«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 228-НҚ бұйрығы (күші жойылды)
«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 228-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін: 1-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
6) алтыншы кезең, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін: 2-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
7) жетінші кезең, 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін: 3-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
8) сегізінші кезең, 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін: 4-қосымшаға сәйкес елді мекендер.»;
3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа