(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕ...
Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
қызметкеріне көтермелеу түрлерін қолдану
ережесі
(2016.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Көтермелеулер қызметтік жұмыстың жоғары бағасы, қызметкерлерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың пәрменді құралы болып табылады. Әрбір бастық берілген құқықтарының шегінде қарамағындағы қызметкерлерді қызмет бойынша табыстары, ынтасы мен үздік қызметі үшін көтермелеуге міндетті. Оған берілген құқықтар жеткіліксіз болған жағдайда, ерекше көзге түскен қызметкерлерді жоғары тұрған бастықтың құқықтарымен көтермелеу туралы өтініш білдіре алады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында көзделген мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапаттау;
2) Ішкі істер органының (бөлінісінің) ашық туының фото суретімен марапаттау;
3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу қолданылады.
3. Ішкі істер органының (бөлінісінің) бастығы жекелеген қызметкерге қатысты, сондай-ақ бірге ішкі істер органдарының немесе бөліністерінің барлық жеке құрамына қатысты көтермелеулер қолдануға құқылы.
Көтермелеудің түрлерін айқындау кезінде қызметкердің еңбегінің сипаттамасы немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметіне деген бұрынғы қатынасы ескеріледі.
4. Көтермелеу бұйрықтармен жарияланады. Көтермеленгені туралы қызметкердің жеке өзіне саптың алдында немесе жиналыстарда жарияланады.
Редакция документа
Демо – версия документа