық ағындарды түзетеді (демек, тәуекел есепке алынып түзетілетін қаржылық ағындары). Қаржылық ағындардың сенімді эквивалент  нарыққа қатысушы қаржының күтілетін ағынына белгілі бір қаржының ағынынан тәуелсіз, осылайша, тәуекел есепке алынып түзетілетін - күтілетін ақша ағынын көрсетеді (анықтамаға сәйкес). Мысалы, егер нарыққа қатысушы күтілетін қаржы ағынының 1200 а.б. мөлшерінде 1000 а.б. мөлшеріндегі нақты қаржы ағынына ауыстырғысы келсе, онда 1000 а.б.  сома  1200 а.б. сомаға сенімді эквивалент болып табылар еді (демек, 200 а.б.  сома тәуекел үшін қолма -қол сыйлық ақы болар еді). Мұндай жағдайда нарыққа қатысушы ұсталатын активпен тәуелсіз болар еді.

B26         Жоғарыда көрсетілгеннен  өзгеше, күтілетін келтірілмеген құн бойынша 2-бағалау әдісі систематикалық (демек, нарықтық) тәуекелді есепке алып түзетулер енгізеді, тәукел үшін сыйлық ақыны тәуекелсіз сыйақыны қолдана отырып.  Сәйкесінше, күтілетін ақша ағындары ықтималдылық есеппен өлшенген, қаржы  ағындарымен  байланысты күтілетін ставкаға сәйкес ставкамен дисконттеледі (демек, пайдалылықтың күтілетін ставкасы). Тәуекелді активтердің бағасын жасау үшін пайдаланылатын үлгілер пайдалылықтың күтілетін ставкасын бағалау үшін пайдаланылуына болады. Дисконттау ставкасын түзету әдісіне қолданылатын дисконттау ставкасы қаржының шартты ағындарына жататын пайдалылықтың ставкасы болып табылғандықтан, ол мүмкін ықтималдылық есепке алынып, күтілетін қаржы ағындарына немесе өлшенетін қаржы ағындарына жататын пайдалылықтың күтілетін ставкасы болып табылатын , күтілетін келтірілген құн бойынша 2 бағалау әдісінде қолданылатын дисконттау ставкасынан жоғары болады.  

B27         1 және 2-әдістерді иллюстрациялау үшін, төменде көрсетілген мүмкін болатын қаржы ағындары және ықтималдылықтар негізінде анықталатын, активке қатысты 780 а.б. мөлшерінде бір жылдан кейін қаржы ағынын алу көзделді делік. Қолданылатын  бір жылдық шегі бар қаржы ағындарына қолданылатын тәукелсіз сыйақы ставкасы 5 пайызды құрайды, ал актив үшін тура осындай тәуекел профилімен тәуекел үшін систематикалық сыйлық ақы 3 пайызды құрайды.

 

Ықтималды қаржы ағындары

Ықтималдылық

 

Ықтималдылық есепке алынып өлшенген қаржы ағындары

500 а.б.

15%

X75 а.б.

800 а.б.

60%

480 а.б.

900 а.б.

25%

225 а.б.

Ықтималды қаржы ағындары

 

 

780 а.б.

 

B28     Осы оңай мысалда күтілетін қаржы ағындары (780 а.б.) ықтималдылық есепке алынып өлшенген 3 мүмкін нәтиженің орта мағынасы болып табылады. Анағұрлым шындыққа жақын жағдайларда көптеген мүмкін болатын нәтижелер болады. Дегенмен, күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолднану үшін қиын үлгілер мен әдістерді қолданып мүмкін болатын қаржы ағындарын әрқашан бөлуді есепке алу қажет емес. Оның орнына, көптеген мүмкін болатын қаржы ағындарын қамтитын дискретті сценариялар мен ықтималдылықтардың шектеулі мөлшерін дамыту керек. Мысалы, ұйым нарыққа қатысушылардың жорамалдарын есепке алғанда кез келген өткен сәйкес кезең үшін өткізілген ақша ағындарын пайдалану мүмкін кейін болған жағдайларда өзгеруді есепке алып түзетілген (мысалы, сыртқы факторлардың өзгеруі, экономикалық немесе нарықтық шарттарды қосқанда, салаларда тенденциялар және бәсекелістікті қосқанда, және ұйымға ерекше түрде әсер ететін ішкі факторлардың өзгеруі).

  B29   Теорияда 1-Әдіс немесе 2-Әдіс қолданылуынан тәуелсіз, активпен байланысты қаржы  ағындарының келтірілген құны (демек, әділ құн) тең болып қала береді, нақтырақ айтсақ:

(a)                 1-Әдісті қолданғанда күтілетін қаржы ағындары систематикалық (демек, нарықтық) тәуекел. Тәуекелді есепке алып түзетуді тура көрсететін сома сияқты нарықтық деректердің болмауы жағдайында мұндай түзету сенімді эквиваленттер ұғымы қолданылып, активтер құнын анықтау үлгісі көмегімен алынуы мүмкін. Мысалы, тәуекелді есепке алып түзету (22 а.б. мөлшеріндегі тәуекел үшін қолма - қол сыйлық ақы ), 3 пайыздық мөлшерде (780 а.б. - [780 а.б. × (1,05/1,08)]) мөлшеріндегі тәуекел үшін систематикалық сыйлық ақыны қолданумен анықталуы мүмкін, бұл тәуекелді есепке алып түзетілген 758 а.б. (780 а.б. - 22 а.б.) мөлшеріндегі күтілетін қаржы ағындарына алып келеді. 758 а.б. сома 780 а.б. сомаға сенімді эквивалент болып табылады, және тәуекелсіз сыйақы ставкасы бойынша (5 пайыздық) дисконттеледі. Активтің келтірілген құны (демек, әділ құн ) 722 а.б. болып табылады (758 а.б./1,05).

(b)                2-Әдісті қолданғанда күтілетін қаржы ағындары систематикалық (демек, нарықтық) тәуекел қолданылып түзетілмейді. Мұның орнына, мұндай тәуекел есепке алынып түзету дисконттау ставкасына қосылады. Осылайша күтілетін қаржы ағындары 8 пайыздық мөлшердегі күтілетін пайдалылық ставкасымен дисконттеледі (демек, 5 пайыздық тәуекелсіз сыйақы ставкасына 3 пайыздық тәуекел үшін сыйлық ақы қосылады ). Активтің келтірілген құны (демек, әділ құн ) 722 а.б. (780 а.б./1,08) құрайды.

B30         Әділ құнды бағалау үшін күтілетін келтірілген құн бойынша бағалау әдісін қолдануда не 1-Әдіс немесе 2-Әдіс қолданылуы мүмкін. 1-Әдісті немесе 2-Әдісті ме, қай әдісті қолдану, бағаланатын актив немесе міндеттеме ерекше болып келетін, фактілер мен жағдайларға тәуелді болады, және де деректердің жеткілікті мөлшері мен қолданылатын пікірлерге тәуелді.

Келтірілген құн бойынша бағалау әдістерінің басқа жақтармен актив ретінде ұсталмайтын (40 және 41 тармақтарды қара) ұйымның міндеттемелерге және жекеменшік үлестік құралдарға қатысты қолданылуы

B31         Басқа жақпен актив ретінде ұсталынбайтын міндеттеменің әділ құнын бағалау үшін келтірілген құн  бойынша бағалау әдісін қолдануда (мысалы, объектілерді жұмыстан шығару жөнінде міндеттеме) ұйым басқадан басқа, міндеттемені орындау үшін нарыққа қатысушылардан күтілетін қаржының болашақтағы шығуын бағалау керек. Мұндай қаржының болашақтағы шығуы нарыққа қатысушы міндеттемені қабылдағаны үшін талап ететін нарыққа қатысушылардың міндеттемені орындауға және компенсацияға шығындарына қатысты күтулерін қосу керек. Мұндай сыйақы нарыққа қатысушы мынадай жағдайларда талап етуі мүмкін табысты қосады:

(a)                 Қызметті жүзеге асыру үшін (демек, міндеттемені орындау құны; мысалы, басқа қызметті жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін ресурстарды қолданғанда); және

(b)                Міндеттемемен байланысты тәуекелді қабылдау (демек, қаржы ағындарының фактілік шығуы қаржы ағындарының күтілетін шығынынан өзгеше болуы мүмкіндігі тәуекелін көрсететін тәуекел үшін сыйлық ақы; B33 тармақты қара).

B32               Мысалы, қаржылық емес міндеттемеде келісімшартпен көрсетілген пайдалылықтың ставкасы жоқ, және, бұл міндеттеме үшін бақыланатын нарықтық пайдалылық болмайды. Кейбір жағдайларда нарыққа қатысушылар талап етуі мүмкін пайдалылықтың компоненттері жеке түрде бір - бірінен айырмашылығы болмайды (мысалы, мердігер - үшінші жақ тиянақталған гонорар ретінде талап етуі мүмкін бағаны пайдалануда). Басқа жағдайларда ұйым мұндай компоненттерді жеке түрде бағалауы керек (мысалы, мердігер - үшінші жақ «қосу шығын» принципі бойынша талап етуі мүмкін бағаны қолдануда, өйткені осы жағдайда мердігер шығындардың болашақтағы тәуекеліне бармайды ).

B33         Ұйым төмендегі тәсілдердің біреуін қолдана отырып, басқа жақпен актив ретінде ұсталынбайтын міндеттемесінің немесе өзіндік үлестік құралының әділ құнын бағалауға тәуекел үшін сыйлық ақыны қосуы мүмкін:

(a)                 Қаржы ағындарын түзете отырып (қаржының шығу сомасының көбеюі сияқты); немесе

(b)                Олардың келтірілген бағасына дейін болашақ қаржы ағындарын дисконттау үшін пайдаланылатын ставканы түзете отырып (демек, дисконттау ставкасын төмендету сияқты).

Ұйым тәуекелді есепке алып 2-рет түзетпегеніне және осындай түзету жіберіп алмағанына сенімді болуы керек. Мысалы, егер қаржының есеп ағындары міндеттемемен байланысты тәуекелді қабылдағаны үшін сыйақыны есепке алып көбейтілсе, дисконттау ставкасы осы тәуекелді көрсету үшін түзетілмеуі керек.

Бағалау әдістеріне арналған бастапқы деректер (67-71- тармақтар)

B34         Кейбір активтерге немесе міндеттемелерге қатысты бастапқы деректер бақыланатын болуы мүмкін нарықтар мысалы (мысалы, Қаржы құралдары) мынаны қамтиды:

(а)           Валюталық нарықтар. Валюталық нарықта нарықты жабу бағасы оңай қолжетімді болады  және әдетте әділ құн болып табылады. Мұндай нарықтың мысалы - Лондондық қор биржасы.

(b)           Дилерлік нарықтар. Дилерлік нарықта дилерлер әрқашан да сауда - саттық жасауға дайын (өз есебінен сату немесе сатып алуға дайын), осылайша олар үшін нарық жасайтын бірліктер қоры болуы үшін өз капиталын қолдана отырып өтімділікті қамтамасыз етеді. Әдетте, сатып алушының бағасы мен сатушының бағасы нарықты жабу бағасына қарағанда анағұрлым оңай қол жетімді болады. Биржадан ада нарықтар (жариялап хабар берілетін бағаларда) делдалдық нарықтар болып табылады.  Дилерлік нарықтар сонымен қатар басқа активтер мен міндеттемелер үшін де өмір сүреді, бұған кейбір Қаржы құралдары, тауарлар мен нақты активтер  қосылады (мысалы, пайдаланудағы құрал).

(c)                 Делдалдық нарықтар. Делдалдық нарықтарда брокерлер сатып алушыларды сатушылармен байланыстыруға тырысады, бірақ өз есептерінен сатуға дайын емес. Басқаша айтқанда, брокерлер олар нарық жасайтын бірліктердің қоры болуы үшін өз жекеменшік капиталын қолданбайды. Брокер басқа сәйкес жақтар ұсынатын және сұрайтын бағаларды біледі, бірақ, бұл жақтардың әрқайсысы, әдетте, басқа жақтың баға талабын біле бермейді. Аяқталған операциялардың бағалары туралы мағлұмат кейде қол жетімді болады. Брокерлік нарықтардың сатып алуға және сатуға жиналатын электрондық коммуникациялық желілері және коммерциялық және тұрғын үй мүліктерінің нарықтары болады.

 (d) «Принципалдан принципалға нарықтары». Принципалдан принципалға нарығында жақтар бастапқы операцияларды да, қайталап сату операцияларын да өз күшімен делдалдарсыз жүзеге асырады. Мұндай операциялар туралы мағлұмат аз көлемде ғана қол жетімді болады.  

Әділ құнның иерархиясы (72-90-тармақтар)

2 -деңгейдің бастапқы деректері (81-85 тармақтар)

B35         Нақты активтер мен міндеттемелер үшін 2-деңгейдің бастапқы деректерінің мысалдары мынаны қамтиды:

(a)                 Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасының (LIBOR) своп курсына негізделген, бекітілген кірістер мен өзгеретін төлемдер бар пайыздық своп. 1- деңгейдің бастапқы деректері LIBOR, своп курсын көрсетеді, егер де берілген ставка әдеттегі кесілетін интервалдармен своптың барлық жұмыс уақыты барысында бақыланса.

(b)                Шет ел валютасында көрсетілген, қисық пайдалылыққа негізделген бекітілген кірістер мен өзгеретін төлемдер бар пайыздық своп. 2-деңгейдің бастапқы деректері қисық пайдалылыққа негізделген, шет ел валютасында көрсетілген, әдеттегі кесілетін интервалдармен барлық своптың жұмыс мерзімі кезінде бақыланатын своп курсын көрсетеді. Егер де своптың мерзімі 10 жыл болатын болса, осындай жағдай орын алады, және, кез келген негізделген қисық пайдалылықтың экстраполяциясы 10 жыл мерзім ішінде жалпы своптың әділ құнының бағасына маңызды болмаған шартта, берілген ставка 9 жыл мерзім бойында әдеттегі кесілетін интервалдармен бақылануында, осындай жағдай орын алады

(c)                 Белгіленген банктің базистік ставкасына негізделген белгіленген түсімдер және өзгермелі төлемдері бар пайыздық своп. 2-деңгейдің бастапқы деректері егер де экстраполяцияланатын мағыналар бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденсе, экстраполяция көмегімен алынған банктің базистік ставкасы болады, мысалы, іс жүзінде своптың жалпы жұмыс мерзімінің бойында бақыланатын сыйақы ставкасы жолымен.

(d)                Биржалық айналымдағы акцияларға үшжылдық опцион. 2- деңгейдің бастапқы деректері төменде көрсетілген екі шарттың болуында 3 - жылға қарай экстраполяция жолымен алынған акциялардың тұспалданатын құбылмалылығы болады:

(i)                                                     Акцияларға біржылдық және екіжылдық бағалар бақыланатын болып табылады.

(ii)                                                      Үшжылдық опционның экстраполяцияланатын тұспалданатын құбылмалылығы опционның іс жүзіндегі жалпы жұмыс мерзімінің бойында бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденеді.

Осы жағдайда тұспалданатын құбылмалылық акцияға біржылдық және екіжылдық опциондардың тұспалданатын құбылмалылығынан экстраполяцияның көмегімен алынуы мүмкін еді және біржылдық және екіжылдық тұспалданатын құбылмалылық корреляцияны анықтау шартында салыстырылатын ұйымдардың акцияларының үшжылдық оциондары үшін тұспалданатын құбылмалылықпен дәлелденуі мүмкін.

(e)                 Лицензиялық келісім. Алынған ұйымның (лицензиялық келісім бойынша жақтардың бірі болып саналатын) байланысты емес жақпен жақында бизнестің бірігуі нәтижесінде алынып жасалған лицензиялық келісім үшін 2 -деңгейдің бастапқы деректері келісім бойынша іс - әрекетті жүргізу басына байланысты емес жақпен шартта роялти ставкасы болып табылады.

(f)                  Бөлшек сауда нүктесіндегі дайын өнімнің қоры. Бизнестің бірігуі нәтижесінде алынған дайын өнімнің қоры үшін 2-деңгейдің бастапқы деректері не бірнеше нарықта сатып алушыдан сұралатын баға болады, немесе көтерме нарықта бөлшек сатушылардан сұралатын, қор бірліктері мен салыстырылатын (демек, барабар) қор бірліктері арасында жағдай және орын айырмашылығы есепке алынып түзетілген баға болып табылады, бұл әділ құнның бағасы сатуға байланысты қажетті іс -әрекетті аяқтайтын басқа бөлшек сатушыға қорларды сату оперциясына алынуы мүмкін бағаны көрсету үшін жасалған шара. Негізінде, әділ құнның бағасы бөлшек баға (кішірею жағына) немесе көтерме баға (үлкею жағына) түзетілуіне тәуелсіз бірдей болады, әдетте, әділ құнды бағалау үшін субъективті түзетулердің ең кіші мөлшерін талап ететін баға қолданылуы тиіс. 

(g)                Ұсталатын және пайдаланылатын ғимарат. 2- деңгейдің бастапқы деректері барабар орны бар салыстырмалы (демек, барабар) ғимараттармен бақыланатын операцияларда қолданатын бағаларға негізделген, мысалы, көбейткіштер сияқты бақыланатын нарықтың деректер негізінде алынған ғимараттың шаршы метрі үшін бағасы (бағаның көбейткіші) болып табылады.

(h)                Қаржыны басқаратын бірлік. 2-деңгейдің бастапқы деректері бақыланатын нарықтық деректер негізінде алынған, мысалы, операциялық нарықтың қаржылық және қаржылық емес факторлар есепке алынып салыстырмалы (демек, барабар) бизнеспен бақыланатын операцияларда пайдаланылатын бағаларға негізделген көбейткіштер мысалында бағаның көбейткіші (мысалы, пайданың немесе түсімнің көбейткіші немесе жұмыс нәтижесінің барабар шаралары) болып табылады.

3 - деңгейдің бастапқы деректері (86-90 тармақтар)

B36         Нақты активтер мен міндеттемелер үшін 3- деңгейдің бастапқы деректерінің мысалдары мынаны қамтиды:

(a)                 Ұзақ мерзімді валюталық своп. 3 - деңгейдің бастапқы деректері бақыланатын болып табылмайтын және әдеттегі кесілетін интервалдарымен басқа жолмен валюталық своптың іс жүзінде барлық іс мерзімі бойында бақыланатын нарықтық деректермен дәлелдене алмайтын белгілі бір валютадағы сыйақы ставкасы  болып табылады.  Валюталық своптың сыйақы ставкасы - сәйкес елдердің пайдалылықтарының қисығы негізінде есептелген своп ставкалары.  

(b)                Биржалық айналымдағы акцияларға үшжылдық опцион. 3- деңгейдің бастапқы деректері тарихи құбылмалылық болып табылады, демек, акцияларға тарихи бағалардың негізінде алынған акциялар бойынша құбылмалылықты көрсетеді. Тарихи құбылмалылық, әдетте, опционға баға қою үшін қол жетімді жалғыз ақпарат көзі болса да,  болашақ құбылмалылыққа қатысты қазіргі жағдайда нарыққа қатысушылардың күтуін көрсетпейді.

(c)                 Пайыздық своп. 3- деңгейдің бастапқы деректері тікелей бақыланатын болып табылмайтын және қандай да бір жолмен бақыланатын нарықтық деректермен дәлелденуі мүмкін емес деректер қолданылып дамытылған свопқа орта нарықтық келісілген  (міндетті емес) бағаның түзетуі болып табылады.

(d)                Бизнесті біріктіруде қабылданған, объектіні пайдаланудан шығару жөнінде міндеттеме. 3- деңгейдің бастапқы деректері нарыққа қатысушылар басқа жорамалдарды пайдалануы мүмкіндігі жайында дәлелденген қол жетімді ақпараттың болмауы шартында, міндеттемені орындау үшін қажет болатын (нарыққа қатысушылардың міндеттемені орындауға қатысты талап ететін және нарыққа қатысушылардың активті демонтаждау бойынша міндеттемені қабылдағаны үшін талап ететін сыйақыны қосқанда), қаржының болашақ шығыны жайлы ұйымның өзіндік деректері қолданылған қазіргі жағдайдағы есептік мөлшерін көрсетеді. Мұндай 3- деңгейдің бастапқы деректері басқа бастапқы деректермен бірге келтірілген құн бойынша бағалау әдісін пайдалануда қолданылуы мүмкін еді, мысалы, ағымдағы тәуекелсіз сыйақы ставкасы немесе несиеге қабілеттілігі есепке алынып түзетілген  тәуекелсіз ставка, егер де ұйымның несиелік жағдайының міндеттеменің әділ құнына ықпалы қаржының болашақ шығынының есептік мөлшерінде емес, дисконттау ставкасында көрсетілсе.

(e)                 Қаржыны басқаратын бірлік. 3- деңгейдің бастапқы деректері нарыққа қатысушылар басқа жорамалдарды пайдалану мүмкіндігін көрсететін дәлелденген қол жетімді ақпараттың жоқ болуы жағдайында ұйымның өз деректерін пайдаланып дамытылған қаржылық болжамы  (мысалы, қаржы ағындарына немесе табыс немесе шығынға қатысты) болып табылады.

Актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе іс деңгейінің анағұрлым төмендеуі жағдайында әділ құнды бағалау

B37         Активтің немесе міндеттеменің әділ құнына осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты (немесе, барабар активтер мен міндеттемелерге) нарықтағы қалыпты жұмысқа қатысты осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе жұмыс деңгейінің анағұрлым төмендеуі әсер етуі мүмкін. Ұйым, бар дәлелдемелер негізінде осы берілген актив немесе міндеттемеге қатысты көлемнің немесе жұмыс деңгейінің анағұрлым төмендеуі орын алғандығын анықтау үшін, төменде көрсетілгендей факторлардың маңыздылығы мен релеванттығын бағалауы керек:

(a)                 Соңғы уақытта операция аз ғана мөлшерде жүргізілсе.

(b)                Бағаның кесілуі қазіргі кездегі ақпараттың  негізінде дамытылмайды.

(c)                 Бағаның кесілуі анағұрлым маңызды дәрежеде не уақыт өте келе, не нарыққа қатысушыларға байланысты өзгереді (мысалы, кейбір делдалдық нарықтарда)

(d)                Активтің немесе міндеттеменің әділ құнымен бұрын жоғары корреляцияланған  болып табылатын көрсеткіштер қазіргі кезде берілген активтің немесе міндеттеменің әділ құнының уақыт бойынша соңғы көрсеткіштерімен қатынаспайтындығы айқын.

(e)                 өтімділік тәуекелі табыс немесе жұмыс нәтижелері үшін тұспалданатын сыйлық ақылардың анағұрлым көбеюі  орын алады (мысалы, мерзімнен бұрын депозитті алғандығы немесе облигацияны өшіру немесе шығындардың қиындығы үшін штрафтық пайыздық ставкалар сияқты), бақыланатын операциялар немесе кесілетін бағаларға қатысты, ұйым күтілетін қаржылық  ағындардың есептік бағасымен салыстырғанда, осы активпен байланысқан несиелік тәукел және басқа міндеттемелерді орындамау тәукелі жайлы барлық қол жетімді деректерді есепке алады.

(f)                  сұраныс пен ұсыныс бойынша кең спрэд немесе сұраныс пен ұсыныс бойынша спрэдтің маңызды көбеюі орын алады.

(g)                Нарықта іс көлемінің маңызды төмендеуі немесе актив немесе міндеттеменің немесе барабар активтер немесе міндеттемелердің жаңа шығарымдарына нарықтың болмауы (демек, негізгі нарықтың)

(h)                Тек аз ғана мөлшердегі ақпарат рұқсат етіледі (мысалы, «принципалдан принципалға» нарығында жүргізілетін операциялар).

B38              Егер де ұйым берілген актив немесе міндеттемеге қатысты (немесе барабар активтер мен міндеттемелерге)  нарықтағы іс - әрекетті қатысты берілген актив немесе міндеттемеге қатысты іс - әрекеттің мөлшерінің немесе  деңгейінің маңызды төмендеуі орын алса, операциялардың немесе кесілетін бағалардың қосымша анализін жүргізуі керек. Жұмыс  көлемінің немесе деңгейінің төмендеуі өздігінен операция бағасы немесе кесілетін баға әділ құн болатынын немесе ол нарықтағы операция ерікті түрдегі операция болып табылмайтынын білдірмейді. Дегенмен, егер де ұйым операция немесе кесілетін баға әділ құн болмайтынын анықтаса (мысалы, ерікті түрде операция болып табылмайтын операциялардың болуы), операцияның немесе кесілетін бағалардың түзетулері қажет болады, егер де ұйым бұл бағаларды әділ құнды бағалау үшін негіз ретінде қолданатын болса, және мұндай түзету әділ құнды жалпы бағалау үшін маңызды болады. Түзетулер және де басқа жағдайларда да қажет болуы мүмкін (мысалы, барабар активке бағаның маңызды түзетілуі қажет болса, бағаланатын активке салыстырмалы ету үшін, немесе баға ескіргенде).

B39         Берілген стандарт операциялардың немесе кесілетін бағаларға маңызды түзетулерді енгізу әдіснамасын көрсетпейді. 61-66 және B5-B11- тармақтарында әділ құнды бағалау әдістерін қолдану сөз болады. Қандай әдіс қолданылуына байланысты тәуелсіз ұйым тәуекелді есепке алғанда сәйкес түзетулерді енгізу керек, сыйлық ақы үшін, нарыққа қатысушылар активпен немесе міндеттемемен байланысты қаржы ағындарына тән белгісіздік қабылдағаны үшін компенсация ретінде талап ететін соманы көрсететін тәуекелді есепке алғанда (B17 тармақты қара). Керісінше жағдайда баға әділ құнды шын көрсетпейді. Кейбір жағдайларда тәуекел есепке алғандағы сәйкес түзетуді анықтау қиынға соғады. Дегенмен, қиындық дәрежесі өздігінен тәуекел есепке алынған түзетуді шығаруға жеткілікті себеп болмайды. Тәуекелді есепке алып түзету нарыққа қатысушылар арасында бағалау күніне ағындағы нарықтық жағдайларда ерікті түрдегі операцияны көрсету керек.

B40         Егер де осы актив немесе міндеттемеге қатысты іс-әрекеттің көлемінің немесе деңгейінің анағұрлым төмендеуі орын алса, бағалау әдісін өзгерту немесе көптік бағалау әдісін қолдану дұрыс болуы мүмкін (мысалы, нарықтық жолды пайдалану немесе келтірілген құн бойынша бағалау әдісі). Көптік бағалау әдісін пайдалану нәтижесінде алынған әділ құнның көрсеткіштерін өлшегенде, ұйым әділ құн бағалары диапазонының  негізін қарастыру қажет. Мұның мақсаты, қазіргі нарықтық жағдайдағы әділ құнды ең тура көрсететін диапазон аясындағы мағынаны анықтау. Әділ құн бағаларының кең диапазоны қосымша анализін жүргізудің қажеттілігіне сілтеуі мүмкін.

B41         Берілген актив немесе міндеттемеге қатысты іс-әрекет көлемінің немесе деңгейінің анағұрлым төмендеуі болғанда, әділ құнды бағалау мақсаты бұрынғысынша қалады. Әділ құн - бұл нарыққа қатысушылардың арасында бағалау күніне ағындағы нарықтық жағдайларда ерікті түрде операция жүргізуінде активті сатуда немесе міндеттемені жіберуде алынуы мүмкін баға (демек, ықтиярсыз жою немесе мәжбүрленген өткізім емес).

B42              Берілген актив немесе міндеттемеге қатысты іс - әрекеттің мөлшерінің немесе деңгейінің анағұрлым төмендеуі жағдайында, нарыққа қатысушылар бағалау күніне ағындағы нарықтық жағдайларда қалауы мүмкін бағаның есеп бағасы бағалау күнінде болатын фактілер мен жағдайларға тәуелді және пайымдаманы пайдалануды талап етеді. Ұйымның активті ұстау немесе реттеу немесе басқа жолмен міндеттемені орындау, әділ құнды бағалауда мағыналы болмайды, себебі, әділ құн ұйым үшін ерекше емес, нарыққа негізделген бағаны көрсетеді.

Ерікті түрдегі операция болып табылмайтын операцияларды анықтау

B43         Қандай да бір операция ерікті негіздегі операция болып табылатынын анықтау (немесе ондай болып табылмайды),  берілген актив немесе міндеттемеге қатысты (немесе барабар активтер мен міндеттемелер) нарықтағы әдеттегі жұмысына қатысты  берлген актив немесе міндеттемеге қатысты іс - әрекеттің мөлшерінің немесе деңгейінің анағұрлым төмендеуі жағдайында қиынға соғады. Мұндай жағдайларда барлық операциялар еріксіз түрдегі операция болып табылатыны туралы пайымдама жасаудың қажеті жоқ (демек, ықтиярсыз жою немесе мәжбүрленген өткізім емес).  Операцияның еріксіз түрдегі болып табылатанына сілтеуі мүмкін жағдайдлар мынаны қамтиды:                  

(a)                 Мұндай операциялар ағындағы нарық жағдайларында осындай активтер мен міндеттемелер қатысуымен қалыпты және жалпы мақұлданған нарықтық қызметті бақылау үшін жеткілікті мерзім бойында жүргізілген емес.

(b)                 Нарықтық қызмет жүргізудің қалыпты және жалпы мақұлданған мерзімі бақыланды, бірақ сатушы осы актив немесе міндеттемені бір ғана нарыққа қатысушыға жарнамалады.

(c)                 Сатушы банкрот жағдайында немесе конкурстық басқару жағдайында, немесе банкротқа немесе  конкурстық басқару жағдайына жақын жағдайда (демек сатушы осы операцияны жүргізуге мәжбүр).

(d)                 Ұйым тәртіпке келтіретін органдар немесе заң талаптарын орындау үшін сату бойынша операция жүргізуге міндетті болды (демек сатушы осы операцияны жүргізуге мәжбүр болды).

(e)                 Операцияның бағасы басқа осыдан бұрын осындай немесе барабар актив немесе міндеттемен жүргізілген операцияға қарағанда бөтен мағына болып табылады.

Ұйым, барлық рұқсат етілген дәлелдемелер негізінде берілген операция ерікті түрдегі операция болып табылатындығын анықтау үшін жағдайларды қарастыру қажет.

 

B44         Ұйым әділ құнды бағалауда немесе нарықтық тәуекел  үшін сыйлық ақыны анықтауда төменде көрсетілген барлық мезеттерді қарастыруы тиіс:

(a)                 Егер дәлелдемелер операция ерікті түрдегі операция болып табылмайтындығына сілтесе, онда ұйым операцияның осындай бағасына аз көңіл бөлуі керек немесе ешқандай назар аудармау керек (әділ құнның басқа көрсеткіштерімен салыстырғанда).

(b)                 Егер дәлелдемелер операция ерікті түрдегі операция болып табылатындығына сілтесе, онда ұйым операцияның осындай бағасын есепке алуы керек. Осындай операцияға әділ құнның басқа көрсеткіштерімен салыстырғандағы бөлінетін маңыздылық дәрежесі төменде көрсетілгендей фактілер мен жағдайларға тәуелді:

(i)                                            Операцияның көлемі.

(ii)                                           Бағаланатын активпен немесе міндеттмемен операцияның салыстырмалылығы.

(iii)                                          Операцияны жүргізу күнінің операция бағасына күніне  жақындығы.

(c)   Егер ұйымның осы операция ерікті түрдегі операция екендігі туралы пайымдама жасауға рұқсат беретін жеткілікті ақпараты болса, ол операция бағасын есепке алуы керек. Дегенмен, операцияның берілген бағасы әділ құн бола алмайды (демек, операцияның бағасы әділ құнды бағалау үшін немесе нарықтық тәуекел үшін сыйлық ақының есептік мөлшерін анықтау үшін басты және бірегей негізі бола бермейді ). Егер ұйымның нақты операциялар ерікті негіздегі операциялар болып табылатындығы туралы жеткілікті ақпараты болмаса, ол ерікті негіздегі операция болып танылған  басқа операцияларға қарағанда осындай операцияларға аз назар аударуы қажет.

Ұйымға операция ерікті түрдегі операция екенін анықтау үшін көп күш жұмсаудың қажеті жоқ, бірақ ол қол жетімді ақпаратты назардан тыс қалдырмауы тиіс. Егер ұйым операцияның бір жағы болып табылса, осы операция ерікті түрдегі операция екендігі жайлы пайымдаманы жасауға рұқсат ететін ақпаратқа қол жеткізгені болжанады.

Үшінші тұлғалар тудырған кесілетін бағалардың қолданылуы

B45         Осы стандарт қызметтерге баға немесе брокерлік баға сияқты үшінші тұлғалар қамтамасыз еткен кесілетін бағаларды пайдалануға тыйым салынбайды, егер де ұйым осы тұлғалар қамтамасыз еткен кесілетін бағалар осы стандарпен дамытылғанын анықтаса.

B46              Іс -әректтің көлемінің немесе деңгейінің анағұрлым төмендеуі жағдайында ұйым үшінші тұлғалар қамтамасыз еткен бағалар ерікті негіздегі операцияларды көрсететін қазіргі кездегі ақпаратқа сәйкес, немесе нарыққа қатысушылардың жорамалын көрсететін (тәуекел туралы жорамалды қосқанда) бағалау әдісін қолданумен дамытылғандығын анықтауы тиіс. Әділ құнды бағалау үшін кесілетін бағаны бастапқы деректер ретінде зерттегенде ұйым аз назарды (операцияның нәтижесін көрсететін әділ құнның басқа көрсеткіштерімен салыстырғанда) операцияның нәтижесін көрсетпейтін кесілетін бағаларға аударады.

B47         Сонымен қатар, бар дәлелдемелерді зерттеуде кесудің мінездемесі есепке алынуы керек (мысалы, кесу индикативті баға ма немесе міндеттейтін ұсыныс па, осының фактісін), мұнда, міндеттейтін ұсыныс болып табылатын үшінші тұлғалар берген кесулерге аса назар аударылады.

 

C Қосымшасы

Күшіне ену күні мен жаңа есеп тәртібіне өту

Бұл қосымша осы стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күші осы стандарттың басқа бөлімдеріне тең келеді.

C1           Ұйым бұл стандартты 2013 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейінгі жылдық кезеңдерге қатысты қолданылуы тиіс.  Мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат. Егер ұйым осы стандартты ертерек кезеңге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашуы тиіс.

C2           Осы стандарт бастапқы кезеңге қатысты пайдаланылатын жылдық кезеңнің басына зор үмітпен пайдаланылуы керек.

C3           Осы стандарта көрсетілген ақпаратты ашуға талаптар осы стандарттың бастапқы қолданылуына қатысты кезеңдерде көрсетілген салыстырмалы ақпарат үшін қолданылмауы тиіс.

 

 


[1]              Осы стандарттағы ақша көлемі ‘ақша бірлігі (а.б.)’ деп белгіленді.