Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 Қаулысы
(2009.08.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 24 сәуірдегі
№ 317 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының медициналық және
фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы
Кіріспе
Осы Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты және 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Осы Тұжырымдаманы әзірлеу медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мамандарды даярлаудың сапасын арттыру негізінде олардың кәсіби деңгейін көтеруді мақсат ететін елеулі қайта құрулардың қажеттілігінен туындады және оның нәтижесі ретінде медициналық көмек көрсету сапасы едәуір көтеріледі және Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы жақсарады.
1. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің
жай-күйін талдау
§ 1. Қазақстан Республикасында медициналық білім беру
жүйесінің жай-күйi
Бүкіл әлемде экономиканы дамыту, нарықтық қатынастарды орнату мемлекеттің білім беру саласындағы саясатын өзгертуді көздейді. Бұл ретте алдыңғы қатарлы елдердегі кадрларды даярлау жүйесі қоғамның, мемлекет пен жеке адамның бүгінгі қажеттіліктерінен ғана пайда болмайды, сонымен бірге алға озып дегендей дамитын болады.
Нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық таныған біздің республикамыз ұлттық білім беру жүйесін экономиканы дамыту қажеттілігіне жақындату мақсатында оны жаңарту бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық білім беру ісіне де маңызды реформа жүргізу алда тұр.
Соңғы он жылда денсаулық сақтау жүйесінде медицина кадрларының сандық және сапалық жағдайында елеулі өзгерістер болды. Медициналық білім берудің мазмұны және оның материалдық-техникалық базасы мамандарды даярлауға қойылатын өсе түскен талаптарды әрі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында оқытудың әлемдік үрдістерін ескермеді. Отандық білім беру бағдарламаларында халықаралық тәжірибені, білімі туралы қазақстандық құжаттарды шетелдердің тануын есепке алу тетігінің болмауы студенттердің, оқытушылар мен қызмет көрсететін және басқару еңбегі мамандарының академиялық ұтқырлығын тежеді.
Бүгінгі таңда елімізде медицина және фармацевтика кадрларын даярлау мен қайта даярлау сапасының жеткіліксіздігі елеулі проблема болып отыр, бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі.
Негізгі себептердің бірі нақ сол медициналық білім беру ерекшелігі ескерілместен жалпы көзқарастар жүйесі негізге алынған медициналық білім беру жүйесіндегі қабылдау, даярлау және сапаны бақылау жағдайларын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаның жетілдірілмеуі болып табылады. Мұның салдары тікелей медициналық білім беру ұйымдарындағы қабылдауға, оқытуға және білім алушылардың білімдері деңгейін бақылауға қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі болып табылады.
Өзіндік маңызы бар екінші себебі - медициналық білім беру ұйымдарының іс жүзінде жаңартылмаған, медицина кадрларын даярлау сапасына және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін әлсіз материалдық-техникалық базасы. Медициналық жоғары оқу орындарының қырық жылға жуық мерзім ішінде оқу және клиникалық базаларын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру, қазіргі заманғы есептеу техникасын, аппаратураларды, оқу әдебиеттерін (баспа және электрондық), реактивтерді, көрнекі құралдарды және тағы басқаларын сатып алу іс жүзінде мүмкін болмады, бұл қазіргі заманғы техникалық жарақтандыру құралдарын толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мұның барлығы қазірдің өзінде оқу орындарының қабырғасында болашақ маманның саланың ғылыми және практикалық прогресінен артта қалуын қалыптастырды. Материалдық-техникалық базаның нашарлығының негізгі себебі медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердегі оқытуға көзделген қаржыландырудың жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл проблеманы ішінара медициналық білім беру ұйымдарының басшылары көбінесе базалық білім деңгейі төмен студенттерді оқытудың шарттық нысанында қабылдау есебінен шешеді.
Тағы бір елеулі проблема медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің бітірушілерін практикалық даярлаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Медициналық білім беру ұйымдарының практикалық дағдыларды алуға және орындауға арналған жеке оқу-клиникалық орталықтары жоқ. Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждері емдеу-алдын алу ұйымдарындағы (ЕАҰ) клиникалық базаларды, бұл ретте емделушілерге толық құқықты рұқсаты, медициналық аппаратураларды пайдалану, ЕАҰ жарақтандыру мүмкіндіктері және тағы басқалары болмаса да жалға алуға мәжбүр болып отыр.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) білікті кадрлармен, әсіресе ауылдық өңірлерде қамтамасыз ету проблема күйінде қалып отыр. Бұл, бірінші кезекте, кадрларды бөлу және бекітіп берудің сенімді тетіктерінің болмауына байланысты.
Экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық салалары мен секторларында, оның ішінде денсаулық сақтауда нарықтық қатынастарды дамыту денсаулық сақтауды басқару, шығындардың тиімділігін арттыру саясаты мәселелері бойынша қажетті білімді меңгерген құзыретті маман-менеджерлерді даярлауды қажет етеді.
Республикадағы медициналық білім беру, оған практикалық денсаулық сақтау жағынан да, медициналық қызметтерді тұтынушылар жағынан да қойылатын талаптарға толық сай емес. Медицина қызметкерлерін даярлаудың қолданыстағы жүйесі халыққа медициналық қызметтерді ұсыну үдерісінің жаңа мақсаттары мен міндеттеріне әлсіз бейімделген және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етпейді.
Осыған байланысты шеңберде денсаулық сақтау саласының стратегиялық қажеттілігіне бағдарланған медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруды көздейтін елеулі өзгерістер жүргізуді талап ететін негізгі бағыттарды бөлу қажет.
Оқу үдерісінде теория мен практиканың арақатынасын сәйкестендіруді және медициналық білім берудің қолданыстағы нормативтік құқықтық базасы негізінде үздіксіз білім беру үшін ресурстарды қамтамасыз ете отырып, медициналық білім беру және денсаулық сақтау саясатының бірыңғай міндеттерін, кадрлық жоспарлау қағидаттарын айқындау, қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін және халықаралық оқыту стандарттарына жақындатылған стандарттарды әзірлеу керек.
Медицина кадрлары жұмысының сапасы олардың алған даярлығы мен функцияларын орындау кезіндегі кәсіби құзыреттілігі деңгейіне негізделеді. Бұл үшін әртүрлі кезеңдерде медициналық көмек көрсететін түрлі бейіндегі мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын нақты қалыптастырып, құзыреттілік деңгейін белгілеу керек.
§ 2. Әлемдегі медициналық білім берудің негізгі модельдерi
Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан медициналық білімді мамандарды даярлау бойынша медициналық білім берудің негізгі модельдері ағылшынсаксондық және германдық болып табылады.
АҚШ-та, Канадада, Англияда кеңінен ұсынылған ағылшынсаксондық мәделге сәйкес медициналық білім беру төрт циклден тұрады: жалпы медицинаға дейінгі жоғары білім, жалпы медициналық, дипломнан кейінгі және одан кейінгі білім, яғни біліктілікті арттыру.
Жалпы медицинаға дейінгі жоғары білім берудің міндеті жаратылыстану ғылымдары бойынша даярлау болып табылады. Мұндай даярлық ағылшынсаксондық елдерде медициналық мектепке дейін өтеді. АҚШ-та және Канадада ол ұзақтығы 3-4 жыл бакалавриат шеңберінде, Англияда жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша екі жылдық курстарда жүзеге асырылады. Медициналық мектепке түсу үшін үміткерлер конкурстық іріктеуден өтеді. Аттестаттардың конкурсынан басқа медициналық мектептердің көпшілігі талапкерлерді тестілеуді жүргізеді.
Ағылшынсаксондық елдерде жалпы медициналық білім беру бағдарламаларының елеулі айырмашылығы болады. Әдетте оқу АҚШ-та төрт-бес жыл, Ұлыбританияда бес-алты жылға созылады. Содан кейін негізгі назар студенттердің клиникадағы жұмысына аударылатын екі жыл немесе одан көп сабақтар болуы керек, ал лекция сағаттарының саны қысқарады.
Өз бетімен практикаға рұқсат берудің міндетті шарты мамандануына байланысты АҚШ пен Канадада ұзақтығы үш жылдан бес жылға дейін, Англияда бір-алты жыл резидентура болып табылады.
Резидентураны аяқтағаннан кейін дәрігерлер білімін жалғастырады және кезең-кезеңімен өз біліктілігін арттырады.
Тұтас алғанда білікті дәрігерді даярлау бұл елдерде 11 жылдан 14 жылға дейін жалғасады, ал кейбір бағыттар (кардиохирургия, нейрохирургия және басқалары) бойынша одан да көп уақытты алады.
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқысы келетін студенттер бір-екі жыл ішінде шеберлік бағдарламаларының бағыттары бойынша оқи алады. Емтихан тапсырғаннан және тиісті салада ғылым шебері дәрежесін ала отырып, диплом алғаннан кейін олар ғылыми-зерттеу қызметін жалғастыра алады.
Германиядағы медициналық білім берудің қазіргі заманғы жүйесі әлемде барынша тиімді болып саналады. Ол ағылшынсаксондық модельмен салыстырғанда аз стандартталған.
Медицина факультетіне түсудің міндетті шарты екі жылдық «Абитур» бағдарламасынан өту болып табылады, онда жалпы гуманитарлық пәндер, екі шетел тілі оқытылады.
Медицина факультетінде оқудың ұзақтығы алты жылды құрайды, ал Германияда өзіндік практикаға рұқсат алу үшін лицензия алуға арналған емтихан тапсырған жағдайда 11 жыл қажет. Бұл ретте 4,5-5,5 жыл ішінде үміткер практикант және дәрігердің ассистенті ретінде жұмысты өтеуі тиіс.
Францияда медицина факультетінде оқу 6 жылға жалғасады.
Қазіргі кезге дейін бұл елде медицина факультетіне түсер алдында сегіз айлық даярлық циклында жалпы гуманитарлық пәндерді оқыту болған. Биылғы жылдан бастап аталған кезең тоқтатылды және мектептердің түлектері медициналық мектептерге түсу үшін конкурсқа қатысу құқығын алды.
Медицина факультетіне қабылдау рәсімі жазбаша түсу емтиханының нәтижелері негізіндегі конкурсты қамтиды.
Алты жылды аяқтағаннан кейін студенттер теориялық және практикалық мәселелерді қамтитын сертификаттау емтиханын тапсырады. Емтиханды табысты тапсыру медицина факультетін бітіргені туралы диплом алуға құқық береді.
Францияда дипломнан кейінгі білім алу кезеңі интернатура деп аталады, оның ұзақтығы мамандануына байланысты екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімді құрайды. Интернатураны аяқтағаннан кейін мамандар өз бетімен практикаға құқық беретін сертификат алады.
Жүргізілген талдау кейбір айырмашылықтарға қарамастан, тұтас алғанда медициналық білім беру жүйесін құруда бүкіл әлемде: оқудың құрылымында, ұзақтығында, медициналық білім беру ұйымдарына қабылдау және дербес кәсіби қызметке рұқсат беру шарттарында жалпы үрдіс байқалады. Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының (ДМБФ) ұсынымдарына сәйкес базалық медициналық білімді (преклиника және клиника), дипломнан кейінгі білім (резидентура және мамандану) мен үздіксіз кәсіптік дамыту (дәрігерлердің біліктілігін арттыру) деп бөледі. Бұл ретте әрбір модель ұлттық ерекшеліктер мен елдегі денсаулық сақтаудың қолданыстағы жүйесінің талаптары ескеріле отырып құрылады.
Жүргізілген талдауды ескере отырып, Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының талаптарына сәйкес және осы саладағы халықаралық тәжірибенің негізінде құрылады. Оған негіз ретінде медициналық білім берудің клиникалық бағыттылығы күшейтіле отырып, дәрігерлерді даярлаудың Германдық моделі алынды.
2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерi
Осы Тұжырымдаманың мақсаты бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ететін республиканың денсаулық сақтау басымдықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, халықаралық стандарттар негізінде медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесін енгізу болып табылады.
Бұл мақсатты іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
1) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын өзгерту;
2) республиканың медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдау қағидаттарын өзгерту;
3) сапаны бағалау, кәсіби құзыреттілік деңгейі мен кәсіби қызметке рұқсат беру жүйесін өзгерту;
4) халықаралық сарапшыларды тарта отырып, білім беру ұйымдарын аккредиттеуді енгізу;
5) медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
6) медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.
3. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктерi
Тұжырымдаманы іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеуге және қабылдауға жаңа тәсілдер енгізу;
медициналық білім беру ұйымдарын қаржыландыру жүйесін жетілдіру және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
медициналық білім беруді басқаруды жетілдіру, сапа менеджменті жүйесін енгізу;
халықаралық талаптарды ескере отырып, медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың, сапаны бағалаудың және кәсіби құзыреттілігі деңгейінің жаңа жүйесін құру;
оқыту процесінің жоғары нәтижелеріне жетуде студенттер мен оқытушылардың уәждемесін көтеру.
§ 1. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің
нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру
Денсаулық сақтау мамандарының кәсіби құзыретіне қойылатын талаптарды көтеру жағдайында басқару органдарынан бастап білім алушыларға дейінгі білім беру үдерісіне барлық қатысушыларының жауапкершілігін артады. Қазіргі кезде маман-медицина қызметкерлерін даярлауға медициналық білім берудің ерекшелігі ескерілмейтін жалпы талаптар мен көзқарастар қойылады. Осыған байланысты республиканың денсаулық сақтау ісін кадрлық қамтамасыз етуге жауапты Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік басқару, медициналық білім берудің ерекшелігін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу (оқу үдерісін регламенттеу, оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасау, медициналық білім берудің сапасын бағалау, медициналық білім беру ұйымдарын аттестаттау, аккредиттеу, лицензиялау мәселелері және басқалары) мәселелеріндегі рөлін айқындау қажет.
Бұл бағытта:
1) медициналық ерекшеліктер ескеріле отырып, медициналық білім берудің нормативтік құқықтық базасы қалыптасты - медицина кадрларын даярлау, лицензиялауды жүзеге асыру, мемлекеттік аттестаттау және білім берудің халықаралық стандарттарына жақындау мақсатында - меншік нысанына қарамастан, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіледі;
2) медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару және үйлестіру мәселелері заңнамамен бекітіледі;
3) медициналық білім беру ұйымдарына клиникалық базаларды беру жөніндегі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының міндеттемесі заңнамамен белгіленетін болады.
§ 2. Республиканың медициналық білім беру ұйымдарына
iріктеуге және қабылдауға жаңа тәсілдер енгізу
Бітірушінің бейімделуін көздейтін он екі жылдық орта білімге көшу медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін реформалаудың маңызды факторы болады. 11-12-сыныптарда бейіндік оқыту жаратылыстану ғылымы бағыты бойынша оқушыларды тереңдетілген кәсіптік білімге дейін даярлауға ықпал етеді.
Кәсіптік білімге дейін даярлаудың медицинаны өзінің болашақ мамандығы деп таңдаған талапкерлерді іріктеу үшін маңызы болады. Талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), кешенді тестілеу нәтижелерімен қатар әңгімелесу және ұсынымдар беру жүйесін енгізу болжанып отыр. Ақылы негізде медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне қабылдау үшін тестілеу нәтижелері бойынша баллдардың ең төменгі шегі бірте-бірте бюджеттік негізде қабылдау үшін белгіленген мәндерге жуықтатылатын болады.
Медициналық жоғары оқу орындарына іріктеудің және қабылдаудың жаңа қағидаттары мыналарды қамтитын болады:
1) міндетті кәсіптік білімге дейінгі даярлық;
2) медициналық жоғары оқу орындарына іріктеудің және қабылдаудың нақты өлшемдері;
3) жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ аккредиттеу нәтижелері ескеріле отырып, медициналық білім беру ұйымдарына қабылдауды шектеу.
3. Медициналық білім беру ұйымдарының қаржыландыру
жүйесін жетілдіру және олардың материалдық-техникалық базасын
нығайту
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы ескірген және ұзақ жылдардан бері жаңартылмаған жағдайларда медицина кадрларын даярлаудың сапасын арттыру мүмкін емес. Оны нығайту мақсатында бірінші кезеңде:
1) барлық білім беру ұйымдарының материалдық базасын түгендеу жүргізіледі;
2) білім беру ұйымдарын жарақтандыру нормативтері әзірленеді және бекітіледі;
3) бір білім алушыны оқыту құнын есептеудің оқулықтар (баспа және электрондық) сатып алуға, Интернетте жұмыс істеуге, зертханалық хайуанаттарды ұстауға, реактивтер мен биоматериалдарды, жабдықтарды сатып алуға, студенттердің өндірістік практикасына, оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жалақысына, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған және басқа да шығыстар көзделетін ережесі (әдіснамасы) әзірленеді және енгізіледі;
4) мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының жанынан оқу-клиникалық орталықтары құрылады;
5) жеке клиникалар құрудың тетіктері жасалатын болады.
§ 4. Медициналық білім беруді басқаруды жетілдіру,
сапа менеджменті жүйесін енгізу
Білім беру қызметтерінің рыногын дамыту жалпыға бірдей сапа менеджментінде және 9000:2000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарында белгіленген сапа менеджменті қағидаттары негізіне алынған басқарудың жаңа тетіктерін енгізуді болжайды.
Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу мен мамандарды сертификаттаудың жүйелерін құраушы танымал халықаралық агенттіктер берген сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) сертификатын ала отырып, жоғары оқу орындарының сапа менеджментін сертификаттау болды. СМЖ-ны енгізу үшін жоғары оқу орны: білім мазмұнының сапасын, талапкерлер мен студенттерді даярлаудың сапасын, қызметкерлер мен студенттердің оңды уәждемесін, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сапасын, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердің құзыреттілігін, оқыту технологияларының сапасын, бағалау технологияларының сапасын, жоғары оқу орындарының басқару үдерістерінің сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл міндеттерді іске асыру үшін:
1) медициналық білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік үдерісін басқару мен үйлестіру құрылымы қайта қаралады;
2) сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін кадрлар оқытылады;
3) сапа менеджментін енгізу және сапа менеджменті сертификатын алу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
§ 5. Халықаралық талаптарды ескере отырып, медицина
және фармацевтика кадрларын даярлаудың, сапасы мен кәсіби
құзыреттілігі деңгейін бағалаудың жаңа жүйесін жасау
ҚР Үкіметінің 2009.08.07. № 1038 Қаулысымен 5.1-параграф өзгертілді (бұр.ред.қара)
§ 5.1. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау
құрылымдарын өзгерту
Техникалық және кәсіптік білім беру кейбір медициналық мамандықтар бойынша жалпы негізгі білімі (10 сынып) бар адамдар үшін көзделетін болады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі бағыты жаңа технологиялар талаптары деңгейінде және еңбек рыногын дамытуға сәйкес білім алушыларды білікті кәсіби даярлауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болады. Техникалық және кәсіптік білім беруді енгізумен сала техникалық және қызмет көрсету сипатындағы білікті медицина кадрларын алатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларында жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, таңдаған мамандық бойынша болашақ кәсіптік қызметті айқындайтын кәсіби дағдыларды меңгеру және бекіту бойынша арнайы пәндер көзделетін болады. Оқытудың ұзақтығы бағдарламаның күрделілігіне және берілетін біліктілік деңгейіне байланысты болады.
Медициналық және фармацевтикалық даярлау саласында техникалық және кәсіптік білім алуға болады:
1) оқыту 2 жыл ұзақтығымен бірінші саты шеңберінде - тереңдетілген теориялық және кәсіби даярлықты қажет етпейтін техникалық және қызмет көрсету еңбегі күрделі емес көп мамандықтар бойынша жұмыстарды орындау іскерліктері мен дағдыларын меңгеру. Бұл саты медицина колледждерінде «науқастарды күтуші жөніндегі медбике» біліктілігі беріле отырып, «бикелер ісі» мамандығы бойынша іске асырылуы мүмкін;
2) оқыту 3 жыл ұзақтығымен екінші саты шеңберінде - мейлінше күрделі (ұқсас) мамандықтарды және республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары технологиялармен және кәсіби қызметпен байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын меңгеру. Бұл саты бағдарламаларының мазмұны білім берудің кейінгі сатыларының бағдарламаларымен үйлесімде болады. Ол медицина колледждерінде «ортопедиялық стоматология», «медициналық оптика», «медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру жаңа деңгейге - орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімге көтерілетін болады. Осы деңгейдің мақсаты медицина мен фармация саласындағы еңбекті басқару мен қызмет көрсету еңбегінің білікті орта буын мамандарына қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру болады. Орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім білікті орта буын кадрларын даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламасын қамтитын болады.
Жалпы орта білім базасында медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша оқытудың ұзақтығы 3 жылды, техникалық және кәсіптік білім базасында: бірінші сатыдан кейін 3 жылды, екінші сатыдан кейін 2 жылды құрайды.
Орта білімнен кейінгі білім алу мынадай мамандықтар шеңберінде жүзеге асырылады:
мамандануға және оқу-өндірістік базаның болуына байланысты «фельдшер» немесе «акушер» біліктіліктері беріле отырып, «емдеу ісі»;
мамандануға және оқу-өндірістік базаның болуына байланысты «жалпы практика медбикесі» немесе «мамандандырылған медбике» біліктіліктері беріле отырып, «бикелер ісі»;
«гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі беріле отырып, «гигиена және эпидемиология»;
«медициналық зертханашы» біліктілігі беріле отырып, «зертханалық диагностика»;
«стоматолог-дәрігердің көмекшісі» біліктілігі беріле отырып, «стоматология»;
«фармацевт» біліктілігі беріле отырып, «фармация».
Оқытудың кредиттік технологиясын (жүйесін) енгізе отырып, сағаттарды таңдау есебінен бір мамандықтың шеңберінде әр түрлі біліктілік алуға болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім ұзақтығы 5+2 жыл базалық медициналық білімді (БМБ), мамандыққа байланысты 4-5 жыл мерзіммен бакалавриат, резидентура, магистратура және докторантура (PhD) беретін болады. Оқытудың дәстүрлі жүйесінің орнына кредиттік жүйе енгізілетін болады. Оқытудың кредиттік технологиясы пәндерді зерделеудің үздіксіздігін, оқу жетістіктерінің шоғырлануы мен білім беру бағдарламаларын өзара тануын қамтамасыз етеді.
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлау былайша көзделетін болады:
1) БМБ шеңберінде:
«дәрігер» біліктілігі беріле отырып, «жалпы медицина» (5+2), онда соңғы 2 жыл - интернатура;
дәрігер стоматолог біліктілігі беріле отырып, «стоматология» (5+1), соңғы жыл - интернатура;
2) бакалавриаттар шеңберінде:
бикелер ісі бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «бикелер ісі» (4 жыл);
фармация бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «фармация» (5 жыл);
қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып, «қоғамдық денсаулық сақтау» (5 жыл);
медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып «медициналық-профилактикалық іс» (5 жыл).
Интернатурадан өтпеген, «жалпы медицина» және «стоматология» мамандықтары бойынша бітірушілер клиникалық практикаға жіберілмейтін болады. «Жалпы медицинаның» базалық клиникалық мамандықтары бойынша интернатура екі жылдық, «стоматология» мамандығы бойынша бір жылдық болады. Интернатура аяқталысымен тиісті құжат беріле отырып, клиникалық мамандық бойынша мемлекеттік аттестация көзделетін болады.
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша БМБ (5+2) аяқталысымен бітірушілерге «дәрігер» біліктілігі берілетін болады. Бітірушілер кейбір мамандықтар бойынша жалпы практика дәрігері (ЖПД), гигиенист-эпидемиолог, стоматолог) сертификат және лицензия алғаннан кейін өз бетімен практикалық қызметке кірісе алады немесе мамандану алуы үшін резидентурада оқуын (2-4 жыл) жалғастыра алады. Резидентура мамандықтары бойынша өз бетімен практикалық қызметке құқықты мамандар сертификатқа және лицензиялауға емтихан тапсырғаннан кейін алады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болады және резидентураны, магистратураны және докторантураны (Рh.D) қамтитын болады. Бұл деңгейдің мақсаты білім мен ғылымның кірігуі негізінде денсаулық сақтауды, экономиканы, ғылымды жетілдіру және медицина мен фармация саласындағы жаңа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті жаңа формацияның ғылыми, ғылыми-педагогикалық медицина, медбике және фармацевтика кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін құру болады.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурада бакалавр академиялық дәрежесі бар мамандар оқуын жалғастыра алады. Магистратураның шеңберінде мынадай екі бағыт бойынша даярлау болжанады:
1) бейіндік тереңдетілген даярлық;
2) ғылыми-педагогикалық даярлық.
Магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың ғылыми-әдіснамалық бағыттылығы мен тиісті салаға тереңдетілген мамандандырылған даярлықты көздейтін болады. Магистратурада бейіндік және ғылыми-педагогикалық даярлық үшін мамандықтарды елеулі кеңейту болжанып отыр.
Магистратураны бітірушілерге мамандық бейіні бойынша бикелер ісі, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау «магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға құқығы бар.
Докторантура медицина, фармация саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болады. Докторантураға (PhD) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қазір бар аспирантура, ізденушілік, шығармашылық демалыстар беру дәстүрлі докторантура қамтылатын болады.
Докторантура бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға медицинаның, фармацияның әр түрлі бағыттары бойынша философия докторы дәрежесі (PhD) беріледі. Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды құрайды.
Медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі нарықтық экономика қажеттіліктеріне, жаһандану үдерістеріне, жалпыға танылған халықаралық талаптарға сәйкес келетін болады, жастардың академиялық дәреже алуға қызығушылығын арттырады, медицина мен фармация саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды жаңарту проблемасын шешеді.
Үздіксіз кәсіби дамыту (ҮКД) дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі даярлау аяқталғаннан кейін басталатын және әрбір медицина қызметкерінің бүкіл кәсіби өмірі ішінде жалғасатын білім беру кезеңін білдіреді. ҮКД жүйесі мамандарды қалыптастырады, оларды өзгеріп отыратын еңбек жағдайына бейімдейді, толық оқытады, оқытудың екі құрамдас бөлігін - теория мен практиканы байланыстырады, алған біліміне саналылықпен қарауға, оны өзгеріп отыратын өндірістік жағдайларда пайдалануға үйретеді және бұл арқылы практикалық денсаулық сақтауды жетілдіреді. ҮКД кәсіптік міндет ретінде қаралады және медициналық көмектің сапасын арттырудың алғы шарты болып та табылады.
Жоғарыда көрсетілгендерді, сондай-ақ кейбір елдердің тәжірибесін ескере отырып, медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік дамытудың түрлерін нақты айқындау қажет. Өз бетінше даярлық пен оқыту типі бойынша іс-шараларды өткізу көзделеді. Бұған қоса, медицина академияларының, жетекші ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қосымша кәсіптік (медициналық және фармацевтикалық) білім беру ұйымдарының жанындағы біліктілікті арттыру институттарында кадрлардың мерзімдік біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтерді көрсету жүйесі сақталып отыр.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, мақсаты кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдетуде, еңбек рыногының талаптарына сәйкес медицина және фармация саласындағы жаңа кәсіптер мен мамандықтарды игеру болатын қосымша кәсіптік білім берудің негізгі нысаны болып табылады. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесінде даярлаудан ерекшелігі стандарттарды жедел түзету, практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес туындаған өзекті мәселелер жөніндегі жаңа типтік оқу бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі көзделетін болады.
Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім берудің негізгі қағидаттары бүкіл қызмет ішінде кәсіптік даярлауды жетілдірудің үздіксіздігі болады. Бұл бағытта мыналар көзделеді:
1) оқытудың мазмұны мен мерзімдері бойынша ҮКД сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген әртүрлі білім беру және кәсіптік бағдарламаларды әзірлеу;
2) ел ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерде де қосымша кәсіптік білімнің, оның ішінде қашықтан оқытуды қолдана отырып, қол жетімділігі үшін жағдай жасау;
3) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны мен әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
4) медицина мен фармация саласындағы жаңа жетістіктер, озық отандық және шетелдік тәжірибе туралы үздіксіз білім алуда жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
5) озық ғылыми-педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және қолдану;
6) осы Тұжырымдама іске асырылғанға дейін медициналық білім алған мамандардың кәсіби деңгейін арттыру үшін қосымша жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге және дамытуға бағдарланған оқытудың жаңа технологияларына көшу қамтамасыз етілетін болады.
§ 5.2. Білім берудің мазмұнын өзгерту, жаңа білім беру
технологияларын енгізу
Медициналық және фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерту сапаны елеулі жақсартуға бағытталған ДМБФ әзірлеген халықаралық стандарттарға бағдарлауды көздейді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің отандық стандарттарын әзірлеу әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері, Қазақстанның, оның өңірлері халқының денсаулық жағдайы, аурушаңдық сипаты, сондай-ақ медициналық көмек көрсету нысандары көрінетін айғақтарға негізделетін медицинаның ғылыми негіздерінің әмбебаптығы ескеріле отырып, жүзеге асырылатын болады. Медициналық оқу бағдарламасының өзегі медицинаның негіз қалаушы теориясы мен практикасынан, әсіресе базалық биомедициналық, мінез-құлықтық және әлеуметтік ғылымдардан, жалпы клиникалық дағдылардан, клиникалық шешімдерді қабылдау дағдыларынан, коммуникациялық қабілеттер мен медицина этикасынан тұрады.
Білімнің мазмұны бітірушінің негізгі құзыреті жинақталатын медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес болады. Білім беру үдерісінің қазіргі заманғы технологияларын кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Студенттерді ерте клиникалық даярлауды енгізу, пәндерді меңгеруде модульдік, пәнаралық амалдарды кеңінен енгізу, шетел тілдерін тереңдете оқыту және білім беру үдерісінде базалық негізгісі бойынша да, клиникалық пәндер бойынша да шетелдік баспа және электрондық оқулықтарды белсенді пайдалану көзделеді. Мұндай стандартталған пациенттерді практикаға енгізу білім алушылардың клиникалық дағдыларын күшейту үшін де, оларды бағалау үшін де бірдей жағдай жасайды. Барлық медициналық білім беру ұйымдарында имитациялық сыныптар құру, практикалық манипуляцияларды меңгеру және бекіту үшін оларды қазіргі, заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жарақтандыру жоспарланып жатыр. Білім алушылардың білімін бағалаудың жаңа техникасы ретінде тәуелсіз емтихан алушылардың институты енгізілетін болады. Практикалық дағдыларды меңгеру үшін де, қабылдау емтиханы үшін де бір мезгілде жұмыс істейтін клиникалық даярлау орталықтарын салу да көзделіп отыр.
Аталған іс-шараларды іске асыру үшін:
1) жаңа білім беру технологияларын меңгеру және оларды жергілікті жерлерде енгізу үшін үздік оқытушы-әдіскерлер шетелдік медицина университеттеріне жіберіледі;
2) халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) әзірленеді және енгізіледі;
3) медициналық жоғары оқу орындары бітірушілерінің даярлық сапасын тәуелсіз емтихан алушылар бағалау үшін емтихандар енгізілетін болады.
§ 5.3. Мамандарды сертификаттау және лицензиялау
Интернатурадан кейін кейбір клиникалық мамандықтар бойынша, резидентурадан кейін сирек мамандықтар бойынша мамандардың өз бетімен клиникалық қызметке даярлығын анықтайтын сертификаттау рәсімдерін енгізу жоспарланып отыр. Сертификаттау таңдаған мамандығы бойынша емтихан тапсыруды көздейді. Оны енгізуге дайындау үшін:
1) шетелдік мамандарды тарта отырып, іске асырылатын білім беру бағдарламаларын сараптау және отандық мамандарды теориялық және клиникалық медицина бойынша тестілік тапсырмаларды әзірлеу технологияларына оқыту жүргізіледі;
2) негізгі клиникалық мамандықтар бойынша тестілік тапсырмалар банкі қалыптастырылады;
3) денсаулық сақтау саласы мамандарының білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау жүйесін енгізу үшін тәуелсіз емтихан алушылар ұйымы құрылатын болады.
Осы жүйені енгізу өз бетімен медициналық (клиникалық) қызметті жүзеге асыру үшін адамдардың даярлығын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасауға ықпал етеді.
Қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық және фармацевтикалық білім алған мамандардың білім деңгейі мен практикалық даярлығын бағалау кезінде тең жағдайлар жасау мақсатында біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың арнаулы сертификаттау курстары көзделетін болады.
Маман сертификаты медициналық қызметке лицензия алуға құқық беретін болады. Емтихан тапсыра отырып, қайта сертификаттау рәсімін әр 5 жылда өткізу жоспарланады.
Жұмыс орнына қарамастан, барлық мамандардың қызметін лицензиялау рәсімін енгізу көзделіп отыр.
§ 5.4. Тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, медициналық
білім беру ұйымдарын аккредиттеуді енгізу
Медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу - бұл олардың бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарды беру құқығы бар білім беру бағдарламаларының тізбесін белгілей отырып, типі мен түрі бойынша олардың мәртебесін мемлекеттің тануы. Бүкіл әлемде аккредиттеу тәуелсіз кәсіби ұйымдардың тарапынан жоғары оқу орнының сапалы білім беру қызметтерін көрсету қабілетін растауы деп түсіндіріледі. Біздің елімізде мемлекеттік аккредиттеу ғана бар.
Аккредиттеу жүйесін Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары дипломдарының танымдылығын қамтамасыз ететін білімнің сапасын бағалаудың халықаралық рәсімдерімен үйлестіру мақсатында халықаралық ұйымдарды қолдау кезінде бірінші кезеңде орталық азия өңірі медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеу жөніндегі орталықты құру бойынша жұмыстар басталады. Медициналық жоғары оқу орындарын аккредиттеуді жүзеге асыру үшін ДМБФ әзірлеген, медициналық білім берудің сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медицина кадрларын даярлаудың жаңа стандарттарын енгізу бұл үдерісті жеделдетуге мүмкіндік береді.
Мыналар көзделеді:
1) Дүниежүзілік медициналық білім федерациясы әзірлеген медициналық білім берудің сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес негізде аккредиттеуді енгізу;
2) орталық азия өңірі елдері үшін халықаралық аккредиттеу орталығын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.
§ 6. Оқыту үдерісінің жоғары нәтижелеріне жетуде білім
алушылар мен оқытушылардың уәждемесін көтеру
Біздің қоғамымызды дамытудың сапалы жаңа сатысына көшу жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысатын барлық адамдардың біліміне, біліктілігіне және шығармашылық белсенділігіне қойылатын талаптарды арттырады. Мемлекет оқытушылық қызметті ынталандыру, тек педагогикалық ғана емес, сондай-ақ ғылыми жұмыста да өзін белсенді көрсеткен жаңашылдарды қолдау бойынша да шаралар қабылдайды. Осы мақсатта:
1) жоғары оқу орны мен орта оқу орындары үздік оқытушылар мен жас ғалымдарды қолдау үшін бюджеттен тыс қаражат есебінен жеке гранттар тағайындайды;
2) жаңа білім беру технологияларын меңгеру үшін үздік педагогтар біліктілігін арттыруға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне жіберіледі;
3) қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу технологияларын меңгеріп, оларды оқу үдерісіне енгізу үшін үздік оқытушы-клиницистер біліктілігін арттыруға шетелге жіберіледі;
4) көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына байланысты жоғары оқу орындары мен колледждердің профессор-оқытушы құрамына сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілетін болады.
Сапалы білім алу медициналық білім беру ұйымында білім алатын әр студенттің мақсаты болады. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасайды, бірақ студенттің өзі де білім алудағы өзінің рөлін айқын сезінуі тиіс. Ол қажетті білімді, іскерлікті және қарым-қатынастарды меңгеруге мүдделі болуы тиіс. Студенттің құқығы оқытушыны таңдау, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына және оқытушының жұмысына баға беру болады. Студенттің жоғары оқу орнының, қаланың, елдің үздік студенті конкурсына қатысу құқығы болады. Үздік және жақсы үлгеретін студенттер бастысы Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы болатын атаулы стипендияларды алатын болады. Студенттер сапалы медициналық қызметтер көрсетілгені үшін өздері болашақта тиісті жалақы алатынын білуі тиіс. Қазіргі кезде дәрігердің орташа айлық жалақысы елімізде ең төмендерінің бірі болып табылады. Медицина қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру мақсатында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасы үшін қосымша ақы енгізу арқылы денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу жүйесі әзірленіп, енгізілетін болады.
Қазақстандық медициналық білім берудің мәртебесі мен беделін көтеру, медициналық және фармацевтикалық білімді кадрлар даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттік медицина академияларын университеттер етіп қайта ұйымдастыру жоспарланып отыр.
4. Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру кезеңдерi
Осы Тұжырымдаманың негізгі ережелері екі кезеңде іске асырылатын болады:
Бірінші кезеңде: (2006 - 2008 жылдар) мынадай іс-шаралар көзделетін болады:
медициналық білім беру саласындағы тиісті заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;
бакалавриат және магистратура, бастауыш және орта кәсіптік білім мамандықтарының жіктеушілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
халықаралық тәжірибені ескере отырып, әдіснамалық негіздер мен біліктілік талаптарын барабар жетілдіруді көздейтін медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу және енгізу;
медициналық білім беру ұйымдарында қабылдау мен оқуға қойылатын талаптарды көтеру;
білім сапасын бағалау рәсімдерінен оқу үдерісін бөлу;
медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқу құнын арттыру;
техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беруді енгізу;
жоғары арнаулы білімді (базалық медициналық білім - интернатура-резидентура), жоғары кәсіптік білімді (бакалавриат-магистратура-докторантура) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау моделіне көшу;
денсаулық сақтау саласының техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық, бикелік және фармацевтикалық білімді мамандарға қажеттілігін зерделеу үшін мониторинг жүргізу;
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы жекеменшік және алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру әдістемелерін әзірлеу, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;
білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу және СМЖ-ді сертификаттауға дайындау;
денсаулық сақтау және білім беру менеджерлерін даярлау, профессор-оқытушы құрамды (ПОҚ) жаңа білім беру технологияларына оқыту, оқытушылардың ел ішінде және шетелде біліктілігін арттыру;
медицина ұйымдарының ПОҚ-қа қойылатын талаптарды жоғарылату;
сараланған еңбекақы төлеуді енгізу жолымен ПОҚ еңбегін ынталандыру;
клиникалық дағдыларды меңгеру және бақылау жөніндегі оқу орталықтарын құру;
қазақстандық медициналық білім берудің мәртебесі мен беделін көтеру, медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында мемлекеттік медицина академияларын университет етіп қайта ұйымдастыру.
Екінші кезеңде (2009 - 2010 жылдар):
қолданыстағы стандарттар бойынша медициналық білім алған мамандар үшін біліктілікті арттыру мен қайта даярлау жүйесін әзірлеу және енгізу;
елдегі медициналық білім берудің жай-күйін шетелдік мамандардың тәуелсіз сараптамасын жүргізу;
тәуелсіз емтихан алушылар ұйымын құру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесін енгізу;
медициналық жоғары оқу орындарын халықаралық (орталық азия) аккредиттеу рәсімдерін енгізу;
магистрлік бағдарламалар бойынша оқуды таңдауды кеңейту;
ғылыми-оқу-өндірістік бірлестіктерді құру жолымен оқу-клиникалық орталықтарын медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарын ғылыми орталықтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен және практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ықпалдастыру;
қолданыстағы материалдық-техникалық базаны жаңарту, оқу үдерісін біріздендірілген бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, қашықтан оқыту әдістерін дамыту және енгізу.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде:
1) халықаралық тәжірибеге негізделген және саланың еңбек рыногында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың жаңа жүйесі құрылады;
2) денсаулық сақтау саласының кадрларға ұзақ мерзімді қажеттілігін анықтаудың ғылыми негізделген әдістемесі енгізіледі;
3) медицинаның ұдайы дамуының клиникалық аспектісін ескере отырып, медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы елеулі жақсарады және жаңартылады;
4) медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесі енгізілетін болады;
5) халықаралық сарапшыларды тарта отырып, медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу енгізіледі;
6) тәуелсіз емтихан алушылар ұйымы құрылады және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесі енгізіледі;
7) меншіктің әрқилы түрлері мен нысандарының білім беру ұйымдарының арасында ілеспе бәсеке және білім бағдарламалары мен оқу нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңейтіле отырып, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметтердің рыногы қалыптасатын болады.
Қорытынды
Осы Тұжырымдаманы іске асыру медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін серпінді дамытуға, перспективалы білім беру әдістемелерін әзірлеуге, сондай-ақ қазақстандық білімнің беделін көтеруге ықпал ететін болады. Білім беру үдерісіндегі түбірлі қайта құрулар оқыту деңгейін халықаралық стандарттарға жақындата отырып, медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте халыққа көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің көлемі мен сапасын арттыру негізінде саланың өзін дәйектілікпен ілгері дамыту мүмкін болады.
ҚР Үкіметінің 2009.08.07. № 1038 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 24 сәуірдегі
№ 317 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық
білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар | Қар- жы- лан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
2. | Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеушісіне, Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктеушісіне, өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі- нің бұй- рықтары | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2006 жылғы 2-тоқсан 2007 жылғы 2-тоқсан, 2009 жылғы 2-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
3. | Интернатура туралы ережені әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
4. | Жоғары медицина- лық білім беру ұйымдарының клиникалық база- лары туралы ережені әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
5. | Медициналық білім беру ұйым- дарына қабылдауға қойылатын талаптарды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орын- дарына қабылдау- дың типтік ере- жесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 наурыз- дағы № 247, Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына оқуға қабылдау- дың типтік ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 сәуір- дегі № 244 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі- нің бұйрықта- ры | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2006 жылғы мамыр, 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді |
|
6. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 312 бұйрығымен бекі- тілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді кадрлар- ды даярлауға арналған шығыс- тарды жоспарлау және бір студентті, аспирантты, клиникалық орди- наторды, магис- трантты оқытуға арналған шығыс- тарды жоспарлау ережесіне өзге- рістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2006 жылғы мамыр, 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді |
|
7. | Медициналық білім беру ұйым- дарының білікті- лікті арттыру факультеттерінің бір курсантын (тыңдаушысын) оқыту құнын есептеу ережесін әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы мамыр | Шығыстар көздел- мейді |
|
8. | Медицина колледждерінде бір білім алушы- ны оқыту құнын есептеу ережесін әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2007 жылғы 1-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
9. | Жоғары арнаулы медициналық білім (БМБ), денсаулық сақтау саласындағы бакалавриат мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2006 жылғы 2-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
|
10. | Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі медици- налық білім мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2007 жылғы 4-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
11. | Магистратура, резидентура мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бірлескен бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), БҒМ | 2007 жылғы 2-тоқсан | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
12. | Медицина кадрла- рының кәсіби құзыретінің деңгейіне қойы- латын жаңа талаптарды ескере отырып, медицина қызмет- керлерінің біліктілік сипаттамаларын әзірлеу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ (жинақ- тау), Еңбекми- ні, БҒМ | 2007 жылғы 4-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
13. | "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілде- дегі № 976 қау- лысына толықты- рулар мен өзге- рістер енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ | 2007 жылғы 3-тоқсан | Шығыстар көздел- мейді |
|
14. | Қолданыстағы стандарттар бойынша медици- налық білім алған мамандар үшін біліктілік- ті арттыру және қайта даярлау жүйесін енгізу | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2009-2010 жылдар | Шығыстар көздел- мейді |
|
15. | Шетелдік маман- дарды шақыра отырып, прекли- никалық және клиникалық пән- дердің оқытушы- ларын жаңа білім беру технология- ларына және шетелдерде оқыту | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2006-2010 жылдар | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
16. | Халықаралық талаптарға сәй- кес мамандардың даярлық сапасына тәуелсіз бақылау жүргізу және сертификаттау үшін тест сұрақ- тары банкін жасау және жетілдіру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ДСМ | Жыл сайын 25 қаңтар, 25 шілде | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
17. | Республикалық медициналық білім беру ұйымдарының преклиникалық пәндері кафедра- ларын жарақтан- дыру | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2006-2008 жылдар | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
18. | Республикалық медициналық білім беру ұйым- дарының клини- калық кафедра- ларын жарақтан- дыру | Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрі- нің бұйрығы | ДСМ | 2008-2010 жылдар | Қазақстан Республи- касының денсаулық сақтау ісін реформа- лау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет- тік іске асыру шеңберін- де бөлінген қаражат шегінде |
|
19. | Мемлекеттік медицина акаде- мияларын медици- на университет- тері етіп қайта ұйымдастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысы- ның жобасы | ДСМ | 2008 жылғы 4-тоқсан | Бюджеттен тыс қаражат есебінен |
|
ЕСКЕРТПЕ:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ДМБФ - Дүниежүзілік медициналық білім федерациясы;
ҰБТ - Ұлттық бірыңғай тестілеу;
БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
БМБ - Базалық медициналық білім;
ҮКД - үздіксіз кәсіби даму;
СМЖ - сапа менеджменті жүйесі;
ПОҚ - профессор-оқытушылар құрамы.