12-ші Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарты (IFRS 12)
«Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету»
Мақсаты
1 Осы стандарттың мақсаты пайдаланушылардың қаржылық есептілігіне төмендегілерді бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттарды ашып көрсету туралы кәсіпорындарға қойылатын талаптарды анықтаудан тұрады:
(a) оның басқа кәсіпорындардағы қатысу сипаты мен оған байланысты тәуекелдерді; және
(b) мұндай қатысудың қаржылық жағдайына, қаржы нәтижелері мен ақша қаражаттарының ағындарына әсерін.
Мақсаттың жетістіктері
2 1-тармақта баяндалған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) осы анықтамадан маңызды қорытындылау мен ұсыныстар:
(і) басқа кәсіпорындардағы қатысу сипатын;
(іі) бірлескен қызмет түрін анықтау кезінде қабылдайтын елеулі пайымдаулары мен кемшіліктерін (7-9 тармақтары);
(ііі) егер тиімді болса, инвестициялық кәсіпорынның анықтамасына сай келеді; және
(b) оның төмендегілерге қатысуы туралы ақпаратты:
(i) еншілес кәсіпорындардағы (10-19-тармақтары);
(ii) бірлескен қызмет пен қауымдасқан кәсіпорындардағы (20-23-тармақтары); және
(iii) кәсіпорын бақыламайтын құрылымдық кәсіпорындардағы (шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорын) (24-31- тармақтары).
3 Егер осы стандарта талап етілетін ақпараттарды ашып көрсету басқа стандартттар талап ететін ақпараттарды ашып көрсетумен бірге 1-тармақта баяндалған мақсаттарды қанағаттандырмайтын болса, кәсіпорын сол мақсатқа жету үшін қажетті қосымша ақпарат қажет екендігін ашып көрсетуі тиіс.
4 Кәсіпорын ақпараттарды ашып көрсету мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті нақтылау деңгейін және де осы стандарт талаптарының әрқайсысына қаншалықты үлкен назар аудару керектігін анықтауы тиіс. Ол пайдалы ақпараттарды ақпараттарды ашып көрсету кезінде немесе түрлі сипаттамалары бар тармақтарды біріктіру кезінде кірістірілген елеусіз бөліктер үлкен көлемде жоғалып кетпейтіндей ашып көрсетілетін ақпараттарды біріктіруі немесе нақтылауы тиіс және (B2-B6 тармақтарын қараңыз).
Қолданылу aясы
5 Осы стандартты төменде көрсетілгендердің кез келгенінде қатысу үлесі бар кәсіпорындар қолдануы тиіс:
(a) еншілес кәсіпорын.
(b) бірлескен кәсіпорын (яғни, бірлескен операциялар немесе бірлескен кәсіпорындар).
(c) қауымдасқан кәсіпорын.
(d) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорын.
6 Осы стандарт төмендегілерге қатысты болғанда қолданылмайды:
(a) еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақы жоспарларына немесе
19 «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» ХҚЕС (IAS) қолданылатын қызметкерлерге сыйақы бердің ұзақ мерзімді басқа да жоспарларына.
(b) 27 «Жеке қаржы есептілігі» ХҚЕС (IAS) қолданылатын кәсіпорынның жеке қаржылық есептілігі. Алайда, кәсіпорынның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындарда қатысу үлесі бар болса және тек жеке қаржылық есептілікті құрастыратын болса, ол 24-31-тармақтарында қарастырылған талаптарды қолдануы тиіс.
(c) бірлескен қызметке қатысушы, бірақ мұнымен бірге оған ортақ бақылау жүргізбейтін үлесі бар кәсіпорынның қатысу үлесі мұндай қатысу қызметке елеулі әсер етуге мүмкіндік бергенде немесе құрылымдық кәсіпорындарда
(d) 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС (IAS) сәйкес есепте көрініс табатын басқа кәсіпордағы қатысу үлесі. Алайда осы стандарты қолдануы тиіс:
(i) кезең ішінде пайдалар немесе залалдар құрамында көрініс табатын өзгерістер әділ құн бойынша бағаланатын 28 «Қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» (IAS) ХҚЕС сәйкес қауымдасқан кәсіпорындар немесе бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесін ұсынатын мұндай қатысу үлесі жағдайында; немесе
(ii) мұндай қатысу үлесі құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу үлесін ұсынған жағдайда.
Елеулі пайымдаулар мен кемшіліктер
7 Кәсіпорын төмендегілерді анықтау кезінде қабылдаған (және аталған пайымдаулар мен кемшіліктерге енгізілген өзгерістердегі) елеулі пайымдаулар мен кемшіліктер туралы ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс:
(a) 10 «Шоғырландырылған қаржы есептілігі» ХҚЕС (IAS) 5 және 6-тармақтарында ұсынылған сипаттамаларға сәйкес басқа кәсіпорынға яғни, инвестициялар нысанына бақылауы барын;
(b) оның қызметке бірлескен бақылауы барын немесе басқа кәсіпорынға елеулі әсер ететінін; және
(c) егер жеке ұйымның құрылымы болған жағдайдағы қызметтің бірлескен қызмет түрін (яғни, бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын).
8 7-тармаққа сәйкес ашып көрсетілетін елеулі пайымдаулар мен кемшіліктер фактілер мен міндеттемелер жағдайындағы оның бірлескен бақылау не елеулі әсері бар- жоқтығы туралы қорытынды жасау кезінде кәсіпорын қабылдайтын пайымдаулар мен кемшіліктерді бірге қарастырады.
9 7-тармақтың талаптарын орындау үшін кәсіпорын мысалы, төмендегілерді анықтау кезінде қабылданған елеулі пайымдаулар мен кемшіліктерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) ол басқа кәсіпорынның дауыс беру құқығының жартысынан көбін иеленген жағдайда да ол басқа кәсіпорынды бақыламайды.
(b) ол басқа кәсіпорынның дауыс беру құқығының жартысынан азын иеленген жағдайда ол басқа кәсіпорынды бақылайды.
(c) ол агент немесе негізді болып табылады (10 ХҚЕС (IFRS) 58-72-тармақтарын қараңыз).
(d) басқа кәсіпорынның дауыс беру құқығының 20 пайызын немесе 20 пайыздан көбін иеленген жағдайда да ол елеулі әсер етпейді.
(e) басқа кәсіпорынның 20 пайыздан кем емес дауыс беру құқығын иеленген жағдайда да елеулі әсер етеді.
Инвестициялық ұйым мәртебесі |
9А Бас компания, кәсіпорын 10-шы ХҚЕС-ң 27-шы тармағына сәйкес инвестициялық кәсіпорын деген қорытындыға келсе, ол инвестициялық ұйым деген анықтамадағы маңызды қорытындылар мен ұсыныстарын ашып көрсетуі тиіс. Егер инвестициялық кәсіпорын бір немесе одан да көп типтік инвестициялық ұйым ерекшеліктеріне(10-шы ХҚЕС-ң 28-ші тармағын қараңыз).
9B Кәсіпорын инвестициялық ұйым қызметін бастағанда немесе аяқтағанда, инвестициялық ұйым мәртебесінің өзгеруін және өзгерту себептерін ашып көрсету қажет. Бұдан басқа, ұынылған кезең ішінде инвестициялық қызметті бастаған кәсіпорын қаржылық есептілігінде мәртебесінің өзгеру әсерін ашып көрсетуі тиіс:
(a) шоғырландыруды тоқтататын еншілес компаниялардың мәртебесінің өзгеру күнінен бастап жалпы әділ құны;
b) егер бар болса, 10-шы ХҚЕС-ң 101-тармағына сәйкес есептелген жалпы пайдасы немесе залалы; және
(c) пайда немесе залал танылған пайда немесе залалдағы орны(егер жеке ұсынылмаса).
Еншілес кәсіпорындардағы қатысу
10 Кәсіпорын пайдаланушыларға оның шоғырландырылған қаржылық есептілігін мүмкіндік беретін ақпараттарды:
(a) түсінуге:
(i) топтардың құрылымын; және
(ii) қызметтегі және топтардың ақша қаражаттарының ағынында бақыланбайтын үлестер қабылдайтын қатысуды (12 -тармақ); және
(b) бағалауға:
(i) топ активтеріне рұқсат алу мүмкіндігі немесе қолдану және топ активтерін реттеуге қойылатын елеулі шектеулердің сипаты мен деңгейін (13- тармақ);
(ii) шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорындарда оның қатысуына байланысты тәуекелдердің сипаты мен өзгерістерін (14-17- тармақтары);
(iii) бақылаудың айрылуына әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы оның тікелей қатысу үлесінен болған өзгерістердің салдарын (18-тармақ); және
(iv) есеп беру кезеңінің барсында еншілес кәсіпорынның үстінен бақылау жасауды жоғалтуын (19- тармақ) ашып көрсетуі тиіс.
11 Егер шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылатын еншілес кәсіпорынның қаржылық есептілігі шоғырландырылған қаржылық есептіліктің (10- ХҚЕС (IFRS) В92 және В93-тармақтарын қараңыз) күнінен немесе кезеңінен ерекшеленетін кезеңде немесе кезең ішінде құрастырылатын болса, кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) осы еншілес кәсіпорынның қаржылық есептілігінің есептік кезеңінің аяқталу күнін; және
(b) басқа күнді немесе кезеңді пайдалану себебін.
Қызметте және топтардың ақша қаражаттары ағынында қабылдайтын бақыланбайтын үлестердің қатысуы
12 Есеп беруші кәсіпорын үшін елеулі болып табылатын бақыланбайтын үлестері бар өзінің әрбір еншілес кәсіпорындары бойынша мұндай кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) еншілес кәсіпорынның атауы.
(b) еншілес кәсіпорынның қызмет жүргізуінің негізгі орнын (және егер ол қызмет жүргізудің негізгі орнынан ерекшеленетін болса мекеме орналасқан ел).
(c) бақыланбайтын үлестері бар тікелей қатысу үлестерінің арақатынасын.
(d) бақыланбайтын үлестері бар дауыс беру құқығының арақатынасын, егер ол қатысудың тура үлестері арақатынасынан ерекшеленетін болса.
(e) есептік кезең ішіндегі еншілес кәсіпорынның бақыланбайтын үлестеріне жататын пайдасы немесе залалын.
(f) есептік кезең соңындағы еншілес кәсіпорынның жинақталған үлестерін.
(g) еншілес кәсіпорындар туралы жинақталған қаржылық ақпараттарды (B10-тармағын қараңыз).
Елеулі шектеулердің сипаты мен деңгейі
13 Кәсіпорын ашып көрсетуі тиіс:
(a) топ активтеріне не оларды қолдануға және топтардың міндеттемелерін реттеуге рұқсат алу мүмкіндіктеріне деген төмендегі елеулі шектеулерді (мысалы, заңмен анықталған немесе келісімшартпен қарастырылған шектеу және реттеуші органдардың шектеулері):
(i) бас кәсіпорынның не оның еншілес кәсіпорындарының басқа кәсіпорындарға ақша қаражаттарын немесе басқа активтерді беру мүмкіндігін шектейтін топтар (немесе топтың басқа да кәсіпорындарынан)
(ii) топтың басқа кәсіпорындарына (немесе топтың басқа да кәсіпорындарының атынан) төленетін дивиденттер мен капиталды бөлудің басқа түрлерін шектеуі мүмкін кепілдіктер мен басқа да талаптар немесе топтың басқа кәсіпорындары (немесе, топтың басқа кәсіпорындарының атынан) беретін не өтейтін несиелер мен алғы төлемдерді.
(b) кәсіпорынның топ активтеріне немесе оларды қолдану және топ міндеттемелерін реттеу мүмкіндігін елеулі түрде шектеуі мүмкін бақыланбайтын үлестерді қорғау құқығының сипаты мен деңгейін (мысалы, бас кәсіпорын өзінің меншікті міндеттемелерін реттеуге дейінгі еншілес кәсіпорынның міндеттемелерін реттеуге міндетті болған жағдайда немесе бақыланбайтын үлестерге не еншілес кәсіпорынның активтеріне рұқсат алу не еншілес кәсіпорынның міндеттемелерін реттеуге рұқсат талап етілген жағдайда).
(c) осы шектеу қолданылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнының мәнін.
Шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысуымен байланысты тәуекелдер сипаты
14 Кәсіпорын бас кәсіпорыннан немесе оның еншілес кәсіпорнынан шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсету талап етуі мүмкін, есеп беруші кәсіпорынға шығын тәуекелінің туындауына әкелуі мүмкін (мысалы, жою туралы келісім немесе құрылымдық кәсіпорынның активтерін сатып алу немесе қаржылық көмек көрсету міндеттемесімен байланысты несие төлеу қабілеттілігі рейтингіне әсер етуші факторлар) кез-келген келісімшарттық келісімдердің жағдайы туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс
15 Егер есептік кезең барысында бас кәсіпорын немесе оның кез келген еншілес кәсіпорнытиісті қарастырылған міндеттемелер келісімшарты болғанына қарамастан шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық көмек немесе қандай да бір қолдау көрсеткенде (мысалы, құрылымдық кәсіпорындардың активтерін сатып алу не оларға шығарылған құралдармен тәсілімен) кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс.
(a) бас кәсіпорын немесе оның еншілес кәсіпорны құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау алуға көмектескен жағдайларды қоса алғандағы көрсетілген қолдаудың түрі мен сомасын; және
(b) мұндай қолдау көрсетудің себептерін.
16 Егер есептік кезең барысында бас кәсіпорын немесе оның еншілес кәсіпорнының кез келгені тиісті қарастырылған міндеттемелер келісімшарты болмаса да бұрын шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық не басқадай қолдау көрсеткенде және мұндай қолдау кәсіпорынға құрылымдық кәсіпорын үстінен бақылау жасау мүмкіндігін алса, онда кәсіпорын мұндай шешім қабылдауға әсер еткен тиісті факторларға түсініктеме беруі керек.
17 Кәсіпорын құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау алуға көмек көрсету мақсатын қоса алғандағы шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық немесе қандай да бір қолдау көрсету бойынша кез-келген ағымдағы мақсатын ашып көрсетуі тиіс.
Бақылауды шығынға ұшырауға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы бас кәсіпорынның тікелей қатысу үлестері өзгерістерінің салдары
18 Кәсіпорын бас кәсіпорынның иелеріне тиесілі капиталға көрсетілетін әсерді сипаттайтын бақылаудың шығынға ұшырауға әкелмейтін еншілес кәсіпорындардағы тікелей қатысу үлесінің кез келген өзгерістері бар ережені ұсынуы тиіс.
Есептік кезең барысындағы еншілес кәсіпорынға бақылау үстінен шығынға ұшырау салдарын бақылау
19 Кәсіпорын 10 ХҚЕС (IFRS) 25-тармағына сәйкес есептелінген кіріс немесе шығыс болған кезде олар туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс, және:
(a) бұрынғы еншілес кәсіпорында сақталынған кезкелген инвестицияларды бағалауға жататын және бақылауды жоғалту күніндегі әділ құн бойынша көрініс табатын мұндай кіріс немесе шығыс бөлігін; және
(b) қатардағы бап немесе аталған кіріс немесе шығыстар танылған пайдалар немесе залалдар құрамындағы баптар (егер ол жеке ұсынылмаса).
Шоғырланбаған еншілес компаниялардағы үлестер(инвестициялық кәсіпорындар)
19A 10-шы ХҚЕС-ке сәйкес шоғырандыру ерекшеліктерін қабылдауы тиіс және оның орнына пайда мен залал арқылы еншілес компнаиядағы инвестицияларды әділ құнды бағалау талапетілетін инвестициялық кәсіпорын осы жайтты ашып көрсетуі тиіс.
19В Әрбір шоғырландырылмаған кәсіпорын үшін инвестициялық ұйым келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(a) еншілес компанияның аты;
(b) еншілес компанияның шаруашылық қызмет атқару орны (егер тіркеу мемлекеті негізгі шаруашылық қызмет атқару орнынан ерекше болса, мемлекет атауы); және
(с) инвестициялық ұйымның меншіктегі үлесінің пропорциясы немесе өзгеше болса, дауыс беру құқығының үлесі.
19C Егер инвестициялық ұйым басқа инвестициялық ұйымның бас компаниясы болса, бас компания еншілес компаниясы басқаратын инвестициялар туралы ақпаратпен 19B (a) - (c) тармақтарында қамтамасыз етуі тиіс. Ақпаратты ашып көрсету бас компанияның қаржылық есептілігіне еншілес компанияның(немесе еншілес компаниялар) қаржылық есептілігін біріктіру арқылы жүзеге асуы мүмкін.
19D Инвестициялық ұйым келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) шоғырландырылмаған еншілес компанияның қорларды инвестициялық ұйымға ақшалай дивидендтер түрінде табыстауы немесе инвестициялық ұйымның шоғырландырылмаған еншілес компанияға несиені немесе алғытөлемді өтеуі негізінде болатын кез келген маңызды шектеулердің ерекшелігі мен ауқымы (мысалы, нормативтік талаптар, келісімшарттық келісімдер мен несиелік келісімдерден туындайтын); және
(b) еншілес компанияның қаржылай қолдау алу үшін міндеттемелер мен ниетті қосқанда, шоғырландырылмаған еншілес компанияға қаржылай немесе басқа түрде қолдау көрсету мақсатындағы кез келген ағымдағы міндеттемелер немесе ниет.
19С Егер ағымдағы есептілік кезеңінде инвестициялық ұйым немесе оның еншілес компаниясы шоғырландырылмаған еншілес компанияға келісімшартсыз негізде қаржылай немесе басқа да қолдау көрсетсе(мысалы, сатып алу активтері, немесе еншілес компания шығарған құралдар, еншілес компанияға қаржылай қолдау алуға көмек көрсету):
(а) шоғырландырылмаған еншілес компанияға көрсетілген қолдаудың түрі мен сомасы;
(b) қолдау көрсетудің себебі.
19F Есеп беруші кәсіпорынды залалға келтіретін жағдайлар мен оқиғаларды қоса (мысалы, өтімділік шаралары немесе құрылымдық ұйымның активтерін сатып алу немесе экономикалық қолдау көрсету міндеттемесімен байланысты несиені өтеу қабілеттілігін бағалау механизмдері), кәсіпорын немесе оның шоғырландырылмаған еншілес компаниялардың шоғырландырылмаған, құрылымдық ұйымдарды қаржылай қамтамасыз етуді талап ететін келісімшартпен байланысты барлық шарттарды инвестициялық ұйым ашып көрсетуі тиіс.
19G Егер есептілік кезеңінде инвестициялық ұйым немесе оның кез келген шоғырландырылмаған еншілес компанияларының бірі келісімшартсыз негізде инвестициялық ұйым бақыламайтын, шоғырландырылмаған, құрылымдық ұйымға қаржылай немесе басқа түрде қолдау көрсетсе, және бұл қолдау инвестициялық ұйымның құрылымдық ұйымды бақылауына әкелсе, инвестициялық ұйым шешімге келі үшін тиісті факторларды ашып көрсетіп, дәлелдеуі тиіс.
Бірлескен қызмет пен қауымдасқан кәсіпорындардағы қатысу
20 Кәсіпорын пайдаланушыларға:
(a) бірлескен қызмет және қауымдастырылған кәсіпорындар үстінен бірлескен бақылау жүргізетін немесе оларға елеулі әсер ететін басқа инвесторлармен жасалатын келісімшарттық қатынастарының сипаты мен әсерін қоса алғанда бірлескен қызмет және қауымдасқан кәсіпорындарындағы оның қатысу сипаты, деңгейі мен қаржылық әсерін (21 және 22-тармақтары); және
(b) оның бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардағы қатысуына байланысты тәуекелдердің сипаты мен өзгерісін (23) бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Бірлескен қызмет пен қауымдасқан кәсіпорындардағы кәсіпорының қатысу сипаты, деңгейі мен қаржылық әсері
21 Кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) есеп беруші кәсіпорын үшін елеулі болып табылатын бірлескен қызмет пен қауымдасқан кәсіпорынның әрбір фактісі бойынша:
(i) бірлескен қызмет немесе қауымдасқан кәсіпорын атауын.
(ii) кәсіпорын мен бірлескен қызмет немесе қауымдасқан кәсіпорын арасындағы қатынастар сипатын (мысалы, бірлескен қызмет немесе қауымдасқан кәсіпорын әрекеттерінің аясында жүргізілетін әрекеттер сипатының және олар кәсіпорын қызметі үшін стратегиялық маңызды болып табылады ма жоқ па дегеннің сипаттамасын).
(iii) бірлескен қызмет немесе қауымдасқан кәсіпорын әрекеттерінің аясындағы әрекеттерді іске асырудың негізгі орнын (және қажеттілігіне орай мекеме орналасқан ел және егер ол қызметті жүргізудің негізгі орнынан ерекшеленетін болса)
(iv) кәсіпорынның қатысуы арқылы қатысудың немесе акциялардың тікелей үлесінің арақатынасы және егер де олар сәйкес келсе, дауыс беру құқығының арақатынасын (қажеттілік жағдайында).
(b) есеп беруші кәсіпорын үшін елеулі болып табылатын әрбір бірлескен және қауымдасқан кәсіпорын бойынша:
(i) бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындағы инвестиция үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы немесе әділ құн бойынша бағаланады ма
(ii) B12 және B13-тармақтарында ұсынылған анықтамаларға сәйкес бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындар туралы талқыланған қаржылық ақпарат;
(iii) егер инвестицияға баға белгіленетін нарықтық баға болған кезде бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындағы оның инвестицияларының әділ құны үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын есебінде көрініс тапса.
(c) B16-тармағына сәйкес жеке-жеке алғанда елеулі болып табылмайтын бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы кәсіпорынның инвестициялары туралы қаржылық ақпаратты:
(i) жеке-жеке және жеке алғанда елеулі болып табылмайтын барлық бірлескен кәсіпорындар бойынша жиынтық түрде,
(ii) жеке-жеке алғанда елеулі болып табылмайтын барлық қауымдасқан кәсіпорындар бойынша жиынтық түрде.
21А Инвестициялық кәсіпорын 21(b)-21(c) тармақтары талап ететін ашып көрсету жайттарын ұсынуға міндетті емес.
22 Кәсіпорын сонымен қатар төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардың кәсіпорындарға берілген қолма-қол дивиденттер немесе несиелерді немесе алғытөлемдерді өтеу түріндегі қаражаттарды беру мүмкіндігіне кез келген елеулі (мысалы, қарызға алу туралы келісімдер нәтижесінде туындаған, атқарушы органдардың талаптарды бекітуі немесе инвесторлар арасындағы келімшарттық келісімдердің жасалуы не бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынға елеулі әсер етуші) шектеулердің сипаты мен деңгейін.
(b) егер бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның үлестік қатысу әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын қаржылық есептілігі кәсіпорынның есептілік күнінен немесе кезеңінен ерекшеленетін күнде немесе кезең ішінде құрастырылса:
(i) аталған бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігінің есептік кезеңінің аяқталу күнін; және
(ii) басқа күнді немесе кезеңді пайдалану себептерін
(c) кезең ішіндегі сияқты бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын шығындарындағы танылмаған үлес есептік, егер кәсіпорын үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындар шығындарындағы өзінің үлесін тануды тоқтататын болса кумулятив болады.
Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысуына байланысты тәуекелдер
23 Кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) B18-B20-тармақтарында ұсынылған анықтамаларға сәйкес басқа міндеттемелердің сомасынан басқа өзінің бірлескен кәсіпорындарына қатысты иелігіндегі міндеттемелерді.
(b) Шығынның туындау мүмкіндігінің аздығы жағдайын қоспағандағы 37 «Міндеттемелер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес басқа шартты міндеттемелер сомасынан жеке бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы (бірлескен бақылау жүргізуші немесе бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынға елеулі әсер ететін басқа инвесторлармен бірге қабылданған, шартты міндеттемелердегі оның үлесін қоса алғанда) оның қатысу үлесіне қатысты қабылданған шартты міндеттеммелер
Шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу
24 Кәсіпорын пайдаланушыларға қаржылық есептілігін:
(a) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы оның қатысу сипаты мен деңгейін түсінуге (26-28-тармақтары); және
(b) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуымен байланысты тәуекелдердің сипаты мен өзгерісін (29-31-тармақтары) бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.
25 24 (b) тармағына сәйкес талап етілетін ақпарат кәсіпорынның бұрынғы кезеңдердегі (мысалы, құрылымдық кәсіпорыға демеушілік көмек көрсету) егер кәсіпорын бұдан кейін қарастырылған келісімшарт бойынша есептік күнге құрылымдық кәсіпорындағы қатысу үлесі болмаса да, шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы оның қатысуына байланысты туындайтын тәуекелге ұшырауы туралы ақпаратты бірге қарастырады.
25A 24-ші параграфта көрсетілген талап бойынша, инвестициялық ұйым бақылайтын шоғырландырылмаған құрылымдық ұйымдар және 19A-19G параграфтарына сәйкес ашып көрсетулерді ұсынатын шоғырландырылмаған құрылымдық ұйымдар үшін ашып көрсету ақпаратын ұсыну қажет емес.
Қатысу сипаты
26 Кәсіпорын басқалармен бірге құрылымдық кәсіпорын қызметінің сипаты, мақсаты, көлемі мен түрлерін қоса алғандағы шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлестері туралы сапалық және сандық ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.
27 Егер кәсіпорын 29-тармаққа сәйкес талап етілетін (мысалы, өйткені есептік кезеңде аталған кәсіпорында оның қатысу үлесі болмайды) ақпаратты ұсынбауына қатысты шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға демеушілік қолдау көрсетсе, кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) ол қалай анықталды, ол қандай құрылымдық кәсіпорындарға демеушілік қолдау көрсетті;
(b) ұсынылған кіріс түрлерінің сипаттамасын қоса алғандағы кезең ішінде көрсетілген құрылымдық кәсіпорындардан түскен кірісті; және
(c) есептік кезең барысында көрсетілген құрылымдық кәсіпорындарға берілген барлық активтердің (беру кезіндегі) теңгерімдік құнын.
28 Кәсіпорын басқа формат тиімдірек болып табылатын жағдайды қоспағандағы ақпаратты 27 (b) және (c) тармақтарына сәйкес кесте түрінде ұсынуы және өзінің демеушілік қызметін тиісті санаттар бойынша жіктеуі тиіс (B2-B6-тармақтарын қараңыз).
Тәуекелдердің сипаты
29 Кәсіпорын басқа формат ыңғайлы болып табылатын жағдайды қоспағанда кесте түрінде төмендегі салыстырмалы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(a) оның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу үлестеріне қатысты оның қаржылық есептілігінде танылған активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнын.
(b) аталған активтер мен міндеттемелер танылған құрамда қаржылық жағдай туралы есептегі қатардағы баптарды.
(c) шығын тәуекеліне жоғары деңгейдегі ықпалдығы қалай белгіленгендігінің сипаттамасын қоса алғандағы кәсіпорынның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындарындағы оның қатысу үлестерімен байланысты шығын тәуекеліне жоғары деңгейде ұшырауын қайсысы бәрінен жақсы көрсететін соманы. Егер кәсіпорын шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу үлестеріне байланысты туындайтын өзінің шығын тәуекеліне жоғары деңгейде ұшырауын сан түрінде көрсете алмаса, онда ол осы факті мен оның себептерін ашып көрсетуі тиіс.
(d) Шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы оның қатысу үлестеріне және көрсетілген кәсіпорындармен байланысты туындайтын кәсіпорынның шығын тәуекеліне жоғары деңгейде ұшырауына жататын кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерінің теңгерімдік құнының мәндерін салыстыруын
30 Егер кәсіпорынның бұрынғы уақытта қатысу үлесін иеленген болса немесе ағымдағы уақыт кезеңінде қатысу үлесі болса (мысалы, құрылымдық кәсіпорындардың активтерін немесе олардың шығарған құралдарын сатып алу тәсілі арқылы) есептік кезең барысында тиісті қарастырылған міндеттемелердің келісімшарты болмаса да шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық немесе қандай да бір қолдау көрсетсе, онда кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) кәсіпорынның құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау алуға көмектескен жағдайды қоса алғандағы көрсеткен қолдауының түрі мен сомасын; және
(b) мұндай қолдау көрсетудің себептерін.
31 Кәсіпорын құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау алуға көмек көрсету мақсатын қоса алғандағы шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық немесе қандай да бір қолдау көрсету бойынша кез келген ағымдағы мақсаттарды ашып көрсетуі тиіс.
Терминдердің анықтамасы
Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады.
Құрылымдық кәсіпорындардан түскен кіріс | Осы стандарт мәтініндегі құрылымдық кәсіпорындардан түскен кіріс құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу үлестерін қайта бағалау немесе тануды тоқтату кезіндегі көп мәртелі және бірнеше қаламақылар, сыйақылар, дивиденттер, пайда немесе залалдар, сондай-ақ, құрылымдық кәсіпорынға активтер мен міндеттемелерді тапсырудан түскен пайда немесе залалды қоса қарастырады. |
басқа кәсіпорындардағы қатысу (қатысу үлесі)
| Осы стандарт мәтінінде басқа кәсіпорынның қызметінен ауысқан кіріс сипатына байланысты кәсіпорынды тәуекелге ұшырататын қатысу келісімшартында қарастырылған немесе қарастырылмаған басқа кәсіпорындардағы қатысу (қатысу үлесі) тұспалданады. Өзгелермен бірге басқа кәсіпорындардағы қатысу кәсіпорын үлестік немесе үлестік құралдардың иесі болып табылатыны, сондай-ақ қаржыландыруды, жоюға қолдау көрсету, несиелік сапа мен кепілдікті қолдау сияқты қатысудың басқа да түрлерімен расталуы мүмкін. Ол бақылау немесе бірлескен бақылау жүргізетін немесе басқа кәсіпорынға елеулі әсер ететін кәсіпорын көмегімен қаражаттарды қарастырады. Кәсіпорын әрдайым тек «жеткізуші-клиент» типтік қатынастары негізінде ғана басқа кәсіпорындарда қатысу үлесі бар болып саналмайды. B7-B9-тармақтарында басқа кәсіпорындарға қатысу туралы қосымша ақпарат ұсынылады. 10 ХҚЕС (IFRS) B55-B57-тармақтарында кірістің ауыспалы сипатына түсініктеме берілген. |
құрылымдық кәсіпорын | Кәсіпорынды кімнің бақылауын анықтау кезінде дауыс беру құқығы немесе ұқсас құқықтар басымдылық танытатын фактор болып табылмайтындай ұйымдастырылған кәсіпорын, мысалы, егер дауыс беру құқығы тек қана әкімшілік міндеттермен байланысты болса, ал елеулі қызмет әкімшілігі келісімшарттық келісімдер негізінде жүргізіледі. B22-B24-тармақтарында құрылымдық кәсіпорындар туралы қосымша ақпараттар ұсынылады. |
Төменде аталған терминдердің анықтамасы 27 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда), 28 (IAS) ХҚЕС (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда), 10 ХҚЕС (IFRS) және 11 «Бірлескен қызмет» ХҚЕС (IFRS) ұсынылған. Аталған терминдер осы стандарта жоғарыда көрсетілген ХҚЕС баяндалған мағынада қолданылады:
· қауымдасқан кәсіпорын
· шоғырландырылған қаржы есептіліг
· кәсіпорынға бақылау жасау
· үлестік қатысу әдіс
· топ
· инвестициялық ұйым
· бірлескен қызмет
· бірлескен бақылау
· бірлескен операция
· бірлескен кәсіпорын
· бақыланбайтын үлес
· бас кәсіпорын
· қорғау құқығы
· елеулі қызмет
· жеке қаржылық есептілік
· жеке ұйым
· елеулі әсер
· еншілес кәсіпорын.
Қолдану бойынша нұсқаулық
Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады. Қосымша 1-31-тармақтарының қолданылуын сипаттайды және өз күші бойынша осы стандарттың басқа бөлімдерімен тең мәнде қолданылды.
B1 Осы қосымшада ұсынылған мысалдар болжаушы жағдайларды суреттейді. Аталған мысалдардың кейбір аспектілері нақты фактілер сызбасына қатысуына қарамастан, барлық релевантты фактілер мен нақты фактілер сызбасының міндеттемлері 12 ХҚЕС (IFRS) қолдану кезінде бағалануы тиіс.
Ақпараттардың бірігуі (4-тармақ)
B2 Кәсіпорын пайдаланушылардың ақпараттық сұранымын қанағаттандыру үшін қаншалықты толық ақпаратты ұсынуы қажеттігін, талаптардың түрлі аспектілеріне қаншалықты үлкен мән беретінін және ол ақпаратты қалай біріктіретінін міндеттемелерін ескере отырып шешуі тиіс. Мәліметтердің үлкен көлемін біріктіре отырып, ақпаратты алып тастау және қаржылық есептілік пайдаланушыларына кедергі келтіруі мүмкін қаржылық есептілікті есепке алу мен шамадан тыс бөліктер арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу қажет
B3 Егер ақпараттардың бірігуі ақпараттарды ашып көрсетудің мақсаттарына және B4 тармағының талабына сәйкес келетін болса және де ұсынылған ақпаратты тоқтатпайтын болса, кәсіпорын өзінің ұқсас кәсіпорындарындағы қатысу үлестеріне қатысты осы стандартқа сәйкес ашып көрсетілген ақпаратты біріктіре алуы мүмкін. Кәсіпорын ұқсас кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесі туралы ақпаратты қалай біріктіргені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
B4 Кәсіпорын төмендегілерге қатысуы туралы ақпаратты жеке ұсынуы тиіс:
(a) еншілес кәсіпорындарға;
(b) бірлескен кәсіпорындарға;
(c) бірлескен операцияларға;
(d) қауымдасқан кәсіпорындарға; және
(e) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы.
B5 Кәсіпорын ақпараттардың бірігу мақсатында қарастырылатын ақпараттардың бірігу мүмкіндіктерін анықтау кезінде әрбір кәсіпорынның тәуекелі мен кірісінің түрлі сипаттамалары туралы, сондай-ақ, есеп беруші кәсіпорын үшін әрбір осындай кәсіпорынның мәні туралы сандық және сапалық ақпаратты қарастыруы тиіс. Кәсіпорын қаржылық есептілік пайданушыларына көрсетілген басқа кәсіпорындардағы оның қатысу үлесінің сипаты мен мөлшерін анық түрде түсіндіруге мүмкіндік беретін тәртіпте ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
B6 Төменде B4-тармағында сипатталған кәсіпорындар кластарының шамасында ақпараттар бірігуінің тиімді деңгейлерінің үлгілері ұсынылған:
(a) қызмет сипаты (мысалы, ғылыми-зерттеу кәсіпорны, жаңартылатын несие карталарын секьюритизациясымен айналысатын кәсіпорын)
(b) салалардың жіктемесі.
(c) география (мысалы, ел немесе аймақ).
Басқа кәсіпорындардағы қатысу
B7 Басқа кәсіпорынның қызметінен түскен кірістің ауыспалы сипатына байланысты есеп беруші кәсіпорынды тәуекелге ұшырататын қатысу келісімшартымен қарастырылған немесе қарастырылмаған басқа кәсіпорындардағы қатысу (қатысу үлестері) тұспалданады. Басқа кәсіпорынның мақсаттары мен құрылымдарын қарастыру аталған кәсіпорындарда қатысу үлесі барын анықтау кезінде және осы стандартқа сәйкес ақпаратты ашып көрсетуге міндетті ме деген ақпараттар есеп беруші кәсіпорынға көмектесуі мүмкін. Аталған фактінің орнауы басқа кәсіпорынның қабылдауы мүмкін тәуекелдерді және есеп беруші кәсіпорын мен басқа тараптарға беруді болжайтын тәуекелдерді кірістіруі тиіс.
B8 Есеп беруші кәсіпорын әдетте басқа кәсіпорынның қызметінен түскен кірістің ауыспалы сипатына байланысты құралдарды (басқа кәсіпорындар шығарған үлестік немесе қарыздық құралдар сияқты) иеленуші болып табылатын немесе кірістің ауыспалы сипатын бейтараптандыратын қатысудың басқа түрінің үлесі бар тәуекелге ұшырайды. Мысал ретінде құрылымдық кәсіпорынның несиелік қоржын иесі болып табылатынын ұсынуға болады. Құрылымдық кәсіпорын сыйақы төлеу бойынша және несиелер бойынша негізгі сомалар дефолтынан қорғану мақсатында басқа кәсіпорынның (есеп беруші кәсіпорынның) несиелік дефолтынан своп алады. Есеп беруші кәсіпорын несиелік дефолт свопы құрылымдық кәсіпорынның ауыспалы сипатын бейтараптандыратындықтан, құрылымдық кәсіпорын қызметінен түскен кірістің ауыспалы сипатына байланысты оның тәуекелдерге ұшырататын қатысу үлесі болады.
B9 Кейбір құралдар есеп беруші кәсіпорыннан басқа кәсіпорынға тәуекелді тапсыруына арналған. Мұндай құралдар басқа кәсіпорынның кірістеріне ауыспалы сипат береді, алайда басқа кәсіпорынның қызметінен түскен кірістердің ауыспалы сипатына байланысты ереже есеп беруші кәсіпорынды тәуекелдерге ұшыратпайды. Z кәсіпорнының (Z кәсіпорны кәсіпорындарға қатысушы тараптардың ешбір байланысты тарабы болып табылмайды) тәуекелін қабылдауға ниет білдірген және Z инвесторларға арналған инвестициялық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында құрылған құрылымды кәсіпорынды мысал ретінде ұсынуға болады. Құрылымдық кәсіпорын Z кәсіпорнының (несиелік ноттар) несиелік тәуекелімен байланысты аталған инвесторларға нот шығару арқылы қаржыландыру алады және тәуекелсіз қаржылық активтер қоржынын инвестициялау үшін кірістерді пайдаланады. Құрылымдық кәсіпорын своп бойынша контрагентпен несиелік дефолт свопын (ҚҚС) жасай отырып, Z кәсіпорнының несиелік тәуекелін қабылдайды. ҚҚС сәйкес Z кәсіпорнының несиелік тәуекелі своп бойынша контрагентке төленетін сыйақыға алмасу арқылы құрылымдық кәсіпорынға ауысады. Құрылымдық кәсіпорынның инвесторлары оны активтерінің қоржынынан, сол сияқты ҚҚС бойынша сыйақыдан түскен құрылымдық кәсіпорынның кірісі сияқты ең жоғары кіріске ие болады. Контрагент ұшырататын құрылымдық кәсіпорындарда своп бойынша құрылымдық кәсіпорын қызметінен түскен кірістің ауыспалы сипатымен байланысты оны тәуекелге ұшырататын үлесі болмайды, өйткені ҚҚС-қа сәйкес кірістердің ауыспалы сипаты құрылымдық кәсіпорындарға беріледі, бірақ бейтараптандырылмайды.
Еншілес, бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындар бойынша жинақталған қаржылық ақпарат (12 және 21-тармақтары)
B10 Есеп беруші кәсіпорын үшін елеулі болып табылатын бақыланбайтын үлестері бар әрбір еншілес кәсіпорынға қатысты кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) бақыланбайтын үлестерге төленетін дивиденттерді.
(b) пайдаланушыларға қызмет пен топтардың ақша қаражаттарының ағынында бақыланбайтын үлестері бар қатысу үлесі туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін еншілес кәсіпорынның активтері, міндеттемелері, пайдалары немесе залалы туралы, және ақша қаражаттарының ағыны туралы жинақталған қаржылық ақпаратты. Мұндай ақпарат мысалы мыналардан: қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді активтер, қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, түсім, пайда немесе залал және жалпы жиынтық кіріс тұруы мүмкін.
B11 B10 (b) тармағына сәйкес талап етілетін жинақталған қаржылық ақпарат компаниялар арасындағы ескертулерді қоса алғандағы соманы ұсынуы тиіс.
B12 Есеп беруші кәсіпорын үшін маңызды болып табылатын әрбір бірлескен және қауымдасқан кәсіпорынға қатысты кәсіпорын төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
(a) Бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорыннан түскен дивиденттерді.
(b) төмендегілерді қамти отырып, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын бойынша (B14 және B15-тармқтарын қараңыз) жинақталған қаржылық ақпаратты:
(i) қысқа мерзімді активтер.
(ii) ұзақ мерзімді активтер.
(iii) қысқа мерзімді міндеттемелер.
(iv) ұзақ мерзімді міндеттемелер.
(v) түсім.
(vi) жалғасатын қызметтен түсетін пайда гнмесе шығын.
(vii) тоқтатылған қызметтен түскен салықтан кейінгі пайда немесе залал.
(viii) басқа да жиынтық кіріс.
(ix) жалпы жиынтық кіріс.
B13 Есеп беруші кәсіпорын үшін маңызды болып табылатын әрбір бірлескен кәсіпорынға қатысты B12-тармағына сәйкес талап етілген жинақталған қаржылық ақпараттарға қосымша ретінде кәсіпорын төмендегілердің сомасын ашып көрсетуі тиіс:
(a) B12 (b) (i) тармақтарына кірістірілген ақша қаражаттары мен олардың баламаларының.
(b) B12 (b) (iii) тармағына кірістірілген (сауда және басқа да несиелік берешектер мен қорлардан басқа) ағымдағы қаржылық міндеттемелердің.
(c) B12 (b) (iv) тармағына кірістірілген (сауда және басқа да несиелік берешектер мен қорлардан басқа) ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелердің.
(d) тозу мен амортизацияның.
(e) пайыздық кірістің.
(f) пайыздық шығыстың.
(g) пайдаға салынатын салық бойынша кіріс немесе шығыстың
B14 B12 және B13-тармақтарына сәйкес ұсынылған сома осы ХҚЕС сәйкес дайындалып ұсынылған жинақталған қаржылық ақпарат бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігіне кірістірілген сомаларды (осы сомалардағы кәсіпорынның үлесін емес) ұсынуы тиіс. Егер кәсіпорын есепте үлестік қатысу әдісін пайдалана отырып, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы өзінің үлесін көрсетсе:
(a) ХҚЕС сәйкес дайындалып ұсынылған бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігіне кірістірілген сомалар үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде сатып алу сәтінде енгізілген әділ құн түзетулері сияқты және есеп саясатындағы айырмашылықтарды ескеру арқылы жасалған түзетулер кәсіпорын енгізген түзетулерді көрсету үшін түзетілуі тиіс.
(b) кәсіпорын бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындарда қатысу үлесі туралы теңгерімдік құны бар ұсынылған жинақталған қаржылық ақпараттың салыстыруын ұсынуы тиіс.
B15 Кәсіпорын B12 және B13-тармақтарына сәйкес талап етілетін жинақталған қаржылық ақпаратты бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептілігі негізінде ұсына алуы мүмкін, егер:
(a) кәсіпорын бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесін 28 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерін ескергенде) сәйкес әділ құн бойынша бағалайды;және
(b) бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есептілікті дайындамайды және ұсынбайды және осы негіздегі дайындау іс жүзінде мүмкін болмағанда немесе негізсіз шығындарға әкелуі мүмкін болғанда.
Мұндай жағдайда кәсіпорын жинақталған қаржылық ақпараттарды дайындаудың негізін ашып көрсетуі тиіс.
B16 Кәсіпорын барлық бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы жеке алғанда елеусіз, үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы есепте көрініс табатын өзінің қатысу үлесінің жиынтық теңгерімдік құнын ашып көрсетуі тиіс. Кәсіпорын сонымен қатар, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындарға берілген төмендегі өзінің жиынтық сомасын жеке ашып көрсетуі тиіс:
(a) жалғасатын қызметтен түсетін пайда немесе залалдағы
(b) тоқтатылған қызметтен түскен салықтардан кейінгі пайдалар немесе залалдағы
(c) басқа да жиынтық кірістегі
(d) жалпы жиынтық кірістегі.
Кәсіпорын бірлескен кәсіпорындарға қатысты ақпаратты қауымдасқан кәсіпорындарға қатысты ақпараттардан жеке ашып көрсетуі тиіс.
B17 Егер еншілес, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысу үлесі (немесе бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорындардағы оның қатысу үлесінің бөлігі) 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет» ХҚЕС (IFRS) сәйкес сату үшін арналған болып жіктелсе, B10-B16-тармақтарына сәйкес кәсіпорын осы еншілес, бірлескен немесе қауымдасқан кәсіпорын бойынша жинақталған қаржылық ақпаратты ашып көрсетуге міндетті емес.
Бірлескен кәсіпорындарға байланысты міндеттемелер (23 (a) тармағы)
B18 Кәсіпорын бірлескен кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесіне қатысты есептік кезеңде (бірлескен кәсіпорынға бірлескен бақылау жүргізетін басқа инвесторлармен бірге қабылданған міндеттемелеріндегі үлесін қоса алғанда) қабылдаған, бірақ әлі танымаған міндеттемелердің жалпы сомасын ашып көрсетуі тиіс. Ақша қаражаттарының немесе басқа ресурстардың болашақтағы шетктетілуіне әкелуі мүмкін міндеттемелер міндеттеме болып саналады.
B19 Ақша қаражаттарының немесе басқа ресурстардың болашақтағы шеттетілуіне әкелуі мүмкін танылмаған міндеттемелер төмендегілерді қарастырады:
(a) мысалы, төмендегілерге байланысты туындаған қаражаттарды немесе ресурстарды ұсыну бойынша танылмаған міндеттемелерді:
(i) бірлескен кәсіпорынды құру немесе сатып алу туралы келісімдерге (мысалы, белгілі бір кезең ішінде кәсіпорыннан қаражат салуды талап ететін).
(ii) бірлескен кәсіпорындар жүргізетін күрделі қаржы сыйымдылығы бар жобаларға.
(iii) кәсіпорынның бірлескен кәсіпорыннан немесе оның атынан сатып алуға міндетті жабдықтарды, босалқылар мен қызметтерді сатып алуды қоса алғандағы сатып алу бойынша сөзсіз міндеттемелерге
(iv) бірлескен кәсіпорынға несие немесе басқа қаржылық қолдау ұсыну бойынша танылмаған міндеттемелер.
(v) бірлескен кәсіпорындардағы активтер немесе қызметтер сияқты ресурстарды енгізу бойынша танылмаған міндеттемелерге.
(vi) бірлескен кәсіпорынға қатысты басқа да күші жойылмаған танылмаған міндеттемелерге.
(b) егер белгілі бір оқиға туындайтын немесе болашақта туындамайтын жағдайдағы бірлескен кәсіпорындардағы басқа тараптың қатысу үлесін тікелей сатып алу бойынша танылмаған міндеттемелер (немесе мұндай тікелей қатысу үлесінің бөлігі).
B20 B18 және B19-тармақтарында баяндалған талаптар мен мысалдар 24 «Байланысты тараптар туралы ақпараты ашып көрсету» ХҚЕС (IAS) 18-тармағына сәйкес талап етілетін ақпараттарды ашып көрсетудің кейбір түрлерін сипаттайды.
Шоғырландырылған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысу (24-31 тармақтары)
Құрылымдық кәсіпорын
B21 Құрылымдық кәсіпорын бұл- мысалы, егер дауыс беру құқығы тек қана әкімшілік міндеттермен байланысты болса, ал елеулі қызмет әкімшілігі келісімшарттық келісімдер негізінде жүргізілетін кәсіпорынды кімнің бақылауын анықтау кезінде дауыс беру құқығы немесе ұқсас құқықтар басымдылық танытатын фактор болып табылмайтындай ұйымдастырылған кәсіпорын.
B22 Құрылымдық кәсіпорынның төмендегі ерекшеліктері немесе белгілерінің барлық немесе кейбір түрлері болады:
(a) шектелген қызмет.
(b) арнайы және нақты анықталған мақсаты, мысалы, салық салу тұрғысынан алғанда тиімді жалдауды жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, кәсіпорын капиталының немесе қаржыландыру дереккөзі барын қамтамасыз етеді немесе құрылымдық кәсіпорынның, инвестордың активтеріне байланысты тәуекелдер мен сыйақыларды табыстай отырып, инвесторларға инвестициялық мүмкіндіктер ұсынады.
(c) субординацияланған қаржылық қолдаусыз құрылымдық кәсіпорынға өзінің қызметін қаржыландыруға мүмкіндік бермейтін капиталдың кем шығуы.
(d) несиелік немесе басқа да тәуекелдердің (траншилердің) концентрациясын құратын инвесторларды құралдар келісімшарты бойынша көпмәртелі байланысты түрдегі қаржылындыру.
B23 Құрылымдық кәсіпорын сияқты қарастырылатын кәсіпорындардың үлгілері басқалармен бірге төмендегілерді қарастырады:
(a) ұйымдар бойынша секьюритизациялар.
(b) қаржыландыру активтерімен қамтылған.
(c) кейбір инвестициялық қорлар.
B24 Дауыс беру құқығының көмегімен басқарылатын кәсіпорын құрылымдық кәсіпорын болып табылмайды, өткені, ол мысалы қайта құрылғаннан кейін үшінші тұлғадан қаржыландыру алады.
Шоғарландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуға байланысты тәуекелдердің сипаты (29-31-тармақтары)
B25 Кәсіпорын 29-31-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпараттардан басқа 24 (b) тармағына сәйкес ақпараттарды ашып көрсету мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
B26 Егер шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорында оның қатысу үлесі болған жағдайда кәсіпорын ұшырайтын тәуекелдерді бағалау үшін релевантты болып шығуы мүмкін жағдайларға байланысты қосымша ақпараттардың үлгілері келтірілген:
(a) келісім шарты кәсіпорыннан шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынға қаржылық қолдау көрсетуді (мысалы: жою туралы келісім және құрылымдық кәсіпорынның активтерін сатып алуға немесе қаржылық қолдау көрсетуге арналған міндеттемелерге байланысты несие қабілеттілігіне әсер етуші факторлар) төмендегілерді қоса талап етуі мүмкін:
(i) есеп беруші кәсіпорында шығынның туындау тәуекеліне әкелуі мүмкін оқиғалардың немесе міндеттемелердің сипаттамасын.
(ii) міндеттемені шектеуі мүмкін қандай да бір жағдайлар бар ма.
(iii) қаржылық қолдау көрсететін қандай да бір басқа тараптар бар ма, егер бар болса, мұндай басқа тараптардың міндеттемелері бар есеп беруші кәсіпорынның міндеттемесінің арақатынасы қандай.
(b) оның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуымен байланысты есеп беру кезеңінің ішінде кәсіпорынның ұшыраған шығындары.
(c) оның шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы қатысуымен байланысты есеп беру кезеңінің ішінде кәсіпорынға түскен кірістердің түрлері.
(d) кәсіпорын басқа тараптардың оларды жұтуына дейін шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынның шығындарын жұтуын міндеттенеді ме, кәсіпорын үшін мұндай шығындардың ең жоғарғы лимиті, және саралау (егер ол тиімді болса) мен тараптар ұшыраған әлеуетті шығындардың сомалары шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындардағы кәсіпорынның қатысу үлесі қайсысының қатысу үлесінен ең төмен сараланады.
(e) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындағы кәсіпорынның қатысуына байланысты әділ құнға немесе тәуекелге әсер етуі мүмкін үшінші тұлғалар алдындағы өтімділік туралы, кепілдемелер немесе басқа да міндеттемелер туралы кез келген келісімдер туралы ақпарат.
(f) есептік кезең барысында өз қызметін қаржыландыруда құрылымдық кәсіпорын байқаған кез келген қиындықтар.
(g) шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорынды қаржыландыруға қатысты қаржыландыру түрлері (мысалы, коммерциялық қағаздар немесе жеделдігі орташа билеттер) және олардың орташа өлшенген кезеңдері. Мұндай ақпарат егер құрылымдық кәсіпорынның ең қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаттары есебінен қаржыландырылатын үлкен мерзімді активтері болса мерзімдері бойынша активтерді талдауын және шоғырландырылмаған құрылымдық кәсіпорындарды қаржыландыруды қарастыруы мүмкін.
C қосымшасы
Күшіне ену күні мен есепке алудың жаңа тәртібіне көшу
Аталған қосымша осы стандарттың маңызды бөлігі болып табылады және өз күші бойынша осы стандарттың басқа бөлімдерімен тең мәнде қолданылды.
Күшіне ену күні мен есепке алудың жаңа тәртібіне көшу
C1 Кәсіпорын осы стандарты 2013 жылдың 1-қаңтарынан немесе осы күнен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануы тиіс, мерзімінен бұрын қолдану рұқсат етілген.
С1А 2012 жылы маусым айында шыққан Шоғырландырылған Қаржылық Есептілігі, Бірлескен қызмет және Басқа кәсіпорындардағы қатысулар туралы ақпараттарды ашып көрсету (10 ХҚЕС(IFRS), 11 ХҚЕС(IFRS) және 12 ХҚЕС(IFRS) түзетулер), C2A-C2B тармақтарын енгізді. 2013 жылдың 1 қаңтар немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолданылуы тиіс. Егер 12-ші ХҚЕС ертерек мерзім үшін қолданылса, өзгерістер сол мерзім үшін пайдаланылуы қажет.
С1В 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10 ХҚЕС(IFRS), 12 ХҚЕС(IFRS), және 27 ХҚЕС(IAS)), 2 және A қосымшасы өзгертілді және 9A-9B, 19A-19G, 21A мен 25A тармақтары енгізілді. Ұйым бұл түзетуді осы күннен немесе 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін қолдануға тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат беріледі. Егер ұйым түзетуді ертерек қолданса, ұйым бұл жайтты ашып көрсетуі тиіс және Инвестициялық ұйымдар-ға енгізілген барлық түзетулер қолданысқа енеді.
C2 Кәсіпорынға осы стандарт талап ететін ақпаратты 2013 жылдың 1-қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезең басталғанға дейін мерзімінен бұрын тапсыру ұсынылады. Осы стандарт талап ететін қандай да бір ақпаратты ашып көрсету кәсіпорынға осы стандарттың барлық талаптарын сақтауды немесе 10 ХҚЕС (IFRS) және 11 ХҚЕС (IFRS), 27 (IAS) ХҚЕС (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда), 28(IAS) ХҚЕС (2011 жылғы түзетулерді есепке алғанда) қолдануды міндеттемейді.
С2А Осы ХҚЕС ашып көрсету талаптары талаптары 12-ші ХҚЕС қолданылатын бірінші жылдық кезеңге бірден жалғасушы жылдық кезеңнен бұрын болатын кез келген мерзім үшін қолданылмауы тиіс.
С2В 12-ші ХҚЕС қолданылатын бірінші жылдық кезеңнен бұрынғы кезеңдер үшін 24-31 тармақтарындағы ашып көрсету талаптары мен B21-B26 тармақтарындағы сәйкес басқару талаптары қолданылмауы тиіс.
9 ХҚЕС (IFRS) сілтемелер
C3 Егер кәсіпорын осы стандарты қолданатын бола, бірақ 9 ХҚЕС (IFRS) әлі қолданбайтын болса, 9 ХҚЕС (IFRS) кез-келген сілтемесі 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» ХҚЕС (IFRS) сілтемелері сияқты түсіндірілуі тиіс.