(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЦИФРЛЫҚ ЭФИРЛІК ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУҒА КӨШУ ...
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығы
(2023.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.18.08. № 327 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.27.09. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020.04.06. № 184 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.11. № 383 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.18.08. № 327 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2023.24.01. № 33 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар, Қостанай және Жетісу облыстары;
3) үшінші кезең, 2021 жылғы 1 ақпанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды, Ұлытау облыстары және Астана қаласы;
5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
6) алтыншы кезең, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес елді мекендер;
7) жетінші кезең, 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес елді мекендер.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа