11-ші Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарты (IFRS 11)
«Бірлескен қызмет»

 

Мақсаты

 

1                    Бұл стандарттың мақсаты бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы (яғни, бірлескен қызметке) қатысу үлесі бар кәсіпорындардың қаржы есептілігін дайындау мен ұсыну қағидаларын орнатудан тұрады.

 

Мақсаттың жетістіктері

 

2              1-тармақта көрсетілген мақсатқа жету үшін, бұл стандарт бірлескен бақылауғаанықтама береді және өзініңқұқықтары мен міндеттерін бағалай отырып бірлескенқызметтің тарабы болып есептелетін кәсіпорын өзі қатысушысы болып саналатын бірлескен қызметтің түрін анықтауды талап етеді және мұндай құқықтар менміндеттемелерді бірлескен қызметтің белгілі бір түріне сәйкес көрсініс табады.

 

Қолдану аясы

3             Осы Стандарт бірлескен қызметтің тарабы болып табылатын барлық кәсіпорындарда қолданылуы тиіс.

 

Бірлескен қызмет

 

4             Бірлескен қызмет - бұл екі немесе одан да көп тараптармен бірлесе бақыланатын қызмет.

5                    Бірлескен қызметтің ерекшеліктері мынадай:

(а)           тараптаркелісімшарттық келісімдер арқылы байланысқан  (В2-В4 -тармақтарын қараңыз),

(b)           келісімшарттық келісімдер бойынша жоғарыда көрсетілген екі немесе одан да көп қызмет бойынша бірлесіп бақыланатынтарапты ұсынады (7-13 -тармақтарын қараңыз).

6             Бірлескен қызмет бұл- не бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын.

 

                Бірлескен бақылау

 

7             Бірлескен бақылау бұл - келісімшартқа сәйкес екі тарап арасындағы бөлінген бақылау, яғни бірлескен бақылауды жүзеге асыратын маңызды қызметке қатысты шешім қабылданғанда екі тараптан бірауызды келісімді талап еткен кезде ғана бірлескен бақылау орын ала алады.

8              Қызметтің тарабы болып саналатын кәсіпорын тараптар арасындағы келісімшартық келісім барлық тараптар үшін немесе қандай да бір топ тараптары үшін бірлескен қызметке ұжымдық бақылау жасайтындығын анықтап алуы тиіс. Барлық тараптар немесе тараптар тобы бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асырады, егер олар бірлескен қызметтің (яғни маңызды қызметтің) кірісіне айтарлықтай әсер ететін қызметті басқаруда хабар бере отырып әрекет етуі тиіс.

9              Егер барлық кәсіпкерлер немесе кәсіпкерлердің тобы бірлескен қызметке ұжымдықбақылауды жүзеге асыратын болған жағдайда, бірлескен бақылау тек маңыздықызмет туралы шешім бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыратынкәсіпкерлердің бірауызды келісімін талап еткен жағдайда жүзеге асады.

10            Бірлескен қызметте бірлескен кәсіпкердің ешқайсысы қызметкебір жақтық тәртіпте бақылауды жүзеге асырмайды. Бірлескен бақылауға қатысуға құқығы бар тарап қызметке бақылауды жүзеге асыруда кез келген басқа кәсіпкерлерге немесе тарап топтарына кедергі келтіре алады.

11            Егер кәсіпкерлердің барлығында бірдей мұндай қызметке бірлескен бақылауы болмаған жағдайда да бірлескен қызмет болуы мүмкін. Аталған стандарт бірлескен қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлердің және бірлескен қызметке қатысатын, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін кәсіпкерлердің айырмашылығын анықтайды (бірлескен операцияға қатысушылар немесе бірлескен кәсіпорынға қатысушылар).

12            Бірлескен бақылау қызметіне барлық тараптар немесе топ тараптары бірлескен бақылауға ие болатындығын болмайтындығын бағалау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы қажет. Кәсіпорын бұл бағалауды барлық фактілер мен жағдайларды қарастыра отырып жасауы қажет (В5-В11 -тармақтарын қараңыз).

13            Фактілер мен жағдайлар өзгерген жағдайда кәсіпорынбірлескен қызметтегі бірлескен бақылаудың барына қайта бағалау жасауы тиіс.

 

Бірлескен қызметтің түрлері

 

14           Кәсіпорын өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Бірлескен қызметті бірлескен операция және бірлескен кәсіпорын ретінде жіктеу бірлескен қызметтің активтері мен міндеттемелеріне байланысты болады.

15                  Бірлескен операция- қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлерде қызметпен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен операцияның қатысушысы болып аталады.

16                  Бірлескен кәсіпорын- қызметке бірлескен бақылауды иелік ететін кәсіпорындарда қызметтердің таза активтеріне құқығы болуын болжайтынбірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып аталады.

17                  Бірлескен қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын анықтау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы тиіс. Кәсіпорын мұндай қызметпен туындайтын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыра отырып, өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Кәсіпорын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін бірлескен қызметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын, келісімшарттық келісімдер аясында тараптар арасында келісілген жағдайлар және қажеттілігіне орай басқа да факторлар мен міндеттемелерді талдау көмегі арқылы бағалайды (B12-B33 тармақтарын қараңыз).

18            Кейде тараптар шектікелісімдерге байланысты қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүргізуге қатысты жалпы келісімшарттық шарттарды анықтайды. Шектікелісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін тараптардың бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын бекітетінін қарастыруы мүмкін. Шекті келісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру үшін тараптар бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын ұйымдастыратынын қарастыруы мүмкін.Егер қапталды келісім тәртібімен жүретін қызметтің әртүрлі түрін жүзеге асыруда пайда болған кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ерекшеленетін болса, мұндай бірлескен қызмет бір ғана қапталды келісіммен байланысты екеніне қарамастан әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай бірлескен қызмет сол және басқа да шекті келісімдерге байланысты болғанына қарамастан, ол шекті келісімдермен реттелетін қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асыру кезінде туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттемелері ерекшеленетін болса, ол әртүрлі түрлерден болуы мүмкін. Сәйкесінше бірлескен операциялар мен бірлескен кәсіпорындар, егер тараптар сол және басқа шекті келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің әртүрлі түрлерін іске қосса, жүзеге асыра алады.

19                  Кәсіпорын фактілер мен жағдайлар өзгерген жағдайда өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін қайта бағалауы тиіс.

 

Бірлескен қызмет кәсіпкерлерінің қаржылық есебі

Бірлескен операциялар

20           Бірлескен операцияларға қатысушы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесіне байланысты мыналарды таниды:

(а)            бірлескен активтердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің активтерін; 

(b)            бірлескен міндеттемелердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің міндеттемелерін;

(с)            бірлескен операциялар нәтижесінде өндірілген өнім үлесін сатудан түскен өз түсімін;

(d)            бірлескен операция нәтижесінде өндірілген өнімдерді сатудан түскен түсімдегі өз үлесін;

                                 (е)           бірлескен шығындар үлесін қосқандағы өз шығындарын.

21                Бірлескен қызметтің қатысушысы ХҚЕС-қа сәйкес нақты активтерге, міндеттемелерге, түсімдер мен шығындарға таратылатын бірлескен операцияға қатысу үлесіне байланысты бірлескен операциялардағы оның қатысу үлесіне байланысты активтерді, міндеттемелерді, түсімдер мен шығындарды есепке алуда көрсетуі тиіс.

22            Қатысушысы өзі болып табылатын кәсіпорындар мен бірлескен операциялар арасындағы активтерді сату, жарна немесе сатып алу сияқты операцияларды есепке алу тәртібі В34-В37-тармақтарында сипатталынған.

23            Бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауда жоқ тараптар егер мұндай тараптардың бірлескен операцияларға қатысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болса, 20-22 -тармақтарына сәйкес өзінің қатысу үлесін көрсетуі тиіс. Егер бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ тараптар бірлескен операциялармен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болмайды, ол қатысудың мұндай үлесіне таратылатынбірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін ХҚЕС-на сәйкес көрсетуі тиіс.

                Бірлескен кәсіпорын

24             Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін инвестициялар ретінде тануы тиіс және егер кәсіпорын көрсетілген стандартқа сәйкес үлестік қатысу әдісін қолдану талабынан босатылмаған болса, 28-«Қауымдасқан ұйымға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» ХҚЕС (IAS) сәйкес үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алуда мұндай инвестицияларды есепке алуда көрсетуі тиіс.

25            Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып есептелетін, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін тараптар өзінің қатысу үлесін9-«Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) сәйкес егер тек онда бірлескен кәсіпорынға елеулі ықпалы болмаса, болған жағдайда тараптар өз үлесін 28-ХҚЕС-на (IAS) сәйкес(2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) көрсетуі тиіс

Жеке қаржылық есептілік

26           Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен операциялардың қатысушысы немесе бірлескен кәсіпорынның қатысушысы мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:

(a)           20-22 -тармақтарына сәйкес бірлескен операцияларға;

(b)           27«Жеке қаржы есептілігі» ХҚЕС (IAS) 10-тармағына сәйкес бірлескен кәсіпорынға.

27           Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен қызметтің қатысушысы болып табылатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ кәсіпкер мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:

(a)              23-тармағына сәйкес бірлескен операцияларда;

(b)              9ХҚЕС (IFRS) сәйкес бірлескен кәсіпорында, егер кәсіпорынның бірлескен кәсіпорынға айтарлықтай әсері болмаса, болған жағдайда 27-ХҚЕС (IAS) 10-тармағын (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) қолдануы тиіс.

 

 

А Қосымшасы

Терминдерді Анықтау

 

Бұл қосымша аталған стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

 

Бірлескен қызмет

Екі немесе одан да көп кәсіпкерлер бірлескен бақылауды жүзеге асыратын қызмет

 

Бірлескен бақылау

келісімшартқа сәйкес екі тарап арасындағы бөлінген бақылау, яғни бірлескен бақылауды жүзеге асыратын маңызды қызметке қатысты шешім қабылданғанда екі тараптан бірауызды келісімді талап еткен кезде ғана бірлескен бақылау орын ала алады.

 

Бірлескен операция

Қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлерде қызметпен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен қызмет.

 

Бірлескен операция қатысушысы

Мұндай бірлескен операцияларға бірлескен бақылау жүргізетін бірлескен операциялардың тарабы.

 

Бірлескен кәсіпорын

қызметке бірлескен бақылауды иелік ететін кәсіпорындарда қызметтердің таза активтеріне құқығы болуын болжайтын бірлескен қызмет.

Бірлескен кәсіпорын қатысушысы

 

Мұндай бірлескен кәсіпорынның бірлескен бақылау жүргізетініне қарамастан бірлескен кәсіпорындардың тарабы.

 

Бірлескен қызмет тарабы

Мұндай кәсіпорынның бірлескен бақылау жүргізетіне қарамастан бірлескен қызметтің қатысушысы болып саналатын кәсіпорын

 

Жеке ұйым

Мұндай кәсіпорындардың субъектілік құқығы барына тәуелсіз заңды түрде мойындалған жеке заңды тұлғалары немесе кәсіпорындары бар жеке идентифициялық қаржылық құрылым.

 

 

Төменде ұсынылған төмендегі терминдердің анықтамасы 27ХҚЕС (IAS) (2011жылғы түзетулерді ескере отырып), 28 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) немесе 10-«Шоғырландырылған қаржы есептілігі» ХҚЕС (IFRS) ұсынылған.Бұл терминдер көрсетілген ХҚЕС-нда баяндалған, осы стандарттағы мағынада қолданылады:

·                     инвестиция нысанына бақылау

·                     үлестік қатысу әдісі

·                     өкілеттік

·                     қорғау құқығы

·                     маңызды қызмет

·                     жеке қаржылық есептілік

·                     елеулі ықпал

 

 

В  Қосымшасы

Қолдану Бойынша Нұсқаулық

 

Осы қосымша аталған стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымша 1-27-тармақтарын қолдануды сипаттайды және өзінің күші бойынша осы стандарттың басқа бөлімдерімен тең мағынада қолданылады.

 

B1           Қосымшада көрсетілген мысалдар, гипотетикалық жағдайларды сипаттайды. Төмендегі көрсетілген мысалдардың кейбір аспектілері нақты жағдайларда да ескерілуі мүміндігіне қарамастан, 11ХҚЕС (IFRS) қолдану барысында барлық фактілер мен әрбір нақты жағдайларды бағалауы тиіс.

 

Бірлескен қызмет

Келісімшарттық келісім(5-тармақ)

B2           Келісімшарттық келісім әртүрлі тәсілдермен бекітілуі мүкін. Құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген қелісімшарттық келісім көбіне, бірақ әрдайым емес ережеге сай келісімшарт немесе тараптар арасындағы құжаттандырылған талқылаулар түрінде жазба түрде рәсімделеді. Заңдық тәртіпте белгіленген механизмдер құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген келісімді өздігінен және тараптар арасындағы келісімшарттарға сәйкес құра алады.

B3           Егер бірлескен қызметте жекеұйымның құрылымы болған жағдайда (В19-В33-тармақтарын қараңыз) келісімшарттық келісім немесе оның кейбір аспектілері жеке ұйымның жарғысына, регламенті немесе ішкі қағидасына кірістірілуі мүмкін.

B4           Келісімшарттық келісім келісімнің мәні болып табылатын тараптардың қызметке қатысуына сәйкес шарттарды қарастырады.Келісімшарттық келісім ережеге сай мына мәселелерді реттейді:

(a)                 бірлескен қызметтің мақсатын, түрлері мен жалғастығын.

(b)           бірлескен қызметтің директорлар кеңесі немесе басқарудың баламалық органдарының мүшелері қалай тағайындалады.

(b)                 шешімдер қабылдау үрдісін: тараптардың шешімдер қабылдауын талап ететін мәселелер, тараптардың дауыс беру құқығы мен мұндай қолдаудың қажеттілік деңгейі. Келісімшарттық келісімде көрініс тапқан шешімдер қабылдау үрдісі қызметке бірлескен бақылауды анықтайды. (B5-B11-тармақтарын қараңыз).

(d)          тараптардан талап етілген капиталға жарналар немесе басқа да жарналар.

(e)           кәсіпкерлер активтерге, міндеттемелерге, түсімдерге, шығыстарға немесе бірлескен қызметпен байланысты кірістерде немесе шығыстарғақандай жолмен қатысады.

Бірлескен бақылау (7-13-тармақтар)

B5           Кәсіпорында қызметке бірлескен бақылаудың барын бағалауда кәсіпорын алдымен қызметтің барлық тараптарды немесе тарап топтарын бақылайтынын анықтап алуы тиіс. 10-ХҚЕС (IFRS) бақылауға анықтама береді және барлық тараптар мен тарап топтарының қызметке қатысуында ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелге бара алатындығын немесе барлық тараптар мен тарап топтарының мұндай кірісті алуға құқығы барын, сонымен қатар барлық тараптар мен тарап топтарының қызметке қатысты өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру арқылы мұндай кіріске ықпал ете алатынын анықтау үшін қолданылады. Ұжымдық қарастырылатын тараптар мен тарап топтары бірлескен қызмет кірісіне (яғни маңызды қызметке) айтарлықтай ықпал ететін қызметті басқара алған жағдайда кәсіпорындар қызметке бірлескен бақылауды жүзеге асырады.

B6           Барлық кәсіпкерлер мен кәсіпкер топтарының қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыру туралы қорытынды жасалғаннан кейін кәсіпорын ол қызметке бірлескен бақылауға ие болатынын бағалауы тиіс. Бірлескен бақылау маңызды қызмет туралы қабылданған шешім қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің бірауызды келісімін талап еткен жағдайда орын ала алады. Қызметке бірлескен бақылау барлық тараптар  немесе тарап топтарымен немесеқызметтің бір тарабымен жүзеге асатындығын анықтау барысында ортақ шешім шығару талап етілуі мүмкін.

B7           Кейде келісімшарттарттықкелісімде кәсіпкерлермен келісілген шешім қабылдау үрдісі бірлескен бақылауды болжайды. Мысалы, екі тарап әрбір тарапта 50 пайыз дауыс беру құқығы бар қызметті құрады деп есептейік және олардың арасындағы келісімшарттық келісімдер маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 51 пайыз дауыс беру құқығының қажеттігін қарастырады. Бұл жағдайда маңызды қызмет туралы шешім екі кәсіпкердің келісімінсіз қабылданбайтындықтан  кәсіпкерлер анықталмаған түрде бірлескен бақылауға келіседі.

B8           Басқа жағдайда келісімшарттық келісімдер маңызды қызмет туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті дауыс беру құқығының ең аз пайызына қойылатын талаптарды анықтайды. Мұндай дауыс беру құқығының ең аз қажетті пайызы бірге дауыс беретін бірнеше әртүрлі тараптардың құрамдастырылуы арқылы қол жеткізілген жағдайда, егер тек қана келісімшарттық келісімдер қандай тараптар (немесе тараптардың құрамдастырылуы) маңызды қызметке қатысты шешімдермен бірауыздан келісу керектігін анықтамайтын болса, мұндай қызмет бірлескен қызмет болып табылмайды.

 

Қолдану мысалдары

1-мысал

 Үш тарап қызметті құрады деп есептейік. А тарабында 50 пайыз, В тарабында 30 пайыз, және Старабында 20 пайыз дауыс беру құқығы бар. А,В және С арасындағы келісімшарттық келісімдер маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 75 пайыз дауыс керек екендігін қарастырады. Кез-келген шешімге тосқауыл қоя алатындығына қарамастан А тарабы В тарабының келісіміне тәуелді болғандықтан, қызметке бақылауды иеленбейді. Маңызды қызметке қатысты шешім шығаруға қажетті кем дегенде 75 пайыз дауыс талап еткен келісімшартты келісімнің шарты маңызды қызметке қатысты шешім А және В тараптарының келісімінсіз қабылданбайтындықтан, А және В кәсіпкерлері қызметтің бірлескен бақылауына иелік етеді депболжанады.

2-мысал

Үш тарап қызметті құрады деп есептейік. А тарабында 50 пайыз, алВжәне С тараптарында 25 пайыздан дауыс беру құқығы бар. А,В және С арасындағы келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 75 пайыз дауыс керектігін қарастырады. А тарабы кез-келген шешімге тосқауыл қоя алатындығына қарамастан В немесе С тараптарының келісімі қажет болғандықтан қызметке бақылауды иелене алмайды. Осы мысалда А, В және С тараптары қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асырады. Алайда, қажет болған 75 пайыз дауыс келісім берген тараптардың бірнеше комбинациялары арқылы алынуы мүмкін (яғни, А және В немесе А және С) Мұндай жағдайда, қызмет бірлескен қызмет болуы үшін кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін бірауызды шешім қабылдауы тиіс кәсіпкерлердің белгілі бір комбинациясын орнатуы қажет.

3-мысал

А және В тараптарында қандай да бір қызметке 35 пайыздан дауыс құқығыбар деп есептейік, ал қалған 30пайыз әртүрі орналастырылған. Маңызды қызметтерге қатысты шешім көп мөлшердегі дауыстардың келісімін талап етеді. Егер келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім А және В кәсіпкерлерінің келісімін талап ететінін қарастыратын болса, А және В кәсіпкерлер қызметке бірлескен бақылауға иелік етеді.

 

B9           Бірауызды келісім талабы қызметке бірлескен бақылауына иелік ететін кез-келген тараптар кәсіпкерлердің немесе топтардың келісімінсіз кез-келген басқа тараптар немесе тарап топтарының біржақты шешімдер (маңызды қызметке қатысты) қабылдауына бөгет бола алады дегенді білдіреді. Егер бірауызды келісім маңызды қызметке қатысты шешімдерге емес, тараптарға қорғану құқығын беретін шешідерге ғана қатысы болса, онда мұндай тарап қызметтің бірлескен бақылауына иелік етпейді.

B10         Келісімшарттық келісімдер төрелік ету секілді таластарға рұқсат беруді қадағалайтын жағдайларды қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайлар бірлескен бақылауға иелік ететін тараптардың бірауызды келісімінсіз шешім қабылдауына жол беруі мүмкін. Мұндай жағдайлардың болуы қызметке бірлескен бақылау жасауға тосқауыл болмайды және сәйкесінше, қызмет бірлескен қызмет секілді бағаланады.

 

Бірлескен бақылаудың болуын бағалау

 

 

 

B11        Егер қызмет 11-ХҚЕС (IFRS) әрекетінің аясынан тыс болса, кәсіпорын 10ХҚЕС(IFRS), 28ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) немесе 9-ХҚЕС (IFRS) секілді ХҚЕС-қа сәйкес өзінің қызметке қатысу үлесін көрсетеді.

Бірлескен қызметтің түрлері (14-19-тармақтары)

B12         Бірлескен қызмет және әртүрлі құрылымдар мен ұйымдастырушылық-құқықтық формаларды пайдалану арқылы (мысалы, шығындар мен тәуекелдерге қатысуда немесе кәсіпкерлерге жаңа технологияларға немесе жаңа нарыққа жол ашу тәсілі секілді)әртүрлі мақсаттарда жүзеге асуы мүмкін.

B13         Қызметтің кейбір түрлері қызметтің мәні болып табылатын әрекет жекеұйымның құрылғысы аясында орындалғанын талап етпейді. Бірақ, қызметтің басқа түрлері жеке кәсіпорынды құруды болжайды.

B14         Аталған стандарт талап етілген бірлескен қызметті топтастыру әдеттегі шаруашылық қызмет барысында бірлескен қызметтерге байланысты туындайтын кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттемелеріне байланысты болады. Аталған стандарт бірлескен қызметті бірлескен операция секілді немесе бірлескен кәсіпорын секілді топтастырады. Егер кәсіпорын қызметпен байланысты активтерге құқығы болған және міндеттемелер бойынша жауапкершілік алған жағдайда қызмет бірлескен операция болып есептеледі. Егер кәсіпорын қызметтің таза активтеріне құқығы болған жағдайда, қызмет бірлескен кәсіпорын болып табылады. В16-В33 -тармақтарында кәсіпорынның бірлескен операцияда немесе бірлескен кәсіпорында үлесі бар екендігін анықтау үшін кәсіпорын өндіретін бағалау сипатталынған.

            Бірлескен қызметті топтастыру

B15         В14-тармағында  көрсетілгендей бірлескен қызметті топтастыру тараптар  қызметтің нәтижесі болып табылатын өз құқықтары мен міндеттемелерін бағалауды талап етеді. Мұндай бағалау аясында кәсіпорын келесі факторларды қарастыруы тиіс:

(a)                  бірлескен қызметтің құрылымын:  (B16-B21-тармақтарын қараңыз).

(b)                  егер бірлескен қызметте жекекәсіпорынның құрылымы болған жағдайда:

(i)               жекекәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын (B22-B24 -тармақтарын қараңыз);

(ii)              келісімшарттық келісімнің шарттарын (B25-B28-тармақтарын қараңыз); және

(iii)             қажетілігіне орай басқа фактілер мен жағдайларда (B29-B33-тармақтарынқараңыз).

                Бірлескен қызметтің құрылымы

Жеке кәсіпорынның құрылымы жоқ бірлескен қызмет

B16         Жекеұйымның құрылымы жоқ бірлескен қызмет бірлескен операция болып табылады. Мұндай жағдайда келісімшартты келісімдер қызметпен байланысты  кәсіпкерлердің активке құқын және кәсіпкерлердің міндеттемелерге жауапкершілігін орнатады, сонымен қатар кәсіпкерлердің сәйкес түсімге құқын және сәйкес шығындарға міндеттемелерін орнатады.

B17         Келісімшартты келісімдер көбіне қызметтің мәні болып табылатын әрекеттің түрін сипаттайды, сонымен қатар қандай жолмен кәсіпкер мұндай әрекеттерді хабар бере отырып қабылдауға ниет білдіретінінсипаттайды. Мысалы, бірлескен қызметтің кәсіпорындары әрбір кәсіпорын белгілі бір тапсырмаға жауап беретін, өз активтерін пайдаланатын және өз міндеттемелерін алып жүретін өнімді бірлесе өндіру туралы келісімге келе алады. Келісімшарттық келісім сонымен қатар қандай тәсілмен кәсіпорындарға ортақ болып табылатын кәсіпорындар арасында түсім мен шығындарды бөлуге болатынын көрсете алады. Мұндай жағдайда бірлескен операцияның әрбір қатысушысы өзінің қаржылық есептілігінде белгілі бір тапсырманы орындау үшін пайдаланылған активтер мен міндеттемелерді таниды және келісімшарттық келісімдерге сәйкес түсімдер мен шығындардағы өз үлестерін таниды.

B18         Басқа жағдайларда бірлескен қызметтің тараптары мысалы қатысу туралы және активтерде бірлесе басқару сияқты келісімдерге келуі мүмкін. Мұндай жағдайда келісімшартты келісімдер басқару бірлесе жүзеге асатын кәсіпкерлердің активке құқын орнатады, сонымен қатар өнімдерді немесе активтерден түсімді және кәсіпкерлер арасындағы операциялық шығынды бөлу тәсілі. Бірлескен операцияның әрбір қатысушысы өз үлесін бірлескен активте және өзінің кез-келген міндеттемелердегі келісілген үлесін көрсетеді, сонымен қатар келісімшартты келісімдерге сәйкес өнімдерден, түсімдер мен шығындардан өз үлесін таниды.

Жеке кәсіпорынының құрылымы бар бірлескен қызмет

B19         Қызметпен байланысты активтер мен міндеттемелеркезіндегі бірлескен қызмет жеке ұйымның, не бірлескен кәсіпорынның, небірлескен операцияның бақылауында болуы  мүмкін.

B20         Кәсіпкер бірлескен операцияның немесе бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып табылуы кәсіпкерлердің жекеұйымның бақылауындағы қызметпен байланысты тараптардың активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша тараптардың жауапкершілігіне байланысты болады.

B21         В15-тармақта көрсетілгендей егер тараптар бірлескен қызметті жекеұйым түрінде құрса, тараптар жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ұсынатынын, келісімшарттық келісімнің шартын және қажет болған жағдайда кез келген фактілер мен мінддеттемелерді бағалауы тиіс:

(a)           қызметке байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілікті (яғни, қызмет бірлескен операция болып табылады); немесе

(b)           қызметтің таза активтеріне құқығы (яғни, қызмет бірлескен кәсіпорын болып табылады)

 

Бірлескен қызметті жіктеу: қызмет барысында туындағын

тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы

B22         Жекеұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасыбірлескен қызметтің түрін бағалау үшін маңызды фактор болып табылады. Ұйымдастырушылық -құқықтық формаға кәсіпкерлердің активке құқығын алғашқы бағалауда және жеке кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша кәсіпкерлердің жауапкершіліктерінде көмектеседі, мысалы жеке кәсіпорынның тәртібінде орналасқан активтерге қатысуында үлестері бар ма және кәсіпкер жеке кәсіпорында қабылданған міндеттемелер бойынша жауапкершілігі бар ма.

B23         Мысалы, тараптар жеке ұйымды дербес ретінде (яғни, жеке ұйымның басқаруында тұрған активтер мен міндеттемелер тараптардың активтері мен міндеттемелері емес, жеке ұйымның активтері мен міндеттемелері болып табылатынын) қарастыруға негіздеме беретін ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жеке ұйым арқылы бірлескен қызметті жүргізуі мүмкін. Мұндай жағдайда жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді бағалау қызметтің бірлескен кәсіпорын болып табылатынын көрсетеді. Алайда, келісімшарттық келісімде тараптармен келісілген шарттар (B25-B28-тармақтарын қараңыз) және қажеттілігіне орай басқа да фактілер мен жағдайлар (B29-B33 -тармақтарын қараңыз) жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді бағалауға «үстемдік» етуі мүмкін.

B24         Кәсіпкерлер жеке кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелердің бағасы қызмет бірлескен операция болып табылатынын бекіту үшін жеткілікті болып табылады, егер ұйымдастырушылық-құқықтық форма кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындар арасындағы бөлінуді болжамайтын кәсіпкерлер жеке кәсіпорында бірлескен қызметті жүргізсе (яғни жекеұйымныңбасқаруындағы активтер мен міндеттемелер кәсіпкерлердің активтері мен міндеттемелері болып табылады).

Келісімшарттық келісім шартын бағалау

B25         Көп жағдайларда тараптардың келісілген келісімшарттық келісімдердегі активтер мен міндеттемелер жалғастырмалы болып табылады немесе қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын құрылым жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты тараптарға бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерге қайшы келмейді.

B26         Басқа жағдайда тараптар келісімшарттық келісімді құрылымы қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, кәсіпкерлер жекеұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелерді болдырмау немесе өзгерту ету үшін пайдаланады.

 

Қолдану мысалдары

4-мысал

Компанияның құрылымын пайлану арқылы заңды тұлға ретінде тіркелген екі кәсіпкер бірлескен қызметті жүргізеді деп есептейік. Әрбір тарапқа тіркелген компанияға қатысуынан Тіркелген компаниядағы тараптардың әрқайсысына 50 пайыздық тікелей қатысу үлесі тиесілі. Заңды тұлға ретінде тіркелу көсіпорын мен оның меншіктерін бөлуді жүргізуге мүмкіндік береді және сәйкесінше кәсіпорынның басқаруындағы активтер мен міндеттемелер тіркелген компанияның активтері мен міндеттемелері болып табылады. Мұндай жағдайда тараптар жеке ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық формасымен байланысты бөлінетін құқықтар мен міндеттемелер қызметтің таза активтеріне тараптардың құқығы барын көрсетеді.

Алайда, тараптар келісімшарттық келісімдердің көмегімен тіркелген компания активтерінде әрбір тараптың қатысу үлесі болатындай және әрбір тарап белгіленген теңдікте тіркелген компания міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болатындай тіркелген компаниялардың сипаттамаларын өзгерткен болса.

Келісімшарттық келісімдермен ресімделген тіркелген компания сипаттамаларының мұндай өзгерісі қызметтің бірлескен операция болып табылатына әкелуі мүмін.

B27         Төменде көрсетілген кесте бірлескен операция кәсіпкерлері арасындағы келісімшарттық келісім шарттарының салыстырмалы талдауы мен бірлескен кәсіпорынның кәсіпкерлері арасындағы келісімшарттық келісімнің жалпы шарттарынан тұрады. Кестеде берілген келісімшартты келісімнің мысалдар түпкілікті болып саналамайды.

 

Келісімшарттық келісімдерді бағалау

 

Бірлескен операция

Бірлескен кәсіпорын

Келісімшарттық келісім шарты

Келісімшарттық келісім бірлескен қызмет тараптарының активтерге берілетін құқықтары мен қызметке байланысты міндеттемелер бойынша бірлескен қызмет тараптарының жауапкершіліктерін қарастырады.

Келісімшарттық келісім қызметтің таза активтеріне берілетін бірлескен қызмет тараптарының құқықтарын (яғни, тараптар емес, жекекәсіпорынның активтерге деген құқығы болады және қызметке байланысты міндеттемелер бойыншажауапкершілікке тартылады) қарастырады.

 

Активтерге берілетін құқықтар

Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызмет тараптары бекітілген қатынастардағы (мысалы, тиісті тараптарға тура байланысты тараптардың тікелей үлеске пропорционал тараптардың қызметке қатысуы және бірлескен қызмет аясында орындалатын жұмыс көлеміне пропорционал) қызметпен байланысты активтердегі барлық мүдделерді (мысалы, ортақ мүліктік және үлестік құқықтар) бөлетінін бекітеді

Келісімшарттық келісімдер қызметке енгізілген немесе бірлескен қызмет салдарынан сатып алынған активтер қызмет активтері болып табылатынын анықтайды. Тараптардың қызмет активтерінде ешқандай мүдделері (мысалы, ортақ, мүліктік және үлестік құқықтары) болмайды.

 

Міндеттемелер бойынша жауапкершілік

Келісімшарттық келісім бекітілген қатынастағы (мысалы, тиісті тараптарға тура байланысты тараптардың тікелей үлеске пропорционал тараптардың қызметке қатысуы және бірлескен қызмет аясында орындалатын жұмыс көлеміне пропорционал) бірлескен қызмет тараптарының барлық міндеттемелерін, міндеттерін, шығындары мен шығыстарын анықтайды.

 Келісімшарттық келісім қызметтің қарыздары мен міндеттемелері бойынша бірлескен қызмет жауапкершілікте болатынын анықтайды.

Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызмет тараптары қызметтегі тиісті инвестициялар немесе қызметтегі кез келген төленбеген не қосымша капитал және тағы басқа сол сияқты олардың тиісті инвестициялары немесе тиісті міндеттемелері аясында ғана жауапкершілікте болатынын анықтайды.

Келісімшарттық келісімдер үшінші тұлғалардың көрсеткен шағымдары бойынша бірлескен қызмет тараптары жауапкершілікте болатынын анықтайды.

Келісімшарттық келісім бірлескен қызмет кредиторларының қызметтің қарыздары немесе міндеттемелеріне қатысты кез келген тараптарға қарсы регресс құқығы болмайтынын анықтайды.

Түсім, шығыстар, пайда немесе залал

Келісімшарттық келісімдер бірлескен қызметтің әрбір тараптарының тиісті нәтижелері негізіндегі түсімдер мен шығындарды бөлу тәртібін анықтайды. Мысалы, келісімшарттық келісімдер бірлесіп басқарылатын зауытта әрбір тарап пайдаланатын және бірлескен қызметке мұндай тараптардың қатысуы тікелей үлестен ерекшеленуі мүмкін түсімдер мен шығыстар өндірістік қуаттылық негізінде бөлінетінін анықтай алуы мүмкін. Басқа бір жағдайларда тараптар қызметтегі тараптардың тікелей үлестік қатысуы сияқты бекітілген қатынастар негізіндегі қызметпен байланысты пайдалар немесе залалдарға қатысу туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл егер тараптардың активтерге берілетін құқығы болса және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болса қызметті бірлескен операция сияқты қайта бағалауға кедергі болмайды

Келісімшарттық келісім қызметпен байланысты пайдалар немесе залалдардағы әрбір тараптың үлесін анықтайды.

Кепілдіктер

Бірлескен қызмет тараптары көбінесе мысалы, бірлескен қызметтен қызмет алатын немесе бірлескен қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін үшінші тұлғаларға кепілдіктер беруі тиіс.

 Мұндай кепілдіктерді беру немесе мұндай кепілдіктерді беру туралы тараптардың қабылдаған міндеттемелерінің өзі бірлескен қызметтің бірлескен операция болып табылатынын растайды. Қызметпен байланысты (кепілдікті беруі немесе бермеуі мүмкін кейбір тараптарға қатысты) міндеттемелер бойынша тараптар жауапкершілігінің болуы бірлескен қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын, табылмайтынын анықтайтын фактор болып табылады.

 

B28         Егер келісімшарттық келісім қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша активтерге құқығы бар және жауапкершілікте болатынын көрсеткен жағдайда тараптар бірлескен операциялардың тараптары болып табылады және басқа да фактілер мен міндеттемелерді (В29-B33) қарастыруға міндетті емес.

Басқа фактілер мен міндеттемелерді бағалау

B29         Егер келісімшарттық келісімнің шарттары тараптардың активтерге құқығы барын және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болмайтынын көрсетпеген жағдайда тараптар қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын, табылмайтынын бағалауы үшін тараптар басқа да фактілер мен міндеттемелерді қарастыруы тиіс.

B30         Бірлескен қызмет жеке кәсіпорынды қолдану арқылы тараптар мен жеке кәсіпорындар арасындағы бөлуді болжайтын ұйымдастырушылық -құқықтық формада жүргізілуі мүмкін. Тараптар арасында келісілген келісімшарттық шарттар тараптардың активтерге құқықтары мен міндеттемелер бойынша тараптардың жауапкершілігін анықтамауы мүмкін, онда басқа да фактілер мен міндеттемелерді талдау қызметтің бірлескен операция сияқты жіктелетіндігі туралы қорытынды жасауға әкелуі мүмкін. Бұл басқа да фактілер мен міндеттемелер тараптардың активтерге құқық бергенде және қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікті жинайтын жағдайда туындайды.

B31         Егер тараптарды өнімдермен қамтамасыз ету үшін арналған қызметтер аясында жүргізілген әрекеттер жағдайындаалдымен, бұл іс жүзінде активтердің қызметінен түскен барлық экономикалық пайдаларға тараптардың құқығы барын көрсетеді. Мұндай қызметтің тараптары көбінесе қызметтер аясында шығарылатын өнімдерге үшінші тұлғаларға өнімдерді сатуына кедергі келтіре отырып, өзінің рұқсатын кепілдендіреді.

B32         Мұндай құрылымы мен мақсаты бар мәні бойынша қызметпен жасалынған міндеттемелер олардың өнімдерді сатып салу нәтижесінде тараптардан алынған ақша қаражаттарының ағындарымен өтелетін қызметтің әсері. Егер тараптар мәні бойынша қызметтің үздіксіздігін анықтайтын ақша қаражаттары ағымының жалғыз көзі болып табылған жағдайда бұл тараптардың қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болатынын көрсетеді.

 

Қолдану мысалы

 

 5 -мысал

Мысалы, екі тарап тіркелген кәсіпорындар (С кәсіпорыны) құрылымын пайдалана отырып, бірлескен қызметті жүргізеді дейік, мұнда әрбір тарап қатысудың 50- дық үлесіне ие болады. Қызметтің мақсаты тараптарға олардың меншікті, жеке, өндірістік қажеттіліктеріне арналған қажетті материалдарды өндіруден тұрады. Өнімдердің саны мен сапасына тараптардың қоятын талаптарына сәйкес материалдар өндіретін зауытты басқаратынын тараптар қызметті кепілдендіреді.

С кәсіпорнына қарасты активтер мен міндеттемелер С кәсіпорнының активтері мен міндеттемелері болып табылатынын, қызмет арқылы жүргізілетінін алдымен көрсететін С кәсіпорнының(тіркелген кәсіпорынның) ұйыдастырушылық-құқықтық формасы.

Тараптар арасындағы келісімшарттық келісім тараптардың активтерге құқылы болатынын немесе кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болатынын көрсетпейді. Сәйкесінше, С кәсіпорнының ұйымдастырушылық-құқықтық формасы және келісімшарттық келісімнің шарты қызметтің бірлескен кәсіпорын болып табылатынын көрсетеді.

Алайда, сонымен қатар тараптар қызметтің төмендегі аспектілірін қарастырады:

• Тараптар С кәсіпорындары өндірген барлық өнімдерді 50:50 қатынасында сатып алу туралы келісімге келеді. Егер қызметтің екі тарабы мақұлдамаса, С кәсіпорны өнімді үшінші тұлғаларға сата алмайды. Қызметтің мақсаты тараптарды өнімдермен қамтамасыз етуден тұратындығына қарамастан үшінші тұлғаларға сату сирек және елеусіз болады.

• Тараптарға сатылған өнімдердің бағасы С кәсіпорнынан кеткен өндірістік шығындар мен әкімшілік шығындарды жабатын деңгейде екі тарапен анықталады. Қызметтің сипатталған операциялық үлгісі пайдалылықтың нөлдік деңгейіндегі жұмысты ұсынады.

Төмендегі фактілер мен міндеттемелер жоғарыда сипатталған жағдайлар үшін елеулі болып табылады:

• С кәсіпорындары өндіріген барлық өнімдерді сатып алу туралы тараптардың міндеттемесі ақша қаражаттарының ағынын генерациялау мәселесіндегі тараптардан С кәсіпорнының нақты тәуелділігін көрсетеді және осылайша С кәсіпорындарының міндеттемелерін өтеуді қаржыландыру міндеттемесі болады.

• С кәсіпорындары өндірген барлық өнімдерге тараптардың құқығы болу фактісі тараптардың С кәсіпорындарынан түскен активтердің барлық экономикалық пайдаларға жұмсайтын және сәйкесінше мұндай пайдаларға құқығы болатынын білдіреді.

Аталған фактілер мен мінденттемелер қызметтің бірлескен операциялар екенін көрсетеді. Аталған жағдайда бірлескен қызметтегі жіктеу туралы қорытындысы егер, тараптар өнімдерінің үлестерін өз бетінше пайдаланудың орнына кейінгі өндірістегі өнімдердің үлесін үшінші тұлғаларға сатқанда өзермес еді.

Егер де тараптар қызметтің өнімдерді үшінші тұлғаларға сата алуы үшін келісімшарттық келісімнің шарттарын өзгерткен болса, бұл C кәсіпорнының сұраныстар мен босалқылар, сондай-ақ несиелік тәуекелдерге байланысты тәуекелдерді қабылдауына әкелуі мүмкін. Фактілер мен міндеттемелердің өзгерістерінде көрсетілген өзгеріс оқиғаларының осылайша дамуы кезінде бірлескен қызметтің жіктемелерін қайта бағалау талап етілуі мүмкін. Мұндай фактілер мен міндеттемелер қызметтің бірлескенкәсіпорын болып табылатынын көрсете алуы мүмкін.

 

B33         Бірлескен қызмет жеке кәсіпорынның құрылымы болған жағдайда қызметті жіктеу үшін төменде ұсынылған сызба кәсіпорын орындайтын бағалау үрдісін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Жеке кәсіпорынның құрылымы бар 

бірлескен қызметтің жіктемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлескен қызмет тараптарының қаржылық есептілігі (22-тармақ)

Бірлескен операциялардағы сауданың немесе активтердің жарналарын есепке алу

B34         Егер кәсіпорын сауда немесе активтердің жарналары сияқты қатысушы болып табылатын бірлескен операциямен мәміле жасаған жағдайда ол бірлескен операциялардың басқа тараптарымен мәмле жасайды және осының күшіне орай бірлескен операциялардың қатысушысы мұндай мәмледен түскен пайда мен шығынды тек бірлескен қызметтегі басқа тараптардың қатысу үлестері шамасында ғана тануы тиіс.

B35         Мұндай мәмлелер активтердің жүзеге асуының таза құнының төмендеуін қамтамасыз еткен жағдайда бірлескен қызметке сатылатын немесе енгізілетін немесе мұндай активтердің құнсыздануынан болған шығындардың дәлелдемелері көрсетілген шығындарды бірлескен операциялардың қатысушылары толық көлемде тануы тиіс.

Бірлескен операциялардан активтерді сатып алуды есепке алу

B36         Егер кәсіпорын активтерді сатып алу сияқты қатысушы болып табылатын бірлескен операциямен мәмле жасаған жағдайда, ол пайдалар мен шығындардағы үлесін активті үшінші тұлғаға сатып жібергенінше тануы тиіс.

B37         Мұндай мәмлелер активтердің жүзеге асуының таза құнының төмендеуін қамтамасыз еткен жағдайда сатып алынатын немесе мұндай активтердің құнсыздануынан болған шығынның дәлелдемесін бірлескен қызметтің қатысушысы мұндай шығындардан өзінің үлесін тануы тиіс.

 

 

C Қосымшасы

Күшіне ену күні, есепке алудың жаңа тәртiбіне көшу және басқа ХҚЕС-тың жұмысын тоқтату

Осы қосымша осы стандарттың маңызды бөлiгi болып табылады және қолдану күші і бойынша осы Стандарттың (ХҚЕС) басқа бөлiмдерiмен тең дәрежеде қолданады.

Күшіне ену күні

C1           Кәсiпорын осы стандартты 2013 жылдың 1-қаңтары немесе осы мерзімнен кейін басталатын мерзiмдерге қатысты қолдануы керек. Егер кәсiпорын осы стандартты бірден жалғасушымерзiмге қатысты қолданса, онда ол бұл айғақты ашуы және мұнымен бiр уақытта 10ХҚЕС (IFRS), 12«Басқа кәсіпорындарға қатысулар туралы ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС (IFRS), 27ХҚЕС (IAS) (2011 жылдың түзетулернін есепке ала отырып), және 28ХҚЕС (IAS) (2011 жылдың түзетулерін есепке ала отырып) қолдануы керек.

C1A        2012 жылы қазан айында шыққан Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі, Бірлескен қызмет және Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 12 ХҚЕС(IFRS) түзетулер), C2-C5, C7-C10  мен C12тармақтарын өзгертті және C1B мен C12A-C12B тармақтарын енгізді. 2013 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Егер 11-шы ХҚЕС ертерек мерзім үшін қолданылса, өзгерістер сол мерзім үшін пайдаланылуы қажет.

Жаңа есепке алу тәртібіне көшу

С1В        8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші тармағына сәйкес ХҚЕС алғаш қолданылғанда, немесе Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер мен қателеросы ХҚЕС-на қолданылғаннан кейін, кәсіпорын 8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші (f) тармағына сәйкес осы 11-ші ХҚЕС-ң (пайдалану мерзімінің бірден жалғасушы мерзімінде)сандық ақпаратты ұсынуы тиіс. Кәсіпорын осы ақпаратты ағымдағы кезеңде немесе ерте салыстырмалы кезеңдер үшін ұсына алады, бірақ талап етілмейді.

Бiрлескен қызмет - пропорционал шоғырландырудан үлестiк қатысу әдісіне көшу

C2           Пропорционал шоғырландырудан үлестiк қатысу әдiсіне көшкен кезде, кәсiпорын бірден жалғасушы мерзімінің басында бiрлескен кәсiпорындағы өз инвестицияларын тануы керек. Мұндай бастапқы инвестициялар активтер мен мiндеттемелердiң теңгерімдік құнының жиынтығы ретінде бағаланады, бұларды кәсіпорын сатып алу нәтижесі болып табылатын кез келген гудвилды қосқанда бұрын пропорционал негізде шоғырландырған. Егер гудвил бұрынықта қаржы жинайтын ірілеу топқа немесе қаржы жинайтын бiрлiктер тобына жатқан болса, онда кәсiпорын гудвилды қаржы жинайтын бiрлескен кәсiпорын немесе бiрлiктің салыстырмалы теңгерімдік құнына сүйене отырып бiрлескен кәсiпорынға жатқызуы тиіс.

C3           C2 -тармағына сәйкес анықталған инвестициялардың бастапқы қалдығы бастапқы танудағы инвестициялардың шартты құны ретінде бағаланады.Кәсiпорын инвестициялардың құнсыздануының қаншалықты мүмкін екендігін бағалау үшiн инвестициялардың бастапқы қалдығына қатысты 28-ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерін есепке ала отырып) 40-43-тармақтарын қолдануы керек, және құнсыздану шығынын бірден жалғасушы мерзiмінің басында бөлiнбеген пайдаға енгізілген түзетулер ретінде тануы керек. Егер кәсiпорын пропорционал негізде бұрынырақ шоғырландырылған бiрлескен кәсiпорындардың есепке алудың жаңа тәртiбіне көшу талаптарын қолдану нәтижесiнде бiрлескен кәсiпорындағы инвестицияны мақұлдаса, онда 12-«Пайдаға салынатын салықтар»ХҚЕС (IAS) 15 және 24-тармақтарында қарастырылған алғашқы тану ерекшелігі қолданылмайды.

C4           Пропорционал негізде шоғырландырылған барлық активтер мен міндеттемелерді біріктіру таза активтердің теріс қалдығына алып келетін болса, онда кәсіпорын таза активтердің теріс қалдығына қатысты оның заңды немесе орын алған тәжірибемен ескерілген міндеттемеге ие болатын, болмайтынын бағалауы тиіс, егер ол мұндай міндеттемеге ие болса, кәсiпорын тиiстi мiндеттемені тануы керек. Егер кәсiпорын таза активтердің теріс қалдығынақатысты заңды немесе орын алған тәжірибемен ескерілген міндеттемеге ие емес деген қорытындыға келетін болса, ол тиiстi мiндеттемені танымауы керек, бiрақ бірден жалғасушы мерзiмнің басында бөлiнбеген пайданы түзетуге мiндеттi. Кәсiпорын оның бiрлескен кәсiпорындарының жиналған шығындарының мойындалмаған бөлігінің қатарында анағұрлым еретерек мерзiмнің басында және осы стандарттың алғашқы қолданылу күнінде бұл айғақты ашып көрсетуітиіс.

C5           Кәсiпорын көрсетілгендердің ішіндебірден жалғасушымерзімнің басындағы жағдай бойынша инвестицияның бiртұтас қалдығына абстракцияҚауымдасқан активтер мен мiндеттемелердiң бөлуiн көрсетуi керек. Осы ақпараттардың ашылып көрсетілуі C2-C6 -тармақтарында баяндалған есепке алудың  жаңа тәртібіне көшу талаптарын қолданатын кәсіпорынға қатысты  барлық бiрлескен кәсiпорындар үшiн агрегациялық негізде дайындалуы тиіс.

C6           Бастапқы танудан кейiн кәсiпорын 28-ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді есепке ала отырып) сәйкес үлестiк қатысу әдiсін қолдана отырып, бiрлескен кәсiпорындағы өз инвестицияларын көрсетеді.

Бiрлескен қызмет - үлестiк қатысу әдiсінен активтер мен мiндеттемелердi есепке алуға көшу

C7           Бiрлескен операциядағы қатысу үлесіне қатысты  үлестiк қатысу әдiсiнен активтер мен мiндеттемелердi есепке алуға көшу кезінде  бірден жалғасушыбірден жалғасушымерзімнің басында  кәсiпорын бұрынырақ үлестiк қатысу әдiсі пайдаланыла отырып, көрсетілген  инвестицияларды сондай-ақ, 28ХҚЕС (IAS)  38-тармағына сәйкес (2011 жылғы түзетулерді есепке ала отырып) кәсiпорынның қызметке салынатын таза инвестицияларының құрамына кіретін кез келген басқа баптардың тануын тоқтатуы тиіс және бірлескен қызметтегі өзінің қатысу үлесіне байланысты әрбір актив пен міндеттемелердегі, сонымен қатар инвестицияның теңгерімдік құнының  бір бөлігі болуы мүмкін кез келген гудвилдегі өзінің үлесін тануы тиіс.

C8           Кәсiпорын бiрлескен операциямен байланысты активтер мен мiндеттемелердегi өзінің қатысу үлесін келісімшартқа сәйкес бекітілген байланыстағы өз құқықтары мен  мiндеттемелеріне сүйене отырып анықтауы керек. Кәсiпорын активтер және мiндеттемелерiнiң бастапқытеңгерімдік құнын үлестік қатысу әдiсiн қолданғанда кәсiпорын пайдаланатын ақпарат негізінде бірден жалғасушы мерзiмнiң басында инвестициялардың теңгерімдік құнын ыдырату арқылы бағалайды.

C9           Бұрын үлестiк қатысу қолданылған есепке алуда көрсетілген  инвестициялардың нәтижесі болып табылатын айырмашылық  28ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулер есепке алына отырып) 38-тармағына сәйкес кәсiпорынның қызметке салынатын таза инвестициялары құрамына кiретін кез келген басқа баптармен бiрге және активтер мен мiндеттемелердiң таза танылған сомасы, сонымен қатар кез келген гудвил төмендегілерді іске асыруға міндетті:

(a)           қалған айырмашылығы бірден жалғасушыбірден жалғасушы мерзiмнің басында бөлiнбеген пайданы түзетеді, егер таза активтер және мiндеттеменiң, сондай-ақ гудвилдың танылған шамасы танылуы тоқтатылған инвестициялардан (және кәсiпорынның таза инвестицияларының құрамына кiретiн кез келген басқа баптар) жоғары болған жағдайда инвестицияларға қатысты кез келген гудвилдың есебiне қосылуы тиіс.

(b)           егер гудвилды қоса алғандағы таза активтер мен міндеттемелердің шамасы танылуы тоқтатылған инвестициялардан (кәсіпорынның таза активтерінің құрамына кірген кез келген басқа да баптар) төмен болса, бірден жалғасушы кезең басындағы бөлiнбеген пайданы түзетуі тиіс.

C10         Үлестiк қатысу әдiсінен активтер және мiндеттемелердi есепке алуға көшкен кезде кәсiпорын танылуы тоқтатылған инвестициялардың және танылған активтер және мiндеттемелерiнiң салыстырып тексеруін көрсетуі тиіс, сонымен бiрге қалған айырмашылығы бөлiнбеген пайданы бірден жалғасушымерзiміне қатысты түзетіледі.

C11         Егер кәсiпорын бiрлескен операциядағы оның қатысу үлесімен байланысты активтер мен мiндеттемелердi таныса, онда 12ХҚЕС (IAS) 15-және 24- тармақтарында қарастырылған бастапқы танудағы ескерту қолданылмайды.

Кәсiпорынның жеке қаржылық есептілігіндегі есепке алудың жаңа тәртібіне көшушарттары

C12         27ХҚЕС (IAS) 10-тармағына сәйкес өзінің қатысу үлестерін жеке қаржылық есептілігнде бiрлескен операцияда өзiндiк құн бойынша инвестиция ретінде немесе  9ХҚЕС (IFRS) сәйкес көрсеткен кәсіпорын төмендегілерді іске асыруға тиiс:

(a)           C7-C9-тармақтарына сәйкес анықталған өзінің қатысу үлесіне қатысты  бірлескен операциялардағы сомада инвестицияларды тануды және активтер мен міндеттемелерді тануды тоқтатуы.

(b)           танылуы тоқтатылған инвестициялардың және танылған активтер және мiндеттемелердің салыстырып тексерілуін ұсынуы, бұл кезде қалған айырмашылық бірден жалғасушыкезеңнің басындағы бөлiнбеген пайданы түзетуі тиіс.

«Бірден жалғасушы кезеңге» сілтеме

C12A      C2-C12тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге(«бірден жалғасушы кезең») көрсетілген сілтемеге қарамастан, кәсіпорын, сонымен қатар, кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынуы мүмкін, бірақ талап етілмейді. Егер кәсіпорын C2-C12тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге «бірден жалғасушы кезең» көрсетілген сілтемемен бірге кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынса, бұл «ұсынылған ең ерте мерзімдегі келістірілген салыстырмалы кезең» деп оқылуы тиіс.

C12B      Егер кәсіпорын кез келген алдыңғы кезеңдер үшін келістірілмеген салыстырмалы ақпарат ұсынса, ол келістірілмеген ақпаратты анықтап, оның басқа негізде дайындалғанын дәлелдеп, негізді түсіндіруі тиіс.

C13         Егер кәсiпорын С12-тармағында ескерілген бiрлескен операциядағы қатысу үлесімен байланысты бірлескен оперцияларға қатысты есепке алудың жаңа тәртібіне көшу талаптарын қолданудың нәтижесінде өзінің жеке қаржы есептілігінұсынудағы активтер мен мiндеттемелердi танитын болса, 12ХҚЕС (IAS) 15 және 24-тармақтарында қарастырылған бастапқы танудағы ерекшелік қолданылмайды.

9 ХҚЕС (IFRS) сілтемелері

C14         Егер кәсiпорын осы стандартты қолданса, бiрақ 9ХҚЕС (IFRS) әлі қолданбаған болса, осы стандарттағы кез келген сiлтеме 39«Қаржы құралдары: тану және бағалау» ХҚЕС (IAS) сілтеме сияқты түсіндірілмеуі тиіс.

Басқа ХҚЕС стандарттарында қолданылуының тоқтатылуы

C15         Осы стандарт өздігінен келесі ХҚЕС-қаөзгертулер енгізеді:

(a)           31 ХҚЕС (IAS) «Бірлескен кәсіпкерлікке қатысу үлесі» ;және

(b)           13ТТК түсіндірмесі (SIC)«Бірлесе басқарылатынұйымдар - Бірлескен қызметке қатысушылардың ақшалай емес салымдары».