Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 10-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 10 қосымша

 


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Жедел жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Жедел басқару орталығынан;

3) Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасынан;

4) арнайы мақсаттағы бөліністердің қызметін ұйымдастыру бөлімінен;

5) дағдарыстық жағдайларды мониторингтеу және болжау бөлімінен тұрады.

 

 

2. Мемлекеттік орган құрылымдық бөлінісінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндеті: Қазақстан Республикасы ІІМ жедел басқарудың жалпы стратегиясын әзірлеу.

Функциялары:

1) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және республиканың өңірлеріндегі криминогендік жағдайды кешенді талдауды қамтамасыз ету;

2) ауыр қылмыстар жасау, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз ету;

3) сұрау салуларды жедел-іздестіру, анықтамалық және аналитикалық мақсаттағы деректердің біріктірілген деректер банкі арқылы тәуліктік өңдеуді қамтамасыз ету.

6. Міндеті: қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді (оның ішінде электрондық форматта) жүзеге асыру.

Функциялары:

1) қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді жүзеге асыруды бақылау;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку