(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
2-қосымша
Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, ішкі істер органдарында лауазымға тағайындау, қызмет
бабында ауыстыру және жоғарылату тәртібі туралы
нұсқаулық
1. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау
1. Ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) қызметке ІІМ-нің білім беру ұйымдарында арнаулы бастапқы оқудан өткен адамдар қабылданады.
2. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау Министрліктің лауазымдар номенклатурасының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
3. Қатардағы, кіші, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасатын лауазымдар және осы лауазымдарға сәйкес келетін арнаулы атақтарды Ішкі істер министрі айқындайды.
4. Лауазымға тағайындалғаннан кейін, министрліктің оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қосқанда, ІІО-ның қадрына қабылданған әскери міндеттілерді әскери есептен шығару үшін ІІО-ның кадр аппараттары әскери міндеттілерді есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына дәлелді қолдаухат, 1-нысан бойынша жеке тізімдерді (Нұсқаулыққа 1-қосымша), әскери билеттерді және тіркеу куәліктерін жібереді.
Тиісті белгілері бар әскери билеттер ішкі істер органдарының кадр аппараттарына қайтарылуы тиіс.
5. Запастағы офицерлерді әскери есептен шығару үшін ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының кадр аппараттары запастағы офицерлерді есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына қолдаухаттар жібереді. Қолдаухаттарға тағайындау туралы бұйрықтан үзінді, запастағы офицерлердің 2-нысан бойынша жеке тізімдері (Нұсқаулыққа 2-қосымша) мен әскери билеттері қоса беріледі.
Тиісті белгілері бар әскери билеттер мен жетондарымен бірге қысқартылған әскери істер офицерлерді әскери есептен шығару туралы қолдаухат қозғаған ішкі істер органдарының кадр аппаратына жіберіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа