2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 281-1, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 288-1, 288-2, 288-3, 289-қосымшаларғасәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
265-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1733419 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз үш миллион терт жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері« туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 қаулысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 944 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету және оны іске асыру; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; жүктелген функциялардың неғұрлым тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің орталық аппаратының қызметін қамтамасыз ету; халықты қауіпсіз, қолжетімді, сапалы медициналық әрі дәрілік көмекпен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен қамтамасыз ету; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелестік ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық ішкі жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің аппараттарын ұстау; қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру; медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау; денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу; тәуелсіз сараптама институтын дамыту; біліктілік санатын беру жүйесін, біліктілік құзыреттілікке аттестаттау жүйесін жетілдіру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу; дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтер көрсетудің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; көлікте бақылаудағы объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қамтамасыз ету, шекараны жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау; азаматтардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесін сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің есептеу техникасын, жергілікті есептеу желілерінің жүйелі әрі техникалық күтімін қамтамасыз ету, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросымен басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпаратпен алмасуды қолдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерін негізгі құралдармен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін функцияларды жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру жөнінде әдістемелер мен зерттеулер әзірлеу Республикалық деңгейде халыққа салауатты өмір салтын уағыздайтын іс-шаралар өткізу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 |
| 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Бекітілген штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің аумақтық органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметтік автомашиналар мен арнайы автокөлікті күтіп-ұстау. Медициналық қызметті тәуелсіз сараптауды жүргізу. 2008 жылы сатып алынатынды есепке ала отырып, ұйымдастыру техникасын күтіп-ұстау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
4 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық және олардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің денсаулық сақтау саласындағы басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволарының мамандарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелде оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
5 |
| 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу қызметтеріне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті |
6 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық -техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын материалдық-техни- калық жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік- Батыс өңірлік әуе жол көлігіндегі Мемлекеттік Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, көліктегі бас Мемлекеттік Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Батыс өңірлік теміржол көлігіндегі Мемлекеттік Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармалары. |
7 |
| 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі үшін есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техника құралдарын, лицензияланған бағдарламалар өнімдерін, шығын және жинақтау материалдарын сатып алу. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер, веб-сайт, веб-портал мен бағдарламалық өнімдер кешенін сүйемелдеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Есептеуіш техника құралдары мен желілердің жүйелік-техникалық және әкімшілендіру қызмет көрсетуіне ақы төлеу. Телекоммуникациялық қызметтерге ақы төлеу. Аумақтың органдар үшін есептеуіш, ұйымдастыру және телекомуникациялық техника құралдарын, лицензияланған бағдарламалар өнімдерін шығын және жинақтау материалдарын сатып алу. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің аумақтық органдары
|
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бекітілген штат саны лимиті шегінде орталық аппарат пен оның аумақтық органдарын ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету; бақылау объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге, гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін бақылау; лицензиялау жүйесін жетілдіру; медициналық көмектің сапасын дәлелді түрде жақсарту; дәрілік заттар мен көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің сапасының, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; денсаулық сақтау жүйесінің тұтынушылардың қалауына сәйкестігін арттыру; деректерді жинаудың, жедел тапсырмаларды өңдеудің орташа уақытын және талдау анықтамаларын берудің мерзімдерін қысқарту; облыстардан статистикалық есептерді қабылдаудың мерзімін азайту (жылдық есеп - 18 күнге дейін, тоқсандық - 3 күнге дейін); ел ішінде орта есеппен 90 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 51 қызметшіні ағылшын тіліне оқыту; орта есеппен 105 қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту; дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның қызметшілерін орта есеппен 20 адамын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның орта есеппен 35 адамын шетелде оқыту; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ғимаратын күрделі жөндеуге мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен жарақтандыру, аппараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық жағынан қамтамасыз ету; фармацевтикалық бақылау, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеттерінің аумақтық органдарын есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техникамен, лицензияланған бағдарламалық өнімдерімен, шығыс және құрамдауыш материалдармен жарақтандыру.
Түпкілікті нәтиже: оларға жүктелген функцияларының орындалуы үшін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1396,3 мың теңге; денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 2294,772 мың теңге;
салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бір іс-шараны орындауға жұмсалатын орташа шығын - 135,26 мың теңге;
аумақтық органның бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығын - 1018,5мың теңге;
бір қызметшінің біліктілігін ел ішінде арттыруға ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 22,144 мың теңге;
дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 861,55 мың теңге;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бір қызметшісінің біліктілігін шетелде арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 2129,514 мың теңге;
бір қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,657 мың теңге;
бір қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар - 37,271 мың теңге;
Уақыттылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
266-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 6819850 мың теңге (алты миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 3 , 8 , 35, 36, 56, 62 және 64-баптары; «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру гранты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы; «Мемлекеттік органдардың азаматтардың әскери қызметке дайындығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау |
|
|
|
2 |
| 100 | Мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен интерндерді даярлау. Оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық жағдай жасау. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен басшы қызметкерлерінің белгіленген қызмет ақыларын 1,75-ке көбейтетін коэффициентін төлеуге байланысты шығыстарды субсидиялау. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингенті 15916. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 |
| 101 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғары оқу органдарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер даярлау | Медициналық ЖОО-лардағы оқу жоспарына сәйкес запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери даярлауды жүзеге асыру. Запастағы офицерлердің орташа жылдық контингенті 1442. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
4 |
| 102 | Жоғары оқу орындарының студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес студенттер мен интерндерге мемлекеттік стипендия төлеу арқылы оларды жоғары білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. Студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендия төлеу - 12872. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
5 |
| 103 | Ғылыми кадрлар даярлау | Ғылыми кадрлардың медицинаның өзекті мәселелері жөніндегі жеке ғылыми зерттеулерін әзірлеуі және оларды жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар түрінде ресімдеу, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын меңгеру, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда тереңдетілген медициналық білім алу, ғылыми кадрларды даярлау процесін қамтамасыз ету. Орташа жылдық саны: докторанттар - 91, PhD докторанттар - 3, аспиранттар - 178, клиникалық ординаторлар - 165, резидентура тыңдаушылары - 53 және денсаулық сақтау магистранттары - 116. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
6 |
| 104 | Ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес мемлекеттік стипендия төлеу арқылы денсаулық сақтау саласының 91 докторантының, 3 PhD докторантының, 178 аспирантының, 165 клиникалық ординаторының, 53 резидентура тыңдаушысы және 116 магистрантының орташа жылдық контингентін әлеуметтік қолдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7 |
| 105 | Мемлекеттік жоғары оқу орындарын күрделі жөндеу | Мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және қорытындыға сәйкес С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне (2006 жылғы 5 мамырдағы № 7-207-1/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына (2007 жылғы 23 қаңтардағы № 18-13/2007 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Семей мемлекеттік медицина академиясына (мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 22-171/06, 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 22-175/06 және 2008 жылғы 4 тамыздағы № 22-261/08 қорытындылары), Қарағанды мемле- кеттік медицина академиясына (мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 7 ақпандағы № 12-20/07 және 2008 жылғы 18 маусымдағы № 12-242/08 қорытындылары), Қазақ мемлекеттік медицина академиясына (2007 жылғы 22 қаңтардағы № 23-25/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына (2006 жылғы 14 сәуірдегі № 6-188/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуге күрделі трансферттер аудару арқылы оқытудың сапасын көтеру үшін жағдай жасау мақсатында мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
8 |
| 106 | Студенттердің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтауы | 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндерді мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес даярлау. Оқу процесі үшін материалдық-техникалық жағдай жасау. 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингенті - 1. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
9 |
| 107 | Жоғары оқу орындарында оқу аяқтайтын студенттерді стипендиямен қамтамасыз ету | Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алатын жекелеген санаттарға мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндерге мемлекеттік стипендия төлеу арқылы студенттер мен интерндерді олардың жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. 1999 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендия төлеу - 1. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
10 |
| 108 | Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жазғы және қысқы каникулдар кезінде жылдың басында (бітірмей тұрғанда 13192, бітіретіндерге 1434) студенттердің контингентіне жолақысына ақшалай өтемақы төлеу үшін берілетін трансферттерді аудару арқылы азаматтарды жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. | 1, 2 тоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
11 |
| 109 | Мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарының жанынан оқу-клиникалық орталықтар құру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Семей мемлекеттік медицина академиясына, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясына, Қазақ мемлекеттік медицина академиясына, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына капиталды трансферттерді аудару арқылы қазіргі заманғы лабораториялық және медициналық жабдықтармен қайта жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 4500; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; PhD докторанттар - 10, резидентура тыңдаушылары - 158, магистранттар - 70;
1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушыларды орта есеппен - 79 пайыз және интерндерді - 90 пайыз; магистранттар, клиникалық ординаторлар, резидентура тыңдаушылары, аспиранттар, PhD докторанттар мен докторанттарды - 100 пайыз.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс - жылына 263 мың теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 25,4 мың теңге; докторантты даярлауға - жылына 64,3 мың теңге; PhD докторанттар даярлауға - жылына 700,0 мың теңге; аспирантты даярлауға - жылына 123,7 мың теңге; клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; резидентура тыңдаушысын даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; магистрантты даярлауға - жылына 333,8 мың теңге.
Айлық стипендия мөлшері: бір студент: 1 қаңтардан бастап - 6434 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 7500 теңге; бір интерн: 1 қаңтардан бастап - 11652 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 13586 теңге; Президенттік - 12868 теңге; атаулы - 9329 теңге; докторант - 29359 теңге; PhD докторант - 29359 теңге; аспирант - 23000 теңге; клиникалық ординатор - 22041 теңге; резидентура тыңдаушысын - 22041 теңге және магистрант - 22041 теңге.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 білім алушының қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу 4 АЕК. Мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу.
Уақтылылығы: жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді денсаулық сақтау саласының білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 1434 адам, запастағы офицерлер кемінде 579, ғылыми кадрлар мен жоғары білімнен кейінгі медицина білімі бар мамандар кемінде 217 адам, оның ішінде докторанттар кемінде 30, аспиранттар кемінде 62, клиникалық ординаторлар кемінде 90, магистранттар кемінде 28.
Сапасы: ЖОО-ны үздік бітірген жоғары білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 15 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
267-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 43761475 мың теңге (қырық үш миллиард жеті жүз алпыс бір миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулығын сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы;»»Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасын іске асырудың 2007-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың медициналық қызмет көрсетуге қолжетімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңарту үшін жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сома шегінде тізбе бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне типтік денсаулық сақтау жобаларының тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеп жасауға, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыруға; денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу« жобасының шеңберінде нысаналы даму трансферттерін аудару). Типтік денсаулық сақтау объектілерінің тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеп жасау, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыру. Денсаулық сақтау объектілерін (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде). | Қаңтар-жетоқсан
Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілерінің саны.
Түпкілікті нәтиже: халыққа медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылылығы: Типтік денсаулық сақтау объектілерінің тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеу, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыру; қызмет көрсетушілермен жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу мен қайта жаңарту (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде) жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Сапа: республикада нәресте және ана өлім-жітімін, туберкулез ауруын азайту қамтамасыз етілетін болады, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
*Ескертпе
*) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы« Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
268-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2446695 мың теңге (екі миллиард төрт жүз қырық алты миллион алты жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «АИТВ инфекциясының және ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7 , 19, 24-баптары; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеті жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуының, таралуының алдын алу және азайту; шекараны жұқпалы және аса қауіпті аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралу қарқынын бәсеңдету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Республикалық деңгейде халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы |
|
|
|
2 |
| 100 | Эпидемиялардың алдын алу | Табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңірлерде індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізу. Індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізуге жіберілген медициналық және басқа да қызметкерлердің іссапар шығыстарына ақы төлеу. Алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу үшін дезинфекциялаушы құралдарды сатып алу және аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарына жеткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 |
| 101 | Атырау, Арал теңізі, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Шалқар тырысқаққа қарсы станциялары | Карантиндік және басқа да аса қауіпті жұқпалы ауруларды оқшаулау, таралуының алдын алу жөніндегі індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізу. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптама қорытындыларына сәйкес Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Маңғыстау обаға қарсы күрес станцияларын күрделі жөндеу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, автокөлік сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Атырау, Арал теңізі, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Шалқар обаға қарсы күрес станциялары |
4 |
| 102 | Республикалық санитарлық- эпидемиологиялық станциясы | Санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы |
5 |
| 103 | Көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманың өңірлік орталықтары | Эпидемиялық мәні бар объектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды, көліктегі бағынысты объектілердің санитарлық- эпидемиологиялық сараптамаларын жүргізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Оңтүстік-Шығыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Оңтүстік өңірлік жол көлігіндегі санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы; Жол көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бас орталығы; Батыс өңірлік теміржол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Солтүстік- Батыс әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы |
6 |
| 104 | СПИД-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу жөніндегі республикалық орталық | АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық немесе жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңірлерге кемінде 65 баруды жүзеге асыру, аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын өткізу, обаға қарсы күрес станцияларын аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарында алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды өткізуге арналған дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың, автокөліктің кемінде 869 бірлігін, соның ішінде обаға қарсы күрес станциялар үшін кемінде 608 бірлігін, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция үшін жабдықтың кемінде 50 бірлігін, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшін кемінде 203 бірлігін, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық үшін кемінде 8 бірлігін сатып алу, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Маңғыстау обаға қарсы күрес станцияларына күрделі жөндеуді жүргізу.
Түпкі нәтиже: тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторларын жоюға немесе азайтуға бағытталған індетке қарсы және алдын алу іс-шаралар кешенін аяқтау, жұқпалы, паразиттік аурулардың, жаппай уланулардың пайда болуын және таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сатып алынатын дезинфекциялық препарат бірлігінің орташа құны 1135 теңге, медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар, автокөлік бірлігінің орташа құны 381,8 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес санитарлық - індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын орындау; жабдықты жеткізуге жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебінен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; індеттік мәні бар көліктегі объектілердің санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту; халықтың АИТВ/ЖҚТБ туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
269-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның компоненттерін
және препараттарын өндіру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 472019 мың теңге (төрт жүз жетпіс екі миллион он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік материалдық қор туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 12-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18-бабы; «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5 , 15-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2003 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы« 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырқаттарды сапалы қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қан препараттарымен (алмастырғыштармен) және оның компоненттерімен қамтамасыз ету, Республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. Республикалық қан орталығының төтенше жағдайлар зардаптарын жоюда донорлық қан препараттарымен және оның компонентерімен денсаулық сақтауды ұйымдарын қамтамасыз етуге дайындығы, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының реципиенттері үшін арнайы донорлық қанды іріктеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 |
| Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның компоненттерін және препараттарын өндіру | Қанды, оның компоненттерін дайындауға, тестілеуге, сақтауға; қанның сирек топтары мен препараттарын ұзақ мерзімді сақтауға, қан компоненттерін өңдеуге; қан препараттарын өндіруге; шығарылатын өнімнің номенклатурасын, көлемін кеңейту және оның сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі арнайы іс-шараларды жүргізуге; қан плазмасын карантиндеуді жүргізуге, қанның лейкосүзгіленген компоненттерін шығаруға байланысты қызметтерге ақы төлеу. Қан өнімдерінің жұмылдырылған резервінің көлемін жаңарту және толықтыру жөніндегі арнайы іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес Республикалық қан орталығына медициналық және медициналық емес жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, автокөліктің, сатып алуға күрделі трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дайындалатын және өңделетін қанның болжамды орташа жылдық мөлшері 14133 литр; Республикалық қан орталығын жарақтандыру үшін медициналық және медициналық емес жабдықтың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың; ұйымдастыру техникасының кемінде 139 бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: республикалық медициналық ұйымдардың қанға, оның компоненттері мен препараттарына деген қажеттілігін қамтамасыз ету, жұмылдыру резервін толықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 литр қанды өңдеудің орташа құны - 23,3 мың теңге; жабдықтың бір бірлігін сатып алу құны 1029,5 мың теңге.
Уақтылығы: қажеттіліктің туындауына орай қан мен оның компоненттерін уақтылы жеткізу.
Сапасы: қабылданған нормативтерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
270-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Арнайы медицина резервін сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18846 мың теңге (он сегіз миллион сегіз жүз қырық алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 15-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын және жұмылдыруын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау органдары мен мекемелерге республикалық масштабта әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құрылатын мекемелер мен құрамаларды жинақтау үшін әскери міндеттілерді есепке алу мен брондауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының жұмылдыру резервін жинақтау, сақтау және мүліктерді ауыстыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 |
| Арнайы медицина резервін сақтау | Жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмылдыру резерві мүліктерінің сақталуы және уақытылы жаңартылуы.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға орташа шығыс - 523,5 мың теңге.
Уақтылығы: жұмылдыру тапсырмасына сәйкес.
Сапасы: арнайы медициналық қамтамасыз етудің жұмылдыру резервінің 100 пайыз дайындығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
271-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1793646 мың теңге (бір миллиард жеті жүз тоқсан үш миллион алты жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 988-35қ. қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: алдын алудың, емдеу мен диагностикалаудың жаңа технологияларын енгізу негізінде азаматтардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алуды, диагностикасын жасауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру, халық сырқаттанушылығын, гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингін, қадағалау мен алдын алуды жетілдіру, республикада денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі сауықтыру бағдарламаларын, жаңа әдістерін әзірлеу және сынау.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 |
| Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Медицина ғылымының 4 басым бағыты шеңберінде жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. 1. Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностикалық, емдік және алдын алу технологияларын әзірлеу және жетілдіру; 2. Әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алу, диагностикасын жасау, емдеу және оңалту шараларын әзірлеу және жетілдіру; 3. Қазақстан Республикасының халқын гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингісін және алдын алумен қадағалауды жетілдірудің ғылыми негіздері; 4. Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу. Жүргізіліп жатқан мынадай 40 ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу: 1. «Диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу арқылы жүрек-қан тамырлар ауруларынан өлім-жітім мен сырқаттанушылықты азайту»; 2. «Жүрек-қан тамырлар хирургиясында диагностиканың, емдеудің, оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 3. «Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру»; 4. «Жарақаттанудан, оның ішінде балалардың мүгедектігі мен өлім-жітімін азайту жөніндегі ғылыми негізделген бағдарлама»; 5. «Дамуының туа біткен кемістігі бар балалардың мүгедектігі мен өлім-жітімін азайту проблемасын шешудің ғылыми негізделген жолдары»; 6. «Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында онкологиялық қызметті оңтайландыру және онкопатологиядан өлім-жітімді азайту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу»; 7. «Хирургияда аурулардың алдын алу және емдеу үшін эндогенді гемопоэтикалық дін жасушаларын қолдануды экспериментальды клиникалық негіздеу»; 8. «Цереброваскулярлық аурулар құрылымында геморрагиялық және ишемиялық инсульттермен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту бойынша озық технологияларды диагностикасын жасау және енгізу саласындағы ғылыми әзірлемелер»; 9. «Фетальдік клеткаларын қолдануды экспериментальды клиникалық негіздеу»; 10. Жұқпалы аурулардың ағымы мен аяқталуының диагностикасы мен болжауда тиімділігі жоғары геномдық технологияларды әзірлеу және енгізу»; 11. «Адамның карантиндік және зооноздық аурулары бойынша Қазақстан Республикасында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негіздері»; 12. «Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқпасын бастапқы және екіншілік алдын алуды жетілдіру мақсатында жыныс жолмен берілетін жұқпалардың диагностикасын жасау, емдеу мен алдын алудың жаңа технологияларын әзірлеу»; 13. «Бүйректі ауыстырып қондыруда диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 14. «Қазақстан халқының тамақтану деңгейі мен денсаулығын бағалау бойынша зерттеу»; 15. «Нейрохирургияда диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 16. «Эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, ересек адамдардың депрессивтік бұзылуына диагностика жасау мен емдеуді ұйымдастыру жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу»; 17. «Эндокриндік ауруларды (зоб, қантты диабет, созылмалы бүйрек үсті кемістігі) цитокинодиагностикасы мен цитокинотерапиясының ғылыми негіздерін әзірлеу»; 18. «Қазақстан Республикасында жедел және стационарлық медициналық көмекті жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 19. «Бастапқы денсаулық сақтау буынында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұйымдастыру- басқарушылық көзқарас«; | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
|
|
| 20. «Халыққа медициналық көмек көрсету қажеттілігінің сараланған өңірлік нормативтерін қалыптастырудың ұйымдастыру- экономикалық технологияларын әзірлеуге әдістемелік көзқарас»; 21. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерге емдеу-алдын алу көмегін жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 22. «Қазақстан Республикасы денсаулық жүйесінде кадр саясатын дамытудың ұйымдастыру- технологиялық, білім және әлеуметтік- психологиялық аспектілері»; 23. «Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білімді реформалау тұжырымдамасын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу»; 24. «Қазақстан Республикасында зертханалық қызметті жетілдірудің және биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 25. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу критерийлеріне көшу бойынша мониторингі бағдарламасын әзірлеу»; 26. «Босануға жәрдемдесу ұйымдарының практикасына перинатальдік күтім бойынша тиімді технологиялар мониторингінің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 27. «Қазақстан Республикасында гематологиялық қызметті жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 28. «Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмекті жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу»; 29. «Өкпенің обструктивті, интерстициальді аурулары кезіндегі патогенетикалық негіздері мен өршу факторлары: эпидемиологиясы, диагностикасы, емдеу, алдын алу; 30. «Қазақстан Республикасы халқының психикалық және психикологиялық ахуалының көп деңгейлі жүйелі мониторингі»; 31. «Қазақстан Республикасында әлеуметтік елеулі дерматоздардың диагностикасын жасау, емдеу мен алдын алудың ғылыми негізделген технологияларын әзірлеу»; 32. «Қазақстандағы қоршаған ортада, өнім тағамдарында қазіргі заманғы пестицидтардың болуын қадағалау жүйесін жетілдіру және талдау әдістерін әзірлеу»; 33. «Байқоңыр» космодромынан жіберілетін ракеталардың халық денсаулығына тигізетін әсерінің санитарлық-гигиеналық мониторингі»; 34. «Қарашығанақ газоконденсат кен орны аймағында тұратын халық денсаулығының жағдайын бағалау»; 35. «Иондық сәулеленудің әсеріне шалдыққан және біртіндеп болатын салдары кезеңінде медициналық-әлеуметтік мониторингі жасалған Қазақстан Республикасы халқының Мемлекеттік автоматтандырылған медициналық тізілімін ғылыми сүйемелдеу»; 36. «Қазақстан Республикасында вакцинамен басқарылатын жұқпалар бойынша алдын алу технологияларын ғылыми негіздеу және әзірлеу»; 37. «Әлеуметтік елеулі жұқпалы аурулардың диагностикасын жетілдіру бойынша тест-жүйесін әзірлеу»; 38. «Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптаманы ұйымдастырудың ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 39. «Травматология және ортопедияда алдын алу, диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 40. «Әлеуметтік елеулі офтальмопатологиясы бар сырқаттарды оңалтудағы инновациялық технологиялар» Мыналарға күрделі трансферттер аудару: - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес ғылыми ұйымдар үшін қажетті қазіргі заманғы және бірегей медициналық жабдықтар сатып алуға; - бекітілген құжаттамаға ведомстволық жобалық-сметалық және мемлекеттік емес сараптама қорытындысына сәйкес. Х.Жуматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын (2007 жылғы 2 наурыздағы № 7-106 /07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) және М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығын (2005 жылғы 6 шілдедегі № 7-379/05 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) күрделі жөндеу жүргізуге. |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
медицина ғылымының 4 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 40 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сатып алынатын жабдықтардың тізбесіне сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау үшін кемінде 8 бірлік медициналық және зертханалық жабдық сатып алу. Мемлекеттік ведомстволық емес сараптама қорытындысына сәйкес X. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын және М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығын күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 22136 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: ғылыми зерттеулер нәтижелерінің республика халқының денсаулығына әсері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
272-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12391986 мың теңге (он екі миллиард үш жүз тоқсан бір миллион тоғыз жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18, 24, 29, 53-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шығындарын өтеу ережесін және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түсетін қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысы; «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен сырқаттардың денсаулықтарын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, амбулаториялық, емдік-диагностикалық және оңалту іс-шараларын орындау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету | Диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде мынадай 16 бейін бойынша: хирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, радиологиялық, терапиялық, кардиологиялық, неврологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық және профпатологиялық, психиатриялық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша мынадай медициналық ұйымдар үшін: Онкология және радиология ҒЗИ, Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ҰҒО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық, арнайы автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес мынадай мемлекеттік кәсіпорындарға: Жарбосынов атындағы Урология ҒО (2007 жылғы 2 мамырдағы № 7-212/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Көз аурулары ҒЗИ (2006 жылғы 28 маусымдағы № 7 388-1/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Травматология және ортопедия ҒЗИ (2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 2-495/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Онкология және радиология ҒЗИ (2007 жылғы 12 наурыздағы № 7 113/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ (2007 жылғы 11 сәуірдегі № 7-172/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына (2006 жылғы 26 сәуірдегі № 7-195/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (2006 жылғы 30 наурыздағы № 12-50/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу жүргізуге күрделі трансферттер аудару.
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде жіберілетін науқастардың емі мен жолақысын және бірге жүретін адамдарға ақы төлеу. Шетел медициналық ұйымдарға 2007 жылғы кредиторлық берешекті өтеу Консультациялық- диагностикалық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Республикалық аллергология орталығына медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар мен арнайы және қызметтік автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу.
Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптамаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу: Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальді (2006 жылғы 3 ақпандағы № 7-51/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухананы (2005 жылғы 22 ақпандағы № 7-76/05 және 2007 жылғы 22 ақпандағы № 7-86/07 мемлекеттік сараптамаларының қорытындысы), Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальді» (2007 жылғы 13 тамыздағы № 23-296/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы | Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ), Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми- практикалық орталығы ҒЗИ, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (бұдан әрі - ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ҰО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми- практикалық орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы, Қазақ ұлттық медицина университетінің Профессорлар клиникасы, Қарағанды қаласының облыстық кардиохирургиялық орталығы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы. Тараз қаласының Кардиохирургия орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
Республикалық аллергология орталығы, Республикалық диагностика орталығы
Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Қазақ республикалық лепрозорий, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь.
Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалықгоспиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 37389); белгілі бір контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен емдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 927, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 1189, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4200, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық кәсіпорындар мен Республикалық аллергология орталығы үшін кемінде 588 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық, медициналық емес жабдықтар, арнайы автокөлік сатып алу. Мемлекеттік мекемелер үшін кемінде 96 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу.
Астана қаласында медициналық кластер құру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы.
Түпкілікті нәтиже: емделген сырқаттардың денсаулығының жақсаруы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір сырқатты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 157 мың теңге; мемлекеттік мекемелерде - 77,1 мың теңгеден 621,2 мың теңгеге дейін; сырқатты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 4457,8 мың теңге; 1 сырқатқа және алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 155 мың теңге; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 6294,2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
273-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторий-сауықтыру
медициналық көмек көрсету»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1140707 мың теңге (бір миллиард бір жүз қырық миллион жеті жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 22-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, бронх-өкпе патологиясы бар балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Бронх-өкпе патологиясы бар сырқаттарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
№ р/с | Бадарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторлық- сауықтыру медициналық көмек көрсету | Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Бронх- өкпе патологиясы бар сырқаттарға, санаторийлық-сауықтыру (оңалту) медициналық көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және санитарлық автокөлік сатып алу. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға, оның ішінде резервтік қордан туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік (виражды гиперсезімталды, жанаспалы) топтағы балаларға химиялық алдын алу жүргізу үшін туберкулезге қарсы препараттарды сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығы (2007 жылғы 12 ақпандағы № 81 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығында күрделі жөндеу жүргізу (2007 жылғы 11 мамырдағы № 203/77 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы). | Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 2150 сырқатқа Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының емдеу-диагностикалық көмегін көрсетуі және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы және «Қарағай» республикалық оңалту орталығы санаторийлік-сауықтыру (оңалту) көмегін көрсетуі, оларды патогенетикалық және симптоматикалық препараттармен қамтамасыз ету (сырқаттардың болжамданған орташа жылдық саны - 1230). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес кем дегенде 18 бірлік медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес жабдық санитарлық автокөлік сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығына, Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығына күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жоғары білікті медициналық көмек пен санаторийлік ем алған сырқаттардың арасында аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітім бойынша көрсеткіштерді жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын сырқаттарды сауықтыру көрсеткішінің өсуі және туберкулезге қарсы күрес шеңберінде басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының берілу қаупінің азаюы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір сырқатты емдеуге жұмсалатын туберкулезге қарсы препараттарды сатып алудың орташа шығыстары 73,5 мың теңге, бір бірлік жабдық сатып алудың орташа құны 1365,2 мың теңге, жобалау-сметалық құжаттармен мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес күрделі жөндеуді жүзеге асыру.
Уақтылығы: мамандандырылған стационарлық және оңалту медициналық көмегін уақтылы және сапалы көрсету.
Сапа: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
274-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ана мен баланы қорғау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 5650696 мың теңге (бес миллиард алты жүз елу миллион алты жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде республика өңірлеріне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі; балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегін көрсету; ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін енгізу.
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлік-гинекологиялық. Балаларға және тікелей балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы бойынша «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Республикалық балаларды оңалту орталығында, 11 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, аурудың ауыр дәрежесінде және/немесе өзіне-өзі қызмет көрсете алмаған жағдайда 11 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін көрсету.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне, Республикалық балаларды оңалту орталығына медициналық жабдықтар (емдеу және диагностика- лық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алуға және жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына сәйкес «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына және «Педиатрия және балалар хирургиясы» ҒО күрделі жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер аудару.
Балалардың сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету және тікелей сырқат балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес, автокөлік жабдықтар сатып алу. «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығын күрделі жөндеуден өткізу.
Жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ сеанстары мен иммундық-супрессивтік терапия жүргізу. | Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы
Жыл бойы | Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Алатау» балалар клиникалық санаторий Республикалық балаларды оңалту орталығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы
«Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы |
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауруларды диагностикалау мен емдеудің барынша күрделілігі кезінде Қазақстан Республикасының әйелдері мен балаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Лейкемиямен ауыратын балаларды (болжамды орташа жылдық саны 170) және гемодиализ сеанстарын өткізуге мұқтаж балаларды (болжамды орташа жылдық саны 40) қоса алғанда, емдеуге жатқызудың болжамды орташа жылдық саны 16785; санаторийлік көмек көрсету (болжамды орташа жылдық саны 1 530); БЦС, қант диабетімен, тірек-қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету (болжамды орташа жылдық саны 3500 және күтіп бағуды жүзеге асыратын 300 адамның болуы); іс-жүзіндегі денсаулық сақтауға диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін енгізу. Кемінде 129 бірлік медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алу. Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Педиатрия және балалар хирургиясы» ҒО және «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығын, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық, санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін алған ана мен баланың денсаулығын нығайту; созылмалы аурулар кезінде тұрақты оңалуға жету; күрделі аурулар кезіндегі асқынуларды төмендету; әйелдер мен балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ЖММК бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 201,7 мың теңге; санаторийлік және оңалту көмегін көрсету бойынша баланы бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 233,4 мың теңге; лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізуге бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 2922,5 мың теңге; бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар сырқаттарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған сырқаттарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 470,3 мың теңге; «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 92,9 мың теңге. Жабдықтарды сатып алуға орташа шығыстар - 6642,5 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
275-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1016051 мың теңге (бір миллиард он алты миллион елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедеі Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының сот-сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы, «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын практикалық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету; саланы аса тапшы мамандықтар бойынша және жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың әдістерін енгізе отырып, жоғары білікті көмек көрсету үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету. Халықаралық стандарттарды фармацевтика саласына енгізу, оның ішінде дәрілік заттарды сараптауды жүзеге асыратын зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу мақсатында фармация саласында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 |
| Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет кадрларының емдік, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық- биологиялық, медициналық алдын алу, мейірбикелік бейіндер бойынша, денсаулық сақтау жүйесі менеджерлерінің, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Аса тапшы мамандықтар бойынша медицина кадрларын даярлау, дәрілік заттардың сапа менеджментінің жүйелерін жасау саласындағы мемлекеттік фармацевтикалық сектордың және санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мамандарын шетелде даярлау. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жоғары білікті шетел мамандарын шақыруды ұйымдастыру. Мамандарды даярлау мерзімі 2 аптадан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының орта есеппен 14 905 маманының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, медицина және фармацевтика кадрларының ел ішінде біліктілігін арттыру мақсатында 10 шетел маманын тарту.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету; 5 жыл ішінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының барлық мамандарының біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 маманның ел ішінде біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығыс 36,1 мың теңге және шетелде - 1503,6 мың теңге және бір шетелдік маманды шақыруды ұйымдастыру үшін - 1793,1 мың теңге.
Уақтылығы: Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың мерзімдеріне сәйкес (конкурстық рәсімдерге және шарттарға сәйкес).
Сапасы: оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын мамандардың сапалы медициналық көмек көрсету үшін пайдалануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
276-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 8464499 мың теңге (сегіз миллиард төрт жүз алпыс төрт миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағыттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша халық үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 |
| Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде мынадай іс-шаралар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру: Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын, Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒІИ РМКК қабылдау бөлімшесінің үстінен 4-ші қабатты жалғастырып, оны 4-қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу; Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында сыртқы инженерлік желілері бар 160 төсектік республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні салу Алматы қаласында 100 төсектік кардиохирургия орталығы мен Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан ЗООтөсектік көп бейінді ауруханалар құрылысы жобаларының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамаларын өткізу, жобалау- сметалық құжаттамаларын әзірлеу; Алматы қаласындағы 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусы құрылысының жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын түзету және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Алматы қаласында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанынан 150 төсектік емдеу корпусын, Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ҒЗИ қабылдау бөлімшесінің үстінен 4 қабатты жалғастырып, оны 4 қабатты операциялық блок жапсаржайы етіп салу, Астана қаласында жедел көмек станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық көмек ҒЗИ, Астана қаласында сыртқы инженерлік желілері бар 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Диагностикалық орталық, Астана қаласының сол жақ жағалауында «Жаңа» ПС РПК-88 дейін кабельдік желі (медициналық кластерге арналған), «РПК-88» трансформаторлық кіші станциясынан Астана қаласында жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ объектісіне дейін сыртқы электрлік желіні, Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургия орталығын, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар кардиохирургия орталығын бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу жөніндегі жұмыстар көлемін орындау;
Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын, Алматы қаласында 100 төсектік Кардиохирургия орталығы, Астана қаласында «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК, Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанынан әрқайсысы 300 төсектік көп бейінді ауруханалар салу жобалары бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Түпкілікті нәтиже: жекелеген медициналық көмек түрлерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау объектілерін салу.
Уақтылылығы: қызметтерді көрсетушілермен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс бойынша жұмыстардың көлемін орындау.
Сапасы: ҚР ҚНЕ-ге сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
277-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сот-медицина сараптамасы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1347043 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық жеті миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарғысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен, соттың уәждемеленген анықтамасымен қарастырылған қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық процестердің қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот-медициналық сараптамалар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 |
| Сот-медицина сараптамасы | Сот-медициналық сараптамасының өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтарды, автокөліктердің жабдықтарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жылына орта есеппен 220 мың сот-медициналық сараптаманың өндірісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес кемінде 266 медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың бірлігін, кемінде 3 автокөліктің бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін «Сот медицинасы орталығы» ММ мен оның аумақтық бөлімшелерінің сот-медициналық сараптамасын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір зерттеуді өндіруге жұмсалатын орташа шығын - 4,8 мың теңге; жабдық бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығын - 1020 мың теңге.
Уақтылылығы: сот-медициналық сараптаманы тағайындайтын органның белгілейтін мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
278-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8272 мың теңге (сегіз миллион екі жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық медицина саласында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мүдделі адамдардың отандық медицина саласындағы тарихи-мәдени құндылықтарды зерделеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 |
| Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау | Бірегей жәдігерлерді мұрағат құжаттарын, көркем қорды сақтау және жаңарту. Жәдігерлерді есепке алуды, ғылыми өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында медицина мен денсаулық сақтаудың даму тарихы жөнінде экскурсиялар, дәрістер мен іс-шаралар өткізу. Мұражай жинағы негізінде құжаттау. Ақпараттық-библиографикалық және консультациялық көмекті жүзеге асыру. Көрме қызметі Мұражай қорын толықтыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мәдени-ағарту жұмысы, бірегей жәдігерлерді, мұрағат құжаттарын, көркем қорды жаңарту. Жәдігерлерді толықтыру.
Түпкілікті нәтиже: бірегей құндылықтардың 100 пайызға сақталуын, оларға республика азаматтарының қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір жәдігер мен әдебиетті ұстауға жұмсалатын орташа шығыс - 150 теңге.
Уақтылылығы: мерзімдер мен жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау.
Сапасы: келушілердің санын көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
279-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1373418 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс үш миллион төрт жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының сапалы медициналық көмек алуда тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық құрылымын құру, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану, саланы басқару деңгейін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ақпаратты жинаудың, сақтау мен талдаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруды, схемаларды рационализациялауды және ақпаратты беру мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін дамыту және пилоттық пайдалануды жалғастыру, ақпаратқа жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету; Астана қаласы бойынша пилоттық пайдалану аймағын кеңейту; Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қаржысын басқару жүйесін әзірлеу, сынақ жүргізу және пилоттық пайдалануға енгізу, медицина ұйымдарын қазіргі заманғы компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету; денсаулық сақтау ұйымдарының жергілікті желілерін құру; жобаны іске асырудың халықаралық консалтингі.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 |
| Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру | Астана қаласы бойынша пилоттық пайдалану аймақтарын кеңейте отырып, Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуін кеңейту және ақпараттық жүйені пилоттық пайдалануды жалғастыру. Серверлік, компьютерлік, телекоммуникацилық және басқа да жабдықтарды сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Серверлік үй-жайларды, жергілікті есептеуіш желілердің монтажы, бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің әкімшілерін оқыту. Жобаны іске асырудың халықаралық консалтингі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қаржысын басқару жүйесін әзірлеу, сынақ жүргізу және пилоттық пайдалануға енгізу. Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдары үшін серверлік үй-жайлар мен жергілікті есептеу желілерінің монтажы бойынша 2007 жылға жоспарланған іс-шараларды аяқтау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарын есептеуіш, ұйымдастыру және телекоммуникациялық техника құралдарымен қосымша жарақтандыру және жарақтандыру;
денсаулық сақтау ұйымдарының жергілікті желілерін құру; Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін әзірлеу, бағдарламалық өнімдердің сапасын арттыру мақсатында әзірленген ақпараттық жүйені пилоттық пайдалануды жалғастыру және кеңейту;
Түпкілікті нәтиже: Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін - ақпараттық жүйесін пилоттық пайдалану сатысын аяқтау; Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлендіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жұмыс станцияларының бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 142,64 мың теңге;
серверлер бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 3 362,00 мың теңге;
принтерлер бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 27,36 мың теңге;
коммутаторларды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 82,42 мың теңге;
модемдерді сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 15,56 мың теңге;
лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға жұмсалатын орташа шығыс 17,28 мың теңге;
Сатып алынатын компьютер жабдықтарының (серверлер мен жұмыс станцияларының) бірлігіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі орташа шығыстар:
Объектілердің сервері - 11,82 мың теңге.
Медициналық-статистикалық жүйе - 101,07 мың теңге.
Ресурстарды басқару жүйесі - 24,29 мың теңге.
Қаржы басқару жүйесі - 16,43 мың теңге.
Медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесі - 14,72 мың теңге.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар мониторингі жүйесі - 15,91 мың теңге.
Дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді басқару жүйесі - 19,15 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес іс-шаралар көлемінің толық орындалуы.
Сапа: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін пилоттық пайдалануды жүргізу есебінен әзірленетін жүйелердің қызмет етуінде пайда болуы ықтимал қателіктердің азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
280-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7638 мың теңге (жеті миллион алты жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту арқылы халықтың зияткерлік деңгейін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кітапхана қорын сақтау және толықтыру, халыққа кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 |
| Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету | Кітап қорын медицинаның барлық саласы бойынша отандық және шетелдік әдебиетпен толықтыру. Кітап қорын есепке алуды, сақталуын қамтамасыз ету. Республиканың медициналық кітапхана қызметін үйлестіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша оларға баруды ұйымдастыру. Кітап көрмелерін ұйымдастыру. Қалалық абонемент пен оқу залы арқылы денсаулық сақтау ұйымдары мамандарын кітапханамен қызмет көрсету. Оқу залына кондиционердің 3 бірлігін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми- медициналық кітапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кітап қорын 1 200 данаға көбейту. Жыл ішінде 66 көрме ұйымдастыру. Республиканың медициналық кітапханаларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Кітапхананың оқу залына кондиционердің кем дегенде 3 бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейлерін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: кітап қоры бірлігін ұстауға және қол жетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалатын орташа шығыс - 22 теңге.
Сапасы: денсаулық сақтау саласындағы ғалымдардың, оқытушылардың және мамандардың рухани, зияткерлік және білім қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
281-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 629277 мың теңге (алты жүз жиырма тоғыз миллион екі жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық медицина мекемелерінің диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін жақсарту, Қазақстанның ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның 3 облысының перспективалық және орнықты аудандарының орталық аудандық ауруханаларының базасында телемедицина кабинеттерін құру, телемедициналық консультациялар ұйымдастыру үшін облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханалар базасында телемедицина орталықтарын ашу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 |
| Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту | «Ұтқыр және телемедицинаны дамыту» жобасын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес мынадай іс-шаралар шеңберінде ауылдық (селолық) жерлерде іске асыру: телемедициналық, телекоммуникациалық, компьютерлік және басқа да жабдықтарды сатып алу, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, телемедицинаның клиникалық және техникалық аспектілерін, телемедицинаның бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуге оқыту, Ақтөбе облысының 7 ауданы, Жамбыл облысының 8 ауданы, Маңғыстау облысының 4 ауданы және Ақтөбе, Тараз және Ақтау қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханалар үшін телемедициналық консультациялар өткізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстанның Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының перспективалық және орнықты аудандарының 19 орталық аудандық ауруханасы базасында телемедицина кабинеттерін және Ақтөбе, Тараз және Ақтау қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханалардың базасында 3 телемедициналық орталық құру;
телемедицина кабинеттері мен телемедициналық орталықтардың қызметкерлер құрамын телемедициналық жабдықтармен, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз ету құралдармен жұмыс істеуге үйрету, қызмет көрсететін техникалық қызметкерлер құрамын оқыту;
Нақты уақыт режимінде және «off-line» режимінде телемедициналық консультациялар өткізу.
Түпкілікті нәтиже: Ақтөбе, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының ауыл тұрғындарын диагностикалауды жақсарту, медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру; жаңа технологияларды енгізу; медициналық білім беруді жетілдіру.
Уақтылылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес толық көлемде орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір телемедицина торабын құрудың орташа құны 28 622,23 мың теңге.
Сапасы: ауыл аудандарындағы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 281-1-қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
281-1-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1026440 мың теңге (бір миллиард жиырма алты миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімді стратегиялық қажеттілігін қанағаттандыруға, халық денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған тиімді қолданылып жүрген кәсіптік білім және медициналық ғылым жүйесін құру үшін медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау саласында мамандарды даярлауға жағдай жасау және жақсарту үшін білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту арқылы инфрақұрылымды құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
р/с № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 |
| Білім беру объектілерін салу және қайта жаңар- ту | «2008 жылға арнал- ған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Респуб- ликасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сома шегін- де Астана қаласын- да Бейбітшілік көшесінде орналас- қан Қазақ мемле- кеттік медицина академиясын кеңей- туді және қайта жаңартуды аяқтау, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Оңтүс- тік Қазақстан мемлекеттік меди- цина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында бұрын бөлінген жер уча- скесінде спорт және дәріс залын салу және Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік меди- цина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында өзінің аумағында 4 қабат- ты оқу корпусын салу жөніндегі іс-шараларға бюджеттік инвести- циялық жобаларды іске асыру. | Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында Бейбітшілік көшесінде орналасқан Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейтуді және қайта жаңартуды аяқтау, сондай-ақ Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында бұрын бөлінген жер учаскесінде спорт және дәріс залын салу және Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының Әл-Фараби № 3б алаңында өзінің аумағында 4 қабатты оқу корпусын салу жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
282-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 84036 мың теңге (сексен төрт миллион отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетіне, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Денсаулық сақтау объектілерінің уақтылы іске қосылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2 объектіні іске қосу және жұмыс істеуі, оның ішінде: Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласында жылына 2000 литрге арналған облыстық қан орталығы, Жетісай қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы бар 240 тесектік орталық аудандық аурухана.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2008 жылы іске қосу көзделіп отырған объектілердің жұмыс істеуіне жұмсалатын орташа шығыстар: орталық аудандық аурухана 16 124,0 мың теңге, қан орталығы - 67 912,0 мың теңге.
Уақтылылығы: Әкім шешіміне сәйкес іске қосу.
Сапа: осы өңірдегі халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын арттыру.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
283-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10308949 мың теңге (он миллиард үш жүз сегіз миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 4 маусымдағы 2003 жылғы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы, «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықты вакциналармен және басқа да медициналық иммундық-биологиялық, туберкулезге қарсы, диабетке қарсы препараттармен және онкологиялық сырқаттарды емдеуге арналған химиялық препараттармен; халықтың жұқпалы аурулармен сыртқаттанушылығының алдын алу және азайту; туберкулезбен ауыратын сырқаттардың аурушаңдығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін тұрақтандыру және төмендету; диабетпен ауыратындардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болу санын азайту; онкологиялық сырқаттардың өмір сүру ұзақтығын және айығуын арттыру және өлім-жітім көрсеткішін азайту; АИТВ жұқпасын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды алдын алу вирусқа қарсы емдеуімен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
|
|
|
2 |
| 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық- биологиялық препарат- тарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Халыққа иммундық алдын алу жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын вакциналармен және басқа иммундық-биологиялық препараттармен. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
3 |
| 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік топтағы (виражды, гиперсезімталды, байланысты) балаларды химиялық алдын алу. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
4 |
| 102 | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне диабетке қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Диабетке қарсы препараттарды, жеткізу құралдарын сатып алуға және олармен диабетпен ауыратындарды қамтамасыз ету. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
5 |
| 103 | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Онкологиялық сырқаттарды емдеуге арналған химиялық препараттарды сатып алу. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
6 |
| 105 | Лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алуға Қарағанды облысының облыстық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қарағанды облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Лейкемиямен ауыратын балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қарағанды облысының әкімі |
7 |
| 106 | Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне ВИЧ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған балаларды емдеу үшін дәрілік заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқат балаларды емдеу үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы
Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
|
8 |
| 107 | Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұю факторларын сатып алуға облыстың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюының VIII факторын қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Облыстық Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 18 жасқа дейінгі балалар мен ересек адамдардың жекелеген санаттарын вакциналауды қамтуды 95 пайызға жеткізу; болжамды түрде 4 787 143 адамды вакциналау үшін вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды, 39 622 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 208 183 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге; 32 568 инсулинге тәуелді диабетпен ауыратындарға диабетке қарсы препараттарды; гемофилиямен ауыратын болжаммен 331 ересек адамды емдеу үшін қанның ұюының VIII факторы; 13 429 онкологиялық науқастар үшін химиялық препараттарды, Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын 6 лейкемиямен ауыратын балаға химияпрепараттар, Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен 100 адам үшін АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттарға дәрілік заттар сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
Түпкілікті нәтиже: вакцинамен басқарылатын ауруларды азайту, туберкулезбен, диабетпен, асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болуын азайту; онкологиялық аурулармен ауыратындардың өмірін ұзарту және Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесіндегі ем алатын лейкемиямен ауыратын сырқат балалардың, Оңтүстік Қазақстан облысындағы АИТВ жұқтырған балалар және ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың өмір сүруін ұзарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар 1 вакцина жасауға - 0,25 мың теңгені; 1 науқасты емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар: туберкулезге қарсы - 31,7 мың теңгені; химиялық профилактика жүргізуге - 0,13 мың теңге; инсулинге - 56,1 мың теңге; гемофилиямен ауыратын сырқаттар үшін қан ұюының VIII факторына - 110,7 мың теңгені; химиялық препараттарға - 222,4 мың теңгені Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын лейкемиямен ауыратын балалар үшін химияпрепараттарға - 704,3 мың теңгені, АИТВ жұқтырған сырқаттар және ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар - 1 154,1 мың теңгені құрайды.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту: *) республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
284-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1391538 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан бір миллион бес жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 17-бабы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1200 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысы мен Алматы қаласы денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық орнықтылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы облысы мен Алматы қаласының жекелеген денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 032 |
| Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3- қосымшаға сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту үшін Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне нысаналы даму трансферттерін аудару. Денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу | Қаңтар- желтоқсан
Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: Алматы облысы мен Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайтуды арттыру.
Уақтылылығы: қызметтерді берушілермен жасалған шарттарға сәйкес сейсмикалық нығайту көлемді орындау.
Сапа: ҚР СЕмН сәйкес денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық нығайту.
Ескерту:
*) Объектілердің тізбесі «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
285-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық, ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 16489287 мың теңге (он алты миллиард төрт жүз сексен тоғыз миллион екі жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 8 , 9-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы, «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау мақсатында денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Нормативтерге сәйкес ауылдық және қалалық мемлекеттік БМСК ұйымдарын, оның ішінде ауылдық дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК орталықтарын, ауылдық жерлердегі және қалалық емханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру; ауылдық және қалалық дәрігерлік амбулаторияларды, БМСК орталықтарын, ауылдық жерлердегі және қалалық емханаларды, жедел медициналық қызметін, санитарлық авиация қызметін санитарлық көлікпен қамтамасыз ету; балалар мен босандыру ұйымдарын, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру. Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру.
Алматы қаласының № 7 қалалық ауруханасын (щунттармен) жарақтандыру. Онкологиялық ұйымдар үшін сәулелік терапия аппараттарын, рентгендік стимуляторларды сатып алу Облыстық және қалалық ауруханаларды магнитті-резонанстық және компьютерлік томографтармен жарақтандыру.
10 облыста және Алматы қаласындағы кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Алматы қаласының әкімдігі Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімдіктері
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыста- рының әкімдіктері
Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтауға уақтылы ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару.
Түпкілікті нәтижелер: медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақталуын ең төменгі нормативтерге кезең-кезеңмен жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір өңірді материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 1 030 580,4 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ескерту:* республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
286-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1200219 мың теңге (бір миллиард екі жүз миллион екі жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдар үшін дайындалатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қан қызметі ұйымдарын жабдықтауды кезең-кезеңмен ең аз нормативке дейін жеткізуге облыстық бюджеттерге және Алматы қаласының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, Астана және Алматы қалаларының қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жергілікті деңгейдегі қан орталықтары үшін қанды, оның компоненттерін және препараттарды карантиндеу үшін жабдықтар сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: облыстық және қалалық қан орталықтары үшін 291 бірлік жабдық сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жарақтандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір өңірді материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалатын орташа шығыстар - 75 013,7 мың теңге.
Уақтылылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: жергілікті деңгейде дайындалатын қанның сапасы жақсарады.
Ескерту: *) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
287-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында мамандар даярлау»
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 281001 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8 , 11, 33, 59, 62-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы; «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 |
| Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес республикалық медициналық білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлау. Орташа жылдық контингент - 1162. Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында білім алушыларды жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес білім алушылардың орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім алуы кезінде оларға мемлекеттік стипендия төлеу жолымен әлеуметтік қолдау. Білім алушы-стипендиаттардың жылдық орташа контингентіне - 894 мемлекеттік стипендия төлеу. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жазғы және қысқы каникулдар кезінде жылдың басында бітірмей тұрғанда - 895, бітіретіндері - 324 оқушылар контингентіне жолақысына ақшалай өтемақы төлеуге берілетін трансферттер аудару арқылы азаматтардың жоғары кәсіптік білім алуы кезінде әлеуметтік қолдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 500 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 894, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 73 пайызы.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын мөлшері - жылына 183,7 мың теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері: 1 қаңтардан бастап - 5147 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 6000 теңге. Қысқы және жазғы каникулдар кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 АЕК мөлшерін ақшалай өтемақы төлеу.
Уақтылылығы: денсаулық сақтау саласының орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 324 адам.
Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 288-қосымша алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-1-қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-1-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың жарғылық капиталын құру»
деген 062 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 270620 мың теңге (екі жүз жетпіс миллион алты жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік қүқықтык негізі:»Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ұлттық медициналық холдинг құру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с № № | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- лама- ның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 062 |
| «Ұлттық медици- налық хол- динг» АҚ-тың жарғы- лық капита- лын құру | «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ұлтық ғылыми орталығы» АҚ жарғылық капиталдарын құру және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру | Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ құрылған жарғылық капиталдары және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Соңғы нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: «Ұлттық медициналық холдинг», «Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығы», «Республикалық диагностикалық орталық және «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдарының жарлықшы капиталдары мөлшері - 270620мың теңге.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-2-қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-2-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия
төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 063 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32439 мың теңге (отыз екі миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабы; «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту кезеңінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: стипендияны нормативке дейін жеткізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 063 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіп- тік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендия төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Респуб- ликасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджет- терге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне жер- гілікті атқарушы органдардың мемле- кеттік тапсырысы негізінде техника- лық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиясын 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу үшін республикалық бюджеттен нысана- лы ағымдағы тран- сферттерді аудару. Жергілікті атқару- шы органдардың мемлекеттік тапсы- рысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым- дарында білім алушылардың сти- пендиялары мөлше- рінің айырмашылы- ғын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету. | Қыркүй- ек-жел- тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі
Облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімде- рі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде білім алушылардың стипендияларының мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу.
Облыстар бойынша стипендиаттардың орташа жылдық контингенті 7783, соның ішінде: Ақмола облысы - 286, Ақтөбе облысы - 432, Алматы облысы - 244, Атырау облысы - 345, Шығыс Қазақстан облысы - 640, Жамбыл облысы - 738, Батыс Қазақстан облысы - 521, Қарағанды облысы - 560, Қостанай облысы - 306, Қызылорда облысы - 448, Маңғыстау облысы - 233, Павлодар облысы - 371, Солтүстік Қазақстан облысы - 199, Оңтүстік Қазақстан облысы - 1272, сондай-ақ Алматы қаласы - 435 және Астана қаласы - 753.
Соңғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімінің сапалы көрсеткішін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 оқушының стипендиясын төлеудің ай сайынғы айырмашылығы орташа есеппен 853 теңгені құрайтын болады.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендиялары мөлшерінің айырмашылығын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: білім алушылардың жалпы контингенті ішінен стипендиямен қамтамасыз етілуі орта есеппен 81 пайыз.
Ескертпе:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 288-3-қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
288-3-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер»
деген 064 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 998-35қ қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өзекті зерттеу негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікке қабілеттілікті және оларды тиімді дамытуды арттырудың жолдары мен тетіктерін анықтау.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 064 |
| Денсаулық сақтау са- ласындағы өзекті зерт- теулер | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін ұзақ мерзімді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және денсаулық сақтау саласында сектораралық дамудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында денсаулық сақтау саласында өзекті зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметке ақы төлеу. |
Шілде- желтоқ- сан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минист- рлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есептер қалыптастырылатын болады, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін ұзақ мерзімді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және денсаулық сақтауды қорғау саласындағы сектораралық өзара іс-қимылдардың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу.
Соңғы нәтиже: Денсаулық сақтау ұйымдары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру. Денсаулық сақтау жүйесін тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: денсаулық сақтауды қорғау саласындағы сектораралық өзара іс-қимылдардың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу мақсатындағы денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер - 37000 мың теңге, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін ұзақ мерзімді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы өзекті зерттеулер - 43000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттар сәйкес.
Сапасы: Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес зерттеулердің сапасы деңгейін қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген барынша өзекті мәселелерді қамту, өзекті зерттеулер мен оларды шешуге ықпал ететін ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
289-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 18382 мың теңге (он сегіз миллион үш жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу, контентін өзекті ету және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 |
| Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталын сынау, тәжірибелік пайдалануға енгізу және контентін өзекті ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін дамыту | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық-танымдық веб-порталының қызметін жақсарту.