«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығы (2016.21.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 521 бұйрығы
(2016.21.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 500 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.21.04. № 433 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, ішкі істер органдарына қызмет бойынша ауысу және жылжу, іссапарға жіберу және қайта қабылдау жөніндегі нұсқаулық;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру жөніндегі нұсқаулық;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасы;»;
мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы бұйрыққа 16-1-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы;».
Документ утратил силу
Демо – версия документа