Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 9-қосымша) (2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.09. № 676 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

9-қосымша

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының

қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

қағидалары мен шарттары

(2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар), «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 57-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен шарттарын анықтайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) тәртіптік жаза - қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;

2) тәртіптік жауапкершілік (бұдан әрі - жауапкершілік) - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;

3) тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптарын бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы.

3. Теріс қылық жасағаны үшін ІІО қызметкерлеріне тәртіптік жазаның мына түрлері салынады:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции