(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУҒА КӨШУ ...
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығы
(2018.27.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.27.09. № 417 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;
3) үшінші кезең, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары.
Редакция документа
Демо – версия документа