«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 461-НҚ бұйрығы (күші жойылды)
«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 461-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар, Қостанай және Жетісу облыстары;
3) үшінші кезең, 2021 жылғы 1 ақпанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды, Ұлытау облыстары және Астана қаласы;
5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстары;
6) алтыншы кезең, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
7) жетінші кезең, 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
8) сегізінші кезең, 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес елді мекендер.».
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа