Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1376 қаулысы
(2006.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiн ізгiлендiру және оның материалдық-техникалық базасын одан әрi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жыл сайын қаңтарда және шiлдеде жарты жылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы
Астана, 2003 ж.
ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы - Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
жүйесiн одан әрі дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн - Қазақстан Республикасы Президентінің
негiздеме 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы
- Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Әзiрлеуге жауапты - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
орган
Мақсаты - Мыналардың:
түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарды
ұстау жағдайларын;
қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны
орындаудың сапасын;
қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң
кәсiби даярлығын жақсарту
Мiндеттерi - Жазаны орындау саласында заңнаманы
жетiлдiру, түзеу мекемелерінде ұсталатын
адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
қамтамасыз ету;
- Сотталғандарды ұстау жағдайларын
халықаралық нормалар мен стандарттар
талаптарына барынша жақындату;
- Жаңа түзеу мекемелерiн салу және
қолданыстағыларын қайта жаңғырту;
- Түзеу мекемелерiнiң материалдық-техникалық
базасын жақсарту;
- Бас бостандығынан айыруға және
қылмыстық-құқықтық ықпалы ету шараларына
баламалы жазаларды тиiмдi орындау үшiн
жағдайлар жасау;
- Сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
- Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң
кәсiби даярлығын жақсарту
Қаржыландыру көздерi - 2004-2006 жылдар мерзiмiне республикалық
бюджет қаражаты 7 млрд. 401 млн. 262 мың
теңге сомасында
Күтiлетін нәтижелер - Заңнамалық база қылмыстық-атқару жүйесiнiң
тиiмдi қызметiне ықпал етедi
- Жазаны орындау кезiнде сотталғандардың
құқығы мен заңды мүдделерi толығымен
қамтамасыз етiледi
- Бас бостандығынан айырылған адамдардың жаза
өтеу жағдайы жақсарады
- Түзеу мекемелерiнде сотталғандарды ұстау
тығыздығы азаяды
- Мыналар:
- түзеу мекемелерiнде сотталғандарды ұстау
қауiпсiздiгiнiң деңгейi;
- түзеу мекемелерiн күзету сенiмдiлiгi артады.
Мынадай:
- сотталғандардың барлық санаттары, өздерi
сотталған немесе қамалғанға дейiн тұрған
өңiрлерi шегiнде жазаларын өтеу;
- сотталғандарды әлеуметтiк оңалту мен
бейiмдеу үшiн жағдайлар жасалады;
- Қылмыстық-атқару жүйесiнiң
қаржылық-экономикалық жағдайы тұрақталады;
- Бас бостандығынан айыру орындарында
ұсталатын еңбекке қабiлеттi адамдар үшiн
жұмыс орындарының саны артады;
- Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
жақсарады;
- Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес
жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару
инспекцияларының функциялары кеңейедi;
- ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығы артады.
Iске асыру мерзiмдерi - 2004-2006 жылдар
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) жазаларды атқарудың мемлекеттік тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.
ҚАЖ-ды дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 және "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 қаулыларымен бекітілген бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте, позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.
Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, ҚАЖ-да сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөніндегі мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттік қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.
Мұнымен бағдарламалық құжаттарды қоғам дамуының осы кезеңi үшiн сипатты өзектi проблемалар мен басымдықтарды ескере отырып, жазаны орындау саласында бұрын қолданыста болған бағдарламаларға қатысы бойынша сабақтастық қағидатын сақтай отырып әзiрлеу қажеттiлiгi негiзделедi.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы әзiрлендi.
3. ҚАЖ-дың қазіргі жай-күйiн талдау
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңымен ҚАЖ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағына берiлдi.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бірлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
Сонымен бірге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерістер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.
Республика аумағында режим түрлерi бойынша ТМ-нiң әркелкi орналасуын атап өту қажет. TM-нiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2002 жылы - 22 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2003 жылы шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi ТМ жоқ. Республикада әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ТМ-нiң саны жеткiлiксiз, бұл сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн қиындықтар туғызады.
Қолданыстағы ТМ-нiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.
Қылмыстық саясатты iзгiлендiрудiң объективтi процестерiне сай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны едәуiр артады. Бұл ретте, қылмыстық-атқару инспекциялары, ең алдымен штат санының жеткілiксiздiгінен де өздерiне жүктелген мiндеттердiң толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге дайын емес. Бұл проблемаларды шешу үшiн қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту аталмыш қызметтi әрбір ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттыру қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.
ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және физикалық жағынан ескiрген.
Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32,7 пайызын құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ кәсiпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын әзiрлеу қажет.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтайды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
ТМ-де ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын;
қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау сапасын;
ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсарту жолымен ҚАЖ-ды одан әрi дамыту болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
жазаларды орындау, ТМ-де ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақындату;
ТМ-нiң жаңасын салу және қолданыстағысын қайта жаңғырту;
ТМ-нiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;
бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау;
сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлау.
5. Дамудың негiзгi бағыттары мен Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
ҚАЖ қызметiнiң заңнамалық базасын жетiлдіру
ҚАЖ-ды дамыту қолданыстағы заңнама базасын қайта қараумен, халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеумен және қабылдаумен қатар жүруi тиiс.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртібі мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бірқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгізуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында:
жаңа ТМ-дi құру;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;
сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбір ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту;
TM-де қадағалау жөніндегі бақылаушылардың штат санын кезең-кезеңiмен арттыру;
ҚАЖ-ды басқару процесiн сапалы ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етудi құру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру қажет, оны оңтайландыру, компьютерлендiру құралдарының кеңiнен енгiзiлуi мен байланыстың дамуы негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
ТМ-де режимдi, қадағалауды және күзетудi ұйымдастыру
Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау түзеу мекемелерiнен біртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
ТМ аумағында орналасқан объектiлер мен ғимараттарды одан әрi оқшаулау жөніндегі iс-шараларды жалғастыру.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту мақсатында:
адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз ету.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы
Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды біртiндеп азайтуға, сотталғандарды ТМ-де болған бірiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт алуы тиiс.
Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды орын берiлуi тиiс.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта білім алу жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет.
Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары білім алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттік білім берудiң жалпы желісіне енгiзе отырып қарау қажет.
Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта білім алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгізудi қамтамасыз етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.
Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тәрбиелеу және оңалту құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың мiнез-құлқын психологиялық-криминалистикалық жағынан болжау әдiстемесiн әзiрлеу керек болады.
Локалдық компьютерлiк желiлер мен қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған сотталғандардың ақпараттық деректер базасын құру қажет болады.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:
ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нiң соның iшiнде туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқас сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық емдеуге арналғандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
ҚАЖ-дың денсаулық сақтау органдарымен сотталғандардың жұқпалы және басқа да ауруларының, сонымен қатар маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру;
ТМ медициналық бөлiмдерi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды денсаулық сақтау органдары ұйымдарының базасында қамтамасыз ету қажет.
Үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен ҚАЖ мекемелерiнде есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізудi қамтамасыз ету.
ЖҚТБ инфекциясын және басым жыныстық жолымен берiлетiн жұқпалы аурулардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң және сотталғандардың iшiнен ерiктiлердi даярлау жөніндегі жұмысты одан әрi жүргізу.
Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдістерін жетілдіру
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың еңбек рыногында сұранысқа ие жұмыс кәсiптерi мен мамандықтарын алуына, босатылғаннан кейiн олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуi тиiс. Осыған байланысты:
білім беру органдарымен бірлесiп сотталғандарды кәсiби оқытудың өз өндiрiсiнiң мүдделерiн, еңбек рыногын, сондай-ақ босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн ескеретiн икемдi жүйесiн ұйымдастыру;
сотталғандардың адал еңбегi мен оқуын ынталандыру бойынша құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды әзiрлеу қажет.
ТМ кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында:
ҚАЖ кәсiпорындарының Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптi дамытудың ұзақ мерзiмдi мемлекеттік және инвестициялық жобаларына қатысуы;
жеңілдiк несие беру есебiнен ҚАЖ кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды кезең-кезеңiмен жүргiзу;
сұранысқа ие өнiмдердi шығару үшiн ҚАЖ өндiрiстiк объектілерін құрылымдық жағынан қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;
ҚАЖ кәсiпорындарымен сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызметке қатысатын әртүрлi меншiк нысандарындағы ұйымдар үшiн салық жеңiлдiктерiн енгізу бойынша ұсыныстар енгізу мақсатқа сай келедi.
ҚАЖ үшiн кадрлар даярлау
ҚАЖ қызметiн дамыту кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiрусiз мүмкiн емес.
Сонымен бірге, ҚАЖ-да жоғары білімi бар мамандар даярлау жөніндегі оқу орны жоқ. Осыған байланысты, ҚАЖ үшiн жоғары білімi бар мамандар даярлау, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, біліктiлiгiн арттыруға және қайта біліктендiруге арналған оқу орталығын құру мүмкiндiгiн қарау қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiнiң қызметтiк, дене және моральдық-психологиялық даярлық деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.
ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту
ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғылыми қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет, оның қызметi жаза атқару саласындағы халықаралық тәжiрибенi зерделеу мен енгізуге, өткiзiлетiн ұйымдастырушылық және құқықтық қайта құруларға ғылыми iлеспе жасауды қамтамасыз етуге және ҚАЖ-дың өмiрлiк қажеттiлiктерiне сәйкес қолданбалы және iргелi сипаттағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруға бағдарлануы тиiс. Қоғамдық бірлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық
Бұл бағыттағы жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн:
қоғамдық бірлестiктермен, соның iшiнде құқық қорғау ұйымдарымен және қайырымдылық қорларымен өзара iс-қимылды кеңейту;
мемлекеттiң жаза атқару саласында жүргiзiп жатқан саясаты туралы халыққа объективтi ақпарат беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау қажет.
Шет мемлекеттердiң пенитенциарлық жүйелерiмен халықаралық байланысты дамыту мақсатында:
тиiстi халықаралық шарттар жасасу;
ҚАЖ қызметiнiң өзектi мәселелерi жөніндегі халықаралық конференцияларға, семинарларға және курстарға қатысу;
ҚАЖ қызметкерлерiнiң даярлығы мен біліктiлiгiн арттыру саласында ынтымақтастық жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды:
жаңа ТМ салуды;
қолданыстағы ТМ-дi жаңғыртуды;
ТМ-дi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағысын күрделi жөндеудi;
ҚАЖ үшiн арнайы автокөлiк сатып алуды;
ҚАЖ қызметкерлерiн қазiргi заманғы жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен және қару-жарақпен қамтамасыз етудi көздейдi.
Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгi ҚАЖ-дың орталық және аумақтық органдарының қызметтiң барлық бағыттары бойынша мақсатты және келісілген iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның қаржылық шығындарын талап ететiн iс-шараларын iске асыру 2004-2006 жылдар кезеңiнде, оның iшiнде жылдар бойынша:
2004 жыл - 2 866 580 мың теңге;
2005 жыл - 2 147 400 мың теңге;
2006 жыл - 2 387 282 мың теңге республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7 млрд. 401 млн. 262 мың теңге сомасында көзделген.
2005 және 2006 жылдарға арналған шығыстардың сомасы алдын-ала болып табылады және республикалық бюджет комиссиясы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде айқындайтын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
заңнамалық база ҚАЖ-дың тиiмдi қызметiне ықпал ететiн болады;
жазаны орындау кезiнде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерi толығымен қамтамасыз етiлетiн болады;
бас бостандығынан айырылған адамдардың жаза өтеу жағдайы жақсарады;
ТМ-де сотталғандарды ұстау тығыздығы азаяды;
мыналар:
ТМ-де сотталғандарды ұстау қауiпсiздiгiнiң деңгейi;
ТМ-дi күзету сенiмдiлiгi артады;
мынадай:
сотталғандардың барлық санаттары, өздерi сотталған немесе қамалғанға дейiн тұрған өңiрлерi шегiнде жазаларын өтеу;
сотталғандарды әлеуметтiк оңалту мен бейiмдеу үшiн жағдай жасалады;
ҚАЖ-дың қаржы-экономикалық жағдайы тұрақталады;
бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi адамдар үшiн жұмыс орындарының саны артады;
сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жақсарады;
қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының функциялары кеңейедi;
ҚАЖ қызметкерiнiң кәсiби даярлығы артады.
ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Р/С N | Iс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орында. луына жауап. тылар | Орындау мерзiмi | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыла- ндыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ҚАЖ қызметiнiң заңнамалық базасын жетiлдіру 1 Нормативтiк-құқықтық Норма. ӘдМ 2005 - кесiмдер тивтiк жыл жобаларын жаза құқықтық iшiнде өткерудiң тәртібі кесiмдер мен жағдайларын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту бөлiгiнде әзiрлеу 2 Мыналарды: Норма. ӘдМ 2004 - өмiр бойы бас тивтiк жылғы бостандығынан құқықтық 2 айыруға сотталған кесiмдер тоқсан адамдарға арналған iшкi тәртiп ережесін; өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды қадағалауды, айдауылдауды және күзетудi ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзiрлеу ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетілдіру 3 Жаңа TМ-дi құру Үкiмет ӘдМ 2004- - қаулылары 2006 жылдар iшiнде 4 Бас бостандығынан Үкiметке ӘдМ 2005 - айыру орындарынан ұсыныстар жылғы босатылған адамдарды 3 оңалту орталықтарының тоқсан қызметiн ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс енгізу 5 ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6 Қылмыстық-атқару Үкiмет ӘдМ - - инспекцияларын қаулылары 2006 мемлекеттік жыл мекемелерге қайта iшiнде құру 7 ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8 ҚАЖ-дың арнайы анықтамалық- Үкіметке ӘДМ 2004- 37.237 РБ ақпараттық ақпарат 2005 5.000 -/- жүйесiн құру жылдар ішінде Түзеу мекемелерінде режимді, қадағалауды және күзетуді ұйымдастыру 9 Жалпы және қатаң Үкiметке ӘдМ 2005 - - режимдердегi TM-де ұсыныстар жылғы сотталғандарды 3 камерада ұстауға тоқсан арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн қарастыру 10 ТМ аумағында ?кіметке ӘдМ 2004 - - орналасқан ұсыныстар жылғы объектiлер мен 3 ғимараттарды одан тоқсан әрi оқшаулау жөнiнде ұсыныс енгізу Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз eту 11 Адам құқықтарын Тиісті ӘдМ 2005 - - қорғау саласындағы ұсынымдар жылғы қызметтi жүзеге 4 асыратын мемлекеттік тоқсан және үкiметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу 12 Сотталғандардың заң тиісті ӘдМ 2004 - - көмегiн алуы уақытылы ведом. жылғы және қол жетiмдiлiгiн стволық 3 қамтамасыз ету шешiм тоқсан Сотталғандармен тәрбие жұмысы 13 Сотталғандар арасында Тиістi ӘдМ 2004- - - тәрбие процесiн ведом. БҒМ 2006 жетiлдiру жөніндегі стволық жылдар жұмысты жалғастыру шешiмдер iшiнде 14 Сотталғандармен Тиiстi ӘдМ 2005 - - жұмыстың үлгiлiк ведом. жылғы дербес бағдарламаларын стволық 4 әзірлеу және TM-нің шешiм тоқсан практикасына енгізу 15 Сотталғандар мен Әдiсте. ӘдМ 2005 - - олардың туыстары, мелiк жылғы қоғамдық, дiни және ұсынымдар 4 өзге де ұйымдар тоқсан арасындағы байланыстарды қолдау мен нығайту, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыру, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтау үшiн жағдайлар жасау жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу 16 Бас бостандығынан Тиісті ӘдМ, 2004 - - айыру орындарында ведом. БҒМ жыл сотталғандардың орта стволық iшiнде жалпы білім алу шешiмдер 4 жүйесiн жетiлдiру тоқсан 17 Сотталғандардың ?кіметке ӘдМ, 2004 сырттай және ақпарат БҒМ жылғы дистанциялық оқыту 4 нысандарын пайдалана тоқсан отырып жоғары білім алу мүмкiндiгiн қарастыру Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау 18 Қоғамнан оқшаулауға Әдiсте. ӘдМ 2005 - - байланысты емес мелiк жылғы жазаларға нұсқаулар 1 сотталғандардың тоқсан тәртібін психологиялық- криминологиялық жағынан болжаудың әдістемелік ұсынымдарын әзiрлеу 19 ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20 ТМ-дегi Жабдықты ӘдМ 2004, 49.110 РБ бактериологиялық орнату 2005 10.000 -/- зертханалар үшiн және 50.000 -/- арнайы медициналық 2006 жабдықтар мен жылдар мүкәммал сатып алу ішінде 21 ҚАЖ-дың денсаулық Ведом. ӘдМ, 2004 - - сақтау органдарымен ство. ДСМ жылғы сотталғандардың аралық 4 жұқпалы және басқа да шешiм тоқсан ауруларының, соның iшiнде маскүнемдіктің, нашақорлық пен ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ету. 22 Денсаулық сақтау Ведом. ӘдМ, 2004 - - органдары ство. ДСМ жылғы ұйымдарының базасында аралық 4 ҚАЖ-дың медициналық шешiм тоқсан бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету 23 ?кіметтiк емес Tиісті ӘдМ, 2004 - - ұйымдардың қатысуымен ведом. ДСМ жылғы есiрткiге тәуелдi стволық 3 адамдарды емдеудiң шешiм тоқсан қазiргi заманғы әдiстемесiн ТМ-ге енгізу 24 ЖҚТБ инфекциясының Үкіметке ӘдМ 2004 - - және басым ақпарат жылғы жағдайда жыныс 4 жолдарымен жұғатын тоқсан инфекциялардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерi мен сотталғандардың арасынан ерiктiлердi даярлауды жүргiзу Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдiстерiн жетілдіру 25 ТM-де кәсiби Ведом. ӘдМ, 2004- - - мектептердi ашу ствоаралық БҒМ 2006 жөніндегі жұмысты шешiм жылдар жалғастыру iшiнде 26 Еңбекке қабiлеттi Үкiметке ӘдМ, 2004- - - барлық сотталғандар ақпарат ИСМ 2006 үшiн жұмыс орындары жылдар. санын көбейту жөнiнде дың 4 жағдай жасау тоқсаны 27 Мыналар: Үкiметке ӘдМ, 2005 - - Қазақстан ұсыныстар ҚМ, жылғы Республикасындағы СIМ 2 өнеркәсiптi дамытудың тоқсан ұзақ мерзiмдi мемлекеттік және инвестициялық жобаларына ҚАЖ кәсiпорындарына жеңiлдiк кредиттерiн бөлу және оларды қатыстыру; сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету бойынша ҚАЖ кәсiпорындармен бірге бірлескен қызметке қатысушы меншiктiң түрлi нысандарының ұйымдары үшiн салық жеңiлдiктерiн енгізу; ҚАЖ-дың қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру және оның өндiрiстiк базасын дамыту; Сотталғандардың еңбегiн ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу 28 Сұранысқа ие Тиісті ӘдМ, 2004- - - өнiмдердi шығару үшiн ведом. ИСМ 2006 ҚАЖ-дың өнеркәсiптiк стволық жылдар объектілерін шешімдер iшiнде құрылымдық қайта бағдарлауды қамтамасыз ету ҚАЖ үшін кадрлар даярлау 29 Мыналар: Үкiметке ӘдМ, 2004 - - ҚАЖ үшiн жоғары ұсыныс ІІМ, жылғы білімi бар мамандар БҒМ 2 даярлау; тоқсан ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, біліктiлiгiн арттыруға және қайта біліктендiруге арналған оқу орталығын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу 30 ҚАЖ қызметкерлерiнiң Тиiстi ӘдМ 2004- - - қызметтiк, дене және ведом. 2006 моральдық- стволық жылдар психологиялық шешiмдер 1 даярлығының деңгейiн тоқсан арттыру жөнiнде шаралар қабылдау ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту 31 ҚАЖ-дың Үкіметке ӘдМ, 2004- - - ғылыми-зерттеу ұсыныстар БҒМ жылдар орталығын құру 4 жөнiнде ұсыныс тоқсан әзiрлеу Қоғамдық бірлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық 32 ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 33 Мемлекеттiң жаза Үкiметке ӘдМ, 2004- - - атқару саласында ақпарат АқМ 2006 жүргiзiп жатқан жылдар саясаты туралы 4 халықты объективтi тоқсан түрде хабардар ету жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл орнату 34 Жаза атқару желісі Халық. ӘдМ, 2004- - - арқылы халықаралық аралық СIМ 2006 шарттар жасасу шарт. жылдар жөніндегі жұмысты тардың iшiнде жалғастыру жобалары 35 ҚАЖ қызметiнiң Үкiметке ӘдМ, 2004- - - өзектi мәселелерi ақпарат СIМ 2006 жөніндегі жылдар халықаралық 4 конференцияларға, тоқсан семинарларға және курстарға қатысу 36 ҚАЖ қызметкерлерiнiң Халық. ӘдМ, 2004- - - даярлығы мен аралық СIМ 2006 біліктiлiгiн арттыру шарт. жылдар желісі бойынша шетел тардың iшiнде мемлекеттерiнiң жобалары пенитенциарлық жүйесiмен ынтымақтастық орнату ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту 37 Мыналарды: Үкіметке Ақтөбе облысы Жем ақпарат ӘдМ 2004 286.000 РБ кентiнде "Эмба-5" жылғы әскери объектiсiн 4 1500 орынды толтыру тоқсан лимитi бар қатаң режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды; Қызылорда 2004, 310.000 РБ қаласындағы қабырғалық 2005 283.800 -/- материалдар зауытын 2006 164.150 -/- 1 000 орынды жылдар толтыру лимитi бар ішінде жалпы режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды; Тараз қаласындағы 2004- 250.000 РБ психоневрологиялық 2005 200.000 -/- үй интернатын 1200 жылдар -/- орынды толтыру iшiнде лимитi бар жалпы режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды; Атырау қаласындағы 2004- 200.000 РБ бұрынғы 2005 143.000 -/- кәсiптiк-техникалық жылдар -/- училищенiң ғимаратын iшiнде 300 орынды толтыру лимитi бар сотталған әйелдердi ұстауға арналған түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды; Орал қаласындағы 2004 20.520 РБ РУ-170/3 қоныс және 571.260 -/- колониясын 900 орынды 2006 толтыру лимитi бар жылдар қатаң режимдегi iшiнде түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды; Алматы облысының 2004, 200.000 РБ Заречный кентіндегі 2005 700.000 -/- ЛА-155/12 түзеу қоныс және 814.070 -/- колониясын 1 500 2006 орынды толтыру лимитi жылдар бар қатаң режимдегi iшiнде түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды аяқтау 38 ТМ-дi ерекше Үкiметке ӘдМ 2004, 400.000 РБ жабдықтармен, әскери ақпарат 2005 20.000 -/- мақсаттағы және 20.000 -/- материалдар мен және 2006 активтермен жыл. жарақтандыру дардың 4 тоқсаны 39 Павлодар қаласындағы Үкіметке ӘдМ 2004, 33.700 РБ "Химпром" ААҚ-тың ақпарат 2005 350.000 -/- № 822 және 823 және 411.300 -/- өндiрiстiк 2006 корпустарын 1500 жылдар орынды ерекше iшiнде режимдегi түзеу колониясы етiп қайта жаңғыртуды жүргізу 40 ҚАЖ ғимараттары мен ?кіметке ӘдМ 2004, 124.100 РБ құрылыстарына күрделі ақпарат 2005 176.550 -/- жөндеу жүргізу және 242.502 -/- 2006 жылдар 4 тоқсан 41 1. Мыналарды: Жобалық 2004 127.417 РБ 51 ТМ-нiң сметалық ӘдМ жыл инженерлiк-техникалық құжат. iшiнде құрылыстарын жөндеуге тама, жобалық-сметалық құрал- құжаттама әзiрлеудi жабдық және сараптама 2004 500.000 РБ жасауды, сондай-ақ Yкіметке жылғы инженерлік-техникалық ақпарат 4 күзет құралдары тоқсан жабдықтарын сатып алуды; мынадай 51 TM-нiң 2005 200.000 РБ инженерлiк-техникалық жылғы 4 құрылыстарына күрделi тоқсан жөндеу жүргізу: 1) ЛА-155/4; AК-159/9; EЦ-166/25; КА-168/2; ЖД-158/2; РУ-170/2; EЦ-166/10; АК-159/21; УК-161/4; АП-162/3; ЛА-155/14; ЛА-155/8; ЖД-168/4; АП-162/4; ЕС-164/3; OB-156/15; AК-159/17; 2) ЛА-155/6; OB-156/6; AК-159/7; ИЧ-167/9; АП-162/2; ЕС-164/6; УК-161/2; OB-156/2; 2006 147.550 РБ ГМ-172/7; ЕС-164/4; жылғы 4 ЕС-164/8; ЕЦ-166/11; тоқсан ГM-172/1; ГM-172/6; ИЧ-167/3; ЕЦ-166/4; ИЧ-167/2; 3) ҚР Үкіметінің 2006.11.02. № 97 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 42 ТМ-нiң Құрал- ӘдМ 2004, 214.296 РБ коммуналдық-тұрмыстық жабдық. 2005 64.000 -/- жабдықтарын ауыстыруды ты және 64.000 -/- жүргiзу пайдалану 2006 жылдар iшiнде 43 Арнайы контингенттi Автомо. ӘдМ 2004, 114.200 РБ тасымалдауға арналған биль. 2005 50.000 -/- арнайы автокөлiктердi дерді және 50.000 -/- және ҚАЖ мұқтаждарына пайдалану 2006 арналған жылдар автокөлiктерді iшiнде сатып алу 44 Жиыны: 2004 2.866.580 РБ жыл 2005 2.147.400 -/- жыл 2006 2.387.282 -/- жыл Барлығы 2004-2006 жылдар 7.401.262 РБ |
Ескерту:
Қысқарған сөздердiң мағыналары:
ӘдМ - Әдiлет министрлігі
IIM - Iшкi iстер министрлігі
ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
CІM - Сыртқы iстер министрлігі
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
АқМ - Ақпарат министрлiгі
ДСМ - Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ҚМ - Қаржы министрлігі
РБ - Республикалық бюджет