33-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS)
Акцияға шаққандағы пайда
Мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты акцияға шаққандағы пайданы анықтау және ұсыну принциптерін белгілеу, оның өзі түрлі ұйымдардың сол бір есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ сол бір ұйымның түрлі есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижел ерін салыстыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Акцияға шаққандағы пайда туралы ақпараттың "пайданы" анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі мәні - акцияға шаққандағы пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш.
Қолдану аясы
2. Осы Стандартты, сондай-ақ қарапайым акцияларын немесе әлеуетті қарапайым акцияларын бағалы қағаздардың ашық нарықтарында орналастыру барысында болып отырған ұйымдар қолдануы тиіс:
(a) төмендегідей ұйымның бөлек немесе жеке қаржылық есептіліктеріне:
(i) қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе
(ii) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан.
(b) бас ұйымы бар топтың шоғырланған қаржылық есептіліктеріне:
(i) қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары нарықта айналымда болатын ұйымдар (ішкі және шетелдік қор биржаларда немесе жергілікті және аудандық нарықтармен қоса, бағалы қағаздардың қордан тыс нарығында); немесе
(ii) құралдардың кез келген түрлерін ашық нарықта шығару мақсатымен бағалы қағаздар комиссиясымен және басқа қызметті реттеуді ұйымдастыру шараларымен бірге шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын немесе ұсынып жатқан; және.
3. Акцияға шаққандағы пайданы ашып көрсететін ұйым акцияға шаққандағы пайданың көлемін осы Стандартқа сәйкес есептеуі және ашып көрсетуі тиіс.
4. Ұйым 10 Шогырландырылган қаржы есептілігі ХҚЕС-ына (IAS) және 27 жеке қаржы есептілігі ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес әзірленген шоғырландырылған қаржы есептілігін де, жеке қаржы есептілігін де ұсынатын кезде осы Стандартта ашып көрсетілуі талап етілетін ақпарат тек шоғырландырылған деректер негізінде ұсынылуы тиіс. Акцияға шаққандағы пайданы өзінің жеке қаржы есептілігі негізінде ашып көрсететін ұйым ондай ақпаратты тек пайда мен шығын туралы есепте ұсынуға міндетті. Ұйым акцияға шаққандағы пайда туралы ондай ақпаратты шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұсынуға құқылы емес.
4А Егер ұйым пайда немесе шығынның құрамдас бөлігін 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС-ының (IAS) (2011 жылғы редакция) 10А- тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол бір акция табысын тек сол бөлек есепте ұсынады.
Анықтамалар__________________________________________________
5. Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде пайдаланылады:
Таратылуға қарсы - акцияға шаққандағы пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін қарапайым акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады.
Белгілі бір шарттарды орындаған кездегі акцияларды сатып алу келісімшарты— акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалуы туралы мәміле.
Шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар - шартты түрде шығарылатын қарапайым акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын қарапайым акциялар.
Тарату - акцияға шаққандағы пайданы кеміту немесе акцияға шаққандағы шығынды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін қарапайым акциялар шығару нәтижесі болып табылады.
Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға қарапайым акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары.
Қарапайым акция — үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.
Әлеуетті қарапайым акция - өз иесіне қарапайым акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт.
Қарапайым акцияларды сату опциондары — мұндай опционды ұстаушыға қарапайым акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісімшарттар.
6. Қарапайым акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда қарапайым акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы қарапайым акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы.
7. Әлеуетті қарапайым акциялардың мысалдары:
(a) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде қарапайым акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар;
(b) опциондар мен варранттар;
(c) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, ұйым немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.
8. 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну ХҚЕС-ында (IAS) анықтамасы берілген терминдер осы Стандартта, егер басқадай көрсетілмеген болса, онда 32 ХҚЕС-ының (IAS) 11-тармағында келтірілген мәндерде пайдаланылады. 32 ХҚЕС-ында (IAS) қаржы құралының, қаржы міндеттемесінің, үлескерлік құралдың және әділ құнның анықтамалары, сондай-ақ сол анықтамаларды қолдану жөніндегі ұсыныстар берілген.
Бағалау
Акцияға шаққандағы негізгі пайда
9. Ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде және ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын жөнінде акцияға шаққандағы негізгі пайда есебін шығаруға міндетті.
10. Акцияға шаққандағы негізгі пайда басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды (алымы) айналымдағы қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген санына (бөлгіші) бөлу жолымен есептелуі тиіс.
11. Акцияға шаққандағы негізгі пайда туралы ақпарат басты ұйымның әрбір қарапайым акциясының ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін анықтау мақсатында ұсынылады.
Пайдалар
12. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға шаққандағы сомалар:
(a) одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы; және
(b) басты ұйымға келетін пайда немесе залал сомасы
(а) және (b) тармақтарда көрсетілген, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің салықтан кейінгі сомалары, артықшылықты акциялар өтелгеннен кейін пайда болатын айырмашылықтар және капитал ретінде сараланған артықшылықты акциялардың басқа да осы сияқты нәтижелері бойынша түзетілген тең сомалармен қабылдануы тиіс.
13. Кірістер мен шығыстардың кезең ішінде мойындалған, басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға жатқызылатын барлық баптары, соның ішінде салық бойынша шығыстар және міндеттемелер ретінде сараланған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде есепке алынады (1 Қаржы Есептілігін Ұсыну ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз).
14. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің пайдадан немесе шығыннан шегерілетін салықтан кейінгі сомасы:
(a) сол кезеңде жарияланған шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша кез келген дивидендтердің салықтан кейінгі сомасынан; және
(b) шоғырландырылмайтын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің, ол дивидендтердің жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан, кезеңде төленуі қажет етілетін салықтан кейінгі сомасынан құралады. Акциялар бойынша кезең ішіндегі дивидендтер сомасына кезең ішіндегі шоғырландырылған артықшылықты акциялар бойынша төленген немесе ағымдағы кезең ішінде бұрынғы кезеңдерге қатысты жарияланған қандай да болсын дивидендтер сомасы қосылмайды.
15. Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «нарықтан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде міндеттемесі ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме міндеттеменің ұлғаюына қарай пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға шаққандағы пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі.
16. Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі.
17. Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Қарапайым акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға шаққандағы пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегеріледі.
18. Артықшылықты акциялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе шығынды есептеу кезінде шегерілуге жатады.
Акциялар
19. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу үшін қарапайым акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс.
20. Кезең ішінде айналыста болатын қарапайым акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын қарапайым акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын қарапайым акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған қарапайым акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі.
21. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы:
(а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған қарапайым акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады;
(b) қарапайым немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған қарапайым акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады;
(c) қарыз құралын қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған қарапайым акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;
(d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;
(e) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады;
(f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған қарапайым акциялар есепке сатып алынған актив ұйым қаржылық жағдай туралы есебінде мойындалған күннен бастап қосылады; және
(g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған қарапайым акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады.
Қарапайым акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.
22. Ұйымдар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған қарапайым акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен шығындарын сол күннен бастап пайдалар мен шығындар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады.
23. Міндетті түрде конвертациялауға жататын құрал конвертацияланғаннан кейін шығарылатын қарапайым акциялар акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне шарт жасасқан күннен бастап қосылады.
24. Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне тек барлық қажетті шарттар орындалған (яғни, жоғарыдағы оқиғалар орын алғанда) күннен бастап қосылады. Уақыт өтісімен жеке шығарыла алатын акциялар орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар болып саналмайды, себебі уақыттың өтісі анық нәрсе. Шартты түрде қайтарымды айналымға шығарылған қарапайым акциялар (яғни, қайтарып алуға болатын) айналымға салуға болатын ретінде қарастырылмайды және акциялар қайтарылып алуға жатпаған күнге шейін акцияға шаққанда негізгі пайда есебіне кірмейді.
26. Кезең ішіндегі және барлық ұсынылған кезеңдер үшін айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған саны әлеуетті қарапайым акциялардың қарапайым акцияларға айырбасталуынан басқа, болып жатқан жағдайларды ескере отырып, түзетілуі тиіс, нәтижесінде айналыстағы қарапайым акциялар санының өзгеруі ресурстағы тиісті өзгерістерсіз өтеді.
27. Қарапайым акцияларды активтердегі тиісті өзгеріссіз шығаруға немесе айналыстағы қарапайым акциялар санын қысқартуға болады. Мұның мысалдары:
(a) акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру немесе орналастыру (кейде акциялар түріндегі дивиденд деп аталады);
(b) кез келген басқа шығарылымдағы жеңілдік элементі, мысалы, нақты акционерлер үшін құқықтар шығарудағы жеңілдік элементі;
(c) акцияларды бөлшектеу; және
(d) акцияларды кері бөлшектеу (акцияларды шоғырландыру).
28. Акцияларды жеңілдік шарттармен капиталдандыру, орналастыру кезінде немесе акцияларды бөлшектеу кезінде қарапайым акциялар нақты акционерлер арасында қосымша өтем төлеусіз шығарылады. Сонымен, айналыстағы қарапайым акциялар саны активтердің көбейтілуінсіз ұлғайтылады. Осы оқиғаға дейін айналыста болған қарапайым акциялар саны айналыстағы қарапайым акциялар санындағы теңбе-тең өзгерістерді ескере, бұл оқиға ұсынылған кезеңдердің ең ертерегінің бас кезінде болғандай етіп түзетіледі. Мысалы, акциялар біреу үшін екеуі жеңілдік жағдайымен орналастырылған кезде аталған орналастыруға дейін айналыста болған қарапайым акциялар саны қарапайым акциялардың жаңа жалпы санын алу үшін үшке тең коэффициентке немесе қосымша акциялар санын алу үшін екіге тең коэффициентке көбейтіледі.
29. Қарапайым акцияларды шоғырландыру кезінде, әдетте, айналыстағы қарапайым акциялар саны қысқарып, ол активтердің тиісінше қысқаруымен ұласпайды. Алайда, жалпы нәтиже акцияларды әділ құн бойынша сатып алу болып табылатын кезде, айналыстағы қарапайым акциялар санының қысқартылуы активтердің тиісінше қысқаруының нәтижесі болып табылады. Мұның мысалы акцияларды арнаулы дивидендпен ұштастыра шоғырландыру болып табылады. Айналыстағы қарапайым акциялардың құрамдастырылған операция жүзеге асырылатын кезең ішіндегі орташа алынған саны арнаулы дивиденд мойындалған күннен бастап қарапайым акциялар санының қысқаруын ескере түзетіледі.
Акцияға шаққандағы таратылған пайда
30. Ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға шаққандағы таратылған пайданы және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеуге міндетті.
31. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың орташа алынған санына таратылған әлеуетті қарапайым акциялар ықпалын ескере түзетуге міндетті.
32. Акцияға шаққандағы таратылған пайда акцияға шаққандағы негізгі пайда сияқты анықталады, нақты айтқанда, әрбір қарапайым акцияның ұйым қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлеуетті қарапайым акциялар ықпалын ескере анықтау керек. Нәтижесінде:
(a) басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе шығын таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар бойынша кезең ішінде есептелген дивидендтер мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ұлғайтылады және пайдада немесе шығыста таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде пайда болатын кез келген өзгерістерді ескере түзетіледі; және
(b) айналыстағы қарапайым акциялардың орташа алынған саны, егер әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін болса, онда айналысқа түсетін қосымша қарапайым акциялардың орташа алынған санына көбейеді.
Пайдалар
33. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін, 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға:
(a) басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайданың немесе шығынның мөлшерін алу, 12-тармаққа сәйкес есептеу кезінде шегерілген, таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларға қатысты кез келген дивидендтерге немесе басқа баптарға;
(b) таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар бойынша кезең ішінде есептелген кез келген пайыздарға; және
(c) таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау нәтижесінде кірістерде немесе шығыста болатын кез келген басқа да өзгерістерге салықтан кейінгі ықпалды ескере түзету енгізуге міндетті.
34. Әлеуетті қарапайым акцияларды 33-(а)-(с) тармақта көрсетілген қарапайым акцияларға айырбастағаннан кейін баптар пайда болмайды. Мұның орнына жаңа қарапайым акциялар ұстаушылар басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін және 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға қатысуға құқылы болады. Сонымен, басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін және 12-тармаққа сәйкес есептелген пайдаға немесе шығынға 33-(а)-(с) тармақта аталған баптарға және оларға байланысты кез келген салықтарға түзетіледі. Әлеуетті қарапайым акцияларға жатқызылатын шығыстар мәмілелер бойынша шығындарды және пайыздың тиімді міндеттемесі әдісін пайдалана ескерілетін жеңілдіктерді қамтиды (39 Қаржы құралдары: тану және багалау ХҚЕС-ының (IAS) 9-тармағын қараңыз, 2003 жылғы редакция).
35. Әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастау кірістер мен шығыстарда кейіннен өзгерістер болуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, әлеуетті қарапайым акцияларға қатысты пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығыстардың азаюы және пайданың тиісінше ұлғаюы немесе шығынның кемуі қызметкерлердің ұйым пайдасына қатысуының міндетті жоспарларына байланысты шығыстарды ұлғайтуы мүмкін. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе зиян кірістердегі немесе шығыстардағы кез келген кейінгі өзгерістерді ескере түзетіледі.
Акциялар
36. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар саны олардың 19 және 26-тармақтарға сәйкес есептелген орташа алынған санына және барлық таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастаған кезде шығарылатын қарапайым акциялардың орташа алынған санына тең болуы тиіс. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар кезең басындағы күй бойынша немесе, егер олар кейінірек шығарылатын күнгі күй бойынша қарапайым акцияларға айырбасталды деп есептелуі тиіс.
37. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялар көрсетілген әрбір кезең үшін жеке анықталуы тиіс. Таратылатын әлеуетті қарапайым акциялардың өткен кезеңдегі саны әрбір аралық есепке қосылатын таратылатын әлеуетті қарапайым акциялардың орташа алынған саны болып табылмайды.
38. Әлеуетті қарапайым акциялардың орташа алынған саны олар айналыста болған кезеңдегі күй бойынша есептеледі. Қайтарып алынған немесе қолданылу мерзімі есепті кезең ішінде біткен әлеуетті қарапайым акциялар акцияға таратылған пайда есебіне кезеңнің олар айналысты болған бөлігі шегінде ғана қосылады. Есепті кезең ішінде қарапайым акцияларға айырбасталған әлеуетті қарапайым акциялар кезең басынан бастап, айырбасталатын сәтке дейін акцияға таратылған пайда есебіне қосылады; алынған қарапайым акциялар айырбасталған сәттен бастап акцияға шаққандағы негізгі, сондай-ақ таратылған пайдаға қосылады.
39. Таратылатын әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастау кезінде шығарылатын қарапайым акциялар саны сол әлеуетті қарапайым акцияларды шығару немесе олар жөніндегі шарт талаптарымен анықталады. Айырбастаудың бірнеше негіздері бар болған кезде есеп ұстаушының көзқарасы тұрғысынан ең тиімді әлеуетті қарапайым акцияларды, айырбастау коэффициентін немесе орындау бағасын қолдана жасалады.
40. Еншілес ұйым, бірлескен қызмет немесе қауымдасқан ұйым басқа тараптарға, басты ұйымнан, кәсіпкерден немесе инвестордан гөрі, не еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына, не басты ұйымның, кәсіпкердің немесе инвестордың (есеп беретін ұйымның) қарапайым акцияларына айырбасталатын әлеуетті қарапайым акциялар шығаруы мүмкін. Егер еншілес ұйымның, бірлескен қызметтің немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын осы әлеуетті қарапайым акцияларға, есеп беруші ұйымның акциясына таратушы әсері болса, онда олар акцияларға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылады.
Таратушы ықпалы бар әлеуетті жай акциялар
41. Әлеуетті қарапайым акциялар оларды қарапайым акцияларға айырбастау одан әрі жалғасатын қызметтен акцияларға шаққандағы таза пайданың кемуіне немесе шығынның артуына әкеліп соғатын кезде, нақ сол кезде ғана, ескерілуі тиіс.
42. Ұйым одан әрі жалғасатын әдеттегі қызметтен келетін пайданы немесе шығынды әлеуетті қарапайым акциялардың таратылатын немесе таратылуға қарсы ықпалының бар-жоғын анықтау үшін «бақылау көрсеткіші» ретінде пайдаланады. Одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға келетін пайда немесе шығын 12-тармаққа сәйкес түзетіледі және тоқтатылатын қызметке қатысты баптарды қамтымайды.
43. Әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау акцияға одан әрі жалғасатын қызметтен келетін пайданы ұлғайтатын және акцияға шаққандағы шығынды кемітетін жағдайда, оларда таратуға қарсы ықпал бар болады. Акцияларға шаққандағы таратылатын пайда ықпалы акцияға шаққандағы пайдаға таратуға қарсы ықпалы болатын әлеуетті қарапайым акцияларды айырбастауды, орындауды немесе шығаруды көздемейді.
44. Әлеуетті қарапайым акциялардың тарату немесе таратуға қарсы ықпалының бар-жоғына қатысты мәселені қарау кезінде әлеуетті қарапайым акциялардың әрбір шығарылымы немесе сериясы басқаларымен жиынтықтап емес, ол бөлек қаралуы тиіс. Әлеуетті қарапайым акциялар қаралатын реттілік олардың тарату әсерінің бар болуына немесе болмауына ықпал ете алады. Сонымен, акцияға шаққандағы негізгі пайданың таратылуын оңтайландыру үшін әлеуетті қарапайым акциялардың әрбір шығарылымы немесе сериясы ең жоғарғы таратушы ықпалдан ең төменгі таратушы ықпалға дейінгі кері реттілікпен қаралады, яғни «қосымша акцияға шаққандағы пайданы» ең аз қамтамасыз ететін таратушы ықпалы бар әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылатын пайда есебіне қосымша акцияға шаққандағы пайдасы неғұрлым жоғары акциядан гөрі ертерек қосылады. Опциондар мен варранттар, әдетте, бірінші кезекте қосылады, өйткені олар есеп формуласының алымына ықпал етпейді.
Опциондар, варранттар және олардың эквиваленттері
45. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында ұйым өзінде бар таратушы ықпалы бар опциондар мен варранттардың орындалғаны туралы болжамды қабылдауы тиіс. Осы құралдардан болжалды түсімдер қарапайым акциялар шығарудан қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша алынған түсімдер ретінде қаралуы тиіс. Орналастырылатын қарапайым акциялардың саны мен қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша орналастырылуы тиісті қарапайым акциялар саны арасындағы айырмашылық қарапайым акцияларды әлдебір өтем төлеусіз орналастыру ретінде ескеріледі.
46. Опциондар мен варранттардың нәтижесі қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша қарапайым акциялар шығару болса, онда олардың таратушы ықпалы болады. Тарату көлемі қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы мен орналастыру құны мен бағасы арасындағы айырмашылыққа теңеледі. Сонымен, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін әлеуетті қарапайым акциялар төмендегі шарттардан құралған акциялар ретінде ескеріледі:
(a) қарапайым акциялардың белгілі бір санын олардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы бойынша орналастыру шарты. Ондай қарапайым акцияларға белгіленген баға әділ деп саналады, сондықтан олар таратылатын немесе таратылуға қарсы болып саналмайды. Олар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ескерілмейді.
(b) қалған қарапайым акцияларды қандай да болсын өтемді төлеу шарты. Мұндай қарапайым акциялар ешқандай түсім келтірмейді және айналыстағы қарапайым акцияларға шаққандағы пайдаға немесе шығынға ешқандай ықпал етпейді. Демек, мұндай акциялар таратылатын болып табылады, сондықтан олар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде айналыстағы қарапайым акциялар санына қосылады.
47. Опциондар мен варранттар қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа нарықтық бағасы сол опциондар мен варранттарды орындау асып кеткен (яғни, олар «ақшада» болған» жағдайда ғана таратушы ықпалда болады. Есептілікте бұрын көрсетілген акцияға шаққандағы пайда сомасы қарапайым акцияларға бағаның өзгеруін көрсету үшін өтіп кеткен күнмен түзетуге жатпайды.
47А Акцияларға опциондар және өздеріне 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС (IFRS) қолданылатын үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер туралы өзге де келісімдер үшін 46-тармақта айтылған орналастыру бағасына және 47-тармақта айтылған орындау бағасына ұйымға болашақта акцияға опциондар бойынша немесе үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер бар басқа келісім бойынша жеткізілуі тиісті кез келген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны қосылуы тиіс.
48. Қызметкерлер үшін акцияларға нақты немесе белгіленетін шарттары бар опциондар және үлескерлік меншікке берілмеген қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне, тіпті, мұндай табыстау кепілдікті болып табылмайтынына қарамастан қабылданады. Олар үлестік құқық берілген күнде айналыста болатын опциондар ретінде ескеріледі. Қызмет нәтижелеріне негізделген, қызметкерлер үшін акцияларға опциондар орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар ретінде ескеріледі, өйткені олардың шығарылуы белгілі бір уақыттың өтуіне қоса белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты.
Айырбасталымды құралдар
49. Айырбасталымды құралдардың таратушы ықпалы 33 және 36-тармақтарға сәйкес акцияға шаққандағы таратылған пайдада көрсетілуі тиіс.
50. Айырбасталымды артықшылықты акциялардың ағымдағы кезеңде жарияланған немесе қарапайым акцияға ағымдағы кезеңде жинақталған мұндай акциялар бойынша дивидендтердің айырбастау жолымен алуға болатын көлемі акцияға шаққандағы негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады. Нақ осылайша, ауыстырылатын қарыз құралында, ол бойынша қарапайым акцияға есептелетін (салықтарды және кіріс пен шығыстағы басқа өзгерістерді ескерместен), айырбастау негізінде алуға болатын пайыз акцияға шаққандағы негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады.
51. Айырбасталымды артықшылықты акциялардың өтелуі немесе лажсыз айырбасталуы тек айырбасталымды артықшылықты акциялардың бұған дейін айналыста болған бөлігіне ғана ықпал ете алады. Мұндай жағдайларда 17-тармақта айтылған өтемді төлеудің кез келген артығы қалған артықшылықты акцияларда таратылуға қарсы ықпалдың бар екенін немесе жоқ екенін анықтау мақсаттарында өтелетін немесе айырбасталатын осы акцияларға жатады. Өтелген немесе айырбасталған осы акциялар өтелмеген немесе айырбасталмаған акциялардан бөлек қаралады.
Айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар
52. Акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу кезіндегідей, айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар, егер белгілі бір жағдайлар орындалған (яғни айтылған оқиғалар болған) болса, онда айналыстағы акциялар ретінде ескеріледі және акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылады. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар есепке кезеңнің бас кезінен (немесе айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар шығару туралы шартты көрсетілген күннен, егер ол кейінірек жасалған болса) қосылады. Егер шарттар орындалмаған болса, онда айналымға салынуы кейінге қалдырылған, акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылатын акциялар саны, егер есепті кезеңнің соңы тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталатын сәт болатын кезде шығарылатын акциялар санына негізделеді. Егер шарттар белгіленген кезең біткен кезде орындалмаған жағдайда, қайта есептеуге жол берілмейді.
53. Егер кезеңде пайданың нақты көлеміне жету немесе оны қолдау айналымға салынуы кейінге қалдырылған акциялар шығарудың шарты болса, онда егер ондай көлемге есепті кезеңнің аяқ кезінде қол жеткен болса, онда бірақ ол кезең аяқталғаннан кейін де қолдау жасауы тиіс болса, онда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ондай қосымша қарапайым акциялар, егер таратушы ықпал орын алатын болса, онда айналыстағы акциялар ретінде ескеріледі. Бұл жағдайда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі пайда көлемі тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі пайданың көлеміндей болған кезде шығарылатын қарапайым акциялар санына негізделеді. Пайда сомасының болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне айналымға салынуы кейінге қалдырылған мұндай қарапайым акциялар, қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмағандықтан, тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауы тиіс.
54. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны қарапайым акцияларға болашақ нарықтық бағаға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, таратушы ықпал орын алатын болса, онда акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі нарықтық баға тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі нарықтық бағадай болған кезде шығарылатын қарапайым акциялар санына негізделеді. Егер шарт есепті кезең аяқталғаннан кейін жалғасатын уақыт кезеңі үшін орташа нарық бағаға негізделсе, онда өткен кезең үшін орташа мөлшер пайдаланылады. Нарықтық бағаның болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға шаққандағы негізгі пайда есебіне айналымға салынуы кейінге қалдырылған мұндай қарапайым акциялар тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауы тиіс, өйткені қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмаған.
55. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны қарапайым акцияларға болашақ пайдаға және қарапайым акцияларға болашақ бағаларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылған қарапайым акциялар саны екі жағдайға да (яғни ағымдағы сәттегі жағдай бойынша пайда сомасына және есепті кезеңнің аяқ кезіндегі жағдай бойынша ағымдағы нарықтық бағаға) негізделуі тиіс. Айналымға салынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар, егер екі шарт та орындалмайтын болса, онда акцияға шаққандағы пайданың таратылған пайдасының есебіне қосылмайды.
56. Басқа жағдайларда айналымға кейінге қалдырылған қарапайым акциялар саны, пайда сомасы немесе нарықтық баға сияқты емес, басқа жағдайларға (мысалы, бөлшек сауда жасайтын дүкендердің белгілі бір санының ашылуына) байланысты. Мұндай кездерде, жағдайдың қазіргі күйі шартты кезең біткенге дейін өзгеріссіз қалатыны туралы болжамды ескере, айналымға слынуы кейінге қалдырылған қарапайым акциялар осы жағдайды ескере есепті кезеңнің аяқ кезіндегі акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылады.
57. Айналымға слынуы кейінге қалдырылған әлеуетті қарапайым акциялар (айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар, мысалы, айналымға слынуы кейінге қалдырылған айырбасталатын құралдар шығару туралы шарт мәні болып табылатын акциялардан өзгеше) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне төменде көрсетілгендей қосылады:
(a) ұйым әлеуетті қарапайым акцияларды 52-56-тармақтардың айналымға слынуы кейінге қалдырылған қарапайым акцияларға қатысты ережелеріне сәйкес оларды орналастыруға қатысты белгіленген шарттар негізінде орналастыруға жол беру мүмкіндігін белгілейді; және
(b) егер осы әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайдада көрсетілуі тиіс болса, онда ұйым акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне олардың ықпалын 45-48-тармақтардың опциондар мен варранттар туралы ережелері, 49-51-тармақтардың айырбасталатын, өздері бойынша төлемдерді қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын құралдар туралы ережелері 58-61 тармақтарында, не басқа тиісті ережелер негізінде белгілейді.
Әйтсе де, орындау немесе шоғырландыру акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсатында айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар болып табылмайтын айналыстағы сол сияқты әлеуетті қарапайым акциялардың орындалуына немесе шоғырландырылуына жол берілген кезге дейін назарға алынбайды.
Төлемдерді жай акциялармен және ақша қаражатымен төлеуге болатын контрактілер
58. Ұйым төлемдерді өз қалауынша қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен төлей алатын келісімшарт жасаған кезде ол сол контракт бойынша төлемдер қарапайым акциялармен төленетінін, ал таратушы ықпал бар кезде пайда болатын әлеуетті қарапайым акциялар міндетті түрде акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне міндетті түрде қосылатынын негізге алуға міндетті.
59. Мұндай келісімшарт есепке алу мақсаттарында актив немесе міндеттеме ретінде пайдаланылатын немесе өзіне үлескерлік компонентті де, міндеттеме компонентін де қамтитын кезде ұйым пайдада немесе шығында есепті кезең ішінде болатын, шарт түгелдей үлестік құрал ретінде сараланған кездегі барлық өзгерістерді ескере алым ретінде түзетуге міндетті. Мұндай түзету 33-тармаққа сәйкес қажет етілетін түзетулерге ұқсас.
60. Ұстаушының қалауы бойынша төлемдерді, қарапайым акциялармен немесе ақшалай қаражатпен жасауға болатын келісімшартқа қатысты акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ақша қаражаты төлемдері мен акция төлемдері таратылуының неғұрлым елеулі деңгейі ескерілуі тиіс.
61. Төлемдерді, қарапайым акциялармен де, ақшалай қаражатпен де жасауға болатын келісімшарт, мысалы, өтем мерзімі басталған кезде ұйымға қарыздың негізгі сомасын ақша қаражатымен, не өзінің қарапайым акцияларымен өтеуге шексіз құқық беретін қарыз құралы бола алады. Басқа мысал, сатуға жазып берілген опцион болып табылады, ол ұстаушыға қарапайым акциялармен төлеу мен ақша қаражаттарымен төлеудің арасында таңдау мүмкіндігін береді.
Сатып алынған опциондар
62. Сатуға сатып алынған опциондар және сатып алуға сатып алынған опциондар (яғни, ұйым өзінің қарапайым акциялары есебінен ие болатын опциондар) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылмайды, өйткені олардың есепке қосылуы таратуға қарсы ықпал туғызуы мүмкін. Сатуға арналған опцион - тек оны орындау бағасы нарықтық бағадан жоғары, ал сатып алуға арналған опцион оны орындау бағасы нарықтық бағадан төмен болған жағдайда ғана атқарылады.
Сатуға жазып берілген опциондар
63. Талаптары ұйымнан өз акцияларын, мысалы, сатуға жазып берілген опциондарды және форвардтық сатып алу - сату келісімшарттарын сатып алуды талап ететін келісімшарттар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебінде таратушы ықпалы бар болған кезде ғана көрсетіледі. Егер осы кезеңде сол келісімшарттар «ақшада» болса (яғни опционды атқару бағасы кезеңдегі орташа нарықтық бағадан жоғары болса), онда әлеуетті таратушы ықпал былайша есептелуі тиіс:
(а) кезеңнің бас кезінде табысты келісімшартты орындау үшін қажетті деңгейге дейін көтеру үшін жеткілікті (кезеңдегі орташа нарықтық баға бойынша) қарапайым акциялар саны орналастырылатын болады деп болжануда;
(b) акцияларды орналастырудан түсетін табыс келісімшарты орындау үшін (яғни қарапайым акцияларды сатып алу үшін) пайдаланылады деп болжануда; және
(c) қосымша қарапайым акциялар (айналымға слынуы болжанған қарапайым акциялар саны мен келісімшарты орындау нәтижесінде алынған қарапайым акциялар саны арасындағы айырмашылық) акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылуы тиіс.
Ретроспективті түзетулер_______________________________________
64. Егер айналыстағы қарапайым акциялардың немесе әлеуетті қарапайым акциялардың саны капиталдану, жеңілдік жағдайларында немесе бөлшектеу нәтижесінде ұлғайса немесе шоғырландыру нәтижесінде азайса, онда барлық ұсынылған кезеңдер үшін акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданың есебі кері түзетілуге жатады. Егер бұл өзгерістер есепті күннен кейін, бірақ шығаруға арналған қаржылық есептілік бекітілгенге дейін болатын болса, онда олар үшін және алдыңғы кезеңдер үшін қаржы есептілігінің кез келген нысандары үшін акцияға пайданы есептеген кезде акциялардың жаңа санын басшылыққа алу керек. Акцияға шаққандағы пайданың есебі акциялар санындағы осындай тектегі өзгерістерді көрсеткен кезде, бұл факті міндетті түрде ашылуға жатады. Сонымен бірге, барлық көрсетілген кезеңдердегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда есепке алу саясатындағы өзгерістердің салдары болып табылатын және ретроспективті негізде ескерілетін қателер мен түзетулер ықпалын ескере түзетілуі тиіс.
65. Акцияға шаққандағы пайданы есептеу немесе әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау кезінде пайдаланылған болжамдарға өзгеріс енгізілген жағдайда ұйым көрсетілген бұрынғы кезеңдердің бір де біріне акцияға шаққандағы таратылған пайданы қайта есептемейді.
Ұсыну
66. Ұйым пайда мен шығын туралы есепте одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе шығын жөнінде, сондай-ақ басты ұйымның қарапайым акцияларын ұстаушыларға есепті кезеңде, егер кезеңдегі таза пайдаға қатысу құқығы әртүрлі болса, онда қарапайым акциялардың әрбір сыныбы бойынша келетін пайда мен шығын жөнінде акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда сомаларын көрсетуге міндетті. Ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы ақпаратты көрсетілген барлық кезеңдер үшін бірдей дәлдікпен ұсынуға міндетті.
67. Акцияға шаққандағы пайда пайдалар мен шығындар туралы әрбір кезең үшін көрсетілуі тиіс. Егер акцияға шаққандағы таратылған пайда туралы деректер тіпті бір кезең үшін берілген болса, онда олар, акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда тіпті өзара тең болса да, аталған барлық кезеңдер үшін міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер негізгі және таратылған пайда тең болса, онда сол бір соманы пайда мен шығын туралы есептің бір жолында екі рет жазуға болады.
67А Егер ұйым пайда немесе шығынның компонентін 1 (IAS) Қаржы есептілігін ұсыну (2011 жылғы редакция) ХҚЕС-ының 10А тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол бір акцияның базалық және таратылған табысын 66 және 67 тармақтарда талап етілгендей сол бөлек есепте ұсынады.
68. Тоқтатылатын қызмет туралы деректер беретін ұйым сол тоқтатылатын қызмет бойынша акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда сомаларын не пайда мен шығын туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде ашып көрсетуі тиіс.
68А Егер ұйым пайда немесе залалдың компонентін 1 Қаржы есептілігін ұсыну (2011 жылғы редакция) ХҚЕС-ының (IAS) 10А-тармағында сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, онда ол тоқтатылған операция үшін бір акцияның базалық және таратылған табысын 68-тармақта талап етілгендей сол бөлек есепте немесе ескертпелерде ұсынады.
69. Ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы деректерді, тіпті ол сомалардың теріс мәні (акцияға шаққандағы шығын) бар болса да ұсынуға міндетті.
Ақпаратты ашып көрсету
70. Ұйым мынадай ақпараттарды ашып көрсетуге міндетті:
(a) акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу формуласында алымы ретінде пайдаланылған көлемдерді, және осы көлемдерді кезеңдегі басты ұйымға келетін пайдамен немесе шығынмен салыстырып тексеру. Салыстырып тексеру жөніндегі деректерде құралдардың акцияға шаққандағы пайдаға ықпал ететін әрбір сыныбының жеке әсері көрсетілуі тиіс;
(b) акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу формулаларында бөлгіш ретінде пайдаланылған қарапайым акциялардың орташа алынған саны, сондай-ақ бөлгіштерді өзара салыстырып тексеру. Салыстырып тексеру жөніндегі деректерде құралдардың акцияға шаққандағы пайдаға ықпал ететін әрбір сыныбының жеке әсері көрсетілуі тиіс;
(c) акцияға шаққандағы пайдаға болашақта таратушы ықпалы болуы мүмкін, бірақ ұсынылған кезеңде (кезеңдерде) таратылуға қарсы ықпалы бар болғандықтан, акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылмаған құралдар (соның ішінде айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар);
(d) қарапайым акциялармен немесе әлеуетті қарапайым акциялармен жүзеге асырылатын операциялардың, 64-тармаққа сәйкес ескерілетіннен есепті күннен кейін болатын және, егер есепті жылдың аяғына дейін болған болса, онда кезеңнің аяқ жағындағы жағдай бойынша айналымда болатын қарапайым акциялар немесе әлеуетті қарапайым акциялар санының елеулі өзгеруіне әкеліп соғатыннан басқаларының, сипаттамасы.
71. 70 (d)-тармақтағы операциялар мысалдары мыналарды қамтиды:
(а) төлемі ақша қаражатымен төленетін акцияларды орналастыру;
(b) акцияларды орналастырудан түсетін түсім қарызды төлеуге немесе есепті кезеңде айналымда болған артықшылықты акцияларды сатып алуға пайдаланылған жағдайда акциялар орналастыру;
(c) айналыстағы қарапайым акцияларды сатып алу;
(d) есеп берілетін күні айналыста болған әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға айырбастау немесе сату;
(e) опциондар, варранттар немесе айырбасталатын құралдар шығару; және
(f) нәтижесі айналымға слынуы кейінге қалдырылған акциялар шығару болатын жағдайларды қамтамасыз ету.
Акцияға шаққандағы пайда сомасы есеп берілетін күннен кейін болатын осы операцияларды ескере түзетілмейді, өйткені олар кезеңде пайда немесе шығын алу үшін пайдаланылған капитал көлеміне ықпал етпейді.
72. Нәтижесінде қарапайым акцияларға айырбастау құқығы пайда болатын қаржы құралдары мен басқа да келісімшарттар акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы бағалауға ықпал ететін шарттар болуы мүмкін. Бұл шарттар әлеуетті қарапайым акциялардың таратушы ықпалы бар-жоғын, ал егер бар болса, онда айналыстағы акциялардың орташа алынған санына және қарапайым акциялар ұстаушыларға тиесілі пайда мен шығынға кез келген кейінгі түзетулерге олардың ықпалын анықтай алады. Осы қаржы құралдары мен басқа да келісімшарттар шарттарының ашып көрсетілуі, егер басқаша айтылмаған болса, онда көтермеленеді (7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз).
73. Егер ұйым акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда туралы ақпаратқа қосымша акцияға шаққандағы пайда туралы деректерді ашып көрсетсе, бұл жағдайда пайда мен шығын туралы есептің осы Стандартта талап етілетіннен өзгеше бапты пайдаланса, онда мұндай деректер қарапайым акциялардың осы Стандартқа сәйкес анықталған орташа алынған санының көмегімен есептелуі тиіс. Акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданың осы бапқа қатысы бар сомалары бірдей дәлдікпен ашып көрсетілуге және қаржы есептілігіне ескертулерде берілуі тиіс. Ұйым алымы формулаларда қандай деректер негізінде есептелгенін, соның ішінде, акцияға сомалар салықтар төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін есептелгенін көрсетуге міндетті. Егер пайда мен шығын туралы есептің желілік баптарында көрсетілмеген пайда мен шығын туралы есеп компоненті пайдаланылса, онда пайдаланылған компонент және пайда мен шығын туралы есептің тиісті желілік бабы арасындағы салыстырып тексеруді ұсыну қажет.
73А 73 тармақ сонымен бірге бір акцияның базалық және таратылған табысына қоса, онда осы Стандартта талап етілгеннен басқа, бөлек табыс туралы есептің баяндалған компонентін қолданып бір акцияның сомаларын ашып көрсететін кәіспорынға қолданылады.
Күшіне ену күні
74. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер жөнінде қолдануға міндетті. Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдер үшін қолданатын болса, онда ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
74А 1 ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакция) бойынша ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 4А, 67А, 68А және 73А тармақтары қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, онда осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
74В 2011 жылы мамыр айында шығарылған 10-шы ХҚЕС (IFRS 10) мен 11-шi ХҚЕС (IFRS 11) Бірлескен қызмет, 4, 40 тармақтары және A11 тармағы өзгертілді. Кәсіпорын осы өзгерістерді 10-шы ХҚЕС (IFRS 10) мен 11-шi ХҚЕС (IFRS 11) қолданған уақытта пайдалануы тиіс.
74C 2011 жылы мамыр айында шығарылған 13-ші ХҚЕС (IFRS), 8, 47A және A2 тармақтары өзгертілді. Кәсіпорын бұл түзетулерді 13-ші ХҚЕС (IFRS) қолданғанда пайдалануы тиіс.
74D 2011 жылы маусым айында шығарылған Жиынтық Табыс Шарттарының Көрсетілімдері (1-ші ХҚЕС (IAS) өзгертулері), 4A, 67A, 68A және 73A тармақтары өзгертілді. Кәсіпорын осы тзетулерді 1-ші ХҚЕС (IAS) қолданған уақытта, яғни, 2011 жылғы маусым айында қолдануы тиіс.
Басқа құжаттардың күшінің жойылуы
75. Осы Стандарт 33 Акцияга шащандагы пайда ХҚЕС-ын (IAS) ауыстырады (1997 жылы күшіне енген).
76. Осы Стандарт 24 Акцияга шащандагы пайда - өздері бойынша есеп айырысуларды акциялардан шегіну жолымен жүзеге асыруга болатын қаржы құралдары мен басқа да шарттар ТТК-ын (SIC) ауыстырады.
А ҚОСЫМШАСЫ
Қолдануға қатысты ұсыныстар
Бұл Қосымша осы Стандарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Басты ұйымға жатқызылатын пайда немесе залал
А1 Акцияға шаққандағы пайданы шоғырландырылған қаржы есептілігі негізінде есептеу мақсатында басты ұйымға жатқызылатын пайдаға немесе шығынға шоғырландырылған ұйымның азшылық үлесіне түзету енгізілгеннен кейінгі пайдасы немесе шығыны жатады.
Құқықтар шығарылымдары
А2 Әлеуетті қарапайым акцияларды атқару немесе шоғырландыру кезінде қарапайым акциялардың шығарылуы жеңілдік элементтерінің пайда болуына әкеліп соқпайды. Оның өзі әлеуетті қарапайым акциялардың, әдетте, толық құны бойынша орналастырылатынының салдары болып табылады, ал мұның өзі ұйымда бар активтердің тепе-тең өзгеруіне әсер етеді. Алайда, құқықтар шығарылымы кезінде опционды атқару құны көбінесе акциялардың әділ құнынан төмен болады. Сондықтан, 27-(b)-тармақта атап көрсетілгеніндей, құқықтардың мұндай шығарылымында жеңілдік элементі бар болады. Егер құқықтар шығарылымы акциялардың барлық иелеріне ұсынылатын болса, онда қарапайым акциялардың құқық шығарылымына дейінгі барлық кезеңдердегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайда есебі үшін пайдаланылатын қарапайым акциялар саны айналыстағы қарапайым акциялардың төмендегі коэффициентке көбейтілген санына тең болады:
(Бір акцияның құқықтарының тікелей жүзеге асырылар алдындағы әділ құны)
(Құқықсыз акцияға теориялық әділ құн)
Құқықсыз акцияға теориялық әділ құн құқықтар жүзеге асырылар алдындағы акциялардың жиынтық нарықтық құнын құқықтарды жүзеге асырудан түсетін түсімдермен қосу және құқықтар жүзеге асырылғаннан кейін айналымда болатын акциялар санына бөлу жолымен есептеледі. Құқықтар жүзеге асырылатын сәт алдында олар акциялардан бөлек айналыста болатын жағдайларда әділ құн осы есеп мақсаттарында акциялар құқықтармен бірге сатылған соңғы күн жабылар кездегі бағам бойынша белгіленеді.
Бақылау көрсеткіші
A3 Бақылау көрсеткіші ұғымының 42 және 43-тармақтарда сипатталғандай қолданылуын көрсету үшін ұйымда одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын 4,800 а.б.2 мөлшеріндегі пайда бар, тоқтатылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын (7,200 а.б.) мөлшеріндегі шығын бар, басты ұйымға жатқызылатын (2,400 а.б.) мөлшеріндегі шығын бар, сондай-ақ айналыстағы 2,000 қарапайым акция және 400 әлеуетті қарапайым акциялар бар делік. Ұйым одан әрі жалғастырылатын қызмет бойынша 2.40 а. б. көлемінде, тоқтатылатын қызмет бойынша (3.60 а.б.) акцияға шаққандағы негізгі пайда алады және (1.20 а.б.) шығынға жатқызылады. Атап көрсетілген 400 әлеуетті қарапайым акциялар акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылады. Одан әрі жалғастырылатын қызметтен басты ұйымға жатқызылатын пайда бақылау көрсеткіші болып табылатындықтан, ұйым осы 400 әлеуетті қарапайым акцияларды да акцияға шаққандағы пайданың басқа сомаларының есебіне тіпті акцияға шаққандағы пайданың нәтижелік сомалары акцияға шаққандағы негізгі пайданың онымен салыстырылатын сомаларына таратушы ықпал ететініне, яғни, акцияға шаққандағы шығын бұл жағдайда аз екеніне қарамастан, [тоқтатылатын қызметтен келетін шығын жөнінде акцияға (3.00 а.б.) және шығын жөнінде акцияға (1.00 а.б.)] қосады.
Қарапайым акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы
А4 Акцияға шаққандағы таратылған пайда есебі үшін болжалды орналастырылған қарапайым акциялардың орташа алынған нарықтық бағасы қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған нарықтық бағасы негізінде есептеледі. Теория жүзінде, ұйымның қарапайым акцияларымен барлық нарықтық операцияларды орташа алынған нарықтық баға анықтамасына қосуға болады. Әйтсе де, практикада акцияларға бір апта немесе бір ай ішіндегі орташа алынған арифметикалық баға есебі жеткілікті деп саналады.
А5 Әдетте, қорытынды нарықтық бағалар орташа алынған нарықтық бағаны есептеуге жеткілікті деп саналады. Рас, бағалардың ауытқуы күшті болса, онда ең жоғары және ең төмен бағалардың орташа алынған мәні неғұрлым нақты баға береді. Орташа алынған нарықтық бағаны есептеу үшін қолданылатын әдіс, ол өзгерген жағдайларға байланысты нақтылығынан айырылған кезге дейін, дәйекті түрде пайдаланылады. Мысалы, акцияларға бағалар біршама тұрақты болған бірнеше жыл бойы орташа алынған нарықтық бағаны есептеу үшін қорытынды нарықтық бағаларды пайдаланған ұйым бағаларда елеулі ауытқулар пайда болған кезде ең жоғары және ең төмен бағалардың орташа алынған мәніне көше алады, өйткені қорытынды нарықтық бағалар орташа нақты баға алуға ендігі жерде мүмкіндік бермейді.
Опциондар, варранттар және олардың баламалары
А6 Айырбасталатын құралдарды сатып алуға опциондар және варранттар айырбастау жолымен алынатын айырбасталатын құралдың да, қарапайым акциялардың да орташа алынған бағасы опциондарды немесе варранттарды атқару бағасынан жоғары болатын барлық жағдайларда айырбасталатын құралдарды сатып алуды атқарады деп шамаланады. Әйтсе де, айналымдағы айырбасталатын ұқсас құралдарды, егер ондай құралдар бар болса, онда айырбастау орындалған кезге дейін атқару орындалды деп саналмайды.
А7 Опциондар немесе варранттар атқарудың бүкіл бағасын немесе оның бір бөлігін төлеу үшін ұйымның (немесе оның басты немесе еншілес ұйымының) борышқорлық немесе басқа құралдарын пайдалану туралы ресми ұсыныс болуына жол бере немесе оны талап ете алады. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде мұндай опциондар мен варранттардың таратушы ықпалы бар болады, бұл үшін егер (а) тиісті қарапайым акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған нарықтық бағасы атқару бағасынан астам болуы немесе (b) ұсынылған құралды сату бағасы бұл құралды опцион немесе варрант бойынша келісім шеңберінде ұсынуға болатын бағадан төмен болуы, және нәтиже беретін жеңілдік атқарудың тиімді бағасын атқару кезіндегі қол жетімді қарапайым акцияларға нарықтық бағадан төмен белгілеуі керек. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бұл опциондар немесе варранттар атқарылды деп саналады, ал борышқорлық немесе басқа құрал берілді деп саналады. Егер ақша қаражатын беру опцион немесе варрант ұстаушыға тиімді болса, ал шарт ережелерінде ақша қаражатының берілуіне жол берілсе, онда ақша қаражатын беруге жол беріледі. Сатып алынады деп саналатын кез келген борышқорлық құрал бойынша пайыз (салық шегерілгеннен кейін) алымға түзету ретінде кері қосылады.
А8 Шарттары ұқсас артықшылықты акциялар және инвестордың ақша қаражатын неғұрлым тиімді айырбас коэффициентімен төлеуіне мүмкіндік беретін айырбас опциондары көзделген басқа да құралдар осылайша ескеріледі.
А9 Белгілі бір опциондардың немесе варранттардың негізгі шарттарының осы құралдары пайдаланудан алынған түсімдердің ұйымның (немесе оның басты не еншілес ұйымының) борышқорлық немесе басқа құралдарын өтеуге жұмсалуын талап етуі мүмкін. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бұл опциондар немесе варранттар атқарылды деп саналады, ал түсімдер қарапайым акциялар сатып алудың орнына борышқорлық құралдарды олардың орташа алынған нарықтық бағасы бойынша сатып алуға жұмсалады. Әйтсе де, болжалды атқарудан алынатын қосымша түсімдер, борышқорлық құралдарды болжалды сатып алуға жұмсалған сомамен салыстырғанда, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ескеріледі (яғни қарапайым акцияларды сатып алу үшін пайдаланылды деп саналады). Сатып алынады деп саналатын кез келген борышқорлық құрал бойынша пайыз (салық шегерілгеннен кейін) алымға түзету ретінде кері қосылады.
Сатуға жаздырып алынған опциондар
А10 63-тармақтың қолданылуын көрсету үшін ұйымда айналыста өзінің қарапайым акцияларын 35 а.б. болатын атқару бағасымен сатуға жаздырып алынған 120 опцион бар делік. Оның қарапайым акцияларына орташа алынған нарықтық баға кезең ішінде 28 а.б. болды. Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде ұйым 4,200 а. б. сомасына сату жөніндегі өз міндеттемесін қанағаттандыру мақсатында кезеңнің бас кезінде бір акция үшін 28 а. б. бағамен 150 акция орналастырдым деп санайды. Орналастырылған 150 қарапайым акция мен сатуға арналған опционды қанағаттандырудан алынған 120 қарапайым акция арасындағы айырмашылық (30 қосымша қарапайым акция) акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде бөлгішке қосылады.
Еншілес, бірлескен кәсіпорындардың немесе қауымдасқан ұйымдардың құралдары
А11 Еншілес, бірлескен кәсіпорындардың немесе қауымдасқан ұйымның тиісінше еншілес ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын әлеуетті қарапайым акциялары немесе басты ұйымның, кәсіпкердің немесе инвестордың (есеп беруші ұйымның) қарапайым акциялары акцияға шаққандағы таратылған пайда есебіне былайша қосылады:
(a) еншілес, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым шығарған, өз ұстаушыларына еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларын сатып алу құқығын беретін құралдар еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның акциясына шаққандағы таратылған пайда есебіне қосылуға жатады. Акцияға пайданың осы мәндері содан соң акцияға шаққандағы пайда есебіне есеп беруші ұйымның еншілес ұйым, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым құралдарын иеленуі негізінде қосылады.
(b) еншілес, бірлескен кәсіпорын немесе қауымдасқан ұйым есеп беруші ұйымның қарапайым акцияларына айырбастайтын құралдар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу мақсаттарында есеп беруші ұйымның әлеуетті қарапайым акцияларымен бірге ескеріледі. Еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорының немесе қауымдасқан ұйымның есеп беруші ұйымның қарапайым акцияларын сатып алуға опциондар немесе варранттар акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде есеп беруші ұйымның әлеуетті қарапайым акцияларымен бірге нақ осылайша ескеріледі.
А12 Акцияға шаққандағы пайда есеп беруші ұйым орналастырған және еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акцияларына айырбасталатын құралдарға жасайтын ықпалды анықтау мақсаттарында бұл құралдар айырбасталды деп саналады, ал алым (қарапайым акцияларды ұстаушыларға шаққандағы пайда немесе шығын) 33-тармаққа сәйкес тиісінше түзетіледі. Осы түзетулерді толықтыру ретінде алым пайдадағы немесе шығындағы есеп беруші ұйым тіркеген кез келген өзгерістерді (мысалы, дивиденд кірісін немесе үлескерлік қатысу әдісі бойынша анықталатын кірісті) ескере түзетіледі, бұлар еншілес ұйымның, бірлескен кәсіпорынның немесе қауымдасқан ұйымның қарапайым акциялары санының болжалды айырбас нәтижесінде көбеюінің үлесіне келеді. Бөлгіш акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде өзгермейді, өйткені есеп беруші ұйымның айналыстағы қарапайым акцияларының саны болжалды айырбас нәтижесінде өзгермеуі тиіс.
Үлескерлік қатысу құралдары және қарапайым акциялардың екі сыныбы
А13 Кейбір ұйымдардың меншікті капиталы мыналарды қамтиды:
(a) белгілі бір арақатынасқа (мысалы, біреуге екеу), кейбір жағдайларда үлескерлік қатысудың ең жоғары шегіне (мысалы, акцияға шаққандағы белгілі бір көлемге дейін, бірақ одан астам емес) сәйкес қарапайым акциялармен бірге дивидендтерге қатысатын құрал;
(b) қарапайым акциялардың басқа сыныбынан дивидендтік кірісінің айырмашылығы бар, бірақ басым немесе жоғары құқықтарсыз қарапайым акциялар сыныбы.
А14 Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін А13-тармақта сипатталған, таратушы ықпалы бар болған жағдайда қарапайым акцияларға айырбастауға болатын құралдар айырбасталды деп болжамдалады. Қарапайым акциялар сыныбына айырбастауға болмайтын құралдар үшін кезеңдегі пайда немесе залал үлескерлік қатысу акциялары мен құралдарының түрлі сыныптары бойынша олардың дивиденд алу құқығына немесе бөлінбеген пайдаға қатысудың басқа құқықтарына сәйкес бөлінеді. Акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайданы есептеу үшін:
(a) қарапайым акцияларды ұстаушыларға тиесілі пайда немесе залал кезеңде акциялардың әрбір сыныбы үшін жарияланған дивидендтер көлеміне және кезең үшін төленуі тиісті дивидендтердің (мысалы, төленбеген кумулятивті дивидендтер) шарттық келісімдерде көзделген сомаларына түзетіледі.
(b) пайданың немесе залалдың қалған бөлігі қарапайым акциялар бойынша және үлескерлік қатысу құралдары бойынша кезеңдегі пайда немесе шығын түгелдей бөлінген кездегідей әрбір құралдың пайдаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді. Пайданың немесе шығынның үлескерлік құралдардың әрбір сыныбына бөлінген жалпы сомасы дивидендтерге бөлінген көлем мен қатысу ерекшелігіне бөлінген көлемді қосу жолымен анықталады.
(c) пайданың немесе залалдың акциялардың әрбір сыныбына бөлінген жалпы сомасы пайда бөлінген айналыстағы құралдар санына бөлінеді, мұның өзі сондай бір құрал бойынша акцияға шаққандағы пайданы анықтауға мүмкіндік береді.
Акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу үшін орналастырылды деп саналатын барлық әлеуетті қарапайым акциялар айналыстағы қарапайым акциялар санына қосылады.
Бөлшектеп төленген акциялар
А15 Егер қарапайым акциялар орналастырылған болса, бірақ ақысы толық төленбесе, онда олар акцияға шаққандағы негізгі пайданы есептеу кезінде ақысы толық төленген қарапайым акциялар жөнінде кезеңдегі дивидендтерге қатысу үлесіне сәйкес ескеріледі.
А16 Бөлшектеп төленген акциялардың кезеңдегі дивидендтерге қатысу құқығы жоқ деңгейде, акцияға шаққандағы таратылған пайданы есептеу кезінде олар варранттар мен опциондардың баламасы деп саналады. Бұл жағдайда төленбеген қалдық қарапайым акцияларды сатып алу үшін пайдаланылған түсімдер болып табылады. Акцияға шаққандағы таратылған пайданың есебіне қосылған акциялар саны жазылыс жасалған акциялар саны мен сатып алынған деп саналатын акциялар саны арасындағы айырмашылыққа тең болады.