Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарында қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.09. № 676 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарында қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі
нұсқаулық
(2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау
1. Ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке ІІМ-нің білім беру ұйымдарында арнаулы бастапқы оқудан өткен адамдар қабылданады.
2. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау Министрліктің лауазымдар номенклатурасының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
3. ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Лауазымға тағайындалғаннан кейін, министрліктің оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қосқанда, ІІО-ның қадрына қабылданған әскери міндеттілерді әскери есептен шығару үшін ІІО-ның кадр аппараттары әскери міндеттілерді есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына дәлелді қолдаухат, 1-нысан бойынша жеке тізімдерді (Нұсқаулыққа 1-қосымша), әскери билеттерді және тіркеу куәліктерін жібереді.
Тиісті белгілері бар әскери билеттер ішкі істер органдарының кадр аппараттарына қайтарылуы тиіс.
5. Запастағы офицерлерді әскери есептен шығару үшін ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының кадр аппараттары запастағы офицерлерді есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына қолдаухаттар жібереді. Қолдаухаттарға тағайындау туралы бұйрықтан үзінді, запастағы офицерлердің 2-нысан бойынша жеке тізімдері (Нұсқаулыққа 2-қосымша) мен әскери билеттері қоса беріледі.
Тиісті белгілері бар әскери билеттер мен жетондарымен бірге қысқартылған әскери істер офицерлерді әскери есептен шығару туралы қолдаухат қозғаған ішкі істер органдарының кадр аппаратына жіберіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа