2-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 2)
«Акциялар Негізіндегі Төлемдер»
Мақсаты
1 Осы Стандарттың мақсаты акцияларға негізделген төлем операциясын жүзеге асыратын ұйым үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол ұйымнан қызметкерлерге акцияларға опциондар ұсынатын операцияларға байланыстарды қоса алғанда, акцияларға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе шығын құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.
Қолдану аясы
2 Ұйым алынған тауар немесе көрсетілген қызметтті арнайы анықтай алатын/алмайтындығына қарамастан өз есептілігінде меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары, төменде берілгендерді қоса алғанда, үшін осы Стандартты басшылыққа алуы тиіс:
(а) меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары, төлемдер операцияларын;
(b) меншікті капитал акцияларына негізделген төлем операциялары; және
(с) ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын және келісімнің талаптары ұйымға немесе осы тауарларды, немесе қызмет көрсетулерді жеткізушіге негізінде ұйым операция бойынша не ақша қаражаттарымен (немесе басқа активтермен), не акциялар шығару арқылы есеп айырысуды жүзеге асыра алатын таңдауды ұсынатын операцияларды қоса алғанда, акцияға негізделген барлық төлемдер операцияларын есепке алуды болжаған кезде қолдануы тиіс,
бұл жерде 3А-6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда. Арнайы анықталған тауар немесе қызмет болмағанда, ал басқа жағдайларда тауар немесе қызмет алынды/көрсетілді немесе алынады/көрсетіледі деп көрсететін болса, онда осы Стандарт басшылыққа алынады.
3A Акцияларға негізделген төлем операциясын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын ұйым атынан өзге ұйым тобы жүргізе алады. 2 тармақ сондай-ақ келесі ұйым үшін қолданылады
(а) Егер сол топтың басқа кәсіпорынында(немесе топтың кез келген ұйымының акционері) операцияларды акцияларға негіздеп төлеу міндеттемесі болса, тауарлар мен қызмет көрсетулерді алады, немесе
(b) сол топтың басқа кәсіпорыны тауарлар мен қызмет көрсетулерді алғанда, операцияны акцияға негіздеп төлеу міндеттемесін алады
егер ұйымға ұсынылған операцияның мақсаты тауар мен көрсетілген қызмет үшін төлемнен басқа болса.
4 Осы стандарт мақсаты үшін ұйымның үлестік құралдарының иесі ретінде болатын қызметкермен (немесе басқа тараппен) операция акцияларға негізделген төлем операциясы болып табылмайды. Мысалы, егер ұйым өзінің акциялардың белгілі бір түрінің барлық иесіне ұйымның қосымша акцияларын осы акциялардың әділ құнына қарағанда төмен баға бойынша сатып алуға құқық ұсынса және қызметкер осындай құқықты ол, осы белгілі бір түрдегі акциялардың иесі болып табылғандықтан, осы құқықты алса, онда осы құқықты ұсынуға немесе пайдалануға осы стандарт талаптары қолданылады.
5 2-тармақта аталып өткендей, осы Стандарт акцияларға негізделген, ұйым не тауарлар, не қызмет көрсетулер алатын төлем операцияларына қолданылады. Тауарларға қорлар, шығыс материалдары, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа қаржылық емес активтер кіреді. Дегенмен, ұйым осы Стандартты тауарларды бизнесті біріктіру кезіндегі бизнестік операцияларға 3 «Бизнес бірлестіктері» ХҚЕС (IFRS) (2008 жылғы редакция бойынша) қолданылатын таза активтердің бір бөлігі ретінде сатып алатын операцияларға, 3 ХҚЕС - ың (IFRS) B1-B4 - тармақтарында көрсетілгендей ортақ басқарылатын ұйымдардың немесе ұйымның бизнес бірлестіктеріне, немесе 31 «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу» ХҚЕС-да (IAS) анықталғандай бірлескен қызметті қалыптастыру барысында бизнеске жарнаға қолданбауы тиіс. Тиісінше, бизнесті біріктіру кезінде сатып алатын ұйымды бақылау үшін айырбас ретінде шығарылатын акциялар осы Стандарт қолдану аясына кірмейді. Дегенмен сатып алатын ұйымның қызметкерлеріне қызметкерлер ретінде ұсынылатын (мысалы, олардың атқарып отырған қызметі үшін) акциялар осы ХҚЕС қолдану аясына кіреді. Сол секілді акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдерді қысқарту, ауыстыру және басқа өзгерісі бизнесті біріктіруге немесе капиталды басқа да қайта құрылымдауға байланысты осы ХҚЕС сәйкес ескерілуі тиіс. 3 ХҚЕС (IFRS) ұйымдар бірлестігінде шығарылған акциялардың сатылған ұйымды басқару құқығының орнына берілген сыйақының бөлігі болу-болмауын (сондықтан 3 ХҚЕС-ының (IFRS) шегінде болатын) немесе бірігуден кейінгі кезеңде танылатын жалғаспалы қызмет үшін берілген-берілмегендігін (сондықтан 3 ХҚЕС-тың (IFRS) шегінде болатын) анықтау бойынша нұсқау береді.
6 Осы Стандарт акцияларға негізделген, 32 Қаржы Құралдары: Ақпаратты Ұсыну ХҚЕС (IАS) (2003 жылғы редакция) 8-10-тармақтарын немесе 39 Қаржы Құралдары: тану және бағалау ХҚЕС (IАS) (2003 жылғы редакция)[1] 5-7-тармақтарын қолдану аясына кіретін шартқа сәйкес ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын төлемдер операцияларына қолданылмайды.
6А Осы ХҚЕС-тағы «әділ құн» термині 13 ХҚЕС Әділ Құнды Өлшеу стандартындағы терминінің анықтамасынан айырмашылығы бар. 2-ші ХҚЕС-ны қолданған кезде ұйым әділ құнды 13 ХҚЕС емес, осы ХҚЕС сәйкес өлшенеді.
7 Ұйым акцияларға негізделген төлемдерді болжайтын немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді осы тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алу сәтінде тануы тиіс. Ұйым, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер акцияларға негізделген, ол бойынша есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларында алынса, меншікті капиталдың тиісті ұлғаюын немесе, егер тауарлар немесе қызмет көрсетулер акцияларға негізделген, ол бойынша есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер операцияларында алынса, міндеттемелерді тануы тиіс.
8 Егер акцияларға негізделген төлемдер операцияларында алынған немесе сатып алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретіндегі тану критерийлеріне сәйкес келмесе, онда олар шығыстар ретінде танылуы тиіс.
9 Әдетте, шығыс тауарларды немесе қызмет көрсетулерді тұтыну нәтижесінде туындайды. Мысалы, қызмет көрсетулер әдетте бірден тұтынылады және осы жағдайда шығыс қызмет көрсетуді қарсы тарап көрсету сәтінде танылады. Тауарлар қандай да болмасын уақыт кезеңі ішінде немесе қорлар неғұрлым кешірек күні сатылған жағдайда тұтынылуы мүмкін; осы жағдайда шығыс тауарлар тұтынылған немесе сатылған кезде танылады. Дегенмен кейде шығысты тауарлар немесе қызмет көрсетулер тұтынылғанға немесе сатылғанға дейін тану қажет, себебі олар активтер ретінде тану критерийлеріне сәйкес келмейді. Мысалы, ұйым тауарды жаңа тауарды әзірлеу жөніндегі жобаны зерттеу сатысының бір бөлігі ретінде сатып алады. Бұл тауарлар тұтынылмағанмен, олар қолданылатын стандартқа сәйкес актив ретінде тану критерийлеріне жауап бермеуі мүмкін.
Акцияларға негізделген, үлестік құралдармен төленетін операциялар
10 Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс. Егер ұйым алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде[2] өлшеуі тиіс.
11 10-тармақтың талаптарын қызметкерлермен және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалармен[3] операцияларға қолдану үшін ұйым ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын өлшеуі тиіс, өйткені әдетте алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын 12-тармақта түсіндірілгендей сенімді түрде есептеу мүмкін емес. Осы акциялардың әділ құны олар ұсынылған күні өлшенуі тиіс.
12 Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да акциялар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған акциялардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін ұйымдағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың ұйым қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру. Акцияларды немесе акцияларға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, ұйым қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан ұйым қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.
13 Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға 10-тармақтың талаптарын қолдану үшін алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер ұйым осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған акцияның ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.
13A Атап айтқанда, егер ұйым алған куәландыруға келетін қарастырулар (бар болса) ұсынылған акциялардың әділ құнын немесе туындаған міндеттемелерден кем болса, әдетте бұл жағдай ұйым басқа қарастыруды (мысалы куәландыруға келмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулер) алғаны (немесе алғалы тұрғалы) жөнінде мәлімдейді. Ұйым куәландыруға келмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді ХҚЕС (IFRS) сәйкес бағалауы тиіс. Ұйым куәландыруға келмейтін алынған (немесе алынатын) тауарлар мен қызмет көрсетулерді акцияларға негізделген төлемнің әділ құны мен куәландыруға келетін алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердің әділ құны арасындағы айырмашылығы ретінде бағалауы тиіс. Ұйым куәландыруға келмейтін алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынылған күні бағалауы тиіс. Алайда, ақшаға негізделген операциялар үшін әр есеп беру мерзімінің аяғында 30-33 тармақтарына сәйкес негізделмегенше міндеттемелер қайта бағалануы тиіс.
14 Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Қарама-қайшылықтар жоқ болған кезде, ұйым қарсы тараптың акциялар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні ұйым алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.
15 Егер ұсынылған акцияларға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда ұйым қарсы тарап осы акциялар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы:
(а) егер қызметкерге акцияларға опциондар ол ұйымда үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс;
(b) егер қызметкерге акцияларға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жетуі, сондай-ақ қызметкердің ұйымдағы қызметін осы қызмет шарты орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда ұйым қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс.
Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар
Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын айқындау
16 Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы үлестік құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс (19-22-тармақтардың талаптарына сәйкес).
17 Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы үлестік құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс. Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс (19-22-тармақтардың талаптарына сәйкес).
18 В қосымшасында үлестік құралдардың және үлестік құралдарға опциондардың әділ құнын өлшеу жөніндегі неғұрлым нақты нұсқаулар қамтылған. Осы қосымшада шарттың қызметкерлерге үлестік құралдарды немесе үлестік құралдарға опциондарды ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипаттамалары болып табылатын белгілі бір талаптары қарастырылады.
Үлестік құралдар беру шарттарын есепке алу
19 Үлестік құралдарды ұсыну белгілі бір үлестік құралдарды беру талаптарын орындауға байланысты. Мысалы, қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну әдетте қызметкердің осы ұйымда белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс істеуін жалғастыратынына не жалғастырмайтынына байланысты болады. Қызметтің орындалуы тиіс, ұйымның пайданың белгілі бір өсуіне немесе ұйым акциялары бағасының белгілі бір өсуіне жетуі сияқты талаптары болуы мүмкін. Өтудің нарықтық талаптардан өзгеше талаптары акциялардың немесе акцияларға опциондардың өлшеу күні әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Өтудің осы талабының орнына операция сомасын өлшеуге қорытындысында акцияларды ұсынғаны үшін өтемақы ретінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетуге қатысты танылған сома нақты өткізілетін акциялардың санына негізделетіндей етіп енгізілген акциялар санын түзету арқылы есепке алынуы тиіс. Осылайша, егер өту талаптары орындалмағандықтан ұсынылған акциялар өткізілмесе 21-тармақтың талаптарына сәйкес, мысалы, егер қарсы тарап көрсетілген кезеңде қызметті көрсетуді аяқтай алмаса немесе қызметтің талабы орындалмаса, онда алынған тауарларға немесе қызмет көрсетуге қатысты ешқандай сомалар жинақтау негізінде танылмайды.
20 19-тармақтың талаптарын қолдану үшін ұйым, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акциялар санының өткен есептерден өзгеше болатынын көрсетсе, өту кезеңі ішінде алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты құқықтарының өтуі күтілетін акциялардың санын неғұрлым жақсы бағалауға негізделген соманы тануы тиіс және қажеттілігіне қарай осы бағаны қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күніне осы бағаны оның түпкілікті қорытындысында құқықтары өткен акциялардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Бұл ретте 21-тармақтың талаптарын ескеру қажет.
21 Нарықтық, мысалы, акциялардың берілген бағасына жету сияқты, өту (немесе орындау мүмкіндігі) қатысты болатын талаптар ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Тиісінше, акцияларды нарықтық талаптармен ұсыну кезінде ұйым өтудің барлық басқа да талаптарын (мысалы, белгілі бір кезең ішінде жұмысын жалғастыратын қызметкерден алынған қызмет көрсетулер) орындайтын қарсы тараптан алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді нарықтың талаптарын қанағаттандыратынына не қанағаттандырмайтынына қарамастан тануы тиіс.
Құқық бермейтін шарттарды қарастыру
21А Осы секілді, ұйым, берілген акциялардың әділ құнын бағалағанда, барлық құқық бермейтін шарттарды ескеруі тиіс. Сондықтан, құқық бермейтін шарттары бар акциялардың берілуі ретінде, ұйым, құқық бермейтін шарттар орындау-орындалмауына қарамастан, контрагенттен қабылданған нарық шарттары болып табылмайтын барлық құқық беретін шарттарды орындайтын (мысалы, қызмет көрсетудің нақты кезеңі ішінде жұмыс істейтін қызметкерден қабылданған қызметтер) тауарлар мен қызметтерді тануы тиіс.
Сипаттамаларды қайта жүктеуді есепке алу
22 Сипаттамаларды қайта жүктеу опциондары үшін, осы сипаттамаларды қайта жүктеу күні ұсынылған опциондардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынбауы тиіс. Мұның орнына сипаттамаларды қайта жүктеу опционы, егер қайта жүктеу опционы кешірек және ол ұсынылған кезде берілсе, опционды жаңадан беру ретінде есепке алынуы тиіс.
Акцияларды өткізу күнінен кейін
23 Ұйым 10-22-тармақтарға сәйкес алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды танығаннан кейін, ол өту күнінен кейін меншікті капиталдың жалпы сомасына әсер ететін кейінгі ешқандай түзетулерді жасамауы тиіс. Мысалы, егер кейіннен қызметкер оған өткен акциялардан айырылса немесе егер акцияларға опциондар жағдайында опциондар орындалмаса, ұйым кейіннен қызметкерден алынған қызмет көрсетуге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасамауы тиіс. Дегенмен осы талап ұйымға меншікті капитал ішіндегі қозғалысты, яғни соманың меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына өтуін тануға кедергі жасамайды.
24 16-23-тармақтардың талаптары ұйымнан акцияларға негізделген төлем операциясын ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өзгертуді талап ететін жағдайда қолданылады. Сирек жағдайларда ұйым өлшеу күні 16-22-ұйымдарға сәйкес ұсынылған акциялардың әділ құнын сенімді түрде бағалай алмайды. Осы сирек жағдайларда ғана ұйым келесі жағдайларды қарастыру тиіс:
(а) акцияларды олардың ішкі құны бойынша, ең алдымен ұйым тауарларды сатып алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні және одан әрі әрбір есепті күні және түпкілікті есеп айырысу күні өлшеуі тиіс, бұл ретте пайдадағы немесе шығындағы ішкі құнның өзгерісі танылады. Акцияларға опциондар ұсыну үшін акцияларға негізделген төлемдер туралы келісім бойынша түпкілікті есеп айырысу опциондар орындалған, алынған (мысалы, қызметкер жұмыстан шыққан кезде) немесе күші жойылған (мысалы, опцион мерзімінің соңында) кезде жүргізіледі;
(b) алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді түпкілікті қорытындысында өткізілетін немесе (қайда қолданылса) түпкілікті қорытындысында орындалатын акциялар саны негізінде тануы тиіс. Осы талаптарды қолдану үшін, мысалы, акцияларға опциондарға ұйым, егер осындай бар болса, өту кезеңі ішінде алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді 14 және 15-тармақтардың талаптарына сәйкес тануы тиіс, бірақ бұл ретте 15(b)-тармағының нарықтық талап туралы талабы қолданылмайды. Өту кезеңі ішінде алынған тауарға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған сома құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың санын есептік бағалауға негізделуі тиіс. Ұйым, қажет болған кезде, егер кейінгі ақпарат құқықтарының өтуі күтілетін акцияларға опциондардың саны бұрынғы есептерден өзгеше болатынын көрсететін болса, осы есептік бағалауды қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күніне есептік бағалауды оның нақты өткен акциялардың санына тең болатындай етіп қайта қарауы тиіс. Ұйым өту күнінен кейін, егер акцияларға опциондар кейінірек алынса немесе акцияларға опцион мерзімінің соңында күшін жойса, алынған тауарларға немесе қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманың реверсивтік жазбасын жасауы тиіс.
25 Егер ұйым 24-тармақты қолданса, онда 26-29-тармақтарды қолданудың қажеттілігі жоқ, себебі акциялар ұсынылған талаптардың барлық өзгерісі 24-тармақта ұйымда жазылған ішкі құн әдісін қолдану кезінде есепке алынады. Дегенмен, егер ұйым 24-тармақ қолданылған акцияларды ұсыну туралы келісім бойынша өтеуді жүргізсе, онда:
(а) егер өтеу өту кезеңі ішінде жүргізілсе, ұйым осы өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімі ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы мүмкін соманы жедел тануы тиіс;
(b) өтеу кезінде жүргізілген төлем акцияларды сатып алу ретінде, яғни төлем сатып алу күні өлшенген акцияның ішкі құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегеру ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Жоюды және есеп айырысуды қоса алғанда, акциялар ұсынылған талаптардың өзгеруі
26 Ұйым акциялар ұсынылған талаптарды өзгерте алады. Мысалы, ол қызметкерлерге ұсынылған опциондарды орындау бағасын азайта (яғни, өзге бағаны белгілей) алады, бұл осы опциондардың әділ құнын ұлғайтады. 27-29-тармақтардың осындай өзгерістердің ықпал етуін есепке алу жөніндегі талаптары қызметкерлермен жасалған, акцияларға негізделген төлемдер операцияларының мазмұнында беріледі. Дегенмен осы талаптар қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен жасалған, акцияларға негізделген, ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшенетін төлемдер операцияларына да қолданылуы тиіс. Соңғы жағдайда «ұсынылған күніне» сілтеменің орнына 27-29-тармақтарда ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күніне сілтеме қолданылуы тиіс.
27 Ұйым, кем дегенде, алынған, ұсынылған акциялардың ұсынылған күнгі әділ құны бойынша өлшенген қызмет көрсетулерді, осы акцияларға құқықтар ұсыну күні анықталған өту талаптарының (нарықтық талап болып табылмайтын) сақтамаудан өтпейтін жағдайларды қоспағанда, тануы тиіс. Осы ереже акциялар ұсынылған талаптардың өзгерістеріне немесе осы акцияларды ұсыну туралы келісім бойынша жоюға немесе өтеуді қолданады. Сонымен қатар ұйым акцияларға негізделген төлем туралы келісімнің жалпы әділ құнын көтеретін немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің әсерін тануы тиіс. Осы талапты қолдану жөніндегі нұсқау В қосымшасында келтірілген.
28 Егер ұйым құқыққа өту кезеңі ішінде (ұсыну өту талаптарын орындамау нәтижесінде алу арқылы жойылатын жағдайларды қоспағанда) акцияларды ұсынуды жойса немесе өтесе:
(а) ұйым жоюды немесе өтеуді өтуді жеделдету ретінде ескеруі тиіс және сондықтан керісінше жағдайда өту кезеңінің қалған мерзімінің ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылуы тиіс соманы жедел тануы тиіс;
(b) ұсынылған акциялардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан төлем асып кететін соманы қоспағанда, жою немесе ұсынуды өтеу кезінде қызметкерге жүргізілген кез келген төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алыну тиіс. Кез келген осындай асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс. Алайда, егер акцияларға негізделген төлем келісімге міндеттеме компоненттері кірген болса, ұйым міндеттеменің әділ құнын күшін жою немесе өтеу күні бағалауы тиіс. Міндеттеме компонентін өтеу үшін жасалған кез келген төлем міндеттеменің өтелуі ретінде есепке алынуы тиіс.
(с) егер қызметкерге жаңа акциялар ұсынылса және осы жаңа акциялар ұсынылған күні ұйым оларды жойылған акциялардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірсе, онда ол 27-тармаққа және В қосымшасындағы нұсқауға сәйкес, орны ауыстырылған акцияларды ұсынуды акцияларды ұсыну жөніндегі бастапқы келісімді өзгерту сияқты ескеруі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн орны ауыстырылған акцияларды ұсынылған күнгі орны ауыстырылған акциялардың әділ құны және жойылған акциялардың әділ құны арасындағы айырма ретінде есептеледі. Жойылған акциялардың таза әділ құны олардың әділ құны ретінде олар жойылғанға дейін тікелей, акцияларды жою кезінде қызметкерге жүргізілген төлемнің жоғарыдағы (b) тармағына сәйкес меншікті капиталдан шегерім ретінде есептелген соманы шегере отырып есептеледі. Егер ұйым ұсынылған жаңа акцияларды жойылған акциялардың орнын ауыстыру ретінде бірегейлендірмесе, онда ол осы жаңа акцияларды жаңа ұсынылған акциялар ретінде ескеруі тиіс.
28А Егер ұйым немесе қарсы тарап құқық беретін шартты орындау-орындамауды таңдай алатын болса, ұйым құқыққа өту кезеңінде ұйымның немесе қарсы тараптың құқық беретін шартты орындай алмауын күшін жою ретінде қарастыруы тиіс.
29 Егер ұйым өткізілген акцияларды сатып алса, онда қызметкерге жүргізілген төлем сатып алынған акциялардың сатып алу күні өлшенген әділ құнынан асатын соманы қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде есепке алынуы тиіс. Осындай кез келген асып кету шығыс ретінде танылуы тиіс.
Ұйым бекіткен акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем трансакциясы |
30 Акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражаттарымен жүргізілетін төлемдер операциялар үшін ұйым сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс. Міндеттеме өтелмейінше ұйым міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс.
31 Мысалы, ұйым қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (акцияларды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы ұйымның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Ұйым сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін акцияларға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады.
32 Ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде ұйым қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.
33 Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.
Ақша қаражаттарымен төлеу мүмкіндігі бар акциялар негізіндегі операциялар |
34 Акцияларға негізделген, келісім талаптары не ұйымға не қарсы тарапқа негізінде ұйым ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не акциялар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, ұйым осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер ұйымда ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына байланысты акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.
Акцияларға негізделген, келісім талаптары контрагентке есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
35 Егер ұйым қарсы тарапқа акцияларға негізделген төлемдер операциялар бойынша ақша қаражатымен[4] немесе акциялар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда ұйым борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және үлестік компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, акциялармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, ұйым аралас қаржы құралының үлестік компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.
36 Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін ұйым аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе акцияларға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.
37 36-тармақты қолданған кезде ұйым ең алдымен борыштық компоненттің әділ құнын, ал одан кейін үлестік компоненттің әділ құнын қарсы тараптың акцияны алуы үшін ақша қаражатын алу құқығынан бас тартуын назарға ала отырып өлшеуі тиіс. Аралас қаржы құралының әділ құны екі компоненттің әділ құндарының сомасы болып табылады. Дегенмен акцияларға негізделген, қарсы тарап өтеу тәсілін таңдайтын төлемдер операциялары әділ құн бір балама өтеу кезінде екінші кездегідей болатындай түрде жиі құрылымдалады. Мысалы, қарсы тараптың акцияларға опциондарды немесе акциялар құнының ақша қаражатымен өсуі құқығын алуды таңдауы бар. Осындай жағдайларда үлестік компоненттің әділ құны нөлге тең және тиісінше аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнына тең. Және керісінше, егер өтеудің әртүрлі тәсілдерінің әділ құндарының айырмашылығы болса, онда үлестік компоненттің әділ құны әдетте нөлден жоғары болады; бұл жағдайда аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнынан көп болады.
38 Ұйым алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін ұйым қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Үлестік компонент үшін (егер осындай бар болса) ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (10-29-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.
39 Ұйым өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде ұйым акциялар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған акциялар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.
40 Егер өтеу кезінде ұйым акциялар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған үлестік компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап акцияларды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап ұйымға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.
Акцияларға негізделген, келісімшарт талаптары ұйымға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
41 Акцияларға негізделген, келісім талаптары ұйымға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе акциялар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары үшін ұйым тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және акцияларға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Ұйымда, егер есеп айырысуды акциялармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер ұйымға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе ұйымның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.
42 Егер ұйымның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 30-33-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.
43 Егер ұйымда осындай міндеттеме болмаса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 10-29-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс:
(а) егер ұйым ақша қаражатымен есеп айырысуды таңдаса, онда ақшалай төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде ескерілуі тиіс;
(b) егер ұйым акциялар шығару арқылы есеп айырысуды таңдаса, онда төмендегі (с) -тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, одан кейінгі есепке алу талап етілмейді (егер қажет болса, меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударудан басқа);
(с) егер есеп айырысу күні неғұрлым жоғары әділ құнмен есеп айырысу тәсілін таңдаса, онда ол қосымша өткізілген құн сомасындағы қосымша шығысты, яғни осы ережелердің қайсысы қолданылатынына қарай төленген ақша қаражаты және керісінше жағдайда шығарылуы мүмкін акциялардың әділ құны арасындағы айырманы немесе шығарылған акциялардың әділ құны және керісінше жағдайда төленуі мүмкін ақша қаражаты сомасы арасындағы айырманы тануы тиіс
Топ ұйымдары арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары (2009 жылғы өзгертулер) |
43A Топ ұйымдары арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары үшін, өзінің бөлек немесе жеке қаржылық есептерінде, тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алған тауарлар мен қызмет көрсетулерді акцияларға негізделген немесе ақшаға негізделген төлем операциясы ретінде:
(a) ұсынылған марапат негізі, және
(b) өзінің құқықтары мен міндеттері
негізінде бағалауы тиіс. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым таныған сома үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан басқа топ ұйымы немесе бірлескен топ таныған сомадан өзгеше болуы мүмкін.
43B Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді үлеске негізделген акциялар арқылы төлем операциясы ретінде келесі жағдайда бағалауы тиіс:
(a) ұсынылған марапаттар өз акция құралдары болып табылғанда, немесе
(b) үлеске негізделген төлем операциясын жүргізуге ұйымның міндеті жоқ болғанда.
Ұйым осындай акцияларға негізделген төлем операциясын 19-21 тармақтарға сәйкес нарықтық емес құқыққа өту талаптарындағы өзгерістер үшін ғана қайта бағалауы тиіс. Бұдан басқа барлық жағдайлар үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде бағалауы.
43C Үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан ұйым топ құрамындағы басқа ұйым тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу барысындағы операцияны акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде егер ұйымның өз акция құралдары арқылы жүргізілсе ғана тануы тиіс. Басқа жағдайда, операция ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде танылуы тиіс.
43D Кейбір топтық операцияларына бір топтық ұйымның басқа топтық ұйымға тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілерге үлеске негізделген төлемдермен қамтамасыз етуі үшін төлеуді талап ететін қайта төлеу шаралары кіреді. Осындай жағдайларда, топ арасындағы қайта төлеу шараларына қарамастан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым 43B тармаққа сәйкес үлеске негізделген төлем операциясын есептей алады.
Ақпаратты ашып көрсету
44 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген, кезең ішінде болған төлемдер туралы келісімнің сипаты және мөлшерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
45 44-тармақта жазылған принципті жүзеге асыру үшін тармақ тым болмағанда мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) әрбір келісімнің өту талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есеп айырысу әдісі (мысалы, ақша қаражатымен немесе акциялармен) сияқты жалпы талаптарын қоса алғанда, акцияларға негізделген, кезең ішінде кез келген уақытта болған төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипатын. Біршама дәрежеде акцияларға негізделген келісімдердің ұқсас түрлері бар ұйым олар туралы ақпаратты, егер 44-тармақтағы ұстанымды қанағаттандыру үшін ғана әрбір келісім бойынша бөлек ашып көрсету талап етілмесе, біріктіреді;
(b) опциондардың мынадай топтарының әрқайсысы үшін акцияларға опциондардың санын және орындалуының орташа алынған бағасын:
(i) кезеңнің басында орындалмаған;
(ii) кезең ішінде ұсынылған;
(iii) кезең ішінде алынған;
(iv) кезең ішінде орындалған;
(v) мерзімі кезең ішінде аяқталған;
(vi) кезең соңында орындалмаған; және
(vii) кезең соңында әлі де орындалуы мүмкін;
(с) кезең ішінде орындалған акцияларға опциондар үшін орындау күніне акциялардың орташа алынған бағасын. Егер опциондар кезең ішінде жүйелі түрде орындалса, ұйым мұның орнына акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған бағасын ашып көрсетеді;
(d) кезең соңында орындалмаған акцияларға опциондар үшін орындау бағаларының диапазоны және шартты қолданудың қалған мерзімдерінің орташа алынған мәнін. Егер орындау бағаларының диапозоны ауқымды болса, онда орындалмаған опциондар шығарылуы мүмкін қосымша акциялардың және осы опциондарды орындау кезінде алынуы мүмкін ақша қаражатының санын және уақыт бойынша бөлуді бағалау үшін көрсетілетін диапазондарға бөлінуі тиіс.
46 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құны немесе кезең ішінде ұсынылған акциялардың әділ құны қалай белгіленгенін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
47 Егер ұйым ұйымның акциялары үшін өтем ретінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде жанама өлшесе, онда 46-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) кезең ішінде ұсынылған акцияларға опциондар үшін осы опциондардың өлшеу күніндегі орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) опционның бағасын айқындаудың пайдаланылған үлгісін және акциялардың орташа алынған бағасын, орындалу бағасын, күтілетін өзгергіштікті, опциондардың мерзімін, күтілетін дивидендтерді, пайыздың тәуекелсіз мөлшерлемені қоса отырып, осы үлгіге арналған бастапқы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланылған әдісті және күтілетін мерзімнен тыс орындаудың әсер етуін есепке алу үшін қабылданған жорамалды қоса отырып, үлгіге арналған басқа бастапқы ақпаратты;
(іі) күтілетін өзгергіштік тарихи өзгергіштікке қаншалықты негізделгендігін түсіндіруді қоса отырып күтілетін өзгергіштіктің қалай анықталғандығы туралы ақпаратты;
(ііі) опциондарды ұсынудың басқа талаптарының, мысалы, нарықтық талаптар сияқты, болғаны не болмағаны, әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(b) кезең ішінде ұсынылған басқа акциялар үшін (яғни, акцияларға опциондардан басқа) осы акциялардың өлшеу күнгі санын және орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) егер әділ құн бақыланып отырған нарықтық баға негізінде өлшенбесе, онда ол қалай анықталғаны туралы ақпаратты;
(іі) күтіліп отырған дивидендтер әділ құнды өлшеу кезінде ескергені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(ііі) ұсынылған акциялардың басқа сипаттарының әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(с) кезең ішінде өзгерген, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдер үшін:
(і) осы өзгерістердің түсіндірмесі;
(іі) ұсынылған қосымша әділ құнның көлемін (осы өзгерістердің нәтижесінде);
(ііі) ұсынылған қосымша әділ құн, егер қолданылса, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында берілген талаптарға сәйкес қалай өлшенгені туралы ақпаратты.
48 Егер ұйым кезең ішінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшесе, онда ол осы әділ құн қалай анықталғаны, мысалы, ол осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы бойынша өзгергені не өзгермегені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
49 Егер ұйым 13-тармақта көрсетілген жорамалды теріске шығарса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және осы жорамалдың ненің негізінде теріске шығарылғанын түсіндіруі тиіс.
50 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген төлемдер операцияларының ұйымның кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына әсерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
51 50-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) шығыстың жалпы сомасының акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларының нәтижесінде танылған бөлігіндегі жеке ашып көрсетуді қоса алғанда, кезең ішінде танылған, акцияларға негізделген, алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретінде тану талаптарына сай келмеген және сондықтан бірден шығыс ретінде танылған төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған шығыстың жалпы сомасын;
(b) акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін:
(і) кезең соңындағы жалпы қаржылық жағдай есебі құнын; және
(іі) қарсы тараптың ақша қаражатына құқығы немесе басқа активтері кезең соңында өткізілген (мысалы, акциялар құнының өсуіне арналған, өткізілген құқық) кезең соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құны.
52 Егер осы Стандартты ашып көрсетуді талап ететін ақпарат 44, 46 және 50-тармақтардың ұстанымдарын қанағаттандырмаса, онда ұйым оларды қанағаттандыру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Өтпелі кезең шарттары
53 Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін ұйым осы Стандарт акцияларды, акцияларға опциондарды немесе 2002 жылғы 7 қарашадан кейін ұсынылған, оларға құқықтар осы Стандарт күшіне енген күні әлі өтпеген басқа акцияларды ұсынуға қолдануы тиіс.
54 Егер ұйым осы акциялардың өлшеу күні белгіленген әділ құнын жария түрде ашып көрсетсе, ұйымнан осы Стандарт ұсынылған басқа акцияларға қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.
55 Осы Стандарт қолданылатын акциялар бойынша барлық операциялар үшін ұйым салыстырмалы ақпаратты қайта санауы және қолданылатын жерде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын ұсынылған кезеңдердің ең біріншісі үшін түзетуі тиіс.
56 Осы Стандарт қолданылмаған акцияларды (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе бұрын ұсынылған акциялар) ұсыну бойынша барлық операциялар үшін ұйым сонымен қатар 44 және 45-тармақтарда талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
57 Осы Стандарт күшіне енгізілгеннен кейін ұйым осы Стандарт қолданылмаған акцияларды ұсыну жөніндегі келісімдердің талаптарын өзгертеді, онда ұйым сонымен қатар осындай өзгерістерді есепке алу үшін 26-29-тармақтарды қолдануы тиіс.
58 Осы Стандарт күшіне енген күні қолда бар акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін ұйым Стандарт ретроспективті түрде қолдануы тиіс. Осы міндеттемелер үшін ұйым ұйымнан салыстырмалы ақпаратты осы ақпарат кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашадағы күнге жататын дәрежеде қайта санауды талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, салыстырмалы ақпарат қайта саналған ұсынылған кезеңдердің ең біріншісінде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетуді қоса алғанда салыстырмалы ақпаратты қайта санауы тиіс.
59 Ұйымнан осы Стандарт акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған басқа міндеттемелерге, мысалы, кезең ішінде өтелген, ол бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған міндеттемелерге ретроспективті түрде қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.
60 Ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.
61 3 (2008 жылғы редация) ХҚЕС (IFRS) және 2009 жылдың сәуірінде шығарылған ХҚЕС-ға Жетілдірулер бойынша 5 тармаққа түзетулер енгізілді. Ертерек кезеңдерге қодануға рұқсат етіледі. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінде немесе бұдан кейін бастап қолданыуы тиіс. Егер ұйым 3 (2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ын(IFRS) ертерек мерзімде қолданса, сол ертерек мерзімде осы түзетулер қолданылуы тиіс.
62 Ұйым төмендегі түзетулерді ретроспективті түрде 2009 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдерде қолдануы тиіс:
(a) құқық бермейтін шарттарға қатысты 21А тармағындағы талаптар;
(b) А қосымшасындағы «құқығына ену», «үлестік құқыққа өту талабы» терминдерінің қайта қаралған анықтамалары;
(c) күшін жоюға қатысты 28 және 28А тармақтарындағы түзетулер.
Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезіңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
63 2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары жасаған келесі өзгертулерді ретроспективті түрде қолдануы тиіс, 53-59 тармақтарындағы көшу жабдықтауларына жүгінетін, 8 ХҚЕС (IFRS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер мен қателерге сәйкес 2010 жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін:
(a) топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты 2 тармаққа өзгеріс, 3 тармақтың жойылуы мен 3A және 43A-43D тармақтары мен B қосымшасындағы B45, B47, B50, B54, B56-B58 және B60 тармақтарының қосылуы.
(b) A қосымшасындағы келесі ұғымдардың қайта қаралған түсініктемелері:
• ақша арқылы акцияларға негізделген төлем операциясы,
• акцияларға негізделген есеп айрысу акциялармен жүргізілетін акциялармен жүргізілетін төлем операциясы.
• акциялармен жүргізілетін төлем келісімі,және
• акциялармен жүргізілетін төлем операциасы
Егер ретроспективті қолдану үшін қажет ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмаса, топтың бұрынғы бірлескен есеп беруінде танылған сомаларды ұйым өзінің бөлек немесе жеке есеп берулерінде көрсетуі тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
63А 2011 жылғы мамыр айында шыққан 10 ХҚЕС мерзімі ұзартылған қаржылық есептілік және 11 ХҚЕС-қа 5 тармақ және А қосымшасына түзетулер енгізілді.Ұйым 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолданған уақытта осы түзетулерді қолдану қажет.
Түсінік берулерден бас тарту
64 2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары 8 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) Қолдану аясынан және 11 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) — Топ және қазыналық үлес операцияларынан басым болып табылады. Сол құжат жасаған өзгерістер 8 ХҚЕСТК (IFRIC) және 11 ХҚЕСТК-де (IFRIC) көрсетілген бұрынғы талаптарды келесі түрде қосты:
(a) ұйым алған тауарлар мен қызмет көрсетулердің кейбіреулерін немесе барлығын әдейі түрде куәландыра алмайтын операцияларды есептеуге қатысты 13A тармағы қосылды және 2 тармақ өзгертілді. Осы өзгертулер 2006 жылдың 1 мамырынан бастап жылдық мерзімдер үшін күшіне енді.
(b) топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты B қосымшасындағы B46, B48, B49, B51-B53, B55, B59 және B61 тармақтары өзгертілді. Осы өзгертулер 2007 жылдың 1 наурызынан бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін күшке енді.
Осы өзгерістер 8 ХҚЕС (IAS) талаптарына сәйкес, 2 ХҚЕС-қа (IFRS) көшу кезіндегі жағдайларына жүгінетін, ретроспективті түрде қолданылды.
Терминдердің анықтамасы
Бұл қосымша осы ХҚЕС-ының (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады.
акцияларға негізделген есеп айырысуы арқылы ақша қаражатымен жүргізілетін төлем трансакциялары | акцияларға негізделген, ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ақша қаражатын немесе басқа активтерді осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің жеткізушісіне ұйым акцияларының немесе басқа акцияларының бағасына (немесе құнына) негізделген сомалармен өткізу жөніндегі міндеттемені қабылдау арқылы сатып алатын төлем трансакциясы. |
жалдамалы қызметкерлер және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалар | өздерінің қызметтерін ұйымға ұсынатын және (а) заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын, (b) ұйымға оның басшылығымен заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын тұлғалар сияқты жұмыс істейтін, немесе (с) көрсететін қызметтері қызметкерлер көрсететін қызметтерге ұқсайтын жеке тұлғалар. Мысалы, осы анықтамаға барлық басшы қызметкерлер, яғни ұйымның атқарушы тұлғалары болып табылмайтын директорларды қоса алғанда, ұйымның қызметін жоспарлау, басқару және бақылау үшін өкілеттігі бар және жауапкершілік атқаратын адамдар кіреді. |
үлестік құралы | ұйымның оның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалған активтеріндегі үлеске құқықты растайтын келісім-шарт.5 |
үлестік құралға берілген құқық | акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде басқа тарапқа ұйым ұсынған меншікті капитал құралына берілген құқық (шартты немесе шартсыз). |
ұйым бекіткен акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем трансакциясы | акцияларға негізделген есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем операциясында ұйым (a) тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ұйымның акциялары үшін (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтем ретінде алатын төлем трансакциясы, немесе (b) тауарларды немесе көрсетілетін қызметті алады, бірақ жеткізушімен ешбір операция жасауға құқығы жоқ |
әділ құн | актив айырбасталатын, міндеттеме бойынша есеп айырысу жүргізілетін немесе жақсы хабардар етілген, осындай операцияларды жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде ұсынылған меншік құралдары айырбасталатын сома. |
берілу күні | ұйымның және басқа тараптың келісімнің талаптарын жалпы түсінулері шартымен ұйым және басқа тарап (қызметкерді қоса алғанда) акцияларға негізделген төлем туралы келісім жасаған күн. Акцияларды ұсыну күні ұйым қарсы тарапқа, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен ұйымның ақша қаражатына, басқа активтеріне немесе акцияларына құқықты ұсынады. Егер осы келісім бекіту (мысалы, акционерлер) процесіне жатса, онда берілу күні осы бекіту алынған күн болып табылады. |
ішкі құн | қарсы тараптың қол қоюға немесе алуға құқығы бар (шартты немесе шартсыз) акциялардың әділ құны және қарсы тарап осы акциялар үшін ақы төлеуі тиіс баға (егер осындай бар болса) арасындағы айырма. Мысалы, әділ құны 20 а.б.6 акция үшін орындау құны 15 а.б. акцияларға опционның ішкі құны 5 а.б. |
нарықтық талаптар | акцияны орындау бағасы, өтуі немесе орындау мүмкіндігі қатысты болатын және акциялардың нарықтық бағасына байланысты талап, мысалы, акциялардың берілген бағасына немесе акцияларға опционның ішкі құнының берілген сомасына қол жеткізу не ұйымның акцияларының нарықтық бағасының және басқа ұйымдардың акцияларының нарықтық бағалары индексінің арақатынасына негізделген белгілі бір мақсатқа қол жеткізу. |
бағалау күні | ұсынылған акциялардың әділ құны осы Стандарт мақсаты үшін өлшенетін күн. Қызметкерлермен және осындай қызметтер көрсететін басқа тұлғалармен операциялар үшін өлшеу күні ұсыну күні болып табылады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен (және осындай қызметтер көрсететін тұлғалармен) операциялар үшін ұйым тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсететін күн бағалау күні болып табылады. |
қалпына келтіру сипаттамасы | опционның иесі орындау бағасын төлеу үшін ұйымның ақша қаражатын емес, акцияларын пайдалана отырып бұрын ұсынылған опционды орындаған кезде кез келген ретте акцияларға негізделген қосымша опциондарды автоматты түрде ұсынуды қамтамасыз ететін талап. |
қалпына келтірілген опцион | бұрынғы акцияға опционды орындау бағасын төлеу үшін акция пайдаланылған кезде ұсынылатын жаңа акцияға опцион. |
акцияларға негізделген төлем туралы келісімшарт | Ұйым (немесе басқа топтық7 ұйым немесе басқа топтық ұйымның кез-келген акцияларды ұстаушы) және өзге тарап (жалдамалы қызметкерді қоса алғанда) арасындағы өзге тарапқа келесілерді алу құқығын беретін келісім (a) ұйымның немесе басқа топтық ұйымның меншікті капитал құралдарының (акциялар мен акцияларға опциондарды қоса алғанда) бағасына (немесе құнына) негізделген ақшалай сомалар немесе ұйымның басқа активтері, немесе (b) ұйымның немесе басқа топтық ұйымның меншікті капитал құралдары (акциялар мен акцияларға опциондарды қоса алғанда), белгіленген үлестік құқыққа өту талаптары қанағаттандырылса. |
акцияларға негізделген төлемді болжайтын трансакция | Келесі әрекеттер кіретін ұйым операциясы (a) тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушіден (қызметкерді қоса алғанда) акцияларға негізделген төлем келісімі арқылы осы тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу, немесе (б) басқа топтық ұйым тауарлар мен қызмет көрсетулерді алған кезде жеткізушімен акцияларға негізделген төлем келісімі арқылы операцияны жүргізуге міндет туындағанда. |
акция опциондары | иесіне ұйымның акцияларына белгіленген немесе анықталған баға бойынша белгілі бір уақыт ішінде қол қоюға құқық беретін, бірақ міндет емес, шарт. |
құқығына енуі
| қандай да бір нәрсеге құқық алу. Акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде қарсы тараптың ұйымның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе акцияларын алуға құқығы оған белгілі бір құқыққа өту талаптарын сақтау шартымен өтеді. |
үлестік құқыққа өту талабы | қарсы тарапта акцияларға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде ұйымның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе акцияларды алу құқығы туындауы үшін орындалуы тиіс талаптар. Құқық беретін шарттар қызметтік шарттар немесе жұмыс шарттары болады. Қызметтік шарттар контрагенттің қызмет көрсетудің нақты кезеңін аяқтауын талап етеді. Жұмыс шарттары контрагенттің қызмет көрсетудің нақты кезеңін аяқтауын және нақты жұмыс нәтижелеріне (мысалы, белгілі бір уақыт ішінде ұйым пайдасының белгілі ұлғаюы секілді) қол жеткізуді талап етеді. Жұмыс шартына нарықтық шарт та кіруі мүмкін. |
үлестік құқыққа ену кезеңі | акцияларға негізделген төлем туралы келісім бойынша барлық көрсетілген өту талаптары орындалуы тиіс кезең. |
Қолдану бойынша нұсқау
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
В1 Осы қосымшаның В2-В41-тармақтарында ұсынылған акциялардың және акцияларға опциондардың әділ құнын өлшеу қарастырылады. Қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипатты болып табылатын белгілі бір талаптарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ол жан-жақты болып табылмайды. Сонымен қатар бұдан әрі қарастырылатын бағалау мәселелері негізінен қызметкерлерге ұсынылған акцияларға және акцияларға опциондарға жатады, акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құны ұсыну күні өлшенетіні туралы жорамал қабылданады. Дегенмен бұдан әрі қарастырылатын көптеген бағалау мәселелері (мысалы, күтілетін өзгергіштікті айқындау) ұйым тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсетін күні қызметкерлер болып табылмайтын тараптарға ұсынылған акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құнының есеп айырысу бағасы контексте қолданылады.
В2 Қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны ұйым акцияларының акциялар ұсынылған талаптарды (19-21-тармақтарға сәйкес әділ құнды өлшеуден алынып тасталатын өту талаптарын қоспағанда) ескерілетіндей етіп түзетілген нарықтық бағасы бойынша (немесе, егер ұйымның акциялары нарықта еркін айналмаса, есептелген нарықтық бағасы бойынша) өлшенуі тиіс.
В3 Мысалы, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде дивидендтер алуға құқығы болмаса, осы фактор ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Сол секілді, егер өту күнінен кейін акцияларды өткізуге шектеу болса, осы факт назарға алынуы тиіс, бірақ осы шектеулер осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға әсер ететін дәрежеде ғана. Мысалы, егер акциялар толық және өтімді нарықта белсенді айналса, өту күнінен кейін өтуге шектеулердің осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға шамалы әсер етуі немесе ешқандай әсері болмауы мүмкін. Өту кезеңі ішіндегі өтуге шектеулер немесе басқа шектеулер акциялардың ұсыну күнгі әділ құны бағалау кезінде назарға алынуы тиіс, себебі осы шектеулер 19-21-тармақтарға сәйкес ескерілетін өту талаптарының болуынан туындайды.
В4 Қызметкерлерге ұсынылған акциялар опциондар үшін көптеген жағдайларда нарықтық бағаларға қолы жетпейді, себебі ұсынылған опциондар бойынша нарықта айналыстағы опциондарға қолданылмайтын талаптар белгіленген. Егер нарықта осындай талаптармен айналыстағы опциондар болмаса, онда ұсынылған опциондардың әділ құны опциондардың бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы бағалануы тиіс.
В5 Ұйым нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушыларының опционның бағасын айқындау үлгісін таңдау кезінде қарауы тиіс факторларды ескеруі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған көптеген опциондардың ұзақ мерзімі бар; әдетте олар опционның өту күні және мерзімінің аяқталуы арасындағы кезең ішінде орындалуы мүмкін және мерзімінен бұрын жиі орындалады. Осы факторларды опциондардың ұсыну күнгі әділ құнын бағалау кезінде ескерген жөн. Көптеген ұйымдар үшін осы факторлар опциондардың мерзімінен бұрын орындалу үшін мүмкіндігі көзделмейтін және күтілетін мерзімінен бұрын орындалуға дұрыс әсер етпейтін Блэк-Шоулс-Мертон формуласын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы үлгіде сондай-ақ күтілетін өзгергіштік және үлгіге арналған басқа бастапқы ақпарат опцион мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін екені ескерілмейді. Дегенмен біршама қысқа мерзімі бар, шартта көзделген немесе өту күнінен кейін қысқа уақыт мерзімі ішінде орындалуы мүмкін акцияларға опциондарға аталған факторлар қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайларда Блэк-Шоулс-Мертон формуласы опционның бағасын белгілеудің неғұрлым икемді үлгісін қолдану нәтижесінде алынатын құнға нақты сәйкес келетін құнға әкеп соғады.
В6 Баға белгілеудің барлық үлгісі кем дегенде мынадай факторларды:
(а) опционды орындау бағасын;
(b) опционның мерзімі;
(с) акциялар негізін құрайтын ағымдағы бағасы;
(d) акциялар бағасының күтілетін өзгергіштігін;
(е) акциялар бойынша күтілетін дивидендтерді (егер қолданылса); және
(f) опционның мерзіміне тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені назарға алады.
В7 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушылары баға белгілеу кезінде қарауы тиіс басқа факторлар да назарға алынуы тиіс (19-22-тармақтарға сәйкес әділ құнның өзгеруіне алынып тасталатын өту талаптарын және қалпына келтіру сипаттарын қоспағанда).
В8 Мысалы, қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион әдетте белгілі бір кезеңдер ішінде орындалуы мүмкін (мысалы, өту кезеңі немесе бағалы қағаздарды реттейтін органдары белгілеген кезеңдер ішінде). Егер опционның бағасын белгілеудің қолданылған үлгісі опционның оның мерзімі ішіндегі кез келген уақытта орындалуы мүмкін екені туралы жорамалды өзгеше көздесе, осы фактор назарға алыну тиіс. Дегенмен, егер ұйым опционның бағасын белгілеудің опциондардың бағалауға арналған, опцион мерзімінің соңында ғана орындалуы мүмкін үлгісін қолданса, онда оларды өту кезеңі (немесе опцион мерзімі ішіндегі басқа кезеңдер) ішінде орындау мүмкіндігі жоқ екенін есепке алу үшін ешқандай түзету талап етілмейді, себебі үлгіде опциондардың осы кезеңдер ішінде орындалмауы мүмкін екені көзделеді.
В9 Қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарға тән тағы бір фактор опционды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі болып табылады, мысалы, өйткені опцион еркін жылжи алмайды немесе қызметкер оған өткен барлық опциондарды жұмыстан шығу кезінде орындауы тиіс болады. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау В16-В21-тармақтарда көрсетілгендей назарға алынуы тиіс.
В10 Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) бағасын белгілеу кезінде қарауы тиіс факторлар ұсынылған акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) әділ құнын бағалау кезінде ескермеуі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар үшін опционның құнына тек жекелеген қызметкердің көзқарасы бойынша ғана әсер ететін факторлар нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы белгілеуі мүмкін бағаны бағалау үшін маңызды емес.
В11 Акциялар мен дивидендтер негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде олар бойынша мақсат опцион үшін ағымдағы нарықтық немесе шарттық айырбастау бағасында көрсетілуі мүмкін күтілетін жақындаған баға болып табылады. Тиісінше, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарды мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын бағалау кезіндегі мақсат қызметкерлердің опциондарды орындау ерекшеліктері туралы нақты ақпаратқа рұқсаты бар сыртқы тараптың ұсыну күнінен қол жеткізілген ақпаратқа негіздей отырып әзірлеуі тиіс күтулердің жақындаған бағалаудан тұрады.
В12 Болашақ өзгергіштіктің, дивидендтердің және орындау ерекшеліктерінің негізделген күтулері жиі болуы мүмкін. Осы жағдайда күтілетін құнды олардың туындау ықтималдылығын ескере отырып диапазон ішіндегі әрбір соманы өлшеу арқылы есептеген жөн.
В13 Болашақ туралы күтулер әдетте тәжірибеге негізделеді, бірақ егер болашақ күтулердің өткен уақытта бақыланған талаптардан өзгешелігі болады деп негізді түрде жорамалдауға болса, өзгереді. Кейбір жағдайларда бірегейлендірілген факторлар түзетілмеген тарихи тәжірибенің болашақ тәжірибенің біршама нашар болжау құралы болып табылатынын көрсетуі мүмкін. Мысалы, егер айырмашылығы үлкен екі қызмет түрі бар ұйым басқасына қарағанда біршама дәрежеде тәуекелдіктілігі төмен болған біріншісін сатса, онда тарихи өзгергіштік болашақ өзгергіштік туралы тиімді күтулерге негіздеген дұрыс болатын ең жақсы ақпарат бола алмайды.
В14 Белгілі бір жағдайларда тарихи ақпаратқа рұқсат берілмеуі мүмкін. Мысалы, листингтен жақында өткен ұйымда оның акциялары бағасының өзгергіштігі туралы шамалы тарихи ақпарат болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін. Листингтен өтпеген немесе листингтен жақында өткен ұйым бұдан әрі қарастырылады.
В15 Тұтастай алғанда ұйым өзгергіштікті бағалауды, опциондарды орындау ерекшеліктерін және дивидендтерді бағалауды өткен тәжірибе қалай болғанын, болашақ тәжірибе негізделген түрде болжанатыны қалай күтілетініне қарамастан, тек тарихи ақпаратқа негіздемеуі тиіс.
В16 Қызметкерлер акцияларға опциондарды әртүрлі себептермен мерзімінен бұрын жиі орындайды. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар әдетте өткізуге жатпайды. Бұл қызметкерлердің өздерінің акцияларға опциондарын мерзімінен бұрын орындауына әкеп соғады, себебі бұл қызметкер үшін өзінің опциондарын жүзеге асырудың жалғыз тәсілі. Сонымен қатар жұмыстан шыққан қызметкерлер әдетте қысқа мерзім ішінде оған өткен барлық опциондардың орындалуын талап етеді, керісінше жағдайда акцияларға опциондар алынады. Осы фактор сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың мерзімінен бұрын орындауын туындатады. Мерзімінен бұрын орындаудың басқа факторларына тәуекелдіктің және мүлікті диверсификациялау кемшіліктерінің алдын алу кіреді.
В17 Күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпал етуі ескерілетін тәсіл опцион бағасын белгілеудің қолданылатын үлгісінің түріне қатысты болады. Мысалы, күтілетін мерзімінен бұрын орындау опцион бағасын белгілеудің үлгісі үшін бастапқы ақпарат (мысалы, Блэк-Шоулс-Мертон формуласы) ретінде опционның күтілетін қолдану мерзімін (қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион үшін ұсыну күнінен опционның орындалуы күтілетін күнге дейінгі кезең болып табылады) бағалауды пайдалану арқылы назарға алынуы мүмкін. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау балама ретінде шартта көзделген қолдану мерзімін бастапқы ақпарат ретінде пайдаланатын опционның бағасын белгілеудің екі мүшелі немесе ұқсас үлгісіне моделденуі мүмкін.
В18 Мерзімінен бұрын орындауды бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:
(а) акцияларға опцион әдетте өту кезеңінің соңына дейін орындалуы мүмкін өту кезеңінің ұзақтығы. Тиісінше, күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың салдарын айқындау опциондарға құқықтардың өтетіндігі туралы жорамалға негізделеді. Өту талаптарының салдары 19-21-тармақтарда қаралады;
(b) ұқсас опциондар өткен уақытта орындалмай қалған уақыттың орташа ұзақтығы;
(с) акциялар негізінде жатқан бағаны. Тәжірибе қызметкерлердің акциялар бағасының орындау бағасынан белгілі бір деңгейде асып түсуге жеткен кезде опциондарды орындауға ұмтылатынын көрсетеді;
(d) қызметкердің ұйымдағы жағдайы. Мысалы, тәжірибе неғұрлым жоғары жағдайдағы қызметкерлердің әдетте неғұрлым төмен лауазымдағы қызметкерлерге қарағанда опциондарды кешірек орындайтынын көрсетеді (осы мәселе В21-тармақта барынша толық талқыланады);
(е) акциялар негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті. Орташа алғанда қызметкерлер жоғары дәрежедегі өзгергіштігі бар акцияларға опциондарды неғұрлым төмен өзгергіштігі бар акцияларға қарағанда орындауға ұмтылады.
В19 В17-тармақта көрсетілгендей, ерте орындалудың ықпалы опционды қолданудың күтілетін мерзімін опционның бағасын белгілеу үлгісін бағалауды пайдалану арқылы ескерілуі мүмкін. Қызметкерлердің тобына ұсынылған акцияларға опциондарды қолданудың күтілетін мерзімін бағалау кезінде ұйым қызметкерлердің опциондарды орындаудың ерекшелігі туралы неғұрлым нақты ақпаратқа (төменде қарастырылады) негіздей отырып, осы бағалауды қызметкерлердің барлық тобы үшін немесе топқа кіретін қызметкерлердің әрбір шағын тобы үшін тиісті түрде есептелген қолданудың орташа алынған күтілетін мерзіміне негіздейді.
В20 Опциондарды ұсыну туралы келісімді салыстырмалы түрде бірдей орындау ерекшеліктері бар қызметкерлер топтарына бөлу маңызды фактор болуы мүмкін. Опционның құны опционды қолдану мерзімінің желілік функциясы болып табылмайды; құн мерзімнің ұлғаюына қарай қарқынның төмендеуімен көтеріледі. Мысалы, басқа да тең жорамалдар кезінде екі жылдық опцион бір жылдық опционға қарағанда көп тұрса, бірақ екі есе емес. Бұл опционның болжанған құнын қатты айырмашылығы бар жекелеген қолдану мерзімі кіретін орташа алынған қолдану мерзімі негізінде ғана есептеу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын көтеретінін білдіреді. Ұсынылған опциондарды әрқайсының қолдану мерзімінің біршама қысқа диапазоны бар, орташа алынған қолдану мерзімінің есебіне кіргізілген бірнеше топқа бөлу осы көтерілуді төмендетеді.
В21 Осындай талқылау екі мүшелі немесе ұқсас үлгіні пайдалану кезінде қолданылады. Мысалы, барлық деңгейдегі қызметкерлерге опциондар ұсынатын ұйымның тәжірибесі жоғары буынның басшылары өздерінің опциондарын орта буын басшыларына қарағанда көбірек ұстайтынын, ал төменгі буынның қызметкерлері өздерінің опциондарын кез келген басқа топқа қарағанда ерте орындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерінің опциондарын қоса алғанда, акцияларының ең төменгі санын ұстап тұру талап етілетін немесе қолдауға болатын қызметкерлер орташа алғанда опциондарды осы талап қолданылмайтын қызметкерлерге қарағанда кейінірек орындайды. Осы жағдайларда опциондарды орындау ерекшеліктері біршама бірдей алушылардың тобына бөлу ұсынылған акцияларға опциондардың жалпы әділ құнын неғұрлым нақты бағалауға әкеледі.
В22 Күтілетін өзгергіштік күтіліп отырғандай кезең ішінде баға өзгеретін соманың көрсеткіші болып табылады. Опционның бағасын айқындау үлгісінде пайдаланылатын өзгергіштік көрсеткіштері уақыт кезеңі ішінде пайызды үздіксіз қосу формуласы бойынша есептелген акциялардың пайдалылық нормаларының жылдық мәнге келтірілген стандарттық ауытқуы болып табылады. Өзгергіштік әдетте жылдыққа келтірілген, уақыт кезеңіне қарамастан салыстыруға болатын, есептеу кезінде пайдаланылған мәндермен көрсетіледі, мысалы, бағаны күн сайын, апта сайын немесе ай сайын бақылау.
В23 Акция бойынша кезең ішіндегі пайдалылық нормасы (оң немесе теріс болуы мүмкін) акционердің дивидендтен немесе акция бағасының өсуінен (немесе азаюынан) қандай пайда алғанын өлшейді.
В24 Акцияның жылдық мәнімен көрсетілген күтілетін өзгергіштігі жобамен үштен екі жағдайда үздіксіз есептелген пайдалылық нормасының түсуі күтілетін диапазон болып табылады. Мысалы, егер үздіксіз қосылған пайыз формуласы бойынша есептелген, 12% күтілетін пайдалылық нормасы бар акцияның 30% өзгергіштігі бар екені айтылады, бұл акцияның пайдалылық нормасы бір жыл ішінде -18% (12% - 30%) және 42% (12% + 30%) арасында, жобамен үштен екіге тең болу ықтималдылығын білдіреді. Егер акцияның бағасы жыл басында 100 а.б. құраса және дивидендтер төленбесе, онда жылдың соңында акцияның бағасы 83,53 а.б. (100 а.б. х е-0,18) және 152,20 а.б. (100 а.б. х е0,42) арасында жобамен үштен екі ықтималдылықпен болады деп күтуге болады.
В25 Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:
(а) нарықтағы айналыстағы ұйымның акцияларға опциондардың немесе ұйымның, егер бар болса, опциондардың сипаты (айырбасталатын қарыз сияқты) кіретін басқа акцияларының жобаланған өзгергіштігі;
(b) негізінен опционның күтілетін мерзімімен (опционның шартта көзделген қалған мерзімін және күтілетін мерзімнен бұрын орындаудың ықпалын ескере отырып) салыстырылатын соңғы кезең ішіндегі акциялар бағасының тарихи өзгергіштігі;
(с) ұйымның акциялары нарықта еркін айналатын уақыт ұзақтығы. Жақында листингтен өткен ұйымның листингтен бұрын өткен осындай ұйымдармен салыстырғанда жоғары тарихи өзгергіштігі бар болуы мүмкін. Жақында листингтен өткен ұйымдар бойынша бұдан кейінгі нұсқау төменде берілген;
(d) өзінің орташа мәніне, яғни ұзақ мерзімді орташа деңгейге қайтып келу өзгергіштігінің үрдісі және күтілетін болашақ өзгергіштіктің өткен өзгергіштіктен айырмашылығы болатынын көрсететін басқа факторлар. Мысалы, егер ұйым акциясының бағасы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болмай қалған жойылудан немесе біршама қайта құрудан өте өзгергіш болса, онда осы кезең тарихи орташа жылдық өзгергіштікті есептеу кезінде назарға алынбайды;
(e) бағаларды бақылауға арналған тиісті және жүйелі аралықтар. Бағаны бақылау кезеңнен кезеңге дейін келісілуі тиіс. Мысалы, ұйым әрбір аптаның жабу бағасын немесе аптаның ең жоғары бағасын пайдаланады, бірақ бір аптаның жабу бағасын және басқа аптаның ең жоғары бағасын пайдаланбауы тиіс. Сонымен қатар бағаны бақылау нәтижелері орындау бағасының валютасымен көрсетілуі тиіс.
В26 В25-тармақта айтылғандай, ұйым акция бағасының тарихи өзгергіштігін негізінен опционның күтілетін мерзімімен өлшемдес ең соңғы кезең ішінде қарауы тиіс. Егер листингтен жақында өткен ұйымның тарихи өзгергіштік туралы жеткілікті ақпараты болмаса, онда ол кем дегенде оның акцияларымен сауда-саттық өткен ең ұзақ кезеңнің тарихи өзгергіштігін есептеуі тиіс. Ұйым сондай-ақ осындай ұйымдардың тарихи өзгергіштігін олардың қолдану мерзімінің салыстырмалы кезеңін пайдалана отырып қарайды. Мысалы, тек бір жыл бұрын ғана листингтен өткен және 5 жыл орташа күтілетін қолдану мерзімі бар опциондарды ұсынатын ұйым сол сала ұйымдарының осы ұйымдардың акциялары ашық нарықта айналған алғашқы алты жылдағы схемасын және тарихи өзгергіштік деңгейін қарайды.
В28 Кейбір жағдайларда листингтен өтпеген, қызметкерлер (немесе басқа тараптар) үшін жүйелі түрде опциондар немесе акциялар шығаратын ұйым өз акциялары үшін ішкі нарықты белгілей алады. Күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде акциялардың осы бағаларының өзгергіштігі назарға алынады.
В29 Балама ретінде ұйым листингтен өткен, олар бойынша акциялардың бағасы немесе күтілетін өзгергіштік бағалау кезінде пайдалануға болатын опцион бағасы туралы ақпарат бар осындай ұйымдардың тарихи немесе болжанған өзгергіштігін қарайды. Бұл қадам, егер ұйым өз акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай ұйымдар акцияларының бағысына негіздесе, дұрыс болады.
В30 Егер ұйым өзінің акцияларының құнын бағалауды листингтен өткен осындай ұйымдар акцияларының бағаларына негіздемесе, ал оның орнына өз акцияларын бағалаудың басқа әдісін пайдаланса, онда ол күтілетін өзгергіштіктің осы бағалау әдісіне сәйкес келетін бағалауды алады. Мысалы, ұйым өз акцияларын таза активтердің немесе пайданың мәндері негізінде бағалай алады. Ол таза активтердің немесе пайданың осы мәндерінің күтілетін өзгергіштігін назарға алады.
В31 Күтілетін дивидендтерді ұсынылған акциялардың немесе опциондардың әділ құнын өлшеу кезінде назарға алуға болатыны не болмайтыны туралы мәселе қарсы тараптың дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына құқығы бар не жоқ екендігіне қатысты болады.
В32 Мысалы, егер қызметкерлерге опциондар ұсынылса және олардың негізінде жатқан акциялар бойынша дивидендтерге немесе дивидендтердің баламасына ұсыну күні және орындау күні арасындағы кезең ішінде олардың құқығы бар болса, онда ұсынылған опциондар олардың негізінде жатқан дивидендтер төленбегендей бағалануы тиіс, яғни күтілетін дивидендтер жөніндегі бастапқы ақпарат нөлге тең болады.
В33 Тиісінше ұсыну күні қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны есептелсе, онда, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде төленетін дивидендтерді алуға құқығы болса, күтілетін дивидендтерге ешқандай түзету талап етілмейді.
В34 Және керісінше, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде (немесе опциондар жағдайында орындау күніне дейін) дивидендтерге немесе дивидендтер баламасына құқықтары жоқ болса, онда акцияларды немесе опциондарды ұсыну күнгі бағалауда күтілетін дивидендтер ескерілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ұсынылған опциондардың әділ құны бағаланған кезде, күтілетін дивидендтер опционның бағасын айқындау үлгісін қолдану кезінде ескерілуі тиіс. Ұсынылған акциялардың әділ құны бағаланған кезде, осы бағалау өту кезеңі ішінде төленуі күтілетін дивидендтердің келтірілген құнына азайтылуы тиіс.
В35 Опциондардың бағаларын айқындау үлгілері үшін әдетте дивидендтер бойынша күтілетін кірістілік туралы ақпарат талап етіледі. Дегенмен үлгілер кірістілікті емес, дивидендтердің күтілетін сомасын пайдаланатындай өзгеруі мүмкін. Ұйым не күтілетін кірістілікті, не күтілетін төлемдерді пайдаланады. Егер ұйым кірістілікті пайдаланса, онда ол өзінің дивидендтердің тарихи қалыптасқан өсу схемасын ескеруі тиіс. Мысалы, егер дивидендтердің шамамен жылына 3 пайыз ұлғаюы әдетте ұйымның саясаты болып табылса, онда опционның күтілетін құнында осы жорамалды қолдайтын куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, опционның қолдану мерзімі ішінде дивидендтің белгіленген сомасын көздемеуі тиіс.
В36 Әдетте күтілетін дивидендтер туралы жорамал жалпы рұқсат етілген ақпаратқа негізделуі тиіс. Дивидендтер төлемеген және оларды төлеуді жоспарламаған ұйым дивидендтер бойынша нөлге тең кірістілікті қабылдауы тиіс. Дегенмен, дивидендтерді төлеу тарихы жоқ жаңа ұйым қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың күтілетін қолдану мерзімі ішінде дивидендтер төлеуді бастауды жоспарлай алады. Осы ұйымдар олардың дивидендтер бойынша өткен кірістілігінің (нөл) және олармен салыстырылатын ұйымдардың дивидендтері бойынша кірістіліктің орташа мәні арасындағы орташа мәнді пайдалана алады.
В37 Әдетте, тәуекелсіз пайыздық мөлшерлеме нөлдік купоны бар, елде орындау бағасы көрсетілген валютамен шығарылған, өтелгенге дейін бағаланатын опционның күтілетін мерзіміне тең қалған мерзімі бар (шартта көзделген, опционды қолданудың қалған мерзімі негізінде және күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын назарға ала отырып) мемлекеттік облигациялар бойынша ағымдағы кірістілік болып табылады. Егер осындай мемлекеттік облигациялар болмаса немесе жағдай нөлдік купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістіліктің тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені ашпайтынын көрсетсе (мысалы, жоғары инфляциясы бар экономикаларда), балама мөлшерлемелерді пайдалану қажет болады. Сонымен қатар қолдану мерзімі бағаланатын опционның күтілетін қолдану мерзіміне тең болатын опционның әділ құнын бағалау кезінде балама мөлшерлемелер, егер нарықтың қатысушылары әдетте тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені, нөлге тең купоны бар мемлекеттік облигациялар бойынша болжанған кірістілікті емес, осы балама мөлшерлемелерді пайдалану арқылы белгілеген жағдайда пайдалануы тиіс.
В38 Әдетте, нарықта айналыстағы акцияларға опциондарды ұйым емес, үшінші тұлғалар шығарады. Осы опциондар орындалған кезде сатушы акцияларды опционның иесіне жеткізеді. Бұл акциялар акционерлерден сатып алынады. Осылайша, нарықта айналыстағы акцияларға опциондардың орындалуының ажырату әсері жоқ.
В39 Және керісінше, егер акцияларға опциондарды ұйым шығарса, онда осы акцияларға опциондарды орындау кезінде жаңа акциялар шығарылады (нақты шығарылады не, егер бұрын сатып алынған және акционерден сатып алынған өзінің акциялары ретінде ұсталатын акциялар пайдаланылса, мәні бойынша шығарылады). Акциялардың орындалу күнгі ағымдағы нарықтық бағасы бойынша емес, орындалу бағасы бойынша шығарылатынын ескере отырып, осы нақты немесе әлуетті ажырату акцияның бағасын азайта алады, сондықтан опционның иесі нарықта осындай айналыстағы, акцияның бағасын ажыратпайтын басқа опционды орындау сияқты орындаудан соншалықты көп емес пайда алады.
В40 Осы фактордың акцияларға опциондардың құнына едәуір әсері бар немесе жоқ екені туралы мәселе опциондарды орындау кезінде шығарылған акциялардың санымен шығарылатын жаңа акциялардың санын салыстыру сияқты көптеген факторларға қатысты болады. Сонымен қатар, егер нарық опциондарды ұсынудың болатынын күтіп отырса, онда ұсыну күні ол акциялардың бағасына әлуетті ажыратуды кіргізуі мүмкін.
В41 Дегенмен ұйым ұсынылған акцияларға опциондардың болашақ орындалуынан ажыратудың ықтимал әсері ұсыну күні олардың бағалау әділ құнына әсер ететінін не етпейтінін қарауы тиіс. Опционның бағасын айқындау үлгілері ажыратудың осы әлуетті әсері назарға алатындай бейімделуі мүмкін.
Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер туралы келісімдерді өзгерту
В42 27-тармақ акциялар, осы акцияларды ұсынуды жою немесе өтеуді ұсынылған талаптардың кез келген өзгерістеріне қарамастан, ұйым кем дегенде ұсынылған акциялардың ұсыну күнгі әділ бағасы бойынша өлшенген, алынған қызметтерді, осы акциялардың өту талаптары (нарықтық емес талаптарды қоспағанда) ұсыну күні белгіленген сақтамаудан өтпеген жағдайды қоспағанда, тануы тиіс. Сонымен қатар ұйым акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнынан аспайтын немесе өзгеше түрде қызметкерге пайдалы өзгерістердің ықпалын тануы тиіс.
В43 27-тармақтың талаптарын қолдану үшін:
(а) егер өзгеріс ұсынылған акцияның тікелей және өзгеріске дейін өлшенген әділ құнын ұлғайтса (мысалы, орындау бағасын азайта отырып), онда ұйым ұсынылған қосымша әділ құнды ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеудің әділ құнына кіргізуі тиіс. Ұсынылған қосымша әділ құн өлшенген акцияның әділ құны және бастапқы акцияның әділ құны арасындағы, олардың әрқайсысы өзгеру күні бағаланады, айырма болып табылады. Егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн өлшеу күнінен бастап құқық өзгерген акцияларға өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы акциялардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі. Егер өзгеріс өту кезеңінен кейін болса, онда ұсынылған қосымша әділ құн, егер қызметкерден қызметтің қосымша кезеңін аяқтау ол осы өзгерген акцияларға нақты құқықты алғанға дейін талап етілсе, жедел немесе өту кезеңі ішінде танылады;
(b) осылайша, егер өзгеріс ұсынылған акциялардың санын ұлғайтса, онда ұйым ұсынылған акциялардың өзгеру күні өлшенген әділ құнын жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге кіргізуі тиіс. Мысалы, егер өзгеріс өту кезеңі ішінде болса, онда ұсынылған акциялардың әділ құны өлшеу күнінен бастап құқық акциялар бойынша өткен күнге дейінгі кезең ішінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы өлшеуге, бастапқы акциялардың ұсыну күнгі, өтудің бастапқы кезеңінің қалған мерзімі ішінде танылатын әділ құнына негізделген сомаға қосымша ретінде енгізіледі;
(с) егер ұйым өту талаптарын қызметкерге қолайлы етіп, мысалы, өту кезеңін азайта немесе ауыстыра немесе қызметтің талабын алып тастай (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) отырып өзгертсе, онда ұйым 19-21-тармақтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс.
В44 Егер ұйым ұсынылған акциялардың талаптарын акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімнің жалпы әділ құнын азайтатын түрде немесе қызметкерге пайдалы болатындай етіп өзгертсе, онда ұйым, кем дегенде, ұсынылған акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерді өзгеріс (28-тармаққа сәйкес ескерілуі тиіс ұсынылған акциялардың кейбіреуін немесе барлығын жоюды қоспағанда) болмағандай ескеруді жалғастыруы тиіс. Мысалы:
(а) егер өзгеріс ұсынылған акциялардың өзгеріске дейін және кейін өлшенген әділ құнын азайтса, онда ұйым әділ құнның осы азаюын ескеруі тиіс емес және акциялар үшін өтем ретінде алынған қызмет көрсетулерге қатысты танылған соманы ұсынылған акциялардың ұсыну күнгі әділ құны ретінде өлшеуді жалғастыруы тиіс;
(b) егер өзгеріс қызметкерге ұсынылған акциялардың санын азайтса, онда осы азаю 28-тармақтың талаптарына сәйкес ұсыну туралы келісімнің осы бөлігін жою ретінде ескерілуі тиіс;
(с) егер ұйым өту талаптарын қызметкерге пайдалы болмайтындай, мысалы, өту кезеңін ұлғайта немесе қызметтің қосымша талабын (өзгерісі жоғарыдағы (а) тармағына сәйкес ескерілетін нарықтық талапты қоспағанда) ауыстыра немесе кіргізе отырып өзгертсе, онда ұйым 19-21-тармақтардың талаптарын қолдану кезінде өзгерген өту талаптарын назарға алуы тиіс емес.
Топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары (2009 жылғы өзгертулер)
B45 43A-43C тармақтары әр ұйымның бөлек немесе жеке есеп беруіндегі топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары есебін қамтиды. B46-B61 тармақтары 43A-43C тармақтарындағы талаптардың қолдану тәртібін талқылайды. 43D тармағында аталып өткендей, топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары деректер мен жағдайларға байланысты түрлі себептерден орын алады. Сондықтан, осы талқылау түпкілікті емес және тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйымның операцияны жүргізуге міндеті болмаса, топтар арасындағы қайта төлемдер келісімдеріне қарамастан, операция ұйымға тиісті меншікті капиталдың еншілес ұйымға берілуі болып табылады.
B46 Төмендегі талқылау қызметкерлермен операцияларға бағытталса да, ол, сонымен қатар, осыған ұқсас тауарлар мен қызмет көрсетулердің жеткізушілерімен, қызметкерлерден басқа, акцияларға негізделген төлем операцияларына қатысты қолданылады. Ұйым және оның еншілес ұйымы арасындағы келісім қызметкерлерді меншікті капитал құралдарымен қамтамасыз еткені үшін ұйымға төлем жасауды талап етуі мүмкін. Төмендегі талдау осындай топ аралық төлем келісімдерін есептеу жолын қарастырмайды.
B47 Топтық ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операцияларында көбінесе төрт мәселе кездеседі. Қолайлылық үшін, төмендегі мысалдар мәселелерді ұйым және оның еншілес ұйымы анықтамалары негізінде талқылайды.
Ұйымның өз меншікті капитал құралдарын қамтитын акцияларға негізделген төлем келісімдері
B48 Ұйымның өз меншікті капитал құралдарын қамтитын келесі операциялар осы ХҚЕС талаптарына сәйкес акцияларға негізделген немесе ақшаға негізделген болып есептелуі тиісті ме:
(a) ұйым меншікті капитал құралдары (мысалы акцияларға опциондар) құқықтарын қызметкерлерге ұсынады, және қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін өтеу үшін басқа тараптан меншікті капитал құралдарын (мысалы қазынашылық үлестер) сатып алуды таңдайды немесе талап етіледі; және
(b) ұйымның меншікті капитал құралдарын қызметкерлерге ұйым немесе оның акцияларын ұстаушылары ұсынып, осы ұйымның акцияларын ұстаушылар қажетті меншікті капитал құралдарымен қамтамасыз етеді.
B49 Ұйым өз меншікті құралдарын қарастыру ретінде қызмет көрсетулерді алатын акцияларға негізделген операцияларды акцияларға негізделген есеп айырысу ретінде есептеуі тиіс. Бұл акцияларға негізделген төлемдер келісім шеңберінде ұйым қызметкерлер алдындағы міндеттемелерін өтеу үшін басқа тараптан сол меншікті капитал құралдарын сатып алуды таңдауына немесе талап етілуіне байланыссыз қолданылады. Сонымен қатар, бұл келесілерге қарамастан қолданылады:
(a) ұйымның меншікті капитал құралдары құқықтарын қызметкерлерге ұйым немесе оның акцияларын ұстаушылары ұсынды; немесе
(b) акцияларға негізделген төлемдер келісімін ұйым немесе оның акцияларын ұстаушылар жүргізді.
B50 Егер акцияларды ұстаушы өзінің қаражат салушысының қызметкерлерімен операцияны жүргізуге міндетті болса, өзінің меншікті капитал құралдарына қарағанда қаражат салушының меншікті капитал құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондықтан, қаражат салушысы мен акцияларды ұстаушы бір топта болса, 43C тармағына сәйкес, акцияларды ұстаушы өз міндетін акцияларға негізделген есеп айырысу ақшаға негізделген төлем операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес акцияларды ұстаушының жеке есеп берулерінде және акцияларға негізделген есеп айырысу акцияларға негізделген төлем операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес акцияларды ұстаушының бірлескен есеп берулерінде бағалауы тиіс.
Ұйымның меншікті капитал құралдарын қамтитын акцияларға негізделген төлем келісімдері
B51 Екінші мәселе басқа топтық ұйымның меншікті капитал құралдарын қамтитын бір топ ішіндегі екі немесе одан да көп ұйымдар арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары болып табылады. Мысалы, еншілес ұйымды қызметтермен қамтамасыз еткенін есепке алу ретінде еншілес ұйым қызметкерлеріне меншікті капитал құралдары ұсынылады.
B52 Сондықтан, екінші мәселе акцияларға негізделген төлем келісімдеріне қатысты:
(a) Ұйым еншілес ұйым қызметкерлеріне меншікті капитал құралдарын тікелей ұсынады: ұйымның (еншілес ұйым емес) еншілес ұйым қызметкерлерін меншікті капитал құралдарымен қамту міндеті бар; және
(b) еншілес ұйым ұйымға тиісті меншікті капитал құралдары құқықтарын өз қызметкерлеріне ұсынады: еншілес ұйым өз қызметкерлерін меншікті капитал құралдарымен қамту міндеті бар.
Ұйым еншілес ұйым қызметкерлеріне меншікті капитал құралдары құқықтарын ұсынады (B52(a) -тармағы)
B53 Еншілес ұйымның өз қызметкерлерін ұйымға тиісті меншікті капитал құралдарымен қамтамасыз ету міндеті жоқ. Сондықтан, 43B тармағына сәйкес, еншілес ұйым қызметкерлерінен түсетін қызметтерді акцияларға негізделген есеп айырысу акцияларға негізделген төлем операцияларына қолданылатын талаптарға сай бағалауы тиіс, және меншікті капиталдағы тиісті өсуді ұйымнан түскен пайда ретінде тануы тиіс.
B54 Ұйым өзіне тиісті меншікті капитал құралдарын қамтамасыз ету арқылы еншілес ұйым қызметкерлерімен операцияларды жүргізу міндеті бар. Сондықтан, 43C тармағына сәйкес, бас ұйым өз міндетін акцияларға негізделген есеп айырысу акцияларға негізделген төлем операцияларына қолданылатын талаптарға сай бағалауы тиіс.
Еншілес ұйым өз қызметкерлеріне ұйымға тиісті меншікті капитал құралдары құқықтарын ұсынады. (B52(b)-тармағы)
B55 Еншілес ұйым 43B тармағындағы шарттарды қанағаттандырмайтындықтан, қызметкерлермен операцияларды есеп айырысу ақшаға негізделген операция ретінде есептеуі тиіс. Бұл талап еншілес ұйым қызметкерлері алдындағы міндеттерін өтеу жолына байланыссыз қолданылады.
Қызметкерлерге есеп айырысу ақшаға негізделген төлемдерді қамтитын акцияларға негізделген төлем келісімдері
B56 Үшінші мәселе өз жеткізушілерінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым есеп айырысу ақшаға негізделген акцияларға негізделген төлем келісімдерін қалай есептеуі тиіс, егер де ұйымның өз жеткізушілеріне талап етілетін төлемді жасау міндеті жоқ болса, болып табылады. Мысалы, қызметкерлеріне талап етілетін ақша төлемдерін жасауға міндеті бар ұйымның (ұйымның өзі емес) келесі келісімдерін қарастырайық:
(a) ұйым қызметкерлері меншікті капитал құралдарының бағасына байланыстырылған ақшалай төлемдерді алады.
(b) ұйым қызметкерлері ұйымның меншікті капитал құралдарының бағасына байланыстырылған ақшалай төлемдерді алады.
B57 Еншілес ұйымның өз қызметкерлерімен операцияны жүргізуге міндеті жоқ. Сондықтан, қызметкерлермен операцияны есеп айырысу акцияларға негізделген деп есептеуі тиіс, және меншікті капиталдағы тиісті өсуді ұйымнан түскен пайда деп тануы тиіс. Еншілес ұйым 19-21 тармақтарға сәйкес емес нарықтық емес үлестік құқыққа өту талаптарын қанағаттандырмағандықтан туындайтын әр өзгерістер үшін операция бағасын қайта бағалауы тиіс. Бұл топтың бірлескен есеп берулерінде есеп айырысу ақшаға негізделген операция деп бағалаудан өзгеше болады.
B58 Ұйым қызметкерлермен операцияны жүргізуге міндеті бар болғандықтан, және ақшалай есептелетіндіктен, ұйым (және бірлескен топ) 43C тармақтағы акцияларға негізделген есеп айырысу ақшаға негізделген төлем операцияларына қолданылатын талаптарға сәйкес міндетін бағалауы тиіс.
Топтық ұйымдар арасында қызметкерлердің көшірілуі
B59 Төртінші мәселе бірнеше топтық ұйым қызметкерлерін қамтитын топтық акцияларға негізделегн төлем келісімдеріне қатысты. Мысалы, ұйым өзіне тиісті меншікті капитал құралдары құқықтарын еншілес ұйымдар қызметкерлеріне ұсына алады, бірақ бұл шартты түрде белгіліенген мерзім бойына топқа қызмет көрсетуді жалғастырып отыру негізінде. Бір еншілес ұйым қызметкері белгіленген үлестік құқыққа өту кезеңі кезінде бастапқы акцияларға негізделген төлем келісімдері аясындағы және оларға әсер ететін ұйымның меншікті капитал құралдарына құқықтарынсыз басқа еншілес ұйымға жұмыс жасауға көше алады. Еншілес ұйымдар қызметкерлермен акцияларға негізделген төлем операциясын жүргізуге міндеті болмаса, олар бұны есеп айырысу акцияларға негізделген операция ретінде есептейді. Әрбір еншілес ұйым қызметкерлерінен алатын қызмет көрсетулерді A қосымшасында айқындалған бастапқыда меншікті капитал құралдары құқықтарын parent ұсынған күніндегі меншікті капитал құралдарының әділ құны, және қызметкердің әр еншілес ұйыммен өткізген үлестік құқыққа өту кезеңінің бөлігі негізінде бағалауы тиіс.
B60 Егер еншілес ұйым қызметкерлермен операцияны ұйымның меншікті капитал құралдары арқылы жүргізуге міндеті болса, ол операцияны есеп айырысу ақшаға негізделген деп есептеуі тиіс. Әрбір еншілес ұйым алған қызмет көрсетулерді меншікті капитал құралдарын ұсынған күн әділ құны негізінде қызметкердің әр еншілес ұйым өткізген үлестік құқыққа өту кезеңінің бөлігіне байланысты бағалауы тиіс. Осыған қоса, әрбір еншілес ұйым қызметкердің әр еншілес ұйымдағы қызмет мерзімі кезіндегі меншікті капитал құралдарының әділ құнындағы әр өзгерісті тануы тиіс.
B61 Осындай қызметкер, топтық ұйымдар ішінде көшірілгеннен кейін, A қосымшасында анықталғандай нарықтық шарттан басқа үлестік құқыққа өту талабын қанағаттындыра алмауы ықтимал, мысалы қызметкер топтан қызмет мерзімін аяқтамастан кетеді. Осындай жағдайда, үлестік құқыққа өту талабы топқа қызмет көрсету болатындықтан, әрбір еншілес ұйым 19 тармаққа сәйкес қызметкерден алған қызмет көрсетулерге қатысты бұрын танылған соманы бейімдеуі/өзгертуі тиіс. Сондықтан, нарықтық талаптан басқа қызметкердің үлестік құқыққа өту талабын орындамағандықтан ұйым ұсынған меншікті капитал құралдары құқықтары үлестік құқыққа өтпесе, сол қызметкерден алған қызмет көрсетулер үшін жинақылық негізде кез-келген топтық ұйымның есеп беруінде еш сома танылмайды.
[1] 32 ҚЕХС (IAS) атауы 2005 ж. өзгертілген.
[2] Осы Стандартта «бойынша» деген емес «негізінде» деген сөз қолданылады, себебі операция түпкілікті нәтижесінде 11 немесе 13-тармақтарда (қайсысы қолданылатынына қарай) көрсетілген күні өлшенген ұсынылған акциялардың әділ құнын 19-тармақта түсіндірілгендей өтетін акциялардың санына көбейту арқылы өлшенеді.
[3] Осы Стандарттың қалған бөліктерінде қызметкерлерге жасалған барлық сілтемелерге, сондай-ақ осындай қызметтерді көрсететін басқа тұлғалар кіреді.
[4] 35-43 тармақта ақшалай сомаға қатысты барлық сілтемелерге ұйымның басқа да активтері кіреді
5 Қаржылық есептілік Концептуалды Тұжырымдамасының міндеттемені ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, өтеуі
ұйымдардан экономикалық пайдалар бар ресурстардың кетуіне (яғни, ұйымның ақша қаражатының немесе басқа активтерінің кетуі) күтілетін міндеті ретіндегі міндеттемелерді айқындайды.
6 Осы Қосымшада ақша сомалары «ақша бірліктерімен» (а.б.) көрсетілген.
7 27 Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктер ҚЕХС-ның 4 тармағында есеп беруші негізігі ұйым анықтағандай «ұйым және еншілес ұйымдар» «Топ» ретінде қарастырылады.