Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу ережесі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 5-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

5-қосымша

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу
ережесі
 
 
1. Жалпы ереже

 

1. Ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке түсетін адамдар, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) білім беру ұйымдарына түсуге ниет білдірген адамдар ІІО қызметке (оқуға) қабылдау туралы тиісті өтініш жазады және олар ішкі істер органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын медициналық куәландыруға жіберіледі.

2.Кадр аппаратының қызметкері үміткердің жеке ісін жинақтайды, онда барлық зерделеу материалдары тігіледі.

3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің дербес және штаттық-лауазымдық есебі құжаттарындағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтерге жатады және мемлекеттің қорғалуында болады.

4. Ішкі істер органдарының кадр аппараттары ішкі істер органдарының қызметте тұрған қатардағы және басшы құрамдағы барлық адамдары мен еңбек қызметін ішкі істер органдарында жүзеге асыратын жұмыскерлерінің жеке істерін ресімдейді және жүргізеді.

5. Жеке іс негізгі құжат болып табылады, онда ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің қызметтік, кәсіби және қоғамдық қызметін сипаттайтын барлық дербес деректер мен материалдар жинақталады.

6. Жеке істе: бұрынғы еңбек қызметі, Қарулы Күштерде, ІІМ-де, ҰҚК және басқа да құқық қорғау құрылымдарында қызмет өткеруі, өмірбаяндық және әлеуметтік сипаттағы деректер, зерделеу, арнайы тексерістер нәтижелері мен басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку