“Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 Қаулысы
(2006.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.26.08. № 883 қаулысымен орта мерзiмдi фискалдық саясаты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 27 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясаты
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
§ 1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және
әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға
арналған негізгi көрсеткiштерi
§ 2 Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
8. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Алдыңғы жылдардың бюджеттерi келер жылдардың бюджеттерiн қалыптастыруға және атқаруға едәуiр ықпал етедi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде оларды атқару тиiмділігін барынша ұлғайту үшiн бірнеше жылға есептелген тиiстi iс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негiзгi өлшемдерiн мемлекеттік билiк органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бір бөлiгі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттік тетiктердi тарту туралы сөз қозғалғанда, кiрiстер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілетті барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық мiндеттердi мемлекеттік деңгейде шешу үшiн мемлекеттік бюджеттендiру элементтерiн, оларға фискалдық саясат деп аталатын бірыңғай тұжырымдама шеңберінде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілетті экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) (бұдан әрi - Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары), Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Ұлттық қордың тұжырымдамасы) негізінде әзiрлендi.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтiк-экономикалық дамудың негізгi бағыттарын iске асырудың негiзгi тетiктерiн (тәсiлдерiн) - кiрiстер мен шығындар саясатын, бюджеттік кредит берудi, қаржы активтерiн басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.
Орта мерзімдi фискалдық саясатты әзiрлеу мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемiн айқындауға;
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткізу жөнiндегі жоспарларын белгілеуге;
стратегиялық басымдықтарды iске асыруға арналған шектеулi бюджет ресурстарын бөлу жөніндегі шешiмдердi қабылдауға ден қоюға;
келешекте бюджеттің шектеулерi мен мүмкiндiктерiн барынша жақсы түсiнудi қамтамасыз етуге;
бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
бюджет процесiнiң дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртіптi жоғарылатуға бағытталған.
Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.
Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын іске асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып табылады.
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 1-параграф өзгертілді (бұр.ред.қара)
§ 1. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
Қазақстандық экономиканың қазiргi жай-күйi барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерiн дамытуға оң ықпал етедi.
1-кесте
Металдар мен мұнайдың орташа әлемдік бағалары
| өлшем бірлігі | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл |
мыс | долл/тонна | 1578 | 1559 | 1779 | 2866 | 3679 |
қорғасын | долл/тонна | 476 | 453 | 515 | 887 | 976 |
мырыш | долл/тонна | 886 | 779 | 828 | 1048 | 1381 |
алтын | долл/унция | 271 | 310 | 363,5 | 409,2 | 444,8 |
күміс | долл/унция | 4,4 | 4,6 | 4,9 | 6,7 | 7,3 |
Вrent мұнайы | долл/барр. | 24,42 | 24,97 | 28,85 | 38,30 | 54,43 |
табиғи газ | млн.брит. терм.бірл. | 4,06 | 3,05 | 3,91 | 4,28 | 6,33 |
бидай (Канада) | долл/тонна | 151,5 | 175,8 | 177,4 | 186,5 | 197,6 |
бидай (АҚШ қатты сортты) | долл/тонна | 126,8 | 148,1 | 146,1 | 156,9 | 152,4 |
бидай (АҚШ жұмсақ сортты) | долл/тонна | 107,7 | 130 | 138,6 | 144,4 | 135,7 |
Дереккөз: Дүниежүзілік банк
2005 жылы тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдік бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,3 еседен астам, металл мырыштікі 1,5 еседен астам ал алтынның 1 унциясынікі 1,6 еседен астам, мұнайдың бір баррелінікі 2,2 еседен астам ұлғайды.
Қазақстандық экспорттың маңызды баптарына әлемдік бағаның жоғары деңгейі экспорттық пайданың өсуіне негіз болды. Экспорттың 2001 жылмен салыстырғанда 2005 жылы номиналды ұлғаюы 3,2 еседен астам болды.
Экспортты дамытудың аталған қарқыны негiзiнен сыртқы экономикалық фактор есебiнен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетінiң ұлғаю үрдiсiн сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшiн дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсiмi негiзiнен, шикiзатты және оның бастапқы өңдеу өнiмдерiн жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiледi.
1-диаграмма
Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдардағы серпіні
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Кестеде көрсетiлгендей, қазақстандық экспорттың сұлбасын мұнай сатудың серпінi айқындайды.
Соңғы жылдары экспорттың өсуi жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрі - ЖIӨ) серпiнiне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖIӨ көлемiнiң ұлғаюына баға факторының басып озу әсерi 2003 - 2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелiгi болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖIӨ-нiң 27,0 %-ға, оның iшінде өндірiстiң табиғи көлемiнiң 9,5 %-ға өсуi, өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге бағаның 16,0 %-ға ұлғаюы есебiнен номиналды ұлғаюы болжанып отыр.
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғары болуынан алынған кiрiстердi iшкi айналымнан шығару жөніндегі шараларды iске асыруға бағытталған.
Шикiзат экспортынан түсетiн үстеме кiрiстердiң барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттілігін қолдауға инфляция өсуiнiң жоспарланған өлшемдерiне қол жеткiзуге, "голланд ауруы" туындауының, яғни, өндiрiстiк құрылымның шикiзаттық салалардың пайдасына "тоқырауының" алдын алуға ықпал етедi.
Мысалы, энергия жеткiзгiштердiң әлемдiк бағасының айтарлықтай өсуi салдарынан елге шетелдiк валютаның ағылуы кiрiстердiң бір бөлiгін Ұлттық қорға аудару есебiнен ішiнара тазартылды.
2-кесте
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2005
жылдардағы серпіні және 2008 жылға дейінгі болжам
| 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | болжам | ||
есеп | есеп | есеп | есеп | есеп | 2006 | 2007 | 2008 | |
ЖІӨ, млрд. теңге | 3250,5 | 3776,3 | 4612,0 | 5870,1 | 7457,1 | 8725,0 | 9988,0 | 11459,0 |
алдыңғы жылға %-бен ЖІӨ-нің нақты өзгеруі |
113,5 |
109,8 |
109,3 |
109,6 |
109,5 |
108,3 |
108,3 |
108,9 |
ЖІӨ дефляторы,% |
110,0 |
105,8 |
111,7 |
116,2 |
116,0 |
108,1 |
105,7 |
105,3 |
ЖІӨ-нің номиналды өсуі, млрд. теңге, алдыңғы жылға шаққандағы өсім |
|
525,8 |
835,7 |
1258,2 |
1587,0 |
1272,0 |
1263,0 |
1471,0 |
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Көптеген факторлар ecкepiлетін экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнiмділіктi талдау 2000-2004 жылдары экономикалық өсу негiзiнен, капиталдың өсуi есебiнен және aз деңгейде жалпы факторлық өнiмділiктiң (бұдан әрi - ЖФӨ) өсуi есебiнен қамтамасыз етiлгенін көрсетедi.
3-кесте
Қазақстандық экономиканың өсу факторлары
Пайызбен
| 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2000- |
Капитал | 3,4 | 5,9 | 8,4 | 7,6 | 4,4 | 6,0 |
Еңбек | 0,6 | 2,8 | 0,1 | 1,5 | 0,9 | 1,2 |
ЖФО | 5,8 | 4,8 | 1,3 | 0,2 | 4,1 | 3,2 |
ЖІӨ өсуі | 9,8 | 13,5 | 9,8 | 9,3 | 9,4 | 10,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2000-2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының
үлесi орта есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесi - 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық өнімділiктің өсу үлесi 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудiң негізгi факторы негізгі капиталды ұлғайту болып табылды.
Экономикадағы негізгі қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезiнде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуiне негізгi үлес қосатын жалпы факторлық өнiмдiлiктiң артуы негiзгi өсу факторына айналуға тиiс.
Жалпы еңбек өнімдiлігі факторы экономикадағы еңбек өнiмділiгiнiң өсуiн ғана емес, жүргiзiлiп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиiмділігін де көрсететінiн айта кету қажет.
2000-2001 жылдары экономиканың өсуiне реформалардың әсерi ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиiмдiлігінiң едәуiр төмендеуi байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
Негiзгi капиталдың жинақталуы ұзақ мерзiмдi перспективада экономика өсуiнiң басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізiлiп жатқан реформалардың тиімдiлігі, еңбек өнiмділігінiң, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиiс.
Халықаралық капитал рыноктарында жоғары iшкi сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың едәуiр көлемiн тарту үшiн басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдiк капитал құнының төмендеуіне ықпал етті. Аca iрi халықаралық рейтингтiк агенттіктер тұтастары республикаға да, қазақстандық жетекшi банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтердi бердi.
2005 жылы валюта нарығындағы ахуал теңгенің АҚШ долларына қатынасының номиналды босаңсу үрдісімен сипатталды. Тұтастай алғанда ол американ валютасының елеулі түрде нығаюымен сипатталған әлемдік валюта нарығының конъюнктурасына сәйкес болды. Теңгенің орта өлшемді айырбас бағамы тұтастай алғанда 2005 жылы бір доллар үшін 132,94 теңгені құрады. Кезеңнің соңында биржалық бағам бір доллар үшін 133,77 теңгені құрады. Бір жылда теңге номиналдық мәнде АҚШ долларына қарағанда 2,9%-ға құнсызданды.
Ұлттық Банктің ішкі нарықта шетел валютасын сатуы Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің азаюына ықпал етті. 2005 жылы Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 7065,9 млн. АҚШ долларға дейін немесе 23,8%-ға азайды.
4-кесте
Қазақстанның сыртқы секторының негізгі көрсеткіштері1
| 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл |
Ағымдағы операциялар- дың шот сальдосы (млн.долл2) | -1390 | -1024 | -273 | 455 | -486 |
ЖІӨ-ге %-бен | -6,3 | -4,2 | -0,9 | 1,1 | -0,9 |
Тауарлар мен қызметтер экспорты (кезең үшін млн. долл.) | 10188 | 11567 | 14945 | 22602 | 30552 |
ЖІӨ-ге %-бен | 46,2 | 47,0 | 48,4 | 52,4 | 54,5 |
Тауарлар мен қызметтер импорты (кезең үшін млн. долл.) | 10579 | 11578 | 13306 | 18844 | 25445 |
ЖІӨ-ге %-бен | 47,8 | 47,1 | 43,1 | 43,7 | 45,4 |
Тікелей шетелдік инвестициялардың нетто -ағымы (кезең үшін млн. долл.) | 2861 | 2164 | 2213 | 5392 | 1721 |
ЖІӨ-ге %-бен | 12,9 | 8,8 | 7,2 | 12,5 | 3,1 |
Ұлттық Банктің халық- аралық резервтері (кезең соңында млн. долл.) | 2508 | 3141 | 4962 | 9280 | 7070 |
тауарлар мен қызметтер импорты айларда | 2,8 | 3,3 | 4,5 | 5,9 | 3,3 |
Ағымдағы бағалардағы ЖІӨ (кезең үшін млрд. теңге) | 3251 | 3776 | 4612 | 5870 | 7457 |
нақты өсу (%) | 13,5 | 9,8 | 9,2 | 9,6 | 9,5 |
Мұнай мен газ конден- сатының экспорты (млн. тонна) | 32,4 | 39,3 | 44,3 | 52,4 | 52,4 |
Шикі мұнайдың әлемдік бағасы (баррел/USD спот, жылына орта есеппен) | 24,5 | 24,9 | 28,9 | 37,7 | 53,4 |
KZT/USD биржалық айыр- бас бағамы (кезең үшін орта есеппен) | 146,92 | 153,49 | 149,45 | 135,92 | 133,77 |
Нақты тиімді айырбас бағамы индексінің өзгеруі (өткен жылдың желтоқсанына %-бен) | -1,5 | -7,4 | -2,5 | 6,1 | 6,2 |
Көзі: Ұлттық Банк
_______________________
12001-2004 жылдардағы ағымдағы операциялар шоты бойынша мәліметтер тауарлар импорты кезінде жалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесін нақтылау нәтижесінде мәліметтерді қайта қарау ескеріле отырып келтірілген.
2 Осында және бұдан әрі млн. АҚШ доллары
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзiмдi кезеңде сыртқы және iшкi рыноктарда экономиканың шикiзат емес секторларының бәсекеге қабiлеттілігіне едәуір әсер етуі мүмкiн жаңа үрдiстер нақты көрiнiс бере бастады.
Қазiргi уақытта экономиканың "қызып кетуiне" жол бермеу ең өзектi мәселелердiң бірi болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететiн сыртқы факторлар айтарлықтай өзгердi. Бұл, ең алдымен, мұнай экспортының жоғары өсу қарқынына және мұнайдың, газ бен металдардың әлемдiк бағаларының ұлғаюына, АҚШ долларының әлемдiк валюта рыногындағы айырбас бағамының өзгеруiне, елге шетелдiк капиталдың едәуір ағылуына байланысты.
Бүгінгі күнi Қазақстан экономикасында экономиканың "қызып кетуiнiң" нақты қаупін айғақтайтын үрдiстер белгiлi болды. Бұл мұнай секторының экономикалық өсуге ықпалының ұлғаюы, инфляциялық процестердің жеделдеуі, сыртқы берешек пен екiншi деңгейдегi банктердiң кредит беру көлемдерiнiң шамадан тыс өсуi, ұлттық валютаның нақты нығаюы.
Ұлттық қор қаражатын есепке ала отырып, бюджеттің жалпы профициті мен мұнай кiрiстерiн жинақтау үлесі азаюда ал мұнай емес сектордың тапшылығы өсуде. Соңғы жылдары мемлекеттік бюджет шығыстарының орташа өсу қарқыны номиналды ЖIӨ-нiң өсу қарқынын басып озды.
Қазақстандық экономиканың шикiзат емес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) iске асыру қарқынын едәуір бәсеңдетуi, сондай-ақ шикiзат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсіз әсер етуi мүмкiн.
Экономиканың "қызып кетуiн" болдырмайтын фискалдық саясат жүргізу мақсатында:
фискалдық саясаттағы негізгi өлшем ретiнде пайдалануға болатын бюджеттiң мұнай емес тапшылығы жөніндегі оңтайлы орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарларды айқындау;
Ұлттық қордың тұжырымдамасында көзделетiн Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тетігін пайдалану қажет.
Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шараларды жалғастыру үшін Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының басты мiндеттерiн iске асыруға:
2006-2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7,6 %-дан жоғары өсуiне жол бермеуге;
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шаралар жүргiзуге;
телекоммуникациялар, энергетика және темір жол көлiгі саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
экономикалық өсудi қамтамасыз ету жөніндегі қарқынды факторлардың үлесiн арттыруға бағытталатын болады.
Бұл мiндеттердi шешу Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн", Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына жолдауларын iске асыруға ықпал етуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 2 параграф жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
§ 2. Мемлекеттік бюджеттi атқару
2005 жылғы мемлекеттік бюджетті атқару қорытындылары бойынша Ұлттық қорға жоспардан тыс түсетін түсімдер аударымдарын есепке алмағандағы бюджетке түсетін түсімдер ЖІӨ-ге 23,7 %-ды, оның ішінде кірістер ЖІӨ-ге 23,5%-ды құрады, оның ЖІӨ-ге 22,2 %-ы - салықтық түсімдер, ЖІӨ-ге 0,9%-ы - салықтық емес түсімдер, ЖІӨ-ге 0,4%-ы - капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістер, ЖІӨ-ге 0,2% кредиттер қайтарылды. 2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖІӨ-ге 23,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет профициті ЖІӨ көлеміне 0,6%-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003-2005 жылдардағы серпіні 5-кестеде келтірілген.
5-кесте
Мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің 2003-2005
жылдардағы серпіні
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы | 2003 жыл есеп | 2004 жыл есеп | 2005 жыл есеп |
1 | 2 | 3 | 4 |
Түсімдер | 22,2 | 22,2 | 23,7 |
Кірістер | 21,8 | 21,9 | 23,5 |
Салықтық түсімдер | 20,5 | 20,2 | 22,2 |
Салықтық емес түсімдер | 1,0 | 1,4 | 0,9 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,4 | 0,3 | 0,2 |
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
0,0 |
|
|
Шығыстар | 23,2 | 22,6 | 23,1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
1,4 |
1,4 |
1,4 |
Қорғаныс | 1,0 | 1,0 | 1,1 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі |
2,0 |
2,0 |
2,1 |
Білім беру | 3,3 | 3,3 | 3,5 |
Денсаулық сақтау | 1,9 | 2,2 | 2,5 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
5,2 |
4,6 |
4,6 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
0,8 |
1,2 |
1,7 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
0,7 |
0,7 |
0,8 |
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
0,2 |
0,4 |
0,4 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
1,4 |
1,4 |
1,2 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
0,1 |
0,0 |
0,1 |
Көлік және коммуникация | 1,8 | 1,8 | 1,7 |
Басқалары | 2,3 | 1,5 | 1,4 |
Борышқа қызмет көрсету | 0,8 | 0,6 | 0,4 |
Ресми трансферттер | 0,3 | 0,2 | 0,2 |
Бюджет тапшылығы (профициті) | -1,0 | -0,3 | 0,6 |
Анықтамалық: |
|
|
|
ЖІӨ, млрд. теңге | 4612,0 | 5870,1 | 7457,0 |
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 3 параграф өзгертілді (бұр.ред.қара)
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi (бұдан әрi - Бюджет кодексi) қолданысқа енгiзiлгеннен берi бюджет процесiн ұйымдастыру соның нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бюджет кодексiнiң қабылдануы орта мерзiмдi жоспарлаудың рөлiн күшейтуге мүмкiндiк бердi және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз eттi.
Елдегi экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған орта мерзімді фискалдық саясатын қалыптастыру
Бюджет кодексiн iске асыру үшiн 31 нормативтiк құқықтық кесiм, оның iшiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарын тiркеу және есепке алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiм жасау және ұсыну ережесi қабылданған Бюджет кодексiне сәйкес келтiрiлдi.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмділiгіне бағалау жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындау мақсатында Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүргiзу ережесi әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 шiлдедегі № 779 қаулысымен бекiтілдi.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлi ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi белгiлей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды біртiндеп енгізу мақсатында 2005-2007 жылдарға арналған бюджет процесiне бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды енгізу жөніндегі iс-шаралар жоспары әзiрлендi және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тiзбесi айқындалды.
Сондай-ақ пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi және оларды пайдалану жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi.
Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін пилоттық бағалау бюджет процесiнiң барлық сатысында жүргiзiлетiн болады, бұл бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiмдiлiктi бағалауды түсiнудi және енгізудi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
Кейiннен тиiмдiлiктi бағалауды барлық бюджеттік бағдарламаларға тарату және әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Бюджет кодексiнiң 71-бабына сәйкес бюджеттік процеске нормативтік жоспарлау әдiсiн кезең-кезеңімен енгізу шеңберiнде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдердi қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларымен бекітілген заттай нормалар өзектi болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнiнде жұмыс жүргізiп жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Ұлттық қордың тұжырымдамасы мақұлданды.
Ұлттық қордың тұжырымдамасы қолданылатын жағдайда жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда, мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар Ұлттық қорға жіберілетін болады. Бұл ретте ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстар республикалық бюджетке экономиканың мұнай емес бөлігінен аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына арналған шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферт есебінен жүзеге асырылады.
Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферт мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімімен үш жылдық кезеңге бекітіледі және осы кезең ішінде өзгерістерге ұшырамайды.
2006 жылдан бастап республикалық бюджетке мұнай секторы кәсіпорындарынан белгілі бір кірістер көлемі түсетінін ескере отырып, 2006 жылы Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансферттің жарты жылдық көлемді құрайтын көлемі 2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы заңда бекітілетін болады, ал 2007-2009 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт көлемі Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес тиісті заңнамалық кесіммен бекітілетін болады.
Бюджет заңнамасын жетілдіру және бюджетті Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес қалыптастыруға көшу мақсатында Бюджет кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жетiлдiру шеңберінде жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсауға бағытталған.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың иелiгiндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруы процесiнде туындаған қатынастарды реттеу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңымен (бұдан әрi - Заң) жүзеге асырылады.
Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерістер енгізiлдi, бұл өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар конкурстық рәсiмдердi бюджет (бизнес-жоспар) бекiтілгеннен кейiн бірден бастауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегi тәртiп пен реттілiкті нығайту жөнiңдегi шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегі № 1550 Жарлығы бекітілдi. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алудың тендерлік жүйесінен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашық және тиiмдi қағидаттарындағы электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу үшiн жағдайлар жасау жөнiнде iс-шаралар жүргізетiн болады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыс жүргiзiлуде.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 2-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi кезеңде фискалдық саясаттың негiзгi мақсаты әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым мiндеттерiн шешу үшiн салық-бюджет құралдарын тиiмдi қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтiк және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігiн арттыру болып табылады.
Орта мерзiмдi кезеңде бұл мақсатқа қол жеткiзуге мынадай негiзгі мiндеттердi шешу:
бюджеттік заңнаманы жүйелендiру;
бюджеттік жоспарлауды жетiлдiру;
мемлекеттік шығыстардың тиiмділігi мен нәтижелілiгiн арттыру;
жүргiзілiп жатқан әлеуметтiк реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім берудi, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;
перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлiн жоғарылату;
көлеңкелі экономиканың үлесiн азайту;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетiгiн жетілдiру;
жүргiзілiп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет тапшылығының және үкiметтiк борыштың оңтайлы өлшемдерiн айқындау;
үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртiндеп азайту ықпал ететiн болады.
Бұдан басқа, мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамы бола отырып, фискалдық саясат жоспарланып отырған кезеңде инфляцияның орташа жылдық деңгейi бойынша белгiленген дәлізді ұстап тұруға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтердi түпкi тұтынуды және капитал жинақтауды өсiруге жәрдемдесетiн болады.
6-кесте
2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет болжамы
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы | Болжам | ||
2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | |
Кірістер | 21,7 | 23,3 | 22,0 |
Шығындар | 21,7 | 23,2 | 21,6 |
Операциялық сальдо | -0,1 | 0,1 | 0,4 |
Таза бюджеттік кредит беру | 0,3 | 0,1 | 0,0 |
Бюджеттік кредиттер | 0,5 | 0,2 | 0,1 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,1 | 0,1 | 0,1 |
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо |
1,1 |
1,0 |
0,9 |
Қаржы активтерін сатып алу | 1,1 | 1,0 | 0,9 |
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
0,03 |
0,02 |
0,01 |
Бюджет тапшылығы (профициті) | -1,4 | -1,0 | -0,5 |
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
1,4 |
1,0 |
0,5 |
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 3-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
2003-2005 жылдардағы салық заңнамасындағы өзгерістер экономикаға салықтық жүктеменi азайтуға, елдiң инвестициялық тартымдылығын күшейтуге, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын және оларды енгізудi көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушілердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктеменi азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгілi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және жалақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілi енгiзiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану аясы кеңейтілдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргізілiп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкiмшілендiру нормаларын жетiлдiру және кәсiпкерлердiң инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтiлдi, мұнай-химия өндiрiстерi, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсi үшiн жеңiлдiктер енгiзiлдi.
Орта және шағын бизнесті дамытуға инвестициялар көлемін ұлғайту есебінен ел экономикасының теңгерімді дамуын, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуды одан әрі ынталандыруды, жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің мүлкін заңдастыру процесін жандандыруды қамтамасыз ету мақсатында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану саласы кеңейтілді, өткізу жөніндегі ең төменгі айналым мөлшері ұлғайтылды, бұдан асып түскен жағдайда салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті, жеке тұлғалардың жеке мүлкіне салық салу деңгейі төмендетілді.
Негізгi құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерiн жеделдету үшiн салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетiлдiрiлдi.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемiн өсiру және салықтық әкiмшілендiрудi одан әрi жетілдiру есебiнен ел экономикасын теңгерiмдi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзiмдi кезеңде салық саясатының негізгi бағыттары:
қосылған құн салығы ставкасын кезең-кезеңімен төмендету және әлеуметтік салықты 2008 жылдан бастап орта есеппен 30%-ға төмендету арқылы салықтық жүктеме деңгейін азайту;
салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастап, барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша 10% деңгейінде тіркелген ставканы енгізу;
шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне салық салу деңгейін төмендету және оларды ең алдымен, экономиканың шикiзат емес секторына инвестициялар салуға тарту үшiн шаралар қабылдау;
дивидендтерге салық салуды жетілдіру;
салық төлеушілер үшiн қашықтық және ақпараттық сервис әдiстерiнiң көмегiмен салықтық әкiмшілендiру процестерiн одан әрi жетiлдiру және дамыту;
талдау тәсiлдерi мен әдiстерiн және салықтық есептілiктiң камералдылығын дамыту;
ақпараттық қызметтердi бірiктiру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара iс-қимылды жетілдiру және оның тиiмділігін арттыру;
халықтың әл-ауқатының өсуi шартымен, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілiгiн күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кiрiстерiнен жеке тұлғалардың кiрiстерiне біртiндеп ауыстыру мүмкiндiгiн қарау болады деп ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік бюджет кірістері Ұлттық қордың тұжырымдамасын қолданысқа енгізуді және өткен кезеңдегі кірістер түсімдерінің серпінін талдауды ескере отырып, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері, салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамы 7-кестеде келтiрiлген.
7-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008
жылдарға арналған болжамы
ЖІӨ-ге пайызбен
Атауы | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
Кірістер | 21,7 | 23,3 | 22,0 |
Салықтық түсімдер | 19,8 | 18,0 | 17,7 |
Салықтық емес түсімдер | 0,5 | 0,5 | 0,4 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0,5 | 0,6 | 0,6 |
Трансферттер түсімдері | 0,9 | 4,1 | 3,2 |
2006 жылғы екінші жарты жылдықтан бастап мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің Ұлттық қорға есепке алынатынына және 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық орта есеппен 30%-ға төмендетілетініне байланысты салықтық түсімдер 2008 жылы ЖІӨ-ге 19,8%-дан ЖІӨ-ге 17,7 %-ға дейін төмендетіледі.
Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, инвестициялық климаттың жақсаруы, Индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру экономиканы дамытудың жоғары қарқынына және тиiсiнше бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң ұлғаюына негiз болды.
Салықтық түсiмдер болжамында:
Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң ережелерiне енгізiлген, тiркелген активтер бойынша амортизациялар аударымдарды есептеу тәртібін реттейтiн, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістер; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрi - Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы) iске асырудан түсетiн қосымша салықтық түсiмдер;
2007 жылдан бастап мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнің жалақысын 30%-ға жоғарылатуға байланысты төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша қосымша түсiмдер;
Залалды қызметіне байланысты салықтық емес түсiмдердiң 2006-2008 жылдарға арналған болжамында Ұлттық Банкінің кiрiсiнен түсетiн түсімдер болжанбайды.
Негізгi капиталды сатудан түсетiн 2006-2008 жылдарға арналған түсiмдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында тұрғын үй салуды қамтамасыз ету үшін бұрын республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнген қаражатты қамтиды.
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрамындағы мұнай және мұнай емес секторлар кәсiпорындарынан түсетiн түсiмдердiң арақатынасы 8-кестеде көрсетiлген.
8-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
мемлекеттік бюджет кірістеріне пайызбен
Кәсіпорындардан түсетін түсімдер | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл |
- мұнай секторынан | 12,8 | 0,0 | 0,0 |
- мұнай емес сектордан | 87,2 | 100,0 | 100,0 |
Мұнай кiрiстерiне тәуелсіз салықтық базаны дамыту экономиканы әртараптандыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткiзуге ықпал етедi және жүргiзілiп жатқан фискалдық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
Өткен жылға қарағанда 2006 жылы мұнай емес сектордан түсетiн түсімдер 19,3 %-ға, 2007 және 2008 жылдары тиiсiнше 21,1 %-ға және 12,3 %-ға өседi.
Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес 2007-2008 жылдары Ұлттық қорға түсетін түсімдер:
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) тікелей салықтар, оларға корпорациялық табыс салығы, үстеме пайда салығы, роялти, бонустар, өнімді бөлу бойынша үлес, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы, жатады. Бұл ретте мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады.
республикалық меншiктегi, тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден, жердi сатудан түсетiн түсiмдер және өзге де түсiмдер есебiнен күтіледi.
Ұлттық қордың тұжырымдамасы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, 2006 жылдың бірінші жарты жылдығында Ұлттық қорға республикалық бюджеттен берілетін, шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салықтың және басқа да міндетті төлемдердің жоспарлы түсімдері көлемінің 10%-ы мөлшерінде есептелген ресми трансферттердің жоспарланған сомасының бір бөлігі де түседі.
Ұлттық қорға түсетін түсімдер 2006 жылға 482,7 млрд. теңге сомасында, 2007 жылға 655,1 млрд. теңге сомасында және 2008 жылға 703,2 млрд. теңге сомасында болжанып отыр.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 4-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен мiндеттерiн кешендi шешуге және ағымдағы мiндеттемелердi бір мезгiлде орындауға негiзделетін болады.
Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде жүргізiлiп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
білім берудi дамытуға;
әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетуге;
индустриялық-инновациялық дамуға;
аграрлық секторды дамытуға;
жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға;
қоршаған орта сапасын тұрақтандыруға;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға;
Астана қаласын дамытуға;
көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Орта мерзiмдi кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыстары 2006 жылы - ЖIӨ-ге 23,3 %, 2007 жылы - 24,4 %, 2008 жылы - 22,5 % болып болжанады (9-кесте).
9-кесте
2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет
шығыстарының болжамы
Атауы | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | |||
ЖІӨ- ге%- бен | үлес, % | ЖІӨ- ге%- бен | үлес, % | ЖІӨ- ге%- бен | үлес, % | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Шығыстар | 23,3 | 100,0 | 24,4 | 100,0 | 22,5 | 100,0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет- тер | 1,3 | 5,7 | 1,4 | 5,7 | 1,0 | 4,6 |
Қорғаныс | 1,2 | 5,2 | 1,5 | 6,0 | 1,8 | 7,9 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі | 2,1 | 9,2 | 2,1 | 8,8 | 1,8 | 7,9 |
Білім беру | 3,7 | 15,7 | 3,8 | 15,4 | 3,8 | 16,8 |
Денсаулық сақтау | 2,5 | 10,6 | 2,5 | 10,4 | 2,8 | 12,3 |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | 5,1 | 21,9 | 5,0 | 20,7 | 4,7 | 20,7 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1,2 | 5,2 | 1,9 | 7,9 | 1,6 | 6,9 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 0,9 | 3,7 | 0,6 | 2,4 | 0,7 | 3,0 |
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 0,2 | 1,0 | 0,2 | 1,0 | 0,2 | 1,1 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 1,2 | 5,2 | 1,2 | 4,8 | 1,2 | 5,4 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 0,1 | 0,5 | 0,1 | 0,2 | 0,1 | 0,3 |
Көлік және коммуникация | 1,7 | 7,4 | 1,9 | 7,9 | 1,7 | 7,4 |
Басқалары | 1,5 | 6,6 | 1,7 | 7,1 | 1,1 | 4,7 |
Борышқа қызмет көрсету | 0,4 | 1,7 | 0,4 | 1,6 | 0,2 | 1,0 |
Трансферттер | 0,1 | 0,6 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
Инвестициялық саясатты қалыптастыру, оның iшiнде республикалық бюджеттен инвестицияларды жоспарлау, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде жүзеге асырылады.
Алдағы орта мерзiмдi кезеңде даму бағдарламалары шеңберiндегі шығыстар саясаты мемлекеттік инвестицияларды пайдалану тиiмділігiн, бюджет заңнамасының ережелерiн қатаң сақтауды, мемлекеттік бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың әлеуметтiк-экономикалық маңыздылығы мен пайдалану тиiмдiлігін арттыруға бағытталған.
"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобы бойынша шығыстар 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,3%-ы, 2007 жылы - 1,4%-ы және 2008 жылы - 1,0%-ы деңгейiнде болжанып отыр.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын оңтайландыру және бірiздендiру, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердiң аражігін нақты әрі оңтайлы қайта бөлу және бекіту, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелi секторға беру арқылы мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдірудi көздейтiн әкімшiлiк реформа бойынша жұмыс жүргізiлуде.
Әкiмшiлік реформаны толыққанды iске асыру функцияларды төмен тұрған мемлекеттік басқару деңгейiне берумен қатар, тиiстi ақпараттық-әдiснамалық, материалдық қамтамасыз етуді және тиiстi штат санын да берудi, сондай-ақ республикалық меншiктi жергiлiктi мемлекеттік басқару деңгейіне берудi көздейдi.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесiн әзiрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң негiзгi мiндеттерiнiң бірi болып айқындалды. Соған байланысты мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалаудың бірыңғай жүйесiн әзiрлеу жөніндегі жұмыс жүргiзiлiп жатыр, мұнда барлық: жоспарлау, iске асыру, қызмет нәтижелерi кезеңдерiн қамтитын мемлекеттік органның қызметiн толық ұйымдастыру, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшiн мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру, бюджеттік және адами ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлігі қамтылады.
Бұл шаралар функцияларды төмен тұрған, халыққа неғұрлым жақын мемлекеттік басқару деңгейiне беру жолымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жауапкершілігін жоғарылатуға, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға, бюрократияны қысқартуға, қол жетiмділіктi жоғарылатуға, халықты мемлекеттік қызметтермен толық қамтуға, әлеуметтiк-экономикалық әл-ауқатты жақсартуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және басқаларға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтiң қазақстандық жүйесi Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен ТМД мемлекеттерiнiң кейбір алдыңғы қатарлы елдерi арасында неғұрлым жедел қарқынмен дамуда және мықты институционалдық негізден бастау алған. Соңғы жылдары басым болып отырған тұрақтандыруға және институционалдық дамуға ден қою мемлекеттік қызметтi одан әрi дамыту үшiн негіз болды.
Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жүйесiн жетілдiру мақсатында 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiнгі кезеңде жалақы төлеу жүйесiн реформалаудың екi сатысы жүргiзілдi:
бірiншi сатыда базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерге негізделген жалақы төлеу жүйесi енгізiлдi;
екiншi саты - жалақы төлеу жүйесiне жоғарғы, орта және төменгі басқару деңгейлерiн (буындарын) енгізу болды. Бұл шара мемлекеттік қызметшілердi карьералық жоғарылауға ынталандыруға бағытталған.
Жетілдiрудiң үшінші сатысындағы мақсат мемлекеттік қызметшілердi өнiмділікке және орындалатын жұмыстың сапасына ынталандыруды жоғарылату болып табылады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап бюджет саласы қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметшілердiң жалақысы орта есеппен 32%-ға көтерілдi. 2006 жылдың аяғына дейiн жалақы төлеу жүйесін жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және 2007 жылдан бастап жалақыны орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Осыған байланысты мемлекеттің әкімшілік қызметтерiн жетiлдiруге, басқарудың бюрократиялануын азайтуға, құжатты орындау кезіндегі көп сатылылықты жоюға, мемлекеттік қызметтің білiктілiк деңгейiн оңтайландыруға бағытталған шараларды пысықтау талап етіледi.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмділігін қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Бұл бағдарлама шеңберiнде "электрондық үкiметтің" базалық құрамдас бөлiктерi құрылады, бұған өкілеттік орталығы, "электрондық үкiметтiң" порталы мен шлюзi, қол жеткiзудiң және халықты "электрондық үкіметпен" өзара iс-әрекет ету негiздерiне оқытудың жалпыға бірдей қол жетiмдi желілерiн құру, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тiзілiмi, сондай-ақ ұлттық бірiздендiру жүйесі жатады.
"Қорғаныс" функционалдық тобы бойынша шығыстар қорғаныс қажеттілiктерiне, төтенше жағдайлардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыруға, қорғалатын тұлғалардың қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге және салтанатты рәсiмдердi орындауға арналған шығыстарды қамтиды және 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,2%-ы, 2007 жылы - 1,5%-ы және 2008 жылы - 1,8%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қорғаныс мұқтаждарына арналған шығыстарды жоспарлаудың негізi болып табылады, бұған сәйкес қорғанысқа арналған шығыстардың көлемi кемiнде ЖIӨ-нiң 1%-ы мөлшерiнде көзделеді, мұнда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (бұдан әрi - Қарулы Күштер) құру, реформалау кезеңдері мен әскери-экономикалық қамсыздандырудың негізгі бағыттары айқындалған.
Қарулы Күштердi жасақтау мен қалыптастырудың келісім-шарттық жүйесiне көшу жолымен армияны кәсiбилендiру болжанып отырған шаралардың негізгі мiндеті ретiнде қойылады, оның мақсаттары бөлiмдер мен бөлiмшелердiң әскери дайындығын жоғарылату, әскери-оқытылған резервтi дайындау, әскери қызметтiң және тұтастай Қарулы Күштердiң беделiн арттыру болып табылады.
Қарулы Күштерді құру мен дамытудың өткен кезеңдегі тәжiрибесi мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi "келісім-шарттағыларға" ауыстыру армия қызметіне оң әсер ететінін көрсеттi. Мысалы, Қарулы Күштерде адам шығыны мен қылмыс саны азаяды, моральдық-психологиялық ахуал жақсарады.
Қарулы Күштерді жасақтаудың келісім-шарттық жүйесiне көшудi 2005 жылы солдаттар мен сержант лауазымындағы келісім-шарт қызметінiң әскери қызметшiлерiнiң сандық құрамын штаттың 65%-ына дейiн ұлғайту жолымен жүзеге асыру және 2007 жылға дейiн осы пайыздық ара қатынасты тұрақтандыру көзделiп отыр.
Жоспарланып отырған кезеңде Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасын жақсарту көзделуде. Бұл үшін қару-жарақ пен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау керек.
Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуеті мен қоршаған ортасын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен тиiмдi қорғауды арттыруға және қамтамасыз етуге, олардың салдарының, оның iшiнде iрi көлемдi жер сiлкiнiстерiнiң, су тасқындарының, селдiң және жер көшкiннiң алдын алу, залалды төмендету мен жою үшін күштер мен құралдарды дамытуға қол жеткiзу мақсаттарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
"Қоғамдық тәртіп, қауiпсіздiк, құқық, сот және қылмыстық атқару қызметi" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,1%-ы, 2007 жылы - 2,1%-ы және 2008 жылы - 1,8%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмiрлiк маңызды мүдделерінің сыртқы және iшкi қауiптерден қорғалуын қамтамасыз ету үшін әлемдегi террорлық агрессия жағдайларында мемлекеттің қауiпсіздігін қамтамасыз eту мәселелерiнің зор маңызы бар.
Жоспарланып отырған орта мерзiмдi кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысымен бекітілген, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуi; қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды шешу кезiнде заңдылықты сақтауға; қоғамдық қауіпсіздіктің тиiстi жағдайын қамтамасыз етуге; алдын алу қызметiн жетiлдiруге; қылмыстарды мақсатқа сай әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006-2007 жылдары 5,3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысымен бекітілген, іс-шаралары түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың сапасын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Бұл бағдарламаны iске асыруға 2006 жылы 2,3 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.
Мықты әрі тәуелсіз сот билiгi демократияның, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын қамтамасыз етудiң маңызды шарты болып табылады.
Мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңiнде сот жүйесiнiң тиiмділігiн арттыруға бағытталған шаралар кешенi жүзеге асырылды.
Соттар тәуелсіздігінiң кепілдiгi қамтамасыз етiлдi. Мемлекет тарихында тұңғыш рет жергiлiктi соттардың барлық судьяларын ел Президентi тұрақты мерзiмге сайлай бастады, кәсіптік жүйе құрылды, функциялары жалпы құқықтық құзырлы соттарғa берілiп, төрелік соттар таратылды, мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк және экономикалық соттар құрылды.
Сот жүйесін дамытудың негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған, оның негiзгi мiндеттерiнiң бірi сот төрелiгі органдарын жетiлдiру, ең алдымен бірiншi деңгейдегi соттардың (аудандық, қалалық соттар) қызметiн жетiлдiру болып табылады.
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы объективтiктi, сондай-ақ сот кесімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететiн сот өндiрiсiн оңайлату, сот жүргізу шеңберiнде және сот шешiмдерiн атқару кезеңiнде азаматтар құқығына берілетiн кепiлдiктердi күшейту, сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық сот жүргiзу мен сот шешiмдерi шеңберiнде адвокаттардың рөлін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргiзу қажеттігiне баса назар аударды.
Алға қойылған міндеттерді iске асыру мақсатында сот жүйесiн жетілдiру және судьялардың мәртебесiн көтеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау қажет.
Қылмыстық тергеудi жүзеге асырған және iстердi сотта қараған кезде заңдылық қағидаттарын нығайту үшiн Қазақстан Республикасында халық өкiлдерiнiң әділ сотты жүзеге асыруға қатысуын көздейтiн алқабилер соты институтын енгізу мәселелерi жөніндегі заң жобасы әзiрленуде.
Атқарушы билiк реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберiнде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара iс-қимылын оңайлату және олардың арасындағы тiкелей байланыстарды барынша азайту мақсатында Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн орталықтар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
"Білім беру" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 3,7%-ы, 2007 жылы - 3,8%-ы және 2008 жылы - 3,8%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Білім беру саласындағы бюджет саясаты әлемдiк білім беру кеңiстiгiне бірiктiрiлген және әлемдiк еңбек рыногындағы бәсекеге қабiлеттi мамандар даярлауды қамтамасыз ететiн білім берудiң ұлттық моделiн қалыптастыруға бағытталады.
Мақсаттарға қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде мынадай негізгі мiндеттердi шешу:
барлық балалардың мектепке дейiнгі білімге тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
жоғары буын оқушыларын бейiндi және кәсiптiк бағдарланған оқыту жүйесiн құру;
кәсiптiк және техникалық білім беру саласында біліктi жұмысшы кадрларды даярлаудың жаңа ұстанымдарын қалыптастыру;
жаңа - ортадан кейiнгi кәсiптiк білім беру деңгейiн құру;
академиялық кредиттер жүйесiне негізделген кәсiптiк кадрлар даярлаудың үш деңгейлi - бакалавриат - магистратура - докторантура (Ph.D) жүйесiн қамтамасыз ету;
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру көзделiп отыр.
Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн:
мектепке дейiнгi білім беру ұйымдары желісін кеңейту;
балалардың 30%-ын мектепке дейiнгi ұйымдармен қамту есебiнен атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларды білім беруде қолдау жүйесiн құру;
мемлекеттік жалпыға мiндетті жалпы орта білім берудiң ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесiн белгiлейтiн, бітірушiлердiң базалық құзыретi түрiндегі нәтижеге бағдарланған жаңа стандартын әзiрлеу;
жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған ұстанымдарды айқындау және кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау;
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;
білім беру сапасын iшкi және сыртқы бағалауды енгізу, оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн айқындайтын стандартталған бағалау құралдарын жетiлдiру;
жұмыс берушілер мен білім беру жүйесі арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
кәсіби даярлық сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша біліктілікті беру мен растауды тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу;
білім беру бағдарламаларын әртараптандыру және олардың икемділігi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық еркiндiктердi кеңейту негізінде кәсiптік жоғары білім беру сапасын жоғарылату;
жаңа магистрлік бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау;
ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық таныту және студенттердiң өздiгiнен білім алу деңгейiн жоғарылату мақсатында кәсiптiк орта және жоғары білім беру жүйесiне кредиттік технологияны енгізу;
еңбек нарығының талаптарына сәйкестік» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттарының негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
білім беруге мемлекеттік-жеке меншік кредит беру жүйесін жетілдіру;
жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамыту;
техникалық білім беруді дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру;
Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді университет құру;
ауыл мектептерiн дамыту, шағын жинақталған мектеп балалары үшiн бейінді мектеп-интернаттар салу және ашу;
республикалық бюджет есебiнен 2008 жылдың аяғына дейiн 176 жалпы білім беретiн мектеп салу;
арнаулы түзеу білім беру ұйымдары желісін және мүмкiндiгi шектеулi балалардың кәсiптiкке дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуiн өрiстету;
мүмкiндiгi шектеулі адамдарды бірiктірiлген оқытуды мемлекеттік қолдау жөніндегі, бұрын оқытылмайды деп есептелген балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шараларды әзiрлеу;
Алматы және Қарағанды қалаларында көзi нашар көретiн балалар үшiн әрқайсысының жобалық қуаты 250 орын мектеп-интернаттар салу;
оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтық және өзге де инновациялық нысандарын енгізудi кеңейту ұйғарылып отыр.
Мемлекет басшысының мұғалім мамандығының беделiн қамтамасыз ету туралы тапсырмасын iске асыру үшiн 2005-2006 оқу жылында педагог кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5000 бірлiкке ұлғайтылды.
2006 жылдан бастап кез келген шетелдегі тағлымдаманы қоса алғанда, жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған грант мәртебесi бар жыл сайынғы мемлекеттік "Үздiк оқытушы" стипендиясы енгізілді.
Көрсетiлген мақсаттарға 2006-2008 жылдары шамамен 1,3 млрд. теңге бөлу ұйғарылып отыр.
Сондай-ақ "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы арқылы студенттердiң кредиттерiне мемлекеттік кепілдiк беру жүйесін iске асыру мақсатында таяу арадағы 4 жыл iшiнде шамамен 1,4 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
2007 жылы "Білiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына педагог қызметкердiң мәртебесi туралы норманы қосу ұйғарылып отыр.
Техникалық білім берудi дамыту үшiн жыл сайын техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту көзделуде. 2005-2006 оқу жылында техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты тағы да 700 бірлiкке ұлғайту көзделiп отыр.
Білiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң жұмыс iстеуi мақсатында Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Республикалық білiктілікті растау және беру орталығы, "Мектепке дейiнгi балалық" республикалық орталығы, "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
"Болашақ" бағдарламасын институционалдық қолдау үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы құрылды. Аталған бағдарлама шеңберiнде әлемнiң озық жоғары оқу орындарында оқу үшiн жыл сайын үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген "Жасыл ел" бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтін жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларға студенттердің қатысуы үшін құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
Білім берудi басқаруды одан әрі демократияландыру негізiнде ұлттық білім беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру ұйғарылып отыр.
Экономиканың әр түрлі секторларында басқарушы кадрлар даярлаудың осы заманғы моделін құру мақсатында:
жоғары білікті басқарушы кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістету;
Мемлекеттік басқару академиясы базасында халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебін құру болжанып отыр.
"Денсаулық сақтау" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 2,5%-ы, 2007 жылы - 2,5%-ы, 2008 жылы - 2,8%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде денсаулық сақтау саласында 2006-2008 жылдары:
сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен (БМСК) қамтамасыз ету, оның iшiнде:
халықтың жекелеген санаттарын кейіннен серпінді байқау және сауықтыру жұмысын жүргiзе отырып, жыл сайын алдын ала медициналық тексеруді кезең-кезеңiмен енгізу, бұған 2006 жылы - 4,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 4,7 млрд. теңге, 2008 жылы - 6,0 млрд. теңге бөлу талап етiледi;
материалдық-техникалық жарақтандыру 2006-2008 жылдары шамамен 40,5 млрд. теңгенi, соның iшiнде ауылдық жерлердегi денсаулық сақтау объектілерi үшiн 7,8 млрд. теңгенi құрайды. Бұл ретте БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейi біртiндеп медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлiкпен жарақтандырудың ең төменгі нормативiне дейiн жеткiзiледi.
2006 жылдан бастап неғұрлым көп таралған ауру түрлеріне шалдыққан үлкендердi амбулаториялық деңгейде жеңiлдiктi дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету көзделiп отыр, бұл үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбесiн бекiтедi. 2006-2008 жылдары барлығы шамамен 5,8 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
ана мен бала денсаулығын нығайту, оның iшiнде:
2006-2008 жылдары жекелеген ауру түрлері бойынша бес жасқа дейiнгi балаларды амбулаторлық деңгейде дәрілiк заттармен, сондай-ақ жүктi әйелдердi құрамында темір және йод бар препараттармен тегiн қамтамасыз ету жалғасады, бұған тиiсiнше шамамен 1,6 және 3,0 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр;
2006-2008 жылдары диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi амбулаториялық емдеу кезiнде тегiн дәрілік заттармен қамтамасыз етуге шамамен 3,4 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетiлген бағыттарды iске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ауру түрлерiнiң тиiстi тiзбелерiн бекiтедi.
Балалар және бала туу ұйымдарының жарақтандырылуы медициналық жабдықпен жарақтандырудың ең төменгi нормативiне дейiн жеткiзiледi, бұл ретте 2006-2008 жылдары қажетті қаражат сомасы шамамен 8,0 млрд. теңгенi құрайды;
ел халқының қауiпсіз, тиiмдi және сапалы дәрілік құралдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету сияқты басым іс-шараларды iске асыру жалғасады.
Бұдан басқа, денсаулық сақтаудың жекелеген бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысымен бекітілген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы алға қойған орта мерзімді кезеңге арналған міндеттерді шешу үшін мына міндеттерді шешу қажет:
қаржылық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, медициналық қызметтерге қол жетімділікті және оның сапасын арттыру, медициналық көмекті халықаралық стандарттарға жақындастыру;
медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуды ынталандыру үшін денсаулық сақтау саласында сараланған жалақы төлеуді енгізу;
жаңа республикалық медициналық орталықтардың құрылысын аяқтау, озық халықаралық менеджменттің тәжірибесін және осы заманғы технологияларды енгізу;
туберкулезбен және АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауру, балалардың өлім-жітімі мен өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштерді жақсарту үшін халық арасында алдын алу жұмысын күшейту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2006 жылдан бастап Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберінде жаңа медициналық орталықтарды басқаруға шетелдік көшбасшы клиникалар мен госпитальдар тартылатын болады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру басталады.
Сондай-ақ 2006 жыл ішінде салада медициналық қызметтер көрсетудің халықаралық стандарттарына кезең-кезеңімен өтуге бағытталған заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмысты аяқтау шеңберінде мынадай: «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңнамалық актілер қаралады және қабылданады.
2007 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірленеді.
Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласындағы бюджет саясаты халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, оның артықшылықтары туралы хабардар болуын жоғарылатуға, мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне, бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде денсаулықты, аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрілік көмекке қол жетiмділігін арттыру жолымен халық денсаулығын жақсартуға, еркiн медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыруға бағытталады.
"Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 5,1%-ы, 2007 жылы - 5,0%-ы, 2008 жылы - 4,7%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Елде сақталып отырған экономикалық өсу Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықты әлеуметтiк қорғауды дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтік бағдарлануын жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшерi 6200 теңгенi құрады, ал 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жасына жеткен адамдарға жұмыс өтіліне, жалақысына және зейнетақы мөлшерiне қарамастан 3000 теңге мөлшерiнде қосымша ай сайынғы базалық зейнетақы төлемi енгiзіледi, оның мөлшерi кейiннен кезең-кезеңiмен ұлғайтылады. Осылайша, базалық зейнетақы төлемiн ескергенде зейнетақы мөлшерi 9200 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 12 мыңнан астам теңгенi құрайды. 2005 жылы базалық зейнетақы төлемiн енгізуге қосымша 28,8 миллиардтан астам теңге бөлiнедi.
Сондай-ақ 2005 жылы:
мүгедектiгi бойынша төленетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақылардың қолданыстағы мөлшерi көтерiлдi. Көрсетiлген мақсаттарға қосымша шамамен 13,1 млрд. теңге жiберiлдi;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына төленетiн арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерi 15 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн ұлғайтылды және 30 мың теңге мөлшерiнде біржолғы материалдық көмек көрсетілдi. Көрсетiлген iс-шараларды жүргізуге 7,0 млрд. теңгеден астам сома бөлiндi.
2006-2008 жылдары әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы бюджет саясатының негізгі мақсаттары әлеуметтiк қамсыздандырудың қаржылық орнықты, әлеуметтік әдiл үш деңгейлi жүйесiн құру, атаулы әлеуметтік көмектi күшейту болып табылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Әлеуметтiк реформаларды тереңдету бағдарламасы) iске асыру жалғасады, мұнда әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесін енгізу көзделедi.
2006 жылы:
ана мен баланы қорғау мақсатында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгiлерiмен немесе бірiншi және екiншi дәрежелi "Ана даңқы" атағымен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерi 4000 теңгеге дейiн ұлғайтылады. Бұған 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы - 7,6 млрд. теңге, 2007 жылы - 8,6 млрд. теңге, 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге талап етiледi;
aз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақылар енгізіледі. Бұл мақсатқа арналған шығыстар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады;
барлық санаттағы мүгедектер мен жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды алушыларға төленетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері тағы да 1000 теңгеге ұлғайтылады. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған 249 мың отбасыға 300 теңгеден 1000 теңгеге дейiнгі сомада қосымша қолдау көрсетiледi. Бұл мақсаттарға 2005 жылғы нақтыланған базаға қосымша 2006 жылы 8,5 млрд. теңге, 2007 жылы - 14,3 млрд. теңге, 2008 жылы - 18,8 млрд. теңге бөлiнедi.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап бір жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар енгiзіледi, бұл ретте бала санына қарай жәрдемақы мөлшерiнiң прогрессивтiк шәкілi болады. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 6,3 млрд. теңге, 2007 жылы 14,3 млрд. теңге, 2008 жылы 16,0 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
Халықаралық стандарттарға жақындау мақсатында 2006 жылдан бастап ең төменгi күнкөрiс деңгейi базалық көрсеткiш ретiнде алынады, оның негiзiнде әлеуметтік төлемдердiң мөлшерлерi қайта қаралады. Осыған байланысты, ең төменгi күнкөрiс деңгейiн айқындау әдiстемесi өзгертіледi, оның негiзi тұрмыстық игілiктер мен қызметтердiң ең төменгi әлеуметтiк қажетті деңгейiн көрсететін тұтыну бюджеті болмақ.
2007 жылдан бастап еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiндегі жәрдемақылардың көлемi ұлғайтылады, бұған 2 миллиардтан астам теңге жiберіледi.
Әлеуметтiк реформаларды тереңдету iс-шараларын iске асыруға және халықты әлеуметтiк қолдау жөніндегі қосымша шараларды қаржыландыруға 2004 жылғы деңгейге шаққанда 2006-2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен шамамен барлығы 272,7 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
2007 жылдан бастап уақытша еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақы мөлшерi ұлғайтылады, оған 2 млрд. теңгеден астам жiберiледi.
Елге қоныс аударушылардың ағынын одан әрi көтермелеу, демографиялық ахуалды жақсарту және Қазақстан Республикасының халық санының өсуiн қамтамасыз ету мақсатында 2006-2008 жылдары көші-қон квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларын көшiрудi ұйымдастыруға, әлеуметтiк қорғауға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты бөлiнедi. 2006-2007 жылдары оралмандардың көші-қон квотасы жыл сайын 15000 отбасын құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе, соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе, Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 есе, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға 2,0 есе, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға 4,0 есе ұлғайтылады, бұл 2006 жылы қосымша 0,8 млрд.теңге бөлуді талап етті.
Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне зейнетақы мөлшерін бір жолғы саралай арттыру жүргізілді. Бұл мақсаттарға 2006 жылы 2,5 млрд. теңге, 2007 жылы 5,9 млрд. теңге, 2008 жылы 8,5 млрд. теңге қосымша бөлу жоспарланып отыр.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу «айдан айға» қағидаты бойынша жүзеге асырылады, бұған қосымша 31,5 млрд. теңге талап етіледі.
"Tұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарын 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,2%-ы, 2007 жылы - 1,9%-ы және 2008 жылы - 1,6%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Қазiргi уақытта тұрғын үй қоры түгелдей дерлік жеке сектордың иелігінде, мұнда бәсекелестiк жағдайлары жасалған және қызметтердің iс жүзінде пайдаланылған көлемiне ақы төлеуге көшу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар оны пайдалану және ұстау мәселесi проблемалы болып отыр, ескiрген және авариялы тұрғын үй көлемi өсуде.
Қолдағы тұрғын үй қорын тиiстi деңгейде пайдалану мен ұстауды, онда тұрудың қауiпсіз әрi ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарлама шеңберiнде, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық салада қызмет көрсетудегi бәсекенi дамыту үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында заңнамалық база әзірленедi, тұрғын үй қорын күрделi жөндеудi жүзегe асыру үшiн қолданыстағы тұрғын үй қорының жай-күйiн қолдауды және жаңартуды қаржыландыру жүйесi жасалады, пайдаланылатын тұрғын үй қорының жай-күйiн тиiстi бақылау қамтамасыз етiледi.
Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге нақты қол жеткiзуiн қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешу қажет.
Осыған байланысты, арзан тұрғын үй ұсыну және тұрғын үйге қол жетімдiлiкті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үйлерде қауiпсіз әрi сапалы тұруы үшiн жағдайлар жасау негізгi мiндеттер болып табылады.
Халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен арзан коммерциялық және коммуналдық тұрғын үй салу, сондай-ақ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiндегі салымдар бойынша сыйақылар төлеу жүзеге асырылады.
"Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖІӨ-нің 0,9 %-ы, 2007 жылы 0,6 %-ы, 2008 жылы 0,7 %-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк саласындағы негiзгi мақсаттар:
дарынды тұлғалардың өнері мен қызметін дамыту үшін жағдай жасау;
Жiбек жолы трассасының қазақстандық учаскесiн урбандаудың тарихи жүйесiнiң жалпы ұлттық, әлеуметтiк-экономикалар және халықаралық рөлiн қайта өрлету;
қазақстандық және шетелдiк азаматтардың әр алуан туристiк қызметтерге деген қажеттіліктерiн қанағаттандыруға арналған мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы туристік кешен құруға жәрдемдесу;
елдегi дене шынықтыру мен спортты одан әрi дамыту;
әсiресе ауылда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн жағдай жасау; спорттың және ұлттық ойындардың олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы түрлерiн дамыту;
бұқаралық спорт және жоғары жетiстiктер спорты саласында спорт резервi мен халықаралық сыныптағы спортшыларды дайындауды ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз ету жөнiнде зерттеулер жүргiзу;
спорт резервiн және халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлау;
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
бірыңғай ақпараттық кеңiстіктi нығайту, теңгерiмдi тілдiк және әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын нығайту;
мемлекеттік тiлдi одан әрi дамыту;
этносаралық және конфессияаралық келісімнiң қазақстандық моделiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және оның негізгі өлшемдерiн жетілдiру болып табылады.
Бұл мақсаттар тиiстi бағдарламалық құжаттар шеңберiнде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы iске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығымен бекітілген "Жiбек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде оның іс-шараларының ауқымдылығын, көп салалы сипатын және капитал сыйымдылығын ескере отырып, республикалық бюджеттен туризм объектілерiнiң тізбесіне енгiзілген және кәдеге жаратуға жатпайтын, республикалық санатта қорғалатын ескерткiштердi қорғау, қалпына келтiру және зерттеу мақсатына жыл сайын бөлінетін қаржы бөлу шегінде қаражат көзделедi. Жыл сайын жергіліктi бюджеттен жергілiктi санатта қорғалатын, туристiк бағыттарға қосылған ескерткiштерге тиiстi қаражат көзделедi.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген, халықтың зор мәдени мұрасын зерделеудiң біртұтас жүйесін жасауға, ұлтымыздың тарихы үшiн ерекше маңызы бар бірқатар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз етуге, өрiстетілген көркем, ғылыми, биографиялық серияларды жасауға, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздiк жетістіктерi базасында гуманитарлық білім берудiң мемлекеттік тілдегi толыққанды қорын құруға бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аяқталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегі № 398 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық сипаттағы, саяси маңызы бар неғұрлым ірі әрі маңызды проблемаларды шешу, соның iшiнде теледидар және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды ұйымдастыру, қазiргi заманғы технологияларды пайдалану есебiнен жаңа таратқыштарды орнату немесе Қазақстан Республикасының радио және телехабарларын таратудың қолданыстағы желісін жаңғырту жолымен халықтың мемлекеттік теледидар және радио бағдарламалармен барынша көп қамтылуын қамтамасыз ету көзделеді.
Мемлекеттік тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк функцияларын кеңейту және нығайту, орыс тілiнiң жалпы мәдени функцияларын сақтау және этникалық топтардың тiлдерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде тиiсті бюджет қаражаты көзделедi.
2006 жылы:
Этносаралық және конфессияаралық келісімнiң қазақстандық моделiн жетілдiрудiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, оны iске асыру этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру, қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi азайту үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi, әлеуметтiк практикаға толеранттық мiнез-құлық нормаларын және экстремизмнiң алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетiктерiн енгізудi қамтамасыз етедi, қоғамдағы әлеуметтiк-саяси жағдайлардың өзгеруiне икемдi ден қою үшiн жағдайлар жасайд , сондай-ақ Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтадыы;
Қоғамдағы және мемлекет құрылымындағы демократиялық бастаулар мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
мәдениетті дамыту және классикалық халық өнерiнiң үздiк дәстүрлерiн сақтау, шығармашылық қайраткерлерін, дарынды музыканттар мен орындаушыларды қолдау, мәдениет саласында жеке меншік секторды дамыту мақсатында Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи-мәдени мұраның, тарих пен мәдениетті археологиялық зерттеулердің неғұрлым маңызды объектілері - орта ғасырлық қала орталықтарын қалпына келтіруді көздейтін 2007 - 2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы;
басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету мақсатында Мұрағат ісін және құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;
Әзiрленiп жатқан, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектiлерi желісін дамытуға, мамандарды даярлауға және саланы біліктi кадрлармен қамтамасыз етуге, саланы ұйымдық, ғылыми-әдiстемелiк және медициналық қамтамасыз етуге, жоғары біліктi және спорт резервiнiң спортшыларын даярлау мәселелерiн шешуге бағытталған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру көзделiп отыр.
Қазақстанның тартымды туристік объект ретіндегi беделiн қалыптастыру, ұлттық туризм өнiмдерiн қалыптастыру және оның әлемдiк деңгеймен салыстыруға болатын сапасын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік реттеудi қолдау және оның оңтайлы әдiстерiн таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту мақсатында 2006 жылы Туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрленедi.
Рынок сегменттерiнiң бірi ретiнде туризм кластерiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнедi.
"Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 0,2%-ы, 2007 жылы 0,2%-ы және 2008 жылы 0,2%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Осы саладағы орта мерзiмдi перспективадағы бюджет саясаты:
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының барланған қорларын толықтыруды және олардың тиiмдi пайдаланылуын арттыруды қамтамасыз ететiн минералдық-шикiзат ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiруге және табиғи капитал - көмiрсутек шикiзатын терең әрi кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға;
жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;
Каспий теңізiнiң қазақстандық секторының көмірсутек ресурстарын ұтымды әрi қауiпсіз игеру жолымен елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының сапалы өмiр сүруiн жақсартуға жәрдемдесуге;
мұнай-газ кен орындарының iлеспе газын пайдалану арқылы электр энергиясын өндiру жөніндегі жаңа қуаттарды қолданысқа енгізу жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге;
ел өңірлерiнiң табиғи және сұйытылған газбен үздiксіз қамтылуын қамтамасыз етуге;
Қызылорда қаласын газдандыруды қамтамасыз етуге;
елдiң энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткiзу үшін жағдайлар жасауға;
ғылымның, техника мен технологиялардың қазiргi заманғы бағыттарын дамытуға, жоғары технологиялы әзірлемелерді рынокқа жылжытуға және оларды өнеркәсiптiк өндiрiске енгізуге, атом және термоядролық энергетика, атом және мұнай-химия өнеркәсiбi, геология және жер қойнауын пайдалану, ядролық медицина саласындағы жоғары білікті ғылыми және инженер кадрларды даярлауға жәрдемдесуге;
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Қазақстан аумағындағы ядролық зерттеу және жеделдету кешендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл мiндеттер тиiстi бағдарламалардың іс-шараларын қаржыландыру арқылы шешілетін болады.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру - ұзақ әрі күрделі жасампаз процесс, бұған едәуір табиғи, техникалық, еңбек және зияткерлік ресурстар тартылады. Мұнда теңiз мұнай-газ операцияларын дамытудың саяси және экономикалық жағдайлары, Каспий жағалауы өңіріндегі жұмыстардың ауқымы және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң әсерi, сондай-ақ табиғи факторлардың жоғары маңызы назарға алынады.
2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасында көзделген, соның iшiнде көмiрсутектердi теңiзде өндiрудi жоғарылатуды, жаңа теңiз блоктарын тендерлерге жоспарлы шығаруды, барлық теңiз жобаларының мониторингін, жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін қосымша табиғат қорғау іс-шараларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды, қосымша құбыр қуаттарын (экспорттық мақсаттағы емес) салуды қамтитын iс-шаралар мен жұмыстарды iске асырудың екiншi кезеңi басталады.
Бұл ретте теңiз мұнай-газ кешенi үшiн негiзгi отандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттілігі дамытылады (теңiз операцияларын жүргізу үшiн импорт алмастыру).
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу:
өңiрлiк және геологиялық түсiру жұмыстарын жүргізген кездегі дайындық iс-шаралары;
1:200000 масштабында жер қойнауын жете геологиялық зерттеу;
1:200000 масштабында кендi аудандарды геологиялық-минерагеникалық картаға түсiру;
қатты пайдалы қазбаларды iздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары;
мұнай мен газды iздеу, іздеу-бағалау және iздеу-барлау жұмыстары;
елдi мекендердi сумен жабдықтау үшiн іздеу-барлау жұмыстары;
геотермалдық суларды іздеу-барлау жұмыстары;
минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингі;
жерасты суларының және қауiпті геологиялық процестердің мониторингі;
геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қолдау;
мұнай және өздігінен ағып жатқан гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және тоқтатып қою көзделiп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес отандық атом энергетикасын жалпы теңгерімді энергетикалық даму саясатының құрамдас бөлiгінiң бірi ретінде дамытуды негiздеу үшін республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын кешендi зерттеулер жүргізiледi.
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған: республика аумағын радиоэкологиялық зерттеу және осы салада кешенді мемлекеттік бағдарлама әзiрлеу жөніндегі; бұрынғы Семей сынақ полигонының қауiпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі; радиоактивті қалдықтарды қайта өңдейтін және көметiн объектілердi салу жөніндегі; Қазақстан Республикасының базалық ядролық зерттеу және жеделдету кешендерiн жаңғырту жөнiндегі, сондай-ақ ядролық жарылыстар мен жер сiлкiністерiнiң тарихи сейсмограммаларының электронды мұрағатын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға тиiстi қаражат көзделетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 шiлдедегі № 1006 қаулысымен бекітілген Уран өндіретін кәсiпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде уран өндiретiн әрекетсіз кәсiпорындарды консервациялауға және уран кен орындарын өндiрудiң салдарларын жоюға тиiстi қаражат көзделеді.
2006 жылы республикалық бюджет есебiнен басымды инвестициялық жобаларды iске асыру: қазақстандық термоядролық Тоқамақ материалтану реакторын (бұдан әрі - ҚТМ) құру, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ауыр иондарды жеделдетуші базасында пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенiн құру, Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар орталығы" технопаркін құру, Ядролық медицина және биофизика орталығын құру жалғастырылады.
ҚТМ қондырғысында жүргізілетiн тәжiрибелiк зерттеулердi ғылыми және техникалық қолдау әрi оны пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тиiстi қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасатын болады.
Пайдаланылатын және игеруге дайындалатын аз зерттелген әрi шығарып алынуы қиын ресурстық база әлеуетiнiң ұлғаюын, минералдық шикiзатты қолданудың кешендiлігін және кен орындарының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететiн орташа, кiшi кен және кен емес орындардың техникалық-технологиялық дайындық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында тиiсті қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру жалғасады.
Ауыр иондарды жеделдетуші базасындағы пәнаралық ғылыми-зерттеу кешеніндегі зерттеулердің тиiмділігiн арттыру, кешен қондырғыларындағы тәжiрибелердiң пайдаланылу сипаттамалары мен сапасын жақсарту және ғылыми ортаны қалыптастыру әрі физика, химия, биология саласындағы кешендi ғылыми зерттеулердi және ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдетушi базасында алдыңғы қатарлы технологияларды дамыту мақсатында 2006 жылы тиiсті ғылыми-техникалық бағдарламаны iске асыру басталады.
Қалпына келтiрілетiн, әлеуеті төмен энергия көздерiн пайдалана отырып тиiмдiлiгi жоғары энергия үнемдеушi жылу сорғы қондырғыларын (бұдан әрi - ЖСҚ) жасау және ЖСҚ пайдалану негiзiнде энергия үнемдеушi жаңа технологиялардың демонстрациялық аймақтарын құру мақсатында тиiстi бағдарламалар iске асырыла бастайды.
"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,2%-ы, 2007 жылы 1,2%-ы және 2008 жылы 1,2%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары саласындағы 2006-2008 жылдарға арналған шығыстардың негiзгi бағыттары:
астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру жөніндегi шараларды қабылдау;
отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласын дамыту және машина трактор паркiн жаңарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге сервистiк және техникалық қызмет көрсету жөніндегі құрылым жасау;
ауылда мал шаруашылығы өнімдерін сатып алумен және сатумен айналысатын мамандандырылған дайындау пункттерiн құру;
қолайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдiлігін және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесiн арттыру;
iс-шараларды iске асыруға жастарды белсендi түрде тарта отырып, орманды және жануарлар әлемiн сақтау мен молықтыру, жасыл көшеттер отырғызу алаңын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру үшiн жағдайлар жасау;
автомобиль және темір жолдардың бойында көгалдандыру көшелерiн құру;
ауыз судың сапасын және оның қол жетімділігін қамтамасыз ету;
жер қойнауының және қоршаған ортаның тиiстi дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн құру;
өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау;
ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту;
жер реформасын тереңдету, геодезия мен картографияны дамыту негiзiнде жер қатынастарын жетілдiру болады.
Осы функционалдық топ шеңберiндегі бюджет қаражатының едәуiр үлесi аграрлық өндiрiстi қайта өрлетуге және дамытуға, ауылдық инфрақұрылымды құруға және ауылдағы тұрмыс деңгейiн жоғарылатуға бағытталады.
Елдiң азық-түлiк қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астықтың экспорттық әлеуетiн ұлғайту, отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi мемлекеттік қолдау және астық бағасы демпингінiң алдын алу үшін жыл сайын мемлекеттік ресурстарға белгiленген баға бойынша астығы сатып алынады, көктемгі егiс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруге мүмкiндiк беретiн фьючерстiк екi деңгейдi астық сатып алу енгiзiлді.
Бұл iшкi астық рыногын тұрақтандыру және реттеу, көктем-жаз кезеңiнде нан және тоқаш-нан өнiмдерi бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң тұқым материалына, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерiн тұрақты қамтамасыз етуге және мемлекетаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз етуге арналған кейiнгi интервенциялар үшiн қажет.
Кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту, халықтың кiрiстерi мен тұрмыс деңгейiнiң өcуi, экономиканың басқа салалары көлемiнiң өсуiн қамтамасыз ету, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетiн кiрiстер түсiмiн ұлғайту ауыл шаруашылығын қолдаудың мультипликативтік әсерi болады.
Субсидиялау жолымен ауыл, су шаруашылығын мемлекеттік қолдау көзделiп отыр, мұндағы шаруашылық жүргізудiң қолайсыз әрi тәуекелдi жағдайлары мемлекет көмегiн ақтайды.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын және алдағы уақытта Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кірудi ескере отырып, заңды тұлғаларды субсидиялау саясаты еңбек өнiмдiлігін жоғарылатуға және отандық өндiрушілердiң бәсекеге қабiлеттілігін арттыруға бағытталған. Келешекте ДСҰ талаптарына сәйкес еңбек өнiмдiлігін және өнiм сапасын арттыруғa жәрдемдесу сияқты субсидиялаудың рұқсат етiлген нысанына көшудi біртіндеп жүзеге асыру қажет.
ДСҰ-ға алдағы кіру отандық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабілеттілiгiне ерекше талаптар қояды. Бұдан әрі ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласында кластерлiк бастамаларды iске асыру арқылы аграрлық өндiрiсті индустрияландыру iске асырылатын болады.
Азық-түлік қауiпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешеннiң бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ ауылдық аумақтарды кешендi дамыту және ауыл тұрғындарын ұлттық стандарттағы өмiр сапасы бар қалыпты өмiрмен қамтамасыз ету үшін "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегi № 66 Қазақстан Республикасының Заңы бекітілдi.
Аграрлық азық-түлік рыногында бәсекелестікті дамыту және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсаттарына сай келетiн аграрлық индустриялық саясатты iске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары бекiтілдi.
Халықты сапалы ауыз сумен одан әрi қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын қысқартуға бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегi № 1149 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Тұтастай алғанда, 2002-2005 жылдар кезеңінде сумен жабдықтау объектілерін қаржыландырудың ұлғайғаны байқалады.
2003-2004 жылдары негiзiнен республиканың орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы басқару жүйесін қайта ұйымдастыру, облыс әкiмдiктерiнде орманды және жануарлар әлемiн қорғау жөніндегі құрылымдық бөлiмшелердi құру жөніндегі iс-шаралар аяқталды.
Тұтастай алғанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 940 мың гектарға немесе 40%-ға ұлғайды және 3 млн. 286 мың гектарды құрады.
Тұтастай алғанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңы 2004 жылдан бастап 2005 жыл аралығында 340 мың гектарға ұлғайды және 17 847 мың гектарды немесе Қазақстан Республикасының жалпы аумағының 6,5%-ын құрады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жөніндегі барлық жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейiн дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасына және 2004 жылы өткен Парламенттiк тыңдаулар ұсынымдарына сәйкес жүргiзіледi.
Қазақстан Республикасы аумақтарының орманды жерлерiн ұлғайту және елдi мекендердi көгалдандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде тиiмдi әрi нәтижелi шаралар қабылдау үшiн қолданыстағы тиiстi бағдарламалар шеңберiнде қоршаған ортаның ластану деңгейiн азайту және оның мониторингі жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Ұзақ мерзiмдi перспектива шеңберiнде экологиялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету тұрғысындағы тұрақтылықты дамытуға инвестициялау ресурс үнемдейтiн технологияларды енгізуге, жаңартылып отыратын энергетикалық ресурстар (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетiн пайдалануға Қазақстан бекiткен жағдайда Киот хаттамасының тетiктерiн пайдалана отырып, парник газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға негiзделедi.
Өзен экожүйесiне түсетiн ауыртпалықты азайту және олардың ластануы мен қоқыстануын болдырмау мақсатында iрi елдi мекендердегi ағынды суларды тазарту жөніндегі iс-шараларға инвестициялар жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы Шет ауданындағы шөлейт жерлердi басқару жөнiндегі жобаны iске асыру жалғасады.
Жануарлар дүниесін сақтау және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы № 267 қаулысымен бекітілген Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
"Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi" функционалдық тобы бойынша шығыстар шеңберiнде:
биотехнологиялар, ядролық технологиялар саласындағы технопарктердi құру, Алатау кентiнде Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөніндегі iс-шаралар;
технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерде тiкелей инвестициялардың көлемiн ұлғайту;
мұнай-газ және кен-металлургия кешенi, жаңа материалдар, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ғарыштық технологиялар басымды бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу;
технологиялық процестердi халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
экспортқа бағдарланған өндiрiстердi одан әрi дамыту;
жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жұмысын тұрақтандыру және тұрып қалған кәсiпорындарды iске қосу, өндiрiстердi өнiмнiң түр-түрiн кеңейтуi және шығарылатын өнiм сапасын жақсартуға қайта бағдарлау жөнiндегі жұмыстарды жалғастыру;
жақын және алыс шeт елдермен бірлескен кәсiпорындар құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
мемлекеттік сатып алу жүргізу кезiнде ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар мен мекемелер сатып алатын өнiмдердiң республикадағы өндiрiсiн ұйымдастыру болады.
2003 жылы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағдарынан ауытқу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру басталды. 2003-2005 жылдар кезеңiнде дайындық сипатындағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл кезеңде қажетті қосалқы база қалыптасуы және даму институттарының тиімді жұмыс iстеуi жолға қойылуы тиiс.
Құрылған даму институттарының жүйелі жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген даму институттарын капиталдандыру жалғастырылады.
Стратегияны iске асырудың екiншi кезеңi (2006-2010 жылдар) Стратегияның іс-шараларын iске асырудың белсендi кезеңiне айналады деп танылуда, бұл ғылым мен техника жетiстiктерi, сондай-ақ халықаралық деңгейдегi мамандар даярлау негiзiнде қуаттарды құру мәселелерін кешендi шешуге мүмкіндік бередi. Бұл кезеңде негiзiнен ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылады және өнеркәсiптi жаңғырту мен экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған жобалар iске асырыла бастайды.
Отандық және шетелдiк ғылыми әлеуеттi пайдалану негiзiнде бәсекеге қабілетті түпкi өнiм жасауды қамтамасыз ететiн ашық түрдегі инновациялық жүйе қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 қаулысымен "Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама" бекiтілдi.
Бұл бағдарлама шеңберiнде мемлекет венчурлік капиталға сұранысқа да, оның ұсынысына да:
венчурлiк қорларды құруға қатысу;
институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк инвестициялауға қатысуы үшін жағдай жасау;
жеке инвесторлар желісін ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
венчурлiк инвестициялардың өтiмділігін қамтамасыз ету;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ) мен инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен әрiптестiк;
инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттік сақтандыру жүйесін құру;
инновациялық менеджментті, оның iшiнде венчурлік қорлардың менеджмент қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу жолымен ықпал ететiн болады.
Сондай-ақ 2006 жылы металлургия кешенiнде, машина жасауда, радио электроникасында және байланыста жоғары технологиялы, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiм өндiрiсiн ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге тиiстi қаражат бөлу көзделiп отыр.
"Көлiк және коммуникация" функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖІӨ-нің 1,7 %-ы, 2007 жылы 1,9%-ы және 2008 жылы 1,7%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Көлiк-коммуникация кешенiн дамытудың негiзгi мақсаты оны тұрақты қарқынды дамыту және экономика мен халық тарапынан көлiк қызметтерiне сұраныс өзгерген кезде жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оны толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
Оған қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру:
көлiк процестерiнiң барынша тиiмдiлiгiне қол жеткiзу және iшкi, транзитті және экспорттық-импорттық бағыттарда түпкi өнiм құнындағы көлiктiк құрамды азайту, Қазақстанның көлiк жүйесiн әлемдiк көлiк жүйесiне бірiктiру;
ұлттық көлiк заңнамасын өңiрлiк және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық заңнамамен үйлестіру;
бірыңғай экономикалық кеңiстiктi нығайту және өңiраралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ экономикалық даму мен әлеуметтiк тұрақтылыққа кепiлдiк беретiн деңгейде көлiктiк қол жетiмділіктi арттыру;
көлiк әлеуетін дамыту және оны тиiмдi пайдалану;
көлiк процестерiнiң қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету, көлiктегi оқиғалардың санын және ауыртпалығын төмендету;
экологиялық қауiпсіздiктi қамтамасыз eту және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
көлiк секторында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет.
2006-2008 жылдарға арналған көлiк және коммуникация саласындағы шығыстардың бағыттары:
автомобиль жолдарын, су көлiгін және ғарыш қызметiн дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды iске асыру;
транзиттi әуе кеңістiгін, оның iшiнде қазақстандық әуежайларды пайдалана отырып кеңейту;
автомобиль жолдарын пайдалануға болатын жағдайда қамтамасыз ету;
радиожиiлiк спектрi және радио-электрондық құралдар мониторингі жүйесiн құру және оны техникалық сүйемелдеу;
мемлекеттік техникалық өзен флотын жақсарту және жаңғырту;
су жолдарының кеме жүретiн жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi ұстау;
әлеуметтiк маңызы бар бағыттарда темір жол жолаушылар тасымалын субсидиялау;
темір жол саласының стандарттарын әзiрлеу;
ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн көрсету жөнiндегі залалдарын өтеу;
қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеу;
ауылда почта байланысының инфрақұрылымын құру және қайта жаңарту болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.
Аталған салада қазiргi жол желісін күтiп-ұстау, пайдалану және жолдарды салу, қайта жаңарту арасындағы оңтайлы теңгерiмге қол жеткiзу саясатын жүргізу қажет.
Қазақстанның климат жағдайын ескере отырып, автомобиль жолдарын салу мен ұстаудың халықаралық стандарттарына көшу жөнiнде жұмыстар жүргiзу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлiгін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекет пен қоғам үшiн темір жол көлiгi қызметiнiң оңтайлы жүйесiне қол жеткiзу үшiн жолаушылар көлігін одан әрi дамыту жөніндегі iс-шаралар, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау жалғасады.
Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметiн одан әрi дамыту, оның iшiнде:
байланыс пен хабар таратудың қазақстандық ғарыш жүйесiн дамыту;
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенiн құру жалғасады.
Сондай-ақ 2006-2008 жылдары экономиканың және қоғамның қажеттілiгiне сәйкес келетiн және сыртқы рыноктарға шығуды қамтамасыз ететiн коммуникациялардың техникалық жағдайын жақсарту, коммуникациялардың ұтымды желісін қалыптастыру көзделiп отыр.
Тарифтердi қайта теңгерiмдеу қызметкер мен абоненттер санаттары арасындағы кросс-субсидиялауды жоюға және телекоммуникациялық рыноктың әрбір секторында бәсекенiң пайда болуы үшiн экономикалық негiздер құруға бағытталған. Ол тарифтердi мемлекет жалпыға бірдей қол жетімдi қызметтер пакетiне жатқызғандардан басқа барлық қызметтерге қалыпты рентабелділiктi қамтамасыз етуге дейiн жеткiзудi көздейдi.
Тарифтердi кезең-кезеңiмен қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл ретте қалаларда тарифтердi толық қайта теңгерiмдеудi жүзеге асыру және оларды нарықтық негiзделген деңгейге дейiн жеткiзу ұйғарылып отыр, бұл операторларға өз шығындарының орнын толтыруға және пайдалылықтың осы рынок сегментiндегі бәсеке нәтижесiнде белгiленетiн белгiлi деңгейiн алуға мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлердегi қайта теңгерiмдеу тарифтерiнiң төмендеуi болжанып отырған қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi бойынша жүзеге асырылады. Ауылдағы жеке тұлғалар үшiн абоненттiк төлем қызметтердiң өзiндiк құнын ақтамайтын бұрынғы деңгейде қалады.
"Басқалар функционалдық тобы бойынша шығыстарды 2006 жылы ЖIӨ-нiң 1,5%-ы, 2007 жылы 1,7%-ы және 2008 жылы 1,1%-ы деңгейiнде болжау ұйғарылып отыр.
Шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын кеңейту маңызды аспектiлердiң бірi болады. "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлік қоғамының базасында (бұдан әрi - Қор) "үлкен қаржы маркетi" құрылады.
Қорға жарғылық капиталын ұлғайту үшiн, оның iшiнде:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне одан әрi шағын кредиттер берудi қамтамасыз ету үшiн Қордың жүз пайыз қатысуымен шағын кредит беру ұйымдарын құру үшiн;
олардың жеке инвесторлар мен банктерден кредиттер алған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн кепiлдiк беру жүйесiн құру үшiн;
жобалық кредит берудi қаржылық қолдау үшiн, франчайзинг негiзiнде жобаларды қаржыландыру, бизнес-жобаларды әзiрлеу үшiн, одан кейiн оларды конкурстық негiзде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берумен олардың бастапқы элементтерiн iске асыру үшiн, оларды одан кейiн қайта құрылымдап және кәсiпкерге бере отырып, дайын бизнесті сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшiн 2005 жылы республикалық бюджеттен 11 миллиардтан астам теңге бөлiнді.
Бюджеттік кредит беру саясаты экономика саласында шешiмдердi қабылдау рәсiмдерiне қойылатын талаптардан туындайды.
2006-2008 жылдарға арналған бюджеттік кредит берудiң мақсаттары экономика салаларында бәсекелi ортаны қалыптастыру әрi дамыту, сондай-ақ адами капиталды дамыту болып табылады. Бюджеттік кредит беру мемлекеттік және салалық (секторалдық) даму бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылады және олардың уақыттық шеңберлерi болады.
Бюджеттік кредиттер мынадай негiзгi бағыттар бойынша берiледi:
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру;
мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
жергiлiктi атқарушы органдарға, оның iшінде жергiлiктi бюджеттердiң кассалық алшақтығын жабуға кредит беру;
қаржы агенттiктерi мәртебесi бар қаржылық даму институттарына кредит ресурстарын беру.
Жүргiзілетiн сыртқы саясатқа қарай бұдан былай қарыз алушылардың санаттары шетелдік мемлекеттермен толықтырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға бюджеттік кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кредит саясаты тек мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын iске асыруға ғана шоғырландырылады. Жергiлiктi бюджеттерден бюджеттік кредит беру қарыз берушi банктер мен қаржы агенттігi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Қаржы агенттіктерi мәртебесi бар қаржылық даму ұйымдарына бюджеттік кредит берудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда нақты қаржылық даму ұйымына кредит беруге қаражат көздей отырып, осы орайда бұл қаражатты пайдаланудың мақсаттары мен бағыттарын айқындай отырып, кредит ресурстарын беру жолымен жүзеге асырған орынды.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде 2005-2006 жылдары 84 млрд. теңге сомасында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне жеңiлдiктермен кредит беру және жергіліктi атқарушы органдарға тұрғын үй салуға сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша бюджеттік кредит беру, сондай-ақ 2007 жылы 2005 жылы кредитке берілетiн 42 млрд. теңгенi қайта инвестициялау жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзiмдi перспективада кредит қаражатын тиiмдi пайдалануға, кредиттердi қайтару жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жоғарылатуға, қарыз алушылардың бюджет алдындағы мерзiмi өткен берешектерiн азайтуға жәрдем ететiн бюджеттік кредит беру рәсiмдерi мен тетiктерiн жетiлдiру жалғасатын болады.
Орта өлшемдi қарыз алу ставкасының болжанып отырған төмендеуiне байланысты түпкiлiкті қарыз алушылар үшiн пайыздық ставкаларды азайту мүмкiндiгi пайда болады, бұл кейiннен сыйақы ставкасын өтеу практикасынан бас тартуға мүмкiндiк бередi.
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
Орта мерзiмдi перспективада мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуды, соның iшiнде мемлекеттік меншiктiң мақсаты әрi тиiмдi пайдаланылуын бақылау жүйесiн қалпына келтiру және күшейту, мемлекеттік меншiктiң құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру жолымен реттеуге бағытталған.
Қаржы активтерiн сатып алу экономиканың стратегиялық салаларына мемлекет тарапынан елдiң экономикалық қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды тиiмдi дамытуға бағытталған тиiстi бақылау орнату құралдарының бірi болып табылады.
Мемлекеттік меншiкке заңды тұлғалардың акцияларын, қатысу үлестерiн сатып алу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жалпы мемлекеттік мiндеттердi орындау мақсатында экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн, бірақ меншiк иелерiн тиiмдi басқармайтын кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi, сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтік маңызды кәсiпорындардың акциялары, қатысу үлестерi сатып алу (иелiкке алу) объектiлерi ретiнде танылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздарын сатып алу қолданыстағы заңдар шеңберiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының мүдделерiн халықаралық деңгейде қорғауға бағытталады.
Мемлекеттің қаржы активтерi - акциялардың мемлекеттік пакеттерiн, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың және мемлекеттік меншiктiң өзге де объектілерінiң қатысу үлестерiн сату - тиiсті бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде белгiлi бір салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты жекешелендiру мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 7-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
Орта мерзiмдi кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгi мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiне бекiтілiп берiлген мемлекеттік қызметтердi толық көрсетуi және өздерiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін оларды жеткiлiктi қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексiнде белгiленген қағидаттардан және түсiмдер мен шығыстардың бюджет деңгейлерi арасында бөлiнуiнен бастау алады әрi өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегі анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейiнiң дербестiгiн күшейтуге, сондай-ақ тиiмдi бюджет саясатын жүргiзуге бағытталған.
Бюджет кодексiне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, облыстық және аудандық бюджеттер арасында, сондай-ақ кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттелетiн болады.
Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлiнедi.
Аумақтардың экономикалық дамуының тым күшті саралануы салдарынан кiрiс базасының өңiрлер арасында біркелкi бөлiнбеуiне байланысты халықтың мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуiне тең қол жеткізуiне жету үшiн өңiрлердiң бюджеттік қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру саясаты жүргiзiледi.
2005 жылдан бастап үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемiн айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жалпы сипаттағы ресми трансферттердi есептеу әдiстемесi негізiнде жүргiзіледi.
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың 2005-2007 жылдарға арналған көлемi Қазақстан Республикасының Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында - абсолюттi көрiнiсте облыстық мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген.
Орта мерзiмдi кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерiн бекіту тұрақтылығы жергілiкті атқарушы органдардың салық әлеуетiн ұлғайтуға мүдделілiгiн, жергiлiктi бюджеттердің шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етедi. Жергілiкті атқарушы органдар республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергіліктi бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк алады.
2007 жылы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленетін болады.
Бұл үшін жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемін есептеудің Конституциямен кепілдік берілген, мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігінде өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алып қоюлар мөлшерін тұрақты бекітуге бағытталған жаңа әдістемесі әзірленетін болады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде мақсатты ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың шығасыларды тиiстi өтеусіз жүктелуiне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
Жоғары тұрған органдар жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң әрекет ету кезеңiнде жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюына немесе кiрiстерiнiң азаюына әкеп соғатын нормативтiк құқықтық актілердi қабылдаған жағдайда, төмен тұрған бюджеттердің шығасыларын өтеу мақсаты ағымдағы трансферттердi бөлу жолымен жүргiзіледi.
2005 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32%-ға, 2007 жылдан бастап 30%-ға көтерiледi, сондай-ақ кәсiптiк орта білім беретiн ұйымдар оқушыларының стипендия мөлшерi екі еседен астам ұлғайтылады.
Жалақы мен стипендияның көтерілуiне байланысты шығасыларды өтеуге республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.
Ағымдағы нысаналы трансферттер қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) немесе өңiрлiк бағдарламаларды орындауға берiлетiн болады.
Нысаналы даму трансферттерi мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды көзделген жергілiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру үшiн беріледi.
Бұл ретте төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерiн беру, олардың көлемi өңiрлердің білім беру мен денсаулық сақтаудың басымды мекемелерi желісімен, сумен жабдықтау қызметтерiнiң көрсетiлуiмен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру мiндеттерiмен өзара байланысты болады.
Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi деңгейдегі басымды бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салу және тұрғын үй салу болады.
Нысаналы трансферттердi тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкiндiгiне байланысты, оларды пайдалану тиiмдiлiгін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
Алдағы үш жылдық кезеңде билiктi одан әрi орталықсыздандыруға, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге және оның тиiмділігін арттыруға бағытталған атқарушы билiк реформасы жалғасады. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Жергiлiктi өзiн өзi басқаруды қолдаудың және дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзiрленедi.
2006 жылдан бастап мәслихаттардың бақылау өкілеттiктерiн кеңейту көзделіп отыр.
Бюджетаралық қатынастар саясаты жүргiзiлген жұмыс нәтижелерiмен үйлестiрiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.05. № 396 қаулысымен 8-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару
Мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыш мемлекеттің көптеген мемлекеттік бюджет, инфляция деңгейi, шетелдiк инвестициялар, төлем балансы, ақша-кредит саясаты және валюта жүйесi сияқты құрамдауыштарына ықпал ететiн, оның қаржы жүйесiнiң негiзгі бөлiгі болып табылады.
Елдiң iшкi экономикалық тұрақтылығы және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы рыноктарындағы ұстанымы мемлекеттік борышты тиімдi басқаруға байланысты. Сыртқы берешек дағдарысы экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік-саяси сипаты бар келеңсіз салдары болуы мүмкін.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша үкiметтiк борыш 586,4 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 10,6 %) немесе 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Мемлекет кепілдік берген борыш 82,3 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 1,4%) немесе 0,6 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасының үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген борышы 668,7 млрд.теңге (ЖIӨ-ге 11,4%) немесе 5,1 млрд.теңге АҚШ долларын құрады.
ЖІӨ-ге қатысты үкіметтік борыш 2000 жылдан бастап төмендейді және болжамдар бойынша осы үрдіс сақталатын болады.
Үкіметтік борыштың құрылымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі борышының үлесі 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 39,4% (231,1 млрд.теңге немесе 1,8 млрд. АҚШ доллары) құрады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының үлесі 60,6% (355,3 млрд. теңге немесе 2,7 млрд. АҚШ доллар) құрады.
Үкіметтік борыштың құрылымындағы сыртқы борыш үлесі де азаю үрдісіне ие.
2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтiк борыштың iшкi құрылымында жалпы көлемнiң (205,5 млрд.теңге немесе 1,6 млрд. АҚШ доллары) 89%-ын мемлекеттік орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МЕОКАМ), 9% - мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер (МЕККАМИ) құрады.
2005 жылғы 1 қаңтарға үкiметтік борыштың сыртқы құрылымындағы халықаралық қаржы ұйымдарына мiндеттемелер (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi, Ислам Даму Банкi) үкiметтiк сыртқы борыштың жалпы көлемiнiң 52,6%, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерiне (Сауд Аравиясы, Кувейт, Австрия, Швеция, Корея, Жапония, Германия, БАӘ) - 25,4%, шетелдiк коммерциялық банктерге - 9,2%, капиталдың халықаралық рыноктарына эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар - 12,8% құрады.
Үкiметтік сыртқы борыштың валюталық құрылымы жеткілiктi дәрежеде әртараптандырылмаған. 2005 жылғы 1 қаңтарға АҚШ долларының үлес салмағы 70,6%-ды құрады, жапон йені - 24,4%, арнайы қарыз алу құқықтары - 2,1%, евро - 1,1%, өзгелерi - 1,8%.
Қазiргі уақытта қалыптасқан АҚШ долларының едәуiр басым болуымен сыртқы борыштың валюталық құрылымы айтарлықтай валюталық тәуекелдерге бейiм. Валюталық тәуекелдерге байланысты шығасыларды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң борыштық портфелiн әртараптандыру қажет.
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы қалыпты борыш деңгейiмен бір тұрғынға орташа кiрiс деңгейi бар елдер тобына жатады. Қазақстан Республикасының үкіметтік және мемлекет кепiлдiк берген борышының көрсеткіштерi 1992 жылғы 7 ақпандағы Маастрихск шартында Еуропалық Одақ елдері үшiн белгіленген мемлекеттік борыш жөніндегі макроэкономикалық көрсеткiштер өлшемдерiнен аспайды.
Елдегi экономикалық тұрақтылық пен тартымды инвестициялық ахуал елдiң беделiнде оң тұрғыдан көрiндi.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерi арасында бірiншi болып қазiргі таңда үш озық халықаралық рейтингтік агенттiктердiң инвестициялық сынып рейтингіне ие.
"Moody's Investors Service" халықаралық рейтингтік агенттiктiң барлық рейтингтерi бойынша болжамдар "оң", Standard & Рооr's және Fitch Rating's Ltd. халықаралық рейтингтiк агенттіктер рейтингтерiнiң "тұрақты" деген болжамы бар.
2005 жылдың қаңтарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанның рейтингін көтеру және республиканы 5-тен 4-шi тәуекел тобына ауыстыру туралы шешiм қабылдады.
10-кесте
Көрсеткiштердiң | ЕО елдерi | Қазақстан |
?кіметтік борыштың | 60 | 10,0 |
Сыртқы үкiметтiк | 200 | 12,1 |
Сыртқы үкiметтік және |
| 7,5 |
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ?кіметінің мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты мынадай екі бағытта iске асырылатын болады:
жүргізіліп жатқан жинақтар саясатын ескере отырып, қалыптасып отырған бюджеттің мұнай емес тапшылығы мөлшерi негiзiнде республикалық бюджет пен үкiметтiк борыш тапшылығының өлшемдерiн айқындау;
үкiметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту.
Республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік борыш параметрлерiн айқындау жүргізіліп жатқан жинақтау саясатын ескере отырып, бюджеттiң қалыптасып отырған мұнайдан тыс тапшылығының мөлшері негiзiнде жүзеге асырылады.
Экономикалық өсу жағдайларында, әсiресе табиғи ресурстардың бір бөлігін қаржы активтеріне айырбастауға ұмтылушы елдер үшін экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыш мөлшерiн қысқартудың орынды екендігіне әлемдік тәжiрибе куә.
Мысалы, 1995 жыл соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттік борышы шамамен 43,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Алайда, бюджет профицитiнiң мақсатты бағытталу саясатын жүргiзу нәтижесінде 2000 жылдың аяғында мемлекеттік борыш 30,4 млрд. АҚШ долларға дейiн қысқарды. Бұл ретте, экономиканың "тым қызып кетуiн" болдырмау мақсатында бір мезгiлде мұнай өнiмдерiн сатудан түскен қаражаттың жоспардан тыс түсімдерін Мұнай қорында жинақтау жүргізілді (1990 жылы мұнай бағалары өсуiнiң құбылуына байланысты құрылған болатын, Қорға алғаш түскен түсімдер 1996 жылы шамамен 300 млн. АҚШ долларын құрады. 2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Мұнай қорының активтерi 91,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл елдiң мемлекеттік бюджетiнен (2002 жылы шамамен 77 млрд. АҚШ доллары) асып түсті.
Нәтижесiнде 3-5 жыл iшiнде Норвегия үкiметтiк борыш мөлшерiн едәуiр қысқартуға қол жеткiздi. Бұл ретте, Мұнай қорында жинақталған қаражат Үкiметтiң қабылданған мiндеттемелерiн орындау қабiлетіне кепiлдiк бередi және дефольттың басталу мүмкiндігін болдырмайды, өйткенi қазiргi уақытта елдiң мемлекеттік борышы Мұнай қоры мөлшерiнiң кемiнде 45 %-ын құрайды (2002 жылдың соңындағы жағдай бойынша Норвегияның мемлекеттік борышы 2001-2002 жылдар кезеңiнде негiзiнен АҚШ долларына норвегия кроны бағамының нығаюы нәтижесiнде доллар көрiнiсiнде ұлғая отырып, 39,3 млрд. АҚШ долларын құрады).
Сонымен қатар, бiздiң елде қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бір жағынан, Ұлттық қор арқылы әлемдiк қор рыноктары мен несиелiк капитал рыноктарына қаржы ресурстарын инвестициялайды, ал екiншi жағынан сыртқы қарыздарды тартады. Бұл ретте тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыстар Ұлттық қор активтерiн түрлі қаржы құралдарына орналастырудан түскен кiрiстерден асып түседi, бұл сайып келгенде жүргізiлетін қарсы операциялар бойынша терiс маржаны қалыптастырады. Ел нетто-кредитор болып отырған шақта, мұндай практиканы жалғастыруға жол бермеу керек. Ұлттық қор активтерiмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер сомасы осы уақыт кезеңiндегі үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасынан артық болуы тиiс. Бұл шартты орындау үшiн бюджеттiң мұнайдан тыс тапшылығы мен үкiметтік борыш мөлшерiн қысқарту қажет.
Активтерді елеулі қысқартуға жол бермеу мақсатында бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнде ЖІӨ-нің 1%-ынан аспайтын мөлшерде шектелетін болады.
Мемлекеттің борышты азайту саясатына бейiмдiлiгi Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыруға жәрдем етедi.
Сонымен қатар, мұнайға әлемдiк баға төмендеген және елдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда экономикалық өсудi ынталандыру мақсатында бес жылдық кезең үшін орташа мән шеңберінде қосымша инвестициялар тарту арқылы бюджет тапшылығын ұлғайтуға қайта бағдарлануға болады.
Үкiметтiк борыш құрылымындағы сыртқы борыш үлесiн біртiндеп азайту республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымындағы сырттан қарыздар есебiнен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үлесін азайту жолымен жүзеге асырылатын болады.
Борыштық портфельдiң бар құрылымы дағдарыстың және валюталар бағамының, энергия көздерiне пайыздық ставкалар мен әлемдiк бағамдардың ауытқуы нәтижесiнде қаржы шығасыларының пайда болу тәуекелiне едәуір бейiм және осы көзқарас тұрғысынан алғанда осал, экономикалық қауiпсіздiктiң өлшемдеріне сәйкес келмейтiн болып табылады. Үкiметтiң борыштық портфелiн әртараптандыру мақсатында бір мезгiлде iшкi рыноктағы қарыз алуды ұлғайта отырып, сыртқы қарыз алу көлемін қысқарту қажет.
Iшкi қарыз алу көлемiн ұлғайту зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына сенiмдi әрi өтiмдi қаржы құралдарын (мемлекеттік бағалы қағаздарды) беру қажеттігімен байланысты.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1385 қаулысымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілдi. Бұл Бағдарламада зейнетақы қорларының, соның iшiнде, зейнетақы активтерiнiң кiрістілігі мен рыноктағы қаржы құралдарының тапшылығын азайту проблемаларының шешiмдерi көзделген. Аталған проблемаларды шешу 1 жылдан 30 жылға дейiнгi әртүрлі өтеу мерзiмдерi бар және кірiстiлігі инфляцияның болжамды деңгейiнен төмен емес немесе инфляция деңгейiне байланысты мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыру жолымен елдiң iшкi рыногындағы ұзақ мерзiмдi мемлекеттік қарыз алудың Қазақстан Республикасы ?кіметі мен Ұлттық банкi арасында келісілген саясатын тұжырымдау арқылы iске асырылады.
Үкіметтік қарыз алу мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналыста ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы басым акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін өзіне қамтитын бүкіл мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізіледі.
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау үшін ағымдағы жылы мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада борышты басқару стратегиясының, мемлекеттің қатысуы басым акционерлік қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектордың борышын ескере отырып, мемлекеттік борыш мониторингінің мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері және мемлекеттік борышты басқарудың ұйымдық негіздері көрініс табады.
2006-2008 жылдары мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш саласында жүргiзiлiп жатқан саясат шеңберiнде мынадай мiндеттердi шешу көзделедi (бағыттар бойынша):
1) бюджет тапшылығы мен борыш параметрлерi:
Мемлекет басшысы айқындаған мiндеттердi ескере отырып, орта мерзiмдi перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшерi мен бюджет теңгерiмдiлiгіне қол жеткiзуге негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерiн айқындау;
жинақтау жөніндегі саясат шеңберiнде үкiметтік борыштың оңтайлы мөлшерiн анықтау;
2) iшкi қарыз алу:
жылдар және қағаз түрлерi бойынша бөлінiстегi мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған үлгi схемасын жасау;
iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай түрлі қарыз алу құралдарын пайдалану;
рыноктағы ахуалға байланысты қарыз алудың жалпы көлеміндегі индекстелген және купондық мiндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатынасты белгiлеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
бағалы қағаздар рыногында ("benchmark") бағдарлар белгілеу;
жалпы шығару санын азайта отырып, мемлекеттік бағалы қағаздар шығару көлемiн ұлғайту;
айналым мерзiмiн ұлғайта отырып, пайыздарды төлеудiң мерзiмділігін азайту;
мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту әрi қысқа және орта мерзiмдi перспективада iшкi үкiметтiк борышты өтеу жөніндегі төлемдер төлеудiң ең жоғары шегiн төмендету, бұл үшiн, негiзiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлану ұйғарылып отыр;
3) сырттан қарыз алу:
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, тиiстi орта мерзiмдi кезеңге арналған донор халықаралық қаржы ұйымдарының елдiк бағдарламаларына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында, оның iшiнде:
- ауыл, су және орман шаруашылығында;
- жол саласында;
- өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту үшiн;
- астананы одан әрi дамыту үшiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жаңа инвестициялық жобаларды дайындау;
жаңа жобаларды iрiктеуге және Қазақстанның Даму Банкінің қайтарымды негiзде қаржыландыруы ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзeгe асыруына қойылатын талаптарды күшейту;
республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне қосылатын жобалардың дайындалу және сарапталу сапасын жақсартуда көрiнетiн қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда келеңсіз салдарларды азайту мақсатында қарыздардың валюталары бойынша Үкiметтiң сыртқы қарыздар портфелiн әртараптандыру;
бір мезгiлде Үкiметтiң бірлесiп қаржыландыру үлесiн ұлғайта отырып, сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi донорлардың жақсартуы шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сырттан қарыздарды тарту;
4) борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
үкiметтік қарыздарға қызмет көрсетуде неғұрлым қымбаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу арқылы үкiметтiк борышты белсендi басқару;
жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен борыштық мiндеттемелердi өтеу жөнiнде және реттелмеген борыштық мiндеттемелер проблемаларын тез арада шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
фискалдық тәуекелдердi болжау - АҚШ долларына теңгенiң айырбас бағамының, шетел валюталарының "pocc-бағамдарының, пайыздық ставкалардың өзгеруi, әлемдiк бағалар конъюнктурасының өзгеруi салдарынан Ұлттық қорға қаражаттың жеткілiксіз түсуi.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттік борыштың қауiпсіз деңгейде сақталуын қамтамасыз етуi, оның құрылымын оңтайландыруы әрi орта және ұзақ мерзiмдi перспективада бюджеттiң тұрақтылығын жоғарылатуы тиiс.
Қазақстан Республикасының экономикасы баға өзгерістерiнiң үш түрi:
әлемдiк тауар бағаларының ауытқуы;
валюта бағамдарының ауытқуы;
әлемдiк ақша рыноктарындағы пайыздық ставкалардың ауытқуы туындататын қауiптерге бейiм, бұларды iшкi саясат құралдарымен бақылау мүмкiн емес.
Бұған:
ел өндiрiсi құрылымының көлемiнде сыртқы рынокқа жеткiзілетiн шикiзаттық тауарлардың, ең алдымен мұнайдың ауқымды орын алуы;
Қазақстанның сыртқы қарыздарының түрлi валюталарда көрiнуi;
борыштың басым бөлiгін құбылмалы пайыздық ставка шарттарында жасалған мiндеттемелердiң құрауы себеп болды.
Әлемдiк тауар бағаларының тәуекелдерi (мұнай бағаларының мысалында).
Мұнай бағаларының төмен болуы да, жоғары болуы да Қазақстан экономикасы үшін келеңсіз салдарларды тудыруы мүмкiн.
Мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшiн 19 АҚШ долларынан төмен азайған жағдайда, тасымалдауға арналған шығындарды есепке алғанда, жекелеген кен орындарында мұнай өндiру рентабельдi болмайды, бұл мұнай өндiру көлемiн азайтуға алып келедi. Қазақстандағы шетелдiк капиталдың басым бағыты өндiрушi сектор болып табылатындықтан, энергия көздерiнiң төмен бағалары елдiң инвестициялық тартымдылығын азайтады.
Мұнай өндіруші кәсiпорындар кiрiстілігiнің азаюы экономиканың аралас салаларындағы өндiрiс көлемiн азайтуға алып келедi. Атап айтқанда, бұл көлік, сауда, байланыс салаларындағы қаржы секторының қызметтері саласындағы өсу қарқындарына әсер етедi. Осылайша, ел экономикасының жалпы өнiмділігi төмендейдi, бұл, сайып келгенде, инфляциялық процестердiң күшеюіне және мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң азаюына алып келедi.
Мұнайдың жоғары әлемдiк бағалары жағдайында теңгенiң нақты айырбас бағамын күшейту жағына едәуiр қысым көрсетіледi. Қазақстанда өзiнiң ұлттық валютасында жоғары кірістер алу мүмкiндiгiн иеленетiн импорттаушылар үшiн қазақстандық рынок аса тартымды болады. Бір мезгiлде қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмендейдi, жұмыс орындары айтарлықтай қысқарады.
Қолма-қол ақшаның едәуiр ағыны нәтижесiнде инфляцияның монетарлық факторлары күшейедi.
Валюталық тәуекелдер
Қазiргi уақыттa Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алуының валюталық құрылымы АҚШ долларын, арнаулы қарыз алу құқығын (АҚҚ), жапон йенiн, евроны (немiс маркасындағы, австрия шиллингiндегі бұрынғы борыштарды қоса алғанда), швейцария франкiн, ағылшын фунт стерлингiн, сауд реалын және өзге де валюталарды қамтиды. Соның салдарынан доллар көрiнiсіндегі борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер мөлшерi кросс-бағамдарының (AҚШ долларына қатысы бағамдардың) өзгеруiне өте бейiм.
Пайыздық тәуекелдер
Қазақстан Республикасына халықаралық қаржы ұйымдары кредиттерiнiң және экспорттық кредиттердiң едәуір бөлiгi құбылмалы пайыздық ставка (LIBOR халықаралық қаржы ұйымдарының ставкалары) шарттарымен берiлген. Абсолюттік көрсеткiштер тұрғысынан алғанда пайыздық ставкалардың өзгеруiне байланысты тәуекелге бейiмділік зор: базалық пайыздық ставканың бір тармаққа өзгеруi қысқа мерзiмдiнi қoca алғанда, борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдердiң өзгеруiн бiлдiредi. Сондықтан, егер нарық жағдайларында сыртқы қаржыландыруға тәуелдiлiк ұлғаятын болса, сыртқы берешектiң жағдайы пайыздық ставкалардың өзгеруiмен байланысты үлкен тәуекелге ұшырауы мүмкiн.
Қазiргi уақытта бар, тұрақты экономикалық өсуге және маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге кедергі келтіретiн тәуекелдердi iшкi факторларға жатқызуға болады. Бұл тәуекелдер мыналардан:
белсендi жаңартуға, сондай-ақ оған қызмет көрсету үшiн жоғары біліктi мамандар даярлауға қомақты инвестициялар талап етілетiн табиғи тозған және моральдық ескiрген жабдықтың экономикада басым болуынан;
негізгі өнiм массасының әсiресе өндiрiс құралдарының бәсекеге қабiлеттiлігінiң төмендігінен;
тауарлар мен қызметтер көрсетудiң iшкi рыногында жеткiлiктi бәсекенiң болмауынан көрiнедi.
Ұлттық қорда қаражат жинақтаудың және оларды елден тыс жерлерде орналастырудың, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқарудың мемлекеттік саясаты, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы фискалдық тәуекелдердiң ықтимал келеңсіз салдарларының алдын алуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық стратегиясын белгілейдi, бар мемлекеттік ресурстар көлемi мен үш жылға арналған негізгі фискалдық басымдықтарды айқындауға мүмкiндiк бередi.
Келешекте орта мерзiмдi фискалдық саясаттың рөлiн осы құжатты әзiрлеген кезде көзделген мақсаттар қаншалықты дәрежеде орындалғаны бойынша бағалауға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2006-2008 жылдарға
арналған орта мерзiмдi
1-қосымша
2006-2008 жылдарға арналған
мемлекеттік бюджет болжамы
ЖIӨ-ге пайызбен
Атауы | Болжам | ||
2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | |
Кiрiстер | 22,3 | 22,7 | 23,2 |
Шығындар | 22,4 | 23,3 | 23,3 |
Операциялық сальдо | -0,1 | -0,6 | -0,2 |
Таза бюджеттік кредит беру | 0,5 | 0,1 | 0,0 |
Бюджеттік кредиттер | 0,6 | 0,2 | 0,1 |
Бюджеттік кредиттердi өтеу | 0,1 | 0,1 | 0,1 |
Қаржы активтерiмен жасалатын | 1,1 | 1,0 | 0,8 |
Қаржы активтерiн сатып алу | 1,2 | 1,0 | 0,8 |
Мемлекеттің қаржы активтерiн | 0,03 | 0,02 | 0,01 |
Бюджет тапшылығы (профицитi) | -1,7 | - 1,7 | -1,0 |
Бюджет тапшылығын қаржылан- | 1,7 | 1,7 | 1,0 |
Үкіметінiң
2006-2008 жылдарға
арналған орта мерзiмдi
2-қосымша
2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет шығыстарының болжамы
Атауы | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | |||
ЖІӨ-ге | үлес, | ЖІӨ-ге | үлес, | ЖІӨ-ге | үлес, | |
Шығыстар | 24,2 | 100,0 | 24,5 | 100,0 | 24,3 | 100,0 |
Жалпы сипаттағы мем- | 1,4 | 5,8 | 1,5 | 6,1 | 1,3 | 5,2 |
Қорғаныс | 1,2 | 4,8 | 1,4 | 5,7 | 1,4 | 5,7 |
Қоғамдық тәртiп, | 2,0 | 8,3 | 2,3 | 9,5 | 2,2 | 8,9 |
Білім беру | 3,8 | 15,9 | 4,4 | 17,9 | 4,4 | 18,1 |
Денсаулық сақтау | 2,7 | 11,0 | 2,7 | 11,2 | 3,1 | 12,6 |
Әлеуметтік көмек | 5,4 | 22,3 | 5,2 | 21,2 | 5,2 | 21,3 |
Тұрғын үй-комму- | 1,8 | 7,6 | 1,8 | 7,3 | 1,8 | 7,4 |
Мәдениет, спорт, | 0,6 | 2,6 | 0,6 | 2,4 | 0,5 | 2,2 |
Отын-энергетика | 0,4 | 1,5 | 0,2 | 1,0 | 0,1 | 0,6 |
Ауыл, су, орман, | 1,4 | 5,7 | 1,3 | 5,2 | 1,2 | 4,8 |
Өнеркәсiп, сәулет, | 0,0 | 0,1 | 0,0 | 0,1 | 0,0 | 0,1 |
Көлiк және | 1,3 | 5,5 | 1,3 | 5,2 | 1,6 | 6,7 |
Басқалар | 1,5 | 6,2 | 1,2 | 5,0 | 1,0 | 4,3 |
Борышқа қызмет | 0,5 | 2,1 | 0,4 | 1,8 | 0,4 | 1,7 |
Ресми трансферттер | 0,1 | 0,6 | 0,1 | 0,5 | 0,1 | 0,4 |