(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығы
(2013.02.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының іске асыру мақсатында, Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы Ережесінің 12-тармағы 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйрамын:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулық;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарында қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау туралы нұсқаулық;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына басшы лауазымдар жылжыту үшін кадр резервін қалыптастыру ережесі;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу ережесі;
6) Осы бұйрықға 6-қосымшаға сәйкес тесттен өтудің тәртібі мен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдардың санаттары үшін шекті мәні;
7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бірінші, кезекті және мерзімінен бұрын арнаулы атақтарын беру құжаттарын рәсімдеу мәселелері туралы нұсқаулық;
8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкеріне көтермелеулер түрлерін қолдану ережесі;
9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту ережесі;
Редакция документа
Демо – версия документа