Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 7-қосымша) (2018.28.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.09. № 676 бұйрығымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
7-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру
қағидалары
(2018.28.09. берілген өзгерістермен)
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру тәртібін айқындайды.
2. ІІО-ның қызметкерлеріне орта және (немесе) аға басшы құрамның кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешімін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, ал кіші басшы құрамға кезектен тыс арнаулы атақты - лауазымға тағайындауға құқығы бар ІІО бөлінісінің басшысы қабылдайды.
3. Кезектен тыс арнаулы атақтар ІІО-ның бөліністері басшыларының қызметкердің өміріне қауіппен ұштасқан құқық бұзушыны ұстағаны, төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқарғаны, сондай-ақ қоғамдық резонансы бар аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергегені үшін, бар арнаулы атағында еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен, бірақ бар арнаулы атақтан екі сатыдан жоғары емес және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа қарамастан кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынымхаттың (бұдан әрі - ұсынымхат) негізінде беріледі.
4. Қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ беру құқық қорғау қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа