Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 15-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 15 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы
 ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстарды жоспарлау және атқару, Министрлік орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты бөліністерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, қаржыландыру, еңбек және еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіретін және жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штаттық саны Министрдің бұйрығымен белгіленеді және бекітіледі.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Жоспарлау және қаржыландыру басқармасынан;

3) Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік басқармасынан;

4) Еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау бөлімінен тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті: Министрлік әкімшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған шығыстарды жоспарлау.

Функциясы:

1) Министрлікке ведомстволық бағынысты бөліністері мен қызметтері ұсынған бюджеттік өтінімдерді тексереді және талдайды. Экономикалық талдау жүргізеді және Министрліктің тиісті қаржы жылына арналған жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастырады.

2) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға жиынтық бюджеттік өтінімді қорғауды қамтамасыз етеді;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку