Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 11 маусымдағы № 797 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2001 ж. 13.06.01 ж. № 518; 20.12.02 ж. № 1336;

04.03.04 ж. № 272; 2005.28.01 № 73 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Мұрағат iсi саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 03.04.04 ж. № 272 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет , ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 11 маусымдағы

№ 797 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың

2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Паспорт
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi 
6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi 
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
 
 

1. Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың

2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 05.13.02 ж. № 518; 20.12.02 ж. № 1336 (бұр. ред. қара); 04.03.04 ж. № 272 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді

     Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
     атауы             2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
 
     Бағдарламаны      "Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың
     әзiрлеу үшiн      2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
     негiздеме         Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы
                       26 қаңтардағы № 146  қаулысы
 
     Бағдарламаны      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
     негiзгi           қоғамдық келісім министрлігі;
     әзiрлеушiлер      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
                       қоғамдық келісім министрлігінiң Мұрағаттар мен
                       құжаттаманы басқару жөніндегі комитетi
 
     Iске асырылу      2001-2005 жылдар
     мерзiмi
 
     Бағдарламаның     Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытуды
     мақсаты           және жетiлдiрудi қамтамасыз ету
 
     Бағдарламаның     Мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн
     мiндеттерi        жасау, оны нарықтық экономика жағдайына бейiмдеу
                       Ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, іздестiру
                       және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру
                       Саланың материалдық-техникалық базасын дамыту
 
     Негiзгi           Қазақстан Республикасы Мәдениет,     
     iс-шараларды      ақпарат  және  спорт  министрлігі.   
     орындаушылар      Қазақстан  Республикасы  Мәдениет,   
                         ақпарат  және  спорт   министрлігінiң
                         Ақпарат және мұрағат комитетi.       
 
     Қаржыландыру      Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көзi
     көзi және көлемi  республикалық бюджет болып табылады.
                       Бағдарламаны іске асыру үшiн 2002-2005 жылдарға
                       бюджет қаражатына ең төменгi есептiк қажеттiлiк
                       112,47 миллион теңгенi құрайды. Оның жыл сайынғы
                       көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет
                       туралы Қазақстан Республикасы Заңымен нақтыланатын
                       болады. Халықаралық ұйымдардың гранттық көмегiн
                       тарту көзделедi.
 
     Күтiлетiн түпкi   Мұрағат саласының қызметiн жетiлдiру; мемлекеттік
     нәтиже            мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына
                       бейiмделуiн аяқтау; мемлекеттік мұрағаттардың
                       материалдық-техникалық базасын жаңарту және оларды
                       қазiргi стандартқа жақындату
 

2. Кiрiспе

Мемлекеттік тетiктiң жұмыс iстеуiнiң бұлжымас шарттарының бiрi оны ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мұратты орындауда мұрағат ісi және құжат жасау маңызды орынға ие болады. Мұрағаттар қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік органдарға өткендi шолатын құжаттық ақпаратты оңтайлы түрде және көлемде пайдалануға бередi.

Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 26 қаңтардағы № 146 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

Бағдарламаны әзiрлеу мұрағат саласындағы қазiргi ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастарды жетiлдiру мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңалау халықаралық мұрағат ұйымдарында Қазақстанның беделiн көтеру қажеттiлiктерiнен туындады.

Бағдарламада құжаттық мұраны қалыптастыру мен сақтауда салааралық сипаты бар мұрағат iсiн дамытудың әлемдiк практикасының тәжiрибесi мен қазiргi үрдiстерi ескерiлген.

Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру жөніндегі iс-шаралар "Қазақстан-2030" стратегиясымен анықталған елiмiздiң рухани және мәдени дамуының мақсаттары мен мiндеттерiне жауап бередi.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

Мұрағат ісiнiң қазiргi жағдайына бiрқатар келеңсiз факторлар әсер етуде. Олардың ішiнде, ең алдымен, мұрағат саласының нормативтiк құқықтық базасының толық еместiгiн, қаржыландыру практикасының қажеттi мөлшерiнiң ең төменгi деңгейде екендiгiн атап өту қажет.

Қазақстан Республикасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы барлық ұйымдарда құжаттау мен құжаттама басқарудың көптеген мәселелерi құқықтық регламенттеу мен ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi, мемлекеттік органдар үшiн бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құруды, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, оларды материалдық-техникалық, қаржымен және кадрмен қамтамасыз етудi талап етедi.

Мемлекеттік сақтауға түскен ақпараттардың өсуi мен саланың кадрлық әлеует динамикасының арасында сәйкессiздiк байқалады. Соның iшiнде, тәуелсiздiк алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары екi есеге ұлғайып, iстер 16 миллионға дейiн жеткен кезде, мемлекеттік мұрағат мекемелеріндегі штаттар саны екi есеге жуық, яғни, мамандар 1905-тен 1093-ке дейiн қысқарды. Мемлекеттік органдар құрылымына бiрнеше рет оңтайландыру жүргiзiлген кезде, құралған және сақтауда тұрған құжаттар көлемi азаймағанына қарамастан, көбiнесе iс жүргiзу және мұрағат саласындағы қызметкерлер қысқартуға ұшырайды.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы моральдық және материалдық жағынан тозған, қазiргi стандартқа сай емес. Ұзақ уақыттан берi республиканың орталық мемлекеттік мұрағаттарында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаттарында сақталған істер мен құжаттардың көлемi шектi мөлшерден едәуiр асады. Республикада жиырма жылдан астам уақыт iшiнде мемлекеттік мұрағаттың үлгiлiк ғимараттары салынбаған, ал әкiмшiлiк ғимараттарды жобалау кезiнде құжаттарды ведомстволық сақтау үшiн арнайы үй-жайлар ескерiлмейдi. Осы уақытқа дейiн Алматы облысының, Астана қаласының мемлекеттік мұрағаттарының жеке ғимараттары жоқ, барлық қалалық, аудандық мұрағаттар бейiмделген үйлерге орналасқан, Көкшетау қалалық мұрағатының ғимараты апатты жағдайда деп танылған.

Мұрағаттарды қазiргi өрт сөндiру, күзет және өртке қарсы сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету қолайсыз жағдайда қалып келедi. Тозығы жеткен технологиялық жабдықтар және тиiстi қаржының бөлiнбеуi құжаттарды сақтауды қолайлы температуралық-ылғалдылық режимде ұстауға, олардың физикалық-химиялық сақталуын тиiстi деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Осындай себептерден Ұлттық мұрағат қорының неғұрлым құнды бөлiктерiнiң түпнұсқаларын жоғалудан немесе бүлiнуден сақтау үшiн сақтық көшiрмелеу, сақталу көлемiн ықшамдау мақсатында құжаттарды осы заманғы жеткізушi құралдарға көшiру мәселелерi жүзеге асырылмай отыр. Жеке меншiкте және жеке мұрағаттарда, сондай-ақ басқа елдердiң мұрағаттарындағы ғылыми-тарихи және мәдени құндылықтары бар құжаттарды (көшiрмелерiн) сатып алу мүмкiндiгi жоқ.

Компьютерлiк мұрағаттық технологияны, мемлекеттік мұрағаттарды компьютерлендiрудi енгізу қазiргi заманғы қажеттiлiктен артта қалған, бүгiнгi күнi 226 мекемеде тек 160 компьютер ғана есепте бар.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамыту және жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламада қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделген:

мұрағат ісi мен құжаттама жүйесiн дамытуды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

нарықтық экономика жағдайында мұрағат iсiн дамытудың және мұрағат саласының жұмыс істеуiнiң оңтайлы моделiн жасау;

ақпараттық ресурстарды жинақтау, жүйелеу, iздестiру мен пайдаланудың қазiргi заманғы тетiгiн құру;

мұрағат саласының материалдық-техникалық базасын дамыту.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi

Бағдарламада қойылған мақсат пен мiндеттердi орындау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүреді.

1. Нормативтiк құқықтық базаны дамыту.

2001-2005 жылдары мұрағат ісiнiң нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiледi. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика жағдайынан туындайтын неғұрлым маңызды проблемаларды шешуге бағытталған мұрағат iсiнде жаңа ағымдар пайда болуы мен технологиялар әкелуге ықпал жасайтын негiз қалаушы нормативтiк құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудi әзiрлеу көзделедi.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ~Z980326 Заңына, "Ұлттық мұрағат қоры туралы ~P991538 ережеге, мұрағат құжаттарына меншiк құқығын, құжаттың жаңа түрлерiн, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және пайдалану мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды мемлекеттік есепке алу, ережелерiне және құжаттардың сақталу мерзiмiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделедi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттік сақтық қоры туралы, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары шығарудың тәртібі туралы ережелердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттама басқарудың үлгiлiк ережесін, Ведомстволық мұрағаттарда жұмыс істеудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу көзделуде.

2. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттама басқарудың уәкiлеттi мемлекеттік органдарының, мұрағаттар мен құжаттама басқарудың жергiлiктi уәкiлетті мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мұрағаттардың қызметi мұрағат ісi бойынша негiзгi нормативтiк құқықтық кесiмдердi іске асыруға жәрдемдесетiн ғылыми-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеуге бағытталады. Алда дыбыстық-бейнелiк, электрондық, ғылыми-техникалық құжаттамалармен жұмыс істеудiң әдiстемелiк құралдарын дайындау, мұрағат ұйымдарының қызметіндегі ұйымдық-өкiмдiк құжаттамалардың мемлекеттік стандарттарын, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтаудың техникалық шарттарын әзiрлеу мiндетi тұр. Мұрағат құжаттарын сипаттау, іздеу, есепке алу жөнiнде және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жасауда халықаралық стандарттарды зерттеп бiлу және енгізу ұйымдастырылады. Бiрыңғай электрондық құжаттама айналымының жүйесiне көшуге байланысты құжаттармен жұмыс жасаудың мүлде жаңа технологиясының бiрқатарын әзiрлеу мiндетi алда тұр.

3. Материалдық-техникалық жарақтау және кадрмен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және мұрағат мекемелерiнiң қызметкерлерiн даярлау (қайта даярлау) жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Құжаттық тарихи-мәдени мұраның қауiпсiз және ұзақ сақталуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар мен параметрлер құру үшiн өрт сигнализациясының заманға сай жүйесi мен өрт сөндiру құралдарын қондыру, микроклимат жасау, сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимiн бақылау құралы орнатылады. Стеллаждық, микрофильм мен фотокөшiрме жасау жабдықтарын сатып алу және iшiнара ауыстыру көзделуде.

Мемлекеттік мұрағаттардың қажетiн қосымша мұрағат қоймалары мен компьютерлiк техникалар арқылы қанағаттандыру көзделедi.

Отандық жоғарғы оқу орындарында, мемлекетаралық және республикалық орталықтарда кадрларды даярлау, мұрағат және іс жүргiзу қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн көтеру мемлекеттік мұрағаттардың қалыпты жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған.

4. Мұрағат ісiн ақпараттандыру және құжаттама жүргiзу.

Бұл бағыт мұрағат ісiн дамытуда басымдыққа айналады. "Мұрағат ісi" бағдарламалық кешенiнiң негiзiнде "Республикалық қор тiзiмдемесi" ақпараттық дерекқорын құру аяқталады. Мұрағат ісi тәжiрибесiнде автоматтандырылған технологияны жан-жақты енгізу мақсатында мұрағат қорларына автоматтандырылған ғылыми-анықтамалық аппаратты құру жөнiнде жұмысты жандандыру, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi кезеңіндегі "Ұлттық мұрағат қорының дерек көздерiн жинақтаудың" республикалық және жергiлiктi дерекқорларын бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасау жөніндегі жұмыстар өрiстетiлетiн болады. Қазақстан тарихына қатысты бiрегей жазба дереккөздердi сақтау, сақтаудағы құжаттамалар көлемiн ықшамдау үшiн құжаттарды жаңа жеткізушiлерге көшiру, өше бастаған мәтiндердi қайта қалпына келтiру бойынша жаңа мұрағаттық технологиялар енгiзiле бастайды. Интернет жүйесiнде жеке сайт әзiрлеу және оны ашу жоспарланады. Мемлекеттік органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымын құруға қатысу, оны сынақтан өткізу көзделедi.

5. Мұрағат құжаттарын пайдалану.

Мұрағат мекемелерiнiң қызметiнде мемлекет пен қоғамды өткендi шолатын құжаттық ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпараттық қызмет рыногiнiң сұранысына негiзделген дәстүрлi және жаңа нысандар мен әдiстерге негiзделедi. Мемлекеттік органдардың iшкi және сыртқы саясаттың өзектi мәселелерi жөніндегі мұрағаттық ақпаратқа қажеттерiн қанағаттандыруға, тарихи ғылымның дереккөздер базасын кеңейтуге басты назар аударылады.

Бұрынғы құпия мұрағат құжаттарын құпиясыздандыруды аяқтау, тарихи деректердi жоспарлы түрде жариялау, тұрақты және көшпелi көрмелер ұйымдастыру жоспарланады. Қазақстан Республикасы үшiн тарихи және мәдени құндылықтарға ие шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан құжаттарды (көшiрмелердi) іздестiру және сатып алу жөнiнде шаралар жүзеге асырылады. Бағдарламаның қойылған мақсаттары мен мiндеттерiн орындау кезең-кезеңiмен мемлекеттік бюджеттiң материалдық мүмкiндiктерi шегiнде және бiрiншi кезекте ескерiле отырып, жүзеге асырылады.

6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

ҚР Үкіметінің 05.13.02 ж. № 518; 20.12.02 ж. № 1336 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6 бөлім өзгертілді

Бағдарлама мақсаттарына жетуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетпен бекітілген қаражат шегiнде жүзеге асырылуға тиiс. 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруға ең төменгi есептiк қажеттiлiк 112,47 миллион теңгенi құрайды, соның iшiнде жылдар бойынша:

2002 - 22,47 млн. теңге;

2003 - 34 млн. теңге;

2004 - 34 млн. теңге;

2005 - 22 млн. теңге.

Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған бюджет заңнамасын қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже

Бағдарламаны iске асыру:

мұрағат саласы жұмыс істеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын кеңейтуге;

есеп жүргiзу, сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттік мұрағаттық мекемелер, ведомстволық және жекеменшiк мұрағаттардың қызметiнiң нормативтерi мен стандарттарын әзiрлеуге;

мұрағат ісiн дамытудың басымдықты бағыттарын мақсатты қаржыландыруды жүзеге асыруға;

мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарды материалдық-техникалық жарақтауды жақсартуға және оны қазiргi стандарттарға жақындатуға;

республикалық мемлекеттік мұрағаттарда (Алматы қаласында), сақтауда тұрған мұрағат қорының бiрегей бөлiгiн сақтау үшiн оңтайлы жағдайды қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасына байланысты шет мемлекеттердiң мұрағаттарынан ғылыми-тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды (көшiрмелерiн) iздестiру және сатып алу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға кiрiсуге;

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамын және мазмұнын байытуға;

автоматтандырылған жаңа мұрағаттық технологияларды әзiрлеуге және енгізуге;

сақтауда тұрған құжаттама көлемiн ықшамдауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының аса құнды бөлiгiнiң құжаттарын сақтық көшiрмелеудi жаңа жеткізушiге көшiру арқылы жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Жалпы алғанда, Бағдарламаны iске асыру мемлекеттік мұрағат мекемелерiнiң нарықтық экономика жағдайына бейiмделу процесiн аяқтауға, 2006 жылы шамамен 17,5 миллион iске дейiн жететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының сақталуын жақсартуға жеткізеді. Бағдарламаға сәйкес жұмыс істеп тұрған мұрағат қоймаларын кеңейту және жаңа мұрағат қоймаларын салу Ұлттық мұрағат қоры мен қызметкерлердiң еңбек қызметi мен олардың зейнетақымен қамсыздандыруға ақша аударуы жөніндегі резервтiк алаңдар жасауға мүмкiндiк туғызады.

8. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005

жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

ҚР Үкіметінің 05.13.02 ж. № 518 қаулысымен 8 бөлім өзгертілді; ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1336 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8 бөлім жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) 8 бөлім өзгертілді

8. Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың

2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын

iске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

┌───┬──────────────┬─────────┬───────────┬───────┬─────────┬───────┐
│Р/с│   Іс-шара    │ Аяқтау  │Орындалуына│Орындау├Қаржылан-│ Көзі  │
│ N │              │ нысаны  │жауаптылар │мерзімі│дырудың  │       │
│   │              │         │           │       │болжамды │       │
│   │              │         │           │       │шығыстары│       │
├───┼──────────────┼─────────┼───────────┼───────┼─────────┼───────┤
│ 1 │     2        │    3    │     4     │   5   │     6   │    7  │
├───┼──────────────┼─────────┼───────────┼───────┼─────────┼───────┤
│1. ├Қазақстан Рес-├Қазақстан├Қазақстан  │2001   │    -    │       │
│   │публикасы Ұлт-│Республи-│Республика-│жылдың │         │       │
│   │тық мұрағат   │касының  │сы Мәдени- │IV     │         │       │
│   │қорының құжат-│Үкіметі  │ет, ақпарат│тоқсаны│         │       │
│   │тар көшірмеле-│қаулысы- │және қоғам-│       │         │       │
│   │рінің Мемле-  │ның      │дық келісім│       │         │       │
│   │кеттік сақтан-│жобасы   │министрлі- │       │         │       │
│   │дыру қоры ту- │         │гінің Мұра-│       │         │       │
│   │ралы ережені  │         │ғаттар мен │       │         │       │
│   │әзірлеу       │         │құжаттаманы│       │         │       │
│   │              │         │басқару    │       │         │       │
│   │              │         │жөніндегі  │       │         │       │
│   │              │         │комитеті   │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│2. ├Қазақстан Рес-│Бұйрық   │Мұрағаттар │2001   │    -    │       │
│   │публикасының  │         │мен құжат- │жылдың │         │       │
│   │мемлекеттік   │         │таманы бас-│ІІІ    │         │       │
│   │ұйымдарында   │         │қару жөнін-│тоқсаны│         │       │
│   │құжаттаудың   │         │дегі коми- │       │         │       │
│   │және құжатта- │         │теті       │       │         │       │
│   │маны басқару- │         │           │       │         │       │
│   │дың үлгi      │         │           │       │         │       │
│   │ережесін      │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│3. │Ұлттық мұрағат├Қазақстан│Мұрағаттар │2004   │    -    │       │
│   │қорының құжат-│Республи-│мен құжат- │ж. I   │         │       │
│   │тарын Қазақ-  │касының  │таманы     │тоқсан │         │       │
│   │стан Республи-│Үкіметі  │басқару    │       │         │       │
│   │касынан тысқа-│қаулысы- │жөніндегі  │       │         │       │
│   │ры жерге әкету│ның      │комитет    │       │         │       │
│   │тәртібі туралы│жобасы   │           │       │         │       │
│   │eреженi       │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│4. ├Қазақстан Рес-│Бұйрық   │Мұрағаттар │2001   │    -    │       │
│   │публикасы Ұлт-│         │мен құжат- │жылдың │         │       │
│   │тық мұрағат   │         │таманы     │IV     │         │       │
│   │қорының мұра- │         │басқару    │тоқсаны│         │       │
│   │ғаттық қорла- │         │жөніндегі  │       │         │       │
│   │рын және      │         │комитет    │       │         │       │
│   │құжаттарын    │         │           │       │         │       │
│   │аса құнды     │         │           │       │         │       │
│   │тарихи-мәдени │         │           │       │         │       │
│   │мұра объектi- │         │           │       │         │       │
│   │лерiне жат-   │         │           │       │         │       │
│   │қызу тәртібі  │         │           │       │         │       │
│   │туралы eреженi│         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│5. ├Қазақстан Рес-│Бұйрық   │Ақпарат    │2001 ж.│     -   │       │
│   │публикасы Ұлт-│         │және       │2005 ж.│         │       │
│   │тық мұрағат   │         │мұрағат    │       │         │       │
│   │қорының құжат-│         │комитетi   │       │         │       │
│   │тарын құжаттау│         │           │       │         │       │
│   │сақтау, өңдеу,│         │           │       │         │       │
│   │есепке алу мен│         │           │       │         │       │
│   │пайдалану жө- │         │           │       │         │       │
│   │ніндегі мемле-│         │           │       │         │       │
│   │кеттiк, салалы│         │           │       │         │       │
│   │стандарттар,  │         │           │       │         │       │
│   │техникалық ша-│         │           │       │         │       │
│   │рттар  әзiрлеу│         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│6. │Ведомстволық  │Норматив-│Мұрағаттар │2001   │    -    │       │
│   │мұрағаттарда  │тік      │мен құжат- │жылдың │         │       │
│   │жұмыс iстеудiң│құқықтық │таманы     │IV     │         │       │
│   │негiзгi       │кесім    │басқару    │тоқсаны│         │       │
│   │ережелерiн    │         │жөніндегі  │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │комитет    │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│7. │Мемлекеттік   │Бұйрық   │Мұрағаттар │2001   │    -    │       │
│   │ұйымдардың    │         │мен құжат- │жылдың │         │       │
│   │қызметiнде    │         │таманы     │IV     │         │       │
│   │құралатын     │         │басқару    │тоқсаны│         │       │
│   │үлгі құжаттар-│         │жөніндегі  │       │         │       │
│   │дың, оларды   │         │комитет    │       │         │       │
│   │сақтаудың     │         │           │       │         │       │
│   │мерзiмдерi    │         │           │       │         │       │
│   │көрсетiлген   │         │           │       │         │       │
│   │тiзбесiн      │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│8. │Мемлекеттік   │Норматив-│Мұрағаттар │2002   │    -    │       │
│   │мұрағаттардың │тік      │мен құжат- │жылдың │         │       │
│   │сақтап отырған│құқықтық │таманы     │IІ     │         │       │
│   │құжаттарының  │кесім    │басқару    │тоқсаны│         │       │
│   │көлемiне қарай│         │жөніндегі  │       │         │       │
│   │қызметкерлерi │         │комитет    │       │         │       │
│   │штаттық саны- │         │           │       │         │       │
│   │ның норматив- │         │           │       │         │       │
│   │терiн әзiрлеу │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│9. │Саланы қазiргi├Қазақстан├Қазақстан  │Жыл    │2002 ж. -│Респуб-│
│   │заманғы өрт   │Республи-│Республика-│сайын  │8,37 млн-│ликалық│
│   │сөндiру, өрт  │касының  │сы Мәдени- │желтоқ-│теңге    │бюджет │
│   │және күзет    │Үкіметіне│ет, ақпарат│сан    │2003 ж. -│       │
│   │дабыл бергiш- │есеп     │және спорт │       │10,9 млн-│       │
│   │терi, темпе-  │         │министрлi  │       │теңге    │       │
│   │ратуралық-    │         │гi, Ақпарат│       │2004 ж. -│       │
│   │ылғалдылық    │         │және       │       │12,6 млн-│       │
│   │режимдерiн    │         │мұрағат    │       │теңге    │       │
│   │бақылау және  │         │комитетi   │       │2005 ж.  │       │
│   │сақтау, оның  │         │           │       │4,8 млн- │       │
│   │iшiнде конди- │         │           │       │теңге    │       │
│   │ционер және   │         │           │       │         │       │
│   │желдеткiш     │         │           │       │         │       │
│   │жүйелерiмен   │         │           │       │         │       │
│   │және құралда- │         │           │       │         │       │
│   │рымен;        │         │           │       │         │       │
│   │көшiргiш-     │         │           │       │         │       │
│   │көбейткiш     │         │           │       │         │       │
│   │және микро-   │         │           │       │         │       │
│   │фильмдейтiн   │         │           │       │         │       │
│   │техникамен,   │         │           │       │         │       │
│   │стеллаж жаб-  │         │           │       │         │       │
│   │дығымен жарақ-│         │           │       │         │       │
│   │тауды ұйымдас-│         │           │       │         │       │
│   │тыру          │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│10.├Қазақстан Рес-├Қазақстан├Қазақстан  │2001 ж-│2002 ж. -│Респуб-│
│   │публикасы Ұлт-│Республи-│Республика-│-2005 ж│ 2,0 млн-│ликалық│
│   │тық мұрағат   │касының  │сы Мәдени- │IV тоқ-│теңге    │бюджет │
│   │қорының құжат-│Үкіметіне│ет, ақпарат│саны   │2003 ж. -│       │
│   │тар көшірмеле-│есеп     │және спорт │       │1,5 млн- │       │
│   │рінің Мемле-  │         │министрлi  │       │теңге    │       │
│   │кеттік сақтан-│         │гi, Ақпарат│       │2004 ж. -│       │
│   │дыру қорын    │         │және       │       │2,5 млн- │       │
│   │құру          │         │мұрағат    │       │теңге    │       │
│   │              │         │комитетi   │       │2005 ж. -│       │
│   │              │         │           │       │2,5 млн- │       │
│   │              │         │           │       │теңге    │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│11.│Мәтiнi өшуге  ├Қазақстан├Қазақстан  │2002 ж.│    -    │       │
│   │айналған құ-  │Республи-│Республика-│-2005 ж│         │       │
│   │жаттарды қал- │касының  │сы Мәдени- │IV     │         │       │
│   │пына келтiру  │Үкіметіне│ет, ақпарат│тоқсаны│         │       │
│   │және жаңа     │есеп     │және спорт │       │         │       │
│   │жеткізушiдегi │         │министрлi  │       │         │       │
│   │аса құнды құ- │         │гi, Ақпарат│       │         │       │
│   │жаттардың сақ-│         │және       │       │         │       │
│   │тандыру қорын │         │мұрағат    │       │         │       │
│   │жасау жөнiндег│         │комитетi   │       │         │       │
│   │компьютерлiк  │         │           │       │         │       │
│   │технологиялард│         │           │       │         │       │
│   │енгізудi жүзег│         │           │       │         │       │
│   │асыру         │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│12.├Қазақстан     │Бұйрық   │Ақпарат    │2005   │    -    │       │
│   │Республикасы- │         │және       │жылдың │         │       │
│   │ның тәуелсiз- │         │мұрағат    │І      │         │       │
│   │дiгi кезеңiн- │         │комитетi   │тоқсаны│         │       │
│   │дегi мемлекет-│         │           │       │         │       │
│   │тiк мұрағат-  │         │           │       │         │       │
│   │тардың жүйелi │         │           │       │         │       │
│   │тiзiмдемеле-  │         │           │       │         │       │
│   │рiне құжатты  │         │           │       │         │       │
│   │ақпараттарды  │         │           │       │         │       │
│   │жiктеу        │         │           │       │         │       │
│   │схемасын      │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│13.├Қызметiнiң    ├Қазақстан│Ақпарат    │2001 ж.│    -    │       │
│   │негiзгi       │Республи-│және       │-2005 ж│         │       │
│   │бағыттары     │касының  │мұрағат    │IV     │         │       │
│   │бойынша авто- │Үкіметіне│комитетi   │тоқсаны│         │       │
│   │маттандырылған│есеп     │           │       │         │       │
│   │мұрағатты тех-│         │           │       │         │       │
│   │нологияларды  │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу және  │         │           │       │         │       │
│   │енгізу:       │         │           │       │         │       │
│   │электронды    │         │           │       │         │       │
│   │құжат айна-   │         │           │       │         │       │
│   │лымын ұйымдас-│         │           │       │         │       │
│   │тыру;         │         │           │       │         │       │
│   │мұрағат қор-  │         │           │       │         │       │
│   │ларын есепке  │         │           │       │         │       │
│   │алу;          │         │           │       │         │       │
│   │құжаттардың   │         │           │       │         │       │
│   │физикалық     │         │           │       │         │       │
│   │сақталуын     │         │           │       │         │       │
│   │қамтамасыз    │         │           │       │         │       │
│   │етудi бақылау;│         │           │       │         │       │
│   │мұрағаттық    │         │           │       │         │       │
│   │құжаттарды    │         │           │       │         │       │
│   │пайдалануды   │         │           │       │         │       │
│   │есепке алу;   │         │           │       │         │       │
│   │жинақтау      │         │           │       │         │       │
│   │көздерi       │         │           │       │         │       │
│   │мекемелерiнiң │         │           │       │         │       │
│   │тiзiмiн       │         │           │       │         │       │
│   │жүргiзу;      │         │           │       │         │       │
│   │ғылыми-анық-  │         │           │       │         │       │
│   │тамалық       │         │           │       │         │       │
│   │аппарат       │         │           │       │         │       │
│   │жүргiзу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│14.│Мұрағат       │Бұйрық   │Мұрағаттар │2001   │2002 ж. -│Респуб-│
│   │қызметiнiң WEB│         │мен        │жылдың │0,5 млн- │ликалық│
│   │-парағын      │         │құжаттаманы│IV     │теңге    │бюджет │
│   │дайындау      │         │басқару    │тоқсаны│2004 ж. -│       │
│   │              │         │жөніндегі  │       │0,5 млн- │       │
│   │              │         │комитет    │       │теңге    │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│15.│Шетел мемлеке-├Қазақстан├Қазақстан  │Жыл    │2002 ж. -│Респуб-│
│   │ттерiнiң мұра-│Республи-│Республика-│сайын  │9,2 млн- │ликалық│
│   │ғаттарынан    │касының  │сы Мәдени- │       │теңге    │бюджет │
│   ├Қазақстан Рес-│Үкіметіне│ет, ақпарат│       │2003 ж. -│       │
│   │публикасы үшiн│есеп     │және спорт │       │8,8 млн- │       │
│   │тарихи және   │         │министрлi  │       │теңге    │       │
│   │мәдени құнды- │         │гi, Ақпарат│       │2004 ж. -│       │
│   │лығы бар құжат│         │және       │       │12,0 млн-│       │
│   │тарды (көшiрме│         │мұрағат    │       │2005 ж. -│       │
│   │лерiн) iздестi│         │комитетi   │       │9,5 млн- │       │
│   │ру мен сатып  │         │           │       │теңге    │       │
│   │алу жөніндегі │         │           │       │         │       │
│   │шараларды     │         │           │       │         │       │
│   │жүзеге асыру  │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│16.│Жаңа жеткізу- │ Бұйрық  ├Қазақстан  │ 2001 -│2003 ж- -│Респуб-│
│   │шiлерге дыбыс-│         │Республика-│ 2005  │11,5 млн-│ликалық│
│   │тық-бейнелiк  │         │сы Мәдени- │ жж-   │2004 ж. -│бюджет │
│   │құжаттамаларды│         │ет, ақпарат│       │3,6 млн- │       │
│   │көшiру жөнiн- │         │және спорт │       │теңге    │       │
│   │дегi ұйымдас- │         │министрлi  │       │2005 ж. -│       │
│   │тырушылық-    │         │гi, Ақпарат│       │3,2 млн- │       │
│   │техникалық iс │         │және       │       │теңге    │       │
│   │-шараларды    │         │мұрағат    │       │         │       │
│   │iске асыруға  │         │комитетi   │       │         │       │
│   │кiрiсу        │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│17.├Құжаттарды,   │Бұйрық   │Ақпарат    │2002 - │    -    │       │
│   │мемлекеттік   │         │және       │2005   │         │       │
│   │оның iшiнде   │         │мұрағат    │жж-    │         │       │
│   │электронды    │         │комитетi   │       │         │       │
│   │жеткiзгiштерде│         │           │       │         │       │
│   │сақтауға iрiк-│         │           │       │         │       │
│   │теудiң теория-│         │           │       │         │       │
│   │сы мен практи-│         │           │       │         │       │
│   │касы бойынша  │         │           │       │         │       │
│   │әдiстемелiк   │         │           │       │         │       │
│   │құралдар      │         │           │       │         │       │
│   │әзiрлеу       │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│18.│Республикалық ├Қазақстан│Ақпарат    │Жыл    │2002 ж. -│Респуб-│
│   │және аймақтық │Республи-│және       │сайын  │2,4 млн- │ликалық│
│   │ғылыми-       │касының  │мұрағат    │желтоқ-│теңге    │бюджет │
│   │практикалық   │Үкіметіне│комитетi   │сан    │2003 ж. -│       │
│   │конференция-  │есеп     │           │       │0,8 млн- │       │
│   │лар, семинар- │         │           │       │теңге    │       │
│   │лар, көрмелер │         │           │       │2004 ж. -│       │
│   │өткізудi      │         │           │       │1,5 млн- │       │
│   │ұйымдастыру   │         │           │       │теңге    │       │
│   │              │         │           │       │2005 ж. -│       │
│   │              │         │           │       │0,8 млн- │       │
│   │              │         │           │       │теңге    │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│19.│Мұрағат iсi,  ├Қазақстан├Қазақстан  │Жыл    │2003 ж. -│Респуб-│
│   │құжаттану және│Республи-│Республика-│сайын  │0,5 млн- │ликалық│
│   │археография   │касының  │сы Мәдени- │желтоқ-│теңге    │бюджет │
│   │саласында     │Үкіметіне│ет, ақпарат│сан    │2004 ж. -│       │
│   │мамандар      │есеп     │және спорт │       │1,3 млн- │       │
│   │даярлауды,    │         │министрлi  │       │теңге    │       │
│   │мемлекеттік   │         │гi, Ақпарат│       │2005 ж. -│       │
│   │мұрағаттардың,│         │және       │       │1,2 млн- │       │
│   │ұйымдардың    │         │мұрағат    │       │теңге    │       │
│   │мұрағаттық    │         │комитетi   │       │         │       │
│   │және iс       │         │           │       │         │       │
│   │жүргiзу қызмет│         │           │       │         │       │
│   │қызметкерлер- │         │           │       │         │       │
│   │iнiң біліктi- │         │           │       │         │       │
│   │лiгiн артты-  │         │           │       │         │       │
│   │руды Қазақстан│         │           │       │         │       │
│   │Республикасыны│         │           │       │         │       │
│   │жоғары оқу    │         │           │       │         │       │
│   │орындары,     │         │           │       │         │       │
│   │ғылыми орта-  │         │           │       │         │       │
│   │лықтары арқылы│         │           │       │         │       │
│   │ұйымдастыру   │         │           │       │         │       │
│   │              │         │           │       │         │       │
│20.│Мұрағат iсi   ├Қазақстан│Ақпарат    │2001 ж.│    -    │       │
│   │саласындағы   │Республи-│және       │-2005 ж│         │       │
│   │халықаралық   │касының  │мұрағат    │IV     │         │       │
│   │ынтымақтастық │Үкіметіне│комитетi   │тоқсаны│         │       │
│   │жөніндегі     │есеп     │           │       │         │       │
│   │шарттар мен   │         │           │       │         │       │
│   │келісімдердi  │         │           │       │         │       │
│   │iске асыруды  │         │           │       │         │       │
│   │жалғастыру    │         │           │       │         │       │
└───┴──────────────┴─────────┴───────────┴───────┴─────────┴───────┘