Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдық санаттары үшін тестілеу өткізу ережесі, шектік мәндері (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.19.07. № 464 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдық санаттары үшін тестілеу өткізу
ережесі, шектік мәндері
1. Тестілеу мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлерін тестілеу аттестаттау өткізу, сондай-ақ оқу жылындағы қызметтік және жауынгерлік даярлық қорытындысы бойынша, оның ішінде сыныптық біліктілікті беру (растау) үшін сынақтар өткізу кезінде олардың кәсіптік дайындық деңгейін анықтау үшін өткізіледі.
2. Қызметкерлердің қызметтік және жауынгерлік даярлығы жүйесіндегі теориялық білімі мен практикалық дағдыларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуін және логикалық ойлау қабілетін объективті бағалау тестілеуден өткізудің мақсаты болып табылады.
3. Қызметкерлерді тестілеуден өткізу үшін Министрдің, аумақтық және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен комиссиялар құрылады, тестілеудің кестелері мен сұрақтары бекітіледі.
Комиссия құрамына аттестаттау комиссияларының төрағалары, комиссия мүшелері және хатшы кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ, бірақ бес адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия құрамына заң, кадр қызметтері мен қызметкер жұмыс істейтін бөлініс басшыларының қатысуы міндетті болып табылады.
4. Тестілеуді ішкі істер органдарының тиісті кадр аппараттары өткізеді, тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін лауазымдардың бейіні мен ерекшелігін ескере отырып, басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
5. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа