Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 16-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген
№ 16 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (бұдан әрі - ТҚД немесе Департамент) ішкі істер органдары жүйесі бөліністерінің қызметін ақпараттық-техникалық және телекоммуникациялық сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, есепке алу-тіркеу тәртібін сақтауды бақылау және ведомстволық статистикалық есепті қалыптастыру мақсатында құрылған, Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ немесе министрлік) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді.
1) басшылықтан;
2) ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімінен;
3) Криминалдық ақпарат басқармасынан;
4) Пайдалану басқармасынан;
5) Өңірлермен жұмыс басқармасынан;
6) Озық технологиялар басқармасынан;
7) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасынан;
8) Есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау басқармасынан;
9) кеңседен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
Документ утратил силу
Демо – версия документа