Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 12-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 12 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы
 ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Жедел-криминалистикалық департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Ұйымдастырушылық-әдістемелік басқармадан;

3) Криминалистикалық есептер мен зерттеулер басқармасынан тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндеті: ішкі істер органдарының тергеу және жедел-іздестіру жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдістерді енгізу, қылмыстарды ескертуде, анықтауда, ашуда және тергеуде оларды белсенді пайдалануды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ішкі істер органдарының криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдарына қатысу әдістерін талдау. Республикалық және өңірлік криминалистикалық коллекциялар мен картотекаларды, криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдаланудың нәтижелілігін бағалау;

2) ішкі істер органдарында заттай айғақтарды зерттеу әдістемелерін, зерттеулер мен криминалистикалық есептерді, картотекаларды, коллекцияларды жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылау;

3) практикалық материалдарды және бөліністер қызметінің өзге де нысандарын талдау негізінде қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку