(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.10 № 565 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттері мен дербес басқармаларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығы
(2014.16.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) туралы ереженің 12-тармағының 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ІІМ Криминалдық полиция комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) ІІМ Тергеу комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ІІМ Ішкі әскерлер комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) ІІМ Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) ІІМ Көші-қон полициясы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) ІІМ Жол полициясы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) ІІМ Штаб-департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) ІІМ Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) ІІМ Кадр жұмысы департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) ІІМ Тыл департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) ІІМ Техникалық қызмет департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа