Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына 8-қосымша) (2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.28.09. № 676 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

8-қосымша

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 830 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының

 қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану

 қағидалары

(2018.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін анықтайды.

2. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметте оң нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге мынадай:

1) алғыс жариялау;

2) бiржолғы ақшалай сыйақы;

3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4) Грамотамен марапаттау;

5) Құрмет грамотасымен марапаттау;

6) ІІО ведомстволық медальдармен және төс белгілермен наградтау;

7) мерзімінен бұрын кезекті арнаулы атақ беру;

8) атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы атақты беру;

9) кезектен тыс арнаулы атақ беру;

10) «Құрмет кітабына» енгізу;

11) құрметті атақ беру;

12) Алғыс хатпен марапаттау;

13) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ІІМ білім беру ұйымдары) аумағынан он тәулікке дейінгі мерзімге кезектен тыс шығуды беру көтермелеулері қолданылады.

 

 

2-тарау. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібі

 

3. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген адамдар берілген құқықтар шегінде олардың қарамағындағы қызметкерлерді көтермелейді.

4. Көтермелеудің түрлерін айқындау кезінде қызметкердің еңбегінің сипаттамасы немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметіне деген қатынасы ескеріледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции