Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...

Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне көтермелеу түрлерін қолдану
ережесі

 

1. Көтермелеулер қызметтік жұмыстың жоғары бағасы, қызметкерлерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың пәрменді құралы болып табылады. Әрбір бастық берілген құқықтарының шегінде қарамағындағы қызметкерлерді қызмет бойынша табыстары, ынтасы мен үздік қызметі үшін көтермелеуге міндетті. Оған берілген құқықтар жеткіліксіз болған жағдайда, ерекше көзге түскен қызметкерлерді жоғары тұрған бастықтың құқықтарымен көтермелеу туралы өтініш білдіре алады.

2. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында көзделген мынадай:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен марапаттау;

2) Ішкі істер органының (бөлінісінің) ашық туының фото суретімен марапаттау;

3) ІІО-ның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де көтермелеу түрлері көзделген.

3. Ішкі істер органының (бөлінісінің) бастығы жекелеген қызметкерге қатысты, сондай-ақ бірге ішкі істер органдарының немесе бөліністерінің барлық жеке құрамына қатысты көтермелеулер қолдануға құқылы.

Көтермелеудің түрлерін айқындау кезінде қызметкердің еңбегінің сипаттамасы немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметіне деген бұрынғы қатынасы ескеріледі.

 

 

2. Көтермелеу қолдану тәртібі

 

4. Көтермелеу бұйрықтармен жарияланады. Көтермеленгені туралы қызметкердің жеке өзіне саптың алдында немесе жиналыстарда жарияланады.

5. Көтермелеу туралы бұйрықтарды салтанатты түрде жариялау кезінде грамоталар, бағалы сыйлықтар немесе ақша, жеке фотосуреттер, төсбелгілері, погондар бірге табыс етіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку