«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығы (2024.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығы
(2024.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.18.08. № 327 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.27.09. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020.04.06. № 184 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.11. № 383 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.18.08. № 327 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023.24.01. № 33 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023.23.11. № 461-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.05.06. № 228-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар, Қостанай және Жетісу облыстары;
3) үшінші кезең, 2021 жылғы 1 ақпанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды, Ұлытау облыстары және Астана қаласы;
5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін: 1-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
6) алтыншы кезең, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін: 2-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
Документ утратил силу
Демо – версия документа