10-шы Халықаралық ҚаржылықЕсептілігінің Стандарты (IFRS 10)
«Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі»

 

Мақсаты

1      Бұл стандарттың мақсаты кәсіпорын бір немесе бірнеше басқадай кәсіпорынды бақылаған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну ұстанымдарын анықтау болып табылады.

Мақсаттың жетістігі

2              1-тармақта баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін осы стандарт:

(а)           бір немесе бірнеше басқа кәсіпорынды (еншілес кәсіпорынды) бақылайтын кәсіпорын (бас кәсіпорын) шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуы үшін талап етеді;

(b)          бақылау қағидасына түсінік береді және шоғырландыру үшін ретінде бақылауды анықтайды.

(с)           инвестор инвестиция нысанын бақылайтындығын немесе бақыламайтындығын анықтау үшін бақылау қағидасын қалай қолдануын және сәйкесінше инвестор инвестициялар нысанын шоғырландыруы керек пе дегенді көрсетеді;

(d)          шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау мақсатында  бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды анықтайды; және

(е)           Инвестициялық кәсіпорын мен инвестициялық кәсіпорынның еншілес компанияларының шоғырландыру артықшылықтарын анықтайды.

3              Бұл стандарт бизнестің бірігуі кезінде туындайтын гудвилді қоса алғанда бизнестің бірігуі бухгалтерлік есепке қойылатын талаптарды және олардың шоғырлануға әсерін қарастырмайды. (3 «Бизнестің бірігуі» ХҚЕС (IFRS) қараңыз).

Қолдану аясы

4              Бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынуға тиісті. Қазіргі стандарт төменгі жазылған жағдайда барлық кәсіпорындарға таратылады.

(а)           бас кәсіпорын біріккен қаржылық есеп беруді ұсынуға тиісті емес, егер де ол келесі барлық жағдайда қанағаттандыратын болса;

(i)            бас кәсіпорын өзі еншісіне алған кәсіпорын бола тұра басқа кәсіпорынның толық және жеке меншігінде орналасса оның басқа меншіктері басқа жағдайда дауыс құқығы болмауын қоса есепке ала отырып бас кәсіпорын біріккен қаржылық есепті ұсынбайды,бұған қарсы емес;

(ii)           бас кәсіпорынның қарыздық және үлестік құралдары ашық нарыққа шығарылмайды (жергілікті аумақтық нарықты қоса ішкі және сыртқы қор биржасына немесе биржадан тыс нарықта);

(iii)          бас кәсіпорын ашық нарықта кез-келген сападағы құралдарын шығару мақсатына бағалы қағаздар комиссиясы және де басқа реттеуші органдарға өзінің біріккен қаржылық есебін ұсынбаған және ұсынбайды; және

(iv)          бас кәсіпорын көрсеткен соңғы немесе кез-келген аралық бас кәсіпорын ХҚЕС сәйкес дайындалған ашық қолдану үшін қол жетімді шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын.

(b)           «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ХҚЕС (IAS) 19 қатынасында қолданылатын жұмысшыларға еңбек қызметі аяқталуы бойынша сыйақы немесе басқа да ұзақ мерзімді сыйақы жоспары.

(с)           Осы ҚХЕС-тің 31-тармағына сәйкес барлық еншілес компанияларды пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшеуталап етілсе, инвестициялық кәсіпорын шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынбауы қажет.

Бақылау

5               Инвестор қандай бір кәсіпорынның қатысу сипатына байланысты инвестиция нысанында бақылау орната алатынын бағалап, ол бас кәсіпорын бола алатындығын анықтайды.

6             Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруімен байланысты шығынға ұшырағанда немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, сондай- ақ инвестициялар нысанына қатынастыықпал өзінің билігін жүзеге асырумен кіріске иелік ету мүмкіндігі болса ғана инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.

7          Осылайша келесі жағдайда инвестор инвестиция нысанын бақылайды, егер инвестор:

(а)              инвестиция нысанына қатысты өклеттілікке ие болады (10- 14 тармақтарды қараңыз);

(b)              инвестиция нысанына қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелге ұшырайды немесе мұндай кірісті алуға құқығы болады (15 және 16 - тармақтарды қараңыз); және

(с)              инвестордың кіріс мөлшеріне ықпал ету мақсатында инвестиция нысанына қатынасты өзінің өкілеттігін қолдану мүмкіндігі бар ( 17 және 18 -тармақтарды қараңыз).

8              Инвестор оның инвестиция нысанын бақылауға ие ма жоқпа дегенді бақылап,барлық жағдайлар мен фактлерді қарауға тиісті. Инвестор 7-бөлімде көрсетілген бір бақылаудың үш элементінің немесе бірнеше фактілер мен жағдайлар өзгерісін көрсеткенде, инвестиция нысанын бақылауды игергенін қайта бағалауы керек ( В80 -В85 тармақтар).

9              Егер де басшылықтың маңызды қызметіне олардың біріккен іс әрекеті керек болса, инвестиция нысаны екі немесе одан да көп инвесторлардың біріккен бақылауында орналасады. Ондай жағдайда инвесторлардың біреуі инвестиция нысанын жеке бақылаумен айналыспайды, сондықтан да инвесторлардың біреуі де басқа инвесторлардың қатысынсыз қызметті басқара алмайды. Әрбір инвестор тиісті ХҚЕС қарастырылған ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» және (IFRS) 11 «Бірлескен қызмет»немесе ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» сияқты ХҚЕС сәйкес өзінің инвестициялар нысанына қатысу үлесін есепте көрсетеді.

Өкілеттік

10            Егер де инвестор қазіргі уақытта маңызды қызметін басқару мүмкіндігін «(IFRS) 11 де инвестиция «Бірлескен қызмет», ХҚЕС (IAS) 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар», немесе ХҚЕС (IFRS) 9 Қаржы құралдары құқығына ие болса инвестиция нысанында өкілеттілігін жүргізе алады,инвестициялар нысанына қатынасты кіріске маңызды ықпал етеді.

11            Өкілеттік құқық нәтижесі болып табылады. Кейбір жағдайда өкілеттілікті бағалау қиындық туғызбайды, мысалы өкілеттік инвестициялар нысанына қатынастытура дауыс құқығының нәтижесі және акция сияқты дауыс құқығы ұсынылған үлестік құралдар немесе акция пакетімент байланысты дауыс беру құқығының қарауымен өндірілген болуы мүмкін. Басқа жағдайларда егер де өкілеттік бір немесе бірнеше келісімшарттың нәтижесі болып табылса, бірнеше факторларды қарастыру талап етіледі, бағалау қиындау болады.

12            Қазіргі уақытта елеулі қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор, егер басқару құқығы әлі жүзеге асырылмаған болса да өкілеттіліктерге ие болады. Инвестордың маңызды қызметті басқаруының дәлелдемесі инвестордың өкілеттілікке ие ме жоқ па дегенді анықтау мүмкіндігін көрсетеді, алайда ондай дәлелдеме инвестордың инвестиция нысанына өкілеттікке ие ме дегенді анықтау кезінде өздігінен шешуші фактор болып табылады.

13            Екі немесе одан да көп инвестор әртүрлі елеулі қызметтің түрлерін бір жақтық тәртіпте басқаруға мүмкіндік беретін қолданыстағы құқықтарға ие болған жағдайда, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер еткен қызметті басқару мүмкіндігі бар инвестор инвестициялар нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады.

14            Инвестор егер де басқа кәсіпорын оларға маңызды қызметті басқаруға мүмкіндік беретін құқығы болса, мысалы басқа кәсіпорын маңызды ықпалын тигізсе, инвестиция нысанына қатысты өкілеттілікке ие болады. Алайда инвестициялар нысанына қатысты тек қана қорғау құқықтары бар (В26 -В28 тармақтарын қараңыз), бірақ өкілеттілігі жоқ инвестор және сәйкесінше мұндай инвестор инвестициялар нысанын бақыламайды.

                            Кіріс

15            Инвестор инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгерісімен байланысты шығынға ұшыраса немесе ондай кірісті алуға құқығы болса, егер инвестор инвестиция нысанына қатысуынан тапқан кірісі инвестиция нысаны қызмет көрсеткішіне байланысты түрленуі мүмкін. Инвестордың кірісі тек қана жарамды, тек қана жарамсыз болуы немесе жарамды және жарамсыз болуы мүмкін.

16            Осыған қарамастан тек қана  бір инвестор инвестиция нысанын бақылауы, инвестиция нысаны кірісіне бірнеше тарап қатысуы мүмкін. Мысалы бақыланбайтын үлестерді иеленушілер инвестициялар нысанының бөлінуіне немесе пайдасына қатыса алады.

                             Өкілеттілік пен кірістің арақатынасы

17            Инвестор инвестициялар нысанына қатынасты тек қана өкілеттілікке ие болмай инвестиция нысанына қатысуына байланысты кіріс өзгерісіне байланысты шығынға ұшыраса немесе сондай кірісті алуға құқылы болса, сондай-ақ инвестиция нысанына қатысуынан инвестордың кірісіне ықпал көрсету мақсатымен өзінің өкілеттігін көрсету мүмкіндігіне ие болса, инвестиция нысанын бақылауға ие бола алады.

18            Сонымен шешім қабылдауға құқығы бар инвестор принципал немесе агент болып табылатынын анықтауы керек. В58- В72 тармақтарына сәйкес агент болып табылатын инвестор оған шешім қабылдау құқығын бере отырып, инвестициялар нысанын бақыламайды.

Есеп жүргізуге қойылатын талап

19            Бас кәсіпорын ұқсас жағдайларда ұқсас оперциялар мен басқа да оқиғаларға арналған бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындауы тиіс.

20            Инвестиция нысанын шоғырландыру инвестор инвестиция нысанын бақылауға алған сәттен басталады және инвестор инвестиция нысанын бақылауды тоқтатқан кезден аяқталады.

21            В86-В93 тармақтары шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға арналған нұсқаулықтан тұрады.

Бақыланбайтын үлестер

22            Бас кәсіпорын меншігінің капиталынан басқа басқа жеке капитал құрамындағы қаржылық жағдай туралы шоғырландырылмаған есебіндегі бақыланбайтын үлестерді ұсынуы тиіс.

23            Бас кәсіпорынға еншілес кәсіпорын үстінен жүргізетін бақылауды жоғалтуға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы бас кәсіпорынның қатысу үлесіндегі өзгерістер капиталы бар операция ретінде есептеледі (яғни, осы сапада қолданылатын меншік иелерімен жүргізілетін операция).

24            В94-В96 тармақтары шоғырландырылған қаржылық еспке алуға арналған нұсқаулықтан тұрады.

Бақылауды жоғалту

25            Егер де бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынды бақылауын жоғалтқан жағдайда бас кәсіпорын:

(а)              қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есептегі бұрынғы еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтатады

(b)              ХҚЕС сәйкес анықталған тәртіпте бұрынғы еншілес кәсіпорынға немесе оның пайдасына тиіселі, сондай-ақ кез-келген бағалар сондай-ақ инвестиция есебіне бақылаудың шығындану уақыты және ақыры тойтарыс береді, бұрынғы еншілес кәсіпорында қалған кез-келген инвестицияның әділ бағасы тануын тоқтатады. Көрсетілген әділ құн ХҚЕС (IFRS) 9 сәйкес қаржылық активті алғашқы тану кезіндегі әділ құн сияқты немесе қажеттілігіне орай алғашқы тану кезіндегі қауымдасқан кәсіпорындардағы немесе бірлескен кәсіпорындардағы инвестициялардың өзіндік құны сияқты бағаланады.

(с)              бұрынғы бақылау пакетіне жататын бақылауды жоғалтуға байланысты пайда мен шығынды таниды.

26            В97 -В99 тармақтар бақылауды жоғалтудың есебі бойынша нұсқаулықтан тұрады.

 

Ұйымның инвестициялық ұйым екендігін анықтау

27            Бас компания бұл инвестициялық ұйым екендігін анықтауы қажет. Инвестициялық ұйым:

(а)              бір немесе бірнеше инвестордан оларды инвестициялық басқару қызметімен қамтамасыз ететін қаржыландыру қорын алады;

(b)              инвестор(-лар)ғаолардың бизнес мақсаты инвестициялық табыс, капитал өсімшесінің табысы үшін ғана қорды инвестициялайтынын хабарлайды;

(с)              инвестициялардың барлық жүзеге асырылу нәтижесін әділ құн негізінде өлшейді және бағалайды.

28            Бағалау кезінде 27-ші тармақта көрсетілген анықтамаға анықтау үшін, кәсіпорын инвестициялық ұйымның келесі қасиеттерін қарастыру қажет:

(а)              бірден көп инвестция бар(B85O-B85P тармақтарын қараңыз);

(b)              бірден аса инвесторлары бар(B85Q-B85S тармақтарын қараңыз);

(с)              ұйыммен байланысты емес инвесторлары бар(B85T-B85U тармақтарын қараңыз); және

(d)              оның меншікті капиталдық үлес немесе ұқсас пайыздағы үлесі  бар(B85V-B85W тармақтарын қараңыз).

Көрсетілеген ерекшеліктердің біреуінің сәйкес келмеуі кәсіпорынды инвестициялық кәсіпорын болып сыныпталудын болдырмайды. Кәсіпорынға осы ерекшеліктердің барлығы тән болмаса, 12-ХҚЕС-ң 9A тармағына сәйкес Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсетуталаптары бойынша қосымша ақпарат ұсынады.

29            Егер 27-ші тармақта көрсетілгендей, деректер мен жағдайлар инвестициялық кәсіпорынның анықтамасын құраған бір немесе үштен көпэлемент өзгерісін анықтаса, немесе 28-ші тармақта көрсетілгендей, инвестициялық кәсіпорынның ерекшеліктері өзгерсе, бас компания инвестициялық ұйымды қайта бағалауы қажет.

30            Инвестициялық қызметті тоқтататын немесе инвестциялық компанияға айналатын ұйым, өзгерістер орын алған күннен бастап мәртебедегі өзгерістерді есепке ал қажет(B100-B101 тармақтарын қараңыз).

                Инвестициялық ұйым: шоғырландырудағы ерекшеліктер

31            32-ші тармақты ескермегенде, басқа ұйымның бақылауына өткенде, инвестициялық кәсіпорын еншілес компанияларын шоғырландырмайды және 3-ші ХҚЕС-ті қолданбайды. Оның орнына, инвестициялық кәсіпорын еншілес компаниядағы инвестицияларын пайда мен залал арқылы әділ құнда 9-шы ХҚЕС-ке[1] сәйкес өлшеуі қажет.

32.            31-ші тармақтағы талаптарға қарамастан, егер инвестициялық кәсіпорынның инвестициялық қызметпен байланысты қызмет көрсететін еншілес компаниясы болса, осы еншілес компанияны осы ХҚЕС-тің 19-26 тармақтарына сәйкес шоғырландыру қажет және 3-ші ҚХЕС-ң талаптарын ұқсас еншілес компанияларға қолдану қажет.

             33            Бас компания өзінің бақылауындағы, еншілес инвестициялық компаниялар арқылы басқаратын компаниялардың барлығын шоғырландыру қажет, бас компанияның өзі инвестициялық ұйым болмаса да.

 

А қосымшасы

Терминдердің анықтамасы

Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады.

Шоғырландырылған  қаржы есептілігі

Бас кәсіпорын мен оның еншілес кәсіпорнының активтері, міндеттемелері, капиталы, кірісі, шығысы мен ақша ағындары бірыңғай эконмикалық қызмет субьектісінің активтері, міндеттемелері, капиталы, кірісі, шығысы мен ақша ағымдары сияқты ұсынылған топтардың қаржылық есептілігі.

Инвестициялар нысанына бақылау

Инвестор инвестициялар нысанынбақылау жасау өкілеттілігі бар немесе инвестор инвестициялар нысанына қатысудан түскен ауыспалы кіріске байланысты тәуекелге ұшыраса немесе мұндай кірісті алуға құқығы болса сонымен қатар, инвестициялар нысанына қатысты өз өкілеттілігін жүзеге асыру көмегімен кіріске әсер ету мүмкіндігі.

Шешім қабылдайтын тұлға

Басқа тараптар үшін агент немесе приципалдар болып табылатын шешім қабылдау құқығы бар кәсіпорын,

Топ

Инвестициялық ұйым

Бас кәсіпорын және оның еншілес кәсіпорны

Келесілерді орындайтын ұйым:

(а)           бір немесе бірнеше инвестордан оларды инвестициялық басқару қызметімен қамтамасыз ететін  қаржыландыру қорын алады;

(b)           инвестор(-лар)ғаолардың бизнес мақсаты инвестициялық табыс, капитал өсімшесінің табысы үшін ғана қорды инвестициялайтынын хабарлайды;

             (с) инвестициялардың барлық жүзеге асырылу нәтижесін әділ құн негізінде өлшейді және бағалайды.

 

Бақыланбайтын үлестер

Бас кәсіпорын тура немесе жанама иелене алмайтын еншілес кәсіпорындағы капитал

Бас кәсіпорын

Бір немесе біршеше кәсіпорынды бақылайтын кәсіпорын

Өкілеттілік

Қазіргі уақытта елеулі қызметті басқарудың мүмкіндігін ұсынатын қолданыстағы құқықтар

Қорғану құқығы

 

Мұндай құқықтармен байланысты кәсіпорындарға қатысты мұндай тарапқа өкілеттіліксіз, көрсетілген құқтары бар тараптардың қатысу үлесін қорғау мақсатынан тұратын құқықтар.

Елеулі  қызмет

 

Бұл стандарт мәтініндегі елеулі қызмет бұл - инвестициялар нысанының кірісіне елеулі ықпал ететін инвестициялар нысанының қызметі.

Шеттеу құқығы

Шешім қабылдайтын тұлғаны оның шешім қабылдау бойынша өкілеттілігінен босату құқығы.

Еншілес кәсіпорын

Басқа кәсіпорынның бақылауындағы кәсіпорын

11 ХҚЕС (IFRS), 12 ХҚЕС (IFRS) «Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету»терминдерде көрсетілген, ХҚЕС (IAS) 28 ( 2011 жылғы есеппен түзету) немесе 24 ХҚЕС (IAS) «Байланысты тараптар туралы ақпарттарды ашып көрсету». Осы терминдер ХҚЕС-да баяндалған мағынада осы стандартта қолданылады:

•              қауымдасқан кәсіпорын

•              басқа кәсіпорындарға қатысу

•              бірлескен кәсіпорын

•              негізгі басқарушы қызметкер

•              байланысты тарап

•              елеулі әсер.

 

 

        В қосымшасы

        Қолдану бойынша нұсқаулық

             Осы қосымша бұл стандарттың маңызды бөлігі болып табылады. Қосымша 1- 26 тармақтарының қолданылуын және бұл стандарттың басқа бөлігімен тең мәнде қолданылады.

             B1           Қосымшада ұсынылған мысалдар болжамдық жағдайларды сипаттайды. Төменде ұсынылған кейбір аспектілерге қарамастан, нақты жағдайда ескерілуі мүмкін10 ХҚЕС (IFRS) қолдану кезінде әрбір нақты жағдайлардың барлық фактілері мен міндеттемелерін бағалау қажет.

Бақылауды бағалау

B2           Инвестор инвестиция нысанын бақылау жасауды анықтау үшін, инвестор төмендегілерді бағалауы керек:

                (a)            ол инвестициялар нысанына қатынасты өкілдікке ие ме;

                (b)           инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруіне байланысты шығынға ұшырады ма немесе сондай кірісті алуға құқығы бар ма; және

                (c)           инвестордың кіріс көлеміне ықпал көрсету мақсатымен инвестициялар нысанына қатынастыөз өкілеттілігін қолдану мүмкіндігіне ие ме.

             B3           Бақылау фактісін белгілеу кезінде келесі факторлар қарауға пайдалы болуы мүмкін:

                (a)           инвестиция нысаны мақсаты және құрылымы ( B5-B8 тармақтарды қараңыз);

                (b)           қандай қызмет маңызды болып табылса,сондай қызметке қатысты шешім қабылданады ( B11-B13 тармақтарын қараңыз);

                (c)           инвестор қазіргі уақыттағы маңызды қызметті басқаратын мүмкіндігі, инвестордың құқығын ұсына алама ( B14-B54 тармақтарды қараңыз);

                (d)           инвестиция нысанына қатысуынан кіріс өзгеруіне байланысты шығынға ұшырадыма,немесе сондай кірісті алуға құқығы барма ( B55-B57 тармақтарды қараңыз);

                (e)           инвестордың кіріс көлеміне ықпал көрсету мақсатымен инвестициялар нысанына қатынасты өз өкілеттілігін қолдану мүмкіндігіне ие ме (В58- В72 тармақтарды қараңыз).

             B4           Инвестор инвестиция нысанын бақылауды бағалай отырып, басқа тараптармен өз қатынасының сипатын қарауы керек (В73 - В75 тармақтары қараңыз).

         Инвестиция нысанының мақсаты және құрылымы

             B5           Инвестор инвестиция нысанын бақылауды бағалай отырып, қандай қызмет маңызды,маңызды қызметке қатысты шешімді қалай қабылдау, сондай қызметті басқаруға ағымды мүмкіндікке кім ие, және сондай қызметтен кірісті кім алатынын анықтап, инвестиция нысанының құрылымы мен мақсатын қарауы керек.

             B6           Инвестиция нысанының құрылымының жәнемақсатының қортындысын инвестиция нысанын бақылау пропорционалдық дауыс құқығын ұстаушы үлестік құралдармен жүзеге асатын кәдімгі акциялар анықтауға болады.Мұндай жағдайда қосымша келісімнің жоқтығынан инвестиция нысанының операциялық және қаржылық саясатты анықтау үшін қандай көлемде дауыс құқығы жүзеге асуы мүмкін, қандай жақтың бақылау бағасы шешім қабылдау үдерісінде өзгері енгізеді. (В34 -В50 тармақтарын қара) Инвестор ең қарапайым жағдайда,инвестиция нысанын бақылауға ие басқа факторлардың жоқтығы кезінде дауы сқұқығының бақылау пакетінің ұстаушысы болып табылады.

B7           Инвестор инвестиция нысанын қиындау жағдайда бақылауға иелігінайқындау үшін, факторлардан бірнешеуі қаралуы талап етілуі мүмкін В3 тармағындағы сөйлемде немесе барлық сондай факторлар.

B8           Инвестиция нысанын бақылаушы дауыс құқығының басым факторы болып табылмаса,егер де дауыс құқығы әкімшілік тапсырмамен тығыз байланыста болса, басшылық маңызды қызметті келісім түрінде рәсімдеп, келісімшарт негізінде жүзеге асырады. Мұндай жағдайда инвестиция нысанының құрылымы мен мақсаты қортындысы инвестиция нысанын ұйымдастыру кезінде жоспарланған шығындарды қарауды қоса, инвестиция нысанына қатысушы жақтарға беру үшін жоспарланған шығындар, сондай -ақ инвестор немесе басқалары шығынға ұшырайма жоқпа қару керек. Шығындарды қару тек акция курстарының төмендеуі емес жоғарлауында енгізіледі.

                             Өкілеттілік

B9           Инвестициялар нысанына қатынасты өкілеттілікке ие болу үшін инвестор дәл қазіргі уақытта маңызды қызметті басқару мүмкіндігін ұсынатын құқыққа ие болуы қажет. Өкілеттікті бағалау кезінде қорғану құқығы болып табылатын құқық немесе тек қана нақтылы құқық есептелінеді (B22-B28 тармақтарды қара).

B10         Инвестордың өкілеттілігі қандай қызмет маңызды, маңызды қызметке қатысты қандай шешім қолданылады, сондай-ақ инвестор және басқа жақтар инвестициялар нысанына қатынасты құқығына байланысты орнатылған фактілер болуы.

                            Маңызды қызмет және маңызды қызметті басқару

             B11         Инвестиция нысаны кірісіне операциялық және қаржылық қызметтің сан алуан түрлері ықпал етеді. Жағдайға байланысты қызмет үлгілерінің сапасына әкелетін маңызды қызмет болуы мүмкін:

                (a)           тауарлар сату және сатып алу немесе қызмет көрсету;

                (b)           қаржылық активтерді пайдалы қолдануға ұзақ уақытқа басқару (дефолт басталуының фактісі бойынша уақыт)

                (c)           активтерді сатып алу және иеліктен шығаруды таңдау;

                (d)           жаңа өнімдер немесе үдерістерді өңдеу және зерттеу; және

                (e)           қаржылық құрылымды анықтау немесе қаржыландыруды тарту.

             В12         Елеулі қызметке қатысты шешімдерінің мысалы ретінде  төмендегілерді көрсетуге болады:

                (a)           бюджетті қоса алғандағы инвестиция нысанының операциялық қызметіне және капиталына қатысты шешім; және

                (b)           инвестиция нысанының негізгі басқарушы қызметкерін немесе қызметтерді жеткізушілерді тағайындау және сыйақы беру сондай-ақ көрсетілген тұлғалармен еңбек қатынастарын тоқтату.

B13          Кейбір жағдайларда нақты жағдайлардың ағыны немесе нақты оқиғаның туындауына дейін және бұдан кейін де жүргізілетін кейбір жағдайларда қызмет елеулі болуы мүмкін. Екі немесе одан көп инвестордың осы сәтте елеулі қызметті басқару мүмкіндігі болған жағдайда және мұндай қызмет әртүрлі уақытта жүргізілсе, шешім қабылдаудың паралелль құқықтарын ескере отырып, ең көп әсер етуші инвесторлардың ішінде қай инвестор бақылау жүргізетінін анықтауы тиіс (13 тармақты қараңыз). Егер тиісті фактілер немес міндеттемелерде қандай да бір өзгерістер болса, инвесторлар уақыт өтісімен осы бағалауды қайта қарастыруы тиіс.

 

Қолдану мысалдары

 

1-ші Мысал

 Екі инвестор дәрі-дәрмектерді дайындау және сату мақсатында инвестициялар нысанын құрады. Бір инвестор дәрі-дәрмектердің дайындалуына және реттеуші органдардың тиісті рұқсаттарын алуға жауап береді; бұл жауапкершілік өнімді дайындау және реттеуші органдардың рұқсаты алуға қатысты барлық шешімдерді бір жақтық тәртіпте қабылдау мүмкіндігін береді. Реттеуші орган дәрі-дәрмекке рұқсат бергенде ғана басқа инвестор оны өндіру мен оны сатуды бастайды; бұл инвестор дәрі-дәрмекті өндіру мен оны сатуға арналған барлық шешімдерді бір жақтық тәртіпте қабылдай алады. Егер қызметтің көрсетілген барлық түрлері - дәрі-дәрмектерді дайындау, реттеуші органнан рұқсат алу, өндіру және сату елеулі қызмет болса, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер ететін әрбір инвестор қызметті басқару мүмкіндігі барын анықтап алуы тиіс. Сәйкесінше, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер ететін әрбір инвестор дәрі-дәрмектерді дайындау және реттеуші органдардың рұқсатын алу немесе оны өндіру мен сату туралы және мұндай құзметті басқару мүмкіндігі бары туралы мәселені қайта қарастыруы тиіс.

Инвесторлардың қайсысының өкілеттілігі барын анықтау кезінде инвесторлар төмендегі мәселелерді қарастырар еді:

(a)                 Инвестициялар нысанының мақсаты мен құрылымын;

(b)                 Пайдалар, түсім мен  инвестициялар нысаны құнын, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің  құнын анықтайтын факторларды;

(c)                 (b) тармағында көрсетілген факторларға қатысты шешім қабылдау бойынша әрбір инвестордың өкілеттілік жүргізу нәтижесінде инвестициялар нысанының кірісіне тигізетін әсерін; және

(d)                 Кірістің өзгерушілігіне байланысты инвесторлардың тәуекелдері.

Аталған нақты мыслда инвесторлар сонымен қатар төмендегі мәселелерді қарастырар еді:

(e)                  реттеуші органдардың рұқсатын алуға қатысты белгісіздік және мұндай рұқсатты алуға (дәрі-дәрмектерді дайындау саласындағы инвестордың табысты тәжірибесінжәне реттеуші органдардан тиісті рұқсаттарды алуды ескеру арқылы) қажетті барлық күштерді; және

(f)                  дайындау кезеңінің табысты аяқталуынан кейін дәрі-дәрмекке инвесторлардың қайсысы бақылау жүргізеді. 

 

2-мысал

Инвcтициялық құрылым (инвестициялау нысаны) иеленушісі инвестор (қарыздық құралдардағы инвестор) болып табылатын қарыздық құралдар және еленушісі бірнеше басқа кәсіпорын болып табылатын үлестік құралдар көмегімен құрылады және қаржыландырылады. Үлестік құралдарды шығарудың инвестициялар алғашқы шығындарды жою және инвестициялар нысанынан түскен қалдық кірісті алудың өзіндік мақсаты болады. Акциялардың 30 пайыз иеленушісі болып табылатын үлестік құралдардағы инвесторлардың бірі сонымен қатар, активтерді басқарушы болып табылады. Инвестициялар нысаны мұндай активтер бойынша негізгі сома және сыйақы есебінен төлемеу мүмкіндіктерімен байланысты инвестициялар нысанын несиелік тәуекелге ұшырата отырып, қаржылық активтер портфелясын сатып салу үшін өзінің кірістерін қолданады.

Мәміле активтер портфелясы бойынша төлемеу мүмкіндіктерімен байланысты минималды несиелік тәуекелі бар инвестиция сияқты инвесторға жасалды. қарыздық құралдарға

Инвестициялар нысанының алғашқы шығындарын жою үшін арналған үлестік құралдарды шығару активтердің сипаттамсымен игерілетін активтер портфолиясы бойынша мүмкін болатын төлемеумен байланысты минималды несиелік тәуекелі бар инвестиция сияқты үлестік құралдардағы мәмле инвесторға ұсынылады. портфолияны басқару бойынша нұсқаулық аясында активтерді таңдау, сатып алу мен меншікке алуға, сонымен қатар портфелия активтерінің кез-келгені бойынша өтелмеген төлем жағдайындағы басқару әрекетіне қатысты шешімдер қабылдауға инвестициялар нысаны активтерінің портфолиясын басқаруға арналған қызмет инвестициялар нысанының кірісіне елеулі әсер етеді. Өтелмеген төлем белгіленген қатынастарға жетпегенге дейін (яғни, инвестициялар нысанының үлестік құралдарының шығарылуы ұтылып, портфеля құнындай болғанда) көрсетілген қызметті жүзеге асыруға активтерді басқарушы жауап береді.

 Осы күннен бастап үлестік құралдардағы инвестордың нұсқаулығына сәйкес үшінші тарап болып табылатын сенім білдірілген басқарушы басқарады. Автивтер портфелиясын басқару инвестициялар нысанының елеулі қызметі болып табылады. Активтерді басқарушының активтерді өтемеу портфелия құнына деген белгіленген қатынастарға жетпегенге дейін елеулі қызметті басқару мүмкіндігі болады, өтелмеген активтер құны портфелия құнынан артылатын болса, инвестордың үлестік құралдардағы басқару мүмкіндігі болады. Активтерді басқарушы және үлестік құралдардағы инвестор инвестициялар нысанының мақсаттары мен құрылымының талдауын, сондай-ақ кірістердің ауыспалы сипатына байланысты әрбір тараптың тәуекелдерін қоса алғандағы инвестициялар нысанының кірісіне олардың әрқайсысының көбірек елеулі әсер ететін қызметті басқару мүмкіндігі барын анықтауы тиіс.

                Инвестициялар нысанына қатысты инвесторға өкілеттілік беретін құқықтар

B14         Өкілеттілік құқықтардың нәтижесі болып табылады. Инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерді иелену үшін, инвестор қазіргі кезде инвесторға елеулі қызметті басқаруға мүмкіндік беретін қолданыстағы ережелерді игеруі тиіс. инвесторға өкілеттілік беруі мүмін құқықтар инвестициялар нысанына байланысты түрленуі мүмкін.

B15         Инвесторға өздігінен немесе басқа ережелермен жиынтықта өкілеттілік беруі мүмкін құқықтардың мысалдары ретінде төмендегілерді атауға болады:

(a)                 инвестициялар нысанындағы дауыс беру құқығы түріндегі (немесе әлеуетті дауыс беру құқықтары) құқықтар (B34-B50 тармақтарын қараңыз);

(b)                елеулі қызметке әсер етуі мүмкін инвестициялар нысанының негізгі басқарушы қызметкер мүшелерінің басқа лауазымға тағайындау, ауыстыру немесе босату құқықтары;

(c)                 елеулі қызметті басқаратын басқа кәсіпорынды тағайындау немесе шеттету құқықтары;

(d)                инвестордың мүддесіне қатысты қандай да бір мәмле жасаудағы немесе қандай да бір мәмлелердегі кез-келген өзгерістерге вето реттеудегі инвестициялар нысанына нұсқаулық беру құқығы; және

(e)                 олардың иеленушілеріне елеулі қызметті басқару мүмкіндігін беретін басқа да құқықтар (басқару туралы келісімде көрсетілген шешім қабылдау құқығы сияқты);

B16         Жалпы алғанда, инвестициялар нысанының кірісіне елеулі әсер ететін инвестициялар нысаны түрлі операциялық және қаржылық қызметті жүзеге асарады және де егер мұндай қызметті жүзеге асыру қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды тұрақты түрде талап ететін болса, онда өздігінен немесе инвестициялар нысанына қатысты инвесторға өкілеттілік беретін басқа да ережелермен бірге дауыс беру құқығы немесе ұқсас құқықтар болады.

B17         Егер дауыс беру құқы инвестиция нысанының кірісіне айтарлықтай ықпал етпесе, мәселен, дауыс беру құқы әкімшілік сауалдар төңірегінде ғана тарап, ал ықпал ететін басқару сауалдары келісімшарт келісімі арқылы реттелсе, инвестор бұндай келісімді бекіту үшін жетілікті құқығы болуы, инвестиция нысанасы қарым-қатынасында өкілеттілік ете алуы тұрғысында бағалауы керек. Инвестордың осындай өкілеттілікті ұсынуы үшін жеткілікті құқысы бар болуын бекіту үшін инвестор инвестиция нысанының құрылымы мен мақсатын (B5-B8тармақтарын қараңыз) және B51-B54, B18-B20 тармақтарындағы талаптарын қарап шығуы керек.

B18         Кейбір жағдайларда инвестиция нысаны қарым-қатынасында соңғы өкілеттілік көрсетуде инвестордың құқығы жеткілікті етуді қалыптастыруда қиындықтар тууы мүмкін.Бұндай жағдайда өкілеттілік мүмкіндігін анықтау үшін инвестор өкілеттіліктің бір жақты тәртіпте тәжірибелік басқара алуын дәлелді түрде қарастыру керек. Осылардың арасында B19 және B20 тармақтарындажазылған құқықтар мен көрсеткіштер инвестордың инвестиция нысаны қарым-қатынасында өкілеттілікке толық құқылы болуына  дәлел бола алатын келесі сұрақтарды қарастыру керек:

(a)           Инвестор қарастырылған келісімшарт құқығына ие болмай, инвестиция нысанын басқару мүмкіндігі бар негізгі тұлғаны басқаруға тағайындауға немесе бекітуге құқылы емес.

(b)           Инвестор қарастырылған келісімшарт құқысына ие болмай-ақ, инвестиция нысанын бағдарлауға байланысты маңызды келісімге отыруға немесе инвестор мақсатына қарай кез-келген өзгеріске вето жүктеуге құқылы.

(c)           Инвестиция нысанын басқару жүйесіндегі мүшелердің кандидатурасын жоғарылату әрекетінде немесе дауыс беру құқығына ие басқалардан өкілеттілік алуында инвестор шешуші роль атқарады.

(d)           Инвестиция нысанын басқаратын негізгі қызметкер инвестормен байланысты болады (мысалы инвестиция нысанының бас диекторы мен инвестордың бас директоры - екеуі де бір тұлға).

(e)           Инвестиция нысанын басқару органдарының көп мүшесі инвестормен байланысты жақта болады.

B19         Кей жағдайда инвестордың инвестиция нысанымен айрықша қарым-қатынаста, яғни инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтін белгілер де кездеседі. Осындай бір белгі немесе белгілердің жиынтығы инвестордың өкілеттілік алу шарттарын міндетті түрде қанағаттандырады дегенді  білдірмейді. Бірақ инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтіндігі инвестордың инвестиция нысанына байланысты өкілдік етуіне дәлел болатын басқа сәйкес құқықтарға ие бола алатындығын көрсетеді. Мәселен төмендегі жағдайлар инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтіндігі және басқа сәйкес құқықтарға ие болуы өкілеттілікті көрсетеді:

(a)           Басқару әрекетіне мүмкіндігі бар инвестиция нысанын негізгі басқару персоналының мүшелері инвестордың сол сәттегі немесе бұрынғы жұмыскерлері болып табылады.

(b)           Келесі жағдайлардағыдай инвестиция нысаны операциялары инвесторға бағынады: 

(i)            Инвестиция нысаны оның маңызды бөліктерін қаржыландыру мәселесінде инвесторға тәуелді. 

                   (ii)           Инвестиция нысанының маңызды бөліктеріне инвестор кепіл бола алады.

                   (iii)          Инвестиция нысаны технология, шикізат, материал сынды маңызды қызмет көрсетуде инвесторға бағынады.

                   (iv)         Лицензия немесе тауар маркалары сияқты инвестиция операцияларын іске асыруда маңызды активтерді инвестор басқарады.

                   (v)          Инвестиция нысаны негізгі басқару персоналына қатысты мәселеде, мысалы инвестор персоналы инвестиция нысаны операцияларына байланысты арнайы білім игерген болса, инвесторға бағынады.

(c)           Инвестиция нысанының маңызды операция құрамдары инвестордың қатысуымен немесе оның атынан жүзеге асады.

(d)           Дауыс беру құқығы не осы іспеттес құқықтарға қарағандаинвестиция нысанына қатысудан түсетін өзгермелі сипаттағы пайдада немесе осындай табысты игеру құқығына ие болуда инвестордың тәуекелге бел бууы пропорционалды емес басымдыққа ие. Мысалы, егер инвестор инвестиция нысаны табысының жартысынан көбін алуға құқылы болса немесе осындай табысқа байланысты тәуекел етуге талпынса, онда оның инвестиция нысанында дауыс беру құқығы елу пайыздан аз мөлшерді құрайтын жағдайлар кездесіп жатады.

B20         Инвестиция нысанына қатысудан түсетін ауыспалы табысқа немесе мұндай табыс алу құқығына байланыста инвестор көп тәуекел еткен сайын, инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік етуге құқылы болуға ынтасы артады. Осыған байланысты ауыспалы табысқа қатысты тәуекелдің артуы инвестордың өкілеттілік алу белгілері болып табылады. Тек инвестордың тәуекел ету деңгейі инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік ете алуын өзінен-өзі анықтамайды.

B21         Егер  B18 тармағында жинақталған факторлар және В19 бен В20 тармақтарындағы белгілер инвестордың құқығымен бірге қарастырылса, В18 тармағындағы өкілеттілік алу дәделдемесі маңыздырақ болуы керек.

                Нақтылы құқық

B22           Оның өкілетілігін бағалауда инвестор инвестиция нысанына қатысты тек нақтылы құқықтарды ғана қарастырады (инвестор және өзге де тұлғалар ие болатын). Егер субъект құқығы осындай құқықты тәжірибеде игеру мүмкіндігіне ие болса ғана құқық нақтылы саналады.

B23           Құқықтың нақтылы болуын анықтау барлық жағдайлар мен фактілердің есебін талқылауды талап етеді. Нақтылы құқықты анықтауды қарастыра алатын факторлар мысалы ретінде мыналарды атауға болады:

(a)           Субьектіге (лерге) өз құқықтарын пайдалануда кедергі келтіретін қандай да бір барьердің бар немесе жоқ болуы (экономикалық немесе басқа да сипаттағы) Осылардың арасында мұндай барьерлердің мысалы:

(i)            субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) қаржылық ынта мен санкциялар.

(ii)           субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) қаржылық барьерді құрайтын конвертация немесе іске асыру бағасы. 

(iii)          құқықтың іске асуын екіталай ететін шарттар, мәселен, орындау мерзімін тым қатты шектеу.

(iv)                         субъектінің өз құқығын іске асыру құқығына мүмкіндік беруде инвестиция нысанын құратын құжаттарда немесе қабылданатын заңда не нормативтік актілерде нақты, жүйелі механизмдердің болмауы.

(v)           өз құқығын іске асыруға қажет ақпаратты алуда субъектінің қабілетсіздігі.

(vi)          субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) (мысалы, қатысу үлесін басқаруға немесе арнайы қызмет көрсетуді қабылдауда, сол сәйкес уақытта лауазымды басқаратын, орнын алмастыратын басқа басқарушылардың, арнайы қызмет көрсетуге қабілеті я болмаса ниеті барлардың болмауы) операциялық барьерлер немесе стимулдар.

(vii)         заңның немесе реттеуші органдар талабының субъектінің өз құқығын іске асыруына кедергі келтіруі (мысалы, егер шетелік инвесторға өз құқығын іске асыруына тыйым салынуы).

(b)        Өздері бұны істегілері келсе бірнеше жаққа ұжымдық негізде құқықтарын іске асыруда тәжірибелік қабілет беретін механизмнің бар не жоқ болуы құқығын іске асыру бірнеше жақтың келісімін талап етеді немесе бірнеше жақ бір құқықтың субъектілері болып табылады. Бұндай механизмнің болмауы - құқықтың шынайы болмау мүмкіндігінің белгісі. Құқықтың іске асуына келісімі талап етілетін жақтардың қаншалықты көп болса, соншалықты құқықтың нақтылығына сенім аз болады. Бірақ, шешім қабылдайтын тұлғалаларға тәуелді емес директорлар кеңесі ұжымдық әрекетте көптеген инвесторлардың құқыларын іске асыруына механизм ролін атқара алады. Осыған сәйкес, директорлардың тәуелсіз кеңесі шешімімен құқықтардың шеттетілуі көптеген инвесторлардың жеке-жеке ұйымдастыруына қарағанда неғұрлым жоғары деңгейде нақтылы болып табылады.

(c)        Құқықты ұстайтын бір жақ немесе бірнеше жақ осындай құқықтың іске асыру пайдасы үшін шығарып жібереді. Мысалы, инвестиция нысанында дауыс беруде потенциалды құқықты ұстаушы (В47-В50 пунктерін қараңыз) құралдың конвертациясын немесе орындау бағасын ескеруі керек. Дауыс берудің потенциалды құқысының жағдайы жоғары деңгей дәрежесінде нақтылы бола түседі егер құралды орындау бағасы нарықтықтағыдай тиімді немесе инвестор тиімді болудың басқа себептерін қарастырса (мысалы, инвестор мен инвестиция нысаны арасында синергия эффектісін жүзеге асыруда делдал болу).

B24         Сонымен қатар, егер қабылдаған шешімі басқару мәніндегі әрекетте мүмкіндігі бар болса құқық нақтылы болады. Ережеге сәйкес, егер белгіленген ағымдағы мерзімде жүзеге асыра алса, құық нақтылы болады. Бірақ, кей жағдайларда ағымдағы уақытта жүзеге аспаса да құқық нақтылы бола алады.

Қолдану мысалдары

3 мысал

Инвестиция нысаны жыл сайын басқару әрекеті шешімі қабылданатын акционерлер жиналысын өткізеді. Акционерлердің келесі жоспарлаған жиналысы 8 айдан соң өткізіледі. Бірақ, акционерлер өзінен-өзі немесе басқа акционерлермен біргеаз мөлшерде 5 пайыз дауыс беру құқығына ие болады, саясатқа өзгеріс енгізу үшін кезектен тыс жиналысқа шақыра алады алады. Бірақ басқа акционерлерге мұндай жиналыс 30 күннен аз мөлшерде өтуі мүмкін еместігін ескерту талап етіледі. Саясатта әрекет ету мазмұны бар өзгерістерді акционерлердің кезектен тыс не жоспарланған жиналысы енгізе алады. Бұл актив сатуда, сондай-ақ айтарлықтай инвестицияда қаржы бөлу немесе айыруда болып жатқан әркеттерді бекітеді.

Жоғарыда келтірілген жағдайларға мысал ретінде төмендегі 3A-3D мысалдары келтіріледі. Әрбір мысал жеке-жеке қарастырылады.

3A Мысалы

Инвестор инвестиция нысанында дауыс беруде басым құқықты ұстаушы болып табылады. Егер инвестор басқару мазмұнындағы әрекеттерде шешім қабылдай алса және бұндай шешімдері қабылданған болса, инвестордың дауыс беру құқы нақтылы болып саналады. Инвестор өз құқығын іске асыруына 30 күн өткенше инвестормен акция пакетін алған сәттен бастап инвестордан басқару мазмұнындағы әрекеттегі мүмкіндігін шектемейтін факт сақталады.

3B мысалы

Инвестор инвестиция нысаны акцияның бақылау пакетін алуында форвардты келісімшарт жағы болып табылады. Форвардты келісімшарттың орындалу мерзімі 25 күннен кейін басталады. Акционерлер әрекет ету мәніндегі саясатты өзгерте алмайды, өйткені кезектен тыс жиналыс 30 күннен кем емес мерзімде өткізілмейді, ал бұл аралықта форвардты келісім жүзеге асырылып қояды. Осылайша, инвестор 3А және одан жоғары мысалда көрсетілгендей акцияның бақылау пакетіне ие акционердің эквивалентті құқығындай құқыққа ие болады (яғнифорвардты келісімшарт жағындағы инвестор егер талап етілсе басқару мазмұнына сай шешімдерді қабылдай алады). Инвестордың форвардты келісімшарты - бұл инвесторға дәлсол сәтте тіпті форвардты келісімшарт орындалған кезден бастап басқару мазмұнындағы әрекетке мүмкіндік беретін нақтылы құқық.

3C мысалы

Инвестор инвестиция нысанының акциядағы бақылау пакетін алуда опционның ұстаушысы болып табылады; опцион 25 күннен кейін орындалуы мүмкін және орындалу бағасы нарықтағыдай тиімді болады. Берілген мысалда да 3В мысалындағыдай қорытынды жасалуы керек.

3D мысалы

Инвестор инвестиция нысанынына қатысты сәйкес келетін қосымша қосымша құқықтарсыз инвестиция нысанының акциядағы бақылау пакетін алуда форвардты келісімшарт жағында болады.Форвардты келісімшартты орындау мерзімі алты айдан кейін басталады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан айырмашылығы болып инвестордың осы мерзімде басқару мазмұнындағы әркетке мүмкіндігінің болмауы табылады. Акционерлер форвардты келісімшарт жүзеге асқанша сол сәттегі саясатқа өзгеріс енгізсе басқару мазмұнындағы әрекетке мүмкіндігі бола алады.

 B25        Басқа да жақтар пайдалана алатын нақтылы құқық осындай құқықпен байланысы бар инвесторға инвестиция нысанын бақылауда кедергі келтіруі мүмкін. Бұндай нақтылы құқықтар субъектіден шешім қабылдауда процедураны бастау құқығы болуын талап етпейді. Барлық уақытта Құқық қорғау құқығы болмайынша (В26-В28 пунктерін қараңыз), басқа жақтардың нақтылы құқықтары инвесторға инвестиция нысанын бақылау әрекетіне кедергі келтіреді, тіпті мұндай құқықтар субъектіге әрекетке қатысты бекіту немесе тоқтату мүмкіндігін берер құқық болған күннің өзінде де.

Қорғау құқықтары

B26      Инвесторға өкілеттілік беру құқығын бағалауда инвестор өз құқығы, сондай-ақ өзге де жақтардың құқықтары қорғау құқықтары бола алуын бағалауы керек. Қорғау құқықтары инвестиция нысаны әрекетіне түбегейлі өзгеріс енгізумен байланысты немесе төтенше жағдайларда қабылданады. Бірақ, төтенше жағдайларда қабылданған барлық құқықтар немесе сол немесе басқа да жағдайларға тәуелді құқықтар қорғау құқықтары болып табылмайды (В13 және В53 тармақтарын қараңыз).

B27      Мынандай құқықтармен байланысты жағдайда, яғни тек қорғау құқықтарына ие инвестор басқа жақтың инвестиция нысанына қатысты өкілетілігіне кедергі келтірмесе немесе өкілеттілікті игере алмаса, қорғау құқықтары субъектіге инвестиция нысанына өкілеттілік бермей оның мүддесін қорғау үшін тағайындалады (14-тармақты қараңыз).

B28 Қорғау құқықтарының мысалдары ретінде атауға болады:

(a)           қарыз алушының несиелік тәуекел етуі несие берушіге зиянын тигізетіндей өзгеріс әкелетіндей болса қарыз алушының әрекетіне несие берушінің шектеу қою құқығы.

(b)           инвестиция нысанында үлесі бақыланбайтын ұстаушылар болып табылатын жақтардың құқықтары - күнделікті шаруашылық әрекетінде қажетті шығынның үстіне капиталды шығынды жарату немесе үлестік шығарымды не қарызға алынған құралдарды жарату.

(с)           қарыз алушы несие төлеу шарттарын орындай алмаса қарыз алушының активтерін арестке   алу - несие берушінің құқығы

            Франчайзинг

B29         Франчайзинг туралы келісім бойынша инвестиция нысаны франшизаалушы болып табылады, көбінее франшизаберушіге франшиза брендін қорғайтын құқықтар ұсынылады. Франчайзинг туралы келісім  франшизо берушіге франшизо алушының операциялары шешімдерін қабылдауда арнайы құқық ұсынатын ережелері бола алады.

B30         Негізінде франшизаберуші құқығы франшизаберуші саналмайтын жақтарға франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдауда мүмкіндіктерін шектемейді. Сонымен қатар, франшизо беруші құқығы франчайзинг туралы келісімінде қарастырылғандай франшизаберушіге сол кезеңде франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдауда басқару мүмкіндігін бермейді.

B31         Франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер ететін шешім қабылдау мен франшиза брендін қорғауға бағытталған шешімдерді қабылдауды айыра білу қажет. Франшизаберуші франшизаалушымен қарым-қатынаста егер басқа жақтар франшизаалушының басқару мүмкіндігін бере алатын сәйкес құқықтарға иеболса,  өкілеттілік ете алмайды.

B32         Франчайзинг туралы келісімге келе отырып, франшизо беруші біржақты тәртіпте франчайзинг туралы келісімдегі шарттарға сай тек өзінің қаржысымен жеке кәсібін дамытуда шешім қабылдай алады.

B33         Мұндай принципті шешімдер үстінен бақылау франшизаберушінің ұйымдастырылған-құқықты формасы және қаржыландыру құрылымы ретінде франшиза беруші емес жақтармен жүзеге асып, франшизаалушының табысына айтарлықтай әсер етеді. Франшизаберушінің қаржылық демеушілігінің деңгейі, франшизаалушының да франшизаалушымен байланыстағы ауыспалы сипаттағы табысқа франшизаберушінің тәуекелдігі қанша төмен болған сайын, франшизаберуші тек қорғау құқығына ие болады деген соншалықты сенім бар.

                Дауыс беру құқығы

B34         Көбінесе дауыс беру көмегі арқылы немесе сәйкес құқықтар арқылы инвестордың басқару әрекетіне мүмкіндігі бар. Егер инвестиция нысанын дауыс беру құқығы арқылы басқару мүмкіндігін іске асырылса, инвесторға берілген тармақтарды (В35-В50 тармақтары) қарау талап етіледі.

                Бақылау пакетінің дауыс беру құқығы жағдайындағы өкілеттілігі

             B35         Инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие болса, өкілеттілік егер B36 немесе B37 пунктері қабылданбаса, мыналарды реттейді:

(a)           бақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушының дауысы арқылы әрекет ете алатын басқаруды жүзеге асырады, немесе

(b)           басқару органында әрекет ете алатын басқаруды жүзеге асыратын мүшелерінің басым бөлігі бақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушының дауысы арқылы тағайындалады.

                Өкілеттілік болмаған кездегі бақылау пакетінің дауыс беру құқығы

B36         Инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие инвестор инвестиция нысаны қарым-қатынасында өкілеттілікке ие болуы үшін B22-B25 пунктерімен сәйкес келуі керек және көбінесе қаржыландыру саясаты мен әрекет ету принциптерін бекіту арқылы осы уақыт аралығындаинвесторға әрекет ете алатын басқаруға мүмкіндік беруі керек. Егер қандай да бір кәсіпорын осы кәсіпорынға әрекет ете алатын басқару мүмкіндігін беретін құқыққа ие болып және инвестордың агенті болмайтын жағдайда инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік ету құқығы болмайды.

B37         Егер дауыс беру құқықтары нақтылы болмаса, тіпті инвестор инвестиция нысанынабақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушы болса да инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілігі жоқ. Мысалы, егер әрекет ете алатын басқаруды сот, мұрагерлік әкімшілігімен, конкурс массасы басқарушыларымен, ликвидатормен немесе реттеуші органдар арқылы іске асыратын болса инвестор инвестиция нысанында дауыс беру құқығының жартысынан басым бөлігіне ие болса да өкілеттілік ете алмайды.

            Бақылаусыз пакеттің дауыс берудегі өкілеттілігі

B38         Инвестор инвестиция нысанынабақылау пакетінің дауыс беру құқығын ұстаушы болмаса да өкілеттілік ете алады. Инвестиция нысанында дауыс беру құқығы пакеті болып табылмайтын дауыс беру құқығы пакеті бар болса да инвестор өкілдік ете алады, мысалы, нәтижесінде:

(a)                 инвестор мен өзге де дауыс беру құқығын ұстаушылар арасындағы келісімшарт

мәмілесі (В39 пунктін қараңыз);

(b)                қарастырылған басқа да келісімшарт мәмілеллеріндегі құқықтар (B40 пунктін қараңыз);

(c)                 инвестордың дауыс беру құқы (B41-B45); немесе

(d)           дауыс берудің потенциалды құқығы (B47-B50); немесе(a) - (d) тармақтарындағы құқықтармен сай келуі.

                            Өзге де дауыс беру құқығын ұстаушылармен келісімшарт мәмілелері

В39         Инвесторлар мен басқа да дауыс иелері арасындағы келісімшарт инвестордың құзырындағы жеткілікті қолда бар мүлікке дауыстық құқығын жүзеге асыруға,тіпті инвесторда мұндай келісімсіз қолда бар мүлкіне дауыстық құқығыболмаған жағдайда да мүмкіндік береді. Алайда,келісімшарт  инвестордың басқа да дауыс иелерінің жеткілікті санын басқара алатындығына кепілдік береді. Олардың қалай дауыс беруі инвесторға сол салаға қатысты маңызды шешім қабылдауына әсер етеді.

                Өзге де қарастырылған келісімшарттар құқығы

В40         Дауыс иелеріне қатысты шешім қабылдаудағы өзге де құқықтар сол уақытта,негізгі сәтте инвесторға маңызды қызмет түріне байланысты басқару мүмкіндігін береді. Мысалы, дауыс иелерімен байланысты келісімшартта қарастырылған құқық,инвесторға сол сәтте инвестициялық нысанның өндірілу кезеңінде немесе инвестициялық нысанның табысына маңызды әсер ететін басқа да инвестициялық нысанның операциондық және қаржылық қызмет түріне басқарушылық құзіретін ұсына алады. Бірақ, кез-келген басқа құқықтың болмауы, инвестордан инвестициялық нысанның экономикалық тәуелділігін(мысалы, жеткізуші мен оның негізгі клиенттің арасындағы қатынас) инвестордың құзіретінен инвестициялық нысанның арасындағы қатынасты бөліп қарастырмайды.

                               Инвестор дауысының құқығы

В41         Бақылаушы пакет дауыс құқығына иелік етпейтін инвестордың толық құқығы бар,егер инвестордың маңызды қызмет түрін біржақты ретте тәжірибелік басқару мүмкіндігі болса;

В42         Инвестордың дауыс құқығы баға беру жағдайында соңғы өкілеттілікті табыстауда жеткілікті ма деген сұрақта инвестор барлық деректер мен жағдайларды қарастырады, оның ішінде:

(а)           Инвесторға тиесілі дауыс пакетінің мөлшері өзге де дауыс иелерінің пакеттерінің мөлшері мен бағытталудың  кезеңіне қатысты келесідей жағдайларға назар аударады:

(і)            инвесторда қаншалықты дауыс құқығы пакеті көп болса, соншалықты онда сол сәтте белгілі қызмет түрін басқару құқығының мүмкіншілігі жоғары;

(іі)           өзге де дауыс иелеріне қатысты инвесторға тиесілі дауыс құқығы пакеті көп болса, соншалықты инвестордың сол сәттегі белгілі қызмет түрін басқарудағы құқықтық мүмкіншілігі жоғары;

(ііі)          дауыс беру кезінде инвесторды сүріндіру үшін бір-біріне айта отырып әрекет ететін тараптар қаншалықты көп болса, соншалықты инвестордың сол сәттегі белгілі қызмет түрін басқарудағы құқықтық мүмкіншілігі жоғары;

(b)           инвестор иелік ететін потенциалды дауыс құқығы, өзге де дауыс иелері және өзге де тараптар (В47-В50 тармақтарын  қараңыз);

(с)           өзге де келісімшарттармен қарастырылған құқықтар(пунктВ40);

(d)           алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстарды реттеу характерін ескере отырып,шешім қабылдау сәтінде инвестордың белгілі қызмет түрін басқару мүмкіндігі барын, не жоғын көрсететін кез-келген қосымша деректер мен жағдайлар.

B43         Елеулі қызметті басқаруға арналған шешім көпшілік дауыс берумен қабылданған жағдайда, дауыс берудің ең көп санын жинаған инвестор иеленуші болып табылады. Басқа кез- келген иеленуші немесе дауыс беру құқығын иеленуші топтардың ұйымдасқан тобы және басқа да пакеттер кең деңгейде таратылса, (42 (а)- (с) тармақтарында көрсетілген фактілерден кейін инвестициялар нысанына қатысты инвестор өкілеттіліктерге ие болуы мүмкін.

 

Қолдану мысалдары

4 -мысал

Инвестор инвестиция нысаныныңакция дауысының 48 пайызын сатып алады. Қалған дауыс құқығын ұстаушы мың акционерлер болып табылады олардың біреуіде 1 ден төмен дауыс құқығына ие емес. Акционерлердің бірде бірі ұжымдық шешім қабылдау немесе басқа кез-келген акционерлермен кеңесетін келісім шарты жоқ. Инвестор басқа акция пакеттерінің салыстырмалы мөлшерінен қандай акция дауыс үлесін сатып алуды бағалай отырып, оған бақылау қоюға 48 пайызқатысу үлесі жеткілікті деген тұжырымға келді. Мұндай жағдайда басқа акция пакеттерінің мөлшерін салыстырғанда және оның пакет мөлшерінің шартсыздығынан шыға отыра инвестор үлеске қатысу басымдылығы жеткілікті екенін кез-келген дәлелдің болуы туралы сұрақтарды қарау қажеттілігінсіз өкілетіктің болуы өлшемін орындайды.

5-мысал

А инвесторға инвестиция нысанының 40 пайыз акция дауысы, ал басқа он екі инвесторларға инвестиция нысанының 5 пайыздан дауыс акциясы тиесілі. Акционерлердің өз ара келісімі инвесторға маңызды қызметті басқаруға жауапкершілік, басшылық мүшелеріне сыйақы тағайындау, қызметінен босату, тағайындау құқығы беріледі. Келісімді өзгерту үшін акционерлер қабылдаған екі,үш дауыстары, шешімі талап етіледі. Мұндай жағдайда инвестор А инвестордың шартсыз пакетінен басқа акция пакеттері салыстырмалы мөлшерінен шыға отырып,оның өкілділігінің үлесі үшін жеткілікті құқыққа ие бола ала ма дегенге қорытынды жасауға болмайды. Бірақ та инвестор А ондағы ескерілген келісіммен қызметінен босату, тағайындау, басшылық мүшелеріне сыйақы тағайындау, ол инвестициялар нысанына қатынасты ие екені жеткілікті деп шешті. Фактісі сол инвестор А өз құқығын сайлау, тағайындау, немесе қызметтен босату құқығын жүзеге асырмайды, инвестор А өкілдікке ие ме, жоқ па бағалау кезінде ескертуге қабылданбайды.

 

 

B44         В басқа жағдайда факторларды қарастырғанда B42(а)-(с) бөлімдегі сөйлемде инвестор өкілдікке ие емес деген тұжырым жеткілікті болуы мүмкін

Қолдану мысалдары

6-мысал

Инвестор A инвестиция нысанының дауыс акцияларының 45 пайызын иеленуші болып табылады. Инвестиция нысанының 26 пайыз акция дауысын әр қайсысы иемденген тағыда екі инвестор бар. Қалған үш акционерге әрқайсысына 1 пайыздан акция дауысы тиесілі. Шешім үдерісін қамсыздандыратын қандай бір басқа келісімшарт жоқ. Мұндай жағдайда инвестор Аға тиесілі акция пакет мөлшерінің нәтижесі,сондай-ақ бұл пакеттің мөлшері басқа инвесторлардың акция пакетіне салыстырғанда инвестор А өкілеттілікке ие емес деген қорытынды шығаруға болады. Инвестиция нысанының маңызды қызметін басқару мүмкіндігінен айыру үшін, басқа екі инвесторға хабарлай отырып іс әрекет жасау жеткілікті. В 45 Алайда, В 42(а)-(с) тармақтарында көрсетілген факторлардың талдауы сенімсіздеу болып шығуы мүмкін. Егер инвестор көрсетілген факторларды қарап шығып, құзіреттілік ете алмайтынына сенімсіз болса, онда ол қосымша деректер мен жағдайларды қарастыруы керек,мысалы: басқа акционерлер белсенді ма, алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстардың үлестірілу сипаты нені куәландырады. Бұл В18 тармағында көрсетілген және В19-В20 тармақтарда суреттелген көрсеткіш факторларын бағалауға мүмкіндік береді. Инвесторға дауыс құқығы қаншалықты аз тиесілі және бір-біріне айта отырып әрекет етіп инвесторға дауыс беру кезінде жеңіліс әкелетін тараптардың саны неғұрлым аз болса, соншалықты көп мөлшері қосымша деректер мен жағдайларға сүйенуі қажет,себебі инвестордың құзіреттілігін бөлу кезіндегі құқығының жеткілікті екенін бағалау үшін. Егер, В18-В20 тармақтарында мазмұндалған деректер мен жағдайлар инвестор құқығымен бірге қарастырылған жағдайда, В18 тармағында сипатталған қолда бар құзырлық дәлелдемесі В19 және В20 тармақтарында сипатталған қолда бар өкілеттілік салдарына қарағанда салмақты болады.

 

В45         Алайда, В 42(а)-(с) тармақтарында көрсетілген факторлардың талдауы сенімсіздеу болып шығуы мүмкін. Егер инвестор көрсетілген факторларды қарап шығып, құзіреттілік ете алмайтынына сенімсіз болса, онда ол қосымша деректер мен жағдайларды қарастыруы керек,мысалы: басқа акционерлер белсенді ма, алдындағы акционерлер жиналысындағы дауыстардың үлестірілу характері нені куәландырады?! Бұл В18 тармағында көрсетілген және В19-В20 тармақтарында суреттелген көрсеткіш факторларын бағалауға мүмкіндік береді. Инвесторға дауыс құқығы қаншалықты аз тиесілі және бір-біріне айта отырып әрекет етіп инвесторға дауыс беру кезінде жеңіліс әкелетін тараптардың саны неғұрлым аз болса, соншалықты көп мөлшері қосымша деректер мен жағдайларға сүйенуі қажет,себебі инвестордың құзіреттілігін бөлу кезіндегі құқығының жеткілікті екенін бағалау үшін. Егер,В18-В20 тармақтарында мазмұндалған деректер мен жағдайлар инвестор құқығымен бірге қарастырылған жағдайда, В18 тармағында сипатталған қолда бар құзырлық дәлелдемесі В19 және В20 тармақтарында сипатталған қолда бар өкілеттілік салдарына қарағанда салмақты болады.

 

Қолдану мысалдары

 7-мысал

Инвестор инвестиция нысанының 45 пайыз акция дауысын иеленуші болып табылады. Инвестиция нысанының 5 пайыз дауыс беру акциясы басқа он бір акционерлерге тиіселі. Бірақ та акционерлердің бірде біреуінде ұжымдық шешім қабылдау және басқа кез-келген акционерлермен ақылдасу қажеттілігі туралы келісімшарт жоқ. Мұндай жағдайда инвестор пакет мөлшерінің толық нәтижесі жәнебасқа инвесторлардың акция пакетінің салыстырмалы мөлшерінің нәтижесі инвестор инвестициялар нысанына қатынасты оған өкілеттілікті ұсыну үшін инвестор акция пакетінің толық және басқа инвесторлардың салыстырмалы акция пакетінің мөлшеріне иеме дегенді анықтағанда шешуші факторы болып табылмайды. Инвестор өкілеттілікке иеме жоқ па дегенің айғағын қамтамасыз ететін басқа қосымша фактілер және жағдайды қарастыру қажет.

8-мысал

Инвестор инвестиция нысанының 35 пайыз акция дауысын иеленуші болып табылады. Акционерлердің басқа үшеуі әрқайсысы 5 пайыздан акция дауысына ие. Акционерлер көбіне қалған дауыс беруші акциялар тиесілі,олардың біреуіде 1-ден көбірек дауыс беруші акциясына ие емес. бірақ та акционерлердің бірде біреуінде ұжымдық шешім қабылдау және басқа кез-келген акционерлермен ақылдасу қажеттілігі туралы келісімшарт жоқ. Инвестиция нысанының маңызды қызметіне қатысты шешіші,акционерлер жиыналысына сәйкес көбірек дауыстарды құптауды талап етеді; өткен акционерлер жиыналысында инвестиция нысанының акционерлері 75 пайыз дауыс берді. Мұндай жағдайда өткен жиналыстағы акционерлердің қатысуы,инвестордың маңызды қызметті басқару мүмкіндігі жоқтығын, бір жақты тәртіпте инвестор маңызды қызметті басқаруды жүзеге асыруына байланысты, акционерлердің басқа саны инвестор сияқты жеткілікті дауыс берді.

 

В46         Егер де B42 (a) - (d) бөлімде тізімделген факторлар нәтижесі қортындысында инвестор инвестиция нысанына бақылауға ие емес, инвестор өкілділікке ие ме жоқ па түсініксіз болып қалады.

Дауыс құқығына мүмкіндік

B47         Инвестор бақылауды бағалау кезінде ол өкілеттікке иеме дегенді анықтау үшін, өзінің дауыс құқығының мүмкіндігін, сондай-ақ басқа жақтың құқық мүмкіндігін қарастырады. Дауыс құқығы мүмкіндігі -инвестиция нысанында дауыс құқын алу, форвардық келісімді қоса өтімді құралдармен байланысты құқық. Ондай дауыс құқығы мүмкіндіктері егер олар нақтылы болып табылса ғана назарға қабылданады ( B22-B25 тармақтарына қараңыз).

B48         Инвестор дауыс құқығы мұмкіндігін қарастырғанда құралдардың құрылысы мен мақсатын, сондай-ақ инвестиция нысанына қатысудың кез-келген форма құрылымы мен мақсатын қарастыруы керек. Бұл инвестордың ондай жағдайға келісуі, көзделген дәлел, құралдардың әртүрлі жағдайын бағалауды енгізеді.

B49         Егер инвестор инвестиция нысаны қызметіне қатысты шешім қабылдау бойынша қандай бір құқыққа ие болса, дауыс құқығы мүмкіндігімен байланысты құқық берілеме дегенді бағалауы керек.

B50         Қазіргі уақытта инвесторға маңызды қызметті басқару мүмкіндігі ұсынылуы басқа құқықтармен байланысты немесе дауыс құқық мұмкіндігі нақтылы болып табылады.Мысалы, егер де инвестор инвестиция нысанының дауыс акциясының 40 процентін ұстаушы болса,В23 бөлімге сәйкес тағыда 20 процент акция дауысын сатып алуға опционмен байланысты нақтылы құқыққа ие болуға ықтимал.

 

Қолдану мысалдары

 

9-мысал

А инвестор инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларының 70 пайыз иеленушісі болып табылады.инвестициялар нысанының 30 пайызы, сонымен қатар А инвестордың дауыс беруші акцияларының сатып алуға арналған опциондарының жартысы B инвесторға тиесілі. Опцион тіркелген баға бойынша кейінгі екі жыл барысында орындалуы мүмкін және нарықтық бағалар опциондардың орындалуын тиімсіз етеді (және көрсетілген екі жыл кезеңінде опцион орындалмай қалуы болжанады).

 

10-мысал

 А инвесторға және басқа екі инвесторға инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларының үштен бірі тиесілі. Инвестициялар нысанының кәсіпкерлік қызметі А инвестормен тығыз байланысты. Үлестік құралдардың қосымшасында, А инвестор сонымен қатар тіркелген «шығыны бар» (шығыны үлкен емес) баға бойынша кез-келген уақытта инвестициялар нысанының қарапайым акцияларында конверсиялануы мүмкін үлестік құралдардың иеленушісі болып табылады. Егер де үлестік құралдар конверцияланатын болса, онда А инвестор инвестициялар нысанындағы дауыс беру құқытарының 60 пайызын иеленуші болар еді. Егер де үлестік құралдар қарапайым акцияларға конверсияланатын болса, А инвестор синергияларды жүзаге асыру арқылы пайда табар еді. А инвестор инвестициялар нысанына қатысты өкілеттелктерге ие болады, өйткені ол шынайы болып табылатын және қазіргі уақыт кезеңінде инвесторға елеулі қызметті басқару мүмкіндігін беретін әлеуетті дауыс беру құқықтары бар сатып алуда инвестициялар нысанының дауыс беруші акцияларын иеленуші болып табылады.

 

Дауыс беру құқығы мен  ұқсас құқықтар инвестициялар нысанының кірісіне елулі әсер етпеген  жағдайларда өкілеттіліктің болуы

В51         Инвестициялық нысан құрылымы мен мақсатын бағалау кезінде(В5-В8) инвестор жобаны құру төңірегіндегі инвестициялық нысан қызмет түрінің бастапқы сәттерінде қабылданған шешімі мен өзінің қатысуын қарастыруы керек және соңғы құзыреттілікті бөлуде инвесторға құқықтық қатысудың ерекшеліктері мен операциялардың жағдайын жасай ма соны бағалау қажет.Инвестициялық нысын жобасын құруға қатысу өз алдына инвесторға инвестициялық нысанға бақылау жүргізуде жеткілікті болып табылмайды. Бірақ, жобаны құруға қатысудың өзі инвестордың инвестициялық нысанға қатысты құзыреттілікте жеткілікті басқару мүмкіндігі болғандығын көрсетеді.

B52         Бұдан басқа, инвестор инвестициялар нысанының қызметін бастау кезінде орнатылған сатып алу құқығы, сату құқығы және жою құқығы сияқты келісім шарттарды қарастыру керек. егер осы келісімдер инвестициялар нысанымен тығыз байланысты іс-әрекетті білдіретін болса, онда мұндай қызмет инвестициялар нысанының заңнамалық шектерінен тыс іске ала алғанына қарамастан, инвестициялар нысанының жалпы қызметінің ажырамас бөлігіне болып табылады. Сәйкесінше, инвестициялар нысанымен тығыз байланысты келісім шарттарда қарастырылған шешімдерді қабылдаудың анық айтылған немесе тұспалды құқықтар н инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктердің бар болу фактісін орнықтықтыру кезіндегі мәні бар іс-әрекет деп бағалау керек.

B53         Инвестициялардың кейбір нысандарымен бірге мәні бар іс-әрекет белгілі бір жағдайлар туындағанда немесе белгілі бір оқиғалар болғанда орын алады. Инвестициялар нысаны оның іс-әрекетін басқару мен мен кірістері белгілі жағдайлар туындамай немесе белгілі бір оқиғалар болмаса, және мұндай жағдайлар туындамағанға немесе белгілі бір оқиғалар болмағанға дейін алдын ала белгілі болатындай жағдайда ұйымдастырылуы тиіс. Бұл жағдайда инвестициялар нысанының іс-әрекетіне қатысты және омындай жағдайлар немесе оқиғалар туындаған кезде қабылданған шешімдер ғана оның кірісіне аздаған әсер етіп, сәйкесінше, бөлінбес қызметіне айнала алады. осындай шешімдерді қабылдауға қабілетті инвестор жағдайлар немесе оқиғалар туындамағанның өзінде, өкілеттіліктерге ие болады. Белгілі бір жағдайлар немесе оқиғалардың туындауына тәуелді шешімдерді қабылдау құқығының бар болуының өзі көрсетілген құқықтарды қорғау жағының құқықтарына айналдырмайды.

 

Қолдану мысалдары

11-мысал

Инвестициялар нысаны кәсіпкерлік қызметінің құрылтайшы құжаттары бойынша жалғыз түрі инвесторлар үшін күнделікті негізде дебиторлық берешектерді сатып алу мен қызмет көрсету болып табылады. Күнделікті негізде қызмет көрсету шығындарды төлету мен берешекті негізгі сомасын аудару және оларды өтеу мерзімінің келуіне қарай сыйақыларды қарастырады. Дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда инвестициялар нысаны инвестор мен инвестициялар нысаны арасындағы «жол» жеке келісімде көрсетілгендей инвесторға дебиторлық берешекті автоматты түрде сатады. Мәнді қызметтің жалғыз түрі ретінде дебиторлық берешектер бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда дебиторлық берешектерді басқару болып табылады. Себебі, бұл инвестициялар нысанының кірісіне айтарлықтай әсер ететін жалғыз қызмет. Дебиторлық берешекті басқару дефолт болғанға дейін мәнді қызмет болып табылады, себебі, бұл инвестициялар нысанының кірісіне едәуір әсер ете алатындай маңызды шешімдерді қабылдауды қажет етпейді, дефолт орнағанға дейінгі қызмет алдын ала анықталған және қарызды жабу мерзімі келгенге және оларды инвесторларға беруге орай қаржы ағындарын шығынмен өтеудеп тұрады. Сәйкесінше, инвестордың дефолттың орнауына байланысты активтерді басқару құқығы ғана инвестициялар нысанының кірісіне айтарлықтай әсер ететін инвестициялар нысаны қызметін бағалау барысында ескерілуі тиіс. Осы мысалда, инвестициялар нысанының құрылымы инвесторда кіріске айтарлықтай әсер ететін қызметке қатысты шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктердің болуына шешімдероді қабылдау жөніндегі өкілеттіліктер қажет еткен кезде кепілдік береді. «Пут» келісімінің шарттары операциялар мен инвестициялар нысанын құрудың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Сәйкесінше, «пут» келісімінің шарттары инвестициялар нысанының құрылтайшы құжаттарымен бірге инвестор тіпті, ол дебиторлық берешектерді дефолт орнаған кезде ғана иеленетінін және инвестициялар нысанының заңнамалық шектерінен тыс мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешектерді басқаруды жүзеге асыратынын ескергеннің өзінде де, инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерге ие деген қорытындыға алып келеді.

12 -мысал

Инвестициялар нысанының жалғыз активі дебиторлық берешектер болып табылады. Инвестициялар нысанының мақсаттары мен құрылымын қарастыру барысында мәнді қызметтің жалғыз түрі дефолт орнаған жағдайда дебиторлық берешектерді басқару болып табылады. Мерізімі өтіп кеткен дебиторлық берешектерді басқару мүмкіндігіне ие тараптың қарыз алушылардың біреуі дефолт жағдайына тап болғанына қарамастан инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктері бар болады.

 

B54         Инвестиция нысанының келісіп өңделген жобасының іс-әрекетін жалғастыруда инвестор көрсетілген немесе ойға алған міндеттерді қамти алады. Мұндай міндет инвесторға тәуекелді күшейтуі мүмкін, сондай-ақ кірістің өзгерісіне байланысты, инвестордың құқығын, жеткілікті өкілеттігін таратуда стимулын көтеруге. Инвестиция нысаны өңделген жобаға сәйкес өзінің іс-әрекетін сезінуде инвестордың өкілі ретінде көрінуі мүмкін, бірақ мұндай міндет инвесторға өкілеттік бермейді, қандай да бір басқа жағынан өкілеттікке кедергі болмауға тең.

 

                Инвестиция нысанынан айнымалы кіріспен байланысты тәуекел және инвестиция нысанынан кіріс алу құқығы

B55         Инвестор инвестордың инвестициялар нысанына бақылауының бар-жоғын бағалап, ол инвестициялар нысанындағы үлестен алынатын өзгермелі кірісі қауіпке ұрына ма, жоқ па, әрі оның осындай кірісті алуға құқық бар ма, жоқ па, соны анықтап алуы қажет.

B56         Айнымалы табыс - бұл инвестиция нысаны қызметінің нәтижелеріне байланысты ауысып отыруы мүмкін және белгіленбеген табыс. Айнымалы табыс тек қана оң, тек қана теріс немесе әрі оң, әрі теріс (15-тармақты қара) болуы мүмкін. Инвестор инвестиция нысанынан түсетін пайда айнымалылығына, сонымен қатар табыстың заң формасынан тәуелсiз және табыс келiсiмнiң мәнiне сүйене отырып мұндай табыс құбылмалылығының дәрежесiн бағалауы керек. Мысалы, инвестор бекiтiлген сыйақысы бар облигацияның ұстаушы бола алады. Олар дефолттың тәуекелiне ұшырап және облигацияның эмитентiнiң несие тәуекелiне инвестор ұшырайтындықтан, бекiтiлген пайыздық төлемдер осы стандарттың контекстiнде айнымалы табыстар болып табылады. Құбылмалылықтың дәрежесi (мұндай табыс қаншалықты құбылмалы деген сөз) облигацияға қатысты несие тәуекелiне байланысты. Осылайша, инвестиция нысаны активтерін басқаруда белгілі нәтижелерге қол жеткізгендігі үшін бекітілген төлем айнымалы табыс болып табылады, өйткені ол инвесрторды инвестиция нысанын міндеттемелерін орындамауға итермелейді. құбылмалылықтың дәрежесi инвестиция нысанының төлем жасау үшін жеткілікті табысты шығару қабілеттілігіне тәуелді.

B57         Кірістің мысалы ретінде атауға болады:

(a)                 дивидендтер, инвестиция нысанынан әр түрлі экономикалық пайдаларды бөлу (мысалы, инвестиция нысанынан шыққан борышты бағалы қағаздардан пайыздар) және осындай инвестиция нысанынан инвестордың қатысуымен инвестиция құнындағы өзгерістер.

(b)                инвестиция нысанын міндеттері немесе активтерді атқару қызметіне сый беру, инвестиция нысанын тарату кезінде инвестиция нысаны міндеттері мен активке қатысудың қалған үлестерінде гонорар және несиелік демеуден немесе өтімділікті қамтамасыз етуде шығындарға тәуекелділік, салықтық жеңілдіктер және инвестиция нысанында инвестордың қатысуынан болашақ өтімділікке қолжетімділік.

(c)           Қатысудың үлесін ұстаушы өзгелердңғ қолы жетпейтін кіріс. Мысалы, инвестор өзінің активтерін инвестиция нысаны активтері есебінде пайдалана алу мүмкіндігі, мысалы масштабтан тиімділікке қол жету мақсатында операциялық функциялардың бірігуі, дефицит тауарларды жеткізушілерді іздеу, патенттелген білімге қолжетімділік мүмкіндігін алу немесе өзге де инвестор активтерінің құнын өсіру үшін кейбір операциялар немесе активтерге тосқауыл қою, шығындардың түсуі.

                Өкілеттіктер мен табыс арасындағы байланыс 

            Құқық берілген өкілеттіктер 

B58         Шешім қабылдау құқығына ие инвестор оның инвестиция нысанына бақылау жүргізе алуын бағалау кезінде инвестордың принципал немесе агент екенін анықтауы тиіс.  Инвестор үшін агент ретінде әрекет жасайтын, шешім қабылдау құқығына ие қандай да бір басқа кәсіпорынның бар-жоғын инвестор анықтауы керек. Агент - бұл  басқа тараптың немесе тараптардың (принципиал(дар) атынан және олардың мүдделері үшін қызметтік іске асыру мақсатында тартылған тарап, сондықтан агент шешім қабылдау туралы өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруда инвестиция нысанына бақылау жүргізе алмайды (17 және 18 тармақтарын қараңыз). Осылайша, кейде принципалдың өкілеттіктері агенттің құзырында болуы мүмкін, бірақ ол оны тек принципалдың атынан ғана пайдалана алады.  Шешім қабылдайтын тұлға агент болып табылмайды, себебі басқа тараптар осы тұлға қабылдайтын шешімдерден өз пайдаларын көздеуі мүмкін.

B59         Инвестор кейбір нақты мәселелерге немесе жалпы мәнді қызметке қатысты шешім қабылдау жөнінен өз құқығын агентке беруі мүмкін. Өзінің инвестиция нысанына бақылау жүргізе алуын бағалай отырып, инвестор агентке берген шешім қабылдау құқығын инвестордың тікелей құзырындағы құқық ретінде қарастыруы керек. Бірнеше принципал жағдайында олардың әрқайсысы B5-B54 тармақтарында баяндалған талаптарға талдау жасай отырып, инвестиция нысанына қатысты өзінің өкілеттігін бағалауы тиіс. B60-B72 тармақтарында шешім қабылдайтын тұлғаның агент пе, әлде, принципал екенін анықтау жөнінде басшылық бар.

B60         Шешім қабылдайтын тұлға оның басқаратын нысанының және инвестиция нысанына қатысушы басқа тараптар арасындағы өзара қарым-қатынасты, осы қарым-қатынастың барлық құбылыстарын және төменде келтірілген факторларды оның агент болып табылуы туралы шешім қабылдай отырып, сарапқа салуы керек:

(a)           инвестиция нысанына қатысты шешім қабылдау туралы оның өкілеттіктерінің шегі (B62 және B63 тармақтары).

(b)           басқа тараптардың құқықтары (B64-B67 тармақтары).

(c)           сыйақыны төлеу туралы келісімге(дерге) сәйкес, оның құқығы бар сыйақы (B68-B70 тармақтары).

(d)           инвестициялар нысанында басқалардан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты инвестициялардың иегері болып табылатын шешім қабылдайтын тұлғаның тәуекелдері (B71 және B72 тармақтары).

Аталған факторлар нақты деректер мен нысандарға байланысты әртүрлі ықпал етеді.

B61         Шешім қабылдайтын тұлғаның агент болып табылатын немесе табылмайтындығын анықтау тек егер қандай да бір тарап шешім қабылдайтын тұлғаны қызметінен босатудың шынайы құқығына ие болмаған жағдайда ғана (қызметтен босату құқығы) B60 тармағында баяндалған барлық факторлардың бағалануын талап етеді  және бұл тарап шешім қабылдайтын тұлғаны себебін айтпастан қызметтен босата алады  (B65 тармағын қараңыз).

                Шешім қабылдау бойынша өкілеттіктердің шегі

                B62         Шешім қабылдайтын тұлғаның өкілеттігінің шегі келесі факторлардың сараптамасы негізінде  бағаланады:

(a)                 шешім қабылдау туралы келісімге(дерге) сәйкес рұқсат етілген және заңмен белгіленген қызмет, және

(b)                шешім қабылдауда осы қызметке қатысты болатын шешім қабылдайтын тұлғаның қарастыру құқығы.

B63         Шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанының мақсаты мен құрылымын, қабылдануы инвестиция нысанын ұйымдастыруда жоспарланған тәуекел, қатысушы тараптарға тапсыру жоспарланған тәуекел, сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғаның инвестиция нысанын ұйымдастыруға қатысу деңгейін қарастыруы керек.  Мысалы, егер шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанын ұйымдастыруға айтарлықтай дәрежеде қатысатын болса (сонымен қатар, шешім қабылдау бойынша өкілеттіктердің шегін анықтау), мұндай қатысу шешім қабылдайтын тұлғаның мәнді қызметті басқаруына мүмкіндік беретін құқыққа қол жеткізуге ынтасы мен мүмкіншілігі де болғандығын білдіреді. 

                Басқа тараптардың құқықтары

B64         Басқа тараптардың шешім қабылдайтын тұлғаның инвестициялардың нысанының мәнді қызметін басқару қабілетіне ықпал етуінің шынайы құқықтары. Қызметтен босатудың шынайы құқықтарына немесе басқа құқыққа ие болу шешім қабылдайтын тұлғаның агент болып табылатындығына білдіреді.

B65         Егер бір тарап қызметтен босатудың шынайы құқығына ие болса және шешім қабылдайтын тұлғаны себебін айтпастан орнынан босата алатын болса, онда бұл айтылғандар шешім қабылдайтын тұлғаның агент екендігі туралы шешім қабылдауға жеткілікті болып табылады. Егер мұндай құқыққа бірнеше тарап ие болса (және олардың ешқайсысы шешім қабылдайтын тұлғаны басқа тараптардың келісімінсіз орнынан босата алмайтын болса), онда мұндай құқықтардың болуы шешім қабылдайтын тұлғаның ең алдымен, басқа тараптардың атынан және олардың мүддесінде әрекет ететіндігін анықтауда өздігінен шешуші фактор болып табылмайды. Сондай-ақ, шешім қабылдайтын тұлғаны қызметінен босату құқығын іске асыру үшін бірлесе әрекет жасайтын тараптардың қатары қаншалықты көп болса, және шешім қабылдайтын тұлғаның басқа да экономикалық мүддесі қаншалықты көп болса және осы мүдделердің (яғни, сыйақы және қатысудың басқа да үлестері) өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты жиі болса, осы фактордың салмағы соншалықты жеңіл.

B66         Шешім қабылдайтын тұлғаның агент екенін анықтау кезінде шеттету құқықтарына ұқсас түрде шешім қабылдайтын тұлғаның қарастыру құқығын шектейтін басқа тараптардың шынайы құқықтарына талдау жүргізілуі керек. Мысалы, өзінің іс-әрекеттеріне байланысты басқа тараптардың аз бөлігінің мақұлдауының уәдесін алуға міндетті шешім қабылдайтын тұлға әдетте, агент болып табылады ң уәдесін алуға еріне байланысьы басқа тараптардың ция нысанын ұйымдастыруға қатысатын әдетт (B22-B25 тармақтарында құқықтардың шынайы болып табылатындығын анықтау туралы қосымша басшылық бар).

B67         Басқа тараптардың құқықтарының сараптамасына инвестиция нысанының (немесе басқа басқару органының) директорлар кеңесі жүзеге асыратын кез-келген құқық  бағасы және олардың шешім қабылдау өкілеттігіне әсері қосылуы керек (B23 (b) тармағын қараңыз).

                Сыйақы

B68         Шешім қабылдайтын тұлғаның сыйақысының мөлшері, және инвестиция нысанының қызметінен түсетін күтілетін табысына байланысты осы сыйақының өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты көп болса, шешім қабылдайтын тұлғаның принципал екендігінің ықтималдығы да соншалықты үлкен.

B69         Шешім қабылдайтын тұлғаның принципал немесе агент екендігін анықтау барысында, осы тұлға сондай-ақ, келесі шарттар туралы сұрақты да қарастыруға тиісті:

(a)           Шешім қабылдайтын тұлғаның сыйақысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес.

(b)           Сыйақыны төлеу туралы келісімге әдетте, ұқсас қызмет көрсету туралы келісімдерде болатын шарттар немесе сомалар сияқты мерзімге негізделеді, қажетті біліктілік деңгейі стандартты коммерциялық шарттарда анықталады.

B70         B69(a) және (b) тармақтарында баяндалған шарттар орындалмаса шешім қабылдайтын тұлға агент болып табылмайды. Алайда, аталған шарттарды орындау өздігінен шешім қабылдайтын тұлғаны агент деп табуы үшін жеткіліксіз.

                Басқа мүдделерден түскен табыс көзінің өзгермелілігімен байланысты тәуекелдер

B71         Инвестиция нысанында басқа мүддеге ие шешім қабылдайтын тұлға (мысалы, инвестиция нысанындағы инвестициялар немесе инвестиция нысанының қызметінің нәтижелеріне қатысты кепіл береді) өзінің агент болып табылатындығын не табылмайтындығын бағалау кезінде осындай мүдделерден түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты өзінің тәуекелдерін қарастыруы тиіс. Инвестиция нысанында басқа мүдделердің болуы шешім қабылдайтын тұлғаның принципал болып табылу мүмкіндігін білдіреді.

B72         Инвестиция нысанында басқа мүдделерден түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты өзіне төнетін қауіпті бағалай отырып, шешім қабылдайтын тұлға келесі мәселелерді қарастыруы керек:

(a)           сыйақысы және басқа да жиынтық мүдделері есепке алынған оның экономикалық мүдделерінің шамасы және осындай мүдделермен байланысты өзгермелілігінің деңгейі қаншалықты үлкен болса, шешім қабылдайтын тұлғаның принципал болуының ықтималдығы соншалықты  артады.

(b)           табысының өзгермелілігіне байланысты оған төнген қауіптің басқа инвесторлардың барған тәуекелінен айырмашылығы бар ма, және, егер болса, бұл жағдай оның қызметіне әсер етуі мүмкін бе.  Мысалы, мұндай жағдай егер шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанында тәртіптелген үлеске иелік ететін болса немесе инвестиция нысаны үшін несие сапасын арттырудың басқа түрлерін қамтамасыз ететін болса туындауы мүмкін.

Шешім қабылдайтын тұлға инвестиция нысанынан түсетін біріккен табыстың өзгермелілігіне байланысты өзіне келетін қауіп-қатерді бағалауы тиіс. Бұл бағалау инвестиция нысанының қызметінен күтілетін табысқа қатысты жасалады,  бірақ, сондай-ақ, шешім қабылдайтын тұлғаның басқа мүдделерінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты залал шегу қаупі төніп тұрған шешім қабылдайтын тұлғаның барынша көп сомасын  есепке алуы керек.

 

 Қолдану мысалдары

13-мысал

Шешім қабылдайтын тұлға (қор басқарушысы) жергілікті заңнамаға және нормативтік актілер бойынша талап етілетін инвестициялық мандатта баяндалған нақты белгіленген параметрлерге сәйкес, нарықта құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналатын реттемелі қорды құрады, насихаттайды және басқарады. Қор инвесторлар алдында құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналатын кәсіпорынның үлестік құнды қағаздарындағы портфелге салынатын әртараптандырылған инвестициялар ретінде насихатталды. Белгіленген параметрлер аясында қор басқарушысы капитал құйған активтерді таңдауға қатысты қарастыру құқығына ие. Қор басқарушысы қорға 10-пайыздық үйлесімді инвестиция жасады және өз қызметі үшін нарықтық гонорар алады, бұл гонорар қор активтерінің таза құнының 1 пайызына тең келеді. Гонорар көрсетілген қызметтермен мөлшерлес келеді. Қор басқарушысына шығынды қаржыландыру бойынша 10-пайыздық қатысу шегінде ғана міндеттеме жүктеледі. Қор тәуелсіз директорлар құруға міндетті емес болғандықтан кеңесті құрған жоқ. Инвесторлардың шешім қабылдауы бойынша қор басқарушысының өкілеттігіне ықпал ете алатын шынайы құқығы жоқ, бірақ қор бекіткен белгіленген шектердің аясында өзінің қатысу үлесінің айналымынан шығарып тастай алады.

Басқарушы инвестициялық мандатта баяндалған параметрлер шеңберінде және реттеуші органдардың талаптарына сәйкес әрекет жасайтындығына қарамастан, қор басқарушысы дәл қазіргі уақытта қордың мәнді қызметін басқару мүмкіндігін беретін шешім қабылдауға құқылы: инвесторлардың шешім қабылдауы бойынша қор басқарушысының өкілеттіктеріне ықпал ете алатындай шынайы құқығы жоқ. Қор басқарушысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес келетін өз қызметі үшін нарықтық гонорар алады, сонымен қатар қорға шамалас инвестициялар жасады. Қор басқарушысының сыйақылары мен инвестициялары оған қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты тәуекелге ұрындырады, алайда, мұндай тәуекелдің қауіптілігі қор басқарушысын принципал деп санауға болатын белгі ретінде бағалауға болатындай аса маңызды емес.

Бұл мысалда қордан түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты қор басқарушысына төнетін қауіп-қатерді шектелген параметрлер шеңберінде оның шешім қабылдау өкілеттігімен бірге қарастыру қор басқарушысының агент болып табылатындығын меңзейді. Осылайша, қор басқарушысы қорға бақылау жүргізе алмайтындығы туралы қорытынды шығарады.

14-мысал

Шешім қабылдайтын тұлға бірқатар инвесторларға инвестициялық мүмкіндікте ұсынатын қорға басшылық етеді, нарықта ұйымдастырған және жарнамалайды. Шешім қабылдайтын тұлға (қор басқарушысы) шешімді барлық инвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып және қор басқару туралы келісімге сәйкес қабылдауы керек. Әйтсе де, қор басқарушысы шешім қабылдау сұрақтарында еркін түрде әрекет жасай алады. Қор басқарушысы өзінің қызметі үшін табыстың белгіленген деңгейіне қол жеткізген жағдайда қордың жиынтық табысының 20 пайызына және басқарылатын активтердің 1 пайызына тең келетін нарықтық гонорар алады. Гонорар көрсетілген қызметпен мөлшерлес.

Қор басқарушысы барлық инвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып шешім қабылдайтындығына қарамастан, ол қордың мәнді қызметін басқару аясында шешім қабылдау сұрақтары бойынша еркін әрекет ете алады. Қор басқарушысы көрсетілген қызметпен мөлшерлес қордың қызметінің нәтижелерінің негізінде есептелетін гонорар және белгіленген гонорар алады. Сонымен қатар, сыйақы қор басқарушысының мүддесін және қор құнының артуына қатысты басқа инвесторлардың мүдделерін қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне қатысты тәуекел тудырмастан бір қатарға қояды, бұл тәуекелдің маңыздылығы соншалық, сыйақы қор басқарушысының принципал екендігіне меңзейтін еді.

Нақты мән-жайлар мен жоғарыда келтірілген мысалдың сараптамасы төменде аталатын 14A-14C мысалдарына сарапталады. Әрбір мысал жеке-жеке қарастырылады.

14A мысал

Сонымен қатар қор басқарушысы қорда 2 пайыздық инвестицияларды ұстайды, бұл оның және басқа инвесторлардың үлесін теңгереді. Қор басқарушысы тек өзінің 2 пайыздық инвестициясы шегінде ғана шығынды қаржыландыруға міндетті. Инвесторлар қор басқарушысын келісім шарттарын бұзғаны үшін ғана қарапайым көпшілік дауыс беру арқылы шеттетуі мүмкін

Қор басқарушысының 2 пайыз көлеміндегі инвестициялары қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты оған төнетін қатерді арттырады, бұл қор басқарушысының принципал екендігіне меңзейді. Басқа инвесторлардың қор басқарушысын шеттету құқығы қорғаныс құқығы ретінде бағаланады, себебі бұл жағдай тек келісім шарттарының бұзылғанында ғана іске асырылуы мүмкін. Бұл мысалда, қор басқарушысының шешім қабылдау сұрақтарында еркін әрекет ете алатындығына және оның қатысу үлесінен және сыйақыдан түскен табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге душар болатындығына қарамастан, тәуекел түбіндегі соманың мөлшері қор басқарушысының агент екендігіне меңзейді. Осылайша, қордың басқарушысы қорға бақылау жүргізбейтіндігі туралы қорытынды шығарады.

14B мысал

Қор басқарушысы қорда айтарлықтай маңызы бар шамалас инвестицияларды ұстайды және өз инвестицияларының шегінде шығындарды қаржыландыру үшін міндетті болып табылады. Инвесторлар қор басқарушысын келісім шарттарын бұзғаны үшін ғана қарапайым көпшілік дауыс беру арқылы шеттетуі мүмкін.

Бұл мысалда басқа инвесторлардың қор басқарушысын шеттету құқығы қорғаныс құқығы ретінде бағаланады, себебі, ол тек келісім шарттарын орындаған жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Қор басқарушысы белгіленген және қор қызметінің нәтижелеріне негізделе есептелген, көрсетілген қызмет көлемімен мөлшерлес гонорар алатындығына қарамастан, қор басқарушысының инвестициялары оның сыйақысымен бірге қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге ұрындаратын еді, және тәуекел түбіндегі соманың маңыздылығы соншалық, бұл жағдай қор басқарушысының принципал болып табылатындығына меңзейтін еді.Қор басқарушысының экономикалық мүдделерінің көлемі және осы мүдделердің өзгермелілігінің (сыйақы және басқа да жиынтыққа қатысу үлесі есепке алына отырып) деңгейі қаншалықты артық болса, қор басқарушысы осындай экономикалық мүдделерге талдау кезінде соншалықты салмағын арттыра түседі және қор басқарушысының принципал болып табылатындығының ықтималдығы да артады.

Мысалы, өзінің сыйақысын және басқа да факторларды қарастыра отырып, қор басқарушысы 20 пайыз көлеміндегі инвестициялар оның қорға жүргізетін бақылау туралы тұжырым жасау үшін жеткілікті болып табылатындығы жайлы қорытынды шығара алатын еді. Алайда, басқа жағдайларда (яғни, егер сыйақы мөлшері немесе басқа факторлар жоғарыда аталғандардан өзгешеленетін болса) бақылау инвестицияның басқа деңгейінде туындауы мүмкін.

14C мысал

Қор басқарушысы қорда 20 пайыз көлеміндегі шамалас инвестицияларды ұстайды және оның 20 пайыздық инвестицияларының шегінде шығындарды қаржыландыруға міндетті болып табылады. Қордың директорлар кеңесі бар, оның барлық мүшелері қор басқарушысына тәуелді емес, және оларды басқа инвесторлар тағайындайды. Директорлар кеңесі қор басқарушысын жыл сайын тағайындайды. Егер директорлар кеңесі қор басқарушысымен келісімді жаңарту туралы шешім шығармаса, онда қор басқарушысы көрсететін қызметті осы салада қызмет ететін басқа басқарушы атқара алады.

Қор басқарушысы белгіленген және көрсетілген қызметпен мөлшерлес, қор қызметінің нәтижесіне негізделе есептелетін гонорар алатындығына қарамастан, қор басқарушысының 20 пайыз көлеміндегі инвестициялары сыйақыларымен бірге қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты тәуекелге ұрындыруы мүмкін, бұл жағдай қор басқарушысының принципал болып табылатындығына меңзейді. Дегенмен, инвесторлар қор басқарушысын шеттетудің шынайы құқығына ие: егер директорлар кеңесі қор басқарушысын шеттету туралы шешім қабылдаса, онда ол инвесторларға, оған мүмкіндік беретін механизмге ие болады.

Бұл мысалда қор басқарушы сараптама кезінде шеттетудің шынайы құқықтарына үлкен мән береді. Осылайша, қор басқарушысы шешім қабылдау сұрақтарында еркін әрекет жасай алатындығына және өзінің сыйақысы мен инвестицияларынан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты қатерге ұрынатындығына қарамастан, басқа инвесторлардың шынайы құқықтары қор басқарушысының агент болып табылатындығын білдіреді. Осылайша, қор басқарушы қорға бақылау жүргізуге иелік ете алмайтындығы туралды қорытынды шығарады.

15-мысал

Инвестиция нысаны ставкасы белгіленген құнды қағаздар активтерімен қамтамасыз етілген портфелге қол жеткізу мақсатымен құрылған, ол ставкасы белгіленген сыйақымен борышқорлық және үлестік құралдар арқылы қаржыландырылады. Үлестік құралдар инвесторларды борышқорлық құралдарға алғашқы шығындардан қорғауға және инвестиция нысанынан түскен қалдық табысқа қол жеткізуге арналған. Келісім потенциалды инвесторлардың үлестік құралдарына портфелдің құнды қағаздар активімен қамтамасыз етілген эмитенттердің ықтимал дефолтымен және портфелге бақылау жүргізуге қатысты пайыздық несиеге байланысты несиелік тәуекел тудыратын құнды қағаздар активімен қамтамасыз етілген портфелге салынған инвестиция ретінде ұсынылды. Портфелді рәсімдеу кезінде үлестік құралдар сатып алынған активтердің құнының 10 пайызын құрайды. Шешім қабылдайтын тұлға (активтерді басқарушы) инвестиция нысанының аңдатпасында баяндалған параметрлердің шеңберінде инвестициялық шешім қабылдай отырып, активтер айналымындағы портфелге басшылық етеді. Өзінің қызметі үшін активтерді басқарушы белгіленген нарықтық гонорарды (яғни, оның басқаруындағы активтердің 1 пайызы) және көрсетілген қызмет нәтижесіне негізделе есептелген гонорарды (яғни, пайданың 10 пайызы) тек егер инвестиция нысанының табысы белгіленген деңгейден асып түссе ғана алады. Гонорар көрсетілген қызметпен мөлшерлес келеді. Активтерге басшылық етуші инвестиция нысанының үлестік құралдарының 35 пайызына иелік етеді.

Үлестік құралдардың қалдық 65 пайызы және барлық борышқорлық құралдар тәуелсіз үшінші тарап болып табылатын инвесторлардың көпшілік бөлігіне жатады. Активтерге басшылық етуші себептері көрсетілместен басқа инвесторлардың қарапайым көпшілігінің дауыстарына сәйкес шешіммен қызметтен босатылуы мүмкін.

Активтерге басшылық етуші белгіленген гонорар және көрсетілген қызметпен мөлшерлес келетін іс-әрекет нәтижесінде есептелетін гонорар алады. Сыйақы портфель құнының артуына байланысты активтердің басқарушысының мүдделерін және басқа инвесторлардың мүдделерін бір қатарға қояды. Активтердің басқарушысы капиталдың 35 пайызының иегері болып табылатындықтан, ол сыйақыдан және қор қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты тәуекелге душар болады.

Активтердің басқарушысының инвестиция нысанының анықтамалығында баяндалған параметрлер шеңберінде әрекет ететіндігіне қарамастан, ол дәл қазіргі уақытта инвестиция насанының табысына айтарлықтай ықпал ететін инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді, бұл уақытта басқа инвесторлардың шеттету құқықтары талдау кезінде аз мөлшердегі салмаққа ие, себебі бұл құқықтар инвесторлардың көп бөлігіне тән. Осы мысалды активтердің басқарушысы оның капиталдағы үлесіне қатысты қордан түсетін табыстың өзгермелілігіне байланысты өз тәуекеліне көп мән береді, бұл борышқорлық құралдарға қатысты тәртіптелген болып есептеледі. Капиталға 35 пайыздық қатысу үлесінің болуы шығындардың тәртіптелген тәуекелін және инвестиция нысанына табыс табу құқығын тудырады, бұлардың көлемінің маңыздылығы сондай, бұл активтердің басқарушысының принципал болып табылатындығы меңзейді. Осылайша, активтерге басшылық етуші өзінің инвестиция нысанына бақылау жүргізетіні туралы қорытынды шығарады.

16-мысал

Шешім қабылдайтын тұлға (демеуші) байланыссыз үшінші тұлға болып табылатын инвесторларға қысқа мерзімді борышқорлық құралдар шығаратын көпке бағытталған кондуитке демеушілік етеді. Әлеуетті инвесторларға келісім портфель активтерінің эмитенттерінің ықтимал дефолтымен байланысты рейтингісі жоғары және аз мөлшерлегі несиелік тәуекелді орта мерзімді активтер портфеліне салынатын инвестициялар ретінде ұсынылды. Түрлі цеденттер кондуитке жоғары сапалы орта мерзімдік активтердің портфелін сатады. Әрбір цедент кондуитке сататын активтер портфеліне қызмет көрсетеді, және дефолт орнаған шақта нарықтық гонорар үшін дебиторлық берешекті ұстайды. Сондай-ақ, Әрбір цедент кондуитке тапсырылған активтерді басы артық қамтамасыз ету әдісімен өз портфелінен несиелер бойынша активтерді жоғалтуға қатысты алғашқы шығындардан қорғанысты қамтамасыз етеді. Демеуші кондуит шарттарын бекітеді және нарықтық гонорар үшін кондуит операцияларын басқарады. Гонорар көрсетілген қызметке шамалас келеді. Демеуші кондуитке құралдарды сату құқығы берілген сатушыларды, кондуит сатып алатын активтерді бекітеді, және кондуитті қаржыландыру жөнінен шешім қабылдайды. Демеуші барлық нвесторлардың мүдделерін басшылыққа ала отырып, әрекет жасауы тиіс.

Демеуші кондуиттың қалдық табысына құқылы, кондуитке несиелік сапаны және өтімділікті қолдау жөнінен қызмет көрсетеді. Шығын цеденттермен өтелгеннен кейін демеуші қамтамасыз ететін несие сапасын қолдау кондуиттің барлық активтерінен 5 пайызға дейін шығынды жояды. Өтімділікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету өтелмеген қарызға көрсетілмейді. Инвесторлар шешім қабылдау бойынша демеушінің өкілеттігіне ықпал ете алатындай шынайы құқыққа ие емес.

Демеуші көрсетілген қызметпен мөлшерлес нарықтық гонорарды өзінің қызметі үшін алатындығына қарамастан, демеуші кондуиттің қалған табысына оның құқығының және несиелік сапа және өтімділікті қолдау жөнінен қызмет көрсетудің нәтижесінде кондуит қызметінен түсетін табыстың өзгермелілігімен байланысты қатерге ұрынады (яғни, орташа мерзімді активтерді қаржыландыру үшін қысқа мерзімді борышқорлық құралдарды пайдалану кезінде кондуит өтімділік қаупіне ұрынады).Цеденттердің әрқайсысының кондуит активінің құнынан әсер ететін шешім қабылдауға құқылы болғанына қарамастан, демеуші шешім қабылдау сұрақтарына еркін әрекет ете алады. Бұл мүмкіндік оған қазіргі уақытта кондуит табысына айтарлықтай ықпал ететін қызметті басқару (яғни, демеуші кондуит шарттарын белгіледі, активтерге қатысты шешім қабылдау құқығына ие сатып алынатын активтерді және осы активтердің цеденттерін бекіту), кондуитті қаржыландыру (ол үшін жаңа инвестицияларға үнемі іздеу салып отыруы керек) мүмкіндігін береді. Кондуиттің қалдық табысына құқығы және несие сапасын және өтімділікті қолдау жұмыстарын атқару демеушіні басқа инвесторлардың тәуекелдерінен өзгешеленетін кондуит қызметінен түсетін табыстың өзгермелілімен байланысты тәуекелге душар етеді. Демек, қатерлі сома демеушінің принципал екендігіне меңзейді, және осылайша, демеуші кондуитке бақылау жүргізетіндігі туралы қорытынды шығарады. Инвесторлардың барлық мүдделерін басшылыққа ала отырып әрекет ету - демеушінің міндеті, ол демеушіні принципал ретінде қарастыруға кедергі келтірмейді.

 

Басқа тараптармен қарым-қатынас

B73         Бақылауды бағалай отырып, инвестор басқа тараптармен өзінің қарым-қатынастарының сипатын қарастыруы керек, сонымен қатар, мұндай тараптар инвестордың атынан әрекет жасайтындығы, жасамайтындығы туралы (яғни, бұлар «де-факто» (іс жүзіндегі) агент болып табылатындығын анықтау). Басқа тараптардың іс жүзіндегі агенттер ретінде әрекет жасайтындығын анықтау, қарым-қатынас сипатын есепке алып қана қоймай, сондай-ақ, тараптардың бір бірімен және инвестормен өзара байланысының қалай өрбитіндігі жайды пікір қалыптастыруды талап етеді.

B74         Мұндай қарым-қатынастардың келісімшарт түрінде рәсімделген уағдаластыққа негізделуі міндетті емес. Егер инвестор осындай тарапқа инвестордың атынан әрекет етуге рұқсат беретін мүмкіндікке ие болса, немесе осындай мүмкіндікке инвестордың қызметін басқаратын тұлға ие болса, онда тарап іс жүзіндегі агент болып табылады. Мұндай жағдайларда инвестор инвестиция нысанына жүргізілетін бақылауды бағалай отырып, өзінің іс жүзіндегі агенттерінің шешімдерін қабылдау бойынша құқықтарын, сондай-ақ, өзгермелі табысқа байланысты өзінің жанама қатерлерін, немесе өзінің меншік тәуекелдері мен құқықтарымен бірлесіп, іс жүзіндегі агент арқылы осындай табысқа қол жеткізу құқықтарын қарастыруы керек.

B75         Төменде тараптардың инвестормен қарым-қатынастарының сипаты олардың инвестор үшін іс жүзіндегі агенттер ретінде әрекет жасауы мүмкіндігін білдіредтін басқа тараптардың мысалдары келтірілген:

(a)           инвестордың байланысқан тараптары.

(b)           инвестордан инвестиция нысанына қатысу үлесін   жарна немесе қарыз түрінде  алған тарап.

(c)           алдын ала инвестордың рұқсатынсыз инвестиция нысанында өзінің қатысу үлесін сатпауға, тапсырмауға, және салмақ салмауға келіскен тарап (инвестор және басқа тарап алдын ала мақұлдау құқығына ие болған және өзара келісімді жүзеге асырғысы келетін тәуелсіз тараптардың арасында келісілген шарттарға негізделген жағдайды есептемегенде).

(d)           өзінің операцияларын инвестордың тәртіптелмеген қаржылық қолдауынсыз қаржыландыра алмайтын тарап.

(e)           инвестиция нысаны, басқару органының көптеген мүшелерінің немесе мұның басты басқарушылық персоналы басқару органы және инвестордың басты басқарушылық персоналы сияқты тұлғалармен ұсынылған.

(f)            мысалы, қызметпен кәсіби қамтамасыз етуші мен оның негізгі клинттерінің бірімен арасындағы қарым-қатынас сияқты, инвестормен тығыз іскерлік қарым-қатынастағы тарап.

 

                Белгіленген активтерге бақылау

B76         Инвестор шартты дербес кәсіпорын сияқты инвестицияның қандай бір бөлігін бағалайтындығы туралы, егер солай болағанда шартты дербес кәсіпорынға бақылау жасай алады ма деген мәселені қарастыруы тиіс.

B77         Инвестор инвестиция нысанының бөлігін шартты дербес кәсіпорын сияқты егер, төменде баяндалған шарттардың барлығы орындалғанда ғана қарастыруы тиіс:

Инвестициялар нысанының белгіленген активтері (және несиелік сапаны ілеспелі қолдау, егер ол болған жағдайда) инвестициялар нысанының белгіленген активтерінің немесе инвестициялар нысанындағы белгіленген басқа да мүдделердің есебінен төлемдердің жалғыз көзі болып табылады. Белгіленген міндеттемелері жоқ тараптар белгіленген активтермен немесе мұндай активтерден түсетін ақша қаражаттарының қалдық ағындарымен байланысты құқықтары немесе міндеттемелері болмайды. Мәні бойынша белгіленген активтерден түскен кіріс инвестициялар нысанының қалған бөлігін пайдалана алмайды және шартты дербес кәсіпорынның міндеттемелерінің ешқайсысы инвестициялар нысанының қалған бөлігінің активтерінен төлемге жатпайды. Осылайша, шартты дербес кәсіпорынның барлық активтері, міндеттемелері мен капиталы жалпы алғанда инвестициялар нысанынан қорғалған. Мұндай шартты дербес кәсіпорынды көбінде «бункер» деп атайды.

B78         Егер В77 тармағында баяндалған шарт орындалатын болса, шартты дербес кәсіпорынның кірісіне елеулі әсер ететін қызметті және де мұндай инвестициялар нысанына қатысты оның қандай өкілеттілігі бар- жоғын бағалау үшін мұндай қызметті басқару қалай жүргізіледідегенді сәйкестендіруі тиіс. Инвестор шартты дербес кәсіпорынға бақылауы барын бағалай отырып, сонымен қатар, мұндай шратты дербес кәсіпорыындағы қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелдерге ұшырамайды ма немесе мұндай кірісті алуға оның құқығы бар ма, сондай-ақ инвестор кірісінің шамасына әсер ету мақсатында инвестициялар нысанының бөлігіне қатысты өзінің өкілеттілігін қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

B79         Егер инвестордың шартты дербес кәсіпорынға бақылау ие болатын болса, инвестор инвестициялар нысанының тиісті бөлігін шоғырландыруы тиіс. Мұндай жағдайда басқа тараптар бақылаудың барын бағалай отырып, инвестициялар нысанының мұндай бөлігін, ал шоғырландыру кезінде - инвестициялар нысанын істен шығарады.

Үздіксіз бағалау

B80         Инвестор егер қандай да бір фактілер мен міндеттемелер бақылаудың 7-тармақта көрсетілген үш элементінің бір немесе бірнеше өзгерістердің барын көрсетсе,онда инвестициялар нысанына бақылауы барын қайта бағалауды жүргізуі тиіс.

B81         Инвестор инвестициялар нысанына қатысты өзінің өкілеттілігін қалайша жүргізе алатындығы уралы өзгерістер бар болатын болса, онда мұдай өзгеріс инвестициялар нысанына қатысты инвестор өзінің өкілеттілігін қалай бағалайтындығы туралы өзгерістерден көрініс табуы қажет. Мысалы шешім қабылдау бойынша құқықтардағы өзгерістер елеулі қызметке бақылау жасау бұдан кейін дауыс беру құқығының көмегімен жүргізілмейді, ал оның орнына келісімшарттар сияқты басқа келісімдер басқа тарапқа немесе тараптарға осы уақыт аралығында елеулі қызметті басқару мүмкіндігін ұсынатынын білдіруі мүмкін.

B82         Инвестордың инвестициялар нысанына қатысты өкілеттілігін сатып алуы немесе жоғалтуы инвестордың өзі қатыспайтын қандай да бір оқиға нәтижесінде туындауы мүмкін. Мысалы, инвестор инвестициялар нысанына қатысты инвесторға бұрынғы уақытта инвестициялар нысанына бақылау жасауға өкілеттілікке ие болуы мүмкін, себебі, кедергі болған қандай да бір басқа тараптың құқық әрекетінің мерзімі аяқталды.

B83         Инвестор, сонымен қатар инвестициялар нысанындағы қатысудан түскен ауыспалы кіріспен байланысты оның тәуекелдеріне әсер етуші өзгерістерді немесе мұндай кірісті алуға құқығын қарастырады. Мысалы, инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерге ие болатын инвестор инвестициялар нысанына бақылау жасауды жоғалтуы мүмкін, егер инвестор кіріс алуға құқығын жоғалтатын немесе міндеттемелері жоқ болса, мұндай жағдайда инвестор 7 (b) тармағының (мысалы, қызмет нәтижелері негізінде есептелінген гонарар алу туралы келісімшарт бұзылғанда) шарттарын қанағаттандырмайды.

B84         Инвестор агентке немесе принципиалға қандай деңгейде әрекет ететініне қатысты оның бағасы өзгерді ме дегенді қарастыруы тиіс. Инвесторлар мен басқа тараптар арасындағы белгіленген өзгерістеринвестордың агент ретінде және керісінше бұрын әрекет етсе де оның агент ретінде әрекет етпейтіндігін білдіруі мүмін. Мысалы, инвестордың немесе басқа тараптардың құқықтарында қандай да бір өзгерістер болса, инвестор өзінің принципиал немесе агентінің статусын қайта қарастыруы тиіс.

B85         Нарықтық жағдайлардағы өзгерістер (мысалы, нарықтық жағдайлардан туындаған инвестициялар нысанының кірістеріндегі өзгерістер)егер тек нарықтық жағдайлар өзгерісі 7-тармақта көрсетілген бақылау элементінің үш түрінің бірінің немесе бірнешеуінің өзгеруіне немесе жалпы алғанда принципиал мен агент арасындағы қатынастырдың өзгеруіне әкелмейтін болса ғана бақылау жасау құқығының және оның агент немесе принципиал ретіндегі статуысың барына инвестордың бағалау өздігінен алғанда өзгерістерге әкелмейді.

            

Ұйымның инвестициялық ұйым екендігін анықтау

B85A      Кәсіпорын мақсаты мен әрлемін, деректер мен жағдайларды қоса бағалап, кәсіпорынның инвестициялық екендігін анықтау қажет. Кәсіпорын 27-тармақта анықталған инвестициялық кәсіпорынның анықтамасының үш элементіне ие болса, инвестициялық кәсіпорын болып есептеледі. B85B-B85M тармақтары элементтерді жетік суреттейді.

                Бизнес мақсат

B85B      Инвестициялық кәсіпорынның анықтамасы, кәсіпорынның мақсаты тек капитал өсімі, инвестициядан түсетін табыс(дивиденд, пайыздық табыс немесе жалгерліктен түсетін табыс сияқты) болуын немесе екеуін де талап етеді.Кәсіпорынның ұсыныс меморандумы, жарияланымдар сияқты кәсіпорын немесе басқа корпорация тарататын кәсіпорынның инвестициялық мақсатын көрсететін құжаттар - кәсіпорынның бизнес мақсатынынң дәлелі болып табылады.Жаңа дәлелдер кәсіпорынды басқа тараптарға көрсету әдісі болуы мүмкін(әлеуетті инвесторлар немесе әлеуетті инвестициялау объектілері сияқты); мысалы, кәсіпорын өзінің бизнесін капитал өсімі үшін орташа мерзімдегі инвестицияларды қамтамасыз ету негізінде ұсынуы мүмкін.Керісінше, инвестициялау объектісімен қоса нарықта өнім өндіру немесе шығару мақсаты бар кәсіпорынның инвестициялық кәсіпорынмен мақсаты қарама-қарсы келеді, себебі, кәсіпорын пайданы дамуынан, өндірістен, маркетингтік қызметтен немесе инветициядан алады(B85I тармағын қараңыз).

B85C      Инвестициялық кәсіпорын инвестициямен байланысты қызметтерді(инвестициялық кеңес беру, инвестициялық менеджмент, инвестициялық қызмет пен әкімшілік қызмет) тікелей немесе еншілес компаниясы арқылы үшінші тарапқа, және инвесторларына бұл операциялар кәсіпорынға қатысты маңызды болса да ұсынады.

B85D      Инвестициялық кәсіпорын сонымен қоса инвестициямен байланысты операцияларға егер осы операциялар инвестициялардың өтелімділігін инвестициялау объектілері арқылы жоғарылату мақсатында(капитал өсімі мен инвестициялық түсім) жасалса, және жеке маңызды қызметі немесе қосымша табысымен байланысты болмаса,тікелей, еншілес компания арқылы қатыса алады:

(а)           басқарушылық қызмет көрсету және инвестициялау объектісіне стратегиялық кеңес беру; және

(b)           инвестициялау объектісіне несие, инвестициялық міндеттеме немесе кепілдік сияқты экономикалық қолдау көрсету.

                B85E Егер инвестицилық кәсіпорынның инвестициямен байланысты B85C-B85D тармақтарында суреттелген кәсіпорынға немесе басқа тараптарға операция немесе қызмет көрсететін еншілес компаниясы болса, 32-ші тармаққа сәйкес еншілес компанияны шоғырландыру қажет.

                                 Шығу стратегиялары

B85F       Кәсіпорынның инвестициялық жоспары оның бизес мақсатының дәлелі болып табылады. Инвестициялық кәсіпорынды басқа кәсіпорындардан ажырататын бір ерекшелігі - инвестициялық кәсіпорын өзінің инвестицияларын белгісіз уақыт аралығында ұстаудан гөрі, шектелген уақыт аралығында ұстайды. Акцияларға инвестициялау мен активтердің материалдық емес инвестицияларының белгісіз уақыт аралығында жүргізілу әлеуеті болғандықтан, инвестициялық кәсіпорын барлық шығу стратегияларын құжаттау қажет: кәсіпорын акцияларға және активтердің материалдық емес инвестицияларынан капитал өсімін қалай алатынын. Инвестициялық кәсіпорынның белгісіз уақыт аралығында жүргізілу әлеуеті бар кез келген борышқорлық құралдар үшін, мысалы мерзімсіз борышқорлық инвестициялар, шығу стратегиясы болу қажет. Кәсіпорын әрбір жеке инвестиция үшін шығу стратегиясын құжаттамау қажет, бірақ инвестициялардың түрлі типтері мен портфельдері үшін тәуелсіз уақыт мерзімін қоса, инвестициялаудан шығу үшін әлеуетті стратегиялары болу керек. мысалы, келісімшарттың талаптарын бұзу немесе орындамаумен байланысты жасырынды оқиғаларға қатысты шығу механизмдері бұл бағамда шығу стратегиялары болып саналмайды.

B85G      Шығу стратегиялары инвестициялардың түрлеріне байланысты өзгереді. Меншікті үлестік құнды қағаздарға салынған инвестициялар үшін мысалдар алғашқы жария ұсыныс, жеке орналастыру, бизнесті саудаға салу, меншікті инвестициялау объектілерінде үлестерді тарату(инвесторларға) және активтерді сату(инвестициялау объектісінің ликвидациялануымен жалғасатын инвестициялау объектісінің активтерін сату). Ашық нарықта сатылатын акцияларға инвестициялаудың шығу стратегиясының мысалы жеке орналастыру немесе ашық нарықта сату болып табылады. Жылжымайтын мүлік инвестициялары үшін шығу стратегиясының мысалы, жылжымайтын мүлікті арнйы дилер немесе ашық нарық арқылы сату болып табылады.

B85H      Инвестициялық кәсіпорынның заңдық, реттеуші, салықтық немесе ұқсас бизнес мақсаттары үшін құрылған ксіпорындарға салынған инвестициялары болуы мүмкін. Бұл ретте инвестициялау объектісінде тиімді шығу тратегиясы болған жағдайда, инвестордың арнйы шығу стратегиясының болуы қажет емес.

                Инвестициялаудан түсетін табыс

B85I        Егер кәсіпорын немесе оның мүшесі инвестициялаудан капитал өсімі мен инвестициялаудан түсетін табыстанбасқа, инвестициялау объектілерімен байланысты емес, өзге мүшелер иелене алмайтын артықшылықтары болса,кәсіпорын тікелей капитал өсімі мен инвестициялаудан түсетін табыс үшін ғана инвестицияламайды. Осындай артықшылықтарға:

(а)           инвестициялау объектісінің активтерін, технологиясын, үрдісін сатып алу, айырбастау немесе қолдану жатады. Бұл инвестициялау объектісінің активтерін, технологияны, өнім немесе қызметті алуғапропорционалды емес немесе артықшылықты құқығы бар кәсіпорынды немесе оның мүшесін қосушы еді; мысалы, активтен түсетін пайда жоғары деп саналса, инвестициялау объектісінің активтерін сатып алу опционын ұстау;

(b)           кәсіпорын немесе басқа топ мүшесі мен инвестициялау объектісі арасындағы өнім мен қызметті нарықта ұсыну, өндіру немесе жетілдіру мақсатындағы біріккен немесе басқа шаралар(11-ші ХҚЕС-те анықталғандай);

(с)           инвестициялау объектісі ұсынған кәсіпорын немесе немесе тротың басқа мүшесінің орнын алу шараларына кепілдік болатын қаржылық кепілдік немесе немесе актив(дегенмен, инвестициялық кәсіпорынға инвестицияларды берешектің кепілдігі ретінде қолдануына болады);

(d)           кәсіпорынның инвестициялау объектісінің үлесін кәсіпорыннан немесе топтың басқа мүшесінен сатып алынатын кәсіпорынға қатысты опцион;

(е)           B85J тармағында суреттелгеннен басқа, кәсіпорын немесе топтың басқа мүшесі мен инвестициялау объектісінің арасында келесі операциялар болады:

(і)            кәсіпорын, топтың басқа мүшесі мен инвестициялау объектісімен байланысты емес ұйымдарға оңтайлы емес шарттарда;

(іі)           әділ құнмен бағаланбайды; немесе

(ііі)          инвестициялау объектісінің маңызды бөлігін немесе кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көрсететін, топтың басқа кәсіпорындарының шаруышылық қызметін қосқанда.

B85J           Инвестициялық кәсіпорынның сол салада, нарықта немесе географиялық сегментте капитал өсімі мен инвестициялық түсімді жоғарылататынбіріккен қызметтен артықшылық алу мақсатында бірден аса инвестициялау объектісіне инвестициялау стратегиясы болады. B85I(e) тармағына қарамастан, инвестициялау объектілері бір-бірімен саудаға түсуіне байланысты кәсіпорын инвестициялық кәсіпорын болып сыныпталудан босамайды.

                                Әділ құнды бағалау

B85K         Инвестициялық кәсіпорынды анықтаудың маңызды элементі - оның инвестицияларының барлығының өлшенуі мен бағалануы әділ құн негізінде жүргізіледі. Себебі, әділ құнды қолдану, мысалы, еншілес компанияларды шоғырландыру мен үлестік қатысу әдісін қолданғанумен салыстырған да сәйкес ақпарат береді. Элементтің инвестициялық кәсіпорынның анықтамасы екендігін  анықтау үшін инвестициялық кәсіпорын:

(а)           ҚХЕС-на сәйкес әділ құн сұрастырылса немесе рұқсат етілсе, кәсіпорын қаржы есептілігінде инвестордарға әділ құн туралы ақпаратты береді және барлық инвестицияларын әділ құнмен өлшейді; және

(b)           әділ құн туралы ақпаратты өлшеудің негізгі принципі ретінде инвестициялардың жүзеге асырылуын бағалау және инвестициялық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның негізгі басқарушы қызмет құрамына(24-ші ХҚЕС(IAS) анықталғандай) хабарлайды.

B85L         B85K(a) тармағындағы талаптарды орындау үшін, кәсіпорын:

(а)           40-шы ХҚЕС-і Инвестициялық жылжымайтын мүліктегі әділ құн моделін пайдаланып, кез келген инвестициялық жылжымайтын мүлікті таңдап есепке алады;

(b)           28-ші ХҚЕС(IAS) қауымдастықтар мен біріккен кәсіпорындарға инвестициялау үшін үлестік қатысу әдісін қолданудан босату; және

(с)           9-шы ХҚЕС-і талаптарды орындай отырып, қаржы активтерін әділ құнмен есептеу.

B85M     Инвестициялық кәсіпорынның басты кеңсе меншігі және онымен байланысты құралдар, сонымен қатар қаржы міндеттемелері сияқты кейбір инвестициялық емес активтері болуы мүмкін. 27 (c) тармағындағы инвестициялық кәсіпорынның анықтамасының әділ құнын өлшеу элементі инвестициялық ұйымның инвестициясына жатады. Сәйкесінще, инвестициялық кәсіпорын өзінің инвестициялық емес активтері мен міндеттемелерін әділ құнмен өлшей алмайды.

 

                Инвестициялық ұйымның типтік ерекшеліктері

B85N      Инвестициялық ұйымның анықтамасын анықтау кезінде, кәсіпорын оның типтік ерекшеліктерін көрсететінін немесе көрсетпейтінін қарастыру қажет(28 тармақты қараңыз).

 

                Бірден көп инвестиция

B85O      Инвестициялық ұйым тәуекелді әртараптандыру және табысты жоғарылату үшін, әдетте, бірнеше инвестиция ұстайды. Кәсіпорын инвестиция портфелін тікелей немесе жанама түрде ұстай алады, мысалы, басқа кәсіпорында бірнеше инвестициясы бар кәсіпорында бір инвестиция ұстау.

B85P       Кәсіпорын тек бір инвестиция ұстайтын уақыт болады. Дегенмен, бір инвестиция ұстау кәсіпорынның инвестициялық ұйым болып анықталуына кедергі жасамайды. Мысалы, инвестициялық кәсіпорын келесі жағдайда тек бір инвестиция ұстай алады:

(a)                 бастапқы кезеңде орналасқан және тиісті инвестицияларды таңдамады, сондықтан, бірнеше инвестиция алу алатын инвестициялық жоспарды орындамады;

(b)                арылған инвестициялардың орнын басу үшін басқа инвестицияларды жасамады;

(c)                 дара инвесторларға жеке инвестицияға инвестициялау оңтайлы болмағанда(мысалы, талап етілетін ең төменгі инвестициялау деңгейі дара инвестор үшін өте жоғары болып саналғанда), инвесторлардың қорларын біріктіру қарастыралады; және

(d)                ликвидациялау үрдісінде болғанда.

 

            Бірден көп инвестор

B85Q      Әдетте, инвестициялық ұйымның бұрын болмаған инвестициялық басқару қызметіне және инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізу мақсатында қорларды біріктіру нәтижесінде бірнеше инвесторы болады. Бірнеше инвестордың болуы кәсіпорын немесе оның басқа мүшелері капитал өсімі мен инвестициядан түсетін табыстан басқа артықшылықтарға ие болу ықтималдығын төмендетеді(B85I тармақты қараңыз).

B85R      Баламалы түрде, инвестициялық ұйым инвесторлардың ауқымды тобының қызығушылығын қорғайтын дара инвестор арқылы немесе дара инвестор үшін құрылуы мүмкін(мысалы, зейнетақы қоры, үкіметтік инвестициялар қоры немесе сенімхат бойынша отбасылық меншікті басқару).

                B85S       Кей жағдайда кәсіпорынның уақытша бір ғана инвесторы болатын жағдайлар болады. Мысалы,  кәсіпорынның келесі жағдайда бір ғана инвесторы болады:

(a)           мерзімі өтпеген, ұсыныстың бастапқы кезеңінде, кәсіпорын тиісті инвесторларды анықтағанда;

(b)           өтелген меншікті үлестің орнын ауыстыру үшін тиісті инвесторларды анықтамағанда; немесе

(c)           ликвидациялау үрдісінде болғанда

 

Байланысты емес инвесторлар

B85T      Әдетте, инвестициялық кәсіпорынның байланыссыз тараптары болып табылатын(24-ші ХҚЕС(IAS) қараңыз) және топтың басқа мүшелерімен байланысты емес бірнеше инвесторлары болады. Байланыссыз инвесторлардың болуы кәсіпорын немесе оның басқа мүшелері капитал өсімі мен инвестициядан түсетін табыстан басқа артықшылықтарға ие болу ықтималдығын төмендетеді(B85I тармақты қараңыз).

B85U      Дегенмен, кәсіпорынның инвесторлары кәсіпорынмен байланысты болса да, инвестициялық ұйым деп еептелуі мүмкін.  Мысалы, инвестициялық ұйым оның қызметкерлері(негізгі басқарушы қызметкерлер құрамы сияқты), байланысты инвестордың тарабына арнап, кәсіпорынның басты инвестициялық қорының инвестицияларын көрсететін «параллельді» жеке қор құруы мүмкін. Бұл «параллельді» қор олардың инвесторлары байланысты тараптар болып саналса да инвестициялық ұйым болып табылады.

 

Меншікті үлес

B85V      Инвестициялық ұйым әдетте заңды тұлға болып табылады, бірақ талап етілмейді. Инвестициялық ұйымдағы меншік үлесі әдетте капитал үлесі немесе ұқсас пайыз(мысалы, серіктестіктегі пайлар) формасында болады және оған инвестициялық ұйымның таза активтерінің үлесі пропорционалды болады. Бірақ, белгілі бір инвестицияларға немесе инвестициялар тобына ғана құқығы бар инвесторлар сыныбының немесе таза активтердің түрлі пропорционалды үлесінің болуы кәсіпорынның инвестициялық ұйым болуын жоққа шығармайды.

B85W     Осыдан басқа, меншікте берешек түріндегі маңызды үлесі бар кәсіпорын, қолданылатын ХҚЕС-на сәйкес, меншікті капиталдың анықтамасын орындамаса, борышқорлар  кәсіпорынның таза активтерінің әділ құнындағы өзгерістен түсетін айнымалы табысқа иеленген жағдайда ғана кәсіпорын инвестициялық ұйым болып танылады.

Есепке алуға қойылатын талаптар

Шоғырландыру процедуралары

B86         Шоғырландырылған қаржылық есептілікке:

(a)                 міндеттемелерінің, капиталының, кірістерінің, шығыстарының және ақша қаражаттары ағыны баптарының бірігуі жүргізіледі.

(b)            әрбір еншілес кәсіпорындардағы бас кәсіпорын инвестицияларының теңгерімдік құнының және әрбір еншілес кәсіпорын капиталындағы бас кәсіпорынның үлесінің өзара есебі (қорытынды) жүргізіледі (3 (IFRS) ХҚЕС кез-келген ілеспелі гудвилдыесепке алу тәртібін түсіндіреді).

топ кәсіпорындары (топішілік операциялар нәтижесінде туындайтын және қорлар мен негізгі қаражаттар сияқты активтер құрамында танылған пайда немесе шығын толығымен оның еншілес кәсіпорындарының ұқсас баптарымен бас кәсіпорын активтерінің, ескеріледі) арасында операцияларға байланысты топішілік активтер мен міндеттемелер, капитал, кіріс пен ақша қаражаттарының ағыны толық ескеріледі. Топішілік шығындар шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылуы тиіс құнсыздануды көрсетуі мүмкін. 12 «Пайдаға салынатын салықтар» ХҚЕС (IAS) топішілік операциялардан түсетін пайдалар мен шығыстарды ескеру нәтижесінде туындайтын уақытша айырмашылықтарды қарастырады

                Бірыңғай есеп саясаты

B87         Егер топ мүшелерінің қайсы бірі ұқсас жағдайлар кезінде ұқсас операциялар мен оқиғаларды есепке алу үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікте пайдаланатын есеп саясатынан ерекшеленетін есеп саясатын пайдаланатын болса, топтың есеп саясатының сәйкестігін кепілдендіру үшін қаржылық есептілікті дайындау кезінде топ мүшелерінің қаржылық есептілігіне тиісті түзетулер енгізілуі тиіс.

         Бағалау

B88         Кәсіпорын еншілес кәсіпорынға бақылау жасайтын сәттен бастап еншілес кәсіпорынға бақылау жасауды жоғалтқанға дейінгі аралықта еншілес кәсіпорынның кіріс мен шығысын шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кірістіреді. Еншілес кәсіпорынның кірісі мен шығысы сатып алу күніндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылған активтер мен міндеттемелердің шамалары негізінде есептеледі. Мысалы, сатып алу күнінен кейін жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте танылған амортизациялық шығыстар сатып алу күні шоғырландырылған қаржылық есептлікте танылған тиісті амортизацияланған активтердің әділ құнына негізделген.

Дауыс берудің әлеуетті құқығы

B89         Дауыс берудің әлеуетті құқығы немесе дауыс берудің әлеуетті құқығынан тұратын басқа да туынды құралдар болған жағдайда пропорция туындайды, пайда немесе шығындағы, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде капиталдағы өзгерістер бас кәсіпорынға жатады және бақыланбайтын үлестер қолда бар тікелей қатысу үлесі негізінде сөзсіз анықталады және де дауыс берудің әлеуетті құқықтарының және В90 тармағында қолданатын жағдайдан басқа кездегі басқа да туынды құралдардың мүмкін болатын орындауын немесе конвертциясын көрсетпейді.

B90         Қазіргі кезде кәсіпорынға кіріске деген рұқсат беретін операциялар нәтижесінде алынған, тікелей қатысу үлесімен байланысты алынған операциялар нәтижесінде маңыздылығы бойынша кейбір жағдайларда кәсіпорынның қоланыстағы тікелей қатысу үлесі болады. Мұндай жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезіндегі бас кәсіпорынға жататын үлес пен бақыланбайтын үлес мұндай әлеуетті дауыс беру құқығының және қазіргі кезде кәсіпорынның кіріске деген рұқсат беретін басқа да туынды құралдардың мүмкін болатын орындалуын ескеру арқылы анықталады.

B91         9 ХҚЕС (IFRS) шоғырландырылмаған еншілес кәсіпорындардағы қатысу үлесіне таратылмайды. Егер әлеуетті дауыс беру құқығынан тұратын құралдар маңыздылығы бойынша еншілес кәсіпорындағы тікелей қатысу үлесімен байланысты қазіргі кезде кәсіпорынның кіріске деген рұқсатын ұсынатын мұндай құралдарға 9 ХҚЕС (IFRS) талаптары қолданылмайды. Басқа қалған жағдайда еншілес кәсіпорындағы әлеуетті дауыс беру құқығынан тұратын құралдар 9 ХҚЕС (IFRS) сәйкес есепте көрініс табады.

Есеп беретін күн

B92         Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылатын бас кәсіпорын мен оның еншілес кәсіпорнының қаржылық есептілігі бір ғана есептік күнде дайындалуы тиіс. Егер бас кәсіпорынның есептік кезеңінің соңы еншілес кәсіпорынның еншілес кезеңінің соңынан ерекшеленетін болған жағдайда шоғырландыру мақсатында еншілес кәсіпорын бас кәсіпорын қаржылық есептілігі күніндегі жағдай бойынша оны орындау мүмкін емес болған жағдайдан басқа кездегі бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынның қаржылық ақпаратын шоғырландыра алуы үшін қосымша қаржылық ақпарат дайындайды.

B93         Егер оны орындау мүмкін болса, бас кәсіпорын мұндай қаржылық есептілік күні мен шоғырландырылған қаржылық есептілік күні аралығында болған елеулі операциялардың әсері немесе оқиғаларды ескеру арқылы түзетілген еншілес кәсіпорынның ең соңғы қаржылық есептілігін пайдалана отырып, еншілес кәсіпорынның қаржылық ақпаратын шоғырландыруы тиіс. Қандай жағдай болсын еншілес кәсіпорынның қаржылық есептілігі күні мен шоғырландырылған қаржылық есептілік күні арасындағы айырмашылық үш айдан артпауы керек, ал есептік кезеңдердің жалғастығы мен қаржылық есептілік күндері арасындағы айырмашылық кезеңнен кезеңге сәйкес келуі тиіс.

            Бақыланбайтын үлестер

B94         Пайда немесе шығын және басқа да жиынтық кірістің әрбір компоненті бас кәсіпорынның және бақыланбайтын үлестердің меншігіне жатады. Егер ол бақыланбайтын үлестердің дефецитті сальдосына әкелсе де жалпы жиынтық кіріс бас кәсіпорын мен бақыланбайтын үлестер меншігіне жатады.

B95         Егер еншілес кәсіпорынның айналыста артықшылыққа ие болатын капитал құрамында жіктелетін және бақыланбайтын үлестерге жататын кумулятивті акциялары болса, бас кәсіпорын мұндай акциялар бойынша мұндай дивиденттер жарияланғанына қарамастан дивиденттердің пәніне олардың түзетулері енгізілгеннен кейін пайдалар мен шығындардағы өзінің үлесін есептейді.

         Бақыланбайтын  үлестерге пропорционал қатынастағы өзгерістер

B96           Бақыланбайтын үлеске жататын капиталдың пропорционал қатынасындағы өзгеріс жағдайында, кәсіпорын еншілес кәсіпорын капиталындағы олардың ара қатынастарындағы өзгерістерді көрсету үшін нақты пакеттің бақыланбайтын үлесін мен бақыланбайтын үлесін түзетуі тиіс. Кәсіпорын бақыланбайтын үлестердің түзетулері мен өтеуден алынған немесе төленген әділ құн арасындағы кез-келген айырмашылықты тануы және мұндай айырмашылықты бас кәсіпорынның меншік иелеріне жіберуі тиіс.

                Бақылауды жоғалту

B97         Бас кәсіпорын бір немесе бірнеше келісімдер (операциялар) жасау кезінде еншілес кәсіпорынды басқаруды жоғалтып алуы мүмкін. Алайда, кейде міндеттемелер бірнеше мұндай келісімдер бірыңғай операция ретінде ескерілуі керектігін көрсетеді. Мұндайды анықтау кезінде келісімді бірыңғай операция ретінде ескеруі керек пе дегенде бас кәсіпорын аталған келісімдардің барлық шарттары мен олардың экономикалық салдарын қарастыруы тиіс. Төменде баяндалған факторлардың біреуі немесе бірнешеуінің болуы бас кәсіпорынның есепте бірнеше келісімдерді бірыңғай операция ретінде көрсетуі тиіс дегенді көрсетуі мүмкін:

(a)                  Олар бір уақытта немесе бірене соң бірі жасалады.

(b)                 Олар жалпы коммерсиялық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған бірыңғай операцияны құрастырады.

(c)                  Бір келісімнің туындауы басқа келісімдерден біруінің туындауына байланысты болады.

(d)                                Басқалардан оқшау алғанда бір келісімді қарастыру экономикалық көзқарас тұрғысынан орынды емес, онда оны басқа келісімдермен бірге қарастыру қалайша экономикалық жағынан дәлелді. Оған нарықтық бағадан жоғары баға бойынша акциялардың кейінгі істен шығуымен өтелетін нарықтық бағадан төмен бағада акциялардың істен шығуы мысал бола алады.

B98         Егер бас кәсіпорын еншілес кәсіпорын үстінен жасайтын бақылауын жағалтатын болса, онда ол:

(a)           тануды тоқтатады:

(i)            бақылау жасауды жоғалту күніндегі олардың теңгерімдік құны бойынша еншілес кәсіпорыынның активтері (кез-келген гудвилді қоса алғанда) және міндеттемелерін; және

(ii)           бақылау жасауды жоғалту күніндегі (оларға жататын басқа да кез-келген жиынтық пайдалар ды қоса алғанда) бұрынғы еншілес кәсіпорынның кез-келген бақыланбайтын үлестерінің теңгерімдік құнын.

(b)           таниды:

(i)            бақылау жасауды жоғалтуға әкелген операциялар, оқиғалар немесе жағдайлар кезінде алынған сыйақылардың әділ құнын (мұндай болған жағдайда);

(ii)           бақылау жасауды жоғалтуға әкелген операция, оқиғалар немесе міндеттемелер еншілес кәсіпорынның акцияларын бөлу көрсетілген осы реттегі қолданыстағы меншік иелерінің пайдасына бөлуді болжайды, және

                                         (ii)              бақылау жасауды жоғалту күніндегі олардың әділ құны бойынша бұрынғы еншілес кәсіпорында қалған кез-келген инвестицияларды.

(c)           егер оны ХҚЕС талап ететін болса пайдалар немесе шығындар құрамын немесе бөлінбеген пайдалар құрамына тікелей аударады, В99 тармағында сипатталған негізде еншілес кәсіпорынмен байланысты басқа да жиынтық кіріс құрамында танылған сомаларды қайта жіктейді.

(d)           бас кәсіпорынға жататын пайдалар немесе шығындар құрамында танылған кіріс немесе шығын ретінде осы айырмашылық нәтижесінде туындайтын кез-келген айырмашылықты таниды.

B99         Егер бас кәсіпорын еншілес кәсіпорын үстінен жүргізетін бақылауды жоғалтатын болса, егер бас кәсіпорын тікелей тиісті активтер немесе міндеттемелерге өкім ететін жағдайда да сол негізде бас кәсіпорын аталған еншілес кәсіпорынға қатысты басқа да жиынтық кіріс құрамында танылған барлық сомаларды ескеруі қажет. Сәйкесінше, басқа да жиынтық кірістер құрамында бұрын танылған кіріс немесе шығын тісті активтер немесе міндеттемелердің істен шығуы кезінде пайдалар немесе шығындар құрамына қайта жіктеледі, бас кәсіпорын еншілес кәсіпорынның үстінен жүргізетін бақылауын жоғалтқан жағадайда капитал құрамындағы кіріс немесе шығынды пайдалар немесе шығындар құрамына (қайта жіктеу кезіндегі түзетулер ретінде) қайта жіктейді. Егер бұрын басқа да жиынтық кіріс құрамында танылған қайта бағалаудан түскен құнның өсімі активтердің істен шығуы кезінде бөлінбеген пайдалар құрамына тікелей аударылатын болса, бас кәсіпорын еншілес кәсіпорын үстінен жүргізетін бақылауды жоғалтқан жағдайда қайта бағалаудан түскен аталған құнныңөсімін бөлінбеген пайдалар құрамына тікелей аударады.

Инвестициялық ұйымның мәртебесіндегі өзгерістерді есепке алу

B100       Кәсіпорын инвестициялық қызметті тоқтатқанда, бұрын 31-тармаққа сәйкес пайда мен залал арқылы әділ құнмен бағаланған еншілес компанияларының барлығы үшін 3-ші ХҚЕС қолдануы тиіс. Мәртебені өзгерту мерзімі сатып алу мерзімі болып есептеледі. Атып алу серзімінде есептелген еншілес компанияның әділ құны осы мерзімде есептелген барлық гудвил мен сатып алудан түскен пайданы ұсыну қажет. Барлық еншілес компаниялар осы ХҚЕС-ң 19-24 тармақтарына сәйкес мәртебенің өзгеру күнінен бастап шоғырландырылуы тиіс.

B101       32-ші тармаққа сәйкес шоғырландыруды жалғастыруы тиіс еншіоес компанияны есептемгенде, кәсіпорын инвестициялық болып жарияланғанда, мәртебесін өзгерту уақытында енілес компанияларын шоғырландыруды тоқтатуы тиіс. Инвестициялық ұйым 25 және 26 тармақтарды еншілес компанияларға келесі жағдайда қолданады: сол уақыт мерзімінде инвестициялық ұйым еншілес компанияның үстінен бақылау құқығын жоғалтқанда,кәсіпорын шоғырландыруды тоқтатады.

 

 

C қосымшасы

        Жаңа есепке алу тәртібіне көшу және күшіне ену күні

 

             Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлімі болып табылады және өзінің күші бойынша осы стандарттың басқа да тармақтарымен тепе-тең.

Күшіне ену күні

C1           Кәсіпорын 2013 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты осы стандартты қолдануы тиіс. Алдын ала қабылдау рұқсатталған. Егер кәсіпорын осы стандартты бұдан ерте мерзімге қатысты қолданса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және сонымен бірге ХҚЕС (IFRS) 11, ХҚЕС (IFRS) 12, ХҚЕС (IAS) 27 «Жеке қаржлық есептілігі», ХҚЕС (IAS) 28 (2011 жылды түзетуімен) қолдануы керек.

C1A        2012 жылы қазан айында шыққан Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі, Бірлескен қызмет және Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 12 ХҚЕС(IFRS) түзетулер), C2-C6 тармақтарын өзгертті және C2A-C2B, C4A-C4C, C5A және C6A-C6B тармақтарын енгізді. 2013 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Егер 10-шы ХҚЕС ертерек мерзім үшін қолданылса, өзгерістер сол мерзім үшін пайдаланылуы қажет.

C1B        2012 жылғы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 27 ХҚЕС(IAS) түзетулер) 2, 4, C2A, C6A тармақтары және А қосымшасына түзетулер енгізді және 27-33, B85A-B85W, B100-B101 мен C3A-C3F тармақтарын енгізді. 2014 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Осы уақыттан бұрын да қолданысқа енуі рұқсат етіледі. Егер ұйым ертерек мерзім ішінде енгізілген түзетулерді қолданса, Инвестициялық ұйым ішіндегі түзетулер қоса бір уақытта қолданылу қажет.

Жаңа  есепке алу тәртібіне көшу 

C2           Кәсіпорын осы стандартты C3-C6 тарауында сипатталған жағдайдан басқа 8 «Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер» ХҚЕС (IAS) сәйкес ретроспективті қолдануы тиіс.

C2A        8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші тармағына сәйкес ХҚЕС алғаш қолданылғанда, немесе Инвестициялық ұйым осы ХҚЕС-на қолданылғаннан кейін, кәсіпорын 8-ші ХҚЕС-ң (IFRS) 28-ші (f) тармағына сәйкес осы ХҚЕС-ң пайдалану мерзімінің бірден жалғасушы мерзімінде сандық ақпаратты ұсынуы тиіс. Кәсіпорын осы ақпаратты ағымдағы кезеңде немесе ерте салыстырмалы кезеңдер үшін ұсына алады, бірақ талап етілмейді.

C2B        Осы стандартты алғашқы қолданған мерзім жылдық есептіліктің кезеңінің басталу мерзімі болып табылады.

C3           Осы стандартты алғашқы қолданарда кәсіпорын төмендегілерді өзінің қатысу есебіне  түзетулер енгізуі тиіс емес:

(a)           ХҚЕС (IAS) 27 «Жеке қаржылық есептілігі» стандартына сәйкес бұрын шоғырланған және ТТК (SIC) 12 «Арнаулы мақсаттағы ұйымдарды шоғырландыру» түсіндірмесіне сәйкес шоғырландырылып жатқан ұйымдарда; немесе

(b)           ХҚЕС (IAS) 27 және ТТК (SIC) 12 сәйкес бұрын шоғырландырылмаған және осы стандартқа сәйкес әлі де шоғырланбайтын барлық ұйымдарда.

C3A        Алғаш қолдану кезінде сол мерзімдегі деректер мен жағдайлар негізінде, кәсіпорын оның инвестициялық ұйым екендігін бағалауы тиіс. Егер алғаш қолдану кезінде кәсіпорын бұл инвестициялық ұйым деген қорытындыға келсе, C5-C5A тармақтарының орнына C3B-C3F тармақтарын қолдануы тиіс.

C3B        32-ші тармаққа сәйкес(C3 пен C6 және C4-C4C тармақтары қолданылатын) шоғырландырылған еншілес компанияны қоспағанда, инвестициялық кәсіпорын әрбір еншілес компаниясындағы инвестицияларды пайда мен залал арқылы, ХҚЕС талаптары әруақытта тиімді болғандай, әділ құнмен бағалауы тиіс. Инвестициялық ұйым жылдық кезеңді алғаш қолданудың бірден жалғасушы кезеңі мен бірден жалғасушы кезеңнің басындағы меншікті капиталының арасындағы айырмашылық үшін қолданады:

(a)           еншілес компанияның бұрынғы баланстық құны; және

(b)           инвестициялық ұйымның еншілес компанияға салған инвестициясының әділ құны.

Бұрын басқа жиынтық табыста танылған әділ құнмен бағаланған келістірулердің жиынтық сомасы, бірден жалғасушы кезеңнің алғаш қолдану мерзіміндегі жылдық кезеңнің басындағы бөлінбеген табысқа берілуі тиіс. 

C3C         13-ші ХҚЕС Әділ құнды бағалауды қабылдау мерзіміне дейін инвестициялық ұйым, осыдан бұрын инвесторлар немесе басшылыққа хабарланған келісті, «қол жетімді» тараптар арасында айырбасталуы мүмкін инвестицияларың әділ құнын пайдалануы тиіс. 

C3D        C3B-C3C тармақтарына сәйкес еншілес компаниядағы инвестицияларын бағалау оралымсыз болса(8-ші ХҚЕС-те (IAS) анықталғандай), инвестициялық ұйым ХҚЕС талаптарын C3B-C3C тармақтарын пайдалану тиімді болатын ерте мерзімнің басында қолдануы қажет. Егер ерте кезеңнің басында осы тармақты қолдану тиімділігі ағымдағы кезеңде орын алмаса, алғаш қолдану мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңді инвестор ретроспективті түрде келістіруі қажет. Егер дұрыс болса, меншікті капиталдың келістірілуі ағымдағы кезеңнің басында танылуы қажет.

C3E         Егер инвестициялық ұйым осы ХҚЕС-ті алғаш қолданудың басында еншілес компаниядағы инвестицияны бақылауды жоғалтса немесе құқықтан айырылса, сол еншілес компанияның есептілігіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.

C3F         Егер Инвестициялық ұйымға енгізілген өзгерістерді 10-шы ХҚЕС-н қолданудан кейін пайдаланса, C3A-C3E тармақтарындағы «алғаш қолдану» сілтемесі «2012 жылы қазан айында жарияланған Ивестициялық ұйымға енгізілген өзгерістер(10 ХҚЕС, 12 ХҚЕС және ХҚЕС 27(IAS) енгізілген өзгерістер) алғаш қолданылған кезеңнің басы» ретінде оқылуы қажет.

C4           Егер осы стандартты алғашқы рет қолдануда ХҚЕС (IAS) 27 және ТТК (SIC) 12 түсініктемеге сәйкес инвестиция нысанының  шоғырлануына  әкелетін инвестор бұрын  шоғырландырмаған жағдайда инвестор міндетті:

(a)                 егер инвестиция нысаны бизнес болса (ХҚЕС (IAS) 3 баяндалған аталған терминдердің анықтамасына сәйкес), алдын-ала стандартты қолдану мерзімін бағалау, активтер, берілген инвестиция объектісі уақытпен шоғырландырылғандай, ерте шоғырландырылмаған осындай инвестиция нысанының бақыланбаған бөлігі және міндеттері (ХҚЕС (IAS) 3 сәйкес сатып алу тіркеуін қолдану)

(b)                егер инвестиция нысаны бизнес болса (ХҚЕС (IAS) 3 айтылған, берілген термин анықтамасына сәйкес), алдын-ала стандартты қолдану мерзімін бағалау, активтер, осы стандарт талаптарына сәйкес осындай инвестиция объектісіне бақылау алған инвестор уақытпен шоғырландырылғандай, ерте шоғырландырылмаған осындай инвестиция объектісінің бақыланбаған бөлігі және міндеттері (ХҚЕС (IAS) 3 жазылған, сатып алу әдісін қолдану). Бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді деп анықталған көлем арасындағы кез-келген айырмашылық және алдыңғы баланстық бағамен инвестиция объектісінде инвестор қатысуы бастапқы сальдо капиталының түзелуіне сәйкес айқындалуы тиіс.

(c)                  егер инвестиция объектінің бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді бағалары (a) немесе (b) тармағына сәйкес келмесе немесе тәжірибелі орындалмаса (ХҚЕС (IAS) 8 анықталғандай), онда инвестор міндетті:

(i)              егер инвестиция объектісі бизнес болса, ХҚЕС (IAS) 3 талаптарын қолдану. ХҚЕС (IAS) 3 қолданғанда іс жүзінде орындалу қатынасында иемденудің шартты мерзімі ерте мерзімнен алда болады, сондықтан осындай кезеңнен ағымдағы кезең пайда болуы мүмкін.

(ii)            егер иемденудің шартты мерзімі жағдайы бойынша инвестиция  нысаны қатынасына гудвилді мойындамаса, ХҚЕС (IAS) 3 жазылғандай иемдену әдісін қолданса, егер инвестиция объектісі бизнес болса. Берілген тармақты қолданғанда іс жүзінде орындалу қатынасында  иемденудің шартты мерзімі ерте мерзімнен алда болады, сондықтан осындай кезеңнен ағымдағы кезең пайда болуы мүмкін.

Инвестор иемденудің шартты мерзімі жағдайы бойынша бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді деп танылған көлемі арасындағы кез-келген келіспеушіліктерді және кезеңге сәйкес капиталды түзеу ретінде инвестиция объектісінде инвесторлардың қатысуымен бұрын белгіленген кез-келген соммасын тануы тиіс. Одан басқа инвестор салыстырмалы ақпаратты ұсынуы тиіс және ХҚЕС (IAS) 8 сәйкес ашып көрсетуді жасауы тиіс.

С4А        Еегер инвестиция объектінің бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді бағалары С4 тармағының (a) немесе (b) тармағына сәйкес келмесе немесе тәжірибелі орындалмаса (ХҚЕС (IAS) 8 анықталғандай), онда инвестор міндетті:

(а)             егер инвестиция объектісі бизнес болса, ХҚЕС (IAS) 3 талаптарын сатып алу күнінен бастап қолдану. C4(a) қолданғанда іс жүзінде орындалу қатынасында иемденудің шартты мерзімі ерте мерзімнен алда болады, сондықтан осындай кезеңнен ағымдағы кезең пайда болуы мүмкін.

(b)            егер иемденудің шартты мерзімі жағдайы бойынша инвестиция нысаны қатынасына гудвилді мойындамаса, бірақ, ХҚЕС (IAS) 3 жазылғандай иемдену әдісін қолданса, егер инвестиция объектісі бизнес болса. Берілген C4(b) тармақты қолданғанда іс жүзінде орындалу қатынасында иемденудің шартты мерзімі ерте мерзімнен алда болады, сондықтан осындай кезеңнен ағымдағы кезең пайда болуы мүмкін.

Инвестор иемденудің шартты мерзімі жағдайы бойынша бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді деп танылған көлемі арасындағы кез-келген келіспеушіліктерді және кезеңге сәйкес капиталды түзеу ретінде инвестиция объектісінде инвесторлардың қатысуымен бұрын белгіленген кез-келген соммасын тануы тиіс. Одан басқа инвестор салыстырмалы ақпаратты ұсынуы тиіс және ХҚЕС (IAS) 8 сәйкес ашып көрсетуді жасауы тиіс:

(с)              активтердің, міндеттемелердің және танылған бақыланбайтын пайыздардың сомасы;

(d)              инвестордың бұрынғы инвестициялық үлесінің баланстық құны.

Осы тармқатың қолданылу тиімділігі ағымдағы кезеңде байқалса, меншікті капитал келістірімі ағымдағы кезеңнің басында танылуы тиіс. 

C4B        Егер инвестор C4-C4A тармақтарын қолданғанда, осы ХҚЕС-на сәйкес бақылау құқығына ие болу күні 2008 жылы қарастыралған (3-ші ХҚЕС (IFRS)) 3-ші ХҚЕС-ң (IFRS) күшіне ену күнінен кеш болса, C4 және C4A тармақтарындағы 3-ші ХҚЕС-на сілтеме 3-ші ХҚЕС-на (2004) болуы тиіс.

C4C        Егер инвестор C4-C4A тармақтарын қолданғанда, осы ХҚЕС-на сәйкес бақылау құқығына ие болу күні 2008 жылы қарастырылған(27-ші ХҚЕС(IAS) 2008) 27-ші ХҚЕС-ң күшіне ену күнінен кеш болса, инвестор осы ХҚЕС талаптарын 27-ші ХҚЕС-ң C4-C4A тармақтарына сәйкес ретроспективті түрде инвестициялау объектілері шоғырландырылған барлық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Егер бақылау 27-ші ХҚЕС-ң(IAS)(2008) күшіне ену күнінен бұрын берілсе, инвестор келесілерді қолдануы тиіс:

(a)           осы ХҚЕС талаптарын C4-C4A тармақтарына сәйкес ретроспективті түрде инвестициялау объектілері шоғырландырылған барлық кезеңдер үшін; немесе

(b)           2003 жылы шыққан 27-ші ХҚЕС-ң талаптарын 2008жылы шыққан 27-ші ХҚЕС-ң күшіне ену күніне дейінгі кезеңдерге және осы ХҚЕС-ң талаптарынан кейін алдыңғы кезеңдер үшін.

C5           Егер осы стандартты бірінші қолдану кезінде, инвестор қатысу бөлігін иемденген немесе инвестиция объектісіне бақылауын жоғалтқан сәтте осы стандарттың талаптары тиімді болғанда, ХҚЕС (IAS) 27 (2008 жылғы түзетуге сәйкес) және ТТК (SIC) 12 түсініктемеге сәйкес ерте шоғырланған инвестиция нысанын инвестор енді  шоғырландырылмаған жағдайда, инвестор бөлігі осындай соммаға бағаланатын бірінші қолдану мерзіміне инвестиция нысанында  қалған өз бөлігін бағалауы тиіс. Егер қалған қатысу бөлігінің бағасы іс жүзінде орындалмаса (ХҚЕС (IAS) 8 жазылған анықтамаға сәйкес), онда инвестор ерте кезеңнің бастапқысына бақылау шығынын тіркеу үшін осы стандарт талаптарын қолдануы тиіс, осы стандартты қолданғанда  іс жүзінде орындалу қатынасында иемденудің шартты мерзімі ерте мерзімнен алда болады, сондықтан осындай кезеңнен ағымдағы кезең пайда болуы мүмкін. Инвестор иемденудің шартты мерзімі жағдайы бойынша бақыланбаған бөлігі мен міндеттері, белсенді деп танылған көлемі арасындағы кез-келген айырмашылықтарды  және кезеңге сәйкес капиталды түзеу ретінде инвестиция объектісінде инвесторлардың қатысуымен ерте белгіленген кез-келген соммасын тануы тиіс. Одан басқа инвестор салыстырмалы ақпаратты ұсынуы тиіс және ХҚЕС (IAS) 8 сәйкес ақпараттарды ашып көрсетуі  тиіс.

C5A        Егер инвестициялау объектісіндегі пайызды бағалауды жүргізу C5 тармағына сәйкес тиімді болмаса(8-ші ХҚЕС (IAS) анықтағандай), инвестор осы ХҚЕС талаптарын C5 тармағын қолдану тиімді болатын ең ерте кезеңнің басында қолдануы тиіс және бұл кезең ағымдағы кезең болуы мүмкін. Егер осы тармақты қолданудың ең ерте кезеңі ағымдағы кезең болмаса, инвестор алғаш қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңді ретроспективті түрде келістіру қажет. Инвестор инвестициялау объектісін бақылауды бірден жалғасушы кезең басталмастан бұрын иемденсе немесе жоғалтса(бірақ бақылауды осы ХҚЕС сәйкес иемденбесе), инвестор бңрден жалғасушы кезеңдегі меншікті капиталды келістірудегі айырмашылықты тануы тиіс:

(а)           активтердің, міндеттемелердің және бақыланбайтын үлестердің бұрынғы баланстық құны; және

(b)           инвестордың инвестициялау объектісіндегі пайызының танылғған сомасы.

Осы тармқатың қолданылу тиімділігі ағымдағы кезеңде байқалса, меншікті капитал келістірімі ағымдағы кезеңнің басында танылуы тиіс. 

C6           23, 25 тармақтары B94 және B96-B99 2008 жылы жасалған ХҚЕС (IAS) 27 түзетулер енгізіледі, содан ХҚЕС (IAS) 10 көшеді. Жоғарыдағы жағдайлардан басқа, кәсіпорын С3 тармағын қолданарда, келесі жағдай бойынша берілген тармақтарда көрсетілген талаптарды қолдануы тиіс:

(a)           В94 тармақта ұсынылған алғашқы түзетуді қолдану алдындағы есептілік мерзіміне кәсіпорын шығын мен табысты есептемеуі тиіс

(b)           23 және В6 тармақтарындағы талаптар қадағалауды алғаннан кейін тиесілі емес бөлігінде еншілес кәсіпорынға қатысуда  өзгеру есебіне таратылмайды.

(c)           25 және В97-В99 тармағында алғаш рет жазылған түзетулерді қолдануға дейін бақылауын жоғалтқан болса, кәсіпорын бұрынғы еншілес кәсіпорынымен баланстық бағасын қайта есептемеуі тиіс. Сонымен қатар кәсіпорын еншілес кәсіпорынына басқаруын 25 және В97-В99 тармағында алғаш рет жазылған түзетулерді қолдануға дейін жоғалтқан кезінде тағы да шығыны мен пайдасын қайта есептемеуі тиіс.

                «Бірден жалғасушы кезеңге» сілтеме

C6A        C3B-C5A тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге(«бірден жалғасушы кезең») көрсетілген сілтемеге қарамастан, кәсіпорын, сонымен қатар, кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынуы мүмкін, бірақ талап етілмейді. Егер кәсіпорын C3B-C5A тармағындағы бастапқы қолданудың мерзіміне бірден жалғасушы жылдық кезеңге «бірден жалғасушы кезең» көрсетілген сілтемемен бірге кез келген алдыңғы кезеңдерге сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынса, бұл «ұсынылған ең ерте мерзімдегі келістірілген салыстырмалы кезең» деп оқылуы тиіс.

C6В        Егер кәсіпорын кез келген алдыңғы кезеңдер үшін келістірілмеген салыстырмалы ақпарат ұсынса, ол келістірілмеген ақпаратты анықтап, оның басқа негізде дайындалғанын дәлелдеп, негізді түсіндіруі тиіс.

                9 ХҚЕС-на (IAS) сілтемелер

C7           Егер кәсіпорын осы стандартты қолданса, бірақ ХҚЕС (IAS) 9 әлі қолданбайтын болса, осы стандарт ХҚЕС (IAS) 9 да кез-келген сілтеме ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және  бағалау» сілтеме ретінде түсіндірілуі тиіс.

Басқа ХҚЕС-ң  тоқтататылуы

C8           Осы стандарт ХҚЕС (IAS) 27 (2008 жылғы түзетуімен) шоғырландырылған қаржылық есептілікке қойылатын талаптарды алмастырады.

C9           Осы стандарт сонымен қатар ТТК(SIC) 12 «Арнаулы мақсаттағы  ұйымдарды шоғырландыру» түсініктемесін алмастырады.

 

 

 


[1]        10-шы ХҚЕС-ң C7 тармағы Шоғырландырылған қаржы есептіліктері:  »Егер кәсіпорын осы стандартты қолданса, бірақ ХҚЕС (IAS) 9 әлі қолданбайтын болса, осы стандарт ХҚЕС (IAS) 9 да кез-келген сілтеме ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және  бағалау» сілтеме ретінде түсіндірілуі тиіс.»