«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бірінші кезең) туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 521 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 822 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бірінші кезең) мынадай құрамда бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы (бірінші кезең) мақұлдансын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларын уақтылы әзірлеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 7 маусымдағы
№ 521 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта
мерзімді жоспары (бірінші кезең)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Мазмұны
1. 2005-2006 жылдары әлемдік экономиканың дамуы және 2007-2009 жылдары
ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi
2. 2003-2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және
2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына ішкі факторлардың әсерi
3. Елді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мақсаттары, міндеттері және басымдықтары
4. Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуін қамтамасыз
ету үшін экономика салаларындағы серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету
§ 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы
Электр энергетикасы саласын дамыту
§ 2. Көлік-коммуникациялық кешен
§ 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
§ 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты
5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуін қамтамасыз
ету үшін экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру
§ 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету
§ 2. Экономиканы мемлекеттік басқару
§ 4. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясат
Мемлекеттік активтерді басқару және жекешелендіру
§ 5. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіру
Бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат
Техникалық реттеу және патенттер жүйесін дамыту
Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кіру
Шағын және орта бизнесті дамыту
7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясат және адами капиталды дамыту
§ 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму
Демографиялық және көші-қон саясаты
Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
§ 2. Білім беру және 2007-2009 жылдарға кадрлар даярлау
§ 4. 2007-2009 жылдары мәдениетті, ақпарат пен спортты дамыту
§ 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлік даму
§ 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты
§ 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесіне сәйкес әзірленді.
Жоспарда сыртқы және ішкі факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделеді және орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы іс-қимылы айқындалады.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу және басымдықтарды іске асыру үшін экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған міндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
1. 2005-2006 жылдары әлемдік экономиканың дамуы және
2007 - 2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы
факторлардың әсерi
2005 жылы әлемдік экономикада мұнайға бағаның жоғары қарқынмен өсуімен және нәтижесінде дамыған елдердегі инфляциялық күтілімдердің өсуімен қатар жүретін тұтастай экономикалық өрлеу жағдайы қалыптасты.
Әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда жеткілікті жоғары деңгейде сақталды, дегенмен, 2004 жылғы рекордтық қарқыннан төмен болды және ХВҚ-ның бағалауы бойынша 4,8 %-ды құрады. ХВҚ-ның бағалауы бойынша 2005 жылы Қытайдың ЖІӨ-нің өсуі 9 %-ды, АҚШ-тікі - 3,5 %-ды, Жапонияныкі - 2 %-ды, Еуроаймақтікі - 1,2 %-ды құрады.
Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша әлемдік сауданың көлемі 2005 жылы 7 %-ға өсті.
2005 жылы мұнай және металдар нарығы сенімді жоғары қарқынды көрсетті. Геосаяси тартыс және Қытай мен АҚШ тарапынан сұраныстың жедел өсуі мұнай бағасы артуының алғышарты болып табылды.
Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша 2005 жылы "Brent" маркалы мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 54,43 АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 42,1 %-ға жоғары, ал мыс 28,4 %-ға ұлғайды және бір тоннасы 3679 долларды құрады, қорғасынның орташа жылдық құны бір тоннасы үшін 975,3 доллар деңгейінде қалыптасты, бұл ретте, кезеңнің соңында баға жылдың басына қатысты 16,5 %-ға ұлғайды. Мырыштың орташа бағасы бір тоннасы 1380 долларды құрады және жылдың ішінде 45,2 %-ға ұлғайды. 2004 жылмен салыстырғанда алюминийдің орташа жылдық бағасы 10 %-ға төмендеді және бір тоннасы үшін 1897,4 долларды құрады. JP Morgan деректеріне сәйкес глиноземнің бағасы оны өндірудің төмен қарқынына және жоғары сұранысқа байланысты рекордқа жетті.
2006 жылы 2005 жылдың позитивтік үрдістерінің болуына қарамастан әлемдік экономиканың өсу қарқынына теріс әсер ететін екі фактордың әрекеті жалғасуда. Оларға мұнайға бағалардың өсуі және 2005 жылдың соңында жаңарған әлемдік басқа валюталарға қатысы бойынша, алдымен евроға қатысы бойынша АҚШ долларының әлсіреуі жатады. Жоғарыда келтірілген факторларға қоса, бірқатар елдердің, бірінші кезекте АҚШ пен Еуропаның орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдату жалғасуы мүмкін. ХВҚ 2006 және 2007 жылдары әлемдік экономиканың өсу қарқынын 2005 жылғы деңгейде (тиісінше 4,9 және 4,7 %) бағалап отыр.
Әлемдік экономиканың дамуы, оның ішінде Қытайда, АҚШ пен ЕО-да, сондай-ақ негізгі тауар нарығында қалыптасып отырған экономикалық жағдай әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдық бағалауы тұтастай алғанда сұраныс пен әлемдік бағалардың деңгейі қазақстандық экспорттың негізгі тауар ұстанымдарына сақталып отырғанын көрсетті.
Мұнай. Егер бұрын мұнай нарығындағы жағдай негізінен мұнайдың ұсынысына тәуелді болса, таяу уақытта керісінше мұнай бағасы осы шикізатқа сұраныстан айқындалады.
ОПЕК-тің пікірі бойынша шикізатқа рекордтық жоғары бағаларға қарамастан, мұнайға әлемдік сұраныс 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 1,9 %-ға өседі және күніне орташа 84,9 млн. баррельді құрайды. ОПЕК-тің бағалауы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) болжамдарымен сәйкес келеді. ХЭА деректеріне сәйкес әлемдегі шикі мұнайды тұтыну 2006 жылы 2,2 %-ға немесе күніне 1,79 млн. баррельге өседі және күніне орташа 85,18 млн. баррельді құрайды.
2006 жылы барынша жоғары сұраныс АҚШ, Қытай және Үндістан тарапынан байқалуда. 2006 жылы Қытайдың сұранысы белсенді экономикалық өсуге байланысты 6,1 %-ға өседі.
ОПЕК болжамы бойынша 2006 жылы ОПЕК "себетінің" мұнайға бағасы бір баррелі үшін 45-55 доллар деңгейінде сақталады.
ХЭА сарапшылары орта мерзімді перспективада мұнайға баға бір баррель үшін 60 доллар деңгейінде қалады деп жоспарлап отыр.
Fitch WTI маркалы мұнайға орташа бағаны 2006 жылы бір баррель үшін 67 доллар деңгейінде болжап отыр. 2007 жылдан бастап, егер Азиядағы тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятын жағдайда мұнайға бағаның бірқатар төмендеуі, сондай-ақ бүкіл дүние жүзі бойынша жаңа қуаттар енгізілуі мүмкін.
Мыс. Қалыптасқан және әлеуетті жағдайды есепке ала отырып жасалған JP Morgan рейтингілік агенттігінің болжамы бойынша, 2007 - 2008 жылдары мыстың құны бір тоннасы үшін 2400 доллардан төмен түспейді.
Әлемдегі ірі мыс өндіруші Codelco компаниясының талдаушылары осы металға бағаның дүние жүзіне шығару көлемінің өсуіне байланысты алдағы үш жыл ішінде үштен бірге төмендеуін болжап отыр. Осылайша, 2006 жылы мыс запастарының айтарлықтай көп емес артуы байқалып отыр. Мыстың құны 2008 жылға қарай ең төменгі шегі бір тоннасы үшін 2500 долларға жетеді.
Қорғасын. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөніндегі халықаралық топтың деректері бойынша, әлемдегі мырышты тұтыну 6,9 млн. тоннаға бағалануда.
Societe Generale талдаушыларының болжамы бойынша қорғасын бағасы осы металға Қытай тарапынан тұрақты сұраныстың нәтижесінде 2006 жылы тарихи ең жоғары шегіне жетеді. 2010 жылға қарай қорғасынды бүкіл дүние жүзілік тұтынудағы Қытайдың үлесі 21 %-ды құрайды. Сонымен бірге, қорғасынды жалпы әлемдік тұтынудағы Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың үлесі 1996 жылғы 56%-дан 2010 жылғы 42%-ға дейін қысқарады.
Мырыш. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөніндегі халықаралық топтың ақпараты бойынша мырыштың тапшылығы 2006 жылы 430 мың тоннаны құрайды, 2007 жылы 300 мың тоннаға дейін азаяды және 2008 жылы ғана концентратты жеткізу мен тұтыну теңеседі.
Австралиядағы ең ірі Macguarie Bank Ltd банкісінің талдаушылары мырыш жалатылған болат табаққа тұтыну сұранысының өсуі нәтижесінде мырыштың құны 2006 жылы ұлғаюы мүмкін. Тау-кен өндіру қызмет саласындағы жаңа жобалардың жетіспеуі металға әлемдік сұраныстың өсуімен бетпе-бет келеді.
Алайда, ABN Amro талдаушылары мырыш құнының төмендеуін болжап отыр, өйткені Mittal Steel Co. және Arcelor SA сияқты болат құю компаниялар өндіріс көлемін қысқартып отыр.
Алюминий. 2006 жылы алюминийді әлемді тұтыну 8,3 млн. тоннаға жетеді.
Әлемдегі ірі тау-кен өндіруші ВНB Billiton компаниясы 2005 - 2010 жылдар арасында бастапқы алюминийге әлемдік сұраныс жыл сайын 5 %-ға өседі деп болжап отыр.
China Non-ferrous Mettals Association (СNNA) ақпараты бойынша Қытайда бастапқы алюминийді тұтыну 2005 жылы 17,3 %-ға 7 млн. тоннаға дейін ұлғайды.
JP Morgan сарапшылары 2006 жылы алюминийге баға белгілеу оған сұраныстың құлдырауына байланысты төмендейді, бірақ 2007 жылы электр энергиясына шығындардың өсуіне байланысты баға тұрақты болады.
Standard Bank сарапшылары 2006 жылы орташа бағалардың өсуін 190 мың тонна металл тапшылығы аясында бір тоннасы үшін 1975 долларға дейін болжап отыр.
Маtехis Соmmodity талдаушылары 250 мың тонна деңгейінде тапшылық күтіп отыр. Орнықты және өсіп отырған сұраныс Қытайдағы құрылыс, көлік және өндіріс салаларының қауырт өсуімен және Үндістанның тұтыну нарығының дамуымен айқындалады. Бұл факторлар Еуропа мен Солтүстік Америкадағы сұраныстың барынша баяу өсуіне тең болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін өндірістің айтарлықтай өсуі Қытайда, Ресейде және Таяу Шығыста байқалады.
Халықаралық қаржы корпорациясының болжамы бойынша Қытай алюминий экспортын 2006 жылы 300 мың тоннаға дейін қысқартады, ал импорт 500 мың тонна алюминийді және 6,85 мың тонна глиноземді құрайды.
Болат. Болат табағы нарығы айтарлықтай санда экспортталған арзан Қытай өнімі тарапынан өсіп отырған қысымда болды.
Еуропалық өндірушілер 2006 жылы тегіс илекке бағаның бір тоннасы үшін 20-30 артқанын жариялады. Импорттағы қатаң бәсекелестік ең алдымен жақын уақытта бағалардың төмендеуіне ықпал ететін болады.
Астық. 2004 жылғы егіннің өте көп өтпелі запастары және 2005 жылғы егінге жақсы болжамдары бар Еуропа нарықтарындағы азық-түлік бидай бағалары тұрақты болды.
Егістіктер ахуалының нашарлауы аясында Оңтүстік Азия елдері тарапынан американдық бидайға жоғары ұсыныс бидайдың жұмсақ және қатты сорттарына бағаны нығайтты.
Американдық бидай бағасы барынша тұрақсыз болды. Оған себеп болған табиғи фактор, атап айтқанда егінге үлкен шығын келтірген "Катрина" дауылы. 2005 жылы американдық бидайдың бағасы бір тоннасы үшін 152,4 долларды құрады және 2004 жылдың деңгейінен 3 %-ға асты.
Мұнай мен металдарға сұраныстың және тұтынудың күтіліп отырған артуы, сондай-ақ әлемдік бағалардың өсуі жағдайында Қазақстанның 2007 - 2009 жылдары экспорттық ұстанымын сақтауға және сыртқы сауданың көлемін ұлғайтуға барлық мүмкіндіктері бар.
Бұл факторлар алдағы жылдары Қазақстанның тау-кен өндіру және металлургия кешендерінің дамуына оң әсер етеді.
2. 2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын
талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына ішкi
факторлардың әсерi
2003 - 2005 жылдары Қазақстанның экономикалық өсуінің жоғары қарқыны әлемдік тауар нарықтарындағы шикізатқа қолайлы конъюнктура және сұраныс пен ұсыныс жиынтығының кеңеюі жағдайында қалыптасты.
2003 - 2005 жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа жылдық өсімін 7-7,5 %-ға қамтамасыз ету жоспарланды. Іс жүзіндегі өсім қарқыны осы жылдары 9,5 % мөлшерінде қалыптасты.
ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі артты. 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өндірістік сектордың үлесі 42,9 %-дан 44,1 %-ға дейін өсті. Қызмет көрсетулер өндірісінің жалпы үлесі 2003 жылы 51,8 % болса, 2005 жылы 52,2 % жетті.
Тауар өндірісінің өсуі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс өндірісі көлемінің өсуі есебінен болды.
2003-2005 жылдары өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы өсімі орташа алғанда 8,0 %, оның ішінде тау кен өндірісі өнеркәсібінде - 8,8 %, өңдеу өнеркәсібінде - 7,7 %, электрэнергиясын, газ және суды өндіру мен таратуда - 4,8 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының өнімін өндіру көлемі 6,7 %-ға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 3,1 %-ға, мал шаруашылығы - 10,4 %-ға ұлғайды.
Құрылыста жылдық орташа өсім 15,3 %-ды құрады.
Қызмет көрсетудің өсуі, жыл сайын қызмет көрсету қарқыны тиісінше орташа 8 % және 11 %-ға өскен, көлік және сауда кәсіпорындары мен ұйымдарының есебінен қамтамасыз етілді. Байланыс саласы жоғары қарқынмен дамыды, мұнда жылдық өсім 28,5 %-ды құрады.
2003 - 2005 жылдары ішкі сұраныстың кеңеюі тұтынуға жұмсалған шығыстар мен жалпы жинақталымның артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Тұтынудың өсуі үй шаруашылықтары мен мемлекеттік органдардың шығыстарының артуы есебінен қамтамасыз етілді. 2003-2005 жылдары тұтыну жыл сайын 10,6 %-ға, үй шаруашылықтары мен мемлекеттік сектордың шығыстары тиісінше 10,2 % және 11,6 %-ға артты.
Халықтың нақты ақшалай табысының өсуі, 2003 - 2005 жылдары жыл сайын 12,1 %-ға артқан, жиынтық сұраныстың өсуін қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады.
Жалпы жинақталымның жыл сайынғы өсімі - 13 %, оның ішінде күрделі капиталдың жинақталуы - 11,2 %.
2003 - 2004 жылдары еліміздің төлем теңгерімінің нығаюы жүзеге асты. Егер 2003 жылы ағымдағы шот 273 млн. АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасса, ал 2004 жылы ағымдағы операцияның профицит шоты 455 млн. АҚШ долларын құрады.
2005 жылы ағымдағы операция шотының 486 млн. доллар тапшылығы халықаралық қызмет көрсетулерге шығыстардың және инвестициялық табыстың резидент еместеріне төлемдердің күрт өсуі нәтижесінде қалыптасты. Халықаралық қызметтер импортының құны 2004 жылдың деңгейінен 1,5 есе өсіп, 7,5 миллион АҚШ долларын құрады. Шетелдік тікелей инвесторларға төленетін дивидендтердің көлемі 3,8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті.
2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты артты. 2005 жылы ЖІӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер экспортының үлесі 54,5 %-ды құрады, 2003 жылы 48,4 % болды. Осы жылдарда тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының өсім қарқыны орташа 42,3 %-ды құрады.
2005 жылы ЖІӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер импортының үлесі 45,4 %-ды құрады, 2003 жылы 43,1 % болды. 2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының жыл сайынғы өсім қарқыны орташа 38,1 % болды.
2003 - 2005 жылдары негізгі капиталға инвестициялар 1,6 есеге өсті. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2205,2 млрд. теңгені құрады.
2003 - 2005 жылдары тікелей шет елдік инвестициялардың нетто-ағыны оң қалпында сақталды, алайда 2005 жылы оның номиналдық көлемінің кемуі байқалды. 2005 жылы Қазақстанға 1,7 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды, бұл таза ағыны 5,4 млрд. долл. жеткен 2004 жылғы деңгейден едәуір артта.
Елдің халықаралық резервтері 2005 жылдың соңында тұтастай алғанда 15143 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық қордың активтері 8074 млн. АҚШ долл. құрады.
Тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы 2003-2005 жылдары орташа 6,7 %-ға өскен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етті.
2003 - 2005 жылдары өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің азаюына әкеп соққан халықтың жұмыспен қамтылу саны ұлғайды. 2005 жылы ол 2003 жылғы 8,8 %-ға керісінше 8,1 %-ды құрады.
2003 - 2005 жылдары орташа жылдық есептеулерде инфляция 6,4-7,6 % аралығында болды.
2006 жылғы бірінші тоқсанында экономикалық өсудің оң үрдісі жалғасты: тауарлар мен қызметтерге сұраныс кеңейді, негізгі капиталға инвестициялардың көлемі ұлғайды, сауда теңгерімі нығайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бағалауы бойынша ЖІӨ-нің өсуі 7,7 %-ды құрады.
Бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі қызметтер саласының есебінен шамамен 68,2 % қамтамасыз етілді, бұл ретте, ЖІӨ-нің өсуін сауда шамамен 14,9 %, байланыс қызметтері 7 %, көлік қызметтері 7,3 %, жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялар және жалға беру жөніндегі қызметтер 22,5 % қамтамасыз етті.
Тауарлар өндірісі ЖІӨ-нің өсуін шамамен 27,6 % қамтамасыз етті. ЖІӨ-нің өсуіне өнеркәсіптің қосқан үлесі 7,2 %-ды, ауыл шаруашылығыныкі - 1 %-ды және құрылыстікі 19,4%-ды құрады.
2006 жылғы бірінші тоқсанда инфляция орташа жылдық мәнде 8,4 %-ды құрады және 2005 жылдың осы кезеңінің инфляция көрсеткішінен 1,5 пайыздық тармақта асты. Тұтыну тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 %-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 1,2 %-ға ұлғайды, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 2,7 %-ға қымбаттады.
2006 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға инвестициялар 2005 жылғы ұқсас деңгейден 1,3 есеге артты және 447,3 млрд. АҚШ долл. құрады.
2006 жылғы бірінші тоқсанда әлемдік нарықтардағы негізгі қазақстандық тауарларға конъюнктура жақсарды. Мәселен, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағалардың орташа индексі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 27,6 %-ға өсті.
"Брент" сортты мұнайдың әлемдік бағасы 2005 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 %-ға өсті және орташа алғанда шамамен бір баррель үшін 61,9 АҚШ долларын құрады. Мыстың бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,2 %-ға, мырыш 70,5 %-ға, күміс 38,5 %-ға, алтын 29,7 %-ға, қорғасын 27 %-ға ұлғайды.
Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда сауда теңгерімінің оң сальдосы 2 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар экспорты 4,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 22,8 %-ға ұлғайды, ал импорт тиісінше 2,5 млрд. АҚШ долл. және 17,5 %.
Елдің халықаралық резервтері 2005 жылғы 1 мамырда тұтастай алғанда 20947 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Қордың активтері 8547 млн. АҚШ долл. құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2006 жылдың қаңтар-ақпанында нақты жалақы 16,3 %-ға ұлғайды және 36238 теңгеге жетті. Халықтық нақты ақшалай табысы осы кезеңде 16,5 %-ға ұлғайды.
2007-2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономика өсуінің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны берілген аралықта ұстау мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шаралар қабылдайтын болады, оның ішінде:
резервтік талаптарды қатаңдату жолымен банк секторының сыртқы қарыз алуын шектеу;
ақша агрегаттарын бақылауды күшейту;
ақша эмиссиясын стерилизациялау көлемін ұлғайту.
Бұдан басқа, қор нарығының жаңа құралдарын дамыту уақытша бос ақша қаражатын байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2007 - 2009 жылдары салмақты мемлекеттік саясат жүргізу мынадай негізгі міндеттерді шешуді көздейді:
ЖІӨ-нің өсу қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнай емес тапшылығын біртіндеп азайтуға бағытталған фискалдық саясатты қалыптастыру және одан әрі жүргізу;
Ұлттық Қордан қордың инвестициялық кірісіне тең бюджетке кепілдік берілген трансферт мөлшеріне кезең-кезеңімен қол жеткізу.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық Қордың жұмыс істеуінің жаңа схемасына көшу елдің макроэкономикалық дамуының теңгерімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Тариф саясаты саласында табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің көтерілуіне бақылау күшейтілетін болады.
2007 - 2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында және Каспий теңізінің Қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында айқындалады.
Мұнай-газ секторының тұрақты дамуы Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болады. 2007 - 2009 жылдары мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің қарқыны орташа есеппен 108 % құрайды.
Халықтың табысын арттыруға, оның ішінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған саясат халықтың ақшалай табысының артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде елде ішкі сұраныстың артуына ықпал етеді.
Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға ішкі сұранымның кеңеюі инвестициялық тауарлар импортын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Халықтың нақты табыстарының кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен астасып, экономиканың нақты секторы инвестициясының өсуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Елді дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мақсаттары,
міндеттері және басымдықтары
2007 - 2009 жылдары әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында, 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болады.
2007 - 2009 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты мақсаты жақын арадағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі және Қазақстан азаматтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін институционалдық және экономикалық қолайлы жағдай жасау болады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
түпкі өнімдерді экспорттауға бағдарланған өндірістер, мұнай-газ, көлік және машина жасаудың басқа да кіші салалары, металлургия, химия, агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен кәсіпорындар құру және дамыту;
нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қолдау;
қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
экономиканы әртараптандыруды ынталандыратын икемді салық және бюджет саясатын жүргізу, жаңа салаларды дамыту және оларға шетел капиталын және ноу-хау тарту;
мемлекеттің активтерін басқарудың ашық және айқын жүйесін құру;
Ұлттық Қордың қаражатын ашық және тиімді қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету;
металлургиядағы, банк саласындағы, сақтандырудағы, химия өнеркәсібіндегі бәсекелестікті монополияға қарсы заңнаманы реформалап және осы секторларға отандық және шетелдік инвестициялардың кіруі үшін тартымды және ашық жағдай жасап арттыру;
мұнай, газ және өндіруші өнеркәсіптің басқа да салаларында терең қайта өңдеуді дамыту;
қорғалған зияткерлік меншік құқықтары мен сауда маркасы бар тауарлар өндіру үшін қолайлы жағдай жасау;
әлеуметтік саланы одан әрі жаңарту;
Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуына ықпал ететін көп жақты халықаралық экономикалық жобаларға қатысу;
ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға одан әрі жәрдемдесу;
табиғи ресурстарды ашық пайдалану саясатын жүргізу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
экономиканы теңгерімді дамыту қажеттіліктеріне жауап беретін аумақтық даму.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2007 - 2009 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
тұрақты экономикалық дамудың іргетасы ретінде Қазақстан экономикасын одан әрі жаңарту және әртараптандыру;
ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау бағдарламасын қабылдау;
елдің экономикалық дамуындағы сапалы серпіліс ретінде әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасу;
шикізат емес тауарлар экспортына және жоғары технологиялы жабдықтар импортына кредит беруді мемлекеттік қолдау;
халықтың "осал" топтарын қорғауға бағытталған және экономиканың өнімді дамуын ынталандыратын қазіргі заманғы әлеуметтік саясат;
қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту, мәдениеттің өркендеуі және халықтың рухани әлеуетін дамыту;
ғылыми әлеуетті дамыту және қолданбалы ғылымды өндіріске, бизнеске барынша жақындату;
Астананы осы заманғы әлемдік стандарттар бойынша және Еуразиядағы өзара халықаралық іс-қимылдың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту;
Алматы қаласын ірі өңірлік қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде дамыту.
4. Қазақстанның 2007 - 2009 жылдардағы жедел экономикалық
өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы серпілістi
бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету
§ 1. 2007 - 2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы
Тау-кен өндіру өнеркәсібi
Отын-энергетикалық кешен тиімділігінің деңгейін арттыру
2007 - 2009 жылдары тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі мақсаты өндіріске жаңарту жүргізу озық технологиялар пайдалану және енгізу есебінен саланы қарқынды дамыту болып табылады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутегі ресурстарын тиімді игеруді қамтамасыз ету және ірі кен орындарында мұнай өндіруді көтеру үшін мұнай өнеркәсібінде мынадай міндеттер шешілетін болады:
Каспий теңізінің қазақстандық секторы мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін (2006 - 2010 жылдар) іске асыру;
мұнай-газ кешені үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер ұсыну үшін жоғары деңгейлі қосылған құны бар салаларды дамыту үшін жағдай жасау;
мұнай мен газды терең қайта өңдеуді дамыту және мұнай өнімдері өндірісін ұлғайту.
Көрсетілген міндеттерді шешу жолдары:
көмірсутектерінің барланған қорларының өсуін қамтамасыз ету және өндіруді тұрақты жоғары деңгейге шығару;
көмірсутектерін тасымалдаудың мультимодальдық жүйесін дамыту;
теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру, теңіз мұнай операцияларын қамтамасыз ету жөніндегі теңіз порттары мен жағалау инфрақұрылымдар құрылыстарын дамыту;
екінші буынды зауыттың құрылысының жобасын іске асыру және Теңіз кен орнында шикі газды айдау;
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту жобасын іске асыруды аяқтау;
Мұнай өнімдерінің сапасын еуропалық стандарттарға (ЕВРО-3) дейін жеткізу мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытында сутегін өндіру жөніндегі қондырғы салу.
Қазақстанда газ саласын дамытудың басты мақсаты газдың ішкі ресурстарын өндіруді ұлғайту және ұтымды пайдаланудан әлеуметтік-экономикалық тиімділікті, сондай-ақ, ішкі нарықтың сұраныстарын мейлінше толық қамтамасыз ету мүддесінде газ-көліктік жүйесінің транзиттік мүмкіндіктерін еселеп арттыру және елдің экспорттық әлеуетін одан әрі ұлғайту болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
газ қорлары бойынша ресурстық әлеуетті өсіру міндеттері және ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды енгізе отырып, жаңа газ және мұнай-газ кен орындарын өңдеумен оны өндіру бойынша қуаттарды дамыту;
сұйытылған газ шығару және мұнай-химия өнімдерінің көлемін арттырумен өндірілетін газды өңдеу және кәдеге жарату бойынша жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту және жаңа қуаттар жасау;
жаңа аумақтарды газдандырудың және коммуналдық шаруашылықта, электр энергетикасында, автокөліктерде және т.б. газды пайдалану аясын кеңейтудің өңірлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
олардың пайдаланылуы кезіндегі техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін газ-көлік жүйесі объектілерін техникалық қайта жаңарту жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ жаңа газ құбырларын салу және табиғи газды сыртқы нарықтарға тасымалдау жөніндегі экспорттық бағыттарды пысықтау;
газ саласының нормативтік базасын қайта қарау, газ-көлік жүйесі субъектілерінің ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру және табиғи газды тасымалдау кезіндегі тариф құрау жүйесін жетілдіру;
салаға мамандар тарту үшін оқыту, қайта оқыту және жағдай жасау.
Көмір өнеркәсібінде оны ИСО сериялы халықаралық стандарттарға көшуді қамтамасыз ету қажет.
Геологиялық саланы дамыту үшін:
геологиялық барлау ұйымдарын техникалық қайта жарақтандыру;
Қазақстанда геологиялық барлау техникасының жаңа үлгілерін өндіру;
геологиялық саладағы қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулерді дамыту.
Энергия ресурстарын әлемдік нарықтарға тасымалдау
Қазіргі уақытта нәтижелері бойынша жобаны іске асыру туралы шешім қабылданатын Қазақстаннан Қытайға газ құбырын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Жаңа кен орындарын өндіру және тауарлы газ өндірісі мен өнім көлемі арта түседі, бұл өз кезегінде газдың экспорттық әлеуетін арттыруға және ішкі нарықтың қанығуына бастайды.
Шығыс және Солтүстік-Батыс Еуропа, Жерорта теңізінің аймағы, Қытай Қазақстан үшін көмірсутегілерін шығарудың перспективалы нарықтары болып табылады. Осы бағыттардың бәрінде барынша толық көлемде ілгерілеу дамыған және серпінді құбыр тасымалы саласынсыз мүлде мүмкін емес.
Республиканың газ көлігі саласы үшін магистралды газ құбырлары жүйесін қайта жаңарту және жаңғырту, әсіресе, Қазақстан және Орта Азия газын Ресейге, Украинаға, Кавказ мемлекеттеріне және Еуропаға экспорттық қойылымына қызмет көрсететін Орта Азия - Орталық (ОАО МГ) жобалары, барынша өзекті болып табылады.
2008 жылға қарай табиғи газды магистралды газ көлігі жүйелері арқылы тасымалдау көлемін жыл сайын 130 млрд. текше метрге дейін, газдың халықаралық транзит көлемін жылына - 116,6 млрд. текше метрге дейін, оның ішінде ОАО МГ өткізу қабілетін жылына - 60 млрд. текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2006 - 2008 жылдары магистралды газ құбырларын салу мен күрделі жөндеудің жалпы сомасы 804 млн. АҚШ доллары сомасындағы үш ірі жобаны іске асыру белгіленіп отыр.
Магистралды газ тасымалдау жүйелерін кеңейту қажеттілігі Ресей мен Түркіменстан және "Газпром" ААҚ мен "Өзбекмұнайгаз" ҰХК арасында тиісінше түркімен және өзбек газын сатып алуға-сатуға, Қазақстан газын өндіруді елдің батыс өңірлері мен Каспий теңізінің шельфінде болжамды арттыруға бекітілген ұзақ мерзімді келісімдерге негізделеді.
Жұмыс істеп тұрған магистральды газ көлігі жүйесінің өткізу қуатын арттыру жөніндегі міндеттен басқа, бір ғана тұтынушыға тым тәуелді болуға жол бермеу үшін оның бағыттарын әртараптандыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан көмірсутегін Қытайға беру жобасын сыйымдылығы аса ірі нарыққа шығу деп қарастырған жөн.
Сондай-ақ республиканың ішкі газ нарығының дамуы басым міндет болып табылады.
Күтілетін өндірістік нәтижелер
2007 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өседі және 64 млн. тоннаны құрайды. 2009 жылы оны өндіру көлемі 78 млн. тоннаға дейін жеткізілетін болады.
2007 жылы газ өндіру де 33,3 млрд. текше метрге дейін өседі, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 27,1 %-ға артық. 2009 жылы бұл көрсеткіш 39 млрд. текше метрді құрайды. Бұл, өз кезегінде, 2005 жылғы 14,8 млрд. текше метр тауар газын өндіруді 2009 жылғы 24 млрд. текше метрге дейін өсіруге мүмкіндік береді.
2007 - 2009 жылдары мұнай мен газды өндірудің жоспарланып отырған көлемінің өсуіне Каспий теңізінің Қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2004 - 2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасын, Еліміздің минералды-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру есебінен қол жеткізіледі.
Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсер етумен ілесе жүреді. Кен орындарын әзірлегенде ілеспе газды алауларда жандырудан шығатын өнімдер ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты еліміздің мұнайгаз кен орындарында ілеспе газдарды кәдеге жарату Қазақстанда жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Газды қайта өңдеуді және газды кәдеге жаратуды тереңдету мақсатында озық технологияларды қолданудың шетелдік тәжірибесін есепке ала отырып, осы заманғы инновацияларды енгізу қажет.
2007 жылы көмір өндіруді 87,3 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, 2009 жылы көмір өндірудің болжамдық көлемі 88 млн. тоннаны құрайды.
Көрсетілген көлемге қол жеткізу үшін:
осы заманғы техникалық деңгейдің көмір өндіретін техникасына көше отырып, "Миттал Стил Темиртау" акционерлік қоғамы көмір департаментінің қолданыстағы шахталарын техникалық қайта жарақтандыру;
Екібастұз және Шұбаркөл көмір кен орындарын тиімді өңдеудің кешенді жоспарларын іске асыру;
жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету, коммуналдық секторды және басқа да салаларды қатты отынмен жабдықтау үшін Майкөбе кен орындағы, "Қаражыра" разрезіндегі күлі аз көмір өндіруді арттыру;
ИСО сериялы халықаралық стандарттарды енгізу арқылы қазақстандық көмірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен көмір өндірудің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарда (2007 жылы - 2 шахта, 2008 жылы - 2 шахта) жою жұмыстары жалғасатын болады.
Шұбаркөл көмір кен орнындағы Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығы пайдалануға енгізген жылына қуаты 300 мың тонна арнаулы кокс өндіру жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғының 2006 жылы толық қуатына шығуымен республиканың ферроқорытпа зауыттарының Ресей мен Қытайдың арнаулы кокс импортына тәуелділігі толық жойылады.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009
жылдары іске асыру
Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі мақсаты дамудың шикізаттық бағытталуынан ауытқу жолымен экономика салаларын әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар дайындау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты мәні болып табылады.
Жедел экономикалық серпілісті қамтамасыз ету үшін 2007 - 2009 жылдары өнеркәсіптік секторды және қызметтер саласын әртараптандыруға және жаңартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Индустриялық-инновациялық саясатты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады. Сондықтан орта мерзімді перспективада қазақстандық бизнес үшін тауашаны айқындау мақсатында нарықтарды, салаларды маркетингілік және технологиялық зерттеулер жүргізуге байланысты жұмыс жүргізілетін болады.
Экономиканың 23 әлеуетті бәсекеге қабілетті секторларына маркетингілік, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.
Барлық талдамалық зерттеулер жүргізудің мақсаты қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыру тәсілдерін анықтау болады.
«Өнімнің шығуы», «сату», «шығындар» сияқты көрсеткіштерге барынша көңіл бөле отырып, «өндірілген шығындар - алынатын кіріс» ең үздік ара қатынасы ерекшеленетін қосылған құндардың тізбегін анықтау жалғасады. Бұл ретте, ҚҚТ-ның дамуы екі бағыт бойынша жүреді - тізбектегі «кемшіліктердің» орнын толтыру және қажет кезінде жаңа технологиялық құрылымдарды дамыту.
Алдағы кезеңнің түйінді бағыттары басымды салаларда бірқатар жоғары технологиялы өндірістер құру болуы тиіс.
Индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің жұмыс істеуі мемлекеттік саясатын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ орта мерзімді перспективада мынадай міндеттер шешілетін болады:
өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
жеке секторды бәсекелі артықшылықты жасауға және жетілдіруге нақты өндірістерде қосылған құн тізбесіндегі элементтерді игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын жасау;
елдің экспорт әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына әртараптандыру;
әлемдік сапа стандарттарына көшу;
әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қоса отырып, өңірлік экономикаға және әлемдік шаруашылық жүйесіне бірігуді ұлғайту.
Шикізат емес бағыттағы экономиканың салаларында іске асырылатын барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді шешу үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Кластерлік даму
2005 жылы тамақ өнімдері өнеркәсібі кластері, мұнай-газ машиналарын жасау өнімдері кластері, туристік қызметтер кластері, тоқыма өнімдері өнеркәсібі кластері, металлургиялық өнімдер өнеркәсібі кластері, көлік-логистикалық қызметтер кластері, құрылыс материалдары өнеркәсібі кластері сияқты 7 пилоттық кластерлер құру және дамыту жөніндегі жоспарлар бекітілді.
Бұл жоспарлар көрсетілген салалардың жүйелі проблемаларын (саланы дамытуды ынталандыру үшін заңнаманы жетілдіру, кадрлар даярлау және қайта даярлау, стандарттау мәселелері, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) шешу жөніндегі іс-шараларды және әрбір жекелеген кластерлердің міндеттерін (бизнес стратегияларды тұжырымдау кластер шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, кластерішілік кооперацияны күшейту) шешуге бағытталған шараларды қамтиды.
Кластерлік идеяларды дамытуда индустриялық аймақтар құру сияқты нақты өндірісті мемлекеттік ынталандыру құралын пайдалану барынша перспективалы болып көрінеді. Бұл тетік қазіргі уақытта Астана қаласында (Құрылыс материалды) және Қарағанды облысында (Металлургия-Металл өңдеу) пилоттық кластерлердің жобаларын іске асыру шеңберінде байқаудан өтіп жатыр.
Оң нәтижелер алған жағдайда осы тәжірибені барлық өңірлерге тарату көзделіп отыр: Павлодар қаласы (өнеркәсіп), Өскемен қаласы (металлургия-металл өңдеу), Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу), Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы (машина жасау).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы индустриялы аймақтарды қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы әзірленуде.
Жалпы алғанда, бұл құралдың жеке меншік-мемлекеттік әріптестікті дамытуда табысты пайдаланудың барлық алғышарттары бар. Бұл ретте, құрылымдық қаржыландыру құралын пайдаланғанда бұл ұстаным өнеркәсіп салаларын дамыту үшін айтарлықтай экономикалық әсерге ие болуы мүмкін.
Мұнай-газ машинасын жасау
Қазіргі уақытта машина жасау кәсіпорындары 230 астам өнім атауларын шығаруды игерді, оның ішінде 125 тонна жүк көтеруге қабілетті жедел бұрғылау қондырғысы, ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттар, арнаулы техника, резервуарлар, сыйымдылықтар, тұндырғыштар және сепараторлар, 6 және 8 тонна жүк көтеруге қабілетті тербелме-станоктар, ортадан тепкіш және поршеньді сорғылар, фонтанды арматура, ысырмалар, вентильдер, мұнай эмульсияларын қыздыратын пештер және басқа да жабдықтар.
2006 жылға отандық кәсіпорындар мұнай-газ саласы үшін 50-ден астам өнімнің жаңа түрлерін игеруді жоспарлады.
НБ-125 бұрғылау сорғыларын шығару Алматы ауыр машина жасау зауытында ("ААМЗ-Ижнефтемаш") жолға қойылған, зауыт шығаратын барлық өнім DIN EN ISO 9001:2000 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған.
«Қазмұнайгазмаш» акционерлік қоғамының (Алматы қаласы) мұнай-газ кешені кәсіпорындарын арзан және сапалы жоғары қысымды бұрқақтық-сағалық жабдығымен қамтамасыз ете алады, кәсіпорында ISO 9001 сапаны басқару жүйесі қолданылады.
«Өскемен арматура зауыты» акционерлік қоғамы ысырмалар мен клапандарды ИСО халықаралық стандарттар бойынша шығарады.
Ақтөбе мұнай жабдығы зауытында әртүрлі диаметрдегі сорғы-сығымдаушы құбырларын шығару игерілген.
Жеткізілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оған жедел сервистік қызмет көрсету үшін отандық тауар өндірушілер өз өндірістерін, сондай-ақ қосалқы бөлшектер шығаруға қайта бағдарлауда және «жеткізуші-тұтынушы схемасын» өзара қарым қатынастың осы заманғы сатысына шығаруда.
Мұнай-газ жабдығы өндіру саласына инвестициялар тартылуда: «Штангалы сорғы өндірісінің, сондай-ақ сорғы-сығымдаушы құбырлар және штангалы тереңдік сорғылар өндірісінің толық тізбегін ұйымдастыру» жобасы 7039 млн. АҚШ доллары инвестициялар көлемімен «Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне.
Тұтастай алғанда 2007 - 2009 жылдары машина жасау саласын дамыту Қазақстан Республикасының машина жасау саласын әртараптандыру мен дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның басты мақсаты әртараптандыру негізінде машина жасау саласын одан әрі дамыту және салаға машина жасау өнімінің импортын қысқарту және экспортын кеңейту үшін осы заманғы технологиялар мен жабдықтарын тарту үшін жағдай жасау болып табылады.
Металлургия
Қазақстан қара және түсті металдардың, 84 өнеркәсіптік минералдардың, сондай-ақ энергия тасығыштардың коммерциялық запастарына ие.
"Металлургия" кластері машина жасау және металлургия кәсіпорындары кластерінің басқа да қатысушылары үшін шикізат өндіретін кластер құрушы компаниялар технологиялық дәйекті тізбекте құрылған кәсіпорындар мен өндірістердің кешенін білдіреді.
Қара металлургия саласында және тау-металлургия кешенінің түсті саласында негізгі шаруашылық субъектілері - «Миттал Стил Теміртау» акционерлік қоғамы және «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі компаниялары болып табылады.
Қазіргі уақытта республика өнеркәсібінің металлургия секторында мынадай проблемалар бар:
руда құрамында пайдалы құрамдауыштар аздығы;
пайдалы қазбалы кен орындарының көп құрамдауыштығы;
жоспарлау, жобалау және басқару процестерін автоматтандыру деңгейінің төмендігі;
негізгі қорлардың тез тозуы;
тау-кен машина жасаудың өз кәсіпорындарының қуатының аздығы;
минералды шикізатты кешенді, қауіпсіз және қалдықсыз өндіру және қайта өңдеудің жаңа үнемді технологияларын дамытудың төмен қарқындылығы;
тұтынушылардың алыс орналасуы;
жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау қызметі саласындағы нормативтік-заңнамалық және салық базасының нақты ахуалының барабар болмауы;
мамандар даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесінің болмауы;
тау-кен саласының кәсіпорындары қызметінің шашыранды сипаты (үйлесімнің болмауы).
Металлургия саласын табысты дамыту үшін Қазақстан Азия нарығын ерекше назарға ала отырып, қосылған құнымен металлургиялық өнім өндіру үшін қуаттар құруға шоғырлануы қажет.
Құрылыс материалдары саласы
Құрылыс материалдары саласының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары:
қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары технологиялық желілерін (өндірістерін) әзірлеу және енгізу;
өндіріс қалдықтарын пайдалануды, энергия және ресурстарды үнемдеуді және қоршаған ортаға техногендік әсер етуін төмендетуді қамтамасыз ететін технологиялар әзірлеу және игеру.
Шыны, цемент, жылу оқшаулағыш және "қабын материалдарын, жақтау кірпіштерін, линолеум, сырлар мен басқа да қажетті құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру таяу жылдардағы басым бағыттар.
Жоспарланған кезеңге ұйғарылып отырған мақсаттар мен міндеттер:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
Бағдарламада көзделген міндеттерді шешу үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жекелеген өңірлердің әлеуетін, шикізат көздерінің болуын, қолданыстағы және тұрып қалған кәсіпорындарды, ішкі өңірлік және өңіраралық нарықтарды ескере отырып, өңірлік кластерлерді іске асыру;
сала мен технологиялар трансфертінің ғылыми базасын дамыту;
жаңа стандарттар әзірлеу арқылы стандарттау және қолданыстағыларын халықаралықтарға бейімдеу жүйесін жетілдіру;
шетелдік өткізу нарықтарына және шетелдік фирмалар үстемдік құрып отырған ішкі нарықтарға шығу мақсатында өндірісті басқарудың халықаралық нысанына, бірінші кезекте сапаны басқару жүйесіне көшу;
мамандарға жалпы қажеттілікті анықтай отырып, кадрлар даярлау жүйесін оңтайландыру.
Тоқыма өнеркәсібi
Тоқыма өнеркәсібі табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды тоқыма жіпке және матаны қайта өңдеумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп салаларының өндірістер тобын біріктіреді. Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі экономикалық қызметтің 7 түрі мен 21 кіші түрінен көрінеді.
Қазақстанда қоза Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы аудандарында, Түркістан қаласында және Шымкент, Арыс қалаларының, Бәйдібек, Отырар және Сайрам аудандарының аз ғана жерінде өсіріледі.
Республиканың тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата жіп пен матаны шығару жөніндегі кластерді құру жоспарланып отыр.
Шитті мақта өндіру саласындағы ең өткір мәселелер: мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының бөлшектенуі; өнеркәсіптің өсіп келе жатқан сұранымдарына жауап бере алатын бәсекеге қабілетті сорт жиынтығының болмауы; білікті мамандардың жеткіліксіздігі; бірінші-үшінші өндіруге дейін тұқым көбейту бойынша тұқым шаруашылықтары желісінің жеткіліксіз дамуы; сорттық агротехниканың сақталмауы; өнім мен өндірісті, стандарттарды, сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі тіркелген құрылымдардың жоқтығы; отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен аз жүктелуі болып табылады.
Мақта шаруашылығындағы проблемалы мәселелерді шешу үшін алдағы 2007 - 2009 жылдары:
«Мақта саласын дамыту туралы» Заңды қабылдау;
мақтаны қайта өңдеу ұйымдарында 9000 сериялы ИСО халықаралық стандартына сай сапа менеджменті жүйесін енгізуге қолдау көрсету;
мақта шаруашылығы және тоқыма өнеркәсібі жөніндегі халықаралық ұйымдар арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
бір мақта қайта өңдейтін кәсіпорындар салу;
Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның егістік тұқымын дайындау жөнінде тұқым тазалау зауытын салу;
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында көлік-логистикалық терминалын салу қажет.
Тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментінің қосылған құндары тізбесінің элементтерін қалпына келтіру үшін бүгінгі таңда тоқыма саласының басқа сегменттеріне салыстырғанда неғұрлым бәсекеге қабілетті болып табылатын жіп және мата өндірісі жөніндегі саланы серпінді дамыту қажет. Тоқыма өндірісінің осы сегментіне қосылған құнның шамамен 80 %-ы, сонымен бірге, талшықты мақта өндірісіне шамамен 10 %, дайын киімге шамамен 1-3 % келеді. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру Қазақстанда шығарылатын мақтаны қайта өңдеуге, сонымен қосылған құнды ұлғайтуға және тігін кәсіпорындарында одан әрі өңдеу үшін қажетті өнімді шығаруға мүмкіндік береді.
Әлеуетті тоқыма кластерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін Қазақстанда: еңбек өнімділігін арттыру; мақтаның сапасын бағалау (грединг) стандарттарын енгізу; кластердің барлық құрамдауыштарымен және әлемдік сауда және логистикалық тізбектерімен өзара іс-қимылдарды жолға қою және реттеу; шикізаттың сапасын арттыру; білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық және өндірістік технологиялар енгізу қажет.
Тамақ өнеркәсібi
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің деңгейін тереңдету және кешенділігін арттыру кластерлік ұстанымды іске асыру арқылы көзделіп отыр. Қатысушылардың, атап айтқанда ауыл шаруашылығы шикізатын өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындардың географиялық жақындығы тамақ өнеркәсібін дамытуда осы ұстанымды пайдалануына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы мемлекеттік қолдау өндірістік қуаттарды және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің экспорты көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Республиканың өңірлері бойынша кластерлік жобалар ретінде мыналар айқындалды:
солтүстік өңірде (Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары) - астық өңдеу;
оңтүстікте - (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) жеміс-көкөніс;
Қостанай облысында - сүт.
Кластерлік бастамалардың дамуы қайта өңделетін ауыл шаруашылығы шикізатының өнімін экспорттау көлемін 2 еседен артық өсіруге мүмкіндік береді.
2007 - 2009 жылдары шаралар кешенін өткізу және мынадай шаралар кешенін қабылдау жоспарланып отыр.
Астықты қайта өңдеу кластері:
астықты қайта өңдеудің экспорттық әлеуетін арттырудың мемлекеттік стратегиясын әзірлеу;
астықты терең қайта өңдеу өнімдерінің қазақстандық ортақ брендін құру;
экспорттаушылар - астықты қайта өңдеушілер қауымдастығын құру;
астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау;
экспорттаушыларға жеңілдетілген кредит, шикізат және дайын өнімді тасуға жеңілдетілген тарифтер, экспорттық жеткізуге мемлекеттік кепілдік беру;
құрғақ дән маңызы мен биоэтанолды қоса алғанда, бидай астығын терең қайта өңдеуді дамыту;
астықты қайта өңдеу зауытын салу;
ТМД, ЕурАзЭҚ және ЕЭС-қа мүше мемлекеттер аумағында экспорттың инфрақұрылымын бірлесе дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қамқорлыққа алу саясатын жүргізу;
ауыл шаруашылығы және оның қайта өңдеу өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту жөнінде Қазақстан Республикасының, әсіресе Қытайдағы, Ауғанстандағы, Пәкістандағы, Египеттегі шетелдік мекемелерін жандандыру;
«Ақ Бидай Терминал» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және Ақтау портындағы астық терминалын тиеу құрылғысын ауыстыру;
Ақтау қаласында ұн тарту кешенін салу;
«Астық Қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 2 Нан базасынан астықты сақтау кешенін сатып алу;
Баку (Әзірбайжан) және Амирабад (Иран) порттарында астық қабылдау терминалдарын және ұн тарту кешендерін салу, сондай-ақ Поти (Грузия) портында астық терминалын салу.
Жеміс-көкөніс кластерi
таза сортты егу материалдары мен тұқым өсіру үшін жеміс тұқым бақтарын және тұқым шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу;
азық-түлік құрал-жабдықтары сертификаттарын тану рәсімін оңайлату;
жеміс-көкөніс дақылдарын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар үшін техника және құрал-жабдықтар лизингін кредиттеу;
жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштарын және жүзім егу жөніндегі, жеміс-жидек дақылдарының қайта өңдеуге жарамды сорттарын өндіруді арттыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.
Сүт кластерi
мал шаруашылығы бойынша орташа және ірі субъектілерді құру және осы үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының және бюджеттік субсидиялардың қаражатын кешенді пайдалану;
Қостанай облысының селолық округтарында малдың түрлерін аудандастыру бағыты бойынша базалық шаруашылықтар құру;
облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды субсидиялау;
жұқпалы аурулы малдарды залалсыздандыру ережесін сақтамағаны үшін иелерден заңнама деңгейінде құқықтық жауапкершілікті талап ету;
машинамен сауу және оның бастапқы салқындатылған сүтті жинау пункттерін ұйымдастыру шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылайтын зертханалық базаларды, олардың техникалық қайта жарақтандыруын дамыту;
қазіргі технологиямен құрама жем зауытын салуға инвестицияларды тарту;
жемшөп өндіру жөнінде өңірлік бағдарламаны әзірлеу;
жеке ауладағы мал басы үшін қолдан ұрықтандыратын қосымша пункттерді ашу.
Туризм
Туризм саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған басты мақсат экономикалық өсуге жәрдемдесу және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін елдің бәсекеге қабілетті туристік индустриясын дамыту болып табылады.
Отандық туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін оны мемлекет экономикасының табысты секторына айналдыру және туризмнің рентабельдігі жоғары индустриясын құру мақсатында 2006 жылы мынадай міндеттерді шешу қажет:
туристік саланың нормативтік құқықтық базасын және оны іске асыру тетігін одан әрі жетілдіру;
Дүниежүзілік туристік ұйыммен сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстанның аталған ұйым өткізетін іс-шараларға қатысуын, сондай-ақ оларды республикада өткізуді қамтамасыз ету;
туризм саласындағы ынтымақтастық туралы 26 қол қойылған халықаралық келісімді іске асыруды жалғастыру және әзірленген 10-ын қол қоюға дайындау;
Қазақстанның ірі халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз ету.
Туристік саланы дамыту міндеттерін шешу және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде мынадай іс-шараларды орындау көзделген:
саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу;
туризмнің инфрақұрылымын және шектес мемлекеттермен бірлесіп, халықаралық туристік бағыттарды дамытуды көздейтін жобаларды әзірлеу, инвестициялау және іске асыру;
қонақ үй және туристік қызметтер ұсыну саласында ИСО 9000, ИСО 14000 бойынша халықаралық сапа стандарттарын енгізу;
«Менің Отаным - Қазақстан» жобасын іске асыруға, экскурсия жүргізуші, жолбасшы ретінде туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру кезінде жастарды кеңінен тартуды қамтамасыз ету;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм саласында және қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
туризм саласын кластерлік дамытуды қамтамасыз ету.
Туризммен аралас салаларды дамытуға негізделген осы шараларды кешенді іске асыру жағдайы және инвестициялық белсенділікті ынталандыру кезінде келу және ішкі туризм көлемінің тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
2007 - 2009 жылдар аралығы кезеңінде туристік ұйымдар мен бағыттар, туризмнің инфрақұрылымы, туристік саланың статистикасы жөніндегі мемлекеттік дерекқорды біріздендіру жоспарланып отыр.
Көлік-логистикалық қызметтер
«Көліктік логистика» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарға сәйкес Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытында үздіксіз контейнерлік автотасымалдауды ұйымдастыру арқылы «Жаңа Еуразиялық Автокөлік Бастамасы (NELTI)» жобасын іске асыру көзделіп отыр. Жоба шеңберінде Бақты көлік-логистикалық орталығын салу шекаралық автокөліктік өткізу пунктінің өткізу қабілетін ұлғайту, Қазақстанда ауыр жүк автомобильдерін жинауды ұйымдастыру және осы заманғы жүк автомобильдерін лизингке сатып алу көзделіп отыр.
Алдағы кезеңде қызметтердің кең тізбесін ұсына отырып, халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай келетін телекоммуникациялық және жүк қайта өңдеу жабдығымен жарақтандырылған қолданыстағы "Астана-Келісім-шарт" контейнерлік терминалдың базасында Алматы қаласында осы заманғы көлік-логистикалық орталық құру және дамыту жөніндегі жұмыс аяқталатын болады.
Бұдан басқа, Ақтау портында және Достық станциясында көлік-логистикалық орталықтарын құру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Мұнай-химия саласын дамыту
Базалық мұнай-химия өнімін (этилен, полиэтилен, пропилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликол және бензол, метанол - барлығы 20 астам түрлер) шығара отырып, көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін құру үшін 2007 - 2009 жылдары мынадай міндеттерді шешу қажет:
отандық газ шикізатта жұмыс істейтін базалық мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі өндірісті құру;
мұнай-химия кәсіпорындарының қызметі үшін шикізаттың (газ және мұнай) оңтайлы көздері мен көлемін айқындау;
Қазақстанда мұнай-химия өндірісін салуға инвестициялар тарту.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу жөніндегі өндірістер құрудың инвестициялық жобаларын әзірлеу мен іске асыру және қосылған құны жоғары өнім шығару жөніндегі мұнай-химия өндірістерін салу;
мұнай-химия өндірістерінің қызметі үшін ұзақ мерзімді кезеңге арналған шикізаттың оңтайлы көздері көлемін, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру кезінде ресурстық база алу перспективаларын ескере отырып, айқындау;
қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімінің кең гаммасын халықаралық нарық үшін шығара отырып, инновациялық технологиялар негізінде және халықаралық ауқымдағы қондырғыларда Қазақстанның көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін және кешендерін белсенді жандандыру үшін арнайы экономикалық, әкімшілік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік жағдайлар жасау.
Әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мұнай-химия өндірістерін салудың жобалары инвестициялық жобалары бойынша әртүрлі компаниялардан, оның ішінде мұнай-химия өндірістерін және мұнай-химия технологияларын пайдалануға қосу жөніндегі жетекші әлемдік көшбасшыларынан ұсыныстар түсті: Linde и Lurgi (Германия), АВВLummusGlodal (Швейцария), Mitsui&Co.Ltd., Marubeni Cosmo, Itochu, Тоуо Engineering Corporation жапондық компаниялары, Лукойл (Ресей), Ваsеl (Нидерланды Корольдігі) және басқалар.
2007 жылдан бастап Атырау облысында Теңіз, Қашаған және Солтүстік Каспий кен орындарының ілеспе газының базасында елде бірінші біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Базалық мұнай-химия өнімін алу жөніндегі аталған өндіріс негізінде одан әрі полиэтилен және полипропилен, полистрол, этилбензол және олардан жасалатын түрлі өнімдер (құбырлар, құрылыс материалдары, химиялық талшықтар, халық тұтынатын тауарлар және т.б.) өндіру жөніндегі мұнай-химия кәсіпорындары құрылатын болады.
Арнайы экономикалық аймақтың басымдықтарын дамытудың қалқалау қағидатымен бірге пайдалана отырып Атырау облысында Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркін құру жөніндегі іс-шаралар әзірленуде, яғни шикізаттан газ тарату жөніндегі қондырғысының оңтайлы схемасы бойынша орналасатын нүктелі географиялық аумақтардың арнайы экономикалық аймағын енгізу. Арнайы экономикалық аймақтың мәртебесі мен құрылымы дамудың қалқалау қағидатымен бірге мұнай-химия өндірістерін және мемлекеттердің қатысу кезінде тиісті инфрақұрылымды құру мен дамыту жөніндегі капиталды қажетсінетін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды.
«Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру кезінде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс Ұлттық технопарктің моделі пайдаланылатын болады.
Мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру 2010 жылға қарай мынадай мұнай-химия өнімін шығаруды қамтамасыз етеді: бір жылда 820 мың тонна этилен, бір жылда 400 мың тонна тығыздылығы төмен желілік полиэтилен және тығыздылығы жоғары полиэтилен (ЛПЭНП/ПЭВП), бір жылда 400 мың тонна тығыздылығы төмен полиэтилен (ПЭНП), бір жылда 400 мың тонна полипропилен (ПП).
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі мақсаты отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеуетті және технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті түпкі өнім құруды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйе қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық инновациялық жүйені дамыту екі негізгі бағытты көздейді - бұл инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту және инновациялық қызмет субъектілері арасындағы қатынастардың тиімді жүйесін құру.
ҒЗТКЖ-ны коммерцияландыру тетігінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында инновациялық инфрақұрылым құру шеңберінде «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы, жеке меншік венчурлік қорлар желісі, ұлттық және өңірлік технопарктер желісі құрылды.
2007 - 2009 жылдары технопарктердің физикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Технологиялық толықтыру, инвестициялық жобаларды оларды технопарктерде іске асыру үшін іріктеу жөніндегі, технопарктерде лабораториялық кешен, сертификациялық және білім беру орталықтарын құру жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының бес отандық және үш шетелдік венчурлік қоры құрылды;
«Әрекет» жоғары технологиялар қоры «Тұран Әлем Секьюритис» компаниясымен бірлесіп;
«Lancaster Group» акционерлік қоғамымен «Адвант» венчурлік қоры;
«Сентрас венчурлік қоры» тәуекелдік инвестициялау акционерлік инвестициялық қоры «Сентрас Капитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен бірлесіп құрылды;
«Halyk Private Eguity» акционерлік қоғамы «Қазақстан халық жинақ банкі» акционерлік қоғамымен бірлесіп;
«Glotur Technology Fund» акционерлік қоғамы «Glotur» акционерлік қоғамымен бірлесіп.
Талдау нәтижелері бойынша үш жетекші шетелдік венчурлік қор (Ұлттық инновациялық қордың акционері ретінде қатысумен) таңдалды:
«Welligton Partners Ventures III Technology Fund L.P.« еуропалық технологиялық венчурлік қоры;
Орталық Азиялық шағын кәсіпорындарды қолдау қоры (САSEF);
«Flagship Ventures Fund 2004, L.P.« венчурлік қоры.
Ұлттық инновациялық қоры Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аумағында технологиялық бизнес-инкубатор құру жөніндегі жобаны қаржыландырып отыр.
Қазақстан-Британ университетімен бірлесіп, технологиялық бизнес-инкубаторды қаржыландыруды бастау жоспарланып отыр.
Ақпараттық технологиялар паркi
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен Алматы қаласының маңындағы Алатау кентінде «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
«JURONG Consultants Pte Ltd» компаниясы ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағын дамытудың тұжырымдамасы мен мастер-жоспарын әзірледі.
Тұжырымдамада зерттеу, өндірістік, институционалдық, тұрғын үй, коммерциялық кешендерді, Өзара іс-қимыл орталықтарын және көрме орталықтарын қамтитын аралас ақпараттық-технологиялық парк құру көзделіп отыр.
Даму мастер-жоспарында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамытудың бас және қаржы жоспарын жобалау және әзірлеу ұйғарылып отыр. Халықаралық талаптарға сәйкес жарақтану мен жайлылықтың жоғары деңгейімен ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік әлеуетті шоғырландыруды қамтамасыз ететін осы заманғы өнеркәсіп кешенін құру көзделіп отыр.
Ядролық технологиялар паркi
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 832 қаулысымен «Ядролық технологиялар паркі» технопаркін жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының басқарушы компаниясы құрылды.
Ядролық энергетикада қазақстандық тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қолдаудың тұтас жүйесін қалыптастыру үшін Ядролық технологиялар паркінде перспективада өндіруші және қайта өңдеу кәсіпорындарында озық ұстанымдарды қамтамасыз ететін дербес инновациялық технологиялық база қалыптасады.
2006 жылы технопаркінің әкімшілік-өндірістік секторының ғимараттарын салуға, Курчатов қаласындағы сыртқы инженерлік және коммуникациялық желілерді, кірме жолдарды қалпына келтіру және жөндеуге кірісу жоспарланып отыр. «Ауани технопарк» бірыңғай ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» мемлекеттік жүйесіне қосу жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
«Ауани технопарк» бірыңғай ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты инновациялық процестің барлық мүдделі қатысушыларына-кәсіпорындарға, ғылыми және оқыту ұйымдарына, инвесторларға, жеке тұлғаларға, халықаралық және шетелдік ұйымдарға ақпараттық қызметтер ұсын болып табылады.
Орта мерзімді перспективада:
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының бірінші кезектегі объектілерін салуды аяқтау;
өңірлік технопарктер мен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын технологиялық толықтыру;
биотехнология, мұнай-химия, жаңа материалдар мен агроөнеркәсіптік технологиялар саласындағы ұлттық технологиялар паркін құру мен дамытудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау;
инновациялық инфрақұрылым, ғылымды қажетсінетін өндірістер құру жөніндегі жұмысты жалғастыру және олардың негізінде экономиканың секторларында жаңа жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыру.
Ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту
Ғылым мен инновацияларды дамыту саласындағы басты мақсат ғылыми-техникалық қызметті инвестициялық сипаттағы серпілісті жобаларды әзірлеуге және іске асыруға шоғырландыру болып табылады.
2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының басымдықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер алдағы 2007 - 2009 жылдары ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды әзірлеуге, экономиканың шикізаттық бағытталуынан ауытқуға, өндірістік кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын жоғарылатуға және өндірісті әртараптандыруға (биотехнологияны, мұнай-химияны, ядролық технологияны, ғарыштық технологияны, жаңа материалдар мен наноматериалдарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу) бағытталады.
Қойылған бағыттарды іске асыру үшін ғылыми әлеует пен инновацияларды тиімді пайдалану негізінде ел экономикасының орнықты дамуы үшін институционалдық, ұйымдық, қаржылық, кадрлық және нормативтік құқықтық жағдайды қамтамасыз ету қажет.
Осыған байланысты бірінші кезектегі міндеттер:
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру;
Ғылымды дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;
технологиялар трансферті жүйесін дамыту;
шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту мен қолдаудың нәтижелі тетіктерін құру;
инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін құру;
инновациялық кәсіпкерлікті ақпараттық қолдауды дамыту;
инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
отандық және шетелдік капитал қатысатын венчурлік қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы ұлттық инновациялық жүйенің қаржылық инфрақұрылымын дамыту;
жаңа технологияларды коммерцияландыру үшін жағдай жасау, жаңа жоғары технологиялар енгізу, зияткерлік меншікті және ғылыми-техникалық өнім мен инновациялар нарығын бағалау жүйесін жетілдіру, республикада іске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды нәтижелі үйлестіруді қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді негізге ала отырып, орта мерзімді кезеңде мыналарды жүзеге асыру қажет:
отандық өндірістің инновацияларды талап етуін арттыру, іргелі ғылымның, маңызды қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін ұйымдық және экономикалық тетіктер құру;
ғылыми-техникалық кешеннің нарықтық экономиканың жағдайларына бейімдеу, ғылымды, технологиялар мен техникаларды дамыту мақсатында мемлекет пен жеке меншік бизнестің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
экономика салаларында өндірістердің тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер ететін сындарлы технологиялар мен инновациялық жобаларды іске асыру кезінде инновациялық саланың ұтымды стратегиялары мен даму басымдықтарын таңдау;
ғылымды, технологиялар мен техникаларды осы саладағы әлемдік үрдістерді ескере отырып, дамытудың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер мен эксперименталдық әзірлемелерді қолдау;
ғарыштық технологиялар саласындағы (байланыс, материалтану, биотехнология және биомедицина және т.б.) іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту мен ғарыш қызметінің перспективалы бағыттарын дамыту үшін ғылыми-технологиялық база қалыптастыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін таяу және алыс ғарышты зерттеу және нәтижелер алу;
ғылым мен технологиялар саласында жоғары білікті ғылыми және инженер кадрлар дайындау жүйесін жетілдіру;
ғылымды, технологиялар мен техникаларды дамытудың басым бағыттарын іске асыру кезінде ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу мен тікелей және жанама ынталандырудың нарықтық тетіктерін, шараларын ұтымды үйлестіру;
шетелдік озық технологияларды тарту жүйесін құру;
орта мерзімді перспективаға арналған бағыттарды іске асыру мемлекеттің шектелген қаржы қаражатын ғылым мен технологиялардың басым бағыттарына шоғырлануына және ҒЗТКЖ-ның қағидатты жаңа технологиялар мен материалдар әзірлеуге, сондай-ақ өнеркәсіптің көкейкесті проблемаларын шешуге бағдарлануын шоғырландыруға ықпал ететін болады.
Даму институттарының Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын іске асыруға қатысуы
Индустриялық-инновациялық саясатты жүргізудің негізгі құралдарының бірі институционалдық даму болып табылады. Бұл жерде қаржы және сервистік даму институттары («Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» акционерлік қоғамы) маңызды рөл атқарады.
2003 - 2004 жылдары даму институттары институционалдық қалыптасты, әкімшілік және құқықтық база қалыптастыру, жобаларды бағалау өлшемдері мен рәсімдерін айқындау кезеңінен өтті.
Әрбір даму институтының өзінің мамандануы, өз тауашасы, ал тұтастай алғанда олар кез келген сатыда, жаңа өндірістерді құру кезінде және әр түрлі құралдарды пайдалана отырып, оларды кеңейткенге дейін инвестициялық және инновациялық жобаларды кешенді қолдау жүйесін құрды.
2005 жылы институттар қызмет көрсетілетін жобалардың саны мен көлемі бойынша қарқынды өсуді көрсетті.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша даму институттарының («Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамының, «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» акционерлік қоғамының) жиынтық жарғылық капиталы 120,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2005 жылы оны толықтыру 26,5 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ұлттық басқару компаниясы - «Қазына» тұрақты даму қоры» (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) құрылды.
«Қазақстанның Даму Банкі», «Қазақстанның Инвестициялық Қоры», «Ұлттық инновациялық қор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Маркетингтік және сараптамалық зерттеу орталығы» акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеті және «Қазинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесі «Қазына» АҚ-ға берілетін болады.
«Қазына» АҚ негізгі мақсаттары:
даму институттарын корпоративті басқару деңгейін көтеру;
даму институттары арасында үйлесімділікті жақсарту;
ірі серпілісті жобаларды іске асыру үшін даму институттарының күш-жігерін және капиталын ықпалдастыру;
мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылын жақсарту;
экспорт пен инвестицияны ілгерілету үшін халықаралық деңгейге шығу болып анықталып отыр.
«Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Yкіметіне даму институттарының қызметін үйлестіру негізінде экспорт-импорт секторының артықшылықтарын пайдаланып ұлттық экономиканы әртараптандыруға, даму институттарының мамандануы арасында теңгерімді және олардың арасында орынды бәсекелестікті анықтауға көмектесуге арналған.
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы
Қызметінің басынан бастап, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) 548,8 млн. АҚШ доллары Банктің қатысуымен 1 396,8 млн. АҚШ доллары сомасына 37 инвестициялық жобаны (№ 2 қосымша), оның ішінде 465,7 млн. АҚШ доллары Банктің қатысуымен 1 282,8 млн. теңге АҚШ доллары сомаға Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде 26 жобаны қаржыландыруды мақұлдады.
Банк қызметінің басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша игеру 326,9 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекіткен сәтінен бастап 266,4 млн. АҚШ долларын немесе игерудің жалпы көлемінің 81,5 %-ын құрады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің 442,6 млн. АҚШ доллары кредит беру көлемімен жалпы сомасы 1 230,5 млн. АҚШ доллары 26 жоба іске асыру сатысында, 115 млн. АҚШ доллары сомасына инвестициялық жобалар бойынша 75,2 млн. АҚШ доллары сомасына 5 кредиттік келісім қол қою сатысында.
Банктің қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу (22 %), көлік және байланыс (жалпы көлемінің 17 %-ы), тоқыма және тігін өнеркәсібі (15 %), химия (13%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру, құрылыс материалдарын өндіру (12 %), машина және жабдықтар өндіру (9 %) және тамақ өнеркәсібі (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9%).
«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 67,8 млрд. теңге сомасына 22 жоба қаржыландырылды, «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының қатысуы 18,3 млрд. теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 1,7 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға шамамен 40 жоба алдын ала қарауда жатыр.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде бәсекеге қабілетті өндірістің дамуы, инфрақұрылым объектілерін құру және оларды жаңарту, салықтық түсімдер көлемінің өсуі, халықтың жұмыспен қамтылуы күтілуде.
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) Ұлттық инновация жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыруға маңызды рөл берілді.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қор 182,6 млн. АҚШ доллары сомасында қордың қатысуымен жалпы сомасы 767,4 млн. АҚШ доллары 62 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Көрсетілген міндеттемелер 11 венчурлік қордың инвестициясын, 15 инновациялық жобаны, 1 технологиялық бизнес-инкубаторды, сондай-ақ қолданбалы ҒЗТКЖ-ның 35 жобасын іске асыруға арналған гранттарды қамтиды.
«Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды
сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»
акционерлік қоғамы
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Корпорация) 37,9 млрд. теңге (284 млн. АҚШ доллары) сомасына экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыруға 147 өтініш берілді.
Жалпы сомасы 30 млрд. теңгеге қаралған 133 жобадан Корпорация басқармасы жалпы сомасы 23,1 млрд. теңгеге (173,3 млн. АҚШ доллары) 114 экспорттық жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады, оның ішінде жалпы сомасы 14,9 млрд. теңге сомасына 69 жоба бойынша сақтандыру шартына қол қойылды. Бұл ретте, 39 шарт жобасы бойынша сақтандыру аяқталды, 30 шарт іске асырылуда.
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы»
акционерлік қоғамы
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Орталық) инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, атап айтқанда, Орал, Қарағанды және Алматы қалаларында өңірлік технопарктер құру, «Ақпараттық технологиялар паркінің» бірінші кезегін салу, бірқатар жоғары технологиялық жобаларды инжинирингтік сүйемелдеу жөніндегі жұмыс жүргізді.
Жобалардың технологиялық сараптамаларын жүргізуге және инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі инжинирингілік қызметтер көрсетуге Орталыққа 46 жоба келіп түсті, оның 8-і бойынша сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптама жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласын дамыту
2007 - 2009 жылдары электр энергетикасы саласында мынадай міндеттер шешілетін болады:
елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу, экономиканың және халықтың электр энергетикасына және көмірге өсіп отырған қажеттілігін сенімді қамтамасыз ету;
көтерме нарықтың одан әрі дамуы және жеке тұтынушыларға электр энергиясын жеткізіп беру нарығында бәсекелестікті дамыту;
Қазақстан Республикасы Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) транзиттік әлеуетін көбейту;
Қазақстан Республикасы энергия жүйесінің Орталық Азия және Ресей энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуінің сенімділігін арттыру;
электр энергиясы мен қуатының қазіргі және болжанып отырған тапшылығын төмендету, Батыс өңір мен Қазақстанның Оңтүстігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;
электр энергиясының қуатын реттеп отыратын шектес мемлекеттерден импортты қысқарту;
қазіргі кезде бар энергетикалық қуаттарды қалпына келтіру және жаңғырту;
жинақтайтын қуаттардың құрылымдарын оңтайландыру.
Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, экономика мен халықтың электр энергиясына артып келе жатқан қажеттілігін сенімді түрде қамтамасыз ету үшін, өңірлік тапшылықты жою үшін бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
"Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік" транзиті 500 кВ электр берілісі екінші желісінің құрылысы осындай жобалардың бірі болып табылады. Оның құрылысын 2009 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Құны 250 млн. АҚШ доллары болатын Мойнақ ГЭС-і құрылысының жобасы іске асырыла бастады, оның құрылысын 2008 жылы аяқтау көзделіп отыр.
Ұзындығы 500 км "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр берілісінің өңіраралық желісінің құрылысы" жобасын іске асыру 2006 жылы басталады, оны 2008 жылы аяқтау көзделіп отыр.
"KEGOC" акционерлік қоғамы "Қазақстан Республикасы ҰЭЖ жаңғырту" жобасын іске асыруды жалғастырады.
Электр энергиясы өндірісінің көлемін арттыру мақсатында еліміздің батысында мұнай кен орындарының табиғи және ілеспе газын пайдаланып жаңа қуаттарды енгізу көзделіп отыр (оның ішінде 2008 жылға қарай қуаты 100 МВт Қандыағаш газтурбина электр станциясын (ГТЭС), қуаты 240 МВт ТШО-ның Екінші буын зауыты ГТЭС-ін, қуаты 160 МВт Agip КСО ГТЭС-ін (жағалауда), қуаты 120 МВт Қашаған ГТЭС-ін салу).
Қазақстанның солтүстік аймағында енгізілуі жоспарланып отырған (Ақмола ЖЭО-2-де 2007 жылы қуаты 120 МВт бір энергоблоктың құрылысы, Екібастұз ГРЭС-2-де 2010 жылға қарай қуаты 500 МВт № 3 энергоблоктың құрылысын аяқтау және іске қосу, Екібастұз ГРЭС-1-де блоктарды оңалту, Ақсу РРЭС-інде блоктарды жаңалау) жұмыстары оң энергетикалық теңгерімді күшейтетін болады, бұл республиканың Оңтүстік және Солтүстік аймақтарының зәрулігін жабу және электр энергиясын Қазақстаннан Ресейге экспорттап, оны 5-6 млрд. кВтсағ. дейін жеткізу үшін аса маңызды.
Еліміздің ядролық энергетика саласын дамытудың негізгі мақсаттары:
ғылыми қамтымды ядролық технологиялардың дамуы, отандық ғылымды қажет ететін әзірлемелерді сыртқы нарыққа шығару оларды өнеркәсіп өндірісіне енгізу үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасау;
Қазақстанда ұлттық экономиканың жоғары технологиялық секторларының дамуы үшін шешуші маңызы бар, халықаралық мойындалған ең жаңа ядролық және сабақтас технологияларды игеру болып табылады.
Атом электр станциясын салу көмір электр станцияларымен салыстырғанда энергия ресурстарының баламалы көздерін (уран) тарта отырып, электр энергиясын өндіруді әртараптандыруға мүмкіндік беретін экологиялық жағынан басым инновациялық жоба болып табылады.
Жылу мен электрдің қажетті көлемінің экономикалық тиімді өндірісі елдің ішінде энергияға сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді.
Атом энергетикасы мен уран өндірісінің дамуында көздеген мақсатқа жету Қазақстанды дамыған атом өндірістік энергетикалық кешені бар АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай сияқты елдермен бір қатарға қояды.
Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдау үшін 2006 жылы техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізіледі.
2007 жылы электр энергиясын өндіру 76 млрд. кВтсағ. көлемінде болжанып отыр, 2009 жылы - 82 млрд. кВтсағ, 2007 жылға қарағандағы өсу - 7,9 %.
2007 жылы электр энергиясын тұтыну 73,7 млрд. кВтсағ. деңгейінде болжанып отыр, 2009 жылы - 78 млрд. кВтсағ, 2007 жылға қарағандағы өсу 5,8 %-ды құрайды.
§ 2. Көлік-коммуникациялық кешен
Көлік-коммуникация кешенінің 2007-2009 жылдардағы дамуы
Көлік саласындағы мемлекеттік саясатты орта мерзімді перспективада іске асыру Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Стратегияның басты мақсаты Қазақстанның көлік жүйесін еуразия көлік жүйесіне ықпалдасу, көлік саласын ел экономикасының өсіміне сәйкес дамыту, көлік дәліздерінің ендік-меридиандық жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту болып табылады.
Қойған мақсатқа қол жеткізу көлік жүйесі функциясын жаңа сапалық деңгейге көшіруге, қазақстандық тауарлардың соңғы құнын кемітіп, әлемдік нарықта олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жүктерді жеткізіп беру мерзімін қысқартуға (логистика, жаңарту, ноу-хау), көлік артерияларының бойында тұратын халықтың тіршілік сапасын көтеруді жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы транзитті арттыруға мүмкіндік бередi
Автомобиль жолдарының дамуы
Республиканың автомобиль жолдарының дамуы Қазақстан Республикасының 2006 - 2012 жылдарға арналған Автожолдар саласының даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады және оның мақсаты халықтың және еліміздің экономикасының автокөлік тасымалына қажеттілігін қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тораптарын жетілдіру болып табылады.
Еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келесі бағыттарда жүргізіледі: Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас, Түркістан және Ақтөбе қалаларын айналып өтуді қоса алғандағы Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе, Орал-Самара, Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл-«Астана-Шучье» учаскелерінде - Ресей Федерациясының шекарасы, «Бурабай-Көкшетау-Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы», «Астрахан-Атырау-Ақтау - Түркменстан шекарасы», Қиғаш өзені арқылы көпір салу, Омск-Павлодар-Семей-Майқапшағай (іріктемелі), Астана-Қостанай-Челябинск, Алматы-Аягөз-Георгиевка, Таскескен-Бақты, Шонжа-Көлжат, Ушарал-Достық (іріктемелі), Қызылорда-Жезқазған-Павлодар - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктемелі), Жезқазған-Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (іріктемелі), Бейнеу-Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы (екінші кезең).
Риддер қаласы - Ресей Федерациясы автожолын қайта жаңарту аяқталады.
Салада нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және оны халықаралық талаптармен үйлестіру жөніндегі дәйекті жұмыстарды жүргізу жалғасады.
2006 жылдан бастап күрделі, орта және ағымдағы жөндеуге және автожолдарды күтіп ұстауға қаржыландыру көлемін бекітілген нормативтерге сәйкес деңгейге жеткізу жоспарланып отыр.
Жол қозғалысы мен көліктің қауіпсіздігін арттыру, инженерлік жайғастыруды қамтамасыз ету, жол жағдайы мен жол сервисін республикалық маңызы бар жалпыға бірдей пайдаланылатын жолдарда 2004-2008 жылдары негізгі халықаралық транзиттік дәліздерде жол маңында инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасатын болады.
Автомобиль көлігi
2007 - 2009 жылдары автомобиль көлігі дамуының басым бағыттары болатындар:
саланың қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жолымен автокөлік қызметі нарығын дамытуға жағдай жасау;
отандық тасымалдаушының мүдделерін қорғау, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында халықаралық автокөлік нарығын кеңейту және халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру жөніндегі халықаралық конвенциялар мен келісімдерге қосылып үкіметаралық екіжақты келісімдер жасау жолымен өңірлік ықпалдастық қатынастар және шеңберінде ықпалдасу.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жағдайында тасымалдау көлемінің артуына және отандық тасымалдаушының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпалын тигізетін Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалы нарығын кеңейту мақсатымен халықаралық автомобиль тасымалы саласында 16 елмен үкіметаралық екіжақты келісімдер жасасу жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Экологиялық жоғары талаптары бар жаңа Еуро стандарттардың енгізілуіне, автокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауды күшейтуге, сондай-ақ автокөлік қызметінің қалдықтарын кәдеге жаратуға байланысты (аккумулятор қышқылы, шиналар, есептен шығарылған автомашиналардың қораптары және т.б.) автокөлік қызметінің қалдықтарынан қоршаған ортаның ластану мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Темір жол көлігi
Темір жол көлігі саласында жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен тетіктерді жаңғырту, негізгі қорларды жаңалау және қайта құрылымдау жөніндегі технологияларды енгізу есебінен техникалық базаны кешенді жаңарту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
Көлік-логистикалық орталықтар мен терминалдарды дамыту мақсатымен 2006 жылы "Ықпалдасқан логистикалық кешендердің орталықтары және Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдауды дамыту жөніндегі іс-шаралардың маркетингілік жоспары" жобасының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жөніндегі жұмыстар басталады.
Алдағы кезеңде темір жол көлігі инфрақұрылымының одан әрі дамуы жалғасады.
Келесі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
ұзындығы 14,4 км Маңғыстау - Баутино темір жолын салу;
ұзындығы 31 км Ералы - Құрық темір жолын салу;
ұзындығы 440 км Бейнеу - Шалқар темір жол құрылысы;
жолдың үстіңгі бетінің құрылысын жаңалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және қосымша жеке бекеттерді ашу, қосымша жолдар салу, электрлік орталықтандыруды жаңалау, өңдеу қабілетін арттыру.
Әлеуметтік мәні бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Жылжымалы құрам паркін жаңғырту және жаңалау мақсатымен локомотивтерді және темір жолдың жылжымалы құрамын құрастыру жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
Су көлігi
Теңіздегі жүк тасымалы нарығында басым жағдайда болу және Қазақстанның теңіз айлақтары арқылы тиеліп-түсірілетін жүктердің көлемін ұлғайту мақсатымен Су көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бұл Бағдарлама ұлттық сауда флотын қалыптастыруды, дамыған айлақтық және сервистік инфрақұрылымды жасауды, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді, теңіз көлігі саласында кадрларды даярлауды және қайта даярлауды көздейді.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған Бағдарлама шеңберінде ірі тоннажды танкер және құрғақ жүк флоттарын құру, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау флотын дамыту көзделіп отыр.
Алдағы кезеңде мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «Ақтау айлағын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асыру шеңберінде айлақ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі және Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында Кемелердің қозғалысын басқару жүйесін жасау жөніндегі жұмыстар аяқталады.
Кеме қатынасы үшін қауіпсіздік жай-күйінде ішкі су жолдарын қамтамасыз ету және ұстау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Ішкі су жолдарының кеме жүргізуге қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар жалғасады. Каспий теңізінің айлақтарымен көлік қатынастарын кеңейту және "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі бойынша жүк тасымалдауды арттыру үшін 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында жеке инвестицияларды тартып Атырау өзені (саға) айлағын қайта жаңарту көзделіп отыр.
Әзірленіп жатқан Кеме жүргізу шаруашылығын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жолаушыларды және жүктерді өзен көлігімен тасымалдауды ішкі су жолдары бойымен жүзеге асырғанда имараттарды қайта жаңалау мен жаңғыртуға және кеме жүру шлюздарын жарақтандыруға, мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін кезеңмен алмастыруға және қосымша алуға, су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу қызметінің құнын кемітуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.
Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі 7 млн. тоннаға дейін көбейеді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында операциялар жасайтын шет ел кемелерін жөндеуден өткізіп және техникалық қызмет көрсету мақсатымен Каспий теңізінің Қазақстан жағалауында кеме жөндеу кеме жасау инфрақұрылымын салу жоспарланып отыр.
Әуе көлігi
Азаматтық авиация саласының дамуы 2006-2008 жылдарға әзірлеген салалық даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты азаматтардың сапалы әуе қызметіне артып отырған сұранысын қанағаттандыру, тиімді, бәсекеге қабілетті, халықаралық талаптарға жауап беретін мемлекеттік әуе көлігі жүйесін жасау болып табылады.
Оны іске асыру шеңберінде Ақтөбе қаласы әуежайының жолаушылар терминалын, Павлодар қаласының әуеайлағын және Шымкент қаласының әуежайын қайта жаңартуды аяқтау көзделіп отыр.
Алдағы кезеңде мемлекеттік-жеке әріптестікті қолданып Атырау қаласының әуежайында жолаушылар және жүк терминалын салу және Ақтау қаласының әуежайын қайта жаңартуды жүргізу жоспарланып отыр (жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және жолаушылар терминалын салу).
Авиация техникасы мен қызмет көрсетудің жер үсті құралдарын одан әрі жаңалау үшін осы заманғы әуе кемелері мен аэронавигациялық жабдықтарды сатып алу көзделіп отыр. Еліміздің аэронавигациялық кешенін әуе қозғалысын қадағалауды/басқаруды навигациялаудың спутниктік жүйесін енгізуге даярлық жалғасады.
Астана, Алматы және Атырау қалаларында жаңартылған әуежай кешендері негізінде әуе қатынастарын кеңейту үшін іс-шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік мәні бар рейстерді жүзеге асыру үшін тұрақты ішкі әуе тасымалын субсидиялауды жалғастыру қажет.
Телекоммуникация мен байланыстың дамуы
Телекоммуникация саласының 2007 - 2009 жылдардағы дамуының негізгі мақсаты ақпараттық қоғамды және Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын одан әрі қалыптастырудың ең басты шарттарының бірі ретінде телекоммуникациялық секторды одан әрі дамытуға арналған жағдайлар мен тетіктерді жетілдіру болып табылады.
Ақпараттық қоғамға өтуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясаттың негізгі үш бағыты айқындалып отыр: саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, инновациялық-технологиялық даму және саланың техникалық базасын қамтамасыз ету саладағы әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерді іске асыру.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірінші кезектегі мынадай міндеттерді орындау қажет.
Телекоммуникация саласында заңнаманы үйлестіру және оны ЕО заңнамасына және ДСҰ-ның және Электр байланысының халықаралық одағының талаптарына жақындата түсу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Телекоммуникация тораптарын жаңалау мен дамытудың келесі басым бағыттарын іске асыру болжанып отыр:
Ұлттық ақпараттық супермагистраль салу жалғасады;
телекоммуникациялардың жергілікті торабын жаңалау және дамыту;
деректерді беру тораптарын дамыту;
ұялы байланысты дамыту;
жаңа буын тораптарын дамыту;
радиожиілік спектрін конверсиялау;
спутниктік байланыс жүйесін дамыту.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа нормативтік-құқықтық кесімдер әзірленетін болады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға телекоммуникация қызметі нарығында бәсекелестікті дамытуға, радиожиілік спектрін босатуға және конверсиялауға бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Телекоммуникация саласына инвестиция тарту мақсатында ұлттық қауіпсіздік мүдделерін сақтай отырып, қалааралық және халықаралық операторлардың жарғылық қорында шетел капиталының болуына шек қоюды алып тастау мүмкіндігі туралы мәселе пысықталатын болады.
Бәсекелестікті одан әрі дамыту және ұялы байланыстың енгізілуін тереңдету мақсатында ұялы байланыстың GSM стандартының үшінші операторын дамыту бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.
Жоспарланып отырған кезеңде "KAZSAT-2" байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру мәселесі пысықталатын болады, бұл Қазақстанға спутниктік байланыстың халықаралық операторлар аренасына шығуына, сондай-ақ 1-ден астам өз спутнигі бар қазіргі кезде 30-дан аспайтын елдердің құрамына енуіне мүмкіндік береді.
Ұлттық ақпараттық супермагистральдің (бұдан әрі - ҰАСМ) құрылысының аяқталуының нәтижесінде республиканың барлық аймақтарының бүкілдүниежүзілік ақпараттық торапқа кемінде үш рет шыға алатын ірі үш шеңбер түріндегі оңтайлы қосылуы жүзеге асырылады. Бұл, өз кезегінде, магистральдық торапты пайдалануды арзандатуы, қосылу сапасын арттыруы, сондай-ақ байланыстың жоғары сапалы цифрлық арнасын, көліктік ортасын беруі негізінде республикада телекоммуникация нарығының дамуын қамтамасыз етуге тиіс және еліміздің ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету үшін технологиялық алда болуға және техникалық базасын жасауға жәрдемдесетін болады.
Сондай-ақ ҰАСМ құрылысын толық аяқтау әлемдік телекоммуникациялық нарықта бәсекеге ұлттық қабілеттілікті қамтамасыз етудің алғышарттарын жасайтын болады. Цифрлық магистральді жасау барлық деңгейдегі телекоммуникацияның дамуына да, олар арқылы ТОБЖ өтетін аймақтардың ақпараттандырылуы мен іскерлік белсенділігінің артуына да жәрдемдесіп, Ресей тораптарына тәуелсіз екінші қуатты шлюз ұйымдастырылатын болады.
Халқының саны 50-ден астам телефон орнатылмаған ауылдық елді мекендердің бәрі телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.
Күтілетін нәтижелер
Алға қойылған бағыттар мен белгіленген іс-шараларды іске асыру Қазақстанға 2008 жылға қарай келесі шешуші индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
бекітілген телефон желісінің тығыздығы - еліміздің 100 тұрғынға 23-тен;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - 100 тұрғынға 50-ден;
телекоммуникациялардың жергілікті тораптарының сандық деңгейі - 80 %;
100 тұрғынның 10-ы Интернетті пайдаланушылар.
Спутниктік байланыстың қазіргі операторларын "KAZSAT"-қа ауыстыру ақпараттық қауіпсіздікке, республиканың валюта қаражатын үнемдеуге, Қазақстан Республикасының барлық салалары үшін спутниктік байланыс қызметінің серпінді дамуына көмегін тигізеді. ТМД елдерінің операторларына да спутниктік байланыс арналарын жалға беру жоспарланып отыр.
Почта байланысы саласында 2007 - 2009 жылдардағы негізгі мақсат жоғары сапалық деңгейде көрсетілетін почта-жинақтау қызмет көрсетулеріне халықтың еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті өңірлік ифрақұрылымын дамыту және жаңғырту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
"Қазпочта" акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және осы заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметін көрсету сапасын жақсарту;
көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту және осы заманғы банк өнімдерін және Интернетке бағытталған қызметті енгізу үшін технологиялық базаны жасау;
почта-жинақтау қызметін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың осы заманғы технологияларын енгізу.
Почта байланысын пайдалану көрсеткіштерін, аймақтық тораптар мен магистралдық бағыттарды оңтайландыруды көздейтін почта жөнелтілімдерінің жиілігін арттыруды және жеткізіп беруді қоса алғандағы почта байланысын пайдалануды жақсартуға бағытталған іс-шаралар басым бағыттар деп анықталып отыр.
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыруға жәрдемдесу мақсатымен почта байланысы саласында осы заманғы жабдықтарды енгізіп, өндірістік технологияларды жаңарту жоспарланып отыр, бұл қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік мәні бар қызмет көрсетулерге қол жетімділік деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді.
Банк қызметімен, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын халықты қамтуды кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында "Қазпочта" акционерлік қоғамы қаржылық қызметтің түр-түрін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізеді. Одан басқа, өзге банк қызметтеріне, сондай-ақ халықты және шағын бизнес субъектілерін шағын кредиттеу қоры қызметіне қосылу жолымен, агенттік қызмет көрсетулер түрлерін кеңейту саласында Қоғамның қызметін жандандыру жоспарланып отыр.
Алдағы кезеңде банкоматтардың өз тораптары және POS-терминалдар негізінде почталық төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету сияқты жаңа жоғары технологиялық қызметтерді жеделдетуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін бағалы қағаздар бойынша мәмілелер жасауды тіркеу пункттерін құру жолымен трансфер-агенттік қызмет көрсетуді дамытуға назар аударылатын болады.
"Электронды үкімет" құру жөніндегі мемлекеттік жобаны іске асыру үшін осы заманғы телекоммуникациялық және Интернет-технологияларды енгізу жолымен Қоғамның аймақтық тораптарын жетілдіру жоспарланып отыр.
Белгіленген мақсаттар мен қойылған міндеттерді орындау еліміздің барлық аумағында халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін почта-жинақтау қызметіне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті дамыған өңірлік инфрақұрылым жасауға мүмкіндік береді.
Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жақсарту және осы заманғы технологияларды енгізу почта-жинақтау қызметін жоғары салалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді: облыстық ішкі бағыттар бойынша почта тасымалының жиілігі аптасына 5 ретке дейін, ішкі аудандық бағыттар бойынша - аптасына 3 ретке дейін, еліміздің бүкіл аумағында почталық ақша аударымдары бір күн ішінде жүзеге асырылатын болады.
Почта-жинақтау қызметін көрсету түрлерінің қатарында және ауыл мен қала арасындағы қызмет көрсету сапасының арасындағы алшақтықты қысқарту ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Почта бөлімдері арқылы қаржы қызметінің кеңейтілген түр-түрі ұсынылатын болады, смарт-карт технологиялары және терминалдар тораптары негізінде тиімді және өзін-өзі ақтайтын алдыңғы қатарлы өнімдер енгізілетін болады. Почта жинақтауларының арқасында табыс деңгейі төмен және орта адамдарға қаржылық қызмет көрсетулер қол жетімді болады.
«Электрондық Үкіметтің» дамуы
Қазақстанның ақпараттық қоғам құруды қалыптастыру жолындағы жылдамырақ ілгерілеуі үшін, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында 2005 - 2007 жылдары «электронды үкімет» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
«Электрондық үкіметтің» алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты халық пен бизнестің мемлекеттік органдардың қызметіне жылдам және сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін "электронды үкіметті" қалыптастыру және тиісті ілкі, оның ішінде халықтың ақпараттық қоғамға даярлық деңгейін арттыруға бағытталған жобаларды енгізуді жеделдету жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады.
Интернеттің бүкілдүниежүзілік торабының қазақстан сегментінің контентін дамыту және халық үшін компьютерлік техниканың қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
2007 - 2009 жылдары Интернет тарифтерін төмендету және PR науқандарын жүргізіп, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мектептер, ЖОО-лар, қоғамның қол жетімді пункттері жанында ИТ-оқуларын ұйымдастыру көзделіп отыр. Осыған байланысты "е-әкімдіктерді" құру жөнінде пилоттық жобалар іске асырылатын болады.
§ 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Мемлекеттік саясаттың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты оның салаларының табыстылығын және өнімділігін арттыру негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту болып табылады.
Қойған мақсатқа қол жеткізу үшін 2005 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) мен ауылдық аумақтардың басым дамуының құқықтық негіздері қаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, аграрлық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ауыл халқының өмір сүруінің стандартты сапасын арттыруға бағытталған негізгі ережелер, мемлекеттік реттеудің қағидаттары мен тетіктері белгіленді.
Қабылданған Агроөнеркәсіптік кешен орнықты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Іс-шаралар жоспары және 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі бағдарлама шеңберінде оны іске асыру жөнінде мынадай негізгі міндеттерді шешу көзделіп отыр:
агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру;
агроөнеркәсіптік кешеннің инфрақұрылымын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешеннің ұлттық бәсекелі басымдықтарын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Индустрияландыру АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту; егіс алқаптарының құрамында рентабелділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, инновациялық әзірлемелердің ғылыми қамтамасыз етілуін күшейту және нығайту, нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Орта мерзімді перспективада азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйені жасау, өнімнің сапасын бақылау және қауіпсіздік тәуекелін бағалау жүйесін жаңарту, қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингілік және консультациялық қамтамасыз етуді жақсарту жүйесін жасау жоспарланып отыр.
Алдағы үш жылда тауарлардың өндірушіден тұтынушыға жылжуының арнайы жабдықталған даярлау-сатып алу кооперативтерінің тармақталған желісін жасау арқылы айқын жүйесі құрылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін және өнімнің сапасын арттыру, технологияны жетілдіру және жабдықтарды жаңарту орта мерзімді кезеңде кластерлік өзара қатынастардың дамуымен қамтамасыз етілетін болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдерін өндіруді және өткізу нарықтарын дамытудың теңгерімдігін қамтамасыз ету мақсатында 2007 - 2009 жылдары мыналар көзделіп отыр:
сатып алу және баға интервенциясын жүргізу;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымдары бар коммуналдық көтерме базарларын құру;
биржалық сауданы дамыту.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік артықшылықтарын
дамыту
Республиканың аграрлық секторы бәсекелестік күресте табысты пайдаланылуы мүмкін бірқатар артықшылықтарға ие болып отыр.
Пайдалы жерлердің орасан зор ауданының, біліктілігі жоғары кадрлардың болуы, өнімнің экологиялық тазалығы, шикізат өндірісі орындарында қайта өңдеу қуаттарын шоғырландыру өндіріс көлемін арттыруға және салыстырмалы түрдегі өзіндік құны төмен өнім алу үшін экстенсивті факторларды және климаттық жағдайларды барынша молынан пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы артықшылықтарды іске асыру үшін шикізатты сапалы қайта өңдеу жүйесін тәртіпке келтіру, елдің ішінде тәрізді транзиттік мемлекеттердің аумақтары бойынша өнімді тасымалдау үшін жеңілдік жағдайларын туғызу, импортқа алушы елдерде жарнамалауды ұйымдастыру, тарифтік реттеу мен отандық өнімнің экспортын субсидиялау болжамдалып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік артықшылықтарының одан әрі дамуы үшін мыналар қажет:
АӨК мемлекеттік қолдауын арттырудың бар резервтерін қажетті тауар-материалдық ресурстарды арзандату бағдарламаларына жіберу, агробизнестің ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту;
материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін кредиттеу кезінде пайыздық ставкаларды субсидиялау;
Қазақстанның азық-түліктің әлемдік нарықтарына отандық өнімді маңызды жеткізуші ретіндегі ұстанымдылығын тікелей қолдау шараларын бағыттау;
агроөнеркәсіптік кешен саласында техникалық реттеу саласында халықаралық талаптарға, оның ішінде ТБТ және СФС шаралары бойынша Келісімдерге сәйкес нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу және құру;
агроөнеркәсіптік кешеннің өніміне халықаралық стандарттардың талаптарына сай жаңаларын әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды үйлестіру;
агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының ИСО және ХАССП талаптарына сәйкес сапаның халықаралық стандарттарына жедел өтуі бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;
ИСО және ХАССП базасында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау шығындарын субсидиялау;
халықаралық нормаларға сәйкес және ХЛП мен ХАССП қағидаттарын ескере отырып, АӨК-нің қайта өңдеу салаларына өнімдер мен мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу қауіпсіздігін бақылаудың технологиялық тізбегін енгізу;
ТМД-ның қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарын (мемлекеттік стандарттарды) және халықаралық баламалармен бірге сынақтардың әдістерін көкейкесті ету және үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарына техникалық регламенттер мен стандарттарды, сапаның осы заманғы жүйелерін енгізу жөніндегі ұсынымдарды және нұсқаулықтарды әзірлеуді қаржыландыру;
ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімдерді экспорттаушы кәсіпорындардың салалық бірлестіктерін (қауымдастықтарын) құруға және оның терең қайта өңдеуге жәрдемдесу;
«Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу және оның негізінде азық-түліктің жеке түрлеріне техникалық регламенттерді қабылдау.
Техникалық және технологиялық жаңғырту
Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың негізгі мақсаты қолданыстағы машиналар паркінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу және жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамыту, оңтайлы мерзімдерде негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқаруды қамтамасыз ететін жабдық пен қосалқы бөлшектер арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыру деңгейінің артуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сақтау мен қайта өңдеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру;
ішкі және сыртқы нарықтарда әлеуетті сұраныстың қажеттіліктері мен перспективаларын есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы өндірісі дамуының перспективалық бағыттарын айқындау;
машина жасау кәсіпорындары мүмкіндіктерінің мониторингі және ауыл шаруашылық машинасын жасау өніміне АӨК қажеттілігінің маркетингі;
олардың техникалық, технологиялық және өндірістік қуаты мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа ауыл шаруашылығы машинасы мен жабдығын игеруге ауыл шаруашылық машинасын жасау кәсіпорындарын үйлестіру;
бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған инновациялық жобаларды қалыптастыру;
негізгі өндірістік қорларды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу үшін инвестицияларды тарту, өндірісті әртараптандыру, өнімнің сапасын жақсарту;
ауыл шаруашылық техникасы лизингінің нарығын кеңейту және лизингтің әр түрлілігін арттыру;
сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын өндіріске енгізу;
ТМД және алыс шетелдердің кәсіпорындарымен бірге отандық ауыл шаруашылық машина жасаудың бірлескен байланыстарын қалыптастыру;
машина жасау кәсіпорындарында сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
басты жобалық-конструкторлық бюроларды құру;
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымның қазіргі элементтерін дамыту - салааралық технологиялық парктерді құру;
республиканың негізгі ауа райы - топырағы климатында машина-сынау станцияларын (МСС) құру және олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
машина-трактор станцияларын дамыту (сервис-орталықтарды);
ауыл шаруашылығы машинасын жасау үшін жоғары, орта техникалық және кәсіптік білімі бар білікті кадрлар даярлау.
Ауыл кооперацияларын және ірі фермерлік шаруашылықтарды құру
және дамыту
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді орта және ірі құрылымдарға біріктіруді ынталандыру болып табылады.
Осы бағытта мынадай іс-шаралар көзделіп отыр:
көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын, минералды тыңайытқыштарды және суару суларын жеткізу құнын субсидиялау;
арнайы технологиялық жабдықтарды (сауатын және тоңазытатын жабдықтар, азықтандыруға және жемшөп беруге арналған жабдықтар), көлік құралдарын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын алғашқы қайта өңдейтін ықшам цехтарды сатып алуға осындай кооперативтерге жұмсақ кредиттерді беру жолымен ұсақ тауар өндірушілерді кооперативке біріктіруге ықпал ету;
құрама жемнің құнын субсидиялау, техникалық және технологиялық жарақтандыру үшін лизингтік бағдарлама үшін мал шаруашылығы саласын тарту.
Ауыл шаруашылығы өнімін жасау жүйесінде мыналар көзделеді:
ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын дайындау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру жолымен ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіруді ынталандыру, сондай-ақ арнайы техникамен, тоңазытқыш және арнайы құрал-жабдықтармен жарақталған басқа да қызметтер көрсету;
өнімдердің тауарлық партиясын құру, сорттау және сатуды тиімді жағдайлармен қамтамасыз ету, өнімді өсіру және өткізу мәселелері бойынша кооператив мүшелеріне кеңес беру, маркетингтік ақпарат беру;
коммерциялық емес негізде сату, сақтау және қайта өңдеудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер мүддесін ортақтастыру;
мал сою, дайындау, мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы қайта өңдеу және сақтау үшін арнайы құрал-жабдықтары бар өндірістік базалар желісін дамыту;
жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін аудандарда қолдағы жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және баздарын барынша іске қосу және оларды салу.
Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымының дамуы
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қажеттіліктеріне бағдарланған қаржы құралдарының көпсалалық жүйесі қалыптасты және қызмет етеді: көктемгі және жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдікпен кредит беру, қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы техникасы жабдығының лизингі, ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесі, форвардтық дәнді дақылдарды сатып алу, дәнді дақылдарды сатып алу және кепіл ретінде оларды пайдалану, ауыл халқын микрокредиттеу.
АӨК қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту саласында орта мерзімді перспективада ауылдық кредиттік серіктестіктердің қазіргі жүйесін, көрсетілетін қаржы қызметінің тізбесін кеңейту және кредиттеу көлемін ұлғайту болжануда. Сонымен қатар ауыл халқын шағын кредиттеу көлемі, астық қолхаттарына кепілдік беру жүйесін, ауыл шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдауды ұлғайту арта түсетін болады.
Осы бағыттарды іске асыруда мынадай шараларды өткізу көзделіп отыр:
"Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы ауылдық кредиттік серіктестіктердің тораптарын және оларды кредиттеу тораптарын кеңейту үшін кредиттік ресурстарын арттыру;
ауыл шаруашылығы ұсақ құрылымдарын орта және ірі кәсіпорындарға бірігуін және жеңілдікті кредит ресурстарын берумен ынталандыру арқылы өндірістің тиімділігін арттыру;
ауылдық кредиттік серіктестіктердің қаржы жағдайын жедел және тұрақты бақылауын жүзеге асыру;
ауыл халқы мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуді енгізу;
ауылдық кредиттік серіктестіктердің кредит саясатын және басқару қызметін жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;
ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру және жұмыспен қамтылуын кредиттеу арқылы қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы емес бизнесті дамытуға жағдай жасау;
"Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын, астық қолхаттары бойынша кепілдік көлемдерін көбейту және осы схеманы ауыл шаруашылығының басқа да түрлеріне қолдану;
астық қолхаттарын он-лайн режимінде есепке алудың электронды жүйесін енгізу;
ауыл халқын шағын кредиттеуді ұйымдастыруға мемлекеттік қаражат бөлу;
ауылда шағын кредиттік ұйымдардың торабын дамыту;
экономикалық белсенді ауыл халқының қаржы-кредит ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
ауыл халқын кәсіпкерлік негіздеріне үйрету семинарларын өткізу;
өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру және өзара сақтандыру қоғамдарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
ауылдық кредиттік серіктестіктерді одан әрі дамыту;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жеңілдетілген кредиттермен қамтуды арттыру;
ауылдық инфрақұрылымды дамыту (сервис орталықтары, дайындау бекеттері, ауыл шаруашылығы өнімдерін бастапқы өңдеу, кәсіпшілікті дамыту, ауылдық сауда бекеттерін кеңейту және т.б.);
қосымша жұмыс орындарын жасау есебінен ауыл халқының еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттеу көлемін астық қолхаттары кепілдігі бойынша астық өндіруді жеке инвестиция есебінен қаржыландыру үшін қажетті деңгейге дейін арттыру;
қазақстандық банктердің және астық қолхаттары кепілдігі есебінен шет елдік қаржы институттары желісі бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің "арзан" қаржыландыруға қол жетімділігі;
шағын кредиттеудің тұрақты және тиімді қызмет жасайтын жүйесін қалыптастыру;
ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және ауылда экономикалық қызметтің саласын кеңейту есебінен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен ұқсату көлемін арттыру;
қолайсыз табиғи құбылыстардан сақтау жағдайларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі кепілдікті арттыру.
Ақпараттық-маркетинг және консультациялық қамтамасыз
етуді кеңейту
Ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсетулерге қол жетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнес қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр:
ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар базасында агробизнесті жүргізу негіздері бойынша оқыту семинарларын үнемі жүргізуді қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне өтеусіз негізде, агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдау шеңберінде ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтардың негізінде агробизнес негіздерін жүргізу бойынша үйрету семинарларының тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық маркетингтік жүйесінде агроөнеркәсіптік кешеннің "Е-Agriculture" салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін жасау, он-лайн режимінде ауыл шаруашылығы өнімдері электрондық коммерциясының жүйесін қалыптастыру;
ақпараттық-маркетинг жүйесін ілкі жобалар шеңберінде ауылдық округтар деңгейіне дейін дамыту;
аймақтық көрме-жәрмеңке іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Күтілетін нәтижелер
Алдағы жылдарда орындалуы жоспарланып отырған іс-шаралардың нәтижесінде, 2009 жылға қарай республикада астық өндіру болжамдық деректер бойынша 15,0 млн. тоннаны, оның ішінде бидай 11,7 миллион тоннаны құрайды. Дәнді дақылдар сапасының арттырылуы күтілуде, соның нәтижесінде бидай дәнін экспорттау 6 млн. тоннаға дейін артады.
2009 жылы 2006 жылмен салыстырғанда мал өнімдерін өндіру: мал және құс еті (сойыс салмағымен) - 15,8 %, сүт - 17,4 %, жұмыртқа - 19,2 %, жүн - 14,4 % артады.
2009 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын ұқсату өнімдерін өндіру 2006 жылмен салыстырғанда: қоюлатылған сүт өндіру - 14 %, қант - 6,1 %, жармалар - 12,5 %, ет және ет-өсімдік консервілері - 40,5 %, шұжық өнімдері - 7,2 %, ұн - 9%, сары май - 15%, ірімшік пен сүзбе - 9 % артады.
2009 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық және технологиялық жарақтандырылуы елеулі түрде артады.
Осы жылдар ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйесі қалыптасатын болады.
Институционалдық инфрақұрылым аграрлық нарықтың қажеттеріне бейімделетін болады.
Ішкі азық-түлік нарығын реттеудің тиімді тетігі қалыптастырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңде қабылданған кешенді шаралар ірі және орта шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін 60 %-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
§ 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты
2007 - 2009 жылдары сауда саясаты саласында мыналар бойынша кешенді шаралар әзірленеді:
тұтынушылардың құқығын қорғау;
сауда қызметі саласында қолданыстағы заңнаманы сақтау жөніндегі, әсіресе ішкі нарықта сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына бақылау мен жауапкершілікті күшейтуді қамтамасыз ету;
электронды сауданы одан әрі дамыту жолымен саудаға инновациялар енгізу, оның ішінде сауда торабы мен қызмет көрсету саласына қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу;
осы заманғы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қызмет көрсету және сервис деңгейін көтеру мақсатымен сауда және қоғамдық тамақтандыру саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін қайта қарау және енгізу;
сауда инфрақұрылымын дамыту.
Сыртқы сауда саясатында орта мерзімді перспективада келесі міндеттерді шешу негізгі назарда болады:
экспортты әртараптандыру және экспорттың жалпы көлемінде қосымша құны жоғары өнімнің үлесін арттыру;
қазақстандық тауарларға қатысты шетелдік мемлекеттер бастамашылық жасаған демпингке қарсы талқылауды реттеу жөнінде уәкілетті органдармен және мүдделі кәсіпорындармен консультациялар жүргізу жолымен іс-шаралар өткізу;
ойластырылған тариф саясаты мен қорғаныстық, демпингке қарсы және өтем шараларын жүргізу жолымен отандық өндірушілердің арта түсіп отырған тауар импортынан мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті жұмыс жүргізу;
сыртқы, шекара маңындағы және ішкі сауда саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
сауданың әр түрінің дамуын ынталандыру (биржалық, көтерме);
тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, отандық өндірісті дамытуға және қолдауға бағытталған икемді кеден-тариф саясатын жүргізу;
қосылған құны жоғары өнімдер экспортының кредиттеу және сақтандыру тетіктерін әзірлеу;
ТМД елдеріне экспорттық шығаруларды молайту.
5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуін
қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекеттік басқаруды
жетілдіру
§ 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық орнықтылықты
қамтамасыз ету
Орнықты экономикалық өсу
Экономиканың серпінді дамуын жалғастыру мақсатымен ІЖӨ жылдық орташа нақты өсімінің 8,8 % болуына қол жеткізіледі. Экономиканың үш жылдағы жалпы өсімі 28,7 % құрайды. Бұл ЖІӨ-ні 2008 жылы 2000 жылға қарағанда екі есе өсіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.
Экономикалық жедел дамуға еңбек өнімділігінің жыл сайын 8,8 % өсуі есебінен қол жеткізіледі. 2009 жылға қарай еңбек өнімділігінің өсуі нақты еңбек ақының өсу қарқынының алдына шығады.
2007 - 2009 жылдары қызмет көрсету өндірісінің тауар өндірісінің өсуімен салыстырғанда өсу қарқынының алда болу үрдісі сақталады. Тауар өндірісі жыл сайын орташа алғанда 6,7 %, ал қызмет көрсету өндірісі 10,7 % өседі.
Қазақстан халқының тіршілік сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатымен жан басына шаққандағы ЖІӨ 2009 жылы 6543 АҚШ долларына жеткізіледі.
Мұнай бағасының күтпеген жерден өзгеруі түрінде көрініс беруі мүмкін орнықсыздық факторларының әсерін ескеріп, мұнайдың әлемдік бағасы 1 баррель үшін 50-54 доллар аралығында болады деп болжанып отыр. Мұнайдың экспорттық бағасы бір баррель үшін 40-43,2 АҚШ доллары аралығында болады.
Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 2007-2009 жылдары орташа алғанда жыл сайын 5,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.
Инвестициялық сұраныстың кеңеюі ең бірінші кезекте кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың ішкі көздерімен байланысты болады. Жоспарланып отырған кезеңде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің өсу қарқыны 114-115 % құрайтын болады.
2007 - 2009 жылдардағы ақша-кредит саясаты бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағдарланатын болады. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына ауысу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Бұл ақша-кредит саясатының негізгі параметрлерін инфляция бойынша мақсатты бағдарлардан туындайтын болжамдарға құруды ескереді.
Ақша-кредит саясаты саласында Ұлттық Банк 2007 - 2009 жылдары ақша-кредит операцияларының пайдалану тиімділігін арттыру және қолданылатын шаралардың ақша нарығының жағдайына әсерін күшейте беру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Ұлттық Банк ставкаларды қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша реттейтін болады.
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі депозиттері және қысқа мерзімді ноттар шығару қаржы нарығында сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерилизациялаудың негізгі тетіктері болып қала береді.
Екінші деңгейдегі банктер үшін ставкалар дәлізін белгілеу жолымен Ұлттық Банктің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады (төменгі ставка - екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту ставкасы, жоғарғы ставка - екінші деңгейдегі банктерге қарыз беру ставкалары).
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты тетіктерінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, оның ішінде инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік беретін ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісін жетілдірілетін болады.
Шамадан тыс өтімділік мәселесінің өткірлігін төмендету үшін Ұлттық Банктің олар бойынша нормативтерді сақтауға тиісті банктердің міндеттемелерін кеңейту жолымен ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру ниеті бар. Өтімділікті шектеу жөніндегі көзделген шараларға қарамастан, ақша ұсынысы экономикалық өсудің жеткілікті жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады.
Ұлттық Банк ұзақ мерзімге бекітілген әлде бір дәлізді айқындамай, валюта курсының қалыптасуына валюта курсының қысқа мерзімді және алыпсатарлық ауытқуының зардаптарын жұмсарту мақсатымен ғана араласуды жүзеге асырып, айырбастың айнымалы курсын жүргізу саясатын жалғастырады. Курстың ауытқуы валюта нарығындағы ақшаға сұраныс пен ұсыныс қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағынының мониторингі жүргізіледі.
Қаржы емес корпорациясы секторындағы, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және кәсіпорындардың қаржылық жағдайындағы, өтем қабілетінің деңгейі және капиталды тартуға қажеттілігінің, кредит ресурстарына сұранысына, кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы үрдістер мен бағыттарының дамуына баға беру мақсатында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Инфляцияны тежеу шаралары Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен іс-қимылының күшейе түсуін қажет етеді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстанда валюта режимін одан әрі ырықтандыруға, капиталдың қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге жаңа ұстанымдарды тұжырымдауға бағытталған саясат жалғасатын болады. Сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдірілетін болады, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің рұқсат беру тәртібінен кейіннен мониторинг жүргізу және іріктемелі бақылау жүйесіне тиімді ауысуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Төлем жүйесінің қызметін қамтамасыз ету саласында төлем жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқарудың қауіпсіздік және төлем жүйелерін қадағалау үшін тиімді жүйе жасау жөніндегі шаралар қолданылатын болады.
Төлем жүйелерінің кідіріссіз және үзіліссіз қызмет істеуін, қуатын арттыру мен қауіпсіздік деңгейін көтеруді қамтамасыз ету мақсатында төлем жүйелерінің жаңа резервтік орталығын жасау жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Төлем карточкалары нарығының даму саласында 2007 - 2009 жылдарда төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесін одан әрі енгізу және дамыту басым бағыт болады. Оны енгізу шеңберінде ел ішінде "КаzСаrd" төлем карточкаларын қолдануды кеңейтуге және оларға қызмет көрсету инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Қолма-қол ақша айналымы саласында Ұлттық Банк жаңа дизайндағы банкноттарды айналымға енгізетін болады, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуымен байланысты болып отыр. Банкноттардың жаңа қорғаныс және машинамен оқылатын элементтері болады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу шеңберінде Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіріп отыратын болады.
Халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық жалғасады (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалар).
Интеграциялық бірлесу шеңберінде Ұлттық Банк ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің интеграцияланған валюта нарығын құру, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК), Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын (ШЫҰ) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың
жұмысына қатысу бойынша жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
Орта мерзімді перспективада қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау осы саладағы мемлекеттік саясат мүдделерін, ел экономикасының қазіргі заманғы дамуын және халықаралық ынтымақтастық жағдайларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Банк секторының бәсекелестігін ырықтандыру және арттыру
Шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына қол жетімдігін ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуларының өсуін басқарудың тиімділігін арттыру, банктер активтерінің сапасына сыртқы қарыз алулардың өсу әсерінің мониторингі, банк секторы активтерінің сапасына жылжымайтын мүлік нарығын тұрақсыздандыру ықтимал теріс әсерін азайтуға жәрдемдесу, екінші деңгейдегі отандық банктер қызметінің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында алдағы жылдары экономиканың банк секторын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады.
2007 - 2009 жылдары мынадай іс-шараларды орындау керек:
шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына қол жетімділігін ырықтандыру мақсатында республиканың қолданыстағы банк заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
осы бағыттағы қалыптасқан ахуалды, экономикалық орнықтылықты және халықаралық практиканы ескере отырып, сыртқы қарыз алулардың оңтайлы көрсеткіштерін айқындауға, жылжымайтын мүлікке бағалардың төмендеуіне байланысты тәуекелдерге банктердің орнықтылығын арттыруға; екінші деңгейдегі отандық банктер қызметінің ашықтық деңгейін арттыруға; активтерді жіктеу ережесін жетілдіруге және олар бойынша провизиялар құруға ықпал ететін нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау.
Сақтандыру нарығы
2007 - 2009 жылдары сақтандыру ұйымдары қызметінің ашықтық деңгейін арттыруға, сақтандыру қызметтерінің отандық нарығының сыйымдылығын ұлғайтуға, қайта сақтандырудың ішкі секторын, жинақтау сақтандыру жүйесін дамытуға, шаруашылық субъектілерінің және ел тұрғындарының сақтандыру мәдениетін, міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жолымен қол жеткізілетін болады.
Экономиканың сақтандыру секторын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында алдағы кезеңде:
сақтандыру ұйымдары қызметінің ашықтық деңгейін арттыруға ықпал ететін нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау;
міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;
түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, республика халқының сақтандыру мәдениетінің деңгейін арттыру жөніндегі шаралар қабылдау ұйғарылып отыр.
Бағалы қағаздар нарығы
Акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтық деңгейін арттыру, қор нарығының өтімділігін қамтамасыз ету, халықтың жеке жинақтарын жұмылдыру акцияларын нарығын дамыту, ұсынылатын қаржы құралдарының спектрін кеңейту мақсатында жоспарланатын кезеңде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру қажет.
Акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтық деңгейін арттыруға корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.
Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығын құру қор нарығының өтімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығында жоспарланып отырған инвесторларды - заңды тұлғаларды оқыту және инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту халықтық жеке жинақтарын жұмылдыруға ықпал ететін болады.
Корпоративтік басқару жүйесін енгізу мақсатында:
бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды мемлекеттік реттеуді өздерінің қызметі туралы ақпаратты ашу, бағалы қағаздар бойынша кірістерді аудару және төлеу кезінде төлем тәртібін арттыру жөніндегі талаптарды олардың орындауы бөлігінде күшейтуді;
бағалы қағаздарды иеленушілердің құқықтарын бұзғаны үшін компаниялар басшыларының әкімшілік жауапкершілігін күшейту, акциялардың бақылау пакетін иеленбеген акционерлердің құқықтарын қорғайтын нормативтік кесімдер қабылдауды көздейтін корпоративтік басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау қажет.
Сондай-ақ қазақстандық компаниялардағы корпоративтік басқару деңгейін корпоративтік басқару нормалары мен қағидаттарын сақтауын бағалауға жетекші рейтингілік агенттіктерді тарту қажет.
Мыналар:
бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жариялау;
мамандандырылған әдебиет шығару;
бағалы қағаздардың әлеуетті эмитенттері үшін семинарлар өткізу жолымен халықтың бағалы қағаздар нарығы туралы хабардар болуының деңгейін арттыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.
Қаржы құралдарын инвестициялау үшін ұсынылатын спектрді кеңейту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, секьюритилендіру тетіктерін шығару, мемлекеттің толық және ішінара кепілдігімен облигациялар шығару жолымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту көзделіп отыр.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында 2007 - 2009 жылдары мыналарға қол жеткізу қажет:
халықтың зейнетақы қызметтеріне қол жетімділігін және оның сапасын арттыру;
зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының спектрін кеңейту;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқарушылардың қызметін бағалаудың тиімділігін арттыру;
салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау;
міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру.
Орта мерзімді перспективада алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі негізгі бағыттар жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту және оның барынша ашықтығын, тұрақтылығын қамтамасыз ету, реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру болады.
Осы бағыттарды іске асыруда:
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мәселелерін реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру;
жинақтаушы зейнетақы қорлары мен компаниялардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кірістілігін айқындау әдістемесін жетілдіру, шынайы "эталондық портфельді" ("бенчмарк" сияқты) тұжырымдау;
өздігімен жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту;
жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдер жүйесін оңтайландыру;
салымшылардың әртүрлі топтары үшін зейнетақы активтерінің портфелінде қаржы құралдарының құрамымен, инвестициялық тәуекелдің кірістілігімен және деңгейімен бір-бірінен ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын енгізу;
корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру көзделіп отыр.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалаудың отандық жүйесін жетілдіру жөніндегі бағыттар мен шараларды іске асыру:
қаржы ұйымдарының мемлекеттің инвестициялық саясатының басым бағыттарына қатысуын кеңейтуге;
қаржылық қызметтерімен сауда-саттықты ырықтандыру жолымен отандық қаржы нарығының ашықтық, тұрақтылық және бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға;
бағалы қағаздар нарығын жандандыруға және ұсынылатын қаржылық қызметтерді кеңейтуге, тәуекелдерді әртараптандыруға;
ішкі және сыртқы тұрақсыздандырғыш факторларға қаржы нарығының тұрақтылық деңгейін арттыруы тиіс қаржылық қадағалаудың халықаралық стандарттары мен нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржылық қызметтердің отандық нарығының халықаралық экономикалық кеңістікке толыққанды кіруіне;
қаржылық қызметтерді отандық жеткізушілер үшін келеңсіз салдарларды азайта отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі үшін жағдайды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Қаржылық қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің және тиісінше ұсынылатын қызметтердің сапасы деңгейінің артуына және олардың құнының төмендеуіне әкелетін Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдарының-резиденттерінің қатысуын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ретте, халықтың, инвесторлардың, рейтингілік агенттіктердің отандық қаржы секторына сенім деңгейі артады.
§ 2. Экономиканы мемлекеттік басқару
Фискалдық саясат
Салық саясаты
2007 - 2009 жылдары салық саясатының негізгі бағыттары мыналар болады:
жалақыны көлеңкелі төлеуді азайту мақсатында әлеуметтік салықтың ставкасын азайту;
өндірісті кейіннен дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығының ставкасын азайту;
қосылған құн салығын экспорт бойынша және ел ішінде өтеу тетігін жетілдіру;
халықтың әл-ауқатының өсу жағдайы кезінде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп қайта бөлу;
жеке тұлғалардың табыстарын жалпы декларациялауға көшу мүмкіндігін қарау;
сыбайлас жемқорлықты азайту, салық төлемеушілерге шараларды бір мезгілде қатаңдата отырып, есептілігін жеңілдету мақсатында салықтық әкімшілендіру бөлігінде заңнаманы одан әрі жетілдіру.
Бюджет саясаты
2007 - 2009 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі мақсаты қатаң бюджет тәртібін сақтай отырып, мемлекеттің қаржылық міндеттерінің тиімді және толық орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
2007 - 2009 жылдары бюджет саясатының негізгі бағыттары мыналар болады:
бюджет заңнамасын және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін арттыру;
шектеуші бюджет саясатын жүргізу жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, мұнда ағымдағы шығыстардың өсуі мұнай емес кірістердің өсуіне тікелей байланысты болады;
ұлттық қауіпсіздікті нығайту;
адамдар денсаулығының жай-күйін және өмір сүру ұзақтығын жақсарту, білім және мәдени деңгейін арттыру жөніндегі жүргізілетін әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, басқарудың әрбір деңгейінің дербестігін күшейту.
2007 - 2009 жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін ұтымды ету және арттыру саясаты мен ішкі жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.
Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жалғасатын болады.
Басым өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберінде мемлекет іске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:
миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;
кәсіпорындарды тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;
қызмет түрлерін лицензиялаудың транспаренттік жүйесін құруға;
қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін жылдамдатуға (IS0-9000, ISO-14000);
Ұлттық инновациялық жүйенің экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесін дамыту жөнінде жұмыстың жалғасуына;
мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіруді күшейту жөніндегі іс-әрекетті, олардың қызметінің ашықтығын арттыруды жандандыруға;
инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегі инвестициялық сауда өкілеттіктерінің желісімен бірге экспорттың жылжуы жөніндегі мамандандырылған құрылымын құру;
отандық бизнестің, әсіресе экспорттаушылардың мүддесін ескере отырып, ірі халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық қаржы институттарымен бірге жұмысты жандандыру;
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері және шетелдік, оның ішінде трансұлттық компанияларды іздеу жөнінде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.
Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялардың басымдықтары мыналар:
мемлекеттік басқарудың функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
әлеуметтік секторды дамыту;
базалық инфрақұрылымды дамыту;
аграрлық сектордың дамуына жәрдемдесу;
Астана қаласының дамуы болып қалуда.
Сондай-ақ, экономиканың басым секторларында және инновациялық жүйенің дамуында қосылған құны жоғары жобаларды қаржыландыру үшін даму институттары қосымша капиталдандырылатын болады.
Жалпы алғанда, бюджеттік инвестициялардың көлемін бөлу 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі шеңберінде жүзеге асырылады.
§ 4. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен
борышты басқару саласындағы саясат
2007 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Yкіметінің саясаты мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында мынадай бағыттар бойынша іске асатын болады:
мемлекеттік борышты басқару жөніндегі жүйені жетілдіру;
қалыптасқан мұнай емес бюджет тапшылығының мөлшеріне негіздей отырып, жүргізілетін жинақтар саясатын есепке ала отырып, республикалық бюджет пен үкіметтік борыш тапшылығының көрсеткіштерін айқындау;
үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп төмендету.
Yкіметтік борыштың құрылымында сыртқы борыштың үлесін біртіндеп төмендету республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымында сыртқы қарыздар есебінен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесін қысқарту жолымен жүзеге асырылады.
Үкіметтің борыштық портфелін әртараптандыру мақсатында ішкі нарықта қарызға алуды бір уақытта ұлғайту кезінде сыртқы қарыз беру көлемі қысқартылатын болады.
Ішкі қарыз алу көлемінің ұлғаюы жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы активтерін орналастыру үшін сенімді және өтімді қаржы құралдарын (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды) беру қажеттігіне байланысты.
Сондай-ақ үкіметтік қарыз алу қор нарығында тиісті бағдарларды бекіту үшін айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қолдау мақсатымен де пайдаланылатын болады. Орта мерзімді перспективада нақты жинақтамалар мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қарағанда кепілдік берілген борышты есепке алғанда, үкіметтік қарыздың ара қатынасы 50-70 %-ға жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздарын басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мемлекеттік қарыздар бойынша ғана емес, мемлекеттік басым түрде қатысатын акционерлік қоғамдардың қарыз міндеттемелерін өзіне қамтитын мемлекеттік сектордың бәрінің борышы бойынша да мониторинг жүргізілетін болады.
Мемлекеттік ішкі және сыртқы берешектерді басқару жүйесін жетілдіру 2006 жылы әзірлеуге жоспарланып отырған Мемлекеттік және жалпы ішкі берешекті басқару жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес өткізіледі. Тұжырымдамада берешекті басқару стратегиясы, мемлекеттік берешек құрылымдары, мемлекеттік берешектерді басқарудың ұйымдық негіздері жөніндегі мәселелер көрсетіледі.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп отырған саясаты шеңберінде 2007 - 2009 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
жинақтар саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін айқындау;
ішкі қарыз алу бөлігінде:
жылдар мен қағаз түрлері бойынша бөліністе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзімді кезеңге арналған болжамды схемасын жасау;
ішкі қарыздарды тарту мерзімдеріне қарай қарыз алудың түрлі құралдарын қолдану;
нарықтағы ахуалға қарай қарыз алудың жалпы көлеміндегі индекстелген және купондық міндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгілеу жолымен пайыздық тәуекелдерді азайту;
бағалы қағаздар нарығындағы бағдарларды ("бенчмарк") белгілеу;
шығарылымдардың жалпы санын қысқарта отырып, кезінде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көлемін ұлғайту;
айналыс мерзімін ұлғайта отырып, пайыздарды төлеу кезеңділігін азайту;
міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту және қысқа және орта мерзімді перспективада үкіметтік ішкі борышты өтеу жөніндегі төлемдердің ең жоғары шегін төмендету, бұл үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шығаруға қайта бағдарлану көзделіп отыр;
сыртқы қарыз алу бөлігінде:
жаңа жобаларды іріктеуге және Қазақстан Даму Банкінің өтемдік негізде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзеге асыруға талаптарды күшейту;
озық тәжірибе трансферті және сыртқы донорлармен жобаларды іске асыруды бақылау рәсімдері мақсатында экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жеңілдік шарттарында сыртқы қарыздарды тарту;
республикалық инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілетін жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсарту арқылы қарыз қаражатын тиімді пайдалану;
теңгенің айырбас бағамы өзгерген жағдайда теріс салдарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздар портфелін қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру;
борышты өтеу және оған қызмет көрсету бөлігінде:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетілетін үкіметтік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу жолымен үкіметтік борышты белсенді басқару;
жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен борыш міндеттемелерін өтеу және реттелмеген борыш міндеттемелері проблемаларын жедел шешу жөнінде белсенді шаралар қабылдау;
фискалдық тәуекелдерді болжау.
Мемлекеттік активтерді басқару және жекешелендіру
2007 - 2009 жылдары мемлекеттік активтерді басқару саласындағы саясатта мемлекетті тиімді меншік иесі ретінде қалыптастыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруға бағытталады. Осы мақсаттармен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік беретін тетік жасалады. Мемлекеттік меншікті басқару саласындағы басым міндеттер:
мемлекеттік активтерді басқарудың айқын және анық жүйесін жасау;
мемлекеттік меншікке түгендеу жүргізу және деректердің бірыңғай қорын жасау;
рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту немесе банкрот туралы шешім қабылдағанда бірыңғай критерийлерді қолдану, конкурстық басқарушыларды таңдау тетігін жетілдіру болып табылады.
Мемлекет активтерін басқарудың айқын және анық жүйесін жасау үшін мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жүйесін, мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнамалар мен әдіснамалық базаны жүйелеуді жаңартуға бағытталған дәйекті шаралар жүзеге асырылатын болады. Қоғамдық маңызы бар қызмет көрсетулерді және мемлекеттік қолдауды қажет ететін қызмет саласы үшін осы ұйымдар жұмыс істеуге тиіс қызмет салаларын анықтау мақсатымен бақылау акцияларының пакеті (қатысу үлесі) мемлекеттің иелігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызмет саласына талдау жүргізілетін болады.
Мемлекеттік меншікті түгендеуді жүргізу және бүкіл ел үшін деректердің бірыңғай базасын жасау үшін мыналарға бағытталған шараларды дәйекті түрде іске асыру керек:
бақылау акцияларының пакеті (қатысу үлесі) мемлекеттің иелігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың мүлкін түгендеу жұмыстарын жүргізу;
осы ұйымдарға оларға жүктелген міндетті іске асыру үшін қажетті мүлік құрамын анықтау (зияткерлік меншікті және жылжымайтын нысандарды есепке алып);
мемлекет меншігіндегі акциялар пакеті (қатысу үлесі) бәсекелес ортаға берілуге тиісті мемлекеттік заңды тұлғаларға, ұйымдарға бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелер мен мүліктің тізбесін анықтау;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік меншіктің аражігін айқын ажырату;
жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша жарғылық капиталында мемлекет қатысатын Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, заңды тұлғалар тізілімін (одан әрі - Тізілімін) қол жетімді жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру және оған "оn-line" режимінде қолдау көрсету;
есепке алу нысандары бойынша Тізілім деректерін өзекті ету мақсатымен жасалып жатқан "электрондық үкіметтің" "Заңды тұлғалар" мемлекеттік базасының деректерінен Тізілімді ұстаушыға электронды нысанда ақпарат беру.
Оңалту немесе банкроттық жөнінде шешім қабылдағанда, сондай-ақ конкурстық басқарушыларды тарту тетігін жетілдіруге бірыңғай өлшемдерді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Yкіметі оңалту және қайта құрылымдау рәсімі, мониторинг жүргізу тетіктері және олардың төлем қабілеттілігінің жағдайын талдау қолданылуы мүмкін рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың тізілімі айқындалатын болады. Оларда жаңа технологияларды қолданып жаңа өндірістер ұйымдастырылуы мүмкін рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқоры қалыптастырылады, басқарудың дағдарысқа қарсы әлемдік тәжірибесі, оның осы заманғы Қазақстанның жағдайына бейімделуі зерделенеді.
Қабылданатын шаралардың нәтижесінде мемлекет активтерін басқарудың айқын жүйесі, мемлекеттік меншік деректерінің бірыңғай базасы жасалып, рентабельді емес кәсіпорындарды оңалту немесе банкроттығы туралы шешім қабылдау тетігі әзірленеді.
Мемлекеттік активтерді басқару бойынша, корпоративті басқарудың әлемдік тәжірибесін енгізудің, мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа институттарының құрылуы мемлекеттік активтерді басқарудың, Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының іске асырылуының және қор нарығы дамуының тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Қоғамдық мәні бар нысандарды жақсарту мен құрылысын салу үдерістерін қаржыландыруға жеке сектордың қаражатын тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік және жеке серіктестік тетіктерін енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілетін болады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың құрылымдық элементі ретінде жекешелендіру саласындағы саясат белгілі бір салалар мен нақты кәсіпорындарға қатысы бойынша мемлекет мүдделеріне сәйкес жүзеге асырылады.
§ 5. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты
жетілдіру
Бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат
Бәсекелі және монополияға қарсы саясаттың дамуы халықаралық бәсекелі құқық пен бәсеке бостандығының дамуы, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері деңгейлерінің болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және олар әрекет ететін экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру, олардың инфрақұрылымдық желілерін, институционалдық қайта құруларды жаңарту және кеңейту талаптарына сәйкес заңнаманы жетілдіру негізінде жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта бәсекелі нарықта бәсекелестікті шектеуге, аса ірі емес компанияларға бақылау орнату жолымен ірі холдингтер ұстанымдарын күшейтуге әкеп соғатын баға келісімі, артықшылық (монополиялық) жағдайын асыра пайдалану, теріс пиғылды бәсеке және экономикалық жағынан тым шоғырлану фактілері байқалады.
2007 - 2009 жылдары теріс пиғылды бәсекенің алдын алу, шектеу және жолын кесудің ұйымдық және құқықтық негіздерін жетілдіру, тауар нарықтарында бәсекелі қатынастарды дамыту, монополистік (артықшылық) жағдайын теріс пайдалану жағдайларында монополияға қарсы ден қою шараларын тиімді және жедел қолдану үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешенін өткізу қажет. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында монополияға қарсы заңнаманы әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Ішкі тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуы үшін шамадан тыс экономикалық шоғырлануды бақылауды жүзеге асыру, "жасырын монополияларды" монополиясыздандыру, монополияға қарсы органның бақылау функцияларын күшейту жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Бәсекелі, монополияға қарсы және тариф саясатының негізгі мақсаттары табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, еркін бәсекелестікті, кәсіпкерлікті дамыту және нарықтардың серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мыналар жоспарланып отыр:
жаңа редакциядағы «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы Заңды іске асыруға тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау;
нарық субъектілерінің үстем жағдайды асыра пайдалануының, субъектілер арасындағы сыбайласудың, монополист субъектілермен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуының, өндірісті, монополиялы тауарлар мен қызметтерді негізсіз қысқартуының жолын кесу, басқа субъектілерді рыноктан шеттету және оған қол жетімдігін және жосықсыз бәсекелестікті шектеу мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту;
монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазаны қатаңдату;
қаржы ұйымдарының өздерінің үстем жағдайын асыра пайдалануының, олардың арасындағы сыбайласудың және теріс пиғылды бәсекелестіктің жолын кесу бөлігінде нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау жолымен экономиканың басқа секторларындағы бәсекелестікті шектеуге арналған қаржы құрылымдарының ықпалын жою;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, мемлекет тарапынан шаруашылық субъектілеріне жеңілдіктер беру практикасын жою, сондай-ақ доминант субъектілердің тарифтерді, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын келісуінен кезең-кезеңімен бас тарту;
әлемдік монополияға қарсы заңнаманы зерделеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамаға салыстырма талдауды жүргізу және дамыған елдерден және Қазақстанның табиғи монополияларын реттеу;
шектен тыс экономикалық шоғырлануды бақылауды, экономиканың әртүрлі салаларындағы "жасырын" монополиялардың мониторингі, оларды монополиясыздандыру жөніндегі шараларды қабылдау, кәсіпкерлік бостандығын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, монополистер қызметінің мониторингі жөніндегі электрондық дерекқорды дамыту жөніндегі іс-шараларды көздейтін Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың орта мерзімге арналған бағдарламасын іске асыру;
Жоспарланып отырған шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету және монополияға қарсы ден қою шараларын бір мезгілде қатаңдата отырып, бәсекелі нарықтағы тарифтерді қатаң мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту күтілуде.
Тариф саясатын дамыту табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеудің нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Осы бағытта жүргізілетін негізгі іс-шаралар «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтерді бекіту тәртібін белгілеу; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу тәртібін ырықтандыру және төрешілдіктен арылту болады.
Қазақстан экономикасы дамуының жай-күйі мен перспективаларының деңгейіне барабар әдіснамалық базаның болуы мемлекеттік тарифтік реттеудің маңызды құрауышы болып табылады. Бұл үшін тарифтерді, экономиканың секторлары тарифтерінің серпініне әсерін бағалау модельдерін есептеудің тұтас бірқатар әдістерін әзірлеу, олардың бағалау көрсеткіштерінің теңгерімді кешені негізінде субъектілер қызметінің мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр.
2007 жылы Табиғи монополиялар саласындағы тариф саясатын жетілдірудің 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Жоспарланған шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің болжамды және тұрақты деңгейі қамтамасыз етіледі және табиғи монополиялар субъектілері тартылған салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасалатын болады.
Техникалық реттеу және патенттер жүйесін дамыту
Техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу кезінде халықаралық танылған стандарттарды негізге алу отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуына ықпал етуге тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі алдындағы қабылданатын іс-шараларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары әзірленуде.
2006 жылы 5 заң қабылданады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 33 Заңына техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
2007 - 2009 жылдары ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіруді жалғастыру және отандық өндіріс тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып, стандарттарды үйлестіру жөніндегі қолданыстағы жоспарды қайта қарауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуді жалғастыру қажет.
Бұдан басқа, мақсаты техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, өнімнің және тіршілік пен денсаулыққа және қоршаған орта үшін процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыратын іс-қимылдардың алдын алу, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді жою болып табылатын Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет.
Отандық өндірушілерді экспорттық қызметке бағдарлау мақсатында өндірушілерді Қазақстанда шығарылатын тауарлар экспортталатын мемлекеттердегі өнімге қойылатын қолданыстағы талаптар туралы хабардар етіп отыру қажет.
Сәйкестендіруді растау саласында жұмыстарды оңтайландыру мақсатында халықаралық практикаға сәйкестендіруді растау рәсімдерін үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарын және экономикасын өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерден қорғау мақсатында Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет.
Ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімнің бәсекеге қабылеттілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру мақсатында:
қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру жөніндегі, оның ішінде шағын және орта бизнес үшін шаралар әзірлеу;
халықаралық деңгейдегі менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы аудиторлар даярлауды қамтамасыз ету;
ИСО 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SА 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу және сертификаттау мәселелері бойынша баспасөзде үнемі жарияланымдар мен айдарлар, радио мен теледидарда сөз сөйлеуді ұйымдастыру жолымен халықаралық стандарттарды енгізуді насихаттау жөніндегі жұмысты жандандыру;
«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Yкіметінің сыйлығын алуға конкурстар және «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрме өткізуді ұйымдастыру;
ИСО 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SА 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу;
ИСО 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SА 8000 халықаралық стандарттарға жауап беретін менеджмент жүйелерін әзірлеу мониторингін және енгізуді жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кіру
Экспорт-импорт секторының артықшылықтарын қолдау
Шикізат емес сектордың қазақстандық тауарларын әлемдік нарықтарға экспорттық жылжытуға жәрдемдесy мақсатында мынадай жұмыс жүргізіледі:
экспортты дамытуды ынталандыру бойынша шетелдік оң тәжірибені зерттеу;
бірқатар елдердің, атап айтқанда, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Моңғолия, Иран, Ирак, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Сауд Арабиясы, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдері, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Қытай Халық Республикасы тауарлар нарықтарына тиісті шетелдік ұйымдарды тарта отырып, талдамалық зерттеулер жүргізу;
өз өндірісін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында дайын өнімді өндіру үшін тиісті шетелдік зерттеу ұйымдарын отандық кәсіпорындардың құрамдауыштар (жинақтауыштар, құрамдауыштар, шала өнімдер) түрлерін пайдалану тұрғысынан тартуды жүргізу;
Экспортты дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын әзірлеу мақсатында әлемдік нарықтарға тауарларды жылжыту тәжірибесі бар консалтингілік отандық және халықаралық ұйымдарды, оған сараптама мен бағалау жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тарту;
шикізаттық мақсаттағы перспективалы қазақстандық тауарлар мен брендтерді, оларды әлемдік нарықтарға одан әрі жылжыту үшін олардың тізбесін қалыптастыру;
Қазақстанның шикізаттық тауарлардың ауқымды ассортимент өндіруші ретінде халықаралық имиджін нығайту мақсатында отандық тауарларды әлеуетті өткізу нарықтарында - шетелде таныстыру іс-шараларын өткізу;
отандық тауарларды сыртқы сауданы жүзеге асыру кезінде туындайтын сыртқы сауда дауларды реттеу арқылы сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу;
«Қазақстанның дайын отандық өнімді үздік экспорттаушысы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру;
республиканың өңірлерінде отандық іскер ортада және сыртқы нарықтарға, оның ішінде шетелдік экспорттаушыларды тарта отырып, отандық дайын өнімді экспорттық жылжыту мәселелері бойынша өндірушілер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруi
Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру әлемдік экономикаға тығыз ықпалдасуына байланысты. Осыған орай, республиканың бүкіл әлемдік сауданың 95 % келетін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі өзекті болып тұр.
ДСҰ-ға кіру импортты тауарлар мен қызметтер үшін Қазақстанның нарығын ашуға ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ республика экономикасындағы реформаларды одан әрі тереңдетуді талап етеді.
Келіссөздер барысында: тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу процесіндегі мемлекеттің рөлін азайту, сауда-экономикалық саясаттың транспаренттігін және кедендік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті қорғау, лицензиялар мен ветеринарлық сертификаттар беру жөніндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша республиканың міндеттемелері қабылданады.
ДСҰ-ға кіру экономиканың қаржы, телекоммуникация, энергетика және көлік секторларын одан әрі ырықтандыруды көздейді. Осы секторлардағы бәсекелестікті дамыту халықты және шаруашылық субъектілерін қоса алғанда, тұтынушылар үшін қызметтердің сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге әкеп соғуы тиіс, түпкі нәтижесінде қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді.
Сыртқы сауда режимін ДСҰ-дың нормаларына сәйкес келтіру рәсімдер ашықтығын күшейтуге және сыбайластыққа мүмкіндіктерді қысқартуға тиіс. Лицензияланатын тауарлар мен қызметтер сапасын қысқартумен қатар лицензиялық және кедендік рәсімдерді оңайлату тұтастай экономиканың болжамдылығын қамтамасыз етеді және Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін білдіреді.
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін субсидиялардың нақты көлемі туралы мәселе Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздерде ең маңызды болып табылады, өйткені Қазақстан халқының 40-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады.
Халықаралық сауда мен құқық салаларында біліктілігі жоғары қазақстандық кадрларды даярлау қажеттігі маңызды міндет болып табылады.
Шағын және орта бизнесті дамыту
2007 - 2009 жылдары шағын және орта бизнесті дамытудың басты мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету негізінде шағын және орта бизнес ұстанымдарын кеңейту және нығайту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
бизнес пен мемлекеттің әріптестігін нығайту;
шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамыту үшін жағдайлар жасау;
жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылы;
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзірлеу.
Кәсіпкерлікке қысымды қысқарту және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін ұйымдық, құрылымдық және кешенді ұстаным қажет, ол мынаны көздейді:
орталық мемлекеттік және "жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес құру;
кредиттер беру рәсімдерін оңайлату, кредит беру мерзімдерін және пайыздық ставкаларды төмендету мәселелеріне қатысты өндірістік және инновациялық бейіндегі шағын және орта кәсіпорындарды одан әрі ынталандыруға бағытталған, шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шараларын әзірлеу;
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауға байланысты кесімдердің күшін жоюды негіздеу мақсатында кәсіпкерлер бірлестіктерінің міндетті қатысуымен нормативтік құқықтық кесімдерге тексеру жүргізу;
кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетігін оңайлату, мемлекеттік әкімшілендіру тетіктерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
лицензиялау жүйесін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның бірыңғай лицензиялық палатасын құру орындылығын қарау;
барлық өңірлерде кәсіпкерлік пен инновациялық қызмет инфрақұрылым объектілерін құру;
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамның өкілдік желісін құру және өңірлерде ақпараттық-талдамалық, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жұмысты күшейту;
"көлеңкелі" өндіріс және "қапшықтық" импортпен бірге заңды тауар өндірушілер үшін ішкі нарықта тең жағдай жасау.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру шағын бизнесті дамытуға оң ықпал көрсетеді.
2007 - 2009 жылдары кәсіби Үкімет саласындағы басым міндеттер мыналар болады:
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауын бақылау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті нығайту;
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестер тиімділігін арттыру, Агенттіктің аумақтық басқармалары бастықтарының мәртебесін нығайту;
саны мен құрамы бойынша тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құру;
уәкілетті мемлекеттік органдар және мекемелер ұсынатын мемлекеттік қызметтер стандарттарын, сондай-ақ олардың сапасын есептеу мен бақылау жүйесін әзірлеу және енгізу;
"электрондық үкіметті" дамыту;
еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру;
мемлекеттік органдар мен қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мен және мемлекеттік қызметті жетілдірудегі өзара іс-қимылдарын өрістету;
мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін дамыту мемлекеттік қызмет кадрларын даярлау орталықтарының ғылыми, кадрлық және материалдық-техникалық базасын нығайту, шетелдегі беделді оқу орталықтарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік басқару академиясының базасында осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін шетелдік әріптестіктерінің қатысуымен халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебі құрылады.
Өңірлік саясат 2007 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес айқындалады және басымдық өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті маманданудың, экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістік ұйымының қалыптасуына негізделген экономиканың теңгерімді дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін аумақтық даму болып табылады.
Біркелкі дамыту тұжырымдамасының орнына поляризациялық дамыту тұжырымдамасы келуге тиіс, мұнда неғұрлым серпінді дамып келе жатқан қалалар немесе өңірлік және жаhандық нарықтарға кіріктірілген әрі елдің қалған барлық өңірлері, ал перспективада бүкіл Орталық Азия өңірі үшін локомотивтер рөлін атқаратын өңірлер "өсу полюстеріне" айналуы мүмкін.
Алдағы жылдары өңірлік саясатының мақсаты экономикалық перспективалы аудандарда және өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарының шоғырлануы, өңірлік және әлемдік экономикада ел мен оның өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануының қалыптасуы болады.
Осы мақсаттарда мынадай міндеттерді шешу қажет:
дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті жандандыруға бағытталған аумақтық дамудың жаңа саясатын әзірлеу;
өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
проблемалы аумақтарды дамыту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін кластерлерді құрумен үйлестіре отырып, өңірлердің бәсекеге қабілетті өңірлерді және аумақтардың инфрақұрылымын дамыту, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру, сондай-ақ ауылдық және проблемалық аумақтарды, шағын қалаларды одан әрі дамыту көзделеді.
Өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын дамыту
Дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті жандандыруға бағытталған жаңа өңірлік даму саясатын әзірлеу, өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру үшін 2007 жылы:
мемлекеттік органдар, жеке меншік кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар, ғылыми зерттеу институттары мен басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлердің әкімдіктері жанынан консультативтік-кеңесші органдар ретінде Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру;
өңірлерді дамытудың бәсекелі стратегияларын қабылдау көзделіп отыр.
Кластерлерді құрумен үйлестіре отырып, аумақтардың
инфрақұрылымын дамыту
Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету экономикалық өсу үшін жағдай, халықтың тұрмыс-тіршілігінің қолайлы ортасын жасауға және өндірістік, энергетикалық, тыныс-тіршілік, көлік, телекоммуникация, су шарyашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталады.
Мемлекеттік реттеудің тұтас объектісі ретінде қаралатын оның әр түрлі магистралдық және тораптық элементтерінің тұжырымдамалық және технологиялық жағынан өзара байланысты жүйе ретінде Ұлттық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың және перспективалық дамытудың жаңа идеологиясын әзірлеу қажет.
Қазіргі бар және қалыптастырылатын коммуникациялық дәліздер:
Солтүстік Қазақстан, Орталық (тіректік) және Оңтүстік Қазақстан сауда-экономикалық дәліздерінің (ел дамуының стратегиялық осьтері шеңберінде қалыптастырылатын) негізгі инфрақұрылымдық құрамдас бөлігін құрауы;
елдің өңірлік және жаhандық нарықтарға (транзит әлеуетін сатуды қоса алғанда) ықпалдасуына сияқты, тиімді дамушы экономикалық белсенділіктің аймақтарын қалыптастыру базасы ретінде сауда-логистикалық жүйелердің (тораптардың), перспективалы жаңа кластерлердің ел кеңістігінде орналасу процесіне де ықпал етуі тиіс.
Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру
Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілерінің рентабельді емес проблемаларын шешу үшін шағын және орта бизнестің ірі әртараптандырылған және қаржы жағынан тұрақты кәсіпорындармен өзара ынтымақтастыққа алғышарттар жасау көзделеді, олар бизнесті ұйымдастырудың айқын жағдайында кәсіпкерлікті дамыту үшін тапсырысшы және "локомотив" рөлінде шыға алады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту үшін қоғам мүддесі мен табыста қызметті үндестірген бірнеше ірі аумақтық холдингтер қалыптастыру қажет.
Неғұрлым дамыған өңірлік орталықтарда өзара байланысты бірнеше өңірлерде кәсіпкерлік факторын жандандыруға бағдарланған әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды құру ресурстарды жұмылдыру тетіктерінің бірі болады.
Осы корпорациялар қызметінің басты бағыты активтерді басқару, өңірді дамыту мүддесі үшін жаңа жобаларды бастау және қосымша инвестициялар тарту, өңірде ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне пайдалы сұранысты құру болады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы рентабельді емес кәсіпорындардың тиімділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Осындай корпорациялардың дамуы өзінің ғана емес, аралас өңірлердің де экономикалық белсенділігін өзінде шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті өңірлік кластерлердің қалыптасуының катализаторлар болуға қабілетті ірі өңірлік орталықтарды құруға жәрдемдеседі.
Ауылдық және проблемалы аумақтарды дамыту
Ауылдық аумақтарды тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылады.
Орта мерзімді кезеңде экономикалық әлеуетті және шектес елді мекендердің қамтамасыз ететін инфрақұрылымын сақтау және дамыту, шектес аудандардың ірі мекендерінің әкімшілік маңыздылығын арттыру жөніндегі шаралар іске асырылады.
Проблемалы аумақтарды дамыту үшін Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының 2005 - 2007 жылдарға арналған проблемаларын кешенді шешу және 2006 - 2008 жылдарға арналған Семей қаласын дамыту жөніндегі бағдарламасын одан әрі іске асыру көзделеді.
Астана қаласын дамыту
2007 - 2009 жылдары Астана қаласын дамыту мақсаты Еуразиядағы өзара халықаралық іс-қимылдың ірі орталықтарының бірі және осы заманғы әлемдік даму стандарттарына сай келетін қаланы дамыту болып табылады.
Бұл кезеңде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
Астананың еуразиялық кеңістікте үлгілі астана ретінде қалыптасуы;
жақын маңдағы қалаларды тарту арқылы желілік "өсу аймағын" қалыптастыру.
Желілік "өсу аймағын" қалыптастыру үшін келісілген іс-қимылдар кешенін іске асыру көзделіп отыр:
Теміртау, Қарағанды агломерациясын және Щучье-Бурабай курорттық аймағын тарта отырып, жартылай функционалды аймақ құру;
орта азиялық өңірде, кейіннен әлемдік нарықта сауда дистрибуциясы;
көлік-логистикалық және логистикалық-процессингтік қызмет көрсету;
технологиялық трансферт және инновациялық даму;
туристік-рекреациялық мамандану: Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Қорғалжын қорығының рекреациялық ресурстарын ірі шоғырландыру базасында;
құрылыс материалдарының өндірісіне мамандандырылған индустриялық аймақты, жиhаз, тамақ өнеркәсібі және басқа бәсекеге қабілетті салаларды құру;
Еуропа - Азия сапалы тасымалдарын қамтамасыз ету үшін авиациялық "хаба" және авиациялық тасымалдарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған сервистік орталық құру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін Астана қаласының 2030 жылға дейінгі орнықты даму стратегиялық жоспарын, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көзделеді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу нәтижесі Астананы, әлемдік көлік жүйесімен үйлесімді ықпалдасқан тауарлық, қаржылық, технологиялық ағындармен, ғылыми және мәдени алмасулармен басқаратын ұлттық коммуникациялық орталық ретінде шығару, сондай-ақ қалада оған неғұрлым құнды капитал түрін - адами капиталдың құйылуын ынталандыратын постиндустриалды "орта аймағын" қалыптастыру болып табылады.
Алматы қаласын дамыту
2007 - 2009 жылдары Алматы қаласын одан әрі дамыту мақсаты Алматы қаласын өңірлік ірі қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде одан әрі дамыту болып табылады.
Бұл кезеңде мынадай міндеттерді шешу қажет:
өңірлік қаржы орталығы жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын құру;
ел экономикасына жаңа инвестициялар, озық қаржы білімдері мен техника импортын тарту үшін жағдайлар қалыптастыру;
Алматы қаласының экономикасын әртараптандыруға және жаңа бәсекелі артықшылықтарын құруға ықпал ету.
Экономиканы әртараптандыруға және Алматы қаласының бәсекелі жаңа басымдықтарын құруға ықпал ету үшін Қазақстан Республикасының Yкіметі мыналарға бағытталған:
Алматы қаласында білім беру қызметтері мен инновациялық әзірлемелер нарығында халықаралық деңгейдегі сапалы қызметтер көрсететін ірі университеттер мен жоғары оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттарының базасында өңірлік білім беру-инновациялық кешенін қалыптастыру;
Алматы қаласында көлік-логистикалық және логистикалық-процессингілік қызметтерді дамыту; инновацияны дамыту; қазақстандық және орталық азиялық нарықтарға бағдарланған жетекші шетелдік компаниялардың (филиалдардың, БК) процессингілік орталықтарын өрістету;
Алматы өңірінің негізінде туристік-рекреациялық мамандануды дамыту шараларын дәйекті іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін және міндеттерді шешу үшін Алматы қаласын дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру көзделеді.
Алматы қаласын өңірлік қаржы және іскерлік белсенділік орталығы ретінде қалыптасуы арқылы 2009 жылы Алматы қаласы іскерлік белсенділіктің ірі халықаралық орталығы, халықаралық қаржы, сақтандыру және басқа да жетекші компаниялар үшін тартылыс орталығы ретінде одан әрі дамиды; мультипликативтік әсер өңірлік қаржы орталығының дамуынан елдің одан әрі экономикалық дамуына жәрдемдеседі.
7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясат және адами
капиталды дамыту
§ 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік
даму
Демографиялық және көші-қон саясаты
2007 - 2009 жылдарда демография және көші-қон саласындағы негізгі мақсаттар елдің геосаяси мүдделерін, әлеуметтік-экономикалық ахуалды, Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін өңірлердің даму перспективаларын ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Көші-қон саясатының осы заманғы тұжырымдамасын және Қазақстандағы көші-қон саясатының 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау;
ұлттық мүдделерді қорғау және біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартумен үйлесімді көші-қон режимін ырықтандыру;
оралмандарды көші-қон квотасына енгізудің объективті өлшемдерін әзірлеу;
оралмандарды бейімдеудің және біріктірудің арнайы орталықтарын құру;
уәкілетті мемлекеттік органдардың оралмандарды жұмысқа орналасуға белсенді жәрдемдесуі;
өздерінің кәсіптік деңгейі бойынша экономиканың жетекші салаларының қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілігі жоғары шетелдік жұмыс күшін тарту;
еңбек нарығындағы ахуалды, аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып және біліктілігі жоғары жұмыс күшін тарту мүддесінде еңбек көші-қонын реттеуді жетілдіру.
2006 жылы Үкімет басқа елдердің тәжірибесін ескере отырып, республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдарында және басқа да органдарда тіркеу арқылы оларды заңдастыру жөнінде бір жолғы акция жүргізу тетігін әзірлейтін болады.
Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту
2007 - 2009 жылдары Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту үшін тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға бағытталған белсенді саясат жүргізіледі.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы сипатын күшейту;
аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің кедейшілігін белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.
Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру мақсатында:
өңірлік орталықтарда өндірісті оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлік дамуы, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту негізінде жұмыс орындарын құруды;
кәсіби оқыту жұмыс берушілердің персоналды ішкі өндірістік оқытуды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыруды;
жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Жастардың кәсіби білім алуына, жеке кәсіп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын іске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылы экономикаға білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Осы мақсатта Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен жеке бизнестің әлеуетін пайдалануды көздейтін кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелерінің жүйесі арқылы ұлттық кадрларды оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты арттыру мақсатында 2007 - 2009 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;
міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту.
Базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне барабар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру;
міндетті деңгейде халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен және жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту; сақтандыру (оның ішінде зейнетақы) жинақтары мен инвестициялық кірістің өсуі үшін жағдайлар жасау керек. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру және қаржы құралдарының тізбесін кеңейту жөніндегі шаралар әзірленетін болады;
әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға пәрменді кіруі үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу "айдан айға" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мұқтаж адамдар мемлекет кепілдік берген қызметтерге толыққанды қол жеткізуге тиіс. Жеке меншік секторы субъектілерінің әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуда қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсенді тарту есебінен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және бәсекелі ортаны дамыту негізінде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
§ 2. Білім беру және 2007-2009 жылдарға кадрлар даярлау
Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту
2007 - 2009 жылдары мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуда мынадай міндеттерді шешу қажет:
барлық балалардың мектепке дейінгі білім алуға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту және жалпы орта білім беруді ұйымдастыру;
балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды алуға жағдай жасау;
мемлекеттік тілді үйрену балаларды зияткерлік және эмоциялық дамыту;
орта білім беру жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
жалпы білім беретін мектептегі материалдық-техникалық базаны физика, химия, биология, мультимедиялық кабинеттерімен жарақтандыру арқылы жаңарту;
балалардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
оқытушы кадрларды ықпалдасу мен бейінді оқытуды ескере отырып қайта даярлау;
жалпы орта білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды, білім беру стандарттарын және білім беру технологиясының жаңа буынын әзірлеу есебінен білім берудің мазмұнын сапалы жаңалау;
әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті деңгейлерін ескеретін білім берудің өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар қабылданады:
мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысын жүзеге асыру;
мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдарда аз қамтылған отбасылардың балаларын тәрбиелеу және оқыту;
мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейін ұлғайту;
жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған ұстанымдарды айқындау және бастауыш пен кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдайлар жасау;
оқу процесін ұйымдастырудың қашықтықтан және инновациялық оқыту нысандарын енгізу;
отандық, оның ішінде электрондық оқулықтар әзірлеу және енгізу.
2008 жылға қарай оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілу ара қатынасын 20 оқушыға 1 компьютерге дейін жеткізу.
Кәсіптік орта білімді мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау
жүйесін дамыту
Ең жаңа технологиялар талаптарына және еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіби білім беру саласында оқып жатқандарды тиімді кәсіптік қызметке даярлауды қамтамасыз ету үшін 2007 - 2009 жылдары мынадай негізгі міндеттерді шешу:
білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасының өлшемдеріне сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білім беру және кадрлар даярлаудың жүйесін қайта құрылымдау;
халықтың барлық жігінің техникалық және кәсіптік білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
оқитындардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіптік дағды алуы үшін жағдайлар жасау қажет.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін құрылыс, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы дамыту және кеңейту;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ақпараттандыру;
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын оқытудың кредиттік жүйесі негізінде үйлестіру;
кәсіби даярлықтың сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша біліктілік беруді және растауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
дамушы экономиканың мұқтаждарына сәйкес кәсіптік білім беру жүйесіне әкелуге мүмкіндік беретін "мемлекет - оқу орны - жұмыс берушілер" өзара іс-қимылының жаңа үлгісін құру қажет.
Жоғары білім беруді дамыту
2007 - 2009 жылдары мамандарды даярлау сапасын жақсарту үшін және жоғары кәсіби білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында:
құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларды одан әрі жетілдіру;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және икемді ету;
жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және академиялық еркіндікті кеңейту;
білім берудің кредиттік жүйесін енгізу;
студенттердің өндірістік практикадан, тағылымдамадан өтуін, зертханалық және практикалық сабақтар жүргізуді, әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
білім беруге кредит беру жүйесін жетілдіру арқылы жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету;
жоғары оқу орындарының халықаралық аккредиттеу моделіне көшуін жүзеге асыру;
ғылым мен білімнің одан әрі ықпалдасуын жүргізу және білім беруге жаңа білімдер трансфертін жүзеге асыру;
техникалық мамандықтарға арналған жаңа магистрлік және докторлық бағдарламалар енгізу;
ұлттық жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру үшін:
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдық маңызы бар бірқатар перспективалы ғылыми бағыттар мен мамандықтарды дамыту;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет.
"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстанның 3 мың азаматы жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді университет салынады.
2007 - 2009 жылдары денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты мемлекет пен адам арасындағы денсаулық сақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік қағидаттарына негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру жолымен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту болып табылады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады.
Мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2007 жылы медицина қызметкерлерінің сараланған еңбекақы төлеуіне оның сапасын, көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жаңа ұстанымдар енгізілетін болады.
Бәсекелестік пен жеке секторды дамыту мақсатында амбулаториялық және стационарлық деңгейде тариф саясаты өзгеретін болады, сондай-ақ бастапқы медициналық көмектің, клиникалық және салауатты өмір салты орталықтарының жеке торабын, жеке меншік негіздегі медицина көлігін дамыту үшін қажетті жағдай жасалады.
Денсаулық сақтауды қаржылық қамтамасыз етуді одан әрі дамыту бәсекелестікті дамыту және салаға қосымша инвестициялардың ағынын тарту мақсатында ерікті медициналық сақтандыруды ынталандыру және дамыту жөніндегі тиімді шаралары қабылданатын болады.
Әлемдік стандарттарға кезең-кезеңімен қол жеткізе отырып, медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету үшін:
аурулардың алдын алу мен емдеудің осы заманғы технологияларын, оның ішінде шетелдік озық әдістердің трансферті арқылы енгізу;
денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын технологиялық жаңарту;
амбулаторлық-емханалық және стационарлық деңгейлерде аурулар диагностикасы мен емдеу хаттамаларын одан әрі жетілдіру және енгізу жөніндегі шаралар көзделеді.
Қазақстандық медициналық кадрлардың жаңа формациясын қалыптастыру әлемдік тәжірибе мен талаптарға сай келетін медициналық кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесін құру есебінен жүзеге асырылады.
Осы мақсаттарда Медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалаудың 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы жүзеге асырылатын болады.
Жоғары мамандандырылған медицинаның осы заманғы әрі тиімді жүйесін құруға, атап айтқанда Астананың сол жақ жағалауында осы заманғы медицина ғылымының, практикалық денсаулық сақтаудың жетістіктерін біріктіретін жаңа орталықтардың, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың базасында медициналық қызметтердің осы заманғы инновациялық кластерін құруға баса назар аударылады.
§ 4. 2007-2009 жылдары мәдениетті, ақпарат пен спортты дамыту
Мәдениет пен ақпаратты дамыту
2007 - 2009 жылдары мәдениет және ақпарат саласындағы негізгі мақсаттар осы заманғы дамыған мәдениет жүйесін қалыптастыру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, мәдениетті дамыту және оны нарық жағдайында одан әрі жаңарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ қоғамды және мемлекеттік құрылымда демократиялық бастаулар мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
классикалық және халықтық өнердің озық дәстүрлері негізінде мәдениетті дамыту үшін жағдай қалыптастыру;
шығармашылық қайраткерлерді, дарынды музыканттар мен орындаушыларды қолдау үшін жағдай жасау;
мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту үшін жағдай жасаудың тұтастай жүйесін қалыптастыру;
мұрағат ісін құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
азаматтық қоғам институттары мен патриоттық тәрбиелеу жүйесін дәйекті дамыту.
Орта мерзімді перспективада негізгі басымдықтар мыналар болады:
Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын одан әрі іске асыру;
мұрағат ісін жетілдіруге бағытталған Мұрағат ісін және құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу;
әзірленіп жатқан «2006 - 2011 жылдары азаматтық қоғамды дамыту» және «2006 - 2009 жылдары ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту» тұжырымдамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады. Осы мақсаттарда мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін және оны меңгеру деңгейін объективтік түрде бағалау жүйесін енгізу көзделіп отыр.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ теледидар мен радиода мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жалғасады.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту
2007 - 2009 жылдары спорт саласындағы негізгі мақсат халықтың дене тәрбиесінің және қазақстандық спортшылардың халықаралық спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін спортты дамытудың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басымдықтар:
халықтың дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру;
спорттық резервті дайындау және әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу;
спорттың халықаралық стандарттарға сәйкес инфрақұрылымын құру және жаңғырту болып табылады.
Халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді және іске асырылатын болады.
Жоғары деңгейдегі спортшылар үшін Алматы облысында олимпиадалық даярлықтың республикалық базасын, Астана қаласында велотректі және Щучьинск қаласында шаңғы базасын, Алматы қаласында спорттағы дарынды балалар үшін республикалық мектеп-интернатын салу аяқталады.
§ 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлік даму
2007 - 2009 жылдары гендерлік дамудың негізгі мақсаттары әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған негізгі міндеттер:
елдің әлеуметтік-экономикалық саясатына гендерлік ұстанымды енгізу;
Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының Гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру;
«Тұрмыстық зорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау;
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды одан әрі дамытуға, әйелдерді кәсіби жағынан қайта даярлауға, бизнеске әкімшілік етуді және басқаруды үйретуге ықпал ететін бағдарламаларды енгізу жоспарланып отыр.
Әйелдердің зорлықтан қорғалуға құқықтарының тұрақты мониторингі көзделіп отыр.
Дағдарыс орталықтарының, сенім телефондарының, зорлық құрбандарына арналған паналар мен үйлер желісін кеңейту ұйғарылып отыр.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес гендерлік статистика жетілдірілетін болады.
§ 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты
2007 - 2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу;
тұрғын үй салуға жеке инвестицияларды одан әрі тарту;
жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;
тұрғын үйдің жалгерлік секторын дамыту;
тұрғын үй қорын сақтау мен қолданудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру, осы заманғы және тиімді тұрғын үй-коммуналдық саланы құру.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Мемлекеттік бағдарлама:
республикалық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үй салуды;
республикалық бюджеттен бөлінген кредит қаражаты есебінен тұрғын үй салуды;
халықтың тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйелерін одан әрі жетілдіруді;
жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысын салу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және орналастыру жөнінде шаралар қабылдауды;
тұрғын үйдің жалгерлік секторын дамытуды көздейді.
Тиімді құрылыс материалдары өндірісін және жаңа технологияларды енгізуді одан әрі дамыту арқылы тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Тұрғын үй құрылысында осы заманғы тиімді әрі энергия үнемдейтін сәулет-құрылыс шешімдері пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанып отыр.
Қазақстан Республикасында 2006 - 2008 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасы қабылданатын болады, онда:
кондоминиум объектілерінің тетіктерін және басқару нысандарын жетілдіру жөнінде шаралар ұсынылатын;
пәтер иелерінің ортақ мүлікті жөндеу үшін қаражат жинақтау схемасы анықталатын;
кондоминиум объектілерін басқару және ұстау функциялары бөлінетін;
пайдаланудағы тұрғын үй қорының жағдайын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын болады.
Ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру саласындағы мақсат орта мерзімді перспективада халықтың табысын одан әрі арттыру болып табылады.
Кірістерді арттыру 2007 - 2009 жылдары жалақының ең төменгі мөлшерін арттыру саясатын сақтауға ықпал етеді. Оның деңгейі қызметкерге тұтыну бюджетінің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп және экономиканың формалды секторында жұмыспен қамтылуын ынталандыра отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, ең төменгі зейнетақы мөлшерінің өсуін басып озатын болады.
Қарапайым біліксіз еңбекпен айналысатын жұмыскерлер үшін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 %-ға сараланған ұлғайтылатын болады.
Жалақыны оңтайлы сараландыру және қызметкерлер біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсатында Лауазымдар тізілімі мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу коэффициенттері торын жетілдіру алда тұр.
Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі өнімді еңбек пен жұмыс сапасы өлшемдеріне негізделуі тиіс. Шығармашылық пен инновациялық ұстанымдар, әрбір қызметкердің ұйым жұмысының тиімділігіне қосатын үлесі көтермеленетін болады.
Өнімділігі жоғары еңбекке деген ынтаны арттыру ең алдымен, еңбекті нормалауды ұйымдастыруын жетілдіруді талап етеді. Техникалық (ғылыми) негізделген еңбек нормаларын әзірлеу және енгізу, оларды техниканың, технологиялардың, ұйымдарда еңбек өндірісін ұйымдастыруға қол жеткізілген деңгейіне сәйкес ауыстыру және қайта қарау жалақы деңгейінің еңбек сипаты мен оның нәтижелеріне тікелей байланыстылығын белгілеу үшін қажетті жағдайлар жасайды.
§ 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғат
пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық саясат Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 2004 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын одан әрі іске асыруға бағытталады.
2007 - 2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін құру болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғат қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін 2007 - 2009 жылдары экологиялық заңнаманы жүйелендіруге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың осы заманғы талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес оның қолданылуын арттыруға бағытталған экологиялық заңнаманы одан әрі реформалау жалғастырылады.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды молықтыруды сақтау және ұтымды пайдалану, Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін басқару және шаруашылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бірыңғай мемлекеттік мониторингі жүйесін құру жоспарланып отыр.
Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвециялары мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жаhандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан бекіткен табиғат қорғау конвенцияларын іске асырудың неғұрлым сапалы деңгейіне өту жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мыналар орындалады:
2006 жылы:
заңнамалық базаны жетілдіру;
экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзірлеумен мемлекеттік бақылау жүйесін жаңғыртуды жүргізу;
Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мониторингі жүйесі 10 %-ға кеңейтіліп, жаңғыртылады;
табиғат қорғау қызметін ынталандырудың тиімді экономикалық тетіктерін сынақтан өткізу;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ету;
2007 жылы:
нормативтік әдістемелік құжаттаманы әзірлеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негіздемесін әзірлеуді қамтамасыз ету;
үздіксіз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесін жетілдіру.
2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының екінші кезеңін (2008 - 2010 жылдар) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Шөлейттенуді тоқтата тұру және алдын алу процесі Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама ережелерін кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірінші кезеңде (2005 - 2007 жылдар):
шөлейттенуге бейім жерлерді түгендеу және олардың жай-күйін бағалау жүргізіледі;
жерлерді қалпына келтіру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар әзірленіп, іске асырылады;
шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөніндегі жұмыс жүргізіледі.
2007 жылы Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру (екінші кезең) жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.
2008 - 2009 жылдары ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экономикалық тетіктерін әзірлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған іске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың теріс әсер ету процесінің көлемдерін қысқарту және дамуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
2007 - 2009 жылдары халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық орнықты қоғамның негіздері құрылады.
Экологиялық сақтандыру және аудит, экологиялық білім беру, экологиялық таңбалау және табиғатты қорғау қызметі мен оның өлшемдері ұғымы енгізіледі.
Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қол жетімділігі кеңейеді.
2007 - 2009 жылдары шөлейттенген жерлерді оңалтуға, биоәртүрлілікті сақтауға, биоқауіпсіздік жүйесін құруға, орнықты органикалық ластағыштарды түгендеуге және жоюға, парник газдарының тастандыларын азайтуға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.
Балқаш-Алакөл бассейнін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге және осы өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларды шешу мақсатында "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы әзірленеді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама Еуропалық Одақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі директиваларына жауап беретін болады, қоршаған ортаны ластау деңгейі төмендейді және оның сапасын тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалады, бұл қоғамның экологиялық орнықты дамуының негіздерін қалайды.
Табиғат пайдалану
2007 - 2009 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;
ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсіру;
елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;
биологиялық әралуандылықты сақтау;
тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету;
табиғи су көздерін қалпына келтіру және сақтау;
Қазақстан азаматтарын тиісінше сапалы сумен толық қамтамасыз ету және су тарту болады.
Орман және аңшылық шаруашылығы
Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 2005 - 2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру 2007 жылы аяқталады.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп жүргізіледі және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.
2007 - 2009 жылдары ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау күшейтіледі.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Балық шаруашылығы
2007 - 2009 жылдары елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:
бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыру;
балық ресурстары запастарының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, аквакультураны дамыту және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін қажетті технологиялар әзірлеу;
өнеркәсіптік балық шаруашылығының орнықты шикізат базасын балық ресурстарының бар запастарын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолымен өндіру жөніндегі іс-шараларды күшейту есебінен қалыптастыру;
тауарлы балық шаруашылығын дамытуға және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесу;
балық өсіруге арналған көл-тауар, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;
тауарлы балық шаруашылығын және бекіре шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту;
балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;
тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;
балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау болады.
Су шаруашылығы
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде 2007 - 2009 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамсыз ету мәселелері қарастырылады.
Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Сондай-ақ сумен орнықты жабдықтауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру мақсатында суды үнемдеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жоспарланып отыр.
Осы бағдарламада су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеудің қазіргі құралдарымен жарақтандыру көзделеді.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері
Атауы | 2006 ж. бағалау | Болжам | ||
2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. | ||
Ен төменгі жалақы мөлшері, теңге | 9200 | 9752 | 10337 | 10957 |
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге | 3000 | 3000 | 3180 | 3371 |
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге | 6700 | 7236 | 7815 | 8440 |
Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге | 7945 | 8422 | 8927 | 9463 |
Айлық есептік көрсеткіш, теңге | 1030 | 1092 | 1158 | 1227 |
Жұмыс күшінің импортына квота (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстарында ауыл шаруашылығы жұмыстарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда), %-бен* | 0,70 | 0,70 | 0,70 | 0,70 |
* - шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының %-ы ретінде есептеледі
ескертпе:
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;
өнімдер (жұмыстар) өндіруге арналған стандарттар «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бекітіледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) бағалардың және тарифтердің
шекті өсуінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы
№ | Мемлекеттік реттеуіштер | 2006 ж. желтоқ- сан 2005 ж. желтоқ- санға, %, бағалау | 2007 ж. желтоқ- сан 2006 ж. желтоқ- санға, %, болжам | 2008 ж. желтоқ- сан 2007 ж. желтоқ- санға, %, болжам | 2009 ж. желтоқ- сан 2008 ж. желтоқ- санға, %, болжам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Электр энергиясын өңірлік деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 138 | 105,4 | 111,3 | 104 |
2 | Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі электр желілері арқылы беру | 108,4 | 109,3 | 112,5 | 113,3 |
3 | Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру | 119,3 | 108,2 | 110,9 | 111,7 |
4 | Газды және (немесе) газ конденсатын тасымалдау: таратушы құбыржолдары арқылы магистральды құбыржолдары арқылы |
103,4 100 |
112,5 100 |
106,9 100 |
101,2 100 |
5 | Мұнайды магистральды құбыржолдары арқылы тасымалдау | 100 | 100 | 100 | 100 |
6 | Жылу энергиясын өндіру, беру және (немесе) тарату | 115 | 112 | 108 | 108 |
7 | Су шаруашылығы жүйесінің қызметтері: магистральды құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы су беру таратушы құбыржолдары арқылы су беру |
125,3 119,8 |
102,7 115 |
101,2 110 |
104 108 |
8 | Ағынды суларды ағызу | 120,7 | 115 | 110 | 108 |
9 | Порттардың қызметтері: тиеу-түсіру жұмыстары кеменің кіруі |
100 100 |
100 100 |
100 100 |
100 100 |
10 | Әуежайлардың қызметтері: әуе кемесінің ұшуын және қонуын (қабылдау және шығару) қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
114 120 |
102 103 |
102 102 |
101 103 |
11 | Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері: жай хат жіберу жай карточка жіберу жай бандероль жіберу |
102 102 102 |
102 102 102 |
102 102 102 |
102 102 102 |
|
|
|
|
|
|
Үкіметінің
2006 жылғы 7 маусымдағы
№ 521 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары
(бірінші кезең)
Көрсеткіштер | 2005 ж. есеп | 2006 ж. бағалау | болжам | 2009 ж. 2006 ж-ға %-бен | ||
2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. | ||||
Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер | ||||||
Халықтың жалпы саны, мың адам | 15146,2 | 15314,2 | 15446,5 | 15588,6 | 15760 | 102,9 |
Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам | 7244,2 | 7468,7 | 7593,1 | 7729,3
| 7801,7
| 104,5 |
Зейнеткерлердің саны (орташа жылдық), мың адам | 1637 | 1643,6 | 1641,8 | 1640,6
| 1644,4
| 100 |
Зейнетақының орташа айлық мөлшері, теңге | 9142 | 10063 | 11077 | 11963
| 12509
| 124,3 |
Нақты жалақы, өткен жылға %-бен | 112 | 108 | 112,1 | 107,9
| 108
| 130,6 |
Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер | ||||||
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге | 7457,1 | 8725,4 | 9988 | 11458,7 | 13096
|
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 109,5 | 108,3 | 108,3 | 108,9 | 109,1
| 128,7 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл. | 3703 | 4486 | 5092 | 5799 | 6543 | 145,9 |
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ атып алу паритеті бойынша, АҚШ долл. | 10619 | 11358 | 12571 | 14018 | 15468
| 136,2 |
ЖІӨ-нің салалық құрылымы, % | 100
| 100 | 100 | 100 | 100 |
|
Тауарлар өндіру | 44,1 | 43,4 | 43,2 | 42,9 | 42,6 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
өнеркәсіп | 30,2 | 29,5 | 29,3 | 29 | 28,8 |
|
2007 - 2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштері- нің болжамы | 6,5 | 6,3 | 6,1 | 6 | 5,8 |
|
құрылыс | 7,4 | 7,6 | 7,8
| 7,9
| 8 |
|
Қызметтер өндіру | 52,2 | 52,6 | 52,8 | 53,1 | 53,4 |
|
Таза салықтар | 5,9 | 6 | 6 | 6 | 6 |
|
Қаржылық делдалдық қызметтері | -2,2 | -2 | -2 | -2 | -2 |
|
Кірістер құру әдісімен ЖІӨ, % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
|
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу | 34,2 | 34,3 | 34,5 | 34,7 | 34,3 |
|
Өндіріс пен импортқа салынатын таза салықтар | 8,9 | 8,8 | 8,9 | 8,1
| 8 |
|
өнімдер мен импортқа салынатын салықтар | 6,8 | 6,8 | 6,7 | 6,5 | 6,5 |
|
өндіріске салынатын басқа да салықтар | 2,1 | 2 | 2,2 | 1,6 | 1,5 |
|
Жалпы пайда және жалпы аралас кіріс | 56,9 | 56,9 | 56,6 | 57,2 | 57,7 |
|
Түпкі пайдалану әдісімен ЖІӨ, % | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
|
Түпкі тұтыну шығыстары | 63,1 | 69,8 | 70,4 | 70,3 | 71,7 |
|
үй шаруашылықтары | 50,3 | 55,4 | 55,9
| 56
| 58 |
|
мемлекеттік басқару органдары | 11,5 | 12,7 | 12,7 | 12,8 | 12,3 |
|
үй шаруашылықтары- на қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар | 1,3 | 1,7 | 1,8 | 1,5 | 1,4 |
|
Жалпы жинақтар | 27,7 | 24,9 | 24,9 | 25,8 | 25,9 |
|
негізгі капиталды жинақтау | 25,1 | 22,9 | 23
| 23,5 | 23,7 |
|
материалдық айналым құралдары запастарының өзгеруі | 2,6 | 2
| 1,9
| 2,3
| 2,2 |
|
Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты | 9,2 | 5,3 | 4,7 | 3,9 | 2,4 |
|
Ақша базасы, млрд. теңге | 663 | 939 | 1184 | 1416 | 1655 | 176,3 |
өткен жылға %-бен | 114,7 | 141,6 | 126,1
| 119,6 | 116,9 |
|
Ақша массасы, млрд. теңге | 2065 | 2789 | 3561 | 4413
| 5353
| 191,9 |
өткен жылға %-бен | 125,2 | 135,1 | 127,7 | 123,9 | 121,3 |
|
Экономиканы монеталандыру деңгейі, % | 27,7 | 32
| 35,7 | 38,5
| 40,9 |
|
Ұлттық Банктің жыл соңындағы қайта қаржыландырудың ресми ставкасы | 8 | 8 | 7,5
| 7,5 | 7,5 |
|
Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері, млрд. АҚШ долл. | 7,1 | 9,7 | 11,2 | 12,5 | 13,6 | 139,7 |
өткен жылға %-бен | 76,2
| 137,7 | 115,4 | 111,7 | 108,4 |
|
Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері, млрд. теңге | 1654 | 2228 | 2830 | 3525 | 4353
| 195,4 |
Экономикадағы банктердің кредиттері, млрд. теңге | 2592 | 3676
| 4782 | 6028 | 7488 | 203,7 |
Тұтыну бағаларының индексі, %-бен |
|
|
|
|
|
|
бір жылға орташа | 7,6 | 5,7-7,6* | 5-7 | 5-7
| 5-7 |
|
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге %-бен | 0,6
| -1,4 | -1,3
| -1,0 | -0,5 |
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге | 2205,2
| 2602,1 | 2992,5 | 3411,4
| 3889 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 122,2 | 118 | 115 | 114 | 114 | 149,5 |
Тауарлар экспорты (ФОБ), млрд. АҚШ долл. | 28,2 | 29,4 | 29,9 | 31,2
| 33,3 |
|
өткен жылға %-бен | 137,5
| 104,3
| 101,5
| 104,7
| 106,6 |
|
Тауарлар импорты (ФОБ), млрд. АҚШ долл. | 17,9 | 21
| 23,4
| 26 | 28,8 |
|
өткен жылға %-бен | 129,9
| 117
| 111,7
| 110,8 | 110,8 |
|
Сауда балансы, млрд. АҚШ долл. | 10,3 | 8,4 | 6,4 | 5,3
| 4,6 |
|
Өнеркәсіп өнімінің (жұмыстарының, қызметтерінің) көлемі, млрд. теңге | 5124,1 | 5806,3 | 6512
| 7382,3
| 8073,2 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 104,6
| 104 | 104,2 | 106,7
| 107,5 | 119,5 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд. теңге | 763,2 | 806,3
| 866,5
| 936,2
| 997,1 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 107,3 | 102 | 102,2
| 103
| 103 | 108,4 |
Құрылыс, млрд.теңге | 743,6 | 940,7 | 1168,9 | 1426,6 | 1726,2 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 134,1
| 115
| 112 | 110
| 110 | 135,5 |
Көлік қызметтері, млрд.теңге | 1377,3
| 1564,4 | 1786,3
| 2060,6 | 2378,6 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 107 | 106,5
| 107
| 108 | 108
| 124,8 |
Байланыс, млрд. теңге | 216,7
| 277,6
| 352,2
| 439,6 | 548,6 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 127,7
| 122
| 122 | 120
| 120 | 175,7 |
Сауда, млрд.теңге | 1669,6 | 1956,2
| 2274,7
| 2652,3 | 3092,6 |
|
өткен жылға %-бен нақты өзгеруі | 109,3
| 109,5
| 109,7
| 110
| 110
| 132,7 |
Еңбек өнімділігінің өзгеруі, өткен жылға %-бен | 8,3 | 7,1
| 10,5
| 8
| 8,1 |
|
* - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалауы