(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІРІНШІ, КЕЗЕКТІ ЖӘНЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС АРНАУЛЫ АТАҚТАР Б...
Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
7-қосымша
Бірінші, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі
нұсқаулық
(2015.29.01. берілген өзгерістермен)
1. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын беруді және Ішкі істер министрлігінің кадрларына қабылдауды Министр жүргізеді. Лауазымдар номенклатурасы бойынша қатардағы және кіші басшы құрамның атақтарын және қатардағы басшы құрамның кезекті атақтарын беруді ішкі істер органдары мен бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының уәкілетті басшылары жүзеге асырады.
2. Орта, аға және басшы құрамның лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақтар берілгенге немесе ІІМ-нің кадрларына қабылданғанға дейін қызметтік міндеттерін атқарып отырған лауазымдары бойынша қызметшілер ретінде атқарады.
3. ІІМ-нің оқу орындарына оқуға қабылданған және запас бойынша әскери атағы жоқ адамдарға бір мезгілде қатардағы полицей арнаулы атағы беріледі.
4. Орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары Ішкі істер министрлігі оқу орындарының тыңдаушыларына, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ оқу ақысын бюджет қаражаты есебінен төлей отырып, Ішкі істер министрлігінің жолдамалары бойынша шет мемлекеттердің ішкі істер органдарының оқу орындарында оқитындарға - оқуға түскеннен кейін, осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтарға енгізілген өзгерістер ескерілместен, олар оқуға түскенге дейін атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес тиісті арнаулы атақтарда еңбек сіңірудің белгіленген мерзімнің өтуіне орай; кезекті арнаулы атақтар оқуды аяқтаған соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - білім беру ұйымдарын, магистратураны, докторантураны бітіруіне орай беріледі.
Редакция документа
Демо – версия документа