«Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 Қаулысы
(2006.24.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы қолданылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешендi шараларды және тетiктердi көздеу ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 927 қаулысымен
бекітілген
БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫН КЕШЕНДI ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ
2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
§ 2. Халық денсаулығының жай-күйі
§ 3. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы радиациялық ахуал
§ 4. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерiнiң жай-күйі
§ 5. Өңiр халқын әлеуметтiк қорғау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетігі
§ 1. Халықты медициналық оңалту және өңірде ауруға
§ 3. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту және халықты
§ 4. Ғылыми-техникалық әлеуеттi әртараптандыру
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетін нәтижелер
8. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын
кешендi шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
Атауы
Әзiрлеу үшiн негiздеме
Негiзгі әзірлеуші
Мақсаты
Мiндеттерi
Қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетін нәтижелер радиациялық ахуалды жақсартуға жәрдем | Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама
"Қазақстан Республикасыныңәлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкімінiң 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 маусымдағы № 20-58/Ұжым-792,1 тапсырмасы; Семей өңiрiнiң проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2002 жылғы 14 мамырдағы хаттамалық шешiмi; Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2003 жылғы 13 наурыздағы № 24-2/005-528-1 хаттамалық шешiмi; Бұрын КСРО әскери ведомстволарының мүддесiне пайдаланылған бұрынғы әскери сынақ полигондарының жерлерін оңалту және пайдалану бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2004 жылғы 20 ақпандағы хаттамалық шешiмi; Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2005 жылғы 18 мамырдағы № 11-9/005-920 хаттамалық шешiмi.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Өңiр халқының тұрмыс-тiршiлiгінің сапалық деңгейiне әсер ететiн экологиялық, экономикалық және медициналық-әлеуметтiк факторларды жақсарту
Халықты медициналық оңалту және өңiрдегі ауруға шалдығу деңгейiн азайту; радиоактивтік зақымдануға ұшыраған аумақтарды радиологиялық бағалау және халықтың қауiпсіздiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау; әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының ғылыми-техникалық әлеуетiн әртараптандыру
Бағдарламаны iске асыру 4945,2 млн. теңге, оның iшiнде 2005 жылы 1634,3 млн. теңге, 2006 жылы 2517,97 млн. теңге, 2007 жылы 792,9 млн. теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыруды талап етедi
Бағдарламаны iске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау өңiрдегі ауруға шалдығу деңгейiн азайтуға, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жекелеген учаскелеріндегі |
Iске асыру | 2005-2007 жылдармерзiмi |
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама мүдделі мемлекеттік органдардың, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары әкiмдiктерiнің және "Бұрынғы Семей ядролық полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары негiзiнде әзiрлендi.
Республиканың экологиялық қауiпсіздiгi проблемасы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының (бұдан әрі - ССП) аумағындағы радиациялық ахуалмен тiкелей байланысты.
Қазiргi уақытта радиоактивтiк зақымдануға ұшыраған аумақтардың шекаралары аяғына дейiн анықталмаған және бекiтілмеген.
ССП маңындағы аумақтарда халықтың ауруға шалдығуының жоғары екендiгi байқалады.
Ядролық сынақ жүргiзу инфрақұрылымын жою жөнiндегі жұмыстардың, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберiнде зерттеулердің орындалуы барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 235 қаулысымен бекiтілген "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" атты республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру кезiнде алынған нәтижелер өңiрдiң радиоэкологиясының проблемаларымен қатар тұтастай бірқатар жаңа проблемаларды анықтады. Бұл проблемалар, ең алдымен ядролық әрi радиациялық қауіпті объектілердiң қауiпсіздiк және таратпау режимi мәселелерiмен байланысты.
ССП аумағында шаруашылық қызмет реттелмеген. Жеке және заңды тұлғалардың санкцияланбаған қызметі және осыған байланысты радиоактивтіліктiң қайталама көшу мүмкіндігі пайда болуы байқалуда.
ССП проблемаларын шешу қажеттігiн халықаралық қоғамдастық мойындады. БҰҰ Бас Ассамблеясы жағдайдың маңыздылығын мойындап, өңiрге көмек көрсету мәселесi бойынша үш резолюция қабылдады:
1997 жылғы 19 желтоқсандағы N A/RES/52/169/M "Қазақстанның Семей өңiрiнiң халқы мен экологиясын оңалту және оны экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметтi үйлестіру";
1998 жылғы 19 қарашадағы N A/RES/53/1H "Қазақстандағы Семей өңiрi халқының денсаулығы мен табиғи ортасын оңалту және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестiру";
2000 жылғы 27 қарашадағы N A/RES/55/44 "Қазақстанның Семей өңiрiнiң халқы мен экологиясын оңалту және оны экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және жұмысты үйлестіру".
Халықаралық көмектiң жекелеген мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде қабылданып жатқан шараларына қарамастан, өңiрдiң проблемаларын шешу жөніндегі тұтас ұстаным жоқ.
Экология су ресурстарының жай-күйін, халық денсаулығын зерделеу жөніндегі жүйелi жұмыс жоқ.
Бұрын жүргізілген зерттеулер мәнi бойынша фрагменттік сипатта болады. Осының барлығы бар проблемаларды кешендi шешудi көздейтiн бірыңғай бағдарламалық құжат әзiрлеуге қажеттілік туғызды, бұл өңiрдiң жүйелiк мониторингін жүргізуге және алынған нәтижелер негiзiнде барабар басқару шешiмдер қабылдауға мүмкіндiк бередi.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның үш: Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының қиылысында орналасқан және жалпы 18 мың шаршы км. алаңды қамтиды. ССП жұмыс iстеген уақытта (1949-1989 жылдар) оның аумағында 466 ядролық сынақ, оның ішiнде: 30 жер үсті, 88 әуе және 348 жер асты ядролық жарылыстары жүргiзiлдi, бұл ретте 13 жарылыс радиоактивтi газдың атмосфераға шығарылуына алып келдi. Сарапшылардың түрлі бағалаулары бойынша шамамен 1,2 миллион тұрғын радиациялық сәулеленудің әсерiне ұшырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтар белгiлендi. Оларға бұрынғы Семей облысының аумақтары, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан, Зырян, Тарбағатай аудандары, Өскемен, Риддер қалалары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Таврия, Самар, Серебрянск аудандарының шекарасы шегіндегі елдi мекендер, Павлодар облысының Баянауыл, Май, Лебяжi аудандары, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, осы облыстың бұрынғы Егіндiбұлақ ауданының елдi мекендерін қоса алғанда (бұдан әрі - Семей өңiрi) жатқызылды.
Көрсетiлген аумақтарды жіктеген кезде бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Сарыжал ауылдық кеңесiнiң, Бесқарағай ауданындағы Долон және Бөденелi ауылдық кеңестерінің, бұрынғы Жаңасемей ауданындағы Сарыапан және Иса елдi мекендерінің шекарасы шегіндегі елдi мекендер төтенше радиациялық қауiптi аймаққа жатқызылды.
Ең жоғары радиациялық қауiптi аймаққа бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай аудандарының елдi мекендері, сондай-ақ бұрынғы Абыралы және Жаңасемей аудандарының, Павлодар облысының Май ауданындағы Ақжар және Малдар ауылдық кеңестерiнiң шекаралары шегіндегі елдi мекендер жатқызылды.
Полигонды жапқаннан кейiн басталған ядролық сынақтардың салдарларын жою жөнiндегі жұмыс ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын жоюды, әскери-өнеркәсіп кешенiнiң объектілерiн конверсиялауды, табиғи ортаның радиоактивтi ластануының ауқымы мен дәрежесiн объективтi бағалауды, сондай-ақ ядролық сынақ салдарларының халық денсаулығына әсер етуiн болдырмайтын шараларды әзiрлеудi және iске асыруды қамтиды.
§ 2. Халық денсаулығының жай-күйі
ССП-ға жататын аумақтарда тұратын халықтың мақсатты бағытталған медициналық сауықтыру бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында 1949-1990 жылдары сынаулар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасы Қазақстан республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 наурыздағы № 336 қаулысымен бекітілгеннен кейiн басталды.
Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты жүргiзетiн ғылыми зерттеулер радиациялық ахуал мен сәулелену дозаларының өлшемдерi туралы деректер алуға, сынақ салдарынан халықтың денсаулығын бағалауға мүмкiндiк бердi.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен радиациялық медицина және экология ҒЗИ 2003 жылы 45 млн. теңге сомасында Семей өңiрiнiң 1300 тұрғынына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетті. Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң республикалық госпиталі 127 млн. теңге сомасына ядролық сынақтар салдарынан 3000-ға жуық зардап шеккендерге жоғары біліктi медициналық көмек көрсетті.
Семей өңiрiнің халқына медициналық қызмет көрсетудi жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуге халықаралық ұйымдар да көмек көрсетуде.
Жапония Үкiметі медициналық жабдықтар жеткізудi және бірқатар онкологиялық ауруларды алдын ала диагностикалаудың жаңа технологияларын енгізудi қорытындылайтын жобаны iске асырды. Осы жобаны техникалық қолдау арқасында 2002-2003 жылдар iшiнде Шығыс Қазақстан облысының Абай және Бесқарағай аудандарында тұратын тұрғындарға тексеру жүргізiлдi.
2001 жылдан бастап Қазақстан халқы үшін радиациялық және химиялық ластанудың генетикалық салдарларын бағалау жөніндегі ТАСИС жобасы iске асырылуда.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында сынақтар салдарынан зардап шеккен халықты медициналық оңалту бағдарламасымен" көзделген iс-шаралар олардың тиiмдiлігіне әсер ететiн шектелген сипатқа бар.
2002-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы халықтың ауруға шалдығуы осы уақыт кезеңіндегі республикалық көрсеткiштерден 1,25 есе артты. Осылайша 2002 және 2003 жылдары ауруға шалдығу өңiр бойынша 100 мың халыққа шаққанда көрсетілген жылдары тиiсiнше 57517,8 және 56413,9 республикалық көрсеткiштерге қарағанда тиiсiнше 71825,7 және 69638,0 құрады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында балалардың ауруға шалдығуы 2002-2003 жылдары республикалық көрсеткiштерден 1,21-1,25 есеге артты және 100 мың балаға шаққанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 107584,5 және 120479,2, Қарағанды облысы бойынша - 90235,1 және 103846,5, Павлодар облысы бойынша - 86602,2 және 103440,2, көрсетiлген жылдарда республикалық көрсеткіштерге қарағанда тиiсiнше 78315,2 және 87619,3 құрады.
Өңiр халқының Республика бойынша онкологиялық ауруға шалдығуы ең жоғары және 2002-2003 жылдары 100 мың тұрғынға шаққанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 1143,6 және 1121,0, Қарағанды облысы бойынша - 688,7 және 635,2, Павлодар облысы бойынша - 476,8 және 506,2 құрады, көрсетілген жылдардағы республикалық көрсеткiштерге қарағанда тиiсiнше 523,0 және 519,2 құрады.
Осы облыстарда жалпы өлiм жоғары болып қалуда және 100 мың тұрғынға шаққанда 2002-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1229,8 және 1276,4 (оның ішінде онкологиялық ауруға шалдығу - тиiсiнше 185,7 және 190,0), Қарағанды облысы бойынша - 1237,1 және 1299,3 (158,9 және 152,8), Павлодар облысы бойынша - 1095,4 және 1152,7 (154,4 және 162,5) құрады.
Бұл ретте, республика бойынша 2002-2003 жылдары өлiм көрсеткішi 100 мың тұрғынға шаққанда тиiсiнше 1005,3 және 1041,5, оның iшiнде онкологиялық аурулардан - 128,7 және 126,6 құрады.
Осыған байланысты ССП-ға жатқызылған аумақтарда тұратын халық денсаулығының жай-күйіне кешендi талдауды дайындаудың және оны сауықтыру бойынша қосымша шараларды iске асырудың қажеттілігі пайда болады.
§ 3. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының
аумағындағы радиациялық ахуал
1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Континентаралық баллистикалық зымырандарды шахталық iске қосу қондырғыларын жоюға, авариялық жағдайлардың зардаптарын жоюға және ядролық қарудың таралуын болдырмауға қатысты келісімдi орындау үшін ядролық сынақтарды өткізу инфрақұрылымын жою жөніндегi жұмыстар орындалды.
Жер асты сынақтарын өткізуге арналған объектілер - Дегелең тау алқабының 181 штольнясы, 13 пайдаланылмаған ұңғыма және Балапан алаңындағы 12 шахталық iске қосу қондырғысы ядролық қаруды сынау үшін оларды қолдануға мүмкіндік бермейтiн жағдайға келтiрілген (порталдарды жабу, объектілердi жою).
Ресей Федерациясы ?кіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы 1997 жылғы 28 наурыздағы келісімге сәйкес ССП-ның "сезiмтал" ақпарат тасығыштары объектілерiн және кейбір сынақ алаңдарында орналасқан қару-жарақ қызметiнiң қалдықтарын консервациялау жөнiндегі жұмыстардың бір бөлiгi орындалды.
2004 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының шекарасын нақтылау және келiсу жөніндегі жұмыстар басталды.
Сонымен қатар 1990 жылдардың басынан берi МАГАТЭ-ны қоса алғанда, бірқатар халықаралық ұйымдар, полигонға және оның маңындағы аумақтарға бағалау жүргiздi, бірақ осы күнге дейiн олардың жан-жақты радиологиялық бағалауы өткiзілген жоқ.
Полигонның шекаралары соңына дейiн анықталмаған және бекiтілмеген.
ССП-ның барлық аумағының алаңымен салыстырғанда зерттелген алаң өте аз.
Қазiргі уақытта алаңдық зерттеуде - 25 %, жергілікті (локальдi) зерттеуде 90 % дұрыстығымен полигон аумағының 40 % жуығы зерттелген.
Шектелген қаржыландыруға байланысты алаңдық зерттеулер шағын ауқымды кесте бойынша жүргiзiледi. Жоғары радиациялық учаскелер аясы табылғанда iрi ауқымды кесте бойынша жергiлiктi зерттеу жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары ССП аумағында жүргізiлген радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелерi ядролық материалдармен ластануды қоса алғанда едәуiр радиоактивтi ластану учаскелерiн анықтады. Бірiншi кезекте бұл ластанулар сынақ алаңдарымен және ядролық жарылыс бұлттарының iздерiмен байланысты.
ССП-ның маңызды проблемасы кейiннен өз кезегiнде су көздерін ластауға әкеліп соғуы мүмкiн топырақтың радионуклидтермен ластануы болып табылады.
Бұрын радиациялық жағынан (ССП солтүстiк және батыс бөлiктерi) қолайлы болып саналған аумақтарда әскери радиоактивтi заттарды сынақтан өткізу орны ретінде сәйкестендiрілген учаскелер табылды. Зымыран отынының құрамдастарымен ластанған орындар бар. Көлемi аз жергiлiктi сипатта және мамандардың пiкiрi бойынша санкцияланбаған қызметтiң нәтижелерiне байланысты елеулi радиоактивтi ластанған учаскелер анықталуда. Әдетте бұл қара және түсті металдар сынықтарын iздеу.
Бұдан басқа ССП аумағында Қазақстанда бар төрт ядролық зерттеу реакторларының үшеуі осы аумақта орналасқан. Олар Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының екі эксперименттік кешенiнде (алаңдарында) орналасқан, оның біреуiнде республикалық маңызы бар иондаушы сәулеленудің пайдаланылған ампулды көздерiн ұзақ мерзiмдi сақтау пунктi де орналасқан.
Қазiргi уақытта "Байкал" кешенiнде орналасқан қойма Қазақстан Республикасының барлық аумағынан иондаушы сәулеленудiң 20 мыңнан астам ампулдық көздерін қамтиды. Осы жерде тоқтатылған БН-350 реакторынан шығарылатын пайдаланылған ядролық отынды да орналастыру жоспарлануда.
Мұның бәрi бұрын ядролық қару сынауды жүргізу инфрақұрылымына кiрген және оларды жою жұмыстарын жүргізу барысында жойылған (консервацияланған) объектілердiң де полигонның тұтастай аумағында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесiн өзекті ете түседi.
Бұрынғы полигонның қауiпсіздiгi проблемасы бұрынғы полигон аумағында санкцияланбаған қызмет жүргізумен тікелей байланысты және осының салдарынан радиоактивтіліктің қайталама көшу мүмкіндігі пайда болады.
Мұндай қызметтi анықтау және оның жолын кесу мақсатында "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында патруль жасайтын ұтқыр топтардан тұратын Шаруашылық қызметiнiң мониторингі қызметi құрылады.
Алайда, жеке тұлғалар тарапынан қара және түсті металдар сынығын айырып алу мақсатында бұрын жабылған штольняларға кіру әрекеттерiн толық болдырмау әлі қамтамасыз етілмей келедi. 2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша жабылған 181 штольняның 109-на кіру әрекеттерi болған. Бұл ретте, ядролық қару-жарақ қызметiнiң қалдықтарын айырып алу мақсатында штольняға кіру мүмкiндiктерi жоқ деуге болмайды.
ССП аумағында шаруашылық қызмет жүргізу Қазақстан Республикасының Жер Кодексiмен, "Атом энергиясын пайдалану туралы", "Халықтың радиациялық қауіпсіздiгi туралы", "Лицензиялау туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен "Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметте лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 ақпандағы № 100 қаулысымен регламенттеледi.
ССП-да жұмыстар жүргiзген кезде радиациялық қауiпсіздiктi қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау функциялары ССП-дағы шаруашылық қызметтiң кез келген түрiмен атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет ретiнде лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы комитетiне жүктелген.
Алайда, қазiргi уақытта ССП аумағында өз қызметін атқаратын 17 заңды тұлғадан, тек 3 кәсiпорында Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетiнiң лицензиясы бар. Мұның негiзгi себебi бұрынғы полигон шекарасының абсолюттi ашықтығы болып табылады.
Мұның барлығы ядролық және радиациялық қауiптi объектiлердiң қауiпсіздігiн қамтамасыз етудің тұрақты мониторингін ұйымдастыру қажеттілігін туындатады.
Ядролық сынақтар, жоғарыда аталған проблемалардан басқа радиофобия проблемасын да тудырды. Осыған байланысты жұртшылықты ССП-да болып жатқан құбылыстардың мәнi туралы кеңiнен ақпараттандыруды ұйымдастыру қажеттілігi туындайды. Бұдан басқа, ССП аумағында шаруашылық қызметтi жүргізуді регламенттейтiн проблемаларды және нормативтік құқықтық базаны бiлу заңды және жеке тұлғалардың радиациялық және экологиялық қауiпсіздiк талаптарын сақтауына жәрдем етедi.
§ 4. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерiнiң жай-күйі
Соңғы жылдары ССП маңындағы аумақтардың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамыту жөнiнде бірқатар шаралар қабылданды.
2000-2003 жылдар аралығында ССП өңiрiнде республикалық және жергілікті бюджеттер есебiнен жалпы құны 991,7 млн. теңгеге 9 мектеп, 2 мектеп жанындағы интернат, спорт кешенi және 5 ауыз сумен жабдықтау объектiсi тұрғызылды.
Ауылдық жерде ауруларды скринингтеу бойынша іс-шаралар өткізу үшін Семей қаласындағы радиациялық медицина және экология ҒЗИ жанынан консультативтiк-диагностикалық емхана ашылды.
Қатерлі, әсiресе сүт безi рагіне ауруларына шалдыққан науқастардың көбеюiне байланысты Семей қаласында онкологиялық диспансер жанынан 2003 жылы маммологиялық орталығы салынды.
2004 жылы осы аумақта республикалық қаражат есебiнен екi мектептiң, үш денсаулық сақтау объектісінiң құрылысы, оның iшiнде Семей қаласында радиологиялық орталықтың құрылысы басталды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 649,2 млн. теңге көзделген.
Облыстағы ірі емдеу орталығы болып табылатын Шығыс-Қазақстан облыстық халықты оңалту орталығы - Семей мемлекеттік медициналық академиясының клиникалық оқу орталығы жұмыс iстейдi. Оның Қазақстандағы басқа орталықтармен, сондай-ақ АҚШ және Жапониямен диагностика мәселесi бойынша әріптестік қатынастары бар. Орталық көмекші бөлiмшелермен және тәжiрибелi кадрлармен жергілікті көлемде қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге, өңiрде сәулемен емдеу әдістерін, онкологиялық науқастарды сәулемен емдеудiң бірлескен әдiстерiн, диагностикалаудың, дозиметриялаудың радиоизотоптық әдiстерiн бірлесіп жүргiзу үшін қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған мамандандырылған медициналық ұйымдар жеткіліксіз екендiгi аталып өтіледi.
Қолданыстағы денсаулық сақтау объектілерi негiзiнен қазiргi санитарлық талаптарға сай емес лайықталған үй-жайларда орналасқан және қажеттi жабдықтармен жеткiлiктi жарақтандырылмаған.
ССП маңындағы аумақтарда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты проблема тұр.
Шығыс-Қазақстан облысында халық орташа 70,2% құбыр суымен, 27,8% - орталықсыздандырылған көздердiң суымен, 0,5% - тасымалдау суымен, 1,5% - ашық су тоғандарының суымен қамтамасыз етілуде, ал ауылдық жерлерде 2004 жылдың бірiншi жарты жылындағы мәлiметтер бойынша халықтың тек 19,4 % ғана құбыр суын пайдаланады.
Жүргiзілген тексерулер ағымдағы жылы Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 56 су құбырларының құрылысы зарарсыздандырғыш қондырғылардың, санитарлық қорғау құрылғылары алаңдарының болмауынан және жоспарлы алдын алу жұмыстарының уақтылы жүргізілмеуінен санитарлық талаптарға жауап бермейтiнiн көрсетті, осыған байланысты радионуклидтердің ауыз суға түсу қатері пайда болады.
Осыған байланысты қазiргі уақытта өңiрдi ауыз сумен жабдықтауды жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдануда. Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, "Ауыз су" бағдарламасын iске асыру шеңберiнде 2004 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен 16 елдi мекендi 1133,36 млн. теңге сомада сумен жабдықтау жөніндегі жобалар iске асырылуда.
§ 5. Өңiр халқын әлеуметтiк қорғау
Семей ядролық сынақ полигоны маңындағы аумақтарда тұратын халықты әлеуметтiк қолдау "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл Заңда ядролық сынақтардың әсер етуiнен зардап шеккен азаматтардың мәртебесi мен аумақтардың жiктелуi белгiленген, өтемақылар, жеңілдіктер мен басқа іс-шаралардың тiзбесi айқындалған, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі - Өтемақы) төлеу көзделген.
Жыл сайын республикалық бюджетте зейнеткер жасына толған және Заңға сәйкес оны алуға бірінші кезектi құқығы бар адамдарға өтемақыны төлеу үшін қаражат көзделеді. 2004 жылы бұл мақсаттарға 197,1 млн. теңге көзделген.
Төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда тұратын және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақыларына үстемеақы төленеді.
Зейнетақыға қосылатын экологиялық үстемеақылар бойынша 1995-1997 жылдары пайда болған кредиторлық берешектiң едәуір бөлiгi өтелген. Азаматтардың зейнетақысына қосылатын экологиялық үстемеақы бойынша берешектi төлеу үшін 2004 жылы республикалық бюджетте 652,0 млн.теңге көзделді.
Бір жолғы ақшалай өтемақыны алуға құқығы бар азаматтардың қалған санаттарын тіркеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте өтемақыға құқығы бар азаматтарды тiркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестiрудi әкiмдiктер жанынан құрылатын арнайы комиссиялар жүзеге асырады.
Сонымен қатар, жұмыс iстейтiн азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақыны төлеу туралы нақты өзектi база жоқ, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасына сәйкес өтемақы алушылардың дерекқорын түгендеу жұмысы жалғасып жатыр.
Заңға сәйкес жұмыс iстейтiн халық, олар тұратын аумақтарды жіктеуге сәйкес қосымша еңбекақы мен қосымша еңбек демалысына құқығы бар.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының нормасына сәйкес қызметкердің жалақысы орындайтын жұмыстың санына, сапасы мен күрделігіне байланысты айқындалады, ал қосымша еңбекақы көзделмейдi.
Осыған байланысты, осы заңнамалық кесiмдерде бұл қарама-қайшылықты жою қажеттілігі туындайды.
Семей полигонының маңындағы аумақтарға барлық елдi мекендерде табысы aз азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және халықты жұмыспен қамту мәселелерiн шешу жөнiндегі iс-шаралар жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректерi бойынша 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыссыздық деңгейi республика бойынша 8,8%-ға қарағанда 7,3%, 2004 жылғы екiнші тоқсанда - тиісінше 7,0% және 8,3% құрады.
Сонымен қатар, Заңда көзделген әлеуметтік төлемдер мен жеңiлдiктер халықты оңалту және радиациялық ахуалды жақсарту сияқты өңiрдiң басты проблемаларын шешудi қамтамасыз етпейтiнін атап өту қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты өңiр халқының өмiр сүруiнің сапалы деңгейiне әсер ететiн экологиялық, экономикалық және медициналық-әлеуметтік факторларды жақсарту болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделiп отыр:
халықты медициналық оңалту және өңiрде аурушаңдықтың деңгейiн төмендету;
радиоактивтi улануға ұшыраған аумақтарды радиологиялық бағалау және халықтың қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
ССП ғылыми-техникалық әлеуетін әртараптандыру.
Аталған мiндеттердi шешу әртүрлi бағыттағы шаралардың кең ауқымын әзiрлеудi және iске асыруды көздейдi.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетігі
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу және мiндеттердi шешу төрт негiзгі бағытта жүзеге асырылады: халықты медициналық оңалту және өңiрде аурушаңдықтың деңгейiн төмендету; радиоактивтi улануға ұшыраған аумақтарды радиологиялық бағалау және халықтың қауiпсіздігін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау; әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту; ғылыми-техникалық әлеуетті әртараптандыру.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөніндегі бағдарламаның орындалуы, оны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады.
Іс-шаралардың кешенділігi Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарларын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының барлық бағыттары бойынша мақсатты бағытталған және келісілген iс-әрекеттердi қамтамасыз етуге арналған атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнiң қызметiн үйлестiруге және мүмкiншілігін жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау арқылы Бағдарламаны iске асырудың тұрақты мониторингi мен тиiмділігін бағалау жүзеге асырылатын болады.
§ 1. Халықты медициналық оңалту және өңірде ауруға
шалдығу деңгейiн азайту
ССП-тің халқын сауықтыру үшін:
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарда тұратын халықтың денсаулығының жай-күйi туралы, оның iшiнде 1992 жылмен салыстырғанда, кешендi қорытынды дайындау;
ядролық сынақтар мен иондаушы сәулелендiрудiң көлемдi техногендiк көздерінің әсеріне ұшыраған халықты мақсатты алдын алу, диагностикалау және диспансерлеу жүйесiн құру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
ядролық сынақтар мен иондаушы сәулелендiрудің көлемдi техногендiк көздерінің әсерiне ұшыраған Қазақстан Республикасы халқының мемлекеттік медициналық автоматтандырылған тiркелiмiн жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
ядролық қаруды сынақтан өткізу әсерiне ұшыраған халықтың қаны мен тiнiнiң ұлттық банкін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Семей өңiрiнiң проблемалары жөніндегі 1999 жылғы Токио халықаралық конференциясының қорытындылары бойынша қабылданған Халықаралық бағдарламаны және БҰҰ-ның "Қазақстандағы Семей өңiрiнiң халқын, экологиясын сауықтыру және оны экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және қызметтi үйлестiру" атты бағдарламасын iске асыру шеңберiнде халықаралық көмекті жандандыру жөніндегі жұмысты күшейту;
ядролық қондырғыларда жұмыс iстейтiн халыққа көрсетiлетiн медициналық қызметтiң ерекшелігін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықпен жарақтандыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу көзделедi;
Өңiрде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудi жетiлдiру, денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде қосымша шаралар қабылданады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде 2006 жылы Семей қаласында облыстық онкологиялық диспансердiң радиологиялық орталығын салуды аяқтау көзделген. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында онкологиялық диспансердiң жанынан Сәуле терапиясы орталығының құрылысын бастау көзделiп отыр. Көрсетілген объектілердiң құрылысына 2005-2007 жылдар iшiнде республикалық бюджеттен 1625,6 млн.теңге бюджет қаражатын бөлу көзделіп отыр.
Семей өңiрiнiң халқын медициналық оңалту жөнiндегі қазiргі заманғы жабдықпен жарақтандырылған жаңа объектілердi салумен байланысты:
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында облыстық онкологиялық диспансердiң пайдалануға енгiзілетiн радиологиялық орталығын ұтымды пайдалану жөнiнде шаралар әзiрлеу;
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы онкологиялық диспансердiң жанынан Сәуле терапиясы орталығын салумен байланысты науқастарды емдеудiң қазiргі заманғы технологияларын енгізу жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
Семей қаласындағы облыстық онкодиспансердiң салынып жатқан радиологиялық орталығын жабдықпен жарақтандыруға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктi (АТЭХАГ) қатыстыру мәселелерiн пысықтау көзделiп отыр.
§ 2. Радиациялық және ядролық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету және Семей өңiрi үшiн жарылыстардан кейiнгі құбылыстардың
ауқымын бағалау
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына тексеру жүргізу мен жайластыруды және жұмыстардың қауiпсіз жүргiзілуiн регламенттейтін нормативтiк-техникалық базаны және шаруашылық қызметiн жүргізудiң мониторингін әзiрлеудi;
ядролық және радиациялық қауiптi объектілердiң қауiпсіздігін қамтамасыз етудi және таратпау режимiн қолдау жөніндегi іс-шаралар жоспарын жүргiзудi;
ядролық қару қызметiнің қалдықтарын, радиоактивтi және уытты қалдықтарды жою және консервациялау және радиациялық ластанған аумақтарды ремедиациялау (қалпына келтiру) жөнiнде iс-шаралар кешенiн жүргiзудi;
ССП-нiң аумағында жарылыстан кейiнгi құбылыстардың ауқымын бағалауды және радиациялық жағдайдың дұрыс картасын жасауды;
басқарушылық шешiмдер қабылдаудың ақпараттық жүйесiн құруды және ССП-нiң радиоэкологиясы мәселелерi жөнінде халықты ақпараттандыру мен ағарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтитын шараларды iске асыру көзделiп отыр.
Көрсетілген iс-шаралардан басқа, ССП маңындағы аумақтарда атмосфералық ауаны, су және жер ресурстарын қорғау, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да мiндеттердi шешудi көздейтiн экологиялық бағыттағы өңірлік бағдарламалар iске асырылатын болады.
§ 3. Әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту және халықты
әлеуметтік қорғау
Әлеуметтiк инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында Бағдарламада бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы елдi мекендерде денсаулық сақтау, білім беру желiлерi мен және ауыз сумен жабдықтау объектілерiнің жай-күйін талдау көзделеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде 2005-2007 жылдары 8 мектеп, 1 орталық аудандық және 2 туберкулезге қарсы аурухана салу көзделуде.
Бұдан басқа, осы кезеңде 1 орталық аудандық аурухананың құрылысын бастау көзделуде.
Осы мақсаттарға үш жылдық кезең iшiнде республикалық бюджеттен 3647,4 млн.теңге бөлу көзделуде.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекiтілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы шеңберiнде 2005-2007 жылдар аралығында ауыз сумен жабдықтаудың 7 объектiсiнiң құрылысы салынатын, құрылысы аяқталатын немесе қайта жаңартылатын болады. ССП маңындағы елді мекендердi сумен жабдықтауға үш жылда республикалық бюджеттен 1818,6 млн.теңге бөлу көзделіп отыр.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы аумақтарда халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсарту үшiн тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмыссыздықты одан әрі азайту жөніндегі жұмысты күшейту көзделуде.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының маңындағы елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін халыққа "қосымша еңбекақы" терминiн еңбек туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру бойынша "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзірлеу көзделіп отыр.
Төтенше және ең жоғары радиациялық қауiп аймақтарында тұратын және зейнеткерлікке 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін шыққан азаматтарға зейнетақыларына үстемеақы төлеу жалғастырылатын болады.
§ 4. Ғылыми-техникалық әлеуеттi әртараптандыру
ССП-ның аумағы мен ғылыми-техникалық әлеуетiн одан әрі дамыту мақсатында:
қазақстандық ТОҚАМАҚ термоядролық материалтану реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң бағдарламасын қалыптастыру және iске асыру;
қазақстандық ТОҚАМАҚ термоядролық материалтану реакторын құру жобасын iске асыру;
ядролық және радиациялық қауіпсіздік мақсатында "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының базалық зерттеу ядролық реакторларын жаңғырту жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
"Байкал-1" зерттеу реакторлары кешенiнде радиациялық-қорғау камерасын және ұзақ сақтау пункттерін құру" инвестициялық жобасының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық стратегиясы шеңберiнде "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтар экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерiн пысықтау;
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарда шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне кредит беру мәселелерiн пысықтау көзделіп отыр.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iске асырылуы республикалық бюджеттен 4945,2 млн. теңге, оның iшiнде 2005 жылы - 1634,3 млн. теңге, 2006 жылы - 2517,97 млн. теңге, 2007 жылы - 792,9 млн. теңге мөлшерiнде қаржыландыруды қажет етедi.
Бұл қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының құрамындағы, сондай-ақ ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) енгiзілген объектілердi салуға және қайта жаңартуға бағытталатын болады. Қаражаттың нақты көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру процесі кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.
Өңірде әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қолданыстағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар шеңберінде 2005-2007 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 7091,5 млн. теңге бөлу көзделуде.
Оларға:
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы және басқалар жатады.
Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын дамыту 2006-2008 жылдарға арналған, қоршаған ортаны қорғау 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламалар шеңберіндегі және бағдарламадан тыс жобаларды (Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы, жылумен қамсыздандыруды жаңарту және басқалары) іске асыруға республикалық бюджеттен 38766,6 млн. теңге бөлу көзделеді.
Семей өңiрiнiң мұқтажына халықаралық ұйымдармен донор елдердiң қаражатын тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру көзделуде.
Бағдарламаны iске асыру мақсаттарында күш жiгер ұлттық органдар мен халықаралық серiктестiктердiң синергиясын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бұл ретте Семей өңiрiнiң проблемалары жөніндегі 1999 жылғы Токио халықаралық конференциясының қорытындылары бойынша қабылданған Халықаралық бағдарламаны iске асыру жөніндегі тәжiрибе ескерілiп, әзiрлемелер пайдаланылатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру ССП маңындағы аумақтарда тұратын халықты медициналық оңалтуды жүзеге асыруға, азаматтарға медициналық қызмет көрсету деңгейiн арттыруға, әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерi желісінiң жай-күйiн жақсартуға мүмкiндiк береді.
ССП-тің шекарасы қалпына келтiрiліп, нақты белгiленетiн, оның аумағындағы техникалық алаңдардың радиациялық ластануының үш егжей-тегжейлі картасы жасалатын, ластанған жекелеген учаскелер қалпына келтiрiлетiн болады.
Бұдан басқа, ССП-тің аумағында шаруашылық қызметті жүргiзу тәртібін регламенттейтiн нормативтік құқықтық база және бұл қызмет мониторингiнiң жүйесi қалыптастырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру ССП-тың ғылыми-техникалық әлеуетiн әртараптандыруға ықпал ететiн болады. Қазақстандық ТОҚАМАҚ термоядролық материалтану реакторын құруды және пайдалануды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бағдарламасы қалыптастырылып, iске асырылады және TOҚАМАҚ-ты құру жобасы iске асатын болады.
8. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын
кешендi шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
№ п/п | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар | Орындалу (iске асырылу) мерзiмi | Болжалды шығыс- тар, (млн. теңге) | Қаржы- ландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Халықты медициналық оңалту және өңiрде аурушаңдықтың деңгейiн төмендету | ||||||
1.1 | "Семей ядролық сынақ поли- гонын- дағы ядролық сынақ- тардың салда- рынан зардап шеккен азамат- тарды әлеу- меттік қорғау туралы" Қазақ- стан Респуб- ликасы Заңының қолда- нысына жатқы- зылатын аумақ- тарда тұратын халық- тың денсау- лығының жай- күйi туралы, оның iшiнде 1992 жылмен салыс- тырған- да, кешендi қоры- тынды дайын- дау | Қазақстан Респуб- ликасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ДСМ (жи- нақтау), Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкiмдерi | 2006 жылғы 1-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
1.2 | Ядролық сынақ- тар мен иондау- шы сәуле- ленудiң көлемдi техно- гендiк көзде- рiнiң ықпалына ұшыраған халықты мақсат- ты алдын алу, диаг- ности- калау және диспан- серлеу жүйесiн құру жөнiнде ұсыныс- тар дайындау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
1.3 | Ядролық сынақ- тар мен иондау- шы сәуле- ленудiң көлемдi техно- гендiк көзде- рiнің ықпалына ұшыраған Қазақ- стан Респуб- ликасы халқы- ның мемле- кеттiк меди- циналық авто- маттан- дырылған тiрке- лiмiн жасау жөнiн- дегі жұмыс- тарды жал- ғастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
1.4 | Ядролық қару сынақ- тарының әсерiне ұшыраған халықтың қаны мен тiнiнiң Ұлттық банкiн құру жөнiнде ұсы- ныстар әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ДСМ (жинақ- тау), ЭМРМ | 2007 жылғы 2-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
1.5 | Семей өңiрі- нің пробле- малары жөнін- дегi 1999 жылғы Токио халы- қаралық конфе- ренция- сының қоры- тынды- лары бойынша қабыл- данған Халықа- ралық бағдар- ламаны және "Қазақ- станның Семей өңiрiнiң тұрғын- дарын, эколо- гиясын сауық- тыру және оны эконо- микалық дамыту мақса- тындағы халықа- ралық ынты- мақтас- тық және қызмет- тi үй- лестіру" атты БҰҰ-ның бағ- дарла- масын iске асыру шеңбе- рiнде халықа- ралық көмектi тарту жөнiнде жұмысты күшейту | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | СІМ (жинақ- тау), ДСМ, ЭМРМ, Қоршаған- ортамині | Жыл сайын 20 қаңтар | Талап етіл- мейдi |
|
1.6 | Семей қала- сында пайда- лануға енгiзi- летiн облыстық онколо- гиялық диспан- сердiң Радио- логиялық орта- лығын ұтымды пайда- лану жөнiнде шаралар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ДСМ (жинақ- тау), Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2006 жылғы 20 шілде | Талап етіл- мейдi |
|
1.7 | Шығыс Қазақ- стан облы- сының Өскемен қала- сындағы онко- логиялық диспан- сердің жанынан Сәуле тера- пиясы орта- лығын салумен байла- нысты науқас- тарды емдеу- дiң қазіргі заманғы техно- логия- ларын енгізу жөнiнде iс- шаралар жоспа- рын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ДСМ (жинақ- тау), Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2007 жылғы 20 шілде | Талап етіл- мейдi |
|
1.8 | Ядролық қондыр- ғыларда жұмыс iстейтiн халыққа медици- налық қызмет көрсе- тудiң ерекше- лiгін ескере отырып, Шығыс Қазақ- стан облысы Курчатов қала- сына денсау- лық сақтау ұйым- дарын меди- циналық жабдық- пен жарақ- тандыру жөнiнде ұсы- ныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар
| ДСМ (жинақ- тау), ЭМРМ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкімдері | 2005 жылғы 4-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
1.9 | Семей қала- сындағы облыстық онко- диспан- сердiң салынып жатқан радио- логиялық орта- лығын жабдық- пен қамта- масыз етуге Атом энер- гиясы жөнiн- дегi халы- қаралық агент- тiктi (АТЭХАГ) қатыс- тыру мәселе- лерiн пысықтау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ (жинақ- тау), ДСМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2006 жылғы 20 қаңтар | Талап етіл- мейдi |
|
2. Радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Семей өңірі үшін жарылыстардан кейінгі құбылыстардың ауқымын бағалау | ||||||
2.1 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ поли- гонына тексеру жүргiзу және шека- раларын жайлас- тыру және жұмыс- тардың қауiп- сіз жүргi- зулуiн регла- мент- тейтiн норма- тивтiк- техни- калық базаны және шаруа- шылық қызме- тiн жүргiзу монито- рингін әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | Жыл сайын 20 қаңтар | 2005 жыл - 80,0 2006 жыл - 80,0 2007 жыл - 60,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2.2 | Ядролық және радиа- циялық қауiптi объек- тiлердiң қауiп- сіздi- гiн қамта- масыз ету және таратпау режимiн қолдау жөнiнде iс- шаралар жүргiзу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | Жыл сайын 20 қаңтар | 2005 жыл - 40,0 2006 жыл - 40,0 2007 жыл - 40,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2.3 | Ядролық қару қызме- тiнiң қалдық- тарын, радио- активтi және уытты қалдық- тарды жою және консер- вациялау және ластан- ған аумақ- тарды реме- диация- лау (қалпына келтiру) жөнiн- дегi iс-ша- ралар кешенiн жүргiзу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | Жыл сайын 20 қаңтар | 2005 жыл - 90,0 2006 жыл - 90,0 2007 жыл - 35,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2.4 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ поли- гонының аума- ғында жары- лыстан кейiнгi құбы- лыстар- дың ауқымын бағалау және радиа- циялық жағдай- дың дұрыс картасын жасау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | Жыл сайын 20 қаңтар | 2005 жыл - 50,0 2006 жыл - 50,0 2007 жыл - 50,0 | Респуб- ликалық бюджет |
2.5 | Басқа- рушылық шешiмдер қабыл- даудың ақпа- раттық жүйесiн жасау және бұрынғы Семей ядролық сынақ поли- гонының радио- эколо- гиясы мәсе- лелерi бойынша халықты ақпа- раттан- дыру және ағарту жөнiн- дегi жұмысты ұйым- дастыру | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | Жыл сайын 20 қаңтар | 2005 жыл - 15,0 2006 жыл - 15,0 2007 жыл - 15,0 | Респуб- ликалық бюджет |
3. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықты әлеуметтік қорғау | ||||||
3.1 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ поли- гонының маңын- дағы елдi мекен- дерде денсау- лық сақтау желісі- нiң жай- күйiн талдау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ДСМ (жинақ- тау), АШМ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкімдері | 2006 жылғы 20 шілде | Денсау- лық сақтауды рефор- малау мен да- мытудың 2005- 2010 жылдарға арналған іске асыру шеңбе- рінде |
|
3.2 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ полиго- нының маңын- дағы елдi мекен- дерде білім беру желi- сiнiң жай- күйiн талдау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), АШМ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкімдері | 2006 жылғы 20 шілде | Білім беруді дамы- тудың 2005- 2010 жылдарға арналған іске асыру шеңбе- рінде |
|
3.3 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ полиго- нының маңын- дағы елдi мекен- дерде ауыз сумен жабдық- тау объек- тілерi желi- сiнiң жай- күйiн талдау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | АШМ (жинақ- тау), Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкімдері | 2006 жылғы 20 шілде | Ауылдық аумақ- тарды дамы- тудың 2004- 2010 жылдарға арналған және 2002- 2010 жылдарға арналған "Ауыз су" іске асыру шеңбе- рінде |
|
3.4 | "Қосымша еңбек- ақы" терминiн Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның еңбек туралы заңна- масына келтi- рудi көз- дейтiн "Семей ядролық сынақ полиго- нындағы ядролық сынақ- тардың салда- рынан зардап шеккен азамат- тарды әлеу- меттiк қорғау туралы" Қазақ- стан Респуб- ликасы Заңына өзге- рiстер енгізу жөнiнде ұсыныс- тар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині | 2005 жылғы 4-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
3.5 | Бұрынғы Семей ядролық сынақ полиго- нының маңын- дағы аумақ- тарда тұрақты жұмыс орын- дарын құру және жұмыс- сыздықты одан әрi азайту жөнiн- дегi жұмысты күшейту | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыста- рының әкімдері | Жыл сайын 20 қаңтар | Талап етіл- мейдi |
|
ҚР Үкіметінің 2006.24.05. № 448 қаулысымен 4 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Ғылыми-техникалық әлеуетті әртараптандыру | ||||||
4.1 | Тоқамақ қазақ- стандық термо- ядролық матери- алтану реакто- рын (КТМ) құруды және пайда- лануды ғылыми- техни- калық қамта- масыз етудiң бағдар- ламасын қалып- тастыру және iске асыру | Қазақстан Республи- касы Үкіметі қаулысы- ның жобасы | ЭМРМ (жинақ- тау), БҒМ | 2005 жылғы 4-тоқсан | 2005 жыл - 70,0 2006 жыл - 70,0 2007 жыл - 80,0 | Респуб- ликалық бюджет |
4.2 | Тоқамақ қазақ- стандық термо- ядролық матери- алтану реак- торын (КТМ) құру жобасын iске асыру | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | 2007 жылғы 20 қаңтар | 2005 жыл - 992,3 2006 жыл - 508,1 | Респуб- ликалық бюджет |
4.3 | Ядролық және радиа- циялық қауiп- сіздiк мақса- тында "Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның ұлттық ядролық орта- лығы" респуб- ликалық мемле- кеттік кәсiп- орнының базалық зерттеу ядролық реак- торларын жаңғырту жөнiнде ұсы- ныстар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | ЭМРМ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
4.4 | "Бай- кал-1" зерттеу реак- торла- рының кеше- нiнде радиа- циялық- қорғау камера- сын және ұзақ сақтау пунктін құру" инвес- тициялық жобасы- ның техни- калық- эконо- микалық негiз- демесін әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | 2005 жылғы 20 қаңтар | 2005 жыл -24,0 | Респуб- ликалық бюджет |
4.5 | Курчатов қала- сында "Ядролық техно- логиялар паркi" техни- калық паркiн құру | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ЭМРМ | 2007 жылғы 20 шілде | 2006 жыл - 3810,0 2007 жыл - 1580,0 | Респуб- ликалық бюджет |
4.6 | "Семей ядролық сынақ полиго- нындағы ядролық сынақ- тардың салда- рынан зардап шеккен азамат- тарды әлеу- меттiк қорғау туралы" Қазақ- стан Респуб- ликасы Заңының қолда- нысына жатқы- зылатын аумақтарда шағын кәсiп- керлiк субъек- тілерiне кредит беру мәселе- лерiн пысықтау | Қазақстан Республи- касы Экономика және бюджеттік жоспарлау министр- лігіне ақпарат | ИСМ (жинақ- тау), "Шағын кәсіп- керлікті дамыту қоры" АҚ (келісім бойынша)
| 2006 жылғы 20 шілде | Талап етіл- мейдi |
|
4.7 | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның индус- триялық- иннова- циялық дамуы шеңбе- рiнде бұрынғы Семей ядролық сынақ полиго- нынының маңын- дағы аумақтар эконо- мика- сының нақты секторын дамытуға бағыт- талған инвес- тициялық жоба- ларды қаржы- ландыру мәселе- лерiн пысықтау
| Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ақпарат | ИСМ (жинақ- тау), "Қазақ- станның Даму Банкі" АҚ (келісім бойынша), "Қазақ- станның инвести- циялық қоры инвести- циялық компа- ниясы" АҚ (келісім бойынша), "Ұлттық иннова- циялық қор" АҚ (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыс- тарының әкiмдерi | 2006 жылғы 2-тоқсан | Талап етіл- мейдi |
|
АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекминi - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
СIМ - Сыртқы iстер министрлiгі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АҚ - Акционерлік қоғам