Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 14-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген
№ 14 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамаcына сәйкес ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) бөліністерін материалдық-техникалық және әскери жабдықтауды, шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етуді, күрделі құрылысты және ғимараттарды, жабдықтау және автомобиль техникасын жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді, бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып саналады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді.
1) Басшылықтан;
2) Әскери және арнайы жабдықтау басқармасынан;
3) Мемлекеттік сатып алу және мониторинг басқармасынан;
4) Күрделі құрылыс басқармасынан;
5) Медициналық басқармадан;
6) Кеңседен тұрады.
2. Тыл департаментінің міндеттері, функциялары, құқығы мен міндеттемелері
5. Міндеті: ІІМ-нің орталық аппаратын және аумақтық ІІО-ның материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Функциялары:
1) қару-жарақ, оқ-дәрілер, әскери және арнайы техника, жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдарын, заттай мүліктер мен жарақ, басқа да ІІО қажеттілігіне арналған материалдық ресурстар жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) тиесілік нормаларына сәйкес ІІО бөліністерін материалдық-техникалық ресурстарды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды әзірлейді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа